cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Show more
Advertising posts
55 001
Subscribers
-624 hours
-2157 days
+1 79630 days
Posts Archive
⚡️Егіс науқанын уақтылы және ойдағыдай өткізу үшін диқандарға қажетті көмек беріледі - Мемлекет басшысы @qazaqstantv
Show all...
👍 11
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Президент тасқыннан зардап шеккен аймақтарды қалыпқа келтіруге 5 ай уақыт берді
«Ең алдымен, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді. Үй-жай құрылысы басталады, баспана беріледі, бүлінген инфрақұрылым жөнделеді. Осы қыруар жұмыс өте аз уақытта, яғни жаз бен күздің 5-ақ айында аяқталуға тиіс. Бірақ біз бірлесіп, бұл шаруаны абыройымен атқарып шығамыз деп сенемін»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
@qazaqstantv
Show all...
2
⚡️Төтенше жағдайлар министрлігінің техникалық базасын жаңартылады Президент ТЖМ-нің арнайы техникасы, тікұшақтары мен ұшақтарының санын көбейтілетінін айтты. Одан бөлек, Ұлттық гидрогеология қызметі қайта құрылады. Бұл қызмет жер асты су ресурстарын барлау және қорғау жұмысымен айналысады. @qazaqstantv
Show all...
👍 9 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Елдегі бөгеттер мен бөгендердің барлығы дерлік өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады.
«Заман талабына сай су қоймалары тапшы болғандықтан, биылғы тасқынның зардабы тіпті ауыр болды. Сондықтан Қазақстанның 11 аймағында жаңадан 20 бөген салынады, тағы 15-іне күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда 134 елді мекенді су басу қатері едәуір азаяды»,-деді Мемлекет басшысы.
@qazaqstantv
Show all...
👍 8
⚡️Билікті орынсыз айыптаған блогерлерге заң жүзінде шара қолданады - Президент «Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс». Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады.
«Барлық деңгейдегі билік өкілдері жұртшылықпен, әсіресе, беделді әрі жауапкершілігі жоғары белсенді азаматтармен тығыз байланыста болуы керек. Халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс. Қазір мемлекет қордаланып қалған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мәжбүр. Үкіметтің көптеген саланы жанталаса реттеуіне тура келіп отыр. Екінші жағынан, еліміздің тұрақты дамуына мықты негіз қалыптастыруға тиіс»,-деді Қ.Тоқаев.
@qazaqstantv
Show all...
5👍 4👎 3
⚡️Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін - Қасым-Жомарт Тоқаев «Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Мемлекет басшысы осы мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық таныту қажет екендігіне баса назар аударды. @qazaqstantv
Show all...
🤝 10 1
⚡️Президент: Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды @qazaqstantv
Show all...
👍 10👎 1
⚡️Біз жаһандық катаклизм белең алып, мемлекеттер арасында әскери-саяси, сауда-экономикалық текетірес, тіпті мәдени-гуманитарлық тартыс күшейіп бара жатқанына куә болып отырмыз - Қасым-Жомарт Тоқаев «Радикалды идеологияны дәріптеу және ксенофобия отын тұтату үшін халықаралық тұрақсыздықты пайдаланып қалғысы келетіндердің әрекеті анық көрінуде. Кейбір мемлекеттердің геостратегиялық амбициясынан этнодіни астар іздеуге тырысатындардың, тіпті, оны өркениетаралық қақтығыс ретінде көрсеткісі келетіндердің үні қатты шыға бастады. Соның салдарынан қазір әлемнің әр түкпірінде түрлі экстремистік күштердің белсенділігі артып келе жатқаны байқалып отыр. Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты. Таяуда Мәскеу іргесінде жұртты қанға бөктірген лаңкестік оқиға жүрегімізге өте ауыр тиді. Көптеген азаматтар қайғылы оқиғаның құрбандарына жанашырлық, тілеулестік танытып, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мен консулдығы ғимараттарының алдына гүл шоқтарын қойды. Әлемнің барлық дерлік елдері осындай көрініске куә болды. Қазақстан халықаралық құқықты және гуманистік идеалдарды берік ұстанатын ел ретінде алғашқылардың бірі болып БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді бейбіт халыққа жасалған сұмдық қатыгез әрекетті айыптауға шақырды. Барша адамзат өзара диалог орнатып, күш біріктіру арқылы ғана халықаралық қатынас саласындағы күйреу мен ыдырау үрдісіне төтеп береді, берекесіздік пен сенімсіздікті еңсере алады» @qazaqstantv
Show all...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Ассамблея нашақорлық, құмар ойын, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде маңызды рөл атқарады Қауіпсіз өмір сүру үшін осындай қатерлі құбылыстардан біржола арылуымыз керек. Бұл – әсіресе, ұрпақтың болашағы үшін айрықша маңызды. Президент балалар мен жастарды барынша қорғап, дұрыс тәрбиелеу мәселесіне де тоқталды.
«Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоямыз десек, ортақ іске бүкіл ел болып жұмылған жөн. Ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, оған барлығы атсалысуы керек»,-деді Қ.Тоқаев.
@qazaqstantv
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Президент: Қазір Қазақстан Әлем төлқұжаттары индексінде 66-орында тұр. Бұл – жаман көрсеткіш емес
«Біздің көк паспортымызға еліміздің тұғыры саналатын басты құндылықтардың бәрі сыйып тұр. Оны бүкіл әлем заманауи озық мемлекеттің құжаты ретінде таниды. Қазақстан азаматтары ондаған мемлекетке визасыз бара алады және біздің табанды жұмысымыздың арқасында мұндай елдердің қатары көбейіп келеді»,-деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны айтарлықтай азайған. @qazaqstantv
Show all...
👍 1
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Республикасының кез келген азаматы әлемнің қай түкпірінде жүрсе де, біздің мемлекетіміздің қорғауында болады. Біз ешқашан өз азаматтарымызды тағдыр тәлкегінде қалдырмаймыз @qazaqstantv
Show all...
⚡️Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен ада болуға тиіс Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек. Біздің идеологиямыздың тірегі – мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Ең бастысы – дұрыс сөйлеп, жақсы ниет білдіру ғана емес, нақты жұмыс істеп, игілікті іске күн сайын күш жұмсау. Мемлекет басшысы оқыту-тәрбиелеу үдерісінде «Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз», «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар көрініс табу керектігін атап айтты.
«Балаларды іргелі құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеуге баса мән беру керек. Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс. Жастардың дүниетанымы өткенді, бүгінді және болашақты біртұтас ұлтымыздың еш бөлінбейтін ортақ мұрасы ретінде эмоциясыз, саяси астарсыз шынайы қабылдауға негізделуі өте маңызды»
@qazaqstantv
Show all...
👍 5
⚡️Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет Құрылтайда айтылған жалпыұлттық доктрина, яғни тұғырнама жетекші қоғамдық институттардың барлығы қолдаса ғана толық жұмыс істей алады. Мемлекет басшысының пікірінше, ондағы негізгі қағидаттарды орнықтыру ісінде Ассамблея басты рөл атқаруға тиіс.
«Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық. Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық. Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз. Мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады. Сондай-ақ еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады. Ассамблея жұмысына арқау болып отырған қағидалар осы құндылықтармен толық үндеседі»,-деді Президент.
@qazaqstantv
Show all...
👍 5
⚡️Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей жасанды ұйым емес – Президент
«Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
@qazaqstantv
Show all...
👍 1
⚡️Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданған Қасым-Жомарт Тоқаевтың тасқын басталғаннан бері белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясына алғыс білдірді.
«Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Сондай-ақ жұртты қатерден хабардар етуге және қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты»,-деді Мемлекет басшысы.
@qazaqstantv
Show all...
