cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Qazaq Grammar | Қазақ тілі

Чат: https://t.me/QazaqGrammarChat ❗️ Ереже: https://telegra.ph/QazaqGrammar-chatynyң-erezhesі-03-27 Whatsapp: https://whatsapp.com/channel/0029VaEBNXdICVfq88FP4s3k Қазақша Телеграм (көшіріп алсаңыз ашылады): https://t.me/setlanguage/kk

Show more
Advertising posts
7 490
Subscribers
+224 hours
+167 days
+2130 days
Posts Archive
Photo unavailableShow in Telegram
Еліміз әлемнің ең сауатты елдер қатарында. Қазақстан халқының 99,8% сауатты (Статистика комитетінің 2023 жылғы дерегі) Ң мен н былай тұрсын, бір ИӘ деген сөзді дұрыс жаза алмайтын халықтың түрі мынау. Иа, ия, йа, йя, йә, я-латып жүрген жайымыз бар. Одан қалды, ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө, һ деген төл әріптерді көпшілік қолданудан қалды. Қайда барамыз?!…..
Show all...
🫡 72💯 46😱 15🗿 12🤔 9😢 9🍾 6🔥 5 3💔 3🤬 1
иә — 🤮 иа, ия — 🤢 йа, йя, йә — 🥰 я — 🤩
Show all...
🤣 165👎 16🗿 14 7🤔 5 2💯 1
Бұл – ең қарапайым, ең оңай сөз. Бірақ көбіміз бәрібір қате жазамыз. Дұрыс жазылуы қайсы?Anonymous voting
  • Иа
  • Иә
  • Ия
  • Йа
  • Йә
0 votes
🍾 41🫡 23 13🗿 8🤔 5
Қазақтар парсы тілінен келген кейбір сөздерде Б-ны П дейді де, ал П-ны Б дейді. Мысалы: 🇮🇷 بهشت /bihişt|beheşt/ — 🇰🇿 бейіш деген варианты да бар, бірақ қазір, әсіресе жазғанда пейіш вариантын қолданады. 🇮🇷 بنده /banda|bande/ — 🇰🇿 бенде деген варианты да бар, бірақ қазір көбіне пенде дейді. 🇮🇷 برادر /barådar/ — 🇰🇿 бірадар деген варианты да бар, бірақ жазғанда көбіне - пірадар. 🇮🇷 پهلوان /pahlavån/ > /polvon/ — 🇰🇿 палуан деген де варианты бар, бірақ қазір (тв-радиода, жазғанда) тек балуан дейтін көрінеді. 🇮🇷 پیشین /pişin|peşin/ — 🇰🇿 песін дейтіндер, әлбетте, бар, бірақ қазір көпшілік бесін дейді.
Show all...
🤔 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мына рилзымызды хикаяға барынша бөлісіп жіберіңізші, бұл Ауатар дубляжын тезірек бітіруге зор көмек болар еді ➡️Сілтеме осы
Show all...
41
🇷🇺 Орыстарда не рой другому яму, сам в неё попадёшь деген сөз бар. Бір қызығы Кеңес Одағында болған елдердің көбінде бұл сөз тура осылай айтылатын көрінеді. Мысалы өзбекшесі 🇺🇿 бировга чоҳ қазисанг, ўзинг тушасан; қырғызшасы бирөөгө ор казба, өзүң түшөсүң; латышшасы 🇱🇻 kas otram bedri rok, pats iekrīt орысша нұсқасынан айнымайды Біреуге ор қазба, өзің түсерсің деген сөзді түріктер түрліше айтатын көрінеді. Бірінші нұсқасы 🇹🇷 ava giden avlanır (аңға кеткен ауланып қалар); екіншісі 🇹🇷 aldatayım diyen aldanır (алдап кетейін деген алданып қалар)
Show all...
51🫡 8🤔 7🍾 4
Photo unavailableShow in Telegram
Осыдан мың жыл бұрынғы Еуразия құрлығының бейнесі
Show all...
