QORJIN
الذهاب إلى القناة على Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
إظهار المزيدلم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 600
المشتركون
+52824 ساعات
+2457 أيام
+1 44230 أيام
أرشيف المشاركات
1 576
🍔 Ет 17,5%-ға қымбаттаса да, фастфуд неге баяу өсті: құрамында ет аз ба?
2026 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша елімізде фастфуд бағасы бір жылда 10,2%-ға өсті. Бір қызығы, осы кезеңде негізгі шикізат саналатын ет бағасы бірден 17,5%-ға қымбаттаған.
Баға қалай өзгерді?
📌 Өңірлер бойынша фастфуд бағасының өсімі (Ұлттық статистика бюросының деректері: 2026 жылғы тамыз 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда):
✅ Фастфуд бағасы ең қатты өскен өңірлер:
✅ Ақтөбе облысы - 23,0%
✅ Ақмола облысы - 16,2%
✅ Павлодар облысы - 15,7%
✅ Түркістан облысы - 15,5%
✅ Атырау облысы - 13,6%
✅ Баға ең аз өскен өңірлер:
✅ Маңғыстау облысы - 1,4%
✅ Қарағанды облысы - 4,0%
Жалпы ел бойынша жылдық өсім (10,2%) ет бағасының қымбаттауынан (17,5%) едәуір артта қалғанымен, Ақтөбе облысында фастфудтың қымбаттау қарқыны ет өсімін де басып озған.
1 576
🛢️📈 Brent бағасы қайтадан барреліне $100 асты
Мұнай бағасы 24 шілдеден бері алғаш рет осы межеден жоғары көтерілді.
💬 Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың қайта күшеюі себеп болды. Нарық Ормуз бұғазы мен Қызыл теңіз арқылы тасымалданатын мұнай көлемі азаюы мүмкін деп қауіптенеді.
Бұл неліктен маңызды?
Brent - әлемдік мұнай бағасының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Оның бағасына:
✅ Қазақстанның мұнай экспортынан алатын табысы;
✅ бюджет пен Ұлттық қорға түсетін қаражат;
✅ теңге бағамы мен мұнай компаниялары акцияларының құны тәуелді.
⚠️ Бірақ қымбат мұнайдың кері әсері де бар. Мұнай қымбаттаса, әлемде жанармай мен тасымал шығындары өседі.
Бұл тауарлар мен қызметтердің бағасын көтеріп, инфляцияны күшейтуі мүмкін.
1 576
🏢📈 Freedom Broker "Қазақтелеком" акциялары қымбат бағаланып отыр деп есептейді
🎯 Брокер бір акцияны Т41 000 деп бағалайды. Ал оның биржадағы қазіргі бағасы 8% жоғары - Т44 500.
💬 Компанияның екінші тоқсандағы нәтижелері бейтарап бағаланды: түсім өсіп жатыр, бірақ шығындар мен қарыз одан жылдамырақ көбейген.
📊 Негізгі көрсеткіштер:
✅ Түсім ⬆️4,4%-ға артып, Т148 млрд-қа жуықтады.
🔻 Операциялық пайда ⬇️18%-ға азайып, Т23 млрд болды. Яғни компания негізгі қызметінен былтырғыдан аз пайда тапты.
⚠️ Таза қарыз бір тоқсанда ⬆️41%-ға артып, Т228 млрд-қа жетті.
💸 Еркін ақша ағыны минус Т54 млрд болды. Яғни күнделікті шығындар мен дамуға салынған қаражаттан кейін компанияға түскен ақшадан жұмсағаны көп болды.
❓ Компания неге түскен ақшадан көп жұмсады?
"Қазақтелеком" Кселл арқылы 5G желісін және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын шығындарды екі есеге жуық арттырды. Бұл жобаларды қаржыландыру үшін компания қарыз алып жатыр.
🟢 Компанияға не қолдау көрсетуі мүмкін?
