cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaq Grammar | Қазақ тілі

Чат: https://t.me/QazaqGrammarChat ❗️ Ереже: https://telegra.ph/QazaqGrammar-chatynyң-erezhesі-03-27 Whatsapp: https://whatsapp.com/channel/0029VaEBNXdICVfq88FP4s3k Қазақша Телеграм (көшіріп алсаңыз ашылады): https://t.me/setlanguage/kk

Show more
Advertising posts
7 459Subscribers
+824 hours
+207 days
-530 days
Posts Archive
КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🤝
Show all...
141🫡 19🕊 7 5
Карантинге 4 жыл екеніне сенесіздер ме? 😱 2020 жылы 13 наурыз күні Алматы қаласында коронавирусты жұқтырған алғашқы адамдар анықталды. Германиядан ұшып келген екі Қазақстан азаматы — 1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адамнан COVID-19 табылды. Олардың біреуі елге 10 наурызда, екіншісі 12 наурызда ұшып келгені мәлім болды. 13 наурыз күні тағы да бір жағдай расталды — Мәскеу арқылы Миланнан Астана қаласына ұшып келген әйел азаматтан коронавирус індеті анықталғаны белгілі болды.
Show all...
💔 51😱 21 11😢 6🫡 6🔥 1🤬 1
Тамаққа тойып алу дегенді қайсы білдіреді?Anonymous voting
  • мыңқию
  • сұңқию
  • тыңқию
  • бұрқию
0 votes
🤣 35🍾 31 7🫡 6
🇷🇴 румын тілін бір қарағаннан роман тілі деу қиын. Басқа туыс тілдерінен жырақта жатқасын әрі Еуропаның шығысында болғасын көпшілік бұларды славянға қатысы бар деп ойласа керек. Румын тілінің басқалардан ерекшелігі латынның септік жүйесін сақтап қалған. Мәтінде Țț, Șș, Ăă әріптері арқылы румын тілін таныса болады.
Show all...
40🤔 8🫡 5
YouTube Premium Қазақстанға келеді
Show all...
86🔥 22🍾 14😐 10🤔 7🕊 5
ALPARSLAN — Түркиядағы 2023 жылы ең көп қойылған есім Соңғы кездері 🇹🇷 түрік елінде түркі түбірлі есімдерді қайта жаңғыртып жатыр. Berk, Batur, Göktüğ сынды есімдер сәнге айналып жатыр. Ал Alparslan есімі соңғы жылдары ең көп қойылған есім деген атаққа ие.
Show all...
75🤣 20🔥 6😢 3
намазХАН, дастарХАН сөздеріндегі хан не деген сөз? намаз сөзі парсы тілінде сый, құрмет немесе құлшылық дегенді білдіреді. Ал хан деген 🇮🇷 خواندن [xândán] оқу дегенді білдіреді. Тікелей аударар болсақ, мағынасы: намаз оқушы Ал дастархан сөзінің құрылымы сәл күрделірек: 🇮🇷 دست [dast] ‘қол’; 🇮🇷 اره [arre] ‘аралық’; 🇮🇷 خوان [xvân] ‘үстел’. Сонда тікелей аудармасы қол аралық үстел деген сөз. Қорытынды: бұл екі сөздегі ханның біріне бірі қатысы жоқ, яғни екі бөлек сөз
Show all...
80🔥 17😐 12🤔 7 5💯 1
Елімізде 1990 жылдардан бері убранизация үрдісі қарқынды жүріп келеді. Ауыл тұрғындары жаппай қалаға қоныстануда. Нәтижесінде ауылдық жерлерден келгендерге төбеден қараған қалалықтар мынадай сөздер ойлап табады. Біз солардың шығу тегін зерттеп көрдік: 🇰🇿 мәмбет - ислам дініндегі пайғамбардың есімінің қазақ тіліне бейімделген нұсқасы. Қазақта пайғамбар есімінің түрлі нұсқасының көп болуына байланысы бар болуы мүмкін. 🇺🇿 харып - арабша غريب [ġarīb] ‘жат’ немесе ‘тексіз’ дегенді білдіретін сөздің бұрмаланған нұсқасы болуы әбден мүмкін. 🇰🇬 мырк – түркі тілдерінде кездесетін ‘мырқымбай’ сөзіне қатысы бар болуы мүмкін. Тағы бір қызығы, Өскемен жақта бырық деп мұрны бітеліп, маңқаға толып жүргенді айтады. Сәйкесінше ‘бырқырау’ етістігі де бар.
Show all...