👍 2
⚡️ Мемлекет басшысы: «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарында алапат су тасқыны болып жатыр. Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы. Соған сай Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде. Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет. Сондықтан мен елімізде бұрын жоспарланған халықаралық іс-шараларды қысқарту туралы нақты тапсырма бердім. Биыл Астана халықаралық форумын өткізбейтін болдық. Әрине, бұл – елімізге қажет, өте маңызды жиын. Дегенмен оны кейінге қалдыра тұруға болады. Ал кезек күттірмейтін кездесулер мен іс-шаралардың жөні бөлек. Бұл ел игілігі үшін керек. Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады» @qazaqstantv
Show all...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. @qazaqstantv
Show all...
👍 6🤷‍♂ 5 1 1
00:38
Video unavailableShow in Telegram
🏡«Қазақстан халқына» қоры СҚО-ның су тасқынынан зардап шеккен аудандарында 100 баспана салады Қор басшылығы облыс әкімдігімен осындай меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, тұрғын үйлер дайын инженерлік инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар «Солнечный – 2» шағын ауданында бой көтереді. Үйлердің жобасы зардап шеккен тұрғындармен келісе отырып жасалады. @qazaqstantv
Show all...
5
280-нен астам әскери қызметші Оралдан Атырау облысына көмекке аттанды Қызылорда мен Маңғыстау облыстары төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы және Төтенше жағдай министрлігі Қарағанды қаласындағы әскери бөлімнің қызметкерлері бірігіп, су басқан аймаққа жолға шықты. Қазіргі таңда облыс көлемінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып, Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден түсіп келеді. @qazaqstantv
Show all...
00:18
Video unavailableShow in Telegram
🚆Қарағанды облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті Оқиға кеше кешкісін Ағадыр мен Айса станциялары арасында болған. «Тальго» жүрдек пойызының техникалық негізгі вагоны рельстен шыққан. Жолаушылар дін аман. Қатынас қалпына келді. Оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. @qazaqstantv
Show all...
😱 18👍 1😭 1
00:49
Video unavailableShow in Telegram
⚜️ «Алтын Емел» ұлттық паркіндегі құландар Жалпы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағына 1982 жылы Барсакелмес аралынан әкелінген 27 Түркімен құланы Жетісу өңіріне жатсынбай жерсініп, бүгінде олардың саны 4 мыңға жуықтады. Құланның саны артқан сайын мамандар жануарларды еліміздің өзге өңірлеріндегі қорықтарға жөнелтуде. Былтыр «Іле-Балқаш» қорығына 60 құлан жіберілген. Сонымен қатар табиғи парк аумағында 6 мыңға жуық қарақұйрық, 200-ге жуық арқар тіркелген. 💬 @qazaqstantv
Show all...
13🔥 4😍 3🤝 2👍 1
00:51
Video unavailableShow in Telegram
Құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысында су басқан учаскелерден жануарларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын жалғастыруда ✈️ @qazaqstantv
Show all...
👍 15 2🔥 1🙏 1
03:24
Video unavailableShow in Telegram
Атырауда су тасқынының екінші толқынына дайындық жүріп жатыр Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырауда су деңгейінің 6 сантиметр көтерілуі тіркелген. «Қазгидромет» мамандары Атырау облысындағы Жайық өзені көтеріледі деп күтілуде. «Қазіргі уақытта Жылыой ауданында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқыны басталғаннан бері ауданда 1500 текше метр су сорылды»,-дейді Атырау ТЖД баспасөз қызметінің маманы Айсұлу Келдіғалиева.
Show all...
👍 9😱 4 1😐 1
02:36
Video unavailableShow in Telegram
🧑‍💻Ұлттық банк жасанды интеллектіні қолданатын алаяқтардан сақтануды ескертеді Алаяқтар жасанды интеллектің мүмкіндіктерін қолданып, Күштік құрылым немесе Ұлттық банк атынан хабарласып, қаржылық операцияларға ат салысуды сұрайды. Сондықтан, Ұлттық банк күдікті сілтемелерге өтпеуді, құпия сөздерді телефонмен хабарламауды және барынша мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайды.
