en
Feedback

Don't get caught by a cheater! Telemetrio finds and tags such channels 👉 If you want to see the tag, subscribe

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Open in Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
1 746
Subscribers
+124 hours
+37 days
+630 days
Posts Archive
Sq, Iq, Eq, Pq бойынша айға мақсат қойып, оны кішкентай бөліктерге бөліп, байыппен апта сайын жетіп отыру, әдет қалыптастыру
+1
Sq, Iq, Eq, Pq бойынша айға мақсат қойып, оны кішкентай бөліктерге бөліп, байыппен апта сайын жетіп отыру, әдет қалыптастыру өте ыңғайлы, жайлы әрі пайдалы. Мидың да қажеттіліктеріне, заңдылықтарына сай🧡Кеңес беремін, ұсынамын✨ #лайфхак #насихат

Аллаһ Елшісі 🌱 өзінен насихат, амал сұрап келген кісілерге олар үшін ең хайырлы әрі ең оңайын айтатын болған, егер сол амалға шынымен берік болса, әрі қарай өзі қосып бастайтынын айтып түсіндірген🧡 Адам психологиясын әдемі тануы😊

Кіші амалдардан үлкен амалдарға өту🧡 Бірден өзіңізге сабырлы болу мақсатын қоймай, оны бөлу. Осы апта барынша намазды уақыты
+1
Кіші амалдардан үлкен амалдарға өту🧡 Бірден өзіңізге сабырлы болу мақсатын қоймай, оны бөлу. Осы апта барынша намазды уақыты кіре сала оқимын. Сабырлығымды сол жағынан шыңдаймын дей аласыз. Фокус қойып, ерік-жігеріңізді жақсылап жаттықтырып алғасын келесі бөлікке өтіңіз. Келесі аптаға барынша үйден қажетсіз шықпаймын мақсатын қойыңыз. Осылай ойланып, амал ету, ойланып барып, үйден шығу арқылы сабырлығыңызды басқа қырынан шыңдайсыз. Одан соң спорт 10-15 мин күнде үзбей, одан кейін осы амал деп, осылай өзіңізге жеңілдетсеңіз, сізге бұл әрі ойын сияқты сезіледі де миыңызға, дофамин нейромедиаторы әдемі бөлініп, жұмыс жасап бастайды😊Сіз таң атыруға асығып тұрасыз, өмірді әдемі сүруге ғашық болып тұрасыз, себебі әр апта жаңа кішкентай мақсаттарды орындау сізді әрі қарай қозғалуға шабыттандырады. Осылайша күннен күнге кемелденуден рахат алып бастайсыз, бай, тұрақты, ұзақмерзімді дофаминге әдеттене бастайсыз😊Арзан дофаминнен алыстай түсесіз. #насихат #мақсат #әдет

Дисциплинаны арттыруға, жақсы, сүннет, ізгі амалдарда тұрақты болуға, жалпы өз құндылықтарыңызға берік, адал болуға көмектесетін қасиет – шынымен де осы кітап беттерінде жазылғандай және аяттарда айтылғандай – “жасап жатқан ісіңіздің болашаққа әсерін елестете алу”😊 Біреуді сынап, ғайбаттап жатсаңыз, ертең болашақта сонымен не сіз не сіздің балаларыңыз сыналуы мүмкін екенін бір елестетіп жіберсеңіз, тыйылу оңай болады, қабірдегі азапты, ахиреттегі есепті бір елестетіп жіберсеңіз, сол бір жаман амалдан келесіде жоламайтындай жиіркеніп, тартынып қаласыз. Біреуге жақсылық жасап, исар етіп жатқанда, ертең болашақта Раббыңыз осы амалыңызды алдыңыздан шығарып, сізді қуантатынын елестетсеңіз, ахиретте берілетін сауапты, Аллаһ Елшісінің 🌱 жымиюын елестетсеңіз, сізге сол амалды еш міндетсінбей, есептемей, тек Аллаһ разылығын іздеп жасау оңай болады. Дұрыс тамақтану, спортты қолға алып, оларға әр көңіл бөлген уақыт сайын, болашақта 50-60 жасыңызда оңай, сергек өмір сүремін Аллаһ жазса деп елестетсеңіз және ахиретте аманатқа қалай жауап бергеніңіз жайлы есеп беретініңізді елестетсеңіз, сау, пайдалы әдеттерде тұрақты боласыз. Біреуге жақсылық қалап, оған зиян тигізуден, ақысына кіріп қоюдан аман болғыңыз келсе, адамдармен әдепті болғыңыз келсе, тағы да елестетіңіз, ертең сізге дәл осылай мәміле жасаса Аллаһтың Қарымтасымен сондай жақсы емес пе? немесе сізге зиян тигізсе, ертең сіздің де ақыңызды жеп, әдепсіз қылықтар көрсетсе, ауыр емес пе? Осылай елестету арқылы даналықпен әрекет жасай аласыз😊 #насихат #дисциплина #лайфхак

Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. («Хашр» сүресі 59:18) Ал кімде-кім күндердің
+1
Әркім ертеңгі ақиреті үшін (не істеп, о дүниеге) не жолдағанына көңіл аударсын. («Хашр» сүресі 59:18) Ал кімде-кім күндердің күнінде Раббысының дәргейіне баратынын ойлап, шынымен қорыққан һәм нәпсісін әуейіліктен тыйған болса («Назиғат» сүресі 79:40) Ендеше, кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады. («Зилзәл» сүресі 99:7) Ал кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады. «Зәре» сөзі араб тіліндегі «зәррә» сөзінен алынған. Ол «атом немесе материяның одан да кіші бөлшегі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді шаң тозаңындай деп бейнелеп аударушылыр да бар. Алайда аятта меңзелген басты мақсат – үлкенді­-кішілі қандай да бір жақсылықтың яки жамандықтың ақиретте ескерусіз, елеусіз қалмайтындығын білдіру. Әрине, ең дұрысын Аллаһ біледі. («Зилзәл» сүресі 99:8)

وَمَكَرُوا۟ وَمَكَرَ ٱللَّهُ ۖ وَٱللَّهُ خَيْرُ ٱلْمَٰكِرِينَ Олар (яғни күпірлікте табандаған яһудилер Исаға) қастық ниетпен айла-амал жасап, тұзақ құрды. Аллаһ да оларға тұзақ құрып, Өз қалауын жүзеге асырды (яғни олардың айла-амалдары мен құрған тұзақтарын түкке тұрғысыз етті). Аллаһ (мүмін құлдарына қарсы) жасалған айла-амалдар мен құрылған тұзақтарды түкке тұрғысыз етушілердің ең қайырлысы! («Әли Имран» сүресі 3:54)

менторлықта осындай әдемі сәттер болды🧡 #түс
+2
менторлықта осындай әдемі сәттер болды🧡 #түс

8705 315 8684 Эльназ С Чек телеграм жекеме Тек ханымдарға🧡Екі адам болып тыңдау деген де болмайды🧡

Аллаһтың Мейірімімен осыдан бірнеше ай бұрын 1-топ менторлық жүргізіп, сол жақта әртүрлі даналықтар, тәжірибемен, білім, амал
+9
Аллаһтың Мейірімімен осыдан бірнеше ай бұрын 1-топ менторлық жүргізіп, сол жақта әртүрлі даналықтар, тәжірибемен, білім, амалдармен бөлісу нәсіп болып еді. Сол сабақтардың ішінде “Кәһф сүресінің аяттарынан ғибрат алу, амал ету, өмірмен байланыстыру” жайлы сабақтар болатын😊 Бүгін маған түсте ойыма келген, бірақ қазір ғана жазуға мүмкіндік туып жатыр. 1-топ менторлық сабақтарына доступты бүгін-ертең үлкен жеңілдікпен сатуға ниет еттім🧡 Негізгі бағасы - 10 мың болса (бұның өзі де жеңілдікпен негізі😅😊) бүгін-ертең 90% жеңілдікпен 1,000 тг ала аласыздар🧡 Әдейі ішіндегі кәһф сүресіне қатысты тыңдасаңыздар екен деймін🧡 Және Аллаһ үшін ниет еттім қасына 2-топ менторлық сабақтарын хадия етуді, тегін🎁💐

Жұма күні кәһф сүресін оқу маңызды, бірақ оны жәй емес, түсініп, ғибрат алып, амал етір оқу одан да маңызды екенін көбіміз ұмытып кетеміз🧡

Ассалямуалейкум ханымдар🧡

«Жұма күні — Аллаһ Тағаланың жаратылыс әлеміне ерекше рақым нұрын төгетін күні. Ал Аллаһ Елшісі 🌱 — сол рақымның қайнар көзі
«Жұма күні — Аллаһ Тағаланың жаратылыс әлеміне ерекше рақым нұрын төгетін күні. Ал Аллаһ Елшісі 🌱 — сол рақымның қайнар көзі. Сондықтан рақым төгілетін күні, рақым пайғамбарына салауат айту — амалдардың ең үйлесімдісі әрі ең берекелісі». 🌱 Мулла Әли әл-Қари (рахимаһуллаһ) #салауат

Аллах дарует мудрость тому, кому пожелает, чтобы он был справедлив в речах, поступках и делах. Кому дарована мудрость, тому даровано великое благо от Аллаха. Только разумные люди понимают знамения Аллаха и следуют знамениям и увещеваниям Корана, потому что хорошо понимают истину и не поддаются скверным страстям. 2:269

ٱلصَّٰبِرِينَ وَٱلصَّٰدِقِينَ وَٱلْقَٰنِتِينَ وَٱلْمُنفِقِينَ وَٱلْمُسْتَغْفِرِينَ بِٱلْأَسْحَارِ Олар – сондай сабырлы, иманда шынайы, Аллаһқа қалтқысыз мойынсұнатын, мал-дүниелерін игі жолда жұмсайтын һәм (түннің біраз бөлігін құлшылықпен өткізгеннен кейін) сәресі уақытында Аллаһтан кешірім тілейтін ізгі жандар. («Әли Имран» сүресі 3:17)

قَدْ كَانَ لَكُمْ ءَايَةٌ فِى فِئَتَيْنِ ٱلْتَقَتَا ۖ فِئَةٌ تُقَٰتِلُ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ وَأُخْرَىٰ كَافِرَةٌ يَرَوْنَهُم مِّثْلَيْهِمْ رَأْىَ ٱلْعَيْنِ ۚ وَٱللَّهُ يُؤَيِّدُ بِنَصْرِهِۦ مَن يَشَآءُ ۗ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّأُو۟لِى ٱلْأَبْصَٰرِ Шүбәсіз (Бәдірде шайқасу үшін) бетпе-бет келген екі топта сендер үшін үлкен ғибрат бар. Бірі Аллаһ жолында соғысса, екіншісі кәпірлер еді. (Соғыс барысында) мүміндер олардың көзіне өздерінен екі есе көп болып көрінді. Аллаһ қалағанын жәрдемімен қолдайды. Шүбәсіз, мұның өзінде көретін көзі барлар үшін ғибрат бар. («Әли Имран» сүресі 3:13)