en
Feedback
Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал

Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал

Open in Telegram

Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
383
Subscribers
No data24 hours
-47 days
+1630 days
Posts Archive
«Ақ жол» демпартиясының Астана қалалық сайлауалды штабы «iKOMEK109» ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық сайлауалды штабы «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ МКК («iKOMEK109») ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Іс-шара 2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы қарсаңындағы партияның сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында ұйымдастырылды. Орталық қызметкерлерінің алдында «Ақ жол» партиясының өкілдері — Жанаргүл Құлмағамбетова, Айнагүл Жұмағұлова және Мейрам Қойшыбаев сөз сөйледі. Спикерлер ұжымға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, мынадай негізгі бастамаларға тоқталды: • салық реформасы — партия ұсынып отырған салық саясатындағы өзгерістер; • жас отбасыларды қолдау — балалы болған жағдайда жас отбасылар үшін ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету ұсынысы; • МӘМС жүйесін реформалау — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласын жетілдіруге бағытталған қадамдар. Кездесу барысы партияның Парламенттің алдыңғы шақырылымдарында жүзеге асырған заңнамалық бастамаларына да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Ақ жол» өкілдері фракцияның Парламенттегі жұмысы кезінде дәл осы партияның бастамасымен жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылданғанын еске салды. Аталған жүздесу – «Ақ жол» демпартиясының Астана қалалық сайлауалды штабы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлау қарсаңында елордалық еңбек ұжымдарымен өткізіп жатқан үгіт-насихат іс-шараларының бір парасы. "Ақ жолмен" бірге - Өзгерістер қажет!"

Агитационная группа г.Алматы от демпартии «Ақ жол» встретились с коллективом ТОО «Сантех комплект Групп» Кандидаты в депутаты Курултая РК от демпартии «Ақ жол» Олжас Нуралдинов, Константин Логутов и председатель Алматинского городского филиала партии Аскар Бискультанов провели встречу с коллективом в головном офисе ТОО «Сантех комплект Групп». На встрече с избирателями кандидаты в депутаты подробно остановились на ключевых приоритетах предвыборной программы демпартии «Ақ жол», а также подвели итоги работы партийной фракции в Парламенте. Перед коллективом также выступил председатель Ассоциации микрофинансовых организаций Казахстана, депутат Маслихата города Алматы VII созыва от демпартии «Ақ жол» Ербол Омарханов. Он рассказал о системной борьбе партии против нелегальной деятельности микрофинансовых организаций (ст. 214-1 УК РК), от действий которых пострадали сотни тысяч граждан страны. Напомним, выборы в Курултай РК состоятся 23 августа 2026 года. Демократическая партия Казахстана «Ақ жол» внесена в избирательный бюллетень под номером 6. Голосуем за изменения! Перемены неизбежны!

«Ақ жол» демпартиясы «Сантех комплект Групп» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті «Ақ жол» демпартиясынан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Олжас Нұралдинов, Константин Логутов және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бискультанов «Сантех комплект Групп» ЖШС-нің бас офисінде болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиын барысында кандидаттар Олжас Нұралдинов пен Константин Логутов сайлаушыларға «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, Парламентте атқарылған нәтижелі жұмыстар туралы баяндады. Сонымен бірге, кездесуде Қазақстан Микроқаржы ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Алматы қалалық мәслихатының VII шақырылымындағы «Ақ жол» фракциясының депутаты Ербол Омарханов сөз сөйледі. Ол жүздеген мың азаматты әлеуметтік тығырыққа тіреген микроқаржы ұйымдарының заңсыз қызметін шектеу және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту (ҚР ҚК 214-1-бабы) бағытында партия тарапынан жүргізілген ауқымды заңнамалық жұмыстарға тоқталды. Еске сала кетейік, Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. «Ақ жол» демпартиясы сайлау бюллетенінде №6 нөмірімен белгіленген. Өзгерістер үшін дауыс берейік! Өзгерістер қажет!