49🔥 11🌭 5👎 4💔 3
Екі постты да жаңа ғана жойып тастапты, бірақ соңғы постын тербеп кетейік: https://www.instagram.com/reel/C32ImmbLkll/?igsh=MTR2dGdoY2p2NWE3dA==
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Достар, жаңа тербеу! ❗️Мәселе неде: Цифрлық даму министрлігі сағат белдеуін ауыстыру нұсқаулығын жариялаған, бірақ нұсқаулық видеоларындағы телефонның интерфейсі орыс тілінде. Android пен iOS жүйелерінің қазақшасы бар кезде, неге нұсқаулықта бәрі орысша болуы керек?! Бұл ұсақ-түйек қой деп ойламауымыз керек, өйткені қазір қазақ тілі мәселесін біз сол ұсақ-түйек қадамдармен ғана шешіп келе жатырмыз, сондықтан бұнда әрбір нәрсе маңызды. ӘР-БІР! Министрліктен мәселені түсіндіріп, шешуін талап етейік! ⬇️Сілтеме міне: Бірінші посты android туралы Екінші посты iOS туралы
Show all...
1
Photo unavailableShow in Telegram
осы ағылшын сөздері сондай ‘unpredictable’. жаңа pertain сөзін қалай оқылады екен деп ары ойландым, бері ойландым. ‘certain’ сөзі сияқты оқылар дегенге тоқтадым да, тексеріп қарасам мүлде басқаша оқылатын боп шықты 🙄 pertain /pəˈteɪn/ — қатысы бар certain /ˈsəːt(ɪ)n/ — белгілі
Show all...
29🗿 14 1
🇺🇿 Ташкент пен Самарқан атауы ұқсас па? Самарқан қаласы ежелде соғдыша Μαρακάντα [мараканта] деп аталған. Қала атауы smʼrknδh деген ‘тас’ дегенді білдіретін сөз бен kántā̆ сөзінен шыққан. Ташкент қаласын гректер Τσατσηνή [цацена] деп атаған. Мұны 🇬🇷 гректер соғдылардың Чач, Шаш дегенінен алса керек. Жазбаларда Ташкент атауы тек ІХ ғасырда алғаш кездеседі. Мұны түркі тілінен хабары болған Әл Бируни мен Махмұд Қашғарилар жазғанына қарағанда қала атауы бұған дейіе келемежденіп аталып жүрген көрінеді. Әл Бируни өз еңбегінде бұл тұжырымды өзі де растайды. Соған қарағанда бұл екі қаланың атауы бірдей боп тұрғанына көзіміз жетеді.
Show all...
27🤔 12🔥 5👎 1😐 1
Photo unavailableShow in Telegram
Астанаға ұқсайды екен, иә?👀 1885 жылы басылып шыққан неміс тілі сөздігіндегі 🇩🇪 Берлин қаласының картасы
Show all...
52🤔 13 6💯 5🤣 3
“Бұржы” деген не?Anonymous voting
  • Құрал-сайманның бір түрі
  • “Буржуй” сөзінің бейімделген түрі
  • “Зодиак” сөзінің аудармасы
  • Ұлттық киім түрі
0 votes
🗿 51😐 21🫡 14 11
Photo unavailableShow in Telegram
Құрметті көрермен, @QialDub және @AniDybys топтары бірігіп, "Ауатар: Соңғы ауа иесі" мультсериалы алғашқы бес бөлімінің қазақша дубляжын жасадық. Енді қалған бөлімдерінің дубляжына қаражат жинау үшін осы бес серияның көрсетілімін жасайтын болдық. Сондай-ақ көрсетілімнен кейін Сокка мен Зуконы дыбыстаған актерлермен сұхбаттасып, пікір алмасамыз. Көрсетілім күні: 2 наурыз сағат 14:00 3 наурыз сағат 18:00 Орны: Астана қаласы, OQY кітап дүкені, Тұран 34а Бағасы: ₸5000 Төлемді мына реквизитке жіберіңіз: +77072283488 Айдос Я. 👆🏽Төлем жасағанда каспиде АУАТАР деп жазып жіберіңіз. Ал төлем чегін Телеграмдағы @atimlord (Әмір) логиніне жолдаңыз. ❗️Билет саны шектеулі Әмір сізге электронды билет жібереді, оны іс-шараға келген кезде көрсетіп кіресіз. Сізді күтеміз!
