en
Feedback
Olzhas Qazbek

Olzhas Qazbek

Open in Telegram

Рухани ізденіспен бөлісу алаңы.

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
269
Subscribers
-124 hours
No data7 days
-630 days
Posts Archive
photo content

Ұстаздарымыздың насихаты: Бір жаңа нәрсені білсең, оны басқаға үйретіп, өзің де шыңдаласың. Басқа адамға жеңіл түсіндіру үшін өзің де сол мәселеге тереңірек үңіліп қарайсың. Соңында өзің де оны жақсы түсінесің, әрі басқаға түсіндіріп, сауабын да аласың Ин Шаа Аллаһ.

Имам Шафиғиге رحمه الله телінетін бұл өлең жолдарында оның ұстазы Уәкиғ ибн әл-Жаррахпен болған насихатты әңгімесі керемет баяндалады. Имам Шафиғи رحمه الله есте сақтау қабілетінің әлсірегенін ұстазына айтып шағымданғанда, ұстазы оған күнәлардан арылуды насихат етеді. Бұл қысқа ғана өлең жолдарының астарында үлкен ғибрат жатыр: ілім — Алланың берген нұры, ал күнә сол нұрға кедергі болады. Сондықтан ілім іздеген адам білім алумен қатар, жүрегін күнәдан тазартуға да мән беруі қажет. شَكَوتُ إِلى وَكيعٍ سُوءَ حِفظي فَأرشَدَني إِلى تَركِ المَعاصي وَأَخبَرَني بِأَنَّ العِلمَ نورٌ وَنورُ اللهِ لا يُهدى لِعاصي Есте сақтауымның нашарлағанын Уәкиғқа шағымдандым. Сонда ол маған күнәларды тастауды насихат етті. Және маған білімнің нұр екенін айтты. Ал Алланың нұры күнә жасаушыға берілмейді.

Нұр-Мүбәракты сағынып кеттік қой… Ұстаздарды, дәрістерді, бауырларды, мешітті, тіпті дәрістен дәріске жүгіріп жүретін қарбалас күндердің өзін сағындық. Бір кездері шаршатып жүрген сол күндер қазір асыға күтетін сәтке айналды. Бұйырса, қайта қауышуға небәрі 37 күн қалыпты.

Өте керемет насихаттар жинағы. Қарындастарыма ұсынбас бұрын, бірінші өзім оқып шығуды жөн көрдім. Осындай қиын заманда артымыздан еріп келе жатқан қарындас-қыздарымызды жамандықтан сақтау — біздің міндетіміз. Аллаһ Тағала осы еңбекті жазған шейхымыз Али ат-Тантауи «رحمه الله» және осы еңбекті аударуға, таратуға үлес қосқандарға разы болсын.

Repost from yasina
«Әй, қызым!» Шейх Али Ат-Тантауидің (рахимаһуллаһ) барша нәзік жанға арнаған жанашырлық насихаты.

Өзіңді салихалымын деп ойлама. Сен тек Аллаһ айыптарын жасырып тұрған пендесісің.
Өзіңді салихалымын деп ойлама. Сен тек Аллаһ айыптарын жасырып тұрған пендесісің.

Аллаһпен байланыс үзілмейді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Кейде ұзақ уақыт көріспеген адамның қаншалықты өзгергенін көріп таң қаласың. Бір кезде Құран оқып, мешіттен шықпай жүрген бауырыңның бүгін намазды да тастап кеткенін көру жүрекке қатты батады. Мұның бір үлкен себебі – бір орында тұрып қалу. Ол қалай? Адам рухани дамуын тоқтатады. Білетін 3–4 сүресімен шектеледі, жаңа ілім алмайды, Құранмен байланысын күшейтпейді. Ал ілім тоқтаған жерде иман да әлсірей бастайды. Соңында тіпті намазсыз қалады. Сондықтан мұсылман үшін ең қауіпті нәрсенің бірі – кері кету емес, дамуды тоқтату.

