cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ozgeshe

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
5 475
Obunachilar
-1124 soatlar
-497 kunlar
-11130 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Repost from N/a
Егер біз "махаббатқа дейін" және "махаббаттан кейін" бірдей адам болсақ, демек біз жеткілікті түрде жақсы көре алмадық.
 📚 Махаббаттың қырық ережесі
Hammasini ko'rsatish...
4🕊 4
Repost from Belgisiz ūly
Тұсаукесер Маусымның , яғни, осы айдың 29-ы болады. Афишада қате кетіпті.
Hammasini ko'rsatish...
4
Repost from Belgisiz ūly
Photo unavailableShow in Telegram
Сүйінші! Егізді болдым. Көптен күткен жаңалықтарыңыз міне осы. “Белгісіз” & “ұлы” егіз-кітабының (twinbook) жарыққа шыққанын сіздерге қуана хабарлаймын. Алла қаласа, Маусымның 29-ы күні Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында, сағат 15:00-де тұсаукесер болады. Бәріңізді күтем. p.s. Кітап тұсаукесерден соң сатылымға шығады, бұйырса. #бақыт
Hammasini ko'rsatish...
👏 5🕊 1
Repost from N/a
Жігіттер, соңғы жылдары қыздар арасында біздің стилімізді (стиль деген сөзді қолдануға ұялмаймын) кемсітетін әңгімелер көбейіп кетті. Олардың айтуынша, біз бір киімді бес жыл киеміз, 1000 теңгеге шаш қырқамыз, ал шұлықпен сандалий киген жігітті көрсе қыздардың тіпті құсқысы келеді екен. Ал кинодан көріп алған әлгі француз және италиялық ерлер бізден әлде қайда сымбатты-мыс. Бірақ біз үшін қорқатын ештеңе жоқ, негізі. Барлық қазақ қызы Италияға қашып кете алмайды. Түріктердің бәрі Бурак Озчевит емес, қытайлықтардың бойы бізге қарағанда екі есе аласа. Ал француз жігіттерінің саны азайып кеткені сонша, қызыл кітапқа еніп жатыр екен. Одан қалса, Бенедикт Камбербэтчтің әйелі бар, Джонни Депп Эмбер Хердтен кейін екінші қайтып үйленбеймін деді, Джуд Лоудың шашы түсе бастаған, тек Тимоти Шаламеден ғана қорқуға болады. Осы бала біздің басты конкурентіміз. Яғни, идеал адам болу қолыңнан келмесе, оған бола қатты уайымдаудың қажеті жоқ. Бастағы қайызғақты бір сілкіп таста да, кеудеңді тіктеп алып, алға қарай жылжи бер. «Әдемі киінген сөзінде тұрмайтын жігіт» қыздар үшін бірінші кезекте «сөзінде тұрмайтын жігіт» болып қала беретінін ұмытпа. Сондықтан, ең бастысы антыңа берік болсаң қыздар арасында абыройың артады.. Құдай бізді жұп қылып жаратқан. Саған да әлі жақсы қыз жолығады, бауырым!
Hammasini ko'rsatish...
😁 12 4💔 2
Өмірде аз қателесетін адамдар болады. Ақылды, интеллектісі жоғары болғасын емес, тағдыры солай, өмірде жолы жеңілдеу, болмаса, момындау, өздігінен ешкімге тиіспейді, ерекшеленіп көзге түспегесін, онымен де ешкім алыспайды. (Үлкендер «Момынның жары – Құдай» дейді). Керісінше өмірде «көп қателесетін» адамдар бар. Жоқ, ақылсыз, білімсіз, интеллектісі төмен болғаннан кейін емес. Керісінше IQ жоғары, өз ортасында харизмасымен ерекшеленіп тұрады. Шынайы, еркін, тәуелсіз. Бірақ жолы ауырлау, тағдыры солай, бәлкім. («Горе от ума»). Өзіне, өзінің біліміне, талантына сенгесін ойын еркін, ашық айтады. Ондай адамдарда біреуге тәуелділік деген, құлдық сана деген болмайды. Өздері құлдық санадан арылмағандар оларды өздерінің сана түкпіріндегі «құлдық сананың шеңберіне» тыққысы келеді. Демократияны қатты армандайтын біз әлі өзіміздің демократиялық көзқарасымызды қалыптастыра алмай жатырмыз. Ең арысы көпшілігіміз біреудің жеке көзқарасына құрметпен қарай алмаймыз. Аягүл Мантай
Hammasini ko'rsatish...
22👏 4
Repost from topas karga
И вечером никто не ждёт, И делать можно всё, что хочется. Но как ты это назовёшь: Свободой или одиночеством?
Hammasini ko'rsatish...
18💔 7
Ей, жүрегім, үмітіңді үзбеші, (біліп тұрып бүлдіреді кейде адам.) Қателіктің Қайғысы емес, бізді осы — Дұрыстықтың Азабы ғой қинаған. Д.Тілеухан
Hammasini ko'rsatish...
34💔 7
Жұмыстан шаршап шыққан күндері… Саябақта отырып… Аяулы бір шақтарға оралғың келеді… Көзің жұмып… Көңілдің құмына сіңген өткенді іздеп… Дертіңмен жаңғыз қалғың келеді… Әйтеуір сағынасың… Жаның жаурап сағынасың… Ештеңені ақылға салмай… Ауырса екен, ауырса екен мына жүрек дейсің… Боздаса екен, мына көңіл боздаса екен дейсің…
Hammasini ko'rsatish...
Аузынан-айдың-түскен-қыз.m4a3.70 MB
13💔 9👏 3
Hammasini ko'rsatish...
Мейрамбек_Беспаев_К_Сарин_Сағынышым.mp32.34 MB
Кейде тағдырыңа жазылмаған адамды Алладан қайта-қайта сұрап, өміріңнен кетем десе де жібергің келмей, бос нәрсені талап қылатын сәттер болады. Бұл әрекет — тек өзіңді шаршату болу мүмкін. Алла бізге ненің хайырлы яки хайырсыз екенін жақсы біледі. Өміріңе хайырсыз болған істі, адамды құдайдан сұрай беріп, қиындықтың үстіне қиындықты тілеп алма! Босат, жібер. Өмір тек сол іспен яки адаммен бітіп қалмайды. Кейде көкірек көзіңді шел басып, бақытсыздықты бақытпен шатастырып аласың. Нағыз бақыт — көңілдің жайлылығында…
Hammasini ko'rsatish...
61💔 10👏 2
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.