QORJIN
Open in Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Show moreThe country is not specifiedThe category is not specified
1 665
Subscribers
+52824 hours
+2457 days
+1 44230 days
Data loading in progress...
Similar Channels
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
October '26Oct '26
October '260
in 1 channels
September '26
+2 353
in 1 channels
Get PRO
August '26
+9
in 1 channels
Get PRO
July '26
+11
in 1 channels
Get PRO
June '26
+236
in 1 channels
Get PRO
May '260
in 1 channels
Get PRO
April '26
+4
in 4 channels
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 01 October | 0 |
Channel Posts
📢 AIX жеке инвесторларға арналған тегін семинар өткізеді.
7 қазанда Астанада Дүниежүзілік инвестор апталығы аясында "Жеке инвесторға арналған инсайттар" семинары өтеді.
💡 Қандай тақырыптар талқыланады?
▪️ Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жағдай;
▪️ акциялар мен облигацияларға инвестиция салу;
▪️ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру;
▪️ қаржылық алаяқтықтан қорғану жолдары.
🎙 Спикерлер:
Сұлтан Жұмағали, BCC Invest талдау және зерттеулер департаментінің директоры;
Сұлтан Елемесов, білікті аудитор, қаржы құралдары жөніндегі сарапшы;
Рүстем Өмірзақов, AFSA құқық қолдану департаментінің директоры.
🗓 7 қазан, сағат 10:00
📍 Астана, AIX сауда залы: Мәңгілік Ел, 55/19, C 3.4 блогы.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.
| 2 | 📈📉🇰🇿 30 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 305,00 (+2,7%)
🔼 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 845,99 (+1,3%)
🔼 AIRA (Air Astana): ₸670,10 (+1,0%)
🔼 KSPI (Kaspi): ₸42 880,78 (+0,5%)
🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 753,13 (+0,1%)
🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 517,00 (-0,1%)
🔻 HSBK (Халық Банк): ₸376,30 (-0,2%)
🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 548,01 (-0,3%)
🔻 KCEL (Кселл): ₸3 164,05 (-0,5%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸29 380,00 (-2,1%)
#КүнҚорытындысы | 842 |
| 3 | No text... | 1 649 |
| 4 | 🏦 Қазақстан банктері депозит мөлшерлемелерін төмендетуді жалғастырып жатыр.
ҚДКБҚ-ның 30 қыркүйектегі деректеріне сәйкес, банктер теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелерді төмендетіп жатыр. Қазір нарықтағы ең жоғары мөлшерлеме - жылдық 19,6%.
🔎 Мөлшерлемелер неге төмендеп жатыр?
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті. Ол экономикадағы ақшаның құнына бағдар береді: базалық мөлшерлеме төмендегенде, банктер де депозиттер бойынша пайыздарды әдетте біртіндеп азайтады.
💰 Қай депозиттердің кірістілігі жоғары?
Ең жоғары мөлшерлемелер жинақ салымдарында сақталып отыр. 3–6 айға ашылатын депозиттер бойынша жылдық 19%-дан жоғары ұсыныстар әлі бар.
Алайда мұндай салымдардан ақшаны алуға шектеулер қойылады.
📅 Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімі 23 қазанға жоспарланған.
💵 Ал кейбір валюталық салымдар бойынша шекті мөлшерлеме өседі: 1 қазаннан бастап мерзімі бір жылдан асатын валюталық жинақ салымдары үшін ұсынылатын шекті мөлшерлеме жылдық 1%-дан 2,5%-ға көтеріледі. Нақты мөлшерлемені әр банк өзі белгілейді. | 76 |
| 5 | 📱 Kcell инвестициялық рейтинг алды. Бұл нені білдіреді?
Kcell - Қазақстандағы жария компаниялардың бірі: оның акциялары KASE биржасында KCEL тикерімен саудаланады және KASE индексіне кіреді.
Moody’s компанияға Baa3 кредиттік рейтингін берді. Болжамы - "Тұрақты". Бұл - Kcell тарихындағы ең жоғары халықаралық кредиттік рейтинг.
Осы әріптер мен сандардың нені білдіретінін түсіндірейік.
🔎 Кредиттік рейтинг деген не?