Show all...
46🔥 9🕊 2
Украинада мектепті украинша оқитындардың үлесі Тәуелсіздіктің алғашқы оқу жылымен қазіргі уақыт аралығында біршама өзгеріс орын алған. Елдің солтүстігі мен батысында ғана басымдыққа ие болған украин мектептері қазір бүкіл елде басымдыққа ие
Show all...
152🕊 16🔥 8 3😢 3👎 1🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇷🇺 стекло сөзі гот тілінде кесе, шыны дегенді білдірген stikls деген кірме сөз. Арғыславянша нұсқасы stьklo болған. stьklo сөзі 🇺🇦 украин тілінде ‘скло’ ал 🇧🇾 белорус тілінде ‘шкло’ боп қалыптасқан. Шеберханасында әйнекпен айналысқан адамды 🇷🇺 стеколщик; 🇺🇦 скляр; 🇧🇾 шкляр деп атайды. Міне, біздің премьердің орынбасарының фамилиясының мағынасы осындай болса керек
Show all...
64💯 19🌭 5👎 2
Photo unavailableShow in Telegram
🇷🇺 Ресей құрамындағы Коми Республикасының ұлттық құрамының тарихы: 1926: коми 92,2% | 6,6% орыс 1939: коми 72,5% | 22% орыс 1959: коми 30,4% | 48,4% орыс 1979: коми 25,3% | 56,7% орыс 1989: коми 23,3% | 57,7% орыс 2010: коми 23,7% | 65,1% орыс 2020: коми 17,2% | 54,01% орыс Бара бара бұл жердің байырғы халқы өз елінде азшылыққа айналып қалды. Санымен қатар, коми тілінің де жағдайы мүшкіл. Елдегі коми тілін білетіндер үлесі 17,3% құрады. Қала халқының 6,3%, ауыл халқының 45,6% коми тілін біледі. ЮНЕСКО коми тілін жойылып кету мүмкіндігі жоғары тілдердің қатарына қосып қойған. 2002 жылы 217 мың адам сөйлеген тілде, қазір небәрі 108 ақ мың адам сөйлей алады. Яғни 20 жылда 2 есе азайған!
Show all...
😢 139🤬 19 4💔 4🔥 1🫡 1
Мына шумақтардың авторы кім? Қазақтың көп жерінде мешіті жоқ, Жоғына себеп болған миссионер поп. Екінші, халықтың өзі ықылассыз, He ғылып исламға ашылсын ход?Anonymous voting
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы
  • Абай Құнанбайұлы
  • Сұлтанмахмұт Торайғырұлы
  • Міржақып Дулатұлы
0 votes
😱 42 25👎 3😐 2
"Капюшон" қазақша қалай болады?Anonymous voting
  • Жамылғы
  • Күләпара
  • Кәпүшөн
  • Басжапқыш
0 votes
🤣 69🗿 29 18🤔 10 4🍾 4
☕️ CAPPUCCINO & КАПЮШОН БАЙЛАНЫСЫ БАР МА? 👳🏻‍♂️ Капюшон сөзі 🇷🇺 орыс тіліне 🇫🇷 француз тілі арқылы енген. Әуелі бұл сөз ер адамның бас жамылғысын білдірген екен. Француз тілінде бұл сөздің түбірі cappa (🇬🇧 ағылшынша сар🧢 сөзі еске түсті ма? 😀) 🇮🇹 Cappuccino да бетін/басын жабатын дегенді білдіреді. Сондай-ақ бұл сөзбен 🇫🇷 Capuchon бір түбірден. Яғни байланысы бар
Show all...