Show all...
👍 9👌 6
01:52
Video unavailableShow in Telegram
Атырауға қосымша техника мен әскерилер жіберіледі Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына су тасқыны жағдайы тұрақтанған өңірлерден әскери қызметшілер мен техниканы жедел жеткізіп, күштерді арттыруды тапсырды. Премьер-Министр өңірге арнайы барып, жұмыс барысын тексерді.
Show all...
👍 13 2😍 1
01:33
Video unavailableShow in Telegram
Соңғы тәулікте әлемнің бірқатар елдерінде табиғи апаттардан ондаған адам қаза тапты Кенияда жауын құйып, су тасыса, Қытайда құтқару операциялары әрі қарай жалғасты. Ал Финляндияда қар борап, Грекияда құмды дауыл көтерілген.
Show all...
😱 8👍 1
00:41
Video unavailableShow in Telegram
Дубайда су тасқынының фото-видеоларын таратқандарға айыппұл салынады Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы Дубайдағы тасқын зардабы туралы фото және видеороликтер таратқандарға ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертті. Бұл туралы Gistmania.com. порталы жариялаған. Әмірліктердің ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, апат туралы жағымсыз суреттер елдің беделіне нұқсан келтіріп, халық арасында дүрбелең туғызуға себеп болуы мүмкін. Сондықтан оларды жариялағандар үшін түрмеге отырғызу және 1 миллион дирхам немесе 121 миллион теңге айыппұл қаралған. Естеріңізге сала кетсек, Әмірліктерде сәуірдің 16-да құйған жауын соңы алапат тасқынға ұласып, жолдарды су басып, ондаған әуе рейсі доғарылған еді.
Show all...
🤣 16👍 11👎 3😱 3
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿🇬🇧 Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронды қабылдады
– Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз толады. Бүгін Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айрықша атап өткім келеді. Бұл жан-жақты құжат біздің сан қырлы байланыстарымызды кеңейту үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты, соның ішінде энергетика, «жасыл» экономика, қаржы, инновация салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға мол әлеует бар екеніне назар аударды.
Show all...
👍 17 1
04:58
Video unavailableShow in Telegram
❗️ Бөлек ҰБТ, несие, бірреттік төлем: Елдегі тасқыннан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде? 🔹 Су тасқынынан зардап шеккен 11 мыңнан астам отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік төлем алды. 🔹 Эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалды. 🔹 Зардап шеккен 6 аймақтағы түлектер үшін Ұлттық бірыңғай тест бөлек кестемен өткізіледі. Тестілеуден төмен балл алған жағдайда, қаңтар немесе наурыз айында тапсырған ҰБТ-ның үздік нәтижелері ескеріледі. Қосымша нысаналы гранттар бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.
Show all...
👍 17 1
✈️ SCAT әуе компаниясы Чехияға әуе қатынасын ашады 22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана-Прага бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіреді. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарында орындалады. Әуе қатынасын қайта ашу Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек. 💬WhatsApp 📹TikTok 📹Instagram
Show all...
👍 8🤝 6💯 2🔥 1👀 1🫡 1
Photo unavailableShow in Telegram
Еліміздегі су тасқынына байланысты ҚХА сессиясы онлайн форматта өтеді Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады. Президент табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтып, Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. @qazaqstantv
Show all...
👍 9👎 5 2🤝 1
01:53
Video unavailableShow in Telegram
Құлсарыда ауыз су таза Судан сынама алған мамандар осындай қорытынды жасады. Қалада тасқыннан кейін залалсыздандыру жұмыстары басталды. 1345 тұрғын үй, 55 әлеуметтік нысан судан тазартылып, тұрғындар үйіне оралды. Қарғын су зираттың ішімен өтіп, тұрғын-үйлерге жайылған еді. Қауіптенген жұрт баспанасына кіруден бас тартып, тіпті краннан ағатын суды да пайдаланбады. Осыған байланысты қазір мамандар үй-үйді аралап дезинфекциялап жатыр. @qazaqstantv
Show all...
