cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Кел балалар оқылық

Қарапайым, түсінікті тілдегі канал. 1.Түрік тілі курсы 2.Араб тілі грамматикасы дәрістері 3. Құран оқып үйрену(тегін) 4.Түркиядан оптом кітап заказ беру. Анонимді кері байланыс http://t.me/anonaskbot?start=plldy1fjo9rt9

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
529
Obunachilar
+124 soatlar
-37 kunlar
-3230 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

••••┄༻‏﷽༺┄•••• Алла ﷻ Тағаланың бар екендігіне көптеген дәлелдер бар. Солардың бірі осы жаратылған барша әлем болып табылады. Себебі ешқандай нәрсе өзінен өзі жаратылмайды. Демек оны жаратушы бар деген сөз. Бұл ақыли дәлелге кейбір философтар әлсіз дәлелдермен қарсы шыққан. Алайда философтардың көпшілігі бұл дәлелді қабылдайды және бір Жаратушыны барлығын мойындайды. Сіз де ойланып көріңізші, осынау жаратылыстың барлығы өзінен-өзі тосыннан пайда болуы мүмкін бе ? #ақида
Hammasini ko'rsatish...
Жалпы Алла ﷻ Тағаланың бар екендігіне көптеген дәлелдер бар. Солардың бірі осы жаратылған барша әлем болып табылады. Себебі ешқандай нәрсе өзінен өзі жаратылмайды. Демек оны жаратушы бар деген сөз.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Кеше Имам Санусидің(Алла ﷻ оны рақымына алсын) уммул барохин атты кітабы да біткен болатын. Ақида далелдерін сондай бір керемет түрде жинақтаған кітап екен. Әшғари ақидасына сай жазылған өте танымал кітап. 99% Ашғари медреселерінің программасында бар кітап десем қателеспеспін. Ютубта Иорданиялық Шейх Али Омари ұстаздың осы кітаптың мәтінінен және шархынан өткен дәрісі бар. Ал фотода Шейх Сағид Фуданың шәкірті Эминер ұстаз. Матуриди болсақта толибтердің оқуы тиіс Әшғари кітабының бірі осы.
Hammasini ko'rsatish...
Осы сенімді тізбекпен жеткен кітаптарда Имам Әбу Ханифаның, Сәләф-солихтардың сенімі баяндалған. Бұл кітаптарда Алла ﷻ Тағаланың Аршта отырмағандығы, оған мұқтаж еместігі, тафуид иесі екендігі, Аллада кейіппен тәшбиһ жоқ екендігі және ешқандай тараппен (асты, үсті, оң, сол) шектелмейтіндігі анық жазылған. Осы сөздерге сәйкес Имам Матуридидің Әбу Ханифаның ақидасын бізге айна қатесіз жеткізгенін көруге болады.
Hammasini ko'rsatish...
Соңғы кездері Сәләфи(Уаһаби) бауырларымыздың тарапынан «Әбу Ханифаның (Алла ﷻ оны рақымына алсын) ақидасы Матуриди ақидасына сай болмаған» деген сөздері көп айтылып жүр. Тек қана қарапайым адамдар емес, үлкен Шейхтарының өзі осылай айтып жатқан видеолары орыс тіліне аударылыпты. Ал бұл сөздеріне олар Әл-фиқһул Әбсат кітабынан дәлелдер келтіріп жүр. Көп шу шығып, сұрақтар келген соң осы тақырыпқа аздап тоқталуды жөн көрдім. Имам Әбу Ханифаға (Алла ﷻ оны рақымына алсын) аттары ұқсас екі кітап телінеді. Олар Әлфиқһул Әкбәр және Әл-фиқһул Әбсат. Әлфиқһул Әбсат кітабы Имам Әбу ханифадан Әбу Мутиғ Әлбәлхи жеткізген. Ал бұл Әбу Мутиғ туралы Имам Бухари , Имам Насаи, Имам Ахмад, Имам Әбу дәуд сияқты үлкен ғалымдар "оның риуаяты мүлдем алынбайды, әлсіз ,  оның риуаятын тәрк етіңдер ол жәһмит болған" деген сияқты пікірлер айтқан. Бұдан басқа да имамдар осы сынды сөздер айтқан. الحكم بن عبد الله أبو مطيع البلخي- فقه الابسط وَقال البخاري: ضعيف صاحب رأي. وقال النَّسَائي: ضعيف. قال أحمد: لا ينبغي أن يروى عنه بشيء. وقال أبُو داود: تركوا حديثه وكان جهميا. Ал бұндай өте әлсіз, тіпті риуаяты алынбайтын адамның сөзін ақидада дәлел ету өте үлкен қателік. Сондықтан біз тізбегі жақсы дәрежеде келген Әл-фиқһул Әкбәр кітабын негізге алғанымыз дұрыс. Оған қоса Әлфиқһул Әкбәр кітабын имам Әбу Ханифаның сахих жолмен жеткен Әл-уасия кітабы және имам Абу Ханифа және оның мүжтахид шәкірттерінің ақидасын баян еткен Сәләф-солихтан болған ғалым Имам Тахауидің "Таным тұғыры" атты барлық мұсылман мойындайтын кітабы қуаттайды. Ал енді болашақта Сәләфи жамағаты Әл-фиқһул Әбсат кітабынан қандай да бір дәлел әкеліп жатса оларға сабырмен бұл кітаптың тізбегі әлсіз екенін айтып түсіндіріңіздер. Кейін сенімді Әл-фиқһул Әкбәр, Әл-уасия, Таным тұғыры кітаптарын оқуды ұсыныңыздар. Бұл кітаптардың қазақша аудармасын төменге жіберемін.
Hammasini ko'rsatish...
Барлық пайғамбардың мұғжизалары тек өздері өмір сүрген уақытпен шектелген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ мұғжизасы қияметке дейін жалғасады. Ол - құран.
Hammasini ko'rsatish...
Қазіргі уақытта қоғамда көптеген жағдайлар болып жатыр. Фанат болмай ақиқаттың жағын ұстанғымыз келсе әрбір істе жаудың да, достың да, құрдастың да ісін шариғаттың таразысына салып қарауымыз керек. Кейде тек қана фиқһ емес, ихсан тарапынан да қарау абзал болып жатады. Ал бұл ілімдерді біздің терең білмейтініміз анық. Сондықтан көп нәрсені білмей жатып үлкен ұстаздарымыздан бұрын сөз айтуға асықпағанымыз абзал. ӘСІРЕСЕ комментарий жазарда сақ болайық.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
«Тоқал алма, әйел ал» кітабының сатылымы ашық, бауырлар! Бұл кітаптың ерекшелігі — тілінің ұғынықтылығы және некеге қатысты әрбір мұсылман білуі тиіс болған үкімдерді қамтуылуында. Үйленгісі келіп жүрген немесе екінші әйел алуға ниеттеніп жүргендерге пайдалы еңбек деп білемін. Алла Тағала пайдалы етсін! Кітапты алу жолы суретте көрсетілген. Немесе осы жерді басып, уатсабтан жазыңыз. Кітаптың мазмұны комментте👇
Hammasini ko'rsatish...