Агитационная группа Демпартии «Ак жол» во главе с Данией Еспаевой начала рабочие встречи в Актюбинской области В ходе поездки в Актюбинскую область Председатель Демпартии «Ак жол» Дания Еспаева и агитационная группа партии посетили ТОО «Стройдеталь» — предприятие, специализирующееся на производстве железобетонных изделий и строительных конструкций. Руководство предприятия ознакомило представителей партии с деятельностью компании, рассказало о работе производства, текущем положении дел в отрасли, а также поделилось своим видением дальнейшего развития отечественной промышленности и предпринимательства. Выступая перед трудовым коллективом, Дания Еспаева представила ключевые положения предвыборной программы Демократической партии «Ак жол», уделив особое внимание вопросам поддержки отечественного производства, развития малого и среднего бизнеса, укрепления промышленного потенциала страны и создания благоприятных условий для предпринимательства. В ходе открытого диалога работники предприятия задали вопросы, касающиеся экономики, развития строительной отрасли, условий труда и других актуальных тем. На все обращения были даны подробные ответы. В завершение встречи участники поблагодарили представителей Демократической партии «Ак жол» за содержательный диалог и отметили важность прямого общения с трудовыми коллективами.

Дания Еспаеваның жетекшілігімен «Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат тобы Ақтөбе облысындағы жұмыс кездесулерін бастады Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Дания Еспаева мен партияның үгіт-насихат тобы темірбетон бұйымдары мен құрылыс конструкцияларын өндіруге маманданған «Стройдеталь» ЖШС-де болып қайтты. Кәсіпорын басшылығы партия өкілдерін өндіріс жұмысымен таныстырып, компанияның қызметі, саланың қазіргі ахуалы туралы баяндап, отандық өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қатысты өз көзқарастарын ортаға салды. Еңбек ұжымы алдында сөз сөйлеген Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, отандық өндірісті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және кәсіпкерлікке қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері экономика, құрылыс саласын дамыту, еңбек жағдайы және өзге де өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Барлық сауалдарға жан-жақты жауап берілді. Кездесу соңында қатысушылар «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдеріне мазмұнды диалог үшін алғыс білдіріп, еңбек ұжымдарымен тікелей жүздесудің маңызын ерекше атап өтті.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе өңірінің тумасы, мектеп мұғалімі Асылбек Айболатов елдік рух пен азаматтық жауапкершілікті ту еткен игі бастама көтеріп отыр. Ертең Асылбек жеке бастамасымен велосипедпен Астана қаласына жолға шығады. Сапар барысында жолай өңірлерге аялдап, жерлестермен кездесіп, «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамаларын кеңінен насихаттауды, сондай-ақ партияның басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр. Осы азаматтық бастаманы қолдап, Асылбекке сәт сапар тілейік! Бірге қолдау білдірейік! Ақ жол! *** Школьный учитель физкультуры из Каратобинского района Западно-Казахстанской области Асылбек Айболатов выезжает на велосипеде в Астану для встречи с руководством Демократической партии «Ак жол». Цель поездки - выразить поддержку Демпартии «Ак жол» на выборах в Курултай, а также донести наказы избирателей тех мест, которые он посетит по пути в Астану.

Сегодня агитационная группа Демпартии “Ак жол”, во главе с председателем партии Данией Еспаевой, посетила Акмолинский вагоноремонтный завод. В беседе с трудовым коллективом Дания Мадиевна рассказала о своём жизненном пути, подробно остановилось на работе партии «Ак жол» в парламенте по поддержке отечественных производителей, борьбе с коррупцией, по возврату незаконных капиталов, защите прав рядовых граждан в отношениях с банками и другими кредитными учреждениями; по защите молодёжи и жилищному вопросу. Она также ответила на многочисленные вопросы сотрудников завода, касательно неразберихи в системе здравоохранения, равного доступа детей к достойному образованию, управления пенсионными накоплениями. Другие кандидаты в Курултай от Демпартии «Ак жол» - секретарь Политсовета партии Берик Дюсембинов и президент Ассоциации застройщиков РК Виктор Микрюков - рассказали о своем видении поднимаемых проблем. Разговор получился насыщенным и коснулся как производственной темы, так и роста цен на продукты и коммунальное обслуживание, бюрократии в клиниках, беспокойства о сохранности средств ЕНПФ и т.д. Демпартия «Ак жол» - давний партнёр данного коллектива, представитель которого - Аскар Смагулов - возглавляет местный филиал партии и является председателем постоянной комиссии маслихата г.Астаны. Выступившие сотрудники завода пообещали поддержать Демпартию «Ак жол» на выборах в Курултай 23 августа, а также высказали ряд наказов по сдерживанию инфляции, удешевлению кредитов и росту уровня жизни населения.