Қазіргі кезде кей шәкірттердің ғылыми “мухтасар ал-қудури”, “әл-бидая фи усул ад-дин” секілді “мәтін” кітаптарды “детский кітап қой” деп сипаттайтындар бар екен. Имам Мәлик білімнің оңайы жоқ деп айтқан. Діни білімнің салмағы әрқашан да ауыр! Сондықтан да, құрметті бауырым, оқып жатқан кітабыңды салмақсыз, артта қалып қойдым деп ойлама. Алладан көмек сұрап, кітапты шама келгенше мықты түсінуге тырыс та, білімнің болмысын түсінбегендердің сөзіне қарама!

Подкасттың осы жерін көріп, қуанып қалдым. Құрмет ұстаз бен Бағлан ұстаз «Нұр-Мүбәракқа түскім келеді» кітапшасына өз ойларын білдіріп, шәкірттерге насихаттарын жазып берген болатын. Олардан бөлек Ризабек ұстаз, Нұржан ұстаз, Жомарт ұстаз, Бекболат ұстаз, Олжас ұстаз және Дархан ұстаздар да өз пікірлерін қосқан еді. «Біздің университетіміздің ең керемет жерлерінің бірі – ұстаздарымыз», – деп айтып едім. Осы кітапша жайлы айтып, кеңес сұрағанда, барлығы қолдап, керемет насихаттарын жазып берді. Жақсы идея болса, ұстаздарымыз әрдайым қолдауға дайын. Ризабек ұстаз тіпті үлкен қажылықта жүріп, жұмыстары көп болса да, қасиетті Мекке жерінен өз жазбасын жіберген еді. Аллаһқа сансыз шүкір. Біздің ұстаздарымыз – үлкен нығмет қой! Аллаһ баршасына разы болсын!

Қай мектептің директоры хиджабқа қарсы шығып, оқушы қыздарды мектепке кіргізбей қоятын болса, Молдекелер, сол директорға жаназа оқымай қойсын! Чубак ажы Жалилов

2:212 زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا وَيَسْخَرُونَ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ۘ وَٱلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ فَوْقَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ ۗ وَٱللَّهُ يَرْزُقُ مَن يَشَآءُ بِغَيْرِ حِسَابٍ Кәпірлерге бұл дүниенің тіршілігі көз жауын алатын тым тартымды болып көрінеді. Олар иман келтіргендерді (бұл дүниеге аса ынтық болмағандары үшін) мазақ қылады. Шынтуайтында, жүректеріндегі иманды тақуалықпен безендірген ізгі жандар қиямет күні олардың үстінде (яғни жұмақта, ал қалғандары төменде, жаһаннамда) болады. Алла қалаған құлына қисапсыз ризық-несібе береді.

«Лә иләһә иллә Аллаһ». Бұл сөзді айтқанда еріндер бір-біріне жанаспайды. Аллаһ Тағала оны ерекше жеңіл етіп қойғандай. Адам өлім сәтінде қатты әлсірейді. Денесі қозғала алмай, тіпті еріндерін қимылдатудың өзі қиын болуы мүмкін. Сондай ауыр сәтте де «Лә иләһә иллә Аллаһ» деу жеңіл болсын деп, Аллаһ Тағала осы сөздің айтылуын жеңіл еткен. Бұл — Аллаһтың құлдарына деген ерекше мейірімі мен рақымының бір көрінісі.

«Лә иләһә иллә Аллаһ». Бұл сөзді айтқанда еріндер бір-біріне жанаспайды. Аллаһ Тағала оны ерекше жеңіл етіп қойғандай. Адам өлім сәтінде қатты әлсірейді. Денесі қозғала алмай, тіпті еріндерін қимылдатудың өзі қиын болуы мүмкін. Сондай ауыр сәтте де «Лә иләһә иллә Аллаһ» деу жеңіл болсын деп, Аллаһ Тағала осы сөздің айтылуын жеңіл еткен. Бұл — Аллаһтың құлдарына деген ерекше мейірімі мен рақымының бір көрінісі.