🤬 44 16😱 11🤔 6🤣 4
Нәзипа Құлжанованың жазған кітабы — "Ана мен бала тәрбиесі" Латынмен (1929 жылға дейінгі сынақ нұсқа): Ana men bala tarbәyasә, Nazәypa Кирилмен: Ана мен бала тарбыйасы, Назыйпа
Show all...
60💔 7
Кірме сөздерді бейімдеудің мысалдары: вөpetke = бөпетке (буфетке) вelet = белет (билет) kәssege = кәссеге (кассаға) kiвas = кібас (квас)
Show all...
62🫡 12🤔 6🔥 5💯 4
Қазақтан шыққан 10 "тұңғыш" әйел 🙌
Show all...
48 9🔥 8
ҚАЙ ТІЛДЕ ЖАЗЫЛҒАН? хәлиқ ара ханим-қизлар мәйрими мубарәк болсунAnonymous voting
  • өзбек
  • татар
  • ұйғыр
  • әзірбайжан
0 votes
25🔥 5😐 1
Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Әйел құқығы, еркіндігі һәм әйелдігі тең дәрежеде тойланып, дәріптелсін!
Show all...
131🕊 14🔥 6🤣 3
Біздің Таңшолпанға берген сұхбатымыздың толық нұсқасы шықты. Сілтеме осында✌️ Qialdub x AniDybys x QazaqGrammar
Show all...
42🔥 14
🇰🇿 Қазақстан жыл басынан бері болған қатты жер сілкініс саны (балы 5-тен жоғары) бойынша жетінші орынға жайғасты. Көш басындағы елдердің бәрінде дерлік халық саны 100 миллионнан асады. (🇰🇬 Қырғызстаннан басқа)
Show all...
😱 63😐 7
Kaspi Магазин қашан Kaspi Дүкен болады? Локализация соншалықты қиын нәрсе емес қой Күтіп жүргенімізге 2 жылдан асты...
Show all...
101💯 40🤬 28🤣 6🔥 3💔 3 2😢 2😐 2👎 1
👆🏽Көрсетілім 10 наурызда болады Ақпарат жоғарыдағы постта
Show all...
🔥 49 8🫡 4👎 2🤣 2
Дұрысы қайсы?Anonymous voting
  • Сағат алтыға таман
  • Сағат алтыға тамаң
0 votes
25🤣 15 5😱 2🫡 2💯 1🍾 1
Дұрыс жазылуы:Anonymous voting
  • Дөн
  • Дөң
0 votes
35💯 8💔 7🍾 4
Соңғы бір сағат бүкіл әлем хуситтерді боқтаған шығар 😁 Себебі 🇾🇪 Йемендік хуситтер Қызыл теңіз түбіндегі кабельдерді кесіп, Еуропа, Азия мен Африка арасындағы байланысты 25 пайызға үзіп тастаған еді - HGS Йемен юрисдикциясына қарасты суларда 15 теңіз астындағы телекоммуникациялық кабельдің 4-еуі қатты зақымданып, бүкіл әлемде Facebook, Instagram т.б. әл.желі істен шыққан
Show all...
🤣 40🗿 7 2🤬 2🫡 2🌭 1
Биыл Disney-дің үш фильмі қазақ тілінде жарық көреді: «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» Дереккөз
Show all...
189🍾 17🔥 9 2🤬 2👎 1
Айтпақшы, бүгін қазақтың ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 158 жыл. Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын… ©️ Ұлт көсемі (1866-∞)
Show all...
174💯 12🫡 4😐 2🔥 1
Шоқанның азан шақырып қойған есімі Мұхаммед-Қанафия (حَنَفِيَّة مُحَمَّد). Бір қызығы Шоқанның шежіресінде үш бірдей Уәли, екі бірдей Абылай бары. Яғни: 1. Уәли бек сұлтан (XVI-XVII) 2. Қанішер Абылай хан (XVII) 3. Көркем Уәли сұлтан (16..-1723) 4. Абылай хан (1711-1781) 5. Уәли хан (1741-1819) 6. Шыңғыс Уәлихан ұлы (1811-1895) 7. Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) Тағы бір қызық факт. Үш жүзді біріктірген Абылай Уәлиді 29 жасында тапқан. Кейін Уәли Шыңғысты 69 жасында тапқан. Ойлаңыздаршы, 69 жаста! Шыңғыс болса Шоқанды 23 жасында тапты.
Show all...