Сіз кредит алғанда банк табысыңыз бен қарыздарыңызды тексереді - ақшаны қайтара аласыз ба?
Рейтингтік агенттіктер де компаниялар мен мемлекеттерді осыған ұқсас бағалайды: олар пайыздарды уақытында төлеп, қарыздарын өтей ала ма?
📊 Moody’s рейтингін қалай түсінуге болады?
Ең жоғары бағадан ең төменгісіне қарай:
Aaa → Aa → A → Baa → Ba → B → Caa → Ca → C
Баға шкаланың басына неғұрлым жақын болса, агенттік қарыз алушыны соғұрлым сенімді деп бағалайды.
Көптеген топтың ішінде үш саты бар: 1 - жоғары, 2 - орта, 3 - төмен. Мысалы, Baa1 - Baa2-ден, ал Baa2 - Baa3-тен жоғары.
Рейтингтер екі санатқа бөлінеді:
🟢 Инвестициялық - Aaa-дан Baa3-ке дейін, Baa3-ті қоса алғанда. Қарыз алушының қарыздарын өтеу қабілеті жеткілікті сенімді деп бағаланады. Дегенмен тәуекел сақталады.
🟠 Алыпсатарлық - Ba1-ден бастап. Қарыздың қайтарылмау тәуекелі жоғарырақ, сондықтан инвесторлар әдетте жоғары кірістілікті талап етеді.
Демек, Kcell алған Baa3 - Moody’s инвестициялық санатының ең төменгі сатысы.
"Тұрақты" болжам агенттіктің әзірге рейтингтің өзгеруін күтпейтінін білдіреді.
🏦 Бұл компанияға не үшін қажет?
Кейбір ірі инвесторлар тек инвестициялық рейтингі бар бағалы қағаздарға ақша сала алады. Сондықтан мұндай баға кредиторлар қатарын кеңейтіп, компанияға тиімдірек шарттармен қаржы тартуға көмектесуі мүмкін.
📌 Қарапайым инвестор үшін бұл нені білдіреді?
Облигация сатып алғанда, рейтинг компанияның қарызды қайтармау тәуекелін бағалауға көмектеседі.
Акция сатып алғанда, бір ғана рейтинг жеткіліксіз: ол акция бағасының өсетінін немесе дивиденд төленетінін көрсетпейді. Компанияның пайдасын, қарыздарын, ақша ағындарын және акция бағасын да зерттеу маңызды.
Инвестициялық рейтинг - қарыз алушының сенімділігіне берілген баға. Бұл оның бағалы қағаздарын сатып алуға ұсыныс емес. | 76 |
| 6 | 🚆 ҚТЖ IPO-сы: дайындық барысындағы жаңа мәліметтер
Бұған дейін ҚТЖ-ның биржаға шығуға қалай дайындалып жатқанын жазған едік. Енді жаңа мәліметтерге тоқталайық.
📅 IPO қашан жоспарланып отыр?
Қазіргі жоспар - 2026 жылдың соңына дейін өткізу. Бірақ нақты күні әлі жарияланған жоқ: түпкілікті шешім қаржы нарықтарындағы жағдайға байланысты болады.
🔎 IPO алдында ҚТЖ әр акциясын беске бөлуді жоспарлап отыр
KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес, акцияларды бөлшектеу мәселесі жалғыз акционердің қарауына ұсынылған.
Бөлшектеуден кейін орналастырылған акциялар саны бес есе өсіп, шамамен 2,48 млрд данаға жетеді.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл нені білдіреді?
Бір акция Т5 000 тұрады деп елестетіңіз. Бөлшектеуден кейін оның орнына әрқайсысы Т1 000 тұратын бес акция болады. Жалпы құны өзгермейді - сол Т5 000.
Бұл - шартты мысал. ҚТЖ акцияларының IPO кезіндегі бағасы әзірге белгісіз.
QAMS басқарушылар кеңесінің төрағасы Ерқанат Әбени LS басылымына түсіндіргендей, бөлшектеу компанияның құнын да, акционердің иелік ету үлесін де өзгертпейді. Алайда бір акция бағасының төмендеуі оны көбірек жеке инвестордың сатып алуына мүмкіндік беруі мүмкін.
Яғни бір акцияны сатып алуға азырақ ақша қажет болады. Бірақ бөлшектеудің өзі инвестордың табысын арттырмайды.
🏗 Ақша қайда жұмсалады?
Қарыздың бір бөлігін өтеуге, теміржолдарды жаңғыртуға, бағыттардың өткізу қабілетін арттыруға және пойыздар мен вагондарды жаңартуға.
📌 Болашақ инвестор нені ескеруі керек?
Акцияларды бөлшектеу - IPO-ға дайындықтағы техникалық қадам. Акцияларды сатып алудың қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін орналастыру бағасын күтіп, ҚТЖ-ның қаржылық көрсеткіштерін: пайдасын, қарыздарын және ақша ағындарын зерттеу керек. | 77 |
| 7 | 📈📉🇰🇿 29 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸29 998,99 (+2,3%)
🔼 KSPI (Kaspi): ₸42 651,01 (+2,0%)
🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 270,69 (+1,9%)
🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 710,04 (+0,9%)
🔼 HSBK (Халық Банк): ₸377,05 (+0,8%)
🔼 KEGC (KEGOC): ₸1 518,53 (+0,2%)
🔼 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 785,37 (+0,1%)
🔻 KCEL (Кселл): ₸3 178,99 (-0,0003%)
🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 659,99 (-0,04%)
🔻 AIRA (Air Astana): ₸663,62 (-0,1%)
#КүнҚорытындысы | 78 |
| 8 | No text... | 1 439 |
| 9 | 🏠 Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны отбасының көмекке мұқтаждығына қарай тағайындау жоспарланып отыр.
Жаңа тәртіп бойынша жәрдемақыны тағайындағанда отбасының тұрмыс деңгейін ескеру ұсынылады. Ол үшін мемлекеттік жүйелердегі отбасы туралы мәліметтер мен Отбасының цифрлық картасы қолданылады.
Отбасының санатын қалай анықтайды?
Жобада бес санат көрсетілген: A, B, C, D және E. Бағалау үшін мемлекеттік жүйелердегі отбасы туралы мәліметтер мен Отбасының цифрлық картасы қолданылады. Бірақ жобада әр санаттың нақты нені білдіретіні, табыс пен тұрмыс деңгейі қандай өлшемдер бойынша бағаланатыны әзірге нақтыланбаған.
Қандай төлемдер туралы сөз болып отыр?
Олардың арасында балалы және көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер, мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын азаматтарға берілетін төлемдер және жерлеуге берілетін жәрдемақы бар.
Деректерді ай сайын жаңарту жоспарланған. Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер әр айдың 25-інде "Е-макет" жүйесіне жіберіледі. Содан кейін жүйе жәрдемақы алушының сол кездегі тұрмыс деңгейін анықтайды.
📌 Бұл әзірге жоба. Өзгерістерді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отыр. | 91 |
| 10 | 🛒 Қазақстандықтардың ақшалай шығысының жартысы азық-түлікке кетеді.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың II тоқсанындағы халықтың табысы мен шығысы туралы деректерді жариялады.
Үш айда бір адамға шаққанда орта есеппен:
▫️ Т410 088 ақшалай табыс - айына шамамен Т136,7 мың;
▫️ Т358 584 ақшалай шығыс - айына шамамен Т119,5 мың болды.
Бұл орташа жалақы емес: ақшалай табысқа еңбекақымен қатар зейнетақы, жәрдемақы және басқа да түсімдер кіреді.
💰 Табыс қайдан түседі?
▫️ 72,7% - еңбек қызметінен;
▫️ 24,2% - әлеуметтік төлемдерден, негізінен зейнетақыдан;
▫️ қалғаны - жақындарынан алынған көмек пен басқа да табыстар.
🧾 Ақша неге жұмсалады?
Ақшалай шығыстың 50,5%-ы азық-түлікке, 20,7%-ы ақылы қызметтерге, 19,5%-ы азық-түлікке жатпайтын тауарларға кетеді. Тағы 7,3%-ы несие мен қарызды өтеуге жұмсалады.
Яғни жұмсалған әр Т100-дің шамамен Т51-і азық-түлікке, ₸21-і қызметтерге, ₸20-сы басқа тауарларға, ал ₸7-і қарызды өтеуге кетеді.
📍 Өңірлер арасында айырмашылық бар: Жетісу облысында азық-түліктің ақшалай шығыстағы үлесі 60,2%, ал Астанада - 43,8%. Бұл көрсеткіштер бірдей азық-түлік себетінің бағасын емес, шығыс құрылымын көрсетеді.
Ақшалай табыс бір жылда 14%-ға өскен. Бірақ бұл - номиналды өсім. Халықтың сатып алу мүмкіндігі қалай өзгергенін түсіну үшін инфляцияны да ескеру керек. | 93 |
| 11 | ⚡️ KEGOC 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін бір акцияға ₸81,25 дивиденд төлеуі мүмкін. Дивиденд алу үшін акцияны қашан сатып алу керек?
Қаңтар–маусым айларында KEGOC Т54,6 млрд таза пайда тапты. Соның Т22,37 млрд-ын акционерлерге төлеу ұсынылып отыр. Бұл - пайданың шамамен 41%-ы. Дивиденд төлеу мәселесін акционерлер 8 қазанда қарайды. Әзірге төлем бекітілген жоқ.
Ұсыныс мақұлданса, дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімін 14 қазанда тіркеу жоспарланып отыр.
Акцияны сол күні сатып алып, тізімге кіруге бола ма? Жоқ.
KASE-де KEGOC акцияларымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысу Т+2 режимімен өтеді. Бұл нені білдіреді?
▫️ Т - акцияны биржада сатып алған күн;
▫️ +2 - мәміле бойынша есеп айырысу екі сауда күнінен кейін аяқталады.
Мысалы, акцияны 9 қазан, жұма күні сатып алсаңыз, есеп айырысу 13 қазан, сейсенбі күні аяқталады. Демалыс күндері Т+2 мерзіміне кірмейді. KEGC акцияларының есеп айырысу режимі туралы KASE хабарламасы.
📌 Инвестор нені ескеруі керек? 14 қазан - акционерлер тізімін тіркеу жоспарланған күн, акцияны сатып алудың соңғы күні емес. Дивиденд алу құқығымен акция сатып алудың нақты соңғы мерзімін төлем бекітіліп, тізімді тіркеу уақыты нақтыланғаннан кейін тексерген жөн.
Дивиденд төлеу мақұлданса, төлемді 1 қарашада бастау жоспарланған. | 87 |
| 12 | 🏗 Бүгін KASE-де BI Development-тің кірістілігі 7,75%-ға дейінгі долларлық облигациялары орналастырылып жатыр.
29 қыркүйекте екі шығарылым бойынша сауда басталды. Halyk Finance осы облигациялар жөнінде инвестициялық идея ұсынды.
Облигация сатып алғанда инвестор компанияға қарыз береді. Компания оған пайыз - купон төлейді, ал өтеу күні облигацияның номиналдық құнын қайтарады. Облигациялардың қалай жұмыс істейтіні туралы бұған дейін толығырақ жазғанбыз.
▫️ BIGDb13 - мерзімі 2 жыл, өтеуге дейінгі индикативті кірістілігі жылына 7,5%;
▫️ BIGDb15 - мерзімі 3 жыл, өтеуге дейінгі индикативті кірістілігі жылына 7,75%.
💰Бір облигацияның номиналдық құны - $100, әр шығарылымның көлемі - $15 млн. Купон жылына екі рет төленеді. Оның түпкілікті мөлшерлемесі 29 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша анықталады.
Жақында доллармен жинақ ұстайтындар үшін тағы бір жаңалық шықты: 1 қазаннан бастап мерзімі бір жылдан асатын валюталық жинақ салымдары бойынша шекті мөлшерлеме жылына 1%-дан 2,5%-ға дейін көтеріледі. Бұл - жоғарғы шек, ал нақты мөлшерлемені әр банк өзі белгілейді.
💵 $5 000 салғандағы табысты салыстырайық
2 жылда:
▫️ BI Development облигациялары 7,5% кірістілікпен - шамамен $750
▫️ 2,5%-дық долларлық депозит - $250
Айырмашылық - шамамен $500.
3 жылда:
▫️ BI Development облигациялары 7,75% кірістілікпен - шамамен $1 163
▫️ 2,5%-дық долларлық депозит - $375
Айырмашылық - шамамен $788.
📌 Облигацияның кірістілігі неге жоғары?
Инвестор компанияға қатысты тәуекелді өз мойнына алады: BI Development купондарды төлеп, өтеу кезінде қарызды қайтаруы тиіс. Бұл облигациялар кепілмен қамтамасыз етілмеген және оларға ҚДКБҚ кепілдігі қолданылмайды. Ал валюталық депозиттер бойынша кепілдік есептелген пайыздарымен бірге Т5 млн баламасына дейін беріледі.
🔴Облигацияларды сатып алу туралы шешімді инвестор өзі қабылдайды. | 90 |
| 13 | 📈📉🇰🇿 28 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 HSBK (Халық Банк): ₸374,02 (+0,6%)
🔼 KCEL (Кселл): ₸3 179,00 (+0,5%)
🔼 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 677,98 (+0,3%)
➖ CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,00 (0%)
🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 515,55 (-0,2%)
🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 400,00 (-0,8%)
🔻 AIRA (Air Astana): ₸664,00 (-0,9%)
🔻 KSPI (Kaspi): ₸41 800,00 (-1,2%)
🔻 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 247,00 (-1,4%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸29 330,00 (-4,4%)
#КүнҚорытындысы | 99 |
| 14 | No text... | 95 |
| 15 | 🏦 Halyk Bank акционерлері исламдық банк операцияларын жүргізуге лицензия алуды мақұлдады
Шешім 25 қыркүйектегі кезектен тыс жиналыста қабылданды. Акционерлер сондай-ақ үш адамнан тұратын Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті бір жыл мерзімге құрды. Кеңес операциялардың осы қағидаттарға сәйкестігін қадағалайды. Банк әзірге лицензия алған жоқ - акционерлер оны алуды мақұлдады.
💡 Исламдық қаржыландыру деген не?
Бұл - шариғат қағидаттарына сәйкес келетін қаржылық мәмілелер. Оның негізгі қағидаттарының бірі - қарызға пайыз есептеуге тыйым салу. Бірақ бұл банк қызметі тегін болады деген сөз емес.
💬Мысалы, банк клиентке автокөлік сатып алуға несие берудің орнына, көлікті өзі сатып алып, кейін клиентке алдын ала келісілген үстеме бағамен бөліп төлеуге сата алады. Сол үстеме баға банкке табыс әкеледі.
🔹Исламдық қаржыландырудың басқа да құралдары бар:
Мударабада бір тарап капитал береді, ал екіншісі істі басқарады; пайда алдын ала жасалған келісім бойынша бөлінеді.
Сукук — негізінде актив немесе мәміле жатқан исламдық бағалы қағаздар.
Мұндай мәмілелерде шамадан тыс белгісіздік болмауы тиіс. Сондай-ақ алкоголь мен құмар ойындарға байланысты бизнес сияқты кейбір қызмет түрлерін қаржыландыруға шектеу қойылады. | 104 |
| 16 | 📈💵 1 қазаннан бастап ұзақ мерзімді валюталық депозиттердің мөлшерлемесі жылдық 2,5% дейін өсуі мүмкін
✅ Бұл доллармен және басқа шетел валютасымен бір жылдан ұзақ мерзімге ашылған жинақ салымдарына қатысты. Олар бойынша мөлшерлеменің жоғарғы шегі 1%-дан 2,5%-ға көтеріледі.
✅ Жаңа шек 2026 жылғы 1 қазаннан кейін ашылған немесе мерзімі ұзартылға
ℹ️ Әр банк салымға қанша пайыз ұсынатынын өзі шешеді. Сондықтан нақты депозиттің мөлшерлемесі 2,5%-дан төмен болуы мүмкін.
Валюталық депозиттердің үлесі 2015 жылғы 80%-дан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі 19,2%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты мөлшерлемелерге қойылған шектеулер біртіндеп жұмсартыла бастайды.
ҚДКБҚ кепілдігін еске саламыз:
✅ Теңгедегі жинақ салымдарына - Т20 млн-ға дейін.
✅ Теңгедегі басқа салымдарға, шоттар мен карталарға - Т10 млн-ға дейін.
