uz
Feedback

Firibgarlarga uchmang! Telemetrio bunday kanallarni topadi va belgilaydi 👉 Belgini ko‘rmoqchi bo‘lsangiz, obuna bo‘ling

«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясы

Kanalga Telegram’da o‘tish

«Әділет» партиясының ресми парақшасы Official account of the «Әділет» Party Официальная страница партии «Әділет» Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot https://adilet-partiyasy.kz

Ko'proq ko'rsatish
Mamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan

📈 Telegram kanali «Әділет» партиясы analitikasi

«Әділет» партиясы (@adilet_partiyasy) kanali faol ishtirokchi. Hozirda hamjamiyat 31 059 obunachidan iborat bo'lib, Boshqa toifasida -o'rinni egallagan.

📊 Auditoriya ko‘rsatkichlari va dinamika

невідомо sanasidan buyon loyiha tez o‘sib, 31 059 obunachiga ega bo‘ldi.

07 Noyabr, 2026 dagi oxirgi ma’lumotlarga ko‘ra kanal barqaror faollikka ega. Oxirgi 30 kunda obunachilar soni -8 586 ga, so‘nggi 24 soatda esa 1 060 ga o‘zgardi va umumiy qamrov yuqori darajada qolmoqda.

  • Tasdiqlash holati: Tasdiqlanmagan
  • Jalb etish (ER): Auditoriya o‘rtacha 2.83% darajada jalb etiladi. Nashrdan keyingi dastlabki 24 soatda kontent odatda umumiy obunachilar sonining 8.50% ini tashkil etuvchi reaksiyalarni to‘playdi.
  • Post qamrovi: Har bir post o‘rtacha 930 marta ko‘riladi; birinchi sutkada odatda 2 791 ta ko‘rish yig‘iladi.
  • Reaksiyalar va o‘zaro ta’sir: Auditoriya faol: har bir postga o‘rtacha 24 ta reaksiya keladi.

📝 Tavsif va kontent siyosati

Muallif resursni shaxsiy fikrni ifoda etish maydoni sifatida ta’riflaydi:
“«Әділет» партиясының ресми парақшасы Official account of the «Әділет» Party Официальная страница партии «Әділет» Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot https://adilet-partiyasy.kz”

Yuqori yangilanish chastotasi (oxirgi ma’lumot 08 Noyabr, 2026 da olingan) sababli kanal doimo dolzarb va katta qamrovli bo‘lib qoladi. Analitika auditoriya kontent bilan faol hamkorlik qilishini, uni Boshqa toifasidagi muhim ta’sir nuqtasiga aylantirishini ko‘rsatadi.

31 059
Obunachilar
+1 06024 soatlar
+7 4417 kun
-8 58630 kun
Postlar arxiv
Repost from AstanaTV
🔥 ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ДЕПУТАТТАР ӨНДІРІС ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ / ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракцияс
🔥 ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ДЕПУТАТТАР ӨНДІРІС ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ / ӘDІLЕТТІҢ 111+ ШЕШІМІ Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракциясының мүшелері Саран қаласындағы Tengri Tyres кәсіпорны мен Теміртаудағы Qarmet комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы арқау болды. Tengri Tyres зауытында Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракциясының мүшелері – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Александр Данилов пен Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі Айсұлу Сүлеймен еңбек ұжымымен кездесті. 🔴 Ал Qarmet еңбек ұжымымен тілдесуге ҚР Құрылтай депутаттары, «Әділет» фракциясының мүшелері – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ пен Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің мүшесі Вадим Басин қатысты. Өндіріс цехтарында салынып жатқан нысандар таныстырылды. Депутаттар Президент Жолдауында белгіленген міндеттердің кәсіпорындардың дамуы мен жергілікті тұрғындардың өміріне ықпалын талқылады. 🔥 Толық нұсқасын арнамыздың YouTube каналынан көре аласыздар.

Депутаттар қызметіндегі жаңа технологиялар Деректердің дұрыстығын тексеру, құжаттарды талдау және заңнамамен жұмысты жеңілдету. «Әділет» партиясының AI зертханасында цифрлық технологияларды депