QORJIN
Kanalga Telegram’da o‘tish
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Ko'proq ko'rsatishMamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
237
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
+17 kunlar
+130 kunlar
Postlar arxiv
237
🇰🇿 Цифрлық теңге: Бұл жаңа криптовалюта ма?
Қазақстанда ақшаның жаңа форматы пайда болды. Көбісі мұны криптамен шатастырады, бірақ айырмашылығы жер мен көктей. Ұлттық банк іске қосқан бұл жобаның басты пайдасы қандай?
📱 Интернетсіз төлем жасау
Елімізде халықтың шамамен 6,6 пайызына интернет әлі де қолжетімсіз. Цифрлық теңгенің басты ерекшелігі: ақшаны смартфонға «жүктеп» алып, ешқандай желісіз-ақ төлем жасауға болады. Бұл интернет ұстамайтын шалғай жерлерде өте ыңғайлы.
❓ Криптовалютадан айырмашылығы неде?
✅ Тұрақтылық: Криптаның бағасы күнде құбылып тұрса, цифрлық теңгенің курсы кәдімгі теңгемен бірдей.
✅ Ресми мәртебе: Оны Ұлттық банк шығарады және мемлекет кепілдік береді.
🛠 Ол қалай жұмыс істейді?
Күнделікті өмірде айтарлықтай өзгеріс сезілмейді. Сіз бұрынғыдай банк қосымшасымен төлей бересіз. Тек енді ақшаның үш түрі болады: қолма-қол (қағаз ақша), қолма-қол емес (карта) және цифрлық теңге.
🏦 Қай банктерде бар?
Қазір бұл жүйе сынақтан өтіп жатыр. Жобаға Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Altyn Bank, Еуразиялық банк және тағы басқа ірі банктер қатысуда. 2027 жылға қарай цифрлық теңге толық қолданысқа енеді деп жоспарланған.
💡 Түйін
Цифрлық теңге: бұл крипта емес, бұл технологияның көмегімен жетілдірілген біздің төл теңгеміз. Басты мақсат: төлемді кез келген жерде, тіпті интернетсіз де жылдам әрі қауіпсіз жасау.
Интернет жоқ жерде төлем жасай алмай қиналған кездеріңіз болды ма?
#QAMS_mektebi
237
🚀🇰🇿 KASE индексі 8 000 ұпайға жақын: Бұл бізге не айтады?
21 сәуірде еліміздің басты биржалық индексі (KASE) тарихи деңгейге - 7 972,88 ұпайға жетті. Бұл нарықтың жалпы бағыты жоғары екенін білдіреді.
❓ Индекс деген не? (Қарапайым тілмен)
Бұл жекелеген компаниялардың табысы немесе бағасы емес. Бұл - нарықтың «орташа температурасы».
Елдегі ең ірі 10 компанияның акцияларын бір «себетке» салып қойған деп елестетіңіз.
✅ Егер сол себеттегі акциялардың көбі қымбаттаса - индекс көтеріледі.
✅ Егер басым бөлігі арзандаса - индекс төмендейді.
Яғни, индекс - нарықтағы инвесторлардың көңіл-күйін көрсететін өлшеуіш. Қазіргі өсім инвесторлардың қорқыныштан гөрі, Қазақстан нарығына деген сенімі басым екенін аңғартады.
🇰🇿 Бұл көрсеткішке мына 10 компания кіреді:
✅ КазМунайГаз (KMGZ)
✅ Казатомпром (KZAP)
✅ Kaspi (KSPI)
✅ Halyk (HSBK) - Халық банктің акциясы 413,5 теңгеге жетті
✅ BCC (CCBN)
✅ Казахтелеком (KZTK)
✅ КазТрансОйл (KZTO)
✅ KEGOC (KEGC)
✅ Kcell (KCEL)
✅ Air Astana (AIRA)
⚠️ Маңызды кеңес
Нарық жақсы көрсеткіш беріп жатыр екен деп, азартқа беріліп соңғы тиыныңызды салуға асықпаңыз. Экономист Бауржан Шурманов мына ережені сақтауды ескертеді:
🗣 «Бұл іске тек артық ақшаңыз болса немесе жоғалтуға қорықпайтын сомаңыз болса ғана бастау керек. Тәуекел өте жоғары және ұзақ уақыт бойы маңдай термен жинаған ақшаңызды бір сәтте жоғалтып алу өте оңай. Спортта болсын, трейдингте болсын ең бастысы: қауіпсіздік және басты ереже: капиталды жоғалтып алмау»
💡 Түйін
Инвестиция - бұл тез байып кету емес, бұл ақшаны ақылмен сақтау өнері. Алдымен қаржылық сауаттылықты қалыптастырып алыңыз.
📚 Акция деген не және олардан қалай табыс табуға болады? Бұл туралы келесі жазбамызда айтамыз. QORJIN арнасына жазылып, қаржыны бізбен бірге оңай тілде меңгеріңіз!
237
📈🇰🇿 Зейнетақы жүйесіндегі үлкен өзгерістер: 4 + 1 моделі деген не?
Қазақстанда зейнетақы жинағын қалыптастырудың жаңа тәртібі талқыланып жатыр. Егер бұл реформа қабылданса, болашақ зейнеткерлер үшін бірнеше маңызды жаңалық болады.
📊 Ақша қалай бөлінеді?
Қазір жұмыс берушілер сіз үшін арнайы жарна төлейді, биыл ол 3,5 пайыз болды. Жаңа 4 + 1 жобасы бойынша бұл ақша былай бөлінбек:
✅ 4 пайызы сіздің жеке шотыңызға түседі. Бұл ақша сіздің меншігіңіз болады, оны мұрагерлікке қалдыруға болады. Нәтижесінде жеке шотыңызға барлығы 14 пайыз (өзіңіздің 10 пайызыңыз және жұмыс берушінің 4 пайызы) жиналады.
✅ 1 пайызы ортақ зейнетақы шотына кетеді. Бұл ақша болашақта зейнетақыны өмір бойы төлеу үшін пайдаланылады.
💰 Зейнетке шыққанда төлем қалай жүреді?
✅ Бұл модельдің басты ерекшелігі сол, зейнетақы екі кезеңмен төленуі мүмкін:
✅ 80 жасқа дейін: Адам алдымен өзінің жеке шотындағы жиналған ақшасын алады. Есеп бойынша, тұрақты жарна төлеген адамға бұл ақша осы жасқа дейін жетеді.
✅ 80 жастан кейін: Егер жеке шоттағы ақша таусылып қалса, төлемдер ортақ шоттан өмір бойы жалғаса береді.
🏥 Стаж бен денсаулыққа басымдық беріле ме?
Сенат депутаттары тек жасқа қарап емес, жұмыс стажы мен денсаулық жағдайына қарай зейнетке ертерек шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Мысалы, денсаулығына байланысты мүгедектікті күтпей-ақ демалысқа шығу мәселесі талқылануда.
💡 Түйін
Бұл әзірге талқыланып жатқан жоба. Негізгі мақсат адамның жеке шотындағы ақшаны тезірек көбейту және қартайғанда төлемсіз қалмауын қамтамасыз ету.
237
📱🇰🇿 Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартуда: 10 төлемнің 8-і онлайн жасалады
Ұлттық банк 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Қолма-қол ақша біртіндеп тарихқа айналып бара жатқан сияқты. Ауылда болсын, қалада болсын, халық цифрлық төлемдерге біржола көшті.
📊 Сандар не дейді?
✅ 98,3% болды: еліміздегі барлық транзакцияның басым бөлігі қазір безналичный (картамен немесе телефонмен) жасалады.
✅ QR-код жеңіп жатыр: Төлем жасағанда QR-кодты қолдану кәдімгі пластик картаны терминалға салғаннан 1,4 есе асып түсті. Бұл өте ыңғайлы әрі жылдам екенін бәріміз көріп жүрміз.
✅ Сыйлықтар мен той-томалақ: Төлемдердің ең көп жасалған кезі тамыз (той маусымы) және желтоқсан (жаңа жыл) айлары болды.
💸 Қолма-қол ақшаны кімдер алады?
Қолма-қол ақша алу көрсеткіші 3 пайызға азайған. Бірақ бір қызығы, банкоматтан бір ретте алынатын ақша сомасы өскен. Қазір орташа есеппен адамдар бір барғанда 116 800 теңге шешіп алады екен.
📢 Бірыңғай QR-код келе жатыр
Қазір әр банктің өз QR-ы бар, бұл кейде ыңғайсыз. Бірақ 2026 жылдың шілдесіне дейін барлық банктер бір жүйеге қосылуы тиіс. Яғни, кез келген банктің қосымшасымен кез келген жерде төлей беретін күн жақын.
