🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Open in Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Show moreThe country is not specifiedThe category is not specified
1 746
Subscribers
+124 hours
+37 days
+630 days
Posts Archive
تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِٱلْحَقِّ ۗ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِّلْعَٰلَمِينَ
Міне, бұлар – Аллаһтың аяттары. Біз оларды саған титтей де күмән араластырмай ақиқаттың нақ өзі ретінде оқып берудеміз. Аллаһ бірде-бір жаратылысқа, ешкімге қиянат жасауды қаламайды.
(«Әли Имран» сүресі 3:108)
وَلْتَكُن مِّنكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى ٱلْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ ۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ
(Уа, мүміндер!) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар – (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер.
(«Әли Имран» сүресі 3:104)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Аллаһ сендерге ауыртпалық артқысы келмейді. Керісінше, шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді тәндік һәм рухани кірлерден тазартуды және өздеріңе берер нығметін тамамдауды (хақ дінді бүге-шігесіне дейін баяндап, толық түсіруді) қалайды.
(«Мәида» сүресі 5:6)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
адалмын деген құл да Аллаһтың ісінен кемшілік көрмеу керек, тек Махаббатын көру керек, жіберетін нығметтерінен де, бәлелерінен де.
#насихат
#тақуалық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
сол кезде әлгі адам ренжісе орынды ма? орынсыз✨мен оған махаббатымды солай көрсетіп жатсам, қуану керек емес пе, ренжімей.
#насихат
#тақуалық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
мысалы, кейде болады әлі онша Аллаһты тануы жоқ, енді жолға түскен адамның қателігін көргенде, ия оған сабырлықпен, көз жұмып қараймыз. Ал, Аллаһ оған Өзін танытқан адам қателесіп, ғапылдыққа түсіп жатса, оны әлгі хальге қимай, қызғанып, шығарып алғың келіп тұрады.
#насихат
#тақуалық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
әлгі тәрбие, жаза, тазарту, бәле — Аллаһтың құлына “саған жараспайды бұл” деп жіберген хаттары тәрізді…🤍
#насихат
#тақуалық
Құл қаншалықты Аллаһқа жақын, Оның алдында абыройлы, құнды болса, соншалықты тәрбие, ескерту, жұмсақ жазалар алуы жылдам әрі айқын болады. Бір ғана әдепсіз сөз айтып қалуы мүмкін, бір ғана ым көрсетіп қалуы мүмкін қабағымен не бір сәтке ғапылдыққа түсіп қалуы мүмкін, сол кезде Раббысы әртүрлі белгілермен, әсіресе оның нәпсісіне жағымсыз белгілермен құлын тәрбиелеп алады, ескертеді, жұмсақ жазалайды, тазалайды, Қияметке қалдырмайды, әрі әлгі кішкентай ластың өзін оның бойында қалдырмайды, Оның алдында таза жүруін қалайды. Сол үшін кейбір топтағы адамдар бір кішкентай бәле немесе ұнамсыз жағдайға түссе, сол нәрсеге шағымданып кетеді. Ал әлгі хас құлдар дереу өз-өздерінің үстінен Раббысына шағымданып кетеді. Йа Раббым, Сен Әділсің, Сен Данасың, менің бір күнәм, бәлкім манағы бір сөзім не ісім Саған ұнамай қалды, Сен мені бірден ғапылдықтан шынайы зікірге оятудасың ғой деумен әрі шүкір етеді әрі пікір етеді өзінен есеп алып, әрі тілін шағымнан тыйып, Раббысымен разы болып, кішірейеді, Оның тәрбиесіне қуанады, бірақ өз-өзіне шағымданып, Раббысынан үнемі кешірім сұрайды.
۞ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّبِعُوا۟ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِ ۚ وَمَن يَتَّبِعْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيْطَٰنِ فَإِنَّهُۥ يَأْمُرُ بِٱلْفَحْشَآءِ وَٱلْمُنكَرِ ۚ وَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ مَا زَكَىٰ مِنكُم مِّنْ أَحَدٍ أَبَدًا وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يُزَكِّى مَن يَشَآءُ ۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Уа, иман келтіргендер! Шайтанның ізіне (соңынан) ермеңдер. Кімде-кім шайтанның ізіне еретін болса, біліп қойсын, шүбәсіз, ол үнемі арсыздық пен жамандықты бұйырады. Егер Аллаһтың сендерге деген шексіз шарапаты, ерекше рақымы болмағанда, араларыңнан бірде-бір жан (сенімі, ниеті, іс-әрекеті және мінез-құлқында) әсте сүттен ақ, судан таза бола алмас еді. Бір Аллаһ қана қалаған құлын (күнә-қателіктерден арылтып,) сүттен ақ, судан таза қылады. Аллаһ Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (бәрін білуші).
