Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
Open in Telegram
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
Show moreThe country is not specifiedThe category is not specified
383
Subscribers
No data24 hours
-47 days
+1630 days
Posts Archive
«Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбеде бизнес-стартаптар форумын өткізді
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбеде жас кәсіпкерлерді, банк секторының, IT саласының, даму институттарының өкілдерін, студенттер мен бизнес қауымдастығын бір алаңға тоғыстырған бизнес-стартаптар фестивалін өткізді.
Шараға қатысушылар жас кәсіпкерлердің стартап-жобалары көрмесін тамашалап, өз бастамаларын таныстырып, инновациялық бизнесті дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева форум қатысушылары алдында сөз сөйлеп, партияның шағын және орта бизнесті қолдауға, отандық өндірісті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды. Әсіресе, жастар бастамаларын қолдау мен кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар стартаптарды қаржыландыру, инновациялық бизнесті дамыту, даму институттарымен өзара әрекеттестік пен жеке кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады. Жас кәсіпкерлер партия өкілдерімен, банк қауымдастығының мамандарымен және сарапшылармен пікір алмасып, жастар кәсіпкерлігін дамытуға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар жастардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығының жоғары екенін атап, жас азаматтардың өз жобаларын жүзеге асырып, ел экономикасының дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптастыру үшін мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін біріктірудің маңыздылығына тоқталды.
«Ақ жол» партиясынан кандидат Ермек Әбілдин қала жастары мен кәсіпкерлерімен кездесті. Балқаш көлінің экологиясы, шағын бизнесті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер – бұл өзекті мәселелердің барлығы ашық талқыланды.
Ермек Төлеуұлы әрбір ұсынысты тыңдап, халықтың үні естілетін диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Теледебаттың шешуші V кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Нұралдинов қорытынды сөз сөйледі
Олжас Нұралдинов адам капиталын дамыту партия жұмысының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы, бөлшек салықтың төмендеуі және шетелдік легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтату сияқты бастамаларды партияның нақтв нәтижелері ретінде атап, сайлаушыларды өз таңдауын жасауға шақырды.
Теледебаттың IV кезеңінде сайлаушылардың сауалдары қойылды
Бұл кезеңде партия өкілдеріне әлеуметтік желілер мен арнайы байланыс орталығы арқылы көрермендерден келіп түскен сұрақтар қойылды.
Алғашқы сұрақ «Ақ жол» партиясына жолданды.
Көрермен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген такси жүргізушілері мен курьерлердің әлеуметтік кепілдігін күшейтіп, олардың салық жүктемесін арттырмай қолдау мәселесін көтерді.
«Ақ жол» демократиялық партиясы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған қолданыстағы жеңілдетілген салық жүйесін жетілдіру қажет екенін мәлімдеді. Партия өкілінің айтуынша, салық мөлшері қолжетімді болып, оның аясында медициналық сақтандыру мен басқа да әлеуметтік кепілдіктер қамтылуы тиіс.
#ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
Партиялық дебаттың ІІІ кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Нұралдинов ӘDILET партиясы басқарушылар тобы мен саяси кеңесінің мүшесі Ренат Бектуровқа сұрақ қойды
Олжас Нұралдинов мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің еңбек нарығына ықпалы туралы сауал қойды. Өз кезегінде Ренат Бектұров жасанды интеллект мемлекеттік қызметтердін тиімділігін арттырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасайытынын айтты.
Сондай-ақ оның нәтижесінде кейбір қызметтің өзгергенімен, промпт-инженер, жасанды интеллект архитекторы секілді жаңа мамандықтардың пайда болатынын атап өтті.
#ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
«Ақ жол» партиясы дәрігер мен мұғалім мәртебесін көтеруді ұсынды
«Ақ жол» демокрктиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Олжас Елтайұлы Нұралдинов дәрігер, мұғалім және инженер мамандықтарының мәртебесін көтеру қажеттігін айтты. Сондай-ақ олардың жалақысын арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және ауылдық жерлерге мамандар тарту үшін қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
#ҰЛТТЫҚТЕЛЕДЕБАТ2026
«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Олжас Нұралдинов сауалға жауап берді
Олжас Нұралдинов сапалы білім мен адами капиталды дамытуға ерекше назар аударып, мектеп бағдарламаларын заман талабына сай жаңарту, жасанды интеллект бағытындағы білімді ерте жастан енгізу қажеттігін айтты.
Сондай-ақ шетелдік мамандардың тәжірибесін тиімді пайдаланып, отандық талантты жастарды қолдау және еңбек нарығына бейімделген жаңа мамандықтарды дамыту маңызды екенін атап өтті.
#АҚЖОЛҒАДАУЫСБЕР
«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Олжас Нұралдинов «Ұлттық теледебат – 2026» саяси пікірсайысында сөз сөйледі
«Ақ жол» демократиялық партиясы саяси кеңесінің мүшесі, Құрылтай депутаттығына үміткер Олжас Нұралдинов партияның ұстанымын таныстырды.
Олжас Елтайұлы Қазақстанның басты байлығы табиғи ресурстар емес, адам капиталы екенін атап өтті. Сондай-ақ шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттарын ұлттық мүддеге сай қайта қарау, шағын және орта бизнесті қолдау, отандық өндірісті, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру қажеттігін айтты.
#ҚҰРЫЛТАЙҒААҚЖОЛ
«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері Ұлттық теледебат алаңына келді
Партия делегациясын Саяси кеңес мүшесі Олжас Нұралдинов бастап келді. Оған қолдау білдіруге Константин Логутов, Әлия Рақышева, Ерұлан Мамырбеков және Әлия Сәкенова арнайы келді.