"Қазақтелеком" "Мобайл Телеком-Сервисті" сатқаны үшін қосымша Т170,6 млрд алуы мүмкін. Бірақ бұл ақша келісім талаптары орындалған жағдайда ғана төленеді.
📌 Freedom Broker бір акцияға берген бағасын Т38 200-ден Т41 000-ға дейін көтерді. Бұған бизнес нәтижесінің жақсаруы емес, қарызды арзанырақ пайызбен тарту мүмкіндігі әсер етті.
Ұсыным — "Ұстау".
1 576
💼 Зейнетақы жинағын жеке басқарушыға аударған дұрыс па?
🗣QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаев LS басылымына осы мәселе бойынша пікірбілдірді.
❗️7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке инвестициялық басқарушыларға аудара алады. Бұған дейін 50%-на дейінғана рұқсат етілетін.
Не өзгереді?
🔹Ақша БЖЗҚ-да қалады - оны қолма-қол алу мүмкін емес.
🔹Тек жинақты инвестициялайтын ұйым өзгереді: ақшаны Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе жеке басқарушы компанияға беруге болады.
📌 Негізгі пікірлер:
✅Жеке бас
қарушыны таңдағанда алдымен тәуекелге қаншалықты дайын екеніңізді бағалау қажет. Жоғары табыс мүмкіндігі артқан сайын, шығынға ұшырау қаупі де өседі.
✅Жинағыңыздың уақытша азаюына дайын болмасаңыз, оны Ұлттық банктің басқаруында қалдырған дұрыс.
✅Зейнетақы жинағын басқару - қысқа жарыс емес, марафон. Сондықтан жеке басқарушыны бір жылдық табысына қарап таңдау дұрыс емес. Бірнеше жылдағы нәтижелердің тұрақтылығына қарау керек.
✅Қазақстандағы жеке басқарушылар нарығы енді қалыптасып келеді. Айқын көшбасшылар әзірге жоқ, ал олардың басқаруындағы активтер Ұлттық банк басқаратын қаражатпен салыстырғанда өте аз.
✅Жеке басқарушылардың инвестициялық стратегиялары бір-біріне ұқсас. Сондықтан жинақты Ұлттық банк пен жеке компаниялар арасында бөлу әзірге айқын артықшылық бермеуі мүмкін.
1 576
🏦 S&P Halyk Bank рейтингі бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Позитивтіге" өзгертті
Банктің рейтингтері әзірге өзгерген жоқ:
🔹халықаралық шкала бойынша - BBB-/A-3;
🔹Қазақстанның ұлттық шкаласы бойынша - kzAAA.
Агенттік шешім қабылдағанда бірнеше факторды ескерген:
✅Halyk Bank Қазақстандағы кредиттер мен депозиттер нарығының шамамен 30%-ын иеленеді;
✅ банктын капиталы мен табыстылығы жоғары деңгейде;
✅ проблемалық кредиттердің үлесі біртіндеп төмендейді деп күтілуде;
✅ Қазақстандағы банк секторын реттеу мен бақылау жүйесі жақсарып келеді.
✅ S&P Қазақстанның банк секторындағы тәуекел бағасын «7»-ден «6»-ға жақсартты. Бұл банк жүйесіндегі тәуекелдің төмендегенін білдіреді.
Қарапайым тілмен айтқанда, S&P Halyk Bank-тын қаржылық жағдайын тұрақты деп бағалап, оның кредиттік сенімділігі алдағы уақытта одан әрі жақсаруы мүмкін екенін көрсетіп отыр.
1 576
🔝 Forbes Kazakhstan 2026 жылғы ең ықпалды 25 әйелді атады: Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова тағы да бірінші орында
📌 Forbes Kazakhstan елдегі ең ықпалды әйелдердің 2026 жылғы жыл сайынғы рейтингін ұсынды. Көш басына қаржы институтын 17 жыл бойы басқарып келе жатқан Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова тағы да жайғасты. Екінші орынды ҚНРДА төрайымы Мәдина Әбілқасымова сақтап қалды.
🔝 Рейтингтің негізгі орындары:
1️⃣ Үміт Шаяхметова, Halyk Bank басқарма төрайымы.
2️⃣ Мәдина Әбілқасымова, ҚНРДА төрайымы.
3️⃣ Аида Балаева, ҚР Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары.
4️⃣ Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» басқарма төрайымы.
5️⃣ Әсел Тасмағамбетова, CAIER және «Сәби» қорының негізін қалаушы.
1 576
🏦 Банк ЦентрКредиттын акциясы өсе ме?
Банк ЦентрКредит 2026 жылдың екінші тоқсанының есебін жариялады.
Feedom Broker сарапшылары нәтижені бейтарап бағалады: банк тұрақты пайда тауып отыр, бірақ айтарлықтай өсімбайқалмайды.
💰 Банк ақшаны қалай табады?
Қарапайым мысал: банк салымшылардың ақшасын депозитке қабылдап, оларға пайыз төлейді. Кейін бұл қаражатты несиеге беріп, жоғарырақ пайыз алады.Осы екі соманың айырмасы - банктің негізгі табыстарының бірі.
БЦК-ның мұндай табысы өткен жылмен салыстырғанда өсті. Бұл - жақсы белгі.
Банк комиссиялар мен басқа қызметтерден де бірінші тоқсанға қарағанда көбірек табыс тапқан.
🤔 Онда неге таза пайда өспеді?
Банктің шығындары да көбейді. Әсіресе қызметкерлердің жалақысына жұмсалған қаражат қатты өскен. Сондықтан кіріс көбейгенімен, шығындардың өсуі таза пайданың артуын тежеді.
Нәтижесінде банк шамамен былтырғы және алдыңғы тоқсандағы деңгейде пайда тапты.
📈 Сарапшылар БЦК акциясының мақсатты бағасын Т4800-ден Т5 100-ге дейін көтерді.
Қазіргі бағамен салыстырғанда ықтимал өсім - шамамен 6%.
Сондықтан рекомендация – "Ұстау".
✅ Егер акция сізде бар болса, оны әзірге сақтауға болады.
🤷♂️ Ал жаңа сатып алушы үшін ықтимал табыс аса жоғары емес.
❗️Бұл ақпарат инвестициялық ұсыныс емес. Акция бағасы өсуі де, төмендеуі демүмкін.
1 576
📈 Инфляция деген не және ол қалтамызға қалай әсеретеді?
Бір жыл бұрын күнделікті қажет тауарларға айына Т100 мың жұмсап, қазір сол тауарларға Т108 мың төлесеңіз, шығыныңыз 8% ға өскен.
Бұл - инфляцияның күнделікті өмірдегі көрінісі.
✅Инфляция деген не?
Инфляция - тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының тұрақты
өсуі. Баға өскен сайын ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді.
Бірақ 8% инфляция барлық тауар дәл 8%-ға қымбаттады деген сөз емес.
Мысалы, азық-түлік 12%-ға, коммуналдық қызметтер 15%-ға, ал киім 5%-ғақымбаттауы мүмкін. Ресми инфляция тұтыну себетінің орташа өзгерісін көрсетеді.
📉Инфляция төмендесе, баға арзандай ма?
Жоқ. Инфляцияның төмендеуі бағаның өсу қарқыны баяулағанын ғана білдіреді.
Мысалы, инфляция былтыр 10%, биыл 7% болса, баға төмендемейді - ол тағы 7%-ға өседі.
🧮Баға неліктен өседі?Инфляцияға бірнеше жағдай әсер етеді:
🔸сұраныстың тауарлар мен қызметтер ұсынысынан жылдам өсуі;
🔸 жанармай, шикізат, электр энергиясы мен тасымалдың қымбаттауы;
🔸 теңге әлсіреген кезде импорт бағасының өсуі;
🔸коммуналдық
тарифтердің көтерілуі.
🏦Ұлттық банк инфляцияны қалай тежейді?
Негізгі құралдардың бірі - базалық мөлшерлеме. Ол жоғарыласа, несие қымбаттап, депозиттердің табыстылығы артады.
Бұл экономикадағы сұранысты және бағаның өсуін тежеуге көмектеседі.
🇰🇿Ұлттық банктің
жаңа болжамы
Ұлттық банк 2027 жылға арналған инфляция болжамын жоғарылатты.
Енді инфляция бұрынғы 5,5–7,5% орнына 6,5–8,5% аралығында болады деп күтілуде.
Болжамның екі шегі де 1 пайыздық тармаққа көтерілді.
Негізгі себептер:
🔹мемлекеттік шығындардың өсуі - экономикадағы сұранысты күшейтеді;
🔹 тұрғын үй-коммуналдық
қызмет тарифтерінің көтерілуі - отбасы мен бизнестің шығынын арттырады.
Қарапайым тілмен айтқанда,
экономика бұрын кутуенне жылдамырақ өсуі мүмкін. Бірақ инфляция да жоғарырақ деңгейде сақталуы ықтимал.
1 576
📈 Инфляция деген не және ол қалтамызға қалай әсеретеді?Б
ір жыл бұрын күнделікті қажет тауарларға айына Т100 мыңжұмсап, қазір сол тауарларға Т108 мың төлесеңіз, шығыныңыз 8%-ға өскен.Бұ
л - инфляцияның күнделікті өмірдегі көрінісі.✅И
нфляция деген не?Инф
ляция - тауарлар мен қызметтердің жалпы бағасының тұрақтыөсуі. Баға өскен сайын ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді.Біра
қ 8% инфляция барлық тауар дәл 8%-ға қымбаттады дегенсөз емес. Мысалы, азық-түлік 12%-ға, коммуналдық қызметтер 15%-ға, ал киім 5%-ғақымбаттауы мүмкін. Ресми инфляция тұтыну себетінің орташа өзгерісін көрсетеді.📉Инфл
яция төмендесе, баға арзандай ма?Жоқ. Ин
фляцияның төмендеуі бағаның өсу қарқыны баяулағанынғана білдіреді.Мысалы,
инфляция былтыр 10%, биыл 7% болса, бағатөмендемейді - ол тағы 7%-ға өседі. Бағаның жалпы төмендеуі дефляция депаталады.🧮Баға нел
іктен өседі?Инфляцияға
бірнеше жағдай әсер етеді:🔸сұранысты
ң тауарлар мен қызметтер ұсынысынан жылдам өсуі;🔸 жанармай,
шикізат, электр энергиясы мен тасымалдың қымбаттауы;🔸 теңгеәлсір
еген кезде импорт бағасының өсуі;🔸коммуналдық
тарифтердің көтерілуі.🏦Ұлттық банк и
нфляцияны қалай тежейді?Негізгі құралдар
дың бірі - базалық мөлшерлеме. Олжоғарыласа, несие қымбаттап, депозиттердің табыстылығы артады. Бұлэкономикадағы сұранысты және бағаның өсуін тежеуге көмектеседі.🇰🇿Ұлттық банктің
жаңа болжамыҰлттық банк 2027 жы
лға арналған инфляция болжамынжоғарылатты. Енді инфляция бұрынғы 5,5–7,5%орнына 6,5–8,5% аралығында болады депкүтілуде.Болжамның екі шегі де
1 пайыздық тармаққакөтерілді.Негізгі себептер:🔹мемл
екеттік шығындард
ың өсуі — экономикадағы сұранысты күшейтеді;🔹 тұрғынүй-коммуналдық
қызмет тарифтерінің көтерілуі — отбасы мен бизнестің шығынынарттырады.Қарапайым тілмен айтқанда,
экономика бұрын болжанғаннанжылдамырақ өсуі мүмкін. Бірақ инфляция да жоғарырақ деңгейде сақталуы ықтимал.
1 576
🏘️Қазақстанның ипотека нарығы жеңілдетілген бағдарламалар есебінен өсіп келеді
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (АФК) мәліметінше, 2026 ж. 1-ші жартысында берілгенжаңа ипотеканың көлемі 12,4%-ға өсіп, Т1,1 трлн-ғажетті.
Бұл ретте халыққа берілген басқа несие түрлерінің жалпы көлемі 3,6%-ға азайған.
Яғни ипотека бөлшек несие нарығының негізгі қозғаушысына айналды.
🔎Негізгі көрсеткіштер:
✅Қазақстандағы ипотекалық қарыздардың жалпы көлемі жыл басынан бері 7,2%-ға өсіп, Т7,5 трлн болды.
🏦Нарықтағы Отбасы банктің үлесі артып келеді. Банк бірінші жарты жылдықта Т916,7 млрд ипотека берді. Бұл
өткен жылмен салыстырғанда 32,8%-ға көп.
💵Отбасы банктің ипотекалық портфелі ₸4,4 трлн-ға жетіп, бүкіл нарықтың шамамен 60%-ын құрады.
💰Азаматтардың БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланған қаражаты 59%-ғаөсіп, ₸407,5 млрд болды. Бұл қаражаткөбіне бастапқы жарнаны төлеуге көмектеседі.
⚠️Алайда баспана бағасы халықтың табысынан әлдеқайда жылдам өсіп жатыр:
▪️жаңа үйлердің
бағасы - 15,5%-ға;
▪️ қайталама нары
қтағы баспана - 11,8%-ға;
▪️ халықтың нақты
ақшалай табысы - небәрі 0,1%-ға өсті.
Коммерциялық банктердің әдеттегі ипотекалық бағдарламалары
бойынша берілген несие көлемі 39%-ға төмендеді.
🌖Қазір жаңа ипотекалардың басым бөлігі Отбасы банк пен мемлекеттік бағдарламалар арқылы беріліп жатыр.
1 576
🎯 Акцияның таргеті деген не?
Инвестициялық шолуларда «акцияның таргеті өсті», «нысаналыбаға төмендеді» немесе «өсу әлеуеті» деген сөздерді жиі кездестіреміз.
Таргет немесе нысаналы баға - аналитиктің бағалауынша, акция белгілі бір мерзім ішінде жетуі мүмкін баға.
Көп жағдайда болжам алдағы 12 айға жасалады.
Мысалы:
▪️KZTO акциясының қазіргі бағасы - Т1 198;
▪️ Freedom Broker белгілеген таргет - Т1 480.
Бұл аналитиктердің акция шамамен 24%-ға өсуі мүмкін деп есептейтінін білдіреді.
Таргет қалай есептеледі: Аналитиктер компанияның:
✅түсімі мен пайдасын;
✅ ақша ағынын;
✅ қарызы мен активтерін;
✅ дивидендтерін;
✅ болашақтағы даму мүмкіндігін;
✅ нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер мен тәуекелдерді бағалайды.
Осы мәліметтердің негізінде компанияның әділ құны және біракцияның нысаналы бағасы есептеледі.
❗️Таргет - кепілдік емес
Нысаналы баға акция міндетті түрде осы деңгейге жетеді дегенді білдірмейді.
Компанияның нәтижелері, экономикадағы жағдай, пайыздық мөлшерлемелер немесе нарықтағы көңіл күй өзгерсе, акция бағасы да басқа бағытта қозғалуы мүмкін.
Сондықтан аналитиктер таргетті үнемі қайта қарап отырады. Ол жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін.
📌Бір акция бойынша әртүрлі брокерлердің таргеттері бір-біріне сәйкес келмеуі қалыпты жағдай.
Өйткені әр аналитик компанияның болашағын өз болжамдары менесептеу моделіне сүйеніп бағалайды.
Қысқаша айтқанда,
таргет - аналитиктің есебі мен болжамы. Оны инвестициялық шешім қабылдауға көмектесетін бағдар ретінде қарастырған дұрыс.
1 576
💨Freedom Broker "ҚазТрансОйл"(KZTO) акциясының нысаналы бағасын Т1 490-нан Т1 480-ге дейін сәл төмендетті
❗️Акцияның қазіргі бағасы - Т1 198.
💬Аналитиктердің бағалауынша, оның өсу әлеуеті 24% құрайды.
Freedom Broker «ҚазТрансОйлдың» (KZTO) 2026 жылғы екінші тоқсандағы қаржылық нәтижелерін бейтарап бағалады.
2026 жылғы 2-тоқсандағынегізгі көрсеткіштер (2025 жылғы 2-тоқсанмен салыстырғанда):
✅Түсім 6,8%-ға өсіп, Т90,9 млрд болды. Бұған ішкі және экспорттық тасымалдау тарифтерінің көтерілуі әсер етті.
Таза пайда 1,6%-ға төмендеп, Т12,5 млрд болды. Компанияның шығындары түсімнен жылдамырақ өскен.
Бос ақша ағыны 62%-ға өсіп, шамамен Т23 млрд-қа жетті. Бұл - компанияның барлық қажетті шығындарынан кейін қалған қаражаты.
Freedom Broker экспорттық тарифтің өсуінен болатын негізгіәсер 2026 жылдың үшінші тоқсанында байқалады деп күтеді.
Аналитиктер KZTO акциялары бойынша «Сатып алу» ұсынымын сақтапқалды.
1 576
💼 «Зейнетақымды қалай көбейтсем болады?» десеңіз - бүгіннен бастап жаңа мүмкіндік пайда болды!
Бүгін, 7 қыркүйекте Әлеуметтік кодекске енгізілген маңызды түзетулер ресми түрде күшіне енді. Енді қазақстандықтар зейнетақы жинағын көбейту үшін оны жеке қаржы компанияларына толық сеніп тапсыра алады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) хабарлады.
🗣️ Бұрын қалай еді, бүгіннен бастап не өзгерді?
Бұған дейін салымшылар ақшасын жеке компанияларға аудару үшін шотта арнайы «жеткіліктілік шегінен» асатын қаражат болуы шарт еді, яғни бұл құқықты шотында миллиондаған артық ақшасы барлар ғана пайдаланатын.
Бүгіннен бастап бұл шектеулердің бәрі алынып тасталды:
✅ шотыңызда қанша ақша болса да, оның 100%-на дейінгі бөлігін жеке инвестициялық басқарушыларға тапсыруға болады;
✅ бұл мүмкіндік міндетті, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарының барлығына бірдей беріледі;
✅ салымшы ақшаның қанша бөлігін сеніп тапсыратынын өзі дербес шешеді;
✅ қаражатты бір компанияға ғана емес, бірнеше ұйымға бөліп беруге де құқылы.
🚨 Салымшы мына 3 инвестициялық қоржынды таңдай алады:
«Консервативті» - тәуекелі ең төмен, ақшаның құнын сақтап қалуға бағытталған сенімді жол
«Орташа немесе теңгерімді» - тәуекелі мен беретін пайдасы қатар ескерілген қалыпты бағыт
«Тәуекелді» - табысты молайтуға арналған, бірақ нарықтағы ауытқу қаупі де жоғары стратегия
💡 Қажетті ақпаратты қайдан алуға болады?
✅БЖЗҚ-ның ресми сайтына кіріп, өтініш беру тәртібімен танысыңыз.
i✅nvest.enpf.kz платформасы арқылы лицензиясы бар жеке компаниялардың жұмысын көріңіз.
✅Таңдаған компанияның бұған дейін қанша пайыз табыс әкелгенін салыстырып шығыңыз.
✅ Портфельді өз қалауыңыз бен қаржылық мақсатыңызға қарай таңдаңыз.
💬 Есте сақтаңыз:
Зейнетақы жүйесі азаматтардың өз ақшасын көбейтуге саналы түрде араласуына толық жол ашты. Енді табыс көлемі тек мемлекетке ғана емес, сіз таңдаған жеке компанияның жұмысына да тікелей байланысты болады. Сондықтан шешім қабылдар алдында ұйымдардың кірістілігі мен нарықтағы тәжірибесін мұқият саралаңыз.
