cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Үйде жатпа!

Оқы, ойла, дамы! Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған. • Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар • Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес • Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
10 720
Obunachilar
-1024 soatlar
-277 kunlar
-15030 kunlar
Post vaqtlarining boʻlagichi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Nashrni tahlil qilish
PostlarKo'rishlar
Ulashishlar
Ko'rish dinamikasi
01
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👀 Ақтөбелік оқушы тасқын қаупін хабарлайтын құрылғы жасап шығарды. Талапты жастар көбейе берсін!👍 ✍️ Мектептерде емтихан басталды. Барша оқушыға сәттілік тілейміз!🙌🏻 🫶 Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 19-дан 17-орынға көтерілді. Құтты болсын!🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/ryl-y-emtihan-raketa-27-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #ракета
3400Loading...
02
💡💡💡💡💡💡💡 Қалауыңызға қалағаныңыздай жетуге көмектесетін 20 әдет Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен өз мүмкіндігіне сене білген әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 30 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек. ◾️ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату. ◾️Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім — бұл баға жетпес байлық. ◾️Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз. ◾️Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Жаныңызға жақын іспен айгалысыңыз. Тек қана қауырт жұмыспен шектелмей жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Бұл рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Сарапшы ретінде кеңес бере отырыңыз. Сарапшы ретінде, кеңесші ретінде сізден кейінгілерге білгеніңізбен бөлісу, сіздің біліміңіздің арттырып,кәсіп саласында жоғары статаус қалыптастыруыңызға себеп болады. ◾️Қоғамға пайдаңыз тисін. Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. ◾️Командаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болсын. Командаңыздағы ара-қатынас мейлінше ашық болсын. Сұрақтар мен пікірлерге, талқылауларда ойларын ашық жеткізу үшін қамқорлық танытыңыз. ◾️Барлық істе шешімнің болатыны белгілі. Барлық іске сыни тұрғыдан қарай отырып, оны жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеңіз. ◾️Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл ақыл-ойды тазартуға, стрессті азайтуға және фокустауға көмектеседі. ◾️Нәтижелі, өнімді жұмыстың кепілі ұйқы. Сегіз сағаттық ұйқы сізді физикалық және эмоционалды жағынан сергек сезінуге мүмкіндік береді. ◾️Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың басты шарты. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. ◾️Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Бұл сіздің сергек әрі сенімді жүруіңізге көмектеседі. Спорт — денсаулық кепілі. ◾️Ақыл-ой үшін жаттығу жасаңыз. Миды жаттықтыруға арналған ойындар мен басқатырғыштар арқылы сыни ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыта аласыз. ◾️Өзіңіздің жеке басыңыздағы маңызды сәттерге де уақыт бөліңіз. Себебі осындай көңілге қуаныш сыйлайтын сәттер сізге өмірлік мотивация беруі мүмкін. ◾️Кез келген жағдайға бейімделіңіз. Әрбір ситуацияға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі. ◾️Сала таңдаудан қателеспеңіз. Сала таңдау барысында, «сіз сол кәсіпте өзіңізді елестете аласыз ба? бұл кәсіп түрі қаншалықты жақын?» осы сұрақтардың шешімін қарастырыңыз. ◾️Аузыңыздан шыққан әрбір сөзге сақ болыңыз. Сіз осы серіктесіңіз бен қарапайым әңгіме барыснда тиянақты сөйлей білсеңіз оның сенімінен шығып, маңызды жобаларды бірге атқару мүмкіндіктеріңіз артады. ◾️Жаңа хобби іздеңіз. Естеріңізге сала кетейік, бұл ынта-жігер әр кәсіпкердің табысының кілті. Мүмкіндігінше көптеген салаларға қызығушылық танытуға тырысыңыз. ◾️Клиентке барынша көңіл бөліңіз. Сіздің клиенттеріңіз — сіздің бизнесіңізді жасайтын адамдар. Жасап отырған жұмысыңыз, алдымен сіздің қызыметіңізді тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруы керек екенін басты назарда ұстаңыз. #қазынакеңес
75015Loading...
03
💡📆📆📆📆📆 27 мамыр 🌝Бүгін батыл шешімдер қабылдау күні. Көптеген адам не қалайтынын біледі, бірақ оны жүзеге асыру үшін нақты бір қадам жасауға қорқып жатады. Ал батыл шешім күтпеген жерден келеді. Өкінішке қарай, ол әрқашан дұрыс әрі оңтайлы нәтижесін бере бермейді. Бірақ тағдырдың берген мүмкіндігін, өз уақытында пайдалану маңызды. Сондықтан бұл - өзгеріске жол ашатын, шабыттандырушы күн. Есіңізде болсын, кез келген істе өкініш сезімі орын алмас үшін оны міндетті түрде жасап көріңіз. Сабақты ине сәтімен екенін жадыңыздан шығармаңыз! 🌱1992 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ есімімен аталған ауылда спортшының ескерткіші ашылды. Балуан Шолақ (1864-1919) балалық шағында оң қолының саусақтары болмаса да, асқан күшімен ерекшеленіп, шебер күрескен. Оның Севр мен Каронды жеңгені әлі күнге дейін ел аузында. Сондай-ақ бала кезінен өнерге жақын болып, ән айтып, домбырада ойнады. Тіпті шығармалары “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына енді. Сәбит Мұқановтың “Балуан Шолақ” кітабында айтыскер ақынның өмір жолы жақсы баяндалған. Сіздің қалаңызда Балуан Шолақ есімімен аталған көше не ғимараттар бар ма? 🐟Бүгін балық әуесқойлары майшабақ күнін атап өтеді. Арнайы құтыға салынған майшабақтар (шпроты) алғаш рет 1890 жылы 27 мамырда Ригада пайда болды. Мұндай балықтардың дәмі тіл үйіреді. Сонымен қатар құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер де бар. Атап айтатын болсақ, ақуыз, пайдалы май, А, В1, В2, Е дәрумендері, фосфор, хром және кальций. Ал құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері бойынша ет өнімінен кем түспейді. Аталмыш өнімде жоғары калория болғандықтан, ол диета ұстап жүрген адамдарға жарамайды. Сізге қай балық түрі ұнайды: майшабақ әлде килька? 👥27 мамырда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін “Бәйтерек” ұлттық дәстүрлі театрының негізін қалаушы, жазушы-ғалым Мырзатай Жолдасбеков 87 жасқа толды. Оның ғылыми еңбектерінде Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа да елдерде жарық көрген халық ақындары жырларының мағыналық сұлулығы жүйеленіп ашылған. Сондай-ақ ол түркі рунологиясы бойынша іргелі зерттеу жұмысының авторы. Осы еңбегі үшін “Күлтегін” атындағы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар бүгін ағылшын аспазшысы, ресторатор және тележүргізуші Джейми Оливер 49 жасын атап өтеді. Ол танымал аспаздық кітаптардың авторы әрі бүкіл әлем бойынша мейрамханалар желісінің иесі. Әлемдегі ең танымал аспаздың байлығы 240 миллион долларға бағаланады. Сіз Джейми Оливердің хабарын тамашалайсыз ба? #күнтізбе #27мамыр #балық #шешім
8992Loading...
04
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Менің атым Қызболсын” атты комедия фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/iifK9x_rtxg #комедия #МеніңатымҚызболсын #мужчины #қазақстан #жұлдыздар #женщины #кино #актер #үйдежатпа #мир #адам #фильм
1 0851Loading...
05
💡📆📆📆📆📆 26 мамыр 🤝Мамыр айының соңғы жексенбісі Қазақстанның химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс пайдалану адамзатқа қазіргі заманның ең маңызды мәселелерін, соның ішінде азық-түлік, энергетика, экология салаларын шешуге мүмкіндік береді. Бұл мереке әртүрлі мамандықтағы адамдарды – технологтарды, инженерлерді, экологтарды, ғалымдар мен зерттеушілерді, фармацевтерді, радиохимиктер мен химия өнеркәсібін зерттеуге арнағандардың басын қосады. Егер таныс химиктеріңіз болса, оларды мерекемен құттықтаңыз! ✍️1856 жылы 26 мамырда Шоқан Уәлиханов “Көкетай ханның асы” аңызының бір бөлігін қағазға түсіреді. Бұл күн “Манас” эпосының алғашқы жазбасы ретінде тарихқа енді. Ғалым эпосқа “Манас” – ежелгі даланың “Илиадасына” ұқсас қырғыз мифтері мен аңыздарының энциклопедиясы” деп баға берді. Қазіргі уақытта “Манас” эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне, сондай-ақ әлемдегі ең көлемді эпопея ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. “Манас” эпосын дамытуға жазушы Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғұлан да үлес қосты. 💃26 мамыр - Дүниежүзілік қызғылт сары шашты адамдар күні. Жер бетіндегі 1-2% адам сепкілге, ақшыл теріге, қызыл-қызғылт сары немесе қоңыр шашқа ие. Мұндай адамдар күн сәулесі аз болатын аймақтарда жиі кездеседі. Қазақтардың арасында да қызғылт сары адамдар бар. Ең танымал қызыл шашты тұлғаларға - Шыңғысхан, Кристофер Колумб, Леонардо да Винчи және Джордж Вашингтон жатады. Сіздің ойыңызша ерте заманда қазақтардың көк көзді, аққұба болғаны рас па? 👥26 мамыр - қос тұлғаның туған күні. 96 жыл бұрын “Өлім дәрігері” деген атпен танымал америкалық дәрігер Джек Кеворкиан (1928-2011) дүниеге келді. Ол науқастарға улы дәрі-дәрмек беріп, олардың өлуіне себепші болатын “өзін-өзі өлтіру машинасын” құрастырды. Оны өзіне қол жұмсағысы келетін 130-дан астам науқас қолданды. Алайда оның идеясын дәрігерлер мен билік өкілдері айыптап, медициналық лицензиясынан айырады. Осылайша ол “адам өлтірді” деген айып арқалады. Содан соң бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар бүгін кино және театр саханасында талай рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір 74 жасқа толды. Оны “Ағайынды” сериалындағы Ерсайна ретінде танитын шығарсыз. Актердың қатысуымен өткен соңғы туынды – “Құнанбай”. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері. #күнтізбе #26мамыр #шаш #химия
1 1751Loading...
06
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Соңғы үкім” атты драма фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/5kfmdrdlUks #драма #Соңғыүкім #ахмет #қазақстан #жұлдыздар #қазақ #кино #актер #үйдежатпа #алаш #адам #фильм
1 2201Loading...
07
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆 Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. АЛМАТЫ: 🤩"Тыныш бөлме" көрмесі Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз. Орналасқан жері: Efes Art Space, ш / а. Керемет, д. 3/1 Күні:25 және 26 мамыр, 10: 00-19: 00 🤗Қазақ композиторларының классикалық музыкасының алғашқы жастар альбомының тұсаукесері Альбомды жазуға қазақ композиторларының белгілі шығармаларын орындаған “Zarina Altynbayeva Youth Music Competition” балалар байқауының лауреаттары қатысты. Тұсаукесер аясында осы жас музыканттардың қатысуымен арнайы концерт өтеді. Орны: Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем - 3, 22/1 ш / а Күні: 26 мамыр, 14: 00 🤯Тэоман Хостың графикалық жұмыстарының көрмесі Суретші ұсынылған туындыларында дүние құмарлықтарын, соғыстар мен диктатураларды, құдайлық пен адамдық туралы ойлайды. Ол қарапайым материалды таныс бейнелерге айналдырып, сөздерін ағашқа бейнелейді. Орналасқан жері: Oner Coner, Шевченко көшесі, 51 Күні: 25 және 26 мамыр, 14: 00-21:00 🎼"Музыкалық барахолка" жәрмеңкесі Мұнда музыканттар мен әуесқойлар қажет емес музыкалық және дыбыстық жабдықтарды айырбастап, сатып ала алады. Мүмкіндік болса, жайлы жағдайда әуезді ән тыңдап, заттарды ұстап, жай ғана әңгіме-дүкен құруға да болады. Сол себепті қажетті аспаптарды, педальдарды және басқа да құрал-жабдықтарды әкелуіңізге мүмкіндік бар. Әсіресе, үлкен құралдарды фотосуреттермен ауыстыруға болады. Орны: Бәрібаевтағы 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36 Күні: 26 мамыр, 16:00 ☀️"Ауырмайды" экокөрмесі Көрме мақсаты қоршаған ортаға аз да болса үлес қосудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ашылу барысында эко-дүкендерді, орман атмосферасын, шеберлік сабақтарын, іс-шараларды, әндер мен билерді тамашалауға мүмкіндік бар. Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101 Күні: 25 және 26 мамыр, 16:00-22: 00 АСТАНА: 💫Лейла Махаттың "MENMIN" атты жеке көрмесі Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 Күні: 25 және 26 мамыр, 10:00 - 20:00 Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!
1 2100Loading...
08
💡📆📆📆📆📆 25 мамыр 👨‍👩‍👧‍👦Бүгін - Халықаралық хабарсыз кеткен балалар күні. Иә, қандай да бір отбасы мүшесінің із-түссіз жоғалуы - жақындары үшін қайғылы жағдай. Соның ішінде баланың ғайып болуы - ең үлкен қасірет. 1979 жылы 25 мамырда алты жасар америкалқ мектеп оқушысы Эвиан Пэйтес үйіне қайтар жолда жоғалып кетеді. Оны табу мүмкін болмайды. 4 жыл өткеннен кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті бұл күнді 1997 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтуді ұсынады. Осылайша “25 мамыр - жоғалған балалардың ұлттық күні” деп жарияланды. Әлемде миллиондаған бала белгісіз себеппен жоғалып жатыр. Өкініштісі, жыл сайын олардың саны артып келеді. Іздеу статистикасы бойынша Қазақстанда жыл сайын 250-ге жуық бала жоғалады екен. Өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз! 👀25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні. Бұл мүше гормоналды тепе-теңдікті сақтап, зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар жүйке жасушаларының қалыптасуына қатысады. Әлем тұрғындарының 10% -дан астамы қалқанша безі ауруынан зардап шегеді. Алайда көпшілігі бұл жайында хабарсыз. Қалқанша безі ауруларының көпшілігі ағзадағы йод жетіспеушілігімен байланысты болып келеді. Сондықтан күнделікті өмірде белгілі бір мөлшерде йодты (150-200 мг) қабылдау арқылы аталмыш аурудан алдын алуға болады. Дұрыс тамақтаныңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз және деніңіз сау болсын! 🌧25 мамырда Алматыда субұрқақ күні аталып өтеді. Қалада ең алғашқы субұрқақ 1948 жылы пайда болды. Уақыт өте келе оның саны арта бастады. 25 мамыр күні кешкі уақытта мерекеге орай қаладағы барлық субұрқақ бір уақытта қосылады. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 150 субұрқақ орнатылса, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздік мақсатында субұрқақтарда шомылуға қатаң тыйым салынады. Сіздің Алматыдағы ең сүйікті субұрқағыңыз қай жерде орналасқан? 👥25 мамырда өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ирландиялық актер Киллиан Мерфи 48 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Оның ішінде “Острые козырьки”, “Темный рыцарь” және “Начало” фильмдерін ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі көптеген кәсіби марапаттың иегері. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі Луина да 37 жасқа қадам басты. Луина Каринбаеваның мансабы 2010 жылы X Factor музыкалық таланттар байқауынан басталды. Содан бері ол көптеген кәсіби марапаттарға ие болып, ал бейнебаяндары миллиондаған қаралым жинап келеді. Луинаның қай әні ұнайды? #күнтізбе #25мамыр #фонтан #балалар
1 0922Loading...
09
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🎬 Әлихан Бөкейханов туралы толықметражды фильмнің түсірілімі басталды. Бәріміз туындының көпке таралуына үлес қосайық!🔥 😇 Биыл 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз!👍 🥳 Осы жылы алты мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Құтты болсын!👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/andas-film-o-ushy-24-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #оқушы
1 1770Loading...
10
Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады! 1 шілде күні мамыр айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз! ‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️ Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз. Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз! Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі. Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек. Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз. Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз. Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 шілде шығарамыз. Коммент жазыңыздар!
1 0101Loading...
11
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз🥳
9781Loading...
12
Сұрақтар 3: 1)18 мамыр дүнинге келген танымал адамдар? 2)Рубик текшесі қай күні пайда болды? 3)Аралар күні қашан?
9141Loading...
13
Сұрақтар 2: 1)Қай жылы Алматыда Банкнот фабрикасы ашылды? 2)Омар Хаямның туған күні қай күн? 3)Мопс күні қашан?
8581Loading...
14
Сұрақтар 1: 1)Түркі жазуы күні қашан? 2)Соңғы аптадағы кино шолулар? 3)19 мамыр дүниеге келген танымал адамдар?
8871Loading...
15
‼️‼️💡❓❓❓❓❓‼️‼️ Кез-келген викторинадан ұту жолын тауып алатын өте пысық оқырмандарымыз бар 😄 Оқырмандарымыз әділдік сұраған соң, жаңа форматта өткізуді жөн көрдік☑️ Сол себепті, шарттар біршама өзгерді. Сағат 18:00-де, 18:10-да, 18:20-да 3 пост шығады (3 түрлі сұрақтары бар). Әр посттың астында бірінші болып жауап берген қатысушымыз жеңіске жетеді. Егер біздің арнамызды мұқият оқып жүрсең, барлық сұраққа дұрыс жауап бере аласың. Сәттілік! Шарт: ✅Тез әрі дұрыс жауап жазу. ✅Біздің инстаграм парақшамызға тіркелу. https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link ЕСКЕРТУ! Жауап есептелмейтін жағдайлар: 1. Өз жауабыңның астына инста-аккаунтыңды жазып кетпеген кезде; 2. Жауап өзгертілген жағдайда; 3. Соңғы айда викторина жеңімпазы атанған жағдайда;
1 0580Loading...
16
Қазіргі жастар өте пысық 18-ден асқан жастардың немен айналысатыны көпшілікке қызық болар. Байқауымызша басым бөлігі, мамандығына тіпті де жақын  жұмыс істемейді. Салдарынан, олар диплом үшін ғана университетке баратын боп көрінетіндей. Айталық, ақпараттық қауіпсіздік мамандығында оқитын 19 жастағы студент қыз осы жазда 500 мың теңге аламын деп отыр. Жекелеген компаниялардың әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізу арқылы табыс табады. https://zhatpa.kz/ujde-zhatpa/kemi-zharty-million-tabamyn-zhazda-a-sha-tabatyn-zhastar-andaj-zh-mys-istep-zh-r/
10Loading...
17
💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞 🎬"Соңғы үкім" тарихи драмасы. Бұл - қоғам қайраткері, ғалым, ақын, ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының ең көрнекті көшбасшыларының бірі – Ахмет Байтұрсыновтың таңғажайып тағдырына әсер еткен елеулі оқиғалар туралы киножоба. Кейіпкердің өмір жолы қасіретті дәуірдің аясында өрбиді. Басты рөлдерде: Азамат Сатыбалды, Дарья Александрова, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=YTUbKoLS8Do 🎬"Менің атым - Қызболсын" комедиясы. Әділ – прокурордың көмекшісі, патриархалды отбасының жалғыз ұлы. Жұмыста бастығына жағу мақсатымен ол сотта отбасын қорлаушы - әйелін ұрып-соққан жоғары лауазымды баскарушының баласын “ақтайды”. Бір күні ол ерлер мен әйелдер қарама-қарсы рөлдерді атқаратын параллель әлемде оянады. Ол әлемде Әділ еркектерге қатысты теңсіздік пен алалаушылықпен бетпе-бет келеді. Содан соң гендерлік теңдік туралы көзқарасын өзгертіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық кұрбанына көмектесуді ұйғарады. Оның бұл әрекеті прокуратура қызметінен бас тартуға әкеледі. Бірақ ол әділдік үшін күресін жалғастырады... Сайып келгенде, ол тәуелсіз құқық қорғаушы болуға шешім қабылдайды. Басты рөлдерде: Еламан Есентаев, Ақбота Нұр, Азат Сейтметов, Әзиз Бейшеналиев. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=tWQuGwY3G60 🎬"Қораға кірдік" комедиясы. Ұсақ алаяқтықпен айналысатын екі дос құлдықтан құтылуға тырысады. Мұнда олар үлкен көлемде тұшпара жасауға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Мансұр Серіков, Ерболат Алкожа, Олжас Нұрбай, Әшім Ахметов. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=ttiZNy5JRzg 🎬"Фуриоса: Хроники Безумного Макса" боевигі. Жасыл жерде жас жауынгер Фуриоса қолбасшы Дементус бастаған байкерлер ордасының қолына түседі. Олар шөл даладан өтіп бара жатқан сәтте Өлмес Джо басқаратын Цитадельге тап болады. Екі тиран үстемдік үшін күресіп жатқанда, Фуриоса үйіне жол табуға тырысып, көптеген сынақтан өтуі қажет. Басты рөлдерде: Аня Тейлор-Джой, Крис Хемсворт. Жас рейтингі: 16+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=v-OFq9pLIYY 🎬 " Реинкарнация. Демоны желаний" қорқынышты фильмі. Мэтт Клэрді қатты жақсы көреді. Ол айықпас дертке шалдыққан ғашығын жоғалтқысы келмейді. Сол себепті Мэтт сүйіктісі ажал құшпас үшін арнайы рәсім жасап, тілек айтады. Дегенмен тілек орындалуының кері тұсы да бар. Мэтт қараңғылық жындарымен күресіп, емдеудің шынайы құнын түсінуі керек. Басты рөлдерде: Джуди Маккуин Бауэр, Брэнди Боткин. Жас рейтингі: 18+ Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=qy7O_DMWL3o 🎬"Гарфилд в кино" мультфильмі. Дүйсенбіні жек көретін, лазаньяны жақсы көретін әлемге әйгілі үй мысығы Гарфилд үйдегі жайлылықтан тыс жабайы шытырман оқиғаға аттанады. Осылайша ол ұзақ уақыттан бері жоғалып кеткен әкесімен күтпеген жерден кездесіп, көше мысығы Викпен және ит досы Одимен жайлы өмірінен бас тартып, көңілді әрі қауіпті шытырман оқиғаға қосылуға мәжбүр болады. Басты рөлдерде: Ханна Уэддингем, Крис Пратт. Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=HJMfq03ULBE
1 1640Loading...
18
Бүгін сағат 18:00-де әдеттегідей сіздер үшін кинотеатр билеттерінің ұтыс ойынын өткіземіз. Естеріңізге сала кетейік, бізде әдеттегідей 3 жеңімпаз болады. Сондай-ақ, викторинаның барлық қатысушылары Instagram желісінде бізге жазылуы керек https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link Ақпаратты біздің арнадан қадағалаңыз! Біз кейде қитұрқы сұрақтар қоямыз. Мұқият оқып отырыңыздар. Бәріңе сәттілік! Құрметпен, Uide zhatpa командасы
9070Loading...