(«Нұр» сүресі 24:21)
#насихат
#муроқаба
#ихсан
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Осы қасиетті сіңіруге амалдар✨🤍
🌳 Үнемі үнемі үнемі Аллаһтан жәрдем сұрау халінде болу. Тіпті, дәрет алу, намаз
оқу үшін де. Киіну, тамақ жеу үшін де көмек сұрау.
🌳Үнемі үнемі үнемі Аллаһтан кешірім сұрау халінде болу. Өзіңізді бақылау, есепке алу. Мына сөзді неге айттым, неге оған былай қарап қалдым, неге есікті қатты жаптым, неге әдепсіз жауап бердім деп есепке алып, Аллаһтан ұялу, Аллаһтан кешірім сұрай беру.
🌳Үнемі үнемі үнемі Аллаһқа шүкір ету халінде болу, кішкентай деген заттардың өзіне. Аллаһым, әр намаздан соң-намаз оқытқаныңа шүкір. Қажет өтеген сайын-Аллаһым, пайдалыны қалдырып, зияндыны шығарғаныңа шүкір. Кемшілігіңізді байқаған сайын-Аллаһым, байқаттырғаныңа шүкір. Бір кішкентай шаруаны болсын жасаған сайын-Сен жасаттырдың, шүкір. Менде күш жоқ, Раббым, Сен көмектестің шүкір деу.
🌳Үнемі үнемі үнемі өзіңізді ақтамау, мақтамау, сабыр халінде болу. Байқамайсыз ба демеу, мен байқар едім деп мақтаған боласыз өзіңізді әйтпесе. Мына кісі біртүрлі мындай екен демеу, мен күштімін деген боласыз әйтпесе. Басқа адам да, мен де-Аллаһтың Иелігіндеміз, Барлық нәрсе Оның Қалауы, Сынағымен екенін ұмытпау. Ия, дұрыс емес зат болса, айту, түзеу керек, бірақ
өзіңізді мақтамай, тек Аллаһты мақтап, сүннетке сай.
#насихат
#Аллаһтытану
+1
Жаңа апта – жаңа мүмкіндіктер✨🧡
‘Аиша анамыздан (радыйаллаху анха) жеткен риуаятта Аллаһ елшісі 🌱 былай деген:
🌱Игі істерді тура, ықыласпен әрі орташа орындаңдар. Біліп қойыңдар, ешқайсысың өз амалдарыңның арқасында Жәннәтқа кіре алмайсыңдар. Амалдардың ішінде Аллаһқа ең сүйіктісі — аз болса да, тұрақты түрде жасалғаны🌱
‘Аиша анамыз (радыйаллаху анха) былай деген:
Аллаһ Елшісінен 🌱 : “Аллаһ қай амалды бәрінен де артық жақсы көреді?” — деп сұрағанда, ол:
🌱Аз болса да, тұрақты түрде жасалатын амалды”, — деп жауап берді. Одан кейін: “Өздеріңнің шамаларың жететін ғана амалды жүктеңдер🌱— деп қосты.
тағы бір риуаятта:
Ол 🌱:
🌱Игі істерді тура, ықыласпен әрі орта жолда орындаңдар және сүйіншілеңдер! Шын мәнінде, ешкімді өз игі амалдары Жәннәтқа кіргізбейді”, — деді. Сахабалар: “Иә, Аллаһ елшісі 🌱, тіпті сізді де ме?” — деп сұрады. Ол: “Тіпті мені де, егер Аллаһ мені Өз кешірімі мен рақымына бөлемесе🌱— деп жауап берді.
🌱 Сахих Бухари
#насихат
#ортажол
#әдет
#тұрақтылық
Хужурат сүресін ғалымдар “әдеп” сүресі деп атайды екен. Осы аяттарға бір ойланып алсақ🧡
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِن وَرَآءِ ٱلْحُجُرَٰتِ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ
Расында, саған (жұбайларың тұратын) бөлме-лердің сыртынан айқайлап үн қататындарға келсек, олардың көбі ақылға салып ойланбайтын, жөн білмейтін адамдар.
(«Хужурат» сүресі 49:4)
وَلَوْ أَنَّهُمْ صَبَرُوا۟ حَتَّىٰ تَخْرُجَ إِلَيْهِمْ لَكَانَ خَيْرًا لَّهُمْ ۚ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
Егер олар сен шыққанша (айқайламай) сабыр сақтап күте тұрса, өздері үшін жақсы болар еді. Соған қарамастан Алла – Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден ауыр болса да, тәубеге келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді)!
(«Хужурат» сүресі 49:5)
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِن جَآءَكُمْ فَاسِقٌۢ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوٓا۟ أَن تُصِيبُوا۟ قَوْمًۢا بِجَهَٰلَةٍ فَتُصْبِحُوا۟ عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَٰدِمِينَ
Уа, иман келтіргендер! Егер сендерге әлдебір күнәһар адам қандай да бір хабар жеткізсе, оның анық-қанығын анықтап біліп алыңдар. Әйтпесе, білместікпен әлдебір қауымның обалына қалып, артынан істеген істеріңе өкініп жүрерсіңдер.
(«Хужурат» сүресі 49:6)
وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ ٱللَّهِ ۚ لَوْ يُطِيعُكُمْ فِى كَثِيرٍ مِّنَ ٱلْأَمْرِ لَعَنِتُّمْ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ ٱلْإِيمَٰنَ وَزَيَّنَهُۥ فِى قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ ٱلْكُفْرَ وَٱلْفُسُوقَ وَٱلْعِصْيَانَ ۚ أُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلرَّٰشِدُونَ
Ендеше, біліп қойыңдар, араларыңда (қай мәселенің болмасын шешімін табу үшін жүгінулеріңе болатын) Алла елшісі бар. (Әй, өзімбілер мүміндер!) Егер Алла елшісі (әлеуметтік) істердің көбінде сендердің ыңғайларыңа жығылып, айтқандарыңмен жүргенде, шүбәсіз, бастарың бәлеге қалып, жағдайларың қиындап кетер еді. Алайда Алла сендерге иманды сүйгізіп, оны жүректеріңде безендірді (яғни көңілдеріңе жағымды қылды). Сондай-ақ сендерді күпірліктен, асылықтан һәм (Алла мен расулына) қарсы келуден жирендірді. (Сенімі, ойы һәм іс-әрекеттері) түзу болған игі жандар, міне, солар.
(«Хужурат» сүресі 49:7)
Осындай хаттар түрі бар және талап етіп, міндет етіп, ренжіп не ашуланып сұрау түрлері, хаттары бар. Қызығы бұл жерде маңыздысы сабақ, сабақтык алынуы, жеңілдікке үлгеру не тағысын тағы емес. Бұл жерде маңыздысы сынақ екені. Сіздер маған, мен сіздерге және осы мүмкіндік сынақ екені. Ризықты “достойно” іздеу деген бар. Емді де “достойно, халал” іздеу бар хадис, сүннеттерден тәрбие алатын болсақ. Әдепке маңыз беретін құлдардан болайықшы…🧡✨
فَوَجَدَا عَبْدًا مِّنْ عِبَادِنَآ ءَاتَيْنَٰهُ رَحْمَةً مِّنْ عِندِنَا وَعَلَّمْنَٰهُ مِن لَّدُنَّا عِلْمًا
Сөйтіп, жартасқа жеткенде, екеуі Біздің бір таңдаулы, ерек құлымызға жолықты. (Оның елден ерек болғандығы сонда) Біз оған тарапымыздан ерекше рақым сыйлаған әрі өз тарапымыздан ерекше ілім үйреткен едік.
(«Кәһф» сүресі 18:65)
قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰ هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰٓ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًا
Мұса оған: «Өзіңе үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын ілім мен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсем бола ма?» – деп өтініш білдірді.
(«Кәһф» сүресі 18:66)
قَالَ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِىَ صَبْرًا
(Сонда иләһи ілімнен сусындаған Қызыр оған): «Шындығында, менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды».
(«Кәһф» сүресі 18:67)
قَالَ سَتَجِدُنِىٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ صَابِرًا وَلَآ أَعْصِى لَكَ أَمْرًا
Мұса оған: «Алла қаласа, төзімді екенімді көресің. Сондай-ақ саған бірде-бір мәселеде қарсы келмеймін», – деді.
(«Кәһф» сүресі 18:69)
قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيْنِى وَبَيْنِكَ ۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِع عَّلَيْهِ صَبْرًا
Қызыр оған: «Міне, екеуіміздің айрылысатын сәтіміз жетті. Ал енді саған, сабырың жетпеген мәселелердің мәнісі мен қыр-сырынан толық хабардар етейін».
(«Кәһф» сүресі 18:78)
сабақтарға сілтеме кімге келмеді, көркем әдеп, сабыр етулеріңізді сұраймын🧡
+2
Гугл календарь программасын да қолдануға кеңес беремін🧡Уақыт бағалау, мухасаба жасау, өміріңіз қайда, қалай кетіп жатқанына баға беруге, баланс көруге сфералар бойынша және жалпы фиксациялап, күн соңында амалдарға бір қарап шүкір және тәубе етуге керемет құрал дер едім🧡✨
#насихат
#мухасаба
Демалыс күндері трекерді бір шолып, ойлану, мына әдетте тұрақты болу арқылы Раббым маған қандай сыйлықтар жасады? тұрақсыз болуыма не кедергі болды? Келесіде өзіме қалай қамқорлық жасай аламын кедергіні алып? Осылай мухасаба жасап, фиксациялау арқылы позитивті сәт, жемістерді әрі қарай оны орындап, тереңінен пайдасын көруге және сол арқылы Аллаһты, Мейірімін тануға керемет мүмкіндіктер ала аласыз🧡✨
#насихат
#лайфхак