Нұр-Мүбәракқа түскен көптеген шәкірт Құранды қанша көлемде жаттау керектігін білмей жатады. Университеттің оқу жоспары бойынша 4 жылда 4 пара жаттау бекітілген. Бұл сұрақ мені де көп ойландыратын. Бірі: «Сен қарилықта емессің ғой. Араб тілі мен шариғи пәндерге көбірек көңіл бөл» десе, енді бірі: «Тек Құранға көңіл бөл, қалған пәндерді жай ғана оқи бер» дейтін. Шынында, университетке енді келген шәкірт үшін бұл – оңай таңдау емес. Осы тұста Дастан ұстаздың бір сөзі көп ой салды: «Исламтану мамандығында оқығандықтан, ең негізгі кітабың – Құранды жақсы білуің керек.» Расында, ең негізгі кітабыңды жақсы білмей тұрып, өзіңді сол саланың маманы деп қалай айта аласың? Негізінде, дұрыс жоспармен жүрсе, 4 жылдың ішінде Құранды толық жаттап шығуға болады. Мұны біз көптеген шәкірттердің тәжірибесінен көріп келеміз. Бірақ бұл басқа пәндерді оқымай қою деген сөз емес. Қолымыздан келгенше барлық пәндерді бірдей алып жүруіміз керек. Қанша қиын болса да, жауабы осы. Аллаһ Тағала баршамызға Құранды толық жаттауды, жаттағанымызға амал етуді және оны өзгелерге жеткізуді нәсіп етсін.

Әл-Жахиз (рахимаһулла) былай деген: من عاجل الضرر وآجل الحرمان أن تغتر بما عندك، فلا تثمرُه بالزيادة؛ فإن العلم قد تعرض له آفة النسيان، فما لم يدرس ويُزَد فيه ويذكر بعضه بعضا تفلَّتَ من عُقُله، ودرست معالمه، وخبا زنده. «Қолда бар білімге алданып, оны еселеп арттыруға ұмтылмау — бүгінгі күннің зор зияны, ал ертеңгі күннің зор өкініші. Өйткені білімнің басты кеселі — ұмытылу. Егер оны үнемі қайталап, толықтырып отырмаса, әрі бір білімі екіншісін жаңғыртып тұрмаса, ол ақылдың құрсауынан босап, қолдан сусып кетеді. Уақыт өте оның ізі өшіп, нұры сөнеді».

– Ұстаз, дүниеге қатты құнығып кеттім. Не істесем болады? – Сен жақсылааап тұрып өлімді ойласайшы. Нұржан ұстаз. Шынында, өлім туралы ойлау адамның көп нәрсеге деген көзқарасын өзгертеді. Ол біздің әлсіз екенімізді, қанша жерден мінсіз жоспар құрсақ та, оны соңына дейін жеткізуге кепілдік жоқ екенін еске салады.

Аллаһ Тағала уақыт сайын бізге қасиетті күндер мен мезгілдерді нәсіп етіп тұрады. Ашура күні, Арафа күні, Зүлхижжа айының алғашқы он күні және басқа да қасиетті уақыттар соның дәлелі. Құл әлсіз, уақыт өте келе жігері бәсеңдеп, ғибадатта салғырттық танытуы мүмкін. Аллаһ Тағала құлының осы әлсіздігін білгендіктен, осындай күндерді беріп, қайта есімізді жидырып, Өзінің разылығына ұмтылуға мүмкіндік сыйлайтындай көрінеді.

Не деген комбо бұл?! Ин щаа Аллаһ өте керемет подкаст болайын деп тұр. Ұстаздарымызға Аллаһ разы болсын.
Не деген комбо бұл?! Ин щаа Аллаһ өте керемет подкаст болайын деп тұр. Ұстаздарымызға Аллаһ разы болсын.