✅ Шетел валютасындағы салымдарға, шоттар мен карталарға — Т5 млн-ға дейін.
Бұл шектер әр банктегі бір салымшыға қолданылады және есептелген сыйақыны қамтиды. | 106 |
| 17 | 📈📉🇰🇿25 қыркүйектегі қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 AIRA (Air Astana): ₸670,00 (+0,6%)
🔼 KEGC (KEGOC): ₸1 518,95 (+0,3%)
🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 669,99 (+0,1%)
🔼 KCEL (Кселл): ₸3 164,70 (+0,02%)
🔼 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 560,00 (+0,003%)
➖ CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸4 780,00 (0%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸30 688,88 (-0,03%)
🔻 HSBK (Халық Банк): ₸371,70 (-0,1%)
🔻 KSPI (Kaspi): ₸42 300,03 (-0,1%)
🔻 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 265,00 (-1,6%)
#КүнҚорытындысы | 104 |
| 18 | No text... | 103 |
| 19 | 🛢 ҚазМұнайГаздың жартыжылдық есебі инвесторға не көрсетеді?
ҚазМұнайГаз (KMG) 2026 жылдың алғашқы алты айындағы нәтижелерін жариялады.
📊 Қаржылық көрсеткіштер (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда):
✅ Түсім ⬆️23,7%-ға өсіп, Т5,57 трлн болды.
✅ EBITDA ⬆️45%-ға өсіп, Т1,66 трлн құрады.
✅ Таза пайда ⬆️69,1%-ға өсіп, Т904 млрд болды.
✅ Еркін ақша ағыны ⬆️12,2%-ға өсіп, Т765 млрд құрады.
🛢 Ал мұнай мен газ конденсатын өндіру 4,6%-ға азайып, 12,44 млн тонна болды.
❓ Өндіріс азайса, түсім неге өсті?
Мұнай бағасы жоғарылады: бірінші жартыжылдықта Brent-тің орташа бағасы 28,4%-ға өсіп, барреліне $92,31 жетті.
💰 Қарызға да назар аударайық
30 маусымда жалпы қарыз Т3,41 трлн болды - бұл 2025 жылдың соңындағы деңгейден 3,2%-ға аз. Бірақ қолдағы ақша мен депозиттер 22,9%-ға қысқарғандықтан, таза қарыз Т375 млрд-тан Т983 млрд-қа өсті. Компания мұны негізінен "Самұрық-Қазына" облигацияларын сатып алумен түсіндіреді. | 138 |
| 20 | 📱 Kcell-дің таза пайдасы бірінші жартыжылдықта 40,5%-ға өсті
Kcell - акциялары KASE биржасында саудаланатын және KASE индексіне кіретін компания. Сондықтан оның нәтижелері қор нарығындағы инвесторлар үшін маңызды.
📊 2026 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіштер (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда):
✅ Түсім ⬆️11,1%-ға өсіп, Т135,4 млрд болды.
✅ EBITDA ⬆️13%-ға өсіп, Т53,8 млрд құрады.
✅ Таза пайда ⬆️40,5%-ға өсіп, Т7,9 млрд болды.
✅ Абоненттер саны ⬆️11,2%-ға өсіп, 9,05 млн-ға жетті.
🔻 Бір абоненттен түсетін орташа айлық табыс 3,3%-ға төмендеп, Т1 750 болды.
💰 Қарызы мен қолдағы ақшасы қандай?
Компанияның займдары 7,8%-ға өсіп, Т152,5 млрд болды (2025 жылдың соңында - Т141,4 млрд). Ал ақша қаражаты 93,5%-ға азайып, Т2,1 млрд-қа түсті (2025 жылдың соңында - Т32,1 млрд).
⚖️ Инвесторға тағы нені білу маңызды?
Қаржылық есепте Kcell мен Tele2/Altel операторы арасындағы сот дауы көрсетілген. Tele2/Altel Т27,2 млрд айыппұл талап етіп отыр, ал Kcell Т3,1 млрд сомасына қарсы талап қойды. Іс бойынша түпкілікті шешім жоқ. Компания бұрын құрылған резервті жеткілікті деп санайды. | 131 |