19
💡📆📆📆📆📆 24 мамыр 🎮Бүгін - Дүниежүзілік бейне ойындар күні. 1972 жылы 24 мамырда теледидарға жалғап, үйде қолдануға болатын алғашқы Magnavox Odyssey ойын консолі ұсынылды. Бүгінде бұл ойын түрінің миллиондаған жанкүйері бар. Бейне ойындар нарығының айналымы 1 миллиард долларды құрайды. Ал әлем чемпионаттарындағы жүлде қоры ондаған миллион доллардан асады. Қазіргі таңда көптеген елде киберспорт қауымдастығы бой көтеріп үлгерді. Оның ішінде Қазақстанда да бар. Егер сіз киберспортқа қызығушылық танытсаңыз,комментарийге жаза кетіңіз. Алдағы уақытта осы жайлы ақпаратты толығырақ тарқатып айтамыз. 🩺24 мамыр - Дүниежүзілік шизофрениямен күрес күні. Ғалымдар оның пайда болуын генетикалық бейімділікпен, ми жарақатымен және стресспен байланыстырады. Өкінішке қарай, әлемде жыл сайын психикалық аурулар саны артып келеді. Бүгінде Қазақстанда 300 мыңнан астам азамат психиатриялық науқастардың есебінде тұр. Олардың көпшілігі шизофрениямен ауырады. Бұл күннің мақсаты - шизофрения мәселесіне назар аудару және мүмкіндігінше олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектесу. 🕺1956 жылы 24 мамырда Швейцарияда әлемдегі ең танымал бірінші музыкалық "Евровидение" ән байқауы өтті. Көптеген мемлекет Еуропадан тыс орналасуына байланысты аталмыш шоуда төбе көрсетпегенімен, оның ТВ аудиториясы әлем бойынша 600 миллион көрерменді құрайды. "Евровидение" ән байқауының арқасында бірқатар өнер иесі танымал болды. Мысалы, "АББА", "Шыңғысхан", Селин Дион және т.б атап өтуге болады. Жарыстағы жеңіс саны бойынша рекорд орнатқан мемлекеттер - Ирландия мен Швеция. Олардың әрқайсына 7 жеңістен тиесілі. Биылғы “Евровидение” жеңімпазы кім екенін білесіз бе? 👥24 мамыр - қос тұлғаның туған күні. Бүгін ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин 36 жасқа толды. Оның екі салмақ дәрежесінде әлемдік төрт рекорды бар. 2008 және 2012 жылдары ол Олимпиада ойындарында алтын жүлдеге ие болды. Бірақ допинг қолданғаны үшін марапаттарынан айырылды. Сонымен қатар бүгін әнші әрі композитор Димаш Құдайберген 30 жас мерейтойын атап өтеді. Өнер иесі - “Жас қанат - 2012” және “Славян базары - 2015” музыкалық байқауларының жеңімпазы. Қытайдағы танымал “Singer” шоуының және америкалық The World's Best таланттар шоуының қатысушысы. Сондай-ақ көптеген музыкалық марапаттардың иегері. Димаштың әндерін әлем халқы сүйіп тыңдайды. Сондықтан оның жан-жақта көрермендері бар әрі Қазақстанның негізгі визит картасы екені жасырын емес. Сізге Димаштың қай әні ұнайды? #күнтізбе #24мамыр #видеоойын #шизофрения
1 0682Loading...
20
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 🥳 Астанада 5 жасар баланы құтқарған оқушы марапатталды. Ақанның көрсеткен ерлігі - көпке үлгі!👍 🕺 Қазақстанда алғаш рет Леонардо да Винчидің La Bella Principessa туындысы көрсетіледі. Тамашалау тегін екен! Міндетті түрде барып қайтыңыз!😍 😋 Қазы – әлемдегі ең үздік шұжықтар қатарына кірді. Тамаша!🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/o-ushy-tuyndy-azy-23-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #туынды
1 2400Loading...
21
💡💡💡💡💡💡💡 “Наурыз” ипотекалық бағдарламасының негізгі шарттары қандай? 🏠 Баспаналы болуды жоспарлағандар үшін тиімді бір мүмкіндік бар. Бұл –“Наурыз” атты жаңа ипотекалық бағдарлама. Өтінім берушілерге “Отбасы банкінен” депозит ашу мерзіміне талап қойылмайды. Тек шотта 1 млн тг болуы шарт және кейінгі 5 жылда атында үй болмауы керек. 💸 Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: ▪️халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін (ХӘОТ) - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін); ▪️тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, қандастар мен Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары үшін - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін). Заемның ең жоғары сомасы (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде): • Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін. • ҚР қалған өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін. Алғашқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап; Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін; 🟢 Қарыздың нысаналы мақсаты: Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және бастапқы тұрғын үйді жөндеу. Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді; 🟢 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: Жинақтау мерзімі: Отбасы банкінде депозит ашу қажет (жоқ болған жағдайда), алайда салым мерзімі ескерілмейді. Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозитте кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады. Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу" және "Отау" бағдарламаларына қатысушы мәртебесінің болмауы. Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек. 🟢 ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР: Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қандас мәртебесі; Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек; Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы (Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, жәрдемақылар, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады); Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын және тұрғын үймен жасалатылған операциялардың болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді; Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы; Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды; Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады; Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін). "Наурыз" бағдарламасы бойынша қолжетімді барлық жылжымайтын мүлік "Баспана маркет" порталында орналастырылады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда. #қазынакеңес
1 2701Loading...
22
💡📆📆📆📆📆 23 мамыр 🕺Бүгін спорт сүйер қауым халықаралық күрес күнін атап өтеді. Аталмыш спорт түрі Ежелгі Грецияның өзінде Олимпиада ойындарының сәні болған. 1904 жылы 23 мамырда Венада күрестен бірінші әлем чемпионаты басталып, 2013 жылдан бері бұл күн ресми түрде тойланып келеді. Қазақстанда күрес - ұлттық спорт түрі. Осы сала бойынша спортшыларымыз әлемдік жарыстарда ұдайы жеңімпаз атанып, жүлделер иеленіп келеді. Қазақтың қай балуанын білесіз? 🩺23 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық акушерлік жарақаттан алдын алу күні аталып өтеді. Патологиялық босану кезінде ректовагиналды жарақат пайда болуы мүмкін. Сәйкесінше, қынап пен тік ішек арасының зақымдалуынан, беймезгіл уақытта зәрдің шығып кетуі немесе денсаулыққа басқа да қауіптің төнуіне жол беріледі. Бұл күн халықаралық қоғамдастықтың назарын босану кезіндегі ауыр жарақаттарға назар аударуға шақырады. Мұндай мәселелер көп жағдайда білім мен медициналық көмектің қолжетімсіз болуынан, әйелдердің босану кезіндегі ақпараттан хабарлығының төмен болуынан, ерте жаста баланы өмірге әкелуден туындайды. 🐢23 мамыр - Дүниежүзілік тасбақалар күні. Бұл ебедейсіз, бірақ өте сүйкімді жануарлар туралы көптеген миф кездеседі. Мысалы, олар 300 жылға дейін өмір сүре алады. Шындығында тасбақаның орташа өмір сүру ұзақтығы - кем дегенде 30 жыл, ал ең ұзағы - 130 жыл. Қазір тасбақалар толығымен жойылу алдында тұр. Бұған себеп - браконьерлер мен басқа жануарлардан төнетін қауіп. Сондықтан аталмыш күннің мақсаты - қоғамды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырады. 👥24 мамырда дүниегеке келген танымал тұлғалар. 141 жыл бұрын америкалық актер, дыбыссыз кино дәуірінің ең жарық жұлдыздарының бірі Дуглас Фэрбенкс (1883-1939) дүниеге келді. Ол “Оскар” сыйлығын тапсыратын Кинематография өнері және ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті. Сонымен қатар 100 жыл бұрын “Алтын адамды” тапқан қазақ археологы Кемал Ақышев (1924-2003) өмірге келді. Қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітап жазды. Сондай-ақ дүниежүзілік маңызы бар Сарыарқаның тарихи ескерткіштері, Бесшатыр қорғандары, Отырар ескерткіштері туралы ғылыми мәліметтер жинаған. Оның есімі Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына жазылған. #күнтізбе #23мамыр #тасбақа #күрес
1 3083Loading...
23
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🥳 ҰБТ-ға тіркеліп үлгермеген талапкерлерге соңғы мүмкіндік берілді. Өтініш беріп үлгермеген талапкерлерге уақытша база ашылады екен📌 🤩 Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне орай экологиялық акция өткізді. Димаштың жанкүйерлері бұл жолы тағы игі іс жасады👍 👍 30 мамырда қазақстандықтарға белгілі заңгерлер мен мемлекеттік орган өкілдері тегін кеңес береді. Тамаша! Көмекке жүгінсеңіз болады🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/bt-dimash-za-ger-22-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Димаш #ҰБТ
1 4000Loading...
24
💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴 Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері 📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. 🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған. 🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған. 🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты. #көшпенділерэкономикасы
1 3783Loading...
25
💡📆📆📆📆📆 22 мамыр 🦎22 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық биологиялық әртүрлілік күні аталып өтеді. Биоәртүрлілік - жер бетіндегі тіршіліктің алуан түрлілігін көрсетеді. Өсімдіктер өліп жатыр, жануарлар мен ормандар жер бетінен жоғалып жатыр. Мұның көп бөлігі адам әрекетінен туындап жатыр. Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына 400-ге жуық өсімдік пен 130 жануар енгізілген. Болашақ ұрпақ үшін табиғатымызды сақтайық! 🦷Бүгін тіс пастасы салынған сықпаның пайда болған күні. Ежелгі заманда адамзат негізінен тіс ұнтағын пайдаланды. Ал 1892 жылы 22 мамырда америкалық тіс дәрігері Вашингтон Шеффилд металл қорап түріндегі ыңғайлы пакетті ойлап тауып, тіс ұнтағын қолданыстан жойды. Әлеуметтанушылардың сауалнамаларына сәйкес, көптеген елде тіс пастасы мен щетка адамзаттың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Алайда мына жағдайды да ескеру керек. Себебі ауыз қуысынан шығатын жағымсыз иіс асқазан-ішек жолдарының жағдайына байланысты болады. Сіз тіс пастасының қай түрін қолданасыз? 👍Бүгін детектив әуесқойлары Шерлок Холмс күнін атап өтеді. 22 мамырда Ирландиядан шыққан ағылшын жазушысы, осы тамаша кейіпкерді жасаушы Артур Конан Дойл (1859-1930) дүниеге келді. Дойлдың Шерлок Холмс туралы алғашқы әңгімесі тұңғыш рет 1887 жылы баспада пайда болды. Кейінгі әңгімелері қырық жыл бойы, автор қайтыс болғанға дейін жариялана берді. Дойл Шерлок Холмс туралы 60 әңгіме жазды. Ал сізге Шерлок Холмс жайлы қай әңгіме ұнады? 👥22 мамыр - қос тұлғаның туған күні. Бүгін британдық супермодель әрі кино актрисасы Наоми Кэмпбелл 54 жасқа толды. Ол 15 жасынан бастап подиумға шығып, өнер көрсетті. Сондай-ақ Vogue және Time журналдарының мұқабаларына шыққан алғашқы қара нәсілді қыз атанды. Өнер иесі 20-дан астам фильмде ойнады. Сонымен қатар бүгін сербиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович 37 жасқа толды. Теннисші - 24 мәрте “Үлкен дулығаны” және 38 рет “Шебер” марапатын жеңіп алған үздіктердің бірі. Ол теннис тарихында 181 миллион доллардан астам жүлделі қаражатқа ие болып, бірінші орында тұр. Сіз кімнің жанкүйерісіз: Новак Джокович әлде Рафаэль Надаль? #күнтізбе #22мамыр #табиғат #тіспастасы
1 4241Loading...
26
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👥 Қазақстан туристік бағыттар бойынша әлемдік тізімде 52-ші орында тұр. Керемет!😍 Сіз еліміздің қандай көрікті жерлерінде болдыңыз? 🗣 “Жас қанат - 2024” байқауының қатысушылары белгілі болды. Өнер жұлдыздарына сәттілік тілейміз!👏🏻 👍 "Салбурын" мен "беташар" дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді👍 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/turist-zhas-anat-m-ralar-21-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #Жасқанат
1 6630Loading...
27
💡💡💡💡💡💡💡 Уақытты дұрыс жоспарлауға арналған ТОП-5 кітап 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды. 📚 Harvard Business Review. “Қалай өнімді бола аламыз”, (Как стать продуктивнее) Harvard Business Review мақалалар жинағы өнімділіктің барлық саласын қамтиды: тек күнді жоспарлау ғана емес, сонымен қатар назар аудару қабілеті, мотивацияны іздеу және артық жұмысқа «жоқ» деп айта алуға үйретеді. Барлығы алты бөлімнен тұратын 34 мақала. Мұнда «Түгендеу», «Күнді жоспарлау», «Көңіл бөлу», «Мотивация» және «Сапарлар» тарауларынан басқа маңыздылығы жоғары – «Демалыс» туралы да айтылады. 📚 Николай Мрочковский, Алексей Толкачев “Экстремалды тайм-менеджмент” (Экстремальный тайм-менеджмент) Бұл уақытты тиімді басқаруды қалыптастырғысы келетіндер үшін таптырмас кітап. Кітаптың оқырманға берер пайдасы көл-көсір. Бұл туындының басты кейіпкері - Глеб есімді орташа жастағы қарапайым адам. Оның өзін-өзі бағалау қасиеті төмен болады. Соған байланысты жұмысы мен жеке өмірінде көптеген мәселемен арпалысып жүреді. Қуанышына орай өміріндегі бұл келеңсіз жайттар ұзаққа созылмайды. Ол сәтсіз сәттердің бірінде табысты кәсіпкер Макспен танысады. Осылайша Макс оның өмірінің өзгеруіне айтарлықтай көмектеседі. Глеб тәлімгері ұсынған әдістерді орындау арқылы мансаптық жолы мен жеке өмірінде үлкен жетістіктерге жете бастайды. Әр тараудың соңында кітап авторлары оқырманға Глебпен бірге орындай алатын үй тапсырмасы түрінде ұсынылған жаттығуларды ұсынады. Макс оқырманға өз мақсаттарын теңдестіруге көмектесетін, 8 секторға бөлінген шеңберден тұратын - "өмір теңгерімі" әдісін ұсынады. Әр сектор- адам өмірінің негізгі саласы ретінде қарастырылады. Олар: ▪️Денсаулық және спорт; ▪️Тұрақты орта, достар; ▪️Отбасы және жеке қарым-қатынас; ▪️Мансап және кәсіп; ▪️Қаржы; ▪️Руханият және шығармашылық; 📚 ШЫНАР ӘДІЛОВА "ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ" Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы — уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі. Заманауи тайм-менеджмент ережелерін оқырман назарына ұсына отырып, оны асыл дініміздің шеңберінде қолдану жолдары беріледі. Сондай-ақ түрлі тұлғалардың уақытты жүйелеу әдістерімен таныстырады. Кітап - уақытына бей-жай қарамайтын барша оқырман қауымға арналады. 📚 Стивен Кови. «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (Семь навыков высокоэффективных людей) Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» (7 Habits Of Highly Effective People) еңбегі – әлемнің 40 тілінде 30 миллион данамен таралған жеке тұлғаның дамуы туралы танымал кітап. Бұл туынды №1 әлемдік бестселлер болып есептеледі. Кітап 4 бөлімнен тұрады. Автор жеке тұлғаның дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін 7 дағдыны атап көрсетіп, әрқайсысын жеке-жеке талдайды. Алғашқы үш дағды адамның өзін-өзі басқару – толық тәуелсіздікке жету жолдары, келесі үш дағды – айналадағы адамдармен өзара қарым-қатынас, соңғы жетінші дағды – адамның өзін және өзгелермен қарым-қатынасын басқара білу қабілетін үздіксіз жетілдіріп отыру тақырыбын қамтиды. Жетістікке жетудің жолы мен өмірлік маңызды негізгі принциптерді атап көрсетіп, кез келген жағдайда дұрыс әрі нақты шешім қабылдаудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. 📚 Франческо Сирильо. “Помодоро әдісі. Уақыт, шабыт және зейінді басқару” (Метод Помидора. Управление временем, вдохновением и концентрацией) Франческо Сирильо – әлемге әйгілі «Помодоро» өнімділік әдістемесін ойлап тапқан адам. Ол өз кітабында күрделі тапсырмаларға назар аударуға әрі оларды кейінге қалдырмауға қатысты кеңестермен бөліседі. Сонымен қатар әрекеттеріңізді жүйелеуге және мақсаттарыңызға жету жолдарын егжей-тегжейлі сипаттайды.
1 49914Loading...
28
💡📆📆📆📆📆 21 мамыр 🌝21 мамыр – Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Бұл - маңызды әрі жауапты жұмыс болуымен қатар, үлкен қабілетті талап етеді. Аталмыш маман иелері ұлттық құндылықтарымызды сақтап, рухани мәдениетімізді байытуға зор үлес қосуда. Сол себепті материалдық игіліктерден бөлек, жанды нәрлендіріп, өмірді үйлесімділік пен мағынаға толтыратын рухани құндылықтар бар екенін әрқашан есте ұстаған жөн. Айта кетейік, сонымен қатар бүгін БҰҰ-ның қамқорлығымен диалог орнатып әрі даму үшін Дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні де аталып өтеді. Таныстарыңыздың арасында мәдениет және өнер қызметкерлері болса, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз! ☕️Бүгін - Халықаралық шай күні. Оның отаны - Қытай мен Мьянма. Әлемдегі ең танымал сусын туралы ақпараттар алғаш рет 5000 жыл бұрын пайда болды. Көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда шай ежелден мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Мұнда шай ішу мен дайындаудың өзіндік дәстүрлері қалыптасқан. Сізге шайдың қай түрі ұнайды? 👍2012 жылы 21 мамырда Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата ауданында Әйтеке би кесенесі ашылды. Әйтеке би Байбекұлы (Айтық) – қазақ халқының бірлігін нығайтып, басын біріктіруде зор үлес қосқан қазақтың ұлы биі. Бұл кесене - бауырлас қазақ пен өзбек халқы арасындағы туыстық, достық қарым-қатынастың жарқын бейнесі. Айта кету керек, Ташкенттің орталығында Өзбекстанда және Қазақстанның бірқатар облысында “Қарлығаш би” атанған атақты Төле бидің кесенесі де орналасқан. 👥1904 жылы 21 мамырда Парижде FIFA құрылды. Халықаралық футбол федерациясы 211 мемлекетті қамти отырып, футбол, шағын футбол және жағажай футболының негізгі басқарушы органы болып келеді. Қазақстан 1994 жылдан бері ФИФА мүшесі болып келеді. Қазір рейтинг бойынша 103-ші орында тұр. Ал ұлттық құрамалар рейтингінің алғашқы үштігіне Аргентина, Франция және Бразилия кіреді. Сіз қай команданың жанкүйерісіз? #күнтізбе #21сәуір #шәй #өнер
1 5092Loading...
💡📰📰📰📰📰📰 Бәріне сәлем! Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️ 👀 Ақтөбелік оқушы тасқын қаупін хабарлайтын құрылғы жасап шығарды. Талапты жастар көбейе берсін!👍 ✍️ Мектептерде емтихан басталды. Барша оқушыға сәттілік тілейміз!🙌🏻 🫶 Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 19-дан 17-орынға көтерілді. Құтты болсын!🔥 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/ryl-y-emtihan-raketa-27-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #ракета
Hammasini ko'rsatish...
👌 1
💡💡💡💡💡💡💡 Қалауыңызға қалағаныңыздай жетуге көмектесетін 20 әдет Кәсіпкер болу кез келген адманың қолынан келе бермейді. Дегенмен өз мүмкіндігіне сене білген әрбір азамат небір сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындыра алады. Егер сіз кәсіпкер болғыңыз келсе, біз ұсынған 30 кеңесті әдетке айналдыруыңыз керек. ◾️ Кітап оқуды жаныңызға серік етіңіз. Кітап оқу арқылы сіз жаңа әлемнің есігін ашасыз. Сәйкесінше ойлау қабілетіңіз артады. Мейлі көркем әдеби, мейлі ғылыми кітап болсын оқуды әдетке айналдырыңыз. Ең маңыздысы оқыған ақпаратты өмірде кәдеге жарату. ◾️Жаңалықтар легінен хабардар болыңыз. Жетістікке жеткен табысты адамның образынан өзіңізді көргіңіз келсе, әлем жаңалықтарынан, сонымен қатар сіздің қызығушылығыңызға байланысты қандай жаңалықтар болып жатқаны туралы хабардар болып отырыңыз. Білім — бұл баға жетпес байлық. ◾️Жаңа орта жаңа таныс табудан ешқашан бас тартпаңыз. Бұл жерден сіз өміріңізді жақсы жағына өзгертетін себептердің пайда болуына мүмкіндік табасыз. ◾️Жаңа технологиялар туралы біліңіз. Заманауи технологиялар кез келген сұрақтың жауабын шешуге көмектесіп, кез келген тығырықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан жаңа технологиялар жайлы біле жүріңіз. Сіздің рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Жаныңызға жақын іспен айгалысыңыз. Тек қана қауырт жұмыспен шектелмей жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Бұл рухани тән саулығыңыздың кепілі. ◾️Сарапшы ретінде кеңес бере отырыңыз. Сарапшы ретінде, кеңесші ретінде сізден кейінгілерге білгеніңізбен бөлісу, сіздің біліміңіздің арттырып,кәсіп саласында жоғары статаус қалыптастыруыңызға себеп болады. ◾️Қоғамға пайдаңыз тисін. Тек жеке пайдасын ойлаған адамның жетістікке жете бермейтіні түсінікті. Сол себепті, жақсылық пен мейірімділіктің артынан міндетті түрде шуақты күндер күтіп тұрғанын есіңізден шығармағайсыз. ◾️Командаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы болсын. Командаңыздағы ара-қатынас мейлінше ашық болсын. Сұрақтар мен пікірлерге, талқылауларда ойларын ашық жеткізу үшін қамқорлық танытыңыз. ◾️Барлық істе шешімнің болатыны белгілі. Барлық іске сыни тұрғыдан қарай отырып, оны жақсарту үшін мүмкіндіктер іздеңіз. ◾️Медитация жасаңыз. Белгілі бір уақыт аралығында медитация жасауды әдетке айналдырыңыз. Бұл ақыл-ойды тазартуға, стрессті азайтуға және фокустауға көмектеседі. ◾️Нәтижелі, өнімді жұмыстың кепілі ұйқы. Сегіз сағаттық ұйқы сізді физикалық және эмоционалды жағынан сергек сезінуге мүмкіндік береді. ◾️Дұрыс тамақтаныңыз. Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтаудың басты шарты. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. ◾️Дене жаттығуларымен айналысыңыз. Бұл сіздің сергек әрі сенімді жүруіңізге көмектеседі. Спорт — денсаулық кепілі. ◾️Ақыл-ой үшін жаттығу жасаңыз. Миды жаттықтыруға арналған ойындар мен басқатырғыштар арқылы сыни ойлауды, есте сақтау қабілетін дамыта аласыз. ◾️Өзіңіздің жеке басыңыздағы маңызды сәттерге де уақыт бөліңіз. Себебі осындай көңілге қуаныш сыйлайтын сәттер сізге өмірлік мотивация беруі мүмкін. ◾️Кез келген жағдайға бейімделіңіз. Әрбір ситуацияға түсінікпен қараңыз. Сіздің жоспарларыңыз кенеттен өзгеріп, келеңсіз жайттар немесе сіз күтпеген тосын сыйлар орын алуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да сабырлық танытып, түсіністікпен қараңыз. Адамның басына сынақ кез келген уақытта түседі. ◾️Сала таңдаудан қателеспеңіз. Сала таңдау барысында, «сіз сол кәсіпте өзіңізді елестете аласыз ба? бұл кәсіп түрі қаншалықты жақын?» осы сұрақтардың шешімін қарастырыңыз. ◾️Аузыңыздан шыққан әрбір сөзге сақ болыңыз. Сіз осы серіктесіңіз бен қарапайым әңгіме барыснда тиянақты сөйлей білсеңіз оның сенімінен шығып, маңызды жобаларды бірге атқару мүмкіндіктеріңіз артады. ◾️Жаңа хобби іздеңіз. Естеріңізге сала кетейік, бұл ынта-жігер әр кәсіпкердің табысының кілті. Мүмкіндігінше көптеген салаларға қызығушылық танытуға тырысыңыз. ◾️Клиентке барынша көңіл бөліңіз. Сіздің клиенттеріңіз — сіздің бизнесіңізді жасайтын адамдар. Жасап отырған жұмысыңыз, алдымен сіздің қызыметіңізді тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруы керек екенін басты назарда ұстаңыз. #қазынакеңес
Hammasini ko'rsatish...
🤩 4👌 3😍 1
💡📆📆📆📆📆 27 мамыр 🌝Бүгін батыл шешімдер қабылдау күні. Көптеген адам не қалайтынын біледі, бірақ оны жүзеге асыру үшін нақты бір қадам жасауға қорқып жатады. Ал батыл шешім күтпеген жерден келеді. Өкінішке қарай, ол әрқашан дұрыс әрі оңтайлы нәтижесін бере бермейді. Бірақ тағдырдың берген мүмкіндігін, өз уақытында пайдалану маңызды. Сондықтан бұл - өзгеріске жол ашатын, шабыттандырушы күн. Есіңізде болсын, кез келген істе өкініш сезімі орын алмас үшін оны міндетті түрде жасап көріңіз. Сабақты ине сәтімен екенін жадыңыздан шығармаңыз! 🌱1992 жылы 27 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ есімімен аталған ауылда спортшының ескерткіші ашылды. Балуан Шолақ (1864-1919) балалық шағында оң қолының саусақтары болмаса да, асқан күшімен ерекшеленіп, шебер күрескен. Оның Севр мен Каронды жеңгені әлі күнге дейін ел аузында. Сондай-ақ бала кезінен өнерге жақын болып, ән айтып, домбырада ойнады. Тіпті шығармалары “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына енді. Сәбит Мұқановтың “Балуан Шолақ” кітабында айтыскер ақынның өмір жолы жақсы баяндалған. Сіздің қалаңызда Балуан Шолақ есімімен аталған көше не ғимараттар бар ма? 🐟Бүгін балық әуесқойлары майшабақ күнін атап өтеді. Арнайы құтыға салынған майшабақтар (шпроты) алғаш рет 1890 жылы 27 мамырда Ригада пайда болды. Мұндай балықтардың дәмі тіл үйіреді. Сонымен қатар құрамында ағзаға пайдалы дәрумендер де бар. Атап айтатын болсақ, ақуыз, пайдалы май, А, В1, В2, Е дәрумендері, фосфор, хром және кальций. Ал құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері бойынша ет өнімінен кем түспейді. Аталмыш өнімде жоғары калория болғандықтан, ол диета ұстап жүрген адамдарға жарамайды. Сізге қай балық түрі ұнайды: майшабақ әлде килька? 👥27 мамырда өмірге келген атақты адамдар. Бүгін “Бәйтерек” ұлттық дәстүрлі театрының негізін қалаушы, жазушы-ғалым Мырзатай Жолдасбеков 87 жасқа толды. Оның ғылыми еңбектерінде Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа да елдерде жарық көрген халық ақындары жырларының мағыналық сұлулығы жүйеленіп ашылған. Сондай-ақ ол түркі рунологиясы бойынша іргелі зерттеу жұмысының авторы. Осы еңбегі үшін “Күлтегін” атындағы сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар бүгін ағылшын аспазшысы, ресторатор және тележүргізуші Джейми Оливер 49 жасын атап өтеді. Ол танымал аспаздық кітаптардың авторы әрі бүкіл әлем бойынша мейрамханалар желісінің иесі. Әлемдегі ең танымал аспаздың байлығы 240 миллион долларға бағаланады. Сіз Джейми Оливердің хабарын тамашалайсыз ба? #күнтізбе #27мамыр #балық #шешім
Hammasini ko'rsatish...
👍 4👌 2
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Менің атым Қызболсын” атты комедия фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/iifK9x_rtxg #комедия #МеніңатымҚызболсын #мужчины #қазақстан #жұлдыздар #женщины #кино #актер #үйдежатпа #мир #адам #фильм
Hammasini ko'rsatish...
Ұлболсын емес, Қызболсын | Кинообзор | Қазақша кино шолу | Менің атым Қызболсын

👌 6👍 1🐳 1
💡📆📆📆📆📆 26 мамыр 🤝Мамыр айының соңғы жексенбісі Қазақстанның химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Химиялық білімді дұрыс пайдалану адамзатқа қазіргі заманның ең маңызды мәселелерін, соның ішінде азық-түлік, энергетика, экология салаларын шешуге мүмкіндік береді. Бұл мереке әртүрлі мамандықтағы адамдарды – технологтарды, инженерлерді, экологтарды, ғалымдар мен зерттеушілерді, фармацевтерді, радиохимиктер мен химия өнеркәсібін зерттеуге арнағандардың басын қосады. Егер таныс химиктеріңіз болса, оларды мерекемен құттықтаңыз! ✍️1856 жылы 26 мамырда Шоқан Уәлиханов “Көкетай ханның асы” аңызының бір бөлігін қағазға түсіреді. Бұл күн “Манас” эпосының алғашқы жазбасы ретінде тарихқа енді. Ғалым эпосқа “Манас” – ежелгі даланың “Илиадасына” ұқсас қырғыз мифтері мен аңыздарының энциклопедиясы” деп баға берді. Қазіргі уақытта “Манас” эпосы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы жауһарларының тізіміне, сондай-ақ әлемдегі ең көлемді эпопея ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. “Манас” эпосын дамытуға жазушы Мұхтар Әуезов пен академик Әлкей Марғұлан да үлес қосты. 💃26 мамыр - Дүниежүзілік қызғылт сары шашты адамдар күні. Жер бетіндегі 1-2% адам сепкілге, ақшыл теріге, қызыл-қызғылт сары немесе қоңыр шашқа ие. Мұндай адамдар күн сәулесі аз болатын аймақтарда жиі кездеседі. Қазақтардың арасында да қызғылт сары адамдар бар. Ең танымал қызыл шашты тұлғаларға - Шыңғысхан, Кристофер Колумб, Леонардо да Винчи және Джордж Вашингтон жатады. Сіздің ойыңызша ерте заманда қазақтардың көк көзді, аққұба болғаны рас па? 👥26 мамыр - қос тұлғаның туған күні. 96 жыл бұрын “Өлім дәрігері” деген атпен танымал америкалық дәрігер Джек Кеворкиан (1928-2011) дүниеге келді. Ол науқастарға улы дәрі-дәрмек беріп, олардың өлуіне себепші болатын “өзін-өзі өлтіру машинасын” құрастырды. Оны өзіне қол жұмсағысы келетін 130-дан астам науқас қолданды. Алайда оның идеясын дәрігерлер мен билік өкілдері айыптап, медициналық лицензиясынан айырады. Осылайша ол “адам өлтірді” деген айып арқалады. Содан соң бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар бүгін кино және театр саханасында талай рөлді сомдаған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектемір 74 жасқа толды. Оны “Ағайынды” сериалындағы Ерсайна ретінде танитын шығарсыз. Актердың қатысуымен өткен соңғы туынды – “Құнанбай”. Өнер иесі кәсіби және мемлекеттік сыйлықтардың иегері. #күнтізбе #26мамыр #шаш #химия
Hammasini ko'rsatish...