Дәл қазір «Qazaqstan» телеарнасын қосып, Ұлттық теледебатты тікелей эфирде тамашалаңыз.
https://www.youtube.com/live/w2LOaLZxQGs?si=u8One9n5UvmZp0An
28 шілде күні ҚР Құрылтайының депутаттығына «Ақ жол» партиясынан кандидат Ермек Әбілдин және облыстық сайлауалды штаб өкілдері жұмыс сапарымен Балқаш қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Ашық диалог форматында өткен басқосуда тұрғындар коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым және ауыз су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу барысында айтылған барлық ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды алдағы уақытта тиісті деңгейде қарастыру қажеттігі атап өтілді. Осындай кездесулер халықтың пікірін тыңдап, нақты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.
28 июля кандидат от Демпартии «Ак жол» в члены Курултая РК Ермек Абильдин совместно с представителями областного предвыборного штаба провёл встречу с жителями города Балхаш.
В ходе встречи были представлены основные направления предвыборной программы партии, а также обсуждены актуальные вопросы, волнующие жителей города. В формате открытого диалога участники встречи высказали свои мнения и предложения по вопросам жилищно-коммунального хозяйства, развития городской инфраструктуры и рационального использования ресурсов питьевой воды.
Все озвученные предложения и поднятые вопросы были приняты во внимание, при этом была отмечена необходимость их дальнейшего рассмотрения на соответствующем уровне. Подобные встречи являются важной площадкой для открытого диалога с населением, позволяя совместно обсуждать и искать пути решения актуальных проблем.
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық сайлауалды штабының отырысын өткізді
***
Дания Еспаева провела заседание Регионального предвыборного штаба Демократической партии «Ак жол» по Актюбинской области
Шымкентте “Ақ жол” Демпартиясының Құрылтайға үміткері Қазыбек Иса теміржолшылармен кездесті
Агитационная группа Демократической партии «Ак жол» продолжает рабочие встречи в Актюбинской области
В рамках рабочей поездки по Актюбинской области Председатель Демократической партии «Ак жол» Дания Еспаева и агитационная группа партии посетили клинику «Дару».
Руководство медицинского учреждения ознакомило гостей с деятельностью клиники и организацией работы по оказанию медицинской помощи населению.
На встрече с коллективом Дания Еспаева представила основные положения предвыборной программы Демократической партии «Ак жол», касающиеся развития здравоохранения, повышения качества и доступности медицинской помощи, а также защиты интересов медицинских работников.
Отдельное внимание было уделено предложениям по обеспечению прозрачности системы ОСМС, введению персональных счетов для граждан, возможности свободного выбора медицинской организации и врача, а также созданию равных условий для государственных и частных клиник.
В формате открытого диалога медицинские работники обсудили с представителями партии актуальные вопросы отрасли, условия труда специалистов и доступность медицинской помощи. Дания Еспаева ответила на интересующие вопросы участников встречи.
В завершение коллектив клиники поблагодарил представителей Демократической партии «Ак жол» за содержательный разговор и внимание к вопросам здравоохранения.
«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбе облысындағы жұмыс кездесулерін жалғастыруда
Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева және партияның үгіт-насихат тобы «Дару» клиникасында болды.
Медициналық мекеме басшылығы қонақтарды клиниканың қызметімен, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру барысымен таныстырды.
Ұжыммен өткен кездесуде Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының денсаулық сақтау саласын дамытуға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесу барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтарға жеке шоттар ашу, медициналық ұйым мен дәрігерді еркін таңдау мүмкіндігін беру, сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік клиникалар үшін тең жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Ашық диалог форматында медицина қызметкерлері партия өкілдерімен саланың өзекті мәселелерін, мамандардың еңбек жағдайы мен медициналық көмектің қолжетімділігін талқылады. Дания Еспаева кездесуге қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу соңында клиника ұжымы мазмұнды әңгіме жүргізгені және денсаулық сақтау саласының мәселелеріне көңіл бөлгені үшін «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдеріне алғыс білдірді.
Атырау қаласында үгіт-насихат материалдарын тарату жұмысы жүріп жатыр
Астанинский предвыборный штаб Демпартии «Ак жол» провёл агитационную встречу с коллективом «iKOMEK109»
Сегодня Астанинский предвыборный штаб Демпартии «Ак жол» провёл агитационную встречу с коллективом ГКП на ПХВ «Городской центр мониторинга и оперативного реагирования» («iKOMEK109»)
Мероприятие прошло в рамках предвыборной агитационной кампании партии перед выборами в Курултай, которые состоятся 23 августа 2026 года.
Перед сотрудниками центра выступили представители партии «Ак жол» — Жанаргуль Кульмагамбетова, Айнагуль Жумагулова и Мейрам Койшубаев.
Спикеры представили коллективу предвыборную программу партии, остановившись на ключевых инициативах:
• налоговая реформа — предлагаемые партией изменения в налоговой политике;
• поддержка молодых семей — предложение снизить процентную ставку по ипотечным кредитам для молодых семей при рождении детей;
• реформа системы ОСМС — предложения по совершенствованию обязательного социального медицинского страхования.
Отдельное внимание было уделено законодательным инициативам партии, реализованными в предыдущих созывах Парламента. В частности, представители «Ак жол» напомнили, что за время работы фракции партии в Парламенте по её инициативе был принят закон о банкротстве физических лиц.
Встреча стала частью серии агитационных мероприятий, которые Астанинский предвыборный штаб Демпартии «Ак жол» проводит в трудовых коллективах столицы в преддверии выборов 23 августа 2026 года.
Перемены неизбежны – вместе с «Ақ жол»!