1 576
🇺🇸🛠️ Бүгін, 7 қыркүйекте, АҚШ нарықтары Еңбек күніне орай жабық болады
🦅 АҚШ-тың NYSE және NASDAQ сауда алаңдарында сауда-саттық жүргізілмейді.
📅 АҚШ-та Еңбек күні дәстүрлі түрде қыркүйектің алғашқы дүйсенбісінде атап өтіледі және елдің банк жүйесі мен қор биржалары үшін ресми демалыс күні болып саналады.
АҚШ нарықтары өз жұмысын сейсенбі, 8 қыркүйек күні әдеттегі тәртіппен қайта жалғастырады.
1 576
📞 «Ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» десе – бұл алаяқтық болуы мүмкін!
Телефон алаяқтығы ақша ұрлау мен азаматтардың атына алаяқтық кредит рәсімдеудің кең таралған тәсілдерінің бірі болып қала береді.
🗣️ Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Қаскүнемдер өздерін банк, құқық қорғау немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып:
❗ шотыңызбен күдікті операция жасалып жатқанын;
❗ атыңызға кредит рәсімделіп жатқанын;
❗ ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін;
❗ банктің қосымшасын қорғау үшін белгілі бір әрекет жасау керектігін айтуы мүмкін.
Соңғы уақытта алаяқтар екінші телефон немесе планшет қолдануды, экранды көрсетуді, бейнебайланыс қосуды жиі сұрайды. Мұндай талаптар – алаяқтықтың маңызды белгісі.
🚨 Мына сөздерге ерекше сақ болыңыз:
«Дереу ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз»
«Сіздің атыңызға кредит рәсімделіп жатыр»
«SMS кодын айтып, операцияны болдырмаңыз»
«Екінші телефонды алыңыз»
«Экрандағы камераны қосыңыз»
«Бейнебайланыс арқылы өзіңізді растаңыз»
«Бұл туралы ешкімге айтпаңыз»
🔐 Банк қызметкерлері ешқашан:
- SMS немесе push-кодтарды сұрамайды;
- ақшаңызды басқа «қауіпсіз» шотқа аударуды талап етпейді;
- картаңыздың толық нөмірі мен CVV-кодын сұрамайды;
- екінші құрылғыны пайдалануды немесе экранды көрсетуді талап етпейді;
- телефон арқылы қысым көрсетіп, шұғыл шешім қабылдауға мәжбүрлемейді.
💡 Өзіңізді қалай қорғауға болады?
✅ Құпиясөздер мен растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
✅ Белгісіз адамның нұсқауы бойынша қосымша орнатпаңыз.
✅ Экранды көрсетпеңіз және бейнебайланыс қоспаңыз.
✅ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
✅ Екінші телефон немесе планшет арқылы бөгде адамның нұсқауын орындамаңыз.
✅ Күмән туындаса, сөйлесуді тоқтатып, банкке ресми байланыс нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.
📌 Егер деректеріңізді айтып қойсаңыз немесе ақша аударсаңыз:
Банкке дереу хабарласыңыз.
Картаны және мобильдік қосымшаға қолжетімділікті бұғаттаңыз.
Хабарламалар, телефон нөмірлері мен операциялар туралы ақпаратты сақтаңыз.
Құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
☎️ Алаяқтардың телефон нөмірін «116» нөмірі арқылы хабарлауға болады.
💬 Есте сақтаңыз:
Егер қоңырау шалушы сізді асықтырса, қорқытса немесе «ақшаңызды қорғау үшін» шұғыл әрекет жасауды талап етсе – қоңырауды тоқтатыңыз.
Қауіпсіздіктің ең қарапайым ережесі: қысымға берілмеңіз, кодтарды айтпаңыз және қаржылық операцияларды бейтаныс адамның нұсқауы бойынша жасамаңыз.
