QORJIN
الذهاب إلى القناة على Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
إظهار المزيدلم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 589
المشتركون
-3924 ساعات
+3627 أيام
+15130 أيام
جارٍ تحميل البيانات
القنوات المماثلة
لا توجد بيانات
هل تواجه مشاكل؟ يرجى تحديث الصفحة أو الاتصال بمدير الدعم الخاص بنا.
سحابة العلامات
لا توجد بيانات
هل تواجه مشاكل؟ يرجى تحديث الصفحة أو الاتصال بمدير الدعم الخاص بنا.
الإشارات الواردة والصادرة
---
---
---
---
---
---
جذب المشتركين
أكتوبر '26أكتوبر '26
أكتوبر '26
+1 138
في 1 قنوات
سبتمبر '26
+2 353
في 1 قنوات
Get PRO
أغسطس '26
+9
في 1 قنوات
Get PRO
يوليو '26
+11
في 1 قنوات
Get PRO
يونيو '26
+236
في 1 قنوات
Get PRO
مايو '260
في 1 قنوات
Get PRO
أبريل '26
+4
في 4 قنوات
| التاريخ | نمو المشتركين | الإشارات | القنوات | |
| 24 أكتوبر | 0 | |||
| 23 أكتوبر | 0 | |||
| 22 أكتوبر | 0 | |||
| 21 أكتوبر | 0 | |||
| 20 أكتوبر | +568 | |||
| 19 أكتوبر | 0 | |||
| 18 أكتوبر | 0 | |||
| 17 أكتوبر | 0 | |||
| 16 أكتوبر | 0 | |||
| 15 أكتوبر | 0 | |||
| 14 أكتوبر | 0 | |||
| 13 أكتوبر | 0 | |||
| 12 أكتوبر | 0 | |||
| 11 أكتوبر | 0 | |||
| 10 أكتوبر | 0 | |||
| 09 أكتوبر | +570 | |||
| 08 أكتوبر | 0 | |||
| 07 أكتوبر | 0 | |||
| 06 أكتوبر | 0 | |||
| 05 أكتوبر | 0 | |||
| 04 أكتوبر | 0 | |||
| 03 أكتوبر | 0 | |||
| 02 أكتوبر | 0 | |||
| 01 أكتوبر | 0 |
منشورات القناة
📉 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті
📊Жылдық инфляция қатарынан 12-ші ай төмендеп, 2026 жылғы қыркүйекте 9,3%-ды құрады.
• 🥦 Азық-түлік тауарлары — 8,5%
• 🛍️ Азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 11,0%
• 🏠 Қызметтер — 8,9%
Сонымен қатар баға қысымы әлі де сақталып отыр. Қыркүйекте айлық инфляция 0,6%, ал маусымдық факторларды ескергендегі базалық инфляция 0,7% болды.
Инфляциялық күтулер қандай?
Халықтың алдағы бір жылға арналған инфляциялық күтулері 11,8%-ға дейін төмендеді. Сарапшылар да 2026 жылдың соңына қарай инфляция болжамын 10%-дан 9,5%-ға дейін қайта қарады.
⚠️ Неліктен инфляция тәуекелі әлі де жоғары?
Әлемдік нарықтарда энергия ресурстарының бағасы жоғары деңгейде қалып отыр. Бұған қоса, қыркүйекте дәнді дақылдар, қант және өсімдік майлары қымбаттады.
💡 Бұл нені білдіреді?
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі уақыт өте келе кредиттердің арзандауына ықпал етуі мүмкін. Алайда бұл кредиттер бірден арзандайды дегенді білдірмейді. Депозиттердің кірістілігі де Ұлттық банктің шешімдеріне қарай өзгеруі мүмкін.
Сондықтан салымшылар мен қарыз алушылар үшін базалық мөлшерлемені ғана емес, банктердің нақты өнімдері бойынша ұсынылатын шарттарды да бақылау маңызды.
| 2 | 🌬 Halyk Bank Түркістан облысында жел электр станциясын салуға 138 млн доллар бөледі
Halyk Bank пен “Қазақстандық коммуналдық жүйелер” компаниясы “Жүзімдік” жел электр станциясын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Жаңа электр станциясы жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіруге және өңірде экологиялық таза энергияның үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
🏗 Құрылысты 2027 жылғы наурызда бастау, ал станцияны 2028 жылғы қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланған. | 858 |
| 3 | 🏠 Бастапқы жарна азайса, ипотеканың ай сайынғы төлемі көбеюі мүмкін
13 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов ипотеканың бастапқы жарнасын азайту жолдарын қарастыруды тапсырған болатын.
Қазір Отбасы банкі бұл мәселені Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп пысықтап жатыр.
Банк басқармасы төрағасының орынбасары Жансұлтан Матайдың айтуынша, бастапқы жарнаны азайту ай сайынғы төлемнің өсуіне әкелуі мүмкін. Бұл қарыз алушыға түсетін қаржылық жүктемені арттырады.
❗️Әзірге бастапқы жарнаны азайту туралы нақты шешім қабылданған жоқ. | 855 |
| 4 | 📈📉🇰🇿 22 қазандағы қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 KZTK (Қазақтелеком): ₸45 350,00 (+1,2%)
🔼 KCEL (Кселл): ₸3 171,90 (+0,2%)
🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 849,99 (+0,1%)
🔼 KEGC (KEGOC): ₸1 445,20 (+0,05%)
🔼 HSBK (Халық Банк): ₸371,00 (+0,01%)
🔻 AIRA (Air Astana): ₸685,00 (-0,1%)
🔻 KSPI (Kaspi): ₸41 892,22 (-0,5%)
🔻 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 382,76 (-0,5%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸27 860,00 (-0,7%)
🔻 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸5 487,77 (-1,6%)
#КүнҚорытындысы | 862 |
| 5 | لا يوجد نص... | 5 284 |
| 6 | 💰 Базалық мөлшерлеме төмендесе, депозиттің табысы да азая ма?
23 қазанда сағат 12:00-де Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялайды. Ақшасын теңгемен жинап жүргендер үшін бұл - депозит шарттарын тексеруге себеп.
🏦 Ақшаңыз депозитте болса
Депозит мөлшерлемесі бекітілген болса, оның пайызы салым мерзімі аяқталғанша сақталады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетсе де, депозитіңіздің табыстылығы өзгермейді.
Бірақ салым мерзімін ұзартқанда банк басқа пайыз ұсынуы мүмкін.
💡 Депозит ашуды жоспарлап жүрсеңіз
Базалық мөлшерлеме төмендесе, банктер жаңа салымдар бойынша пайызды азайтуы мүмкін. Бұл бірден бола бермейді: әр банк өз шарттарын өзі қайта қарайды.
Сондықтан ақшаңызды депозитке салуды жоспарлаған болсаңыз, қазір банктердің ұсыныстарын салыстырып, қолайлы пайызбен салым ашуды қарастыруға болады. Салым мерзіміне, оны толықтыру мүмкіндігіне және ақшаны мерзімінен бұрын алу шарттарына да назар аударыңыз.
📈 Ал облигациялар ше?
Облигацияның купоны, яғни төленетін пайызы бекітілген болса, Ұлттық банктің шешімінен оның мөлшері өзгермейді.
Ал нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер төмендесе, мұндай облигацияның биржадағы бағасы өсуі мүмкін. Себебі жоғары пайыз төлейтін бағалы қағаз тартымдырақ болады. Бірақ бағаның өсуіне кепілдік жоқ: инвесторлар күтілетін төмендеуді бағаға алдын ала ескеріп қоюы мүмкін. | 870 |
| 7 | 🏠 Отбасы банкте ірі несие алғандар үшін комиссия өседі
31 қазаннан бастап алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарызын 50 млн теңгеден көп сомаға алу қымбаттайды. Банк несие бергені үшін алынатын комиссияның ең жоғары мөлшерін көтереді.
Бұл қандай комиссия?
Бұл - несие алған кезде банкке бір рет төлейтін ақша. Ол несие сомасының 1%-ын құрайды. Бірақ оның шегі бар: есептегенде одан көп шықса да, банк белгіленген шектен артық алмайды.
Қазір кез келген сомадағы несие үшін комиссия 300 мың теңгеден аспайды. Ал 31 қазаннан бастап:
▪️ 50 млн теңгеге дейін, қоса алғанда - ең көбі 300 мың теңге, бұрынғыдай.
▪️ 50 млн теңгеден жоғары, 100 млн теңгеге дейін, қоса алғанда - ең көбі 500 мың теңге.
▪️ 100 млн теңгеден жоғары - ең көбі 1 млн теңге.
💰 Мысалы, 70 млн теңге несие алсаңыз:
қазір комиссия - 300 мың теңге, жаңа талап бойынша - 500 мың теңге. Яғни 200 мың теңге артық төлейсіз.
Ал 20 млн теңге несие алсаңыз, ештеңе өзгермейді: комиссия 200 мың теңге болып қалады.
📌 Жаңа талаптар банк 2026 жылғы 31 қазаннан бастап қабылдаған өтінімдерге қолданылады. Оған дейін қабылданған өтінімдер бұрынғы талаптармен қаралады. Бұрын берілген несиелерге бұл өзгеріс әсер етпейді.
Банктің мәліметінше, мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін қарыздар бойынша бұл комиссия алынбайды. | 874 |
| 8 | 📈📉🇰🇿 21 қазандағы қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸28 060,00 (+2,4%)
🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 389,98 (+2,3%)
🔼 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸5 578,00 (+2,0%)
🔼 KSPI (Kaspi): ₸42 099,00 (+1,9%)
🔼 AIRA (Air Astana): ₸686,00 (+1,0%)
🔼 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 809,99 (+1,0%)
🔼 KEGC (KEGOC): ₸1 444,50 (+0,3%)
🔼 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 821,00 (+0,1%)
🔻 HSBK (Халық Банк): ₸370,95 (-0,02%)
🔻 KCEL (Кселл): ₸3 164,00 (-0,1%)
#КүнҚорытындысы | 869 |
| 9 | لا يوجد نص... | 5 536 |
| 10 | 🏦 Отбасының депозиті 200 АЕК-тен асса, атаулы әлеуметтік көмек берілмеуі мүмкін
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындағанда отбасының табысымен бірге банктегі ақшасы, шығындары, кредиттері мен мүлкі де ескеріледі. Бұл туралы Үкімет қаулысына сілтеме жасап Kapital.kz хабарлады.
Депозитте қанша ақша болса, көмек берілмеуі мүмкін?
Отбасының банктегі салымы 200 АЕК-тен асса, АӘК беруден бас тартуы мүмкін. Бұл шек бір адамға емес, бүкіл отбасына қатысты.
2026 жылғы есеппен 200 АЕК - ₸865 мың. Ал 2027 жылы сома сол жылғы АЕК мөлшеріне қарай есептеледі.
Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарына бұл шектеу қолданылмайды.
👇 Тағы нені қарайды?
▪️ Өтініш берер алдындағы тоқсанда банк шоттарынан қанша ақша жұмсалғанын және қандай кредиттер алынғанын.
▪️ Отбасының қанша үйі, көлігі, жері бар екенін.
▪️ Табыс әкелетін үй-жайы немесе техникасы бар-жоғын.
Әрқайсысына қатысты бөлек талаптар мен ерекшеліктер бар. Комиссия отбасының жағдайын қарап, қорытынды шығарады. | 883 |
| 11 | 📈 Қазақстандықтар қыркүйекте жеке басқарушы компанияларға ₸58,3 млрд зейнетақы жинағын аударды
Бұл - тамызбен салыстырғанда 5,1 есе көп. Мұндай есепті жарияланым авторлары БЖЗҚ деректері негізінде жасаған.
Аударымдар саны да 3,1 есе өсіп, 39,8 мыңға жетті.
🔍 Не өзгерді?
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар міндетті жарналар есебінен жиналған зейнетақы қаражатының 100%-ына дейін жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Бұған дейін шектеу 50% болған. Осы өзгеріс аударымдардың өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Ақшаны жеке басқаруға беру деген не?
Сіз зейнетақы жинағыңызды инвестициялайтын компанияны таңдайсыз. Мұндай компаниялар инвестициялық портфельді басқарушылар - ИПБ деп аталады.
Жинағыңыз БЖЗҚ-дағы жеке шотыңызда есепке алына береді. Өзгеретіні - ақшаны басқаратын және белгіленген ережелер аясында оны қайда инвестициялауды шешетін компания.
👇 Аудармас бұрын нені білу керек?
▪️ Компаниялардың инвестициялау тәсілі мен тәуекел деңгейі әртүрлі. Сондықтан ақшаны қайда салатынын зерттеген жөн.
▪️ Жинақты бірнеше басқарушы компанияға бөліп беруге болады.
▪️ Басқа ИПБ-ға ауысу немесе жинақты Ұлттық банктің басқаруына қайтару үшін қаражатты берген күннен бастап кемінде бір жыл өтуі керек.
Компаниялардың табыстылығы мен ақшаны қандай құралдарға салатынын БЖЗҚ платформасында салыстыруға болады. | 880 |
| 12 | 📈📉🇰🇿 20 қазандағы қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸5 470,00 (+4,1%)
🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 359,00 (+2,0%)
🔼 KCEL (Кселл): ₸3 168,70 (+0,2%)
🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 800,02 (-0,1%)
🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 440,00 (-0,4%)
🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 350,00 (-0,5%)
🔻 HSBK (Халық Банк): ₸371,01 (-0,7%)
🔻 AIRA (Air Astana): ₸679,00 (-1,3%)
🔻 KSPI (Kaspi): ₸41 300,00 (-3,3%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸27 400,00 (-5,7%)
#КүнҚорытындысы | 875 |
| 13 | لا يوجد نص... | 5 609 |
| 14 | МҚҰ "Экспресс Займ" қарыз алушыларға ақылы кеңес қызметін күштеп таңған - ҚМА
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, МҚҰ клиенттеріне кеңес ақысын төлемесе, микрокредит ала алмайтынын немесе оның мерзімін ұзарта алмайтынын айтқан. Ал бұл қызметтен бас тартуға болатынын жасырған.
Кеңес ақысы қарыз сомасына қарай белгіленіп, негізгі борышқа қосылған. Соның салдарынан адам қолына аз ақша алғанымен, бүкіл қарызды пайызымен қайтаруға міндетті болған. Яғни кеңес ақысына да пайыз есептелген.
Қарыз мерзімін ұзартқанда ақылы кеңес қызметін қайта рәсімдеген.
Тергеу дерегінше, бұл схема 2024 жылғы тамыздан бастап Қазақстанның 18 өңірінде қолданылған. 43 мың азаматпен кеңес қызметіне қатысты 181 мыңнан астам шарт жасалған.
МҚҰ директорының орынбасары үйқамақта. Тергеу жалғасып жатыр. | 873 |
| 15 | 2026 жылғы қаңтар–тамызда қазақстандықтардың депозиттеріндегі қаражат 8,3%-ға өсіп, ₸30,5 трлн-ға жетті.
Өсім толығымен теңгелік салымдар есебінен болды:
▪️ теңгедегі салымдар - ₸24,7 трлн, өсім - 12,2%;
▪️ валютадағы салымдар - ₸5,9 трлн, төмендеу - 5,6%.
➡️ Теңгеге қызығушылықты не қолдап отыр?
Сарапшылардың бағалауынша, депозиттердің жоғары мөлшерлемелері, инфляцияның баяулауы және теңгенің нығаюы.
Халықтан тартылған теңгелік депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме сегіз айда 15,3%-дан 14,6%-ға төмендеді. Бұл - нарықтағы орташа көрсеткіш: нақты банктің шарттары өзгеше болуы мүмкін.
👀 Банктер пайызды төмендетуге неге асықпайды?
Халықтың банктердегі барлық қаражатының 45%-ы қалдығы ₸20 млн-нан асатын шоттарға тиесілі. Банктер үшін бұл салымшыларды сақтап қалу маңызды: олардың ақшасы - қаржыландырудың елеулі көзі.
Мөлшерлемені тым тез төмендетсе, клиент ақшасын басқа банкке аударуы мүмкін.
💡 Бұл салымшы үшін нені білдіреді?
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі барлық банк депозит пайызын бірден әрі бірдей азайтады деген сөз емес. АФК бағалауынша, клиенттердің қаражаты үшін бәсеке бұл үдерісті баяулатуы мүмкін. | 881 |
| 16 | 📈📉🇰🇿 19 қазандағы қор нарығындағы сауда-саттық қорытындысы (тек KASE индексіне кіретін қазақстандық компаниялар бойынша)
🔼 CCBN (Банк ЦентрКредит): ₸5 253,00 (+3,0%)
🔼 KZTO (ҚазТрансОйл): ₸1 331,99 (+1,3%)
🔼 AIRA (Air Astana): ₸688,00 (+0,1%)
🔻 KMGZ (ҚазМұнайГаз): ₸35 850,00 (-0,1%)
🔻 HSBK (Халық Банк): ₸373,70 (-0,1%)
🔻 KCEL (Кселл): ₸3 163,10 (-0,1%)
🔻 KEGC (KEGOC): ₸1 446,00 (-0,2%)
🔻 KZAP (Қазатомөнеркәсіп): ₸29 040,99 (-0,5%)
🔻 KZTK (Қазақтелеком): ₸44 562,54 (-0,5%)
🔻 KSPI (Kaspi): ₸42 730,00 (-1,5%)
#КүнҚорытындысы | 874 |
| 17 | لا يوجد نص... | 2 407 |
| 18 | 🏦 Қазақстанда тағы бір ислам банкі ашылуы мүмкін.
16 қазанда АХҚО-да Tansar Islamic Bank Ltd. тіркелді.
Акционері - Tansar Group. Мәлімделген капиталы - $12 млн.
➡️ Компания шариғат талаптарына сай қаржыландыруды, төлемдер мен аударымдарды және инвестициялық шоттарды басқаруды жоспарлап отыр.
Бірақ тіркелу - жұмысын бастау деген сөз емес.
Бұл қызметтерді көрсету үшін AFSA-ның рұқсаты қажет. Тізілімде де осы шарт көрсетілген.
💡 Ал пайызсыз банк қалай табыс табады?
Мысалы, клиентке тауар сатып алуға ақша берудің орнына банк тауарды өзі сатып алады. Кейін оны клиентке үстеме бағамен бөліп төлеуге сатады.
Яғни қарызға пайыз есептелмейді, бірақ банк табысы тауар бағасына қосылады. Пайызсыз деген — тегін деген сөз емес.
👇 Клиент үшін нақты шарттар маңызды:
◽️соңында барлығы қанша төлейді;
◽️қандай комиссиялар бар;
◽️төлем кешіксе не болады.
Оларды өнімдердің шарттары жарияланған кезде салыстыруға болады. | 894 |
| 19 | 💰 «Ұлттық қор - балаларға»: 400 мыңнан астам қазақстандық қаражатты баспана мен оқуға пайдаланды
Бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы 1 қазанға дейін 407 мың қазақстандыққа $88,86 млн төленді, деп хабарлайды БЖЗҚ.
Оның ішінде:
▪️ $58,29 млн - тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
▪️ $30,57 млн - білім алуға бағытталған.
💵 Баланың шотында қанша жиналды?
Сома баланың бағдарламаға қанша жыл қатысқанына байланысты. Инвестициялық кірісті қоса есептегенде:
▪️ үш жыл қатысқан балада - $370,56;
▪️ екі жыл қатысқан балада - $263,93;
▪️ бір жыл қатысқан балада - $130,71.
Бала кәмелетке толғанға дейін оған есептелген қаражат инвестициялана береді. Яғни жыл сайынғы аударымдарға қосымша инвестициялық кіріс түседі.
🏠 Ақшаны неге жұмсауға болады?
18 жасқа толғаннан кейін қаражатты баспанаға немесе оқуға пайдалануға болады. Мысалы, тұрғын үй жинақ салымын толықтыруға, ипотеканың бастапқы жарнасын төлеуге немесе оқу ақысын өтеуге.
Қолжетімді соманы толық немесе бөліп пайдалануға болады.
⏳ Ақшаны 18 жасқа толғанда бірден алу міндетті ме?
Жоқ. Кәмелетке толғаннан кейін жинақты пайдалануға 10 жыл беріледі. Осы уақыт ішінде жұмсалмаған қалдық ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Яғни ақша жоғалмайды - зейнетақы жинағына өтеді.
📱 Есептелген соманы қайдан тексеруге болады?
Ата-аналар кәмелетке толмаған баласына есептелген қаражатты баланың ЖСН-і арқылы тексере алады:
▪️ kids.enpf.kz сайтынан;
▪️ eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен;
▪️ eGov Mobile қосымшасынан;
▪️ кейбір банктердің мобильді қосымшаларынан. | 869 |
| 20 | 🎓 Ай сайын ₸10 мыңнан жинап, баланың оқуына қалай ақша жинауға болады?
Бірден қомақты сомадан бастау міндетті емес. Тұрақты жарналар оқу шығындарының бір бөлігін алдын ала жинауға көмектеседі. Ал банк сыйақысы мен мемлекет қолдауы жинақты көбейтеді.
🏦 Білім беру салымы қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда AQYL білім беру салымы бар. Банк сыйақысына жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы қосылады. Жекелеген жеңілдікті санаттар үшін ол 7% құрайды. Сыйлықақы бағдарлама талаптары сақталған жағдайда есептеледі.
Мысалы, Halyk-та бес жылдық AQYL салымының мөлшерлемесі - жылдық 13,9%, ЖТСМ - 15%. Банк сыйақысы ай сайын салымға қосылып, оған да сыйақы есептеле бастайды.
💰 Қанша жинауға болады?
Салым ашқанда ₸13 мың салып, кейін ай сайын ₸10 мыңнан толықтырып отырсыз делік. (Halyk-та AQYL салымын ашу үшін ең аз дегенде 3 АЕК - 2026 жылы ₸12 975 салу қажет. Мысалда бұл соманы ₸13 мыңға дөңгелектедік).
Банк мөлшерлемесі 13,9%, ал мемлекеттік сыйлықақы 5% болса:
▪️ 5 жылда - шамамен ₸1,04 млн.
Оның ₸613 мыңы - өзіңіз салған ақша, қалғаны - банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақы.
▪️ 10 жылда - шамамен ₸3,67 млн.
Оның ₸1,213 миллионы - өзіңіз салған ақша, қалғаны - банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақы.
Бұл - күрделі пайыздың әсері: табыс өзіңіз салған ақшаға ғана емес, бұрын есептелген табысқа да түседі.
📝 Неден бастау керек?
1️⃣ Мақсат қойыңыз. Мысалы, бірінші курстың оқу ақысын жинау. Оқудың қазіргі құнын және балаңыз оқуға түскенге дейін қанша жыл қалғанын анықтаңыз.
2️⃣ Салымды тұрақты толықтырыңыз. Ай соңында қалған ақшаны күтпей, жалақы түскенде шамаңызға сай соманы аударып отырыңыз.
3️⃣ Мүмкіндік болса, жарнаны көбейтіңіз. Жұмыстан берілген сыйақының немесе балаға сыйланған ақшаның бір бөлігін де оқуына жинауға болады.
📌 Ал инфляция ше?
10 жылда оқу ақысы мен тұру шығындары өсуі мүмкін. Сондықтан ₸3,67 млн - болашақта шотта жиналатын сома. Оның бүкіл оқуға жететініне кепілдік жоқ. Жыл сайын таңдаған оқуыңыздың құнын қайта қарап, мүмкіндік болса, ай сайынғы жарнаны көбейтіңіз.
⚠️ Нені ескеру керек?
AQYL білім алуға ақша жинауға арналған. Салымды өз бастамаңызбен мерзімінен бұрын жапсаңыз, әдетте мемлекеттік сыйлықақыны қайтаруға тура келеді. Сондықтан күтпеген шығындарға арналған қорды бөлек ұстаған дұрыс. | 867 |