👌 4🤩 2👍 1
💡🎞🎞🎞🎞🎞 Бүгінгі кино шолуымыз “Соңғы үкім” атты драма фильміне арналады. Жіберіп алмаңыз! Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤ https://youtube.com/shorts/5kfmdrdlUks #драма #Соңғыүкім #ахмет #қазақстан #жұлдыздар #қазақ #кино #актер #үйдежатпа #алаш #адам #фильм
Hammasini ko'rsatish...
Ахмет Байтұрсынұлы туралы қазақстандық фильм! | Соңғы үкім | Қазақша кино шолу | Ахмет Байтурсынов

6 1👌 1
💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆 Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. АЛМАТЫ: 🤩"Тыныш бөлме" көрмесі Бұл көрмеде әр адам тұрмыстық әрі гендерлік зорлық-зомбылықпен күресудің және зардап шеккендерді қолдаудың маңызы туралы ойлана алады. Мұнда ұсынылған әр жұмыста журналистердің нақты материалдарына сілтемелер көрсетілген. Астарлы әрі жасырын дүниені көріп-есту үшін көрмеге қосылыңыз. Орналасқан жері: Efes Art Space, ш / а. Керемет, д. 3/1 Күні:25 және 26 мамыр, 10: 00-19: 00 🤗Қазақ композиторларының классикалық музыкасының алғашқы жастар альбомының тұсаукесері Альбомды жазуға қазақ композиторларының белгілі шығармаларын орындаған “Zarina Altynbayeva Youth Music Competition” балалар байқауының лауреаттары қатысты. Тұсаукесер аясында осы жас музыканттардың қатысуымен арнайы концерт өтеді. Орны: Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем - 3, 22/1 ш / а Күні: 26 мамыр, 14: 00 🤯Тэоман Хостың графикалық жұмыстарының көрмесі Суретші ұсынылған туындыларында дүние құмарлықтарын, соғыстар мен диктатураларды, құдайлық пен адамдық туралы ойлайды. Ол қарапайым материалды таныс бейнелерге айналдырып, сөздерін ағашқа бейнелейді. Орналасқан жері: Oner Coner, Шевченко көшесі, 51 Күні: 25 және 26 мамыр, 14: 00-21:00 🎼"Музыкалық барахолка" жәрмеңкесі Мұнда музыканттар мен әуесқойлар қажет емес музыкалық және дыбыстық жабдықтарды айырбастап, сатып ала алады. Мүмкіндік болса, жайлы жағдайда әуезді ән тыңдап, заттарды ұстап, жай ғана әңгіме-дүкен құруға да болады. Сол себепті қажетті аспаптарды, педальдарды және басқа да құрал-жабдықтарды әкелуіңізге мүмкіндік бар. Әсіресе, үлкен құралдарды фотосуреттермен ауыстыруға болады. Орны: Бәрібаевтағы 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36 Күні: 26 мамыр, 16:00 ☀️"Ауырмайды" экокөрмесі Көрме мақсаты қоршаған ортаға аз да болса үлес қосудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Ашылу барысында эко-дүкендерді, орман атмосферасын, шеберлік сабақтарын, іс-шараларды, әндер мен билерді тамашалауға мүмкіндік бар. Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101 Күні: 25 және 26 мамыр, 16:00-22: 00 АСТАНА: 💫Лейла Махаттың "MENMIN" атты жеке көрмесі Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 Күні: 25 және 26 мамыр, 10:00 - 20:00 Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!
Hammasini ko'rsatish...
👌 4👍 2 1 1
💡📆📆📆📆📆 25 мамыр 👨‍👩‍👧‍👦Бүгін - Халықаралық хабарсыз кеткен балалар күні. Иә, қандай да бір отбасы мүшесінің із-түссіз жоғалуы - жақындары үшін қайғылы жағдай. Соның ішінде баланың ғайып болуы - ең үлкен қасірет. 1979 жылы 25 мамырда алты жасар америкалқ мектеп оқушысы Эвиан Пэйтес үйіне қайтар жолда жоғалып кетеді. Оны табу мүмкін болмайды. 4 жыл өткеннен кейін Америка Құрама Штаттарының Президенті бұл күнді 1997 жылдан бастап халықаралық деңгейде атап өтуді ұсынады. Осылайша “25 мамыр - жоғалған балалардың ұлттық күні” деп жарияланды. Әлемде миллиондаған бала белгісіз себеппен жоғалып жатыр. Өкініштісі, жыл сайын олардың саны артып келеді. Іздеу статистикасы бойынша Қазақстанда жыл сайын 250-ге жуық бала жоғалады екен. Өзіңізге және балаларыңызға абай болыңыз! 👀25 мамыр - Дүниежүзілік қалқанша безі күні. Бұл мүше гормоналды тепе-теңдікті сақтап, зат алмасуды реттейді. Сонымен қатар жүйке жасушаларының қалыптасуына қатысады. Әлем тұрғындарының 10% -дан астамы қалқанша безі ауруынан зардап шегеді. Алайда көпшілігі бұл жайында хабарсыз. Қалқанша безі ауруларының көпшілігі ағзадағы йод жетіспеушілігімен байланысты болып келеді. Сондықтан күнделікті өмірде белгілі бір мөлшерде йодты (150-200 мг) қабылдау арқылы аталмыш аурудан алдын алуға болады. Дұрыс тамақтаныңыз, белсенді өмір салтын ұстаныңыз және деніңіз сау болсын! 🌧25 мамырда Алматыда субұрқақ күні аталып өтеді. Қалада ең алғашқы субұрқақ 1948 жылы пайда болды. Уақыт өте келе оның саны арта бастады. 25 мамыр күні кешкі уақытта мерекеге орай қаладағы барлық субұрқақ бір уақытта қосылады. Бүгінгі күнге дейін Алматыда 150 субұрқақ орнатылса, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздік мақсатында субұрқақтарда шомылуға қатаң тыйым салынады. Сіздің Алматыдағы ең сүйікті субұрқағыңыз қай жерде орналасқан? 👥25 мамырда өмірге келген атақты тұлғалар. Бүгін ирландиялық актер Киллиан Мерфи 48 жасқа толды. Мансап жолында ол 50-ден астам фильмде ойнады. Оның ішінде “Острые козырьки”, “Темный рыцарь” және “Начало” фильмдерін ерекше атап өтуге болады. Өнер иесі көптеген кәсіби марапаттың иегері. Сонымен қатар бүгін қазақ әншісі Луина да 37 жасқа қадам басты. Луина Каринбаеваның мансабы 2010 жылы X Factor музыкалық таланттар байқауынан басталды. Содан бері ол көптеген кәсіби марапаттарға ие болып, ал бейнебаяндары миллиондаған қаралым жинап келеді. Луинаның қай әні ұнайды? #күнтізбе #25мамыр #фонтан #балалар
Hammasini ko'rsatish...
👍 3 2👌 1
💡📰📰📰📰📰📰 Кеш жарық, қыздар мен жігіттер! Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️ 🎬 Әлихан Бөкейханов туралы толықметражды фильмнің түсірілімі басталды. Бәріміз туындының көпке таралуына үлес қосайық!🔥 😇 Биыл 186 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Бітіруші түлектерге сәттілік тілейміз!👍 🥳 Осы жылы алты мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Құтты болсын!👏🏻 👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇 https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/andas-film-o-ushy-24-mamyrdy-top-zha-aly-tary/ #новости #жаңалықтар #елденеболды #оқушы
Hammasini ko'rsatish...
👍 7 2🤩 1👌 1

👍 4 2🔥 2