🙏 7😱 5👍 3🤝 1
00:54
Video unavailableShow in Telegram
«Қазақстан халқына» қоры Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 141 үй салып береді Бұл іске қордан 10 млрд теңге бөлінеді. Тұрғын үй жобасын жергілікті атқарушы органдар ұсынады. Жымпиты ауылында - 49, Бұлдыртыда - 25, Өлеңтіде - 38, Жетікөл мен Жаңақоныс елдімекендерінде бір-бір үйден салынады. Бұл баспаналар техникалық тексеріс қорытындысы бойынша тұруға жарамсыз деп танылған. @qazaqstantv
Show all...
👍 1
00:27
Video unavailableShow in Telegram
Финляндияда көктемде қар жауды Ел астанасы Хельсинки мен оның төңірегін 28 сантиметрдей қар басқан. Ауа райының құбылуына байланысты қалада қоғамдық көлік қатынасында қиындықтар туындады. Травмай желілері қозғалысты бірнеше сағатқа мүлдем тоқтатқан. @qazaqstantv
Show all...
😐 8😱 6👍 2 1🤣 1
00:26
Video unavailableShow in Telegram
Қытайда тұрғындарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр Іздеу-құтқару жұмыстарына қайықтар мен тікұшақтар тартылған. Су апатынан мұнда 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын жоғалып кеткен. Ел экономикасына 19 млн доллар шығын келді. Аймақта жауын әлі тоқтаған жоқ. @qazaqstantv
Show all...
👍 7😢 4😐 1
00:55
Video unavailableShow in Telegram
Су тасқыны: Зардап шеккендердің өтініші онлайн қабылданады Көмек көрсетуді жеңілдету үшін eGov.kz базасында qoldau.gov.kz порталы ашылды. Жеке тұлғалармен қатар бизнес өкілдері кез келген өтінішін осы жерден электронды түрде жібере алады. Өтініші бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын онлайн бақылауға да мүмкіндік қарастырылған. @qazaqstantv
Show all...
👍 4🤝 1
01:05
Video unavailableShow in Telegram
БҚО-да тұрғындарға көмек беру үшін 1,6 млрд теңге бөлінді Зардап шеккен тұрғындарға бір реттік көмек беруге және мал шығынын өтеуге 600 млндай теңге қаражат алынды. Аймақта тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың теңге көлемінде бірреттік материалдық көмек беріліп жатыр. Қазір 1 500-дей отбасы әлеуметтік төлем алды. Сондай-ақ қарғын суда арам өлген 2 400 түліктің шығыны да өтеледі. Ал егер сырғасы болмай, дерекқорда тіркелмеген болса, шығын демеушілердің есебінен жабылады. @qazaqstantv
Show all...
🤝 4👍 2 2
⚡️Шығыс Қазақстанда 2 балдық жер сілкінісі сезілді @qazaqstantv
Show all...
😱 18😨 5👍 3🤯 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏠«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге 114 үй салады «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен БҚО әкімдігі Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін тұрғын үйлер салу туралы меморандумға қол қойды.
«Қысқа мерзімде жаңа үйлер құрылысын бастап, оларды толықтай бітіріп, қиыншылыққа тап болған отандастарымызға көмектесе аламыз деп үміттенеміз. Қор бұған қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша 10 млрд теңгені бөлумен бірге қазақстандықтар мен бизнес өкілдері жіберіп отырған қаражатты қосымша қарастырып отыр», - деді «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева
. Сондай-ақ жақында Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс үшін ауылдар мен аумақтар анықталып, тиісті меморандумға қол қойылады. @qazaqstantv
Show all...
👍 5🤷‍♂ 2🤝 2
📍Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады – Қазавтожол Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктері 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда тегін жүре алады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады. 📌Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берер кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек. @qazaqstantv
Show all...
👍 15 1😁 1