💡 Түйін
Елімізде қазір 84,6 миллион карта бар. Бұл дегеніміз әр адамда кемі 3 немесе 4 картадан келеді деген сөз. Дүкенде, базарда немесе таксиде QR-мен төлеу үйреншікті жағдайға айналды.
237
📈🇰🇿 Зейнетақымыз қаншаға өсті: Тапқан табысымыз инфляциядан оза алды ма?
Біздің зейнетақы шотымыздағы ақша жай ғана жатқан жоқ, ол жұмыс істеп жатыр. Соңғы бір жыл ішінде (2026 жылғы 1 наурызға дейін) жинағымызды басқарып отырғандар бізге мынадай пайда әкелді:
💰 Қайда қанша пайда түсті?
✅ Сентрас Секьюритиз +17,65%
✅ Alatau City Invest +12,9%
✅ Halyk Global Markets +11,49%
✅ БЖЗҚ (ЕНПФ) +11,39%
✅ BCC Invest +10,82%
✅ Halyk Finance +10,29%
📊 Бұл көп пе әлде аз ба?
Осы уақыт ішінде еліміздегі баға 11,7% өсті (инфляция). Бір қарағанда, кейбір компаниялардың табысы инфляциядан сәл төмен сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұған бола бірден қорытынды жасауға болмайды, өйткені:
📍 Зейнетақы – бұл «ұзын ақша»
Сіз бұл ақшаны ертең алып жұмсамайсыз. Ол алдағы 10, 20 немесе 30 жыл бойы жұмыс істейді. Бір айда табыс аз болса, келесі айда ол еселеніп қайтуы мүмкін. Сондықтан бәріне уақыт керек.
📍 Бәрі тез өзгереді
Нарықта жағдай ай сайын құбылып тұрады. Сондықтан бір жылдың көрсеткішіне қарап, «ақшам құнсызданды» деп үрейленбеу керек. Негізгі нәтиже зейнетке шығар алдында ғана белгілі болады.
📲 Ақшаны жеке басқаруға беруге бола ма?
Егер БЖЗҚ әкелетін табысқа көңіліңіз толмаса, ақшаңызды жеке компанияларға аудара аласыз. Ол үшін шотыңызда «жеткіліктілік шегінен» артық ақша болуы тиіс.
💡 Түйін
Зейнетақы жинағын көбейту – бұл марафон. Сондықтан бүгінгі нәтижеге емес, болашаққа сенген дұрыс. Ақшаңыз инфляциядан қалып қоймауы үшін оны ұзақ уақыт бойы бақылау керек.
237
🇰🇿🇰🇿 Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану ережесі өзгерді!
«Отбасы банк» бүгіннен бастап яғни 17 сәуірден бастап жаңа ережелердің күшіне енгенін хабарлады. Енді зейнетақы жинағындағы артық ақшаны пайдалану тәртібі өзгерді:
📊 Не өзгерді?
Енді екінші деңгейлі банктердегі ипотеканы зейнетақы ақшасымен жапқанда тек негізгі борышты төлеуге болады. Бұрынғыдай бәрін бірдей жаба салуға рұқсат жоқ.
🗣 «Отбасы банк» хабарламасы:
«Бүгіннен бастап зейнетақы жинағымен ипотеканы мерзімінен бұрын жапқанда тек негізгі борышты (основной долг) өтеуге болады. Ал несиенің пайызы мен басқа да төлемдерін адам өз ақшасымен төлеуі тиіс»
📲 Жаңа құжат керек
🔹 Енді «enpf-otbasy.kz» платформасына құжат өткізгенде жаңа үлгідегі анықтама жүктеу керек:
Анықтамада негізгі борыштың қалдығы қанша екені анық жазылуы тиіс,
«Отбасы банк» барлық банктерге осындай анықтама беру туралы ресми хат жіберіп қойды.
📝 Не істеу керек?
Егер ипотекаңызды зейнетақы ақшасымен азайтқыңыз келсе мынаны ескеріңіз:
✅ Банктен анықтама алу:
Өз банкіңізге барып «негізгі борыштың қалдығы көрсетілген» жаңа үлгідегі анықтаманы сұраңыз
✅ Ақша дайындау:
Несиенің пайызы мен ай сайынғы төлемге кіретін басқа да қарыздарды өтеу үшін шотыңызда өз қаражатыңыз болуы керек
💡 Түйін:
Бұл өзгеріс зейнетақы ақшасының тек қарыздың өзін жабуға жұмсалуын қадағалау үшін жасалып отыр. Егер ипотеканы жабуды жоспарлап жүрсеңіз банктен құжат аларда осы талапты міндетті түрде айтыңыз
237
📉🇰🇿 Несиені кешіру: кімдерге қарызын табысын тексертпей-ақ сызып тастауға болады?
Мерзімі өткен несиесі бар қазақстандықтар үшін маңызды жаңалық: енді кейбір азаматтар табысы мен мүлкіне қарамастан, қарызынан құтыла алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
📊 Қандай жағдайда несие кешіріледі?
Әдетте, несиені кешіру (банкроттық) үшін адамның табысы аз болуы және атында үйі немесе көлігі болмауы керек. Бірақ қарызын төлей алмай жүргеніне 5 жылдан асқандар үшін бұл талаптар енді маңызды емес.
🗣Мәдина Әбілқасымова:
«Егер несиенің кешіктірілгеніне 5 жыл және одан көп уақыт болса, бұл екі шарт оған қолданылмайды. Ол ешқандай тексерусіз жүгіне алады. Оның табысы қанша немесе мүлкі бар ма, жоқ па – оған қаралмайды, берешегі кешіріледі».
📲 Мемлекет борышкерлерді өзі іздейді
🔹 Енді мемлекет қарызы бар адамдардың өтініш бергенін күтіп отырмайды. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, «проактивті банкроттық» жүйесі іске қосылады:
SMS-хабарлама келеді: Қаржы министрлігі қарызын кешіруге құқығы бар адамдарды өзі анықтап, телефондарына SMS жібереді.
Хабарламада несиені қалай кешіруге болатыны туралы ұсыныс болады.
📝 Қарыздан қалай құтылуға болады?
Бұл рәсім шамамен 6 айға созылады. Оның ең оңай жолдары:
✅ Үйде отырып өтініш беру:
Егер қарызыңыз 6,7 миллион теңгеден (1600 АЕК) аспаса, eGov.kz сайты немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы өтініш жібересіз. ХҚКО-ға (ЦОН) барып та жасауға болады.
Сізге тек ЖСН және жұбайыңыздың (егер некеде болсаңыз) келісімі керек.
✅ Сот арқылы:
Егер қарызыңыз өте көп болса немесе атыңызда мүлік болса, мәселе сот арқылы шешіледі.
💡 Түйін:
1 шілдеден бастап несие алу қиындайды. Банктер енді адамның табысына қарап, несиеге төлейтін ақшасы тамағы мен басқа да қажеттіліктеріне жете ме, жоқ па, соны қатаң тексереді. Егер қарызыңыз көп болса, жаңа несие берілмеуі мүмкін.
237
🛍 Бөліп төлеу (рассрочка) енді несие ретінде реттеледі: мемлекет жаңа шектеулер дайындап жатыр
Егер сіз де тауарларды бөліп төлеуге алғанды жақсы көрсеңіз, бұл жаңалықты білуіңіз керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында маркетплейстердегі бөліп төлеу жүйесін (BNPL) заңмен реттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Агенттік басшысының айтуынша, бұл сала енді кәдімгі несие сияқты қатаң бақылауға алынбақ. Оның себебін ол былай түсіндірді:
🗣
Мәдина Әбілқасымова: «Біз BNPL нарығын реттеу бойынша жаңа заң немесе заңнамалық түзетулер әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Бұл қаржы ұйымдары емес, маркетплейстер немесе сауда үйлері беретін бөліп төлеуге қатысты. Ол жерде несиелік өнімнің барлық белгілері бар».Сондай-ақ, Ұлттық банк пен Агенттік қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту үшін жаңа қадамдарға бармақ: ✅ Қарыздың максималды сомасына лимит келеді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір қарыз алушы үшін қарыздың ең жоғары сомасына (абсолюттік лимит) шектеу қойылмақ. Бұл дегеніміз - егер сіздің жалпы қарызыңыз мемлекет белгілеген шектен асып кетсе, жаңадан бөліп төлеуге зат алу немесе несие рәсімдеу мүмкін болмайды. ✅ Маркетплейстерге арнайы ереже 2025 жылы агенттік банкке тиесілі емес маркетплейстерде бөліп төлеу берудің нақты ережелерін бекітеді. Әбілқасымованың пікірінше, мұндай қызметтер іс жүзінде несиелік қызмет болып саналады, сондықтан олар да соған сай жауапкершілік арқалауы тиіс. 💡 Түйін: Мемлекет «бөліп төлеуді» (рассрочка) кәдімгі несиемен теңестіріп, оны бақылауды күшейтпек. Мақсат - халықты шамадан тыс қарызға батудан сақтау. Осы шектеулер туралы не ойлайсыз? Бөліп төлеуге де несие сияқты лимит қойылғаны дұрыс па? 👇
237
📈🏠 2026 жылдың екінші жартысында үй бағасы мен сұраныс қалай өзгереді?
Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік нарығында екі түрлі тренд байқалады: жаңа үйлер қымбаттап жатса, ескі үйлер мен жалдау ақысы керісінше арзандауда. Нарықтағы басты жаңалықтарға тоқталайық:
📊 Нарықтағы қазіргі ахуал (БНС наурыз айындағы деректері):
🔹 Жаңа үйлер неге қымбат?
Биыл наурызда жаңа пәтерлер (первичка) былтырғымен салыстырғанда 16,6%-ға бір-ақ секірді. Бұған халықтың зейнетақы жинағын жаппай ала бастауы мен салықтың (ҚҚС) өсуі тікелей әсер етті. Астанада баға өсімі өте жоғары (+2,2%).
🔹 Вторичка мен аренда төмендеп жатыр
Ескі үйлер нарығында баға айына 1,5%-ға арзандады. Пәтер жалдау ақысы да наурызда 1%-ға түскен. Демек, үйін сатқысы келетіндер мен жалға берушілер клиент табу үшін бағаны сәл де болса түсіруге мәжбүр.
🔹 Сауда қызып тұр
Наурызда Қазақстан бойынша 28,5 мың үй сатылған. Бұл ақпанмен салыстырғанда 4%-ға көп. Көбіне халық Алматы мен Астанадағы 1-2 бөлмелі пәтерлерді таңдайды.
🗣 Halyk Finance сарапшылары не дейді?
Аналитиктердің болжамы бойынша, жылдың екінші жартысында «қызу басылады». Ипотека талаптарының қатаюы мен зейнетақы ақшасын алудың шектелуі сұранысты азайтуы мүмкін. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енбек. Ол құрылыс сапасын қатаң бақылайды, бұл пәтер бағасын ұстап тұруы мүмкін, бірақ сатып алушылар азаяды деген қауіп бар.
🤔жаңалық: Тұрғын үй жинақ жүйесіндегі (ЖССБ) үлкен өзгеріс
Осы уақытқа дейін тұрғын үй жинақ жүйесі тек бір мемлекеттік банкте ғана болса, енді бұл нарыққа екінші деңгейлі банктер де белсенді шыға бастады. Ауқымды Freedom Inside форумында Тимур Турлов Freedom Bank-тің маусым айында іске қосылатын жаңа жинақтаушы ипотекалық өнімі туралы жариялады.
Бұл қарапайым сатып алушы үшін несімен тиімді?
✅ Төмен ставка: Жинақтау жүйесі арқылы үй бағасының жартысын (50%) жинасаңыз, несие пайызы небәрі 5% болады. 30% жинағандарға 10%-дық ставка қарастырылған.
✅ Зейнетақы ақшасын пайдалану: Жетпей тұрған соманы зейнетақы қорындағы артық ақшамен (излишки) толтыруға рұқсат.
✅ Бәсекелестік: Жеке банктердің бұл жүйеге келуі халық үшін жаңа таңдау мүмкіндігін береді. Енді тиімді шарттарды тек бір жерден ғана іздеудің қажеті жоқ.
✅ Ыңғайлылық: Барлық процесс онлайн форматта, цифрлық витрина арқылы жүзеге асырылмақ.
💡 Түйін:
Бір жағынан сарапшылар нарық «суиды» десе, екінші жағынан жеке банктерде тұрғын үй жинақ жүйесінің пайда болуы халыққа жаңа мүмкіндік сыйлауда. Бұл қадам нарықты жандандырып, үй бағасын ұстап тұра ала ма? Қалай ойлайсыз?
Endi mavjud! Telegram Tadqiqoti 2025 — yilning asosiy insaytlari 