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Дания Еспаева бастаған үгіт-насихат тобы Ақмола вагон жөндеу зауытында болып қайтты. Еңбек ұжымымен кездесу барысында Дания Мәдиқызы өзінің өмір жолы туралы айтып, «Ақ жол» партиясының отандық өндірушілерді қолдау, жемқорлықпен күрес, заңсыз шығарылған капиталды қайтару, азаматтардың банктермен және басқа да қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасындағы құқықтарын қорғау, жастарды қолдау мен тұрғын үй мәселесін шешу бағытында парламентте атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Ол, сондай-ақ, зауыт қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілдер, балалардың сапалы білімге тең қолжетімділігі, зейнетақы жинақтарын басқару мәселелері жөніндегі көптеген сауалдарына жауап берді. «Ақ жол» демпартиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар – партия Саяси кеңесінің хатшысы Берік Дүйсембинов пен ҚР құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков та көтерілген мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын ортаға салды. Пікір алмасу өте мазмұнды болып, өндіріс саласындағы өзекті мәселелермен қатар, азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауы, емханалардағы бюрократия, БЖЗҚ-дағы қаражаттың сақталуына қатысты алаңдаушылық секілді маңызды тақырыптар қамтылды. «Ақ жол» демпартиясы бұл еңбек ұжымының көп жылдан бергі әріптесі, осы кәсіпорынның өкілі Асқар Смағұлов партияның жергілікті филиалын басқара отырып, Астана қ. мәслихатының тұрақты комиссиясы төрағасы қызметін атқарады. Сөз сөйлеген зауыт қызметкерлері 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында «Ақ жол» демпартиясына қолдау білдіретіндерін жеткізіп, инфляцияны тежеу, несиелерді арзандату мен халықтың тұрмыс деңгейін арттыру жөніндегі өз міндеттемелерін атап өтті.

Әр кандидаттың бойында тәжірибе, жауапкершілік және елді жақсы жаққа өзгертуге деген талпыныс бар. «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттарымен таныстыруды бастаймыз. Келесі шығарылымдарды өткізіп алмаңыздар. Жалғасы бар... ——— За каждой кандидатурой — опыт, ответственность и желание менять страну к лучшему. Начинаем знакомство с кандидатами Демократической партии «Ақ жол». Следите за новыми выпусками. Продолжение следует...

Кандидаты в депутаты в Национальный Курултай от партии «Ак жол» встретились с трудовым коллективом ТОО «Магнум», город Алматы Кандидаты в депутаты в однопалатный Парламент РК Олжас Нуралдинов, Константин Логутов, а также Председатель Алматинского городского филиала партии «Ак жол» Аскар Бискультанов провели встречу с коллективом в головном офисе ТОО «Магнум». На встрече с избирателями кандидат в Курултай Олжас Нуралдинов остановился на одном из пунктов политической программы демпартии «Ак жол», а именно о прозрачности избирательного процесса. Более того, Олжас Нуралдинов рассказал о поддержке партией «Ак жол» малого и среднего бизнеса. Несколько раз депутаты Мажилиса и региональных Маслихатов демпартии «Ак жол» отправляли депзапросы о снижении розничного налога. Далее встречу с коллективом Магнум продолжил кандидат Константин Логутов. Он подробно рассказал о политической борьбе депутатов партии «Ак жол» касательно Налогового бизнеса: Отказ от повышения фискального давления на малый и средний бизнес, снижение налоговых ставок и упрощение администрирования. На вопрос сотрудников ТОО “Магнум” о конкретных законопроектах, инициированных кандидаты демпартии «Ак жол» рассказали о законопроектах, включая Предпринимательский кодекс РК, Налоговый кодекс РК, а также Закон о парламентской оппозиции. Напомним, что выборы в однопалатный Парламент РК Курултай состоятся 23 августа 2026 года, демократическая партия Казахстана «Ак жол» в избирательной бюллетени обозначен под номером #6. Голосуем за изменения, потому что «Перемены неизбежны».