🌭 40 26 9🔥 3😱 3😐 1
Алматыда "Ауатар: Соңғы ауа иесі" мультсериалының қазақша дубляжын көруге шақырамыз! Көрсетілім күні: 10 наурыз, жснб, сағат 13:00 Орны: Алматы қ., Aurora Space, Жамбыл к-сі 55/57 Ұзақтығы: 1:50 сағ Бағасы: ₸5000 Төлемді мына реквизитке жіберіңіз: Каспи: +7 700 953 66 87 Аты: Гүлнұр Б. 👆🏽Төлем жасағанда каспиде АУАТАР деп жазып қойыңыз. Төлем чегін телеграмдағы @auatar_ala логиніне жолдаңыз. Көрсетілімде нестейміз: - Ауатар мультсериалының алғашқы 5 бөлімін көреміз; - көрсетілім біткеннен кейін дубляжды талқылаймыз; - ауатар әлемі бойынша жасалған kahoot-куиізін ойнаймыз. Көрсетілім мақсаты: - қазақша дубляжды насихаттау; - Ауатар мультсериалының қалған бөлімдеріне дубляж жасауға қаражат жинау. Ұйымдастырушылар: @QazaqGrammar, @QialDub және @AniDybys. Сізді күтеміз!
Show all...
🔥 47 24😐 6💯 5🫡 2
Қайтеміз?🙃
Show all...
😢 164🤬 38🤣 19😐 9💯 7🕊 5 1
Дұрысы қайсы?Anonymous voting
  • Жұмыс жасау
  • Жұмыс істеу
0 votes
🔥 44 8😢 7 2🍾 1
Түркі тілдеріндегі болымсыз нәрсені білдіретін сөздің түрлері. Оғыз түркілері 🇹🇲 däl, 🇹🇷 değil, 🇦🇿 deyil десе, басқалар көне түркі е- етістігіне -мас/мес жалғауы жалғанған сөзді қолданатын көрінеді. Бір қызығы 🇹🇷 değil сөзі бізде де бар, бірақ мағынасы басқаша. Яғни былай тұрсын дегенді білдіреді. Мысалы: Астана түгіл, мына тұрған Ақтөбеде болмадым. Түрік тілінде бұл сөзді сөз алдына қойса мағынасы біздегідей болады. 🇹🇷 Değil Astana, yakındaki Aktöbe’ye gitmedim. Бірақ түрік бауырлар ауызекі тілде, біздегі былай тұрсынға парапар келетін bir yana dursun дегенді жиірек қолданса керек.
Show all...
🤔 35 22🌭 3🫡 1
2024 жылдың 29 ақпаны күні елімізде 803 сәби дүниеге келіпті. Оның 392-і ұл 👦🏻, 411-і қыз 👧🏻 бала екен.. Көш басында әдеттегідей Түркістан облысы - 118 сәби, одан кейін Алматы қаласы - 81, Астана -79 сәби. Сәбилеріміз аман-есен ержетіп, дамыған, қуатты, демократиялық елдің азаматтары болсын! 🇰🇿 🤲
Show all...
100🔥 15🕊 10
🇰🇿 Тәңір жарылқасын (қазақ) 🇰🇬 Теңир жалгасын (қырғыз) 🇺🇿 Tangri yarlaqasin (өзбек) 🇹🇲 Taňry ýalkasyn (түркімен)
Show all...
80💯 12🔥 4 3🤔 3👎 1
Алғыс айту күні құтты болсын!
Show all...
97💯 10🫡 5🕊 3🔥 1
Қазақтар парсы тілінен келген кейбір сөздерде Б-ны П дейді де, ал П-ны Б дейді. Мысалы: 🇮🇷 بهشت /bihişt|beheşt/ — 🇰🇿 бейіш деген варианты да бар, бірақ қазір, әсіресе жазғанда пейіш вариантын қолданады. 🇮🇷 بنده /banda|bande/ — 🇰🇿 бенде деген варианты да бар, бірақ қазір көбіне пенде дейді. 🇮🇷 برادر /barådar/ — 🇰🇿 бірадар деген варианты да бар, бірақ жазғанда көбіне - пірадар. 🇮🇷 پهلوان /pahlavån/ > /polvon/ — 🇰🇿 палуан деген де варианты бар, бірақ қазір (тв-радиода, жазғанда) тек балуан дейтін көрінеді. 🇮🇷 پیشین /pişin|peşin/ — 🇰🇿 песін дейтіндер, әлбетте, бар, бірақ қазір көпшілік бесін дейді. ©️ Руслан Әбділатиф Facebook парақшасынан алынды
Show all...
🤔 32 13💯 4🔥 2🫡 2