51😱 13
Repost from dope söz
Удивительно, как мало знаем об истории и культуре наших народов-соседей и, чтобы это исправить, сегодняшним гостем и культурным проводником будет уже известный казахстанскому зрителю и наш күйеу бала — стендап-комик из Якутии Ньургун Атаков. Не будучи экспертом, но представляя родную культуру, Ньургун поделится впечатлениями о Казахстане, расскажет о ситуации в Республике Саха и национальном самосознании якутов, их гастрономии, религии, народных праздниках и укладе быта. Команда Dope Söz со своей стороны, также не будучи экспертами, будет представлять Казахстан и казахскую культуру в этом местами серьезном, а местами юмористическом тюркском диалоге. https://youtu.be/k_j94Ef1GtI
Show all...
52🔥 15
☕️ CAPPUCCINO & КАПЮШОН БАЙЛАНЫСЫ БАР МА? 👳🏻‍♂️ Капюшон сөзі 🇷🇺 орыс тіліне 🇫🇷 француз тілі арқылы енген. Әуелі бұл сөз ер адамның бас жамылғысын білдірген екен. Француз тілінде бұл сөздің түбірі cappa (🇬🇧 ағылшынша сар🧢 сөзі еске түсті ма? 😀) 🇮🇹 Cappuccino да бетін/басын жабатын дегенді білдіреді. Сондай-ақ бұл сөзбен 🇫🇷 Capuchon бір түбірден. Яғни байланысы бар
Show all...
🤔 1
🇹🇷 Sormak сөзінің түрік тіліндегі мағынасыAnonymous voting
  • Сору
  • Сорлы болу
  • Сұрау
  • Сораю
0 votes
🤣 50🗿 11 8🍾 5
🇵🇱Uroda сөзінің поляк тілінен аудармасы:Anonymous voting
  • Құбыжық
  • Сұлулық
  • Тумалас
  • Табиғат
0 votes
🤣 54😱 11 7🗿 6🤔 2😢 1🍾 1
🇮🇹 Quattro Formaggi сөзінің аудармасы:Anonymous voting
  • төрт формат
  • төрт тәсіл
  • төрт форма
  • төрт ірімшік
0 votes
🤣 34🗿 10🌭 3 2🍾 2 1
Repost from Tilderim
Жақында Жақсылық Сәбитовпен көрісу бұйырып еді. Мұндай ғылым адамымен кездесу абырой болмай, неме?. Өмірде бұл кісіні көп жерде көріп қалып жатсам да, жеке сөйлесу сәті тек осы айдың ортасына түсті. Кездескенде бірер сұрағымды қойдым. 1) Алтын Орда дәуірінің жазбаларында Кіші жүз рулары неліктен Адай, Шеркеш, Жаппас болып жеке-жеке аталмайды? 2)Тамалар оңтүстік өңірлерді қашаннан мекендейді? 3) Шеркеш, Беріш руларының Алтай Республикасындағы бір өзен сағаларына байланысты аталғаны рас па? 4) Соңғы сұрағым Жалаңтөс баһадүр жайлы. Біздің оны қазақ деуіміз, өзбектердің оны өзбек деуі қаншалық дұрыс дегенімде, Жалаңтөс баһадүр хақында жазған еңбегінің барын атап өтті. Соны тауып, сіздерге ұсынып отырмын.
Show all...
25🔥 8
ЕСІ ДҰРЫС — адекватный ДЕНІ ДҰРЫС — серьезный Тікелей аудармасы болмаса да, көп жағдайда мағынасы келіңкірейді.
Show all...
139💯 18👎 7 5🫡 3
Навальныйға қарым-қатынасымыз қандай болса да, оның өлімі путиннің жауыздығын тағы бір рет айқын дәлелдеді және ресейде путин сияқтылар отырғанда, Қазақ елінде де тыныштық болмайтынын тағы да аңғардық. ресей Қазақстанға әсер етуі үшін орыс тілін жұмсақ та, қатты да күш ретінде қолдана беретінін де талай аңғардық. Бірақ қанша аңғарғанымызбен, стокгольм синдромына шалдыққан адамдай балаларымызды орыс балабақшасына, орыс мектебіне жібере береміз, жұмыста да, көшеде де орысша сөйлейміз және т.б қырғын мысалдар асып жатыр. Әрине көп тіл білген жақсы, әрине өзіміздің орыстарды да жақсы көреміз, бірақ бұның бәрі қазақ тілін және өз болмысымызды тежемеуі керек. Орыс тілін шектеу мен қазақ тілін кеңейту арасында бір тепе-теңдік тауып алуымыз керек дейміз. Бірақ қазақ тілінің жағдайы тіпті сол тепе-теңдікке де әлі жақындаған жоқ. Қазақ тілі Қазақстанда әлі де екінші қатардағы тіл боп тұр екенін ескерейік. Тоқ етері, елдегі әр қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және т.б. кез келген этнос ортақ қазақ тілі және қазақ болмысы төңірегінде шынайы бірігуі керек. Сол жолдағы алғашқы қадам: қазақ тілін кез келген жерде қолдануға, талап етуге құқыңыз бар екенін түсіну және сол құқыңызды өз айналаңызда әрдайым жүзеге асырып жүру. Ал орыстілді қазақтар әке-шешесінен беріліп келе жатқан орыс тілінің сабақтастығын қиын болса да, қимаса да үзіп, өз балаларын қазақ мектебіне жіберуден қорықпауы керек. Сонда сепаратизм, шовинизм және т.б. уайымдардан біржола құтыламыз. This is the way. Бұл жазба популизм қуғаннан емес, алпауыт әлемде шағын ғана мәдениетімізді сақтап, дамыта алмай қаламыз деген уайымнан туындады.
Show all...
💯 132 27🕊 20 2
ХП қай тілде: 1. Garri Potter va Afsonaviy Tosh; 2. Garri Potter va Maxfiy Xona; 3. Garri Potter va Azkaban mahbusi; 4. Garri Potter va olov kuboki; 5. Garri Potter va Qaqnus ordeni; 6. Garri Potter va Zoti past shahzoda; 7. Garri Potter ve Ajal TuhfalariAnonymous voting
  • Түрік
  • Өзбек
  • Әзірбайжан
  • Қырымтатар
  • Түркімен
0 votes
💯 19🗿 13👎 1 1🔥 1🍾 1
Харри Поттер қай тілде: 1. Хаары Буоттар уонна Философскай таас; 2. Кистэлэҥ хос; 3. Азкабаан хаайыылааҕа; 4. Уот кубога; 5. Феникс ордена; 6. Хаан аҥаардаах принц; 7. Өлүү бэлэхтэрэ.Anonymous voting
  • Бурят
  • Саха (якут)
  • Хакас
  • Құмық
  • Қырымтатар
0 votes
💯 19 4🔥 4🫡 2 1😱 1🍾 1
Харри Поттер қай тілде: 1) Хэрри Поттер болгаш Философтуң дажы. 2) Х.П. болгаш Чажыт өрээл. 3) Х.П. болгаш Азкабанның туттурганы. 4) Х.П. болгаш От кундагазы. 5) Х.П. болгаш Феникстиң бөлгүмү. 6) ХП болгаш Чартык хан тажы. 7) ХП болгаш Өлүм суй-белектериAnonymous voting
  • Чуваш
  • Тыва
  • Моңғол
  • Қырғыз
  • Татар
0 votes
😱 25 12💯 5👎 1🍾 1
THIS IS FUCKING AWESOME!
Show all...
🔥 88 12😐 7🤣 2
Photo unavailableShow in Telegram
CapCut'тың компьютерлік нұсқасында қазақша субтитрлерді автоматты түрде жазып беретін функция бар екен 😩💚 Жап-жақсы жұмыс істейді, 1-2 жерін ғана түзетіп жіберу керек болады әдетте (басқа тілдерде де солай ғой онсыз да). Небәрі 23 тіл бар жалпы тізімде, бізден сұраныс жоғары болып тұр-ау 👌
Show all...
🔥 187 22 4🤔 1😱 1🫡 1
👆🏽kind reminder: жабық чатымызда алты бөлімі шықты. қосылыңыз
Show all...
15
✅ бегали, прыгали 🏃‍♂️ ❌ Бегәлі, Пірғали
Show all...
🤣 174🗿 11👎 6🔥 3😱 3🤔 1
ҚАЗАҚ БОЛМА, МАЗАҚ БОЛ! ❌ Өмірәлі ✅ Умерали 🪦 ❌ Мөлдір ✅ Мольдир ❌ Тілеуқабыл ✅ Телекабель 📺 ❌ Әсем ✅ Асема 💅 ❌ Дәмелі ✅ Дамеля 💅 ❌ Жанел ✅ Жанеля 💅 ❌ Мұжық ✅ Мужиков* ⚽️ ❌ Бұйрабай ✅ Бюробаева 📄
Show all...
🤣 177😐 26🕊 15💔 11🤬 7👎 6🗿 5 4🤔 3🍾 2🌭 1
Қазақстан халқын да Ресейдегідей зомбиге айналдыру процесі басталғанға ұқсайды Мына топтың ұят әрекеті — желтоқсаншыларды масқаралаудың амалы деп санаймыз. 1986 жылы алаңға шыққан жастар жұрттың төсектегі тірлігін аңдып отыратын ел боламыз деп шықпаған еді. ЛГБТ-ға қатысы жоқ әр адам мынаны білуге тиіс: «ЛГБТ-ға қарсы» делінген заңдардың, саяси қозғалыстардың бірде-біреуі асылы ЛГБТ туралы емес. Өйткені табиғатта бар нәрсені бірде-бір қағазға жазылған заң құрта алмайды. Бұның бәрі халықты топас тобырға айналдырудың амалы ғана, болды. Халықтың шешілмей жатқан қыруар мәселеге деген ашуын, назарын жауапты тараптардан көрі осал азшылық топтарға аударту баяғы. Бір топты басқа топқа айдап салу. Ресей ондаған жыл бойы «гейлермен күресіп, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеп» әлек. Ал статистикаға қарасақ, АИТВ-ден (ВИЧ) әлем бойынша көш бастап келеді (оның өзі ЛГБТ емес, гетеросексуалдар арасында көп), туу көрсеткіштері «материнский капиталына» да, басқасына да қарамастан тек құлдырап бара жатыр. Сол ма «дәстүрлі құндылық»? 15 республиканы басқарып тұрған Мәскеуге кезінде қарсы шыққан қаһармандар облыстарынан айырыла жаздап отырған бүгінгі Мәскеудің сандырағын қазаққа насихаттайды дегенге сенбейміз.
Show all...
💯 93 9👎 8🕊 6💔 5
Photo unavailableShow in Telegram
🇲🇳 Моңғолия президенті туитірде Путиннің сұхбатынан кейін Моңғолияның тарихи картасын қарап шықтым. Уайымдамаңыздар. Біз бейбіт әрі еркін ұлтпыз деп жазған болатын. Бұл кісінің есімінің мағынасы бізге қызық болды. 🇲🇳 Элбэгдорж — 🇰🇿 Көпбай Моңғол тілінде элбэг ‘мол’, ‘көп’ дегенді білдіреді. Соңындағы -дорж біздегі -байға пара-пар. 🇲🇳 Цахиагийн — 🇰🇿 Ұшқын Сөз түбірі цахиаг ‘ұшқын’, ал -ийн әкесінің атына жалғанатын ілік септігінің жалғауы. Яғни Цахиагтың Элбэгдоржы Сонда моңғол басшының қазақша есімі Ұшқын Көпбай 🇰🇿
Show all...
88🤣 41 18🫡 4🗿 2🤬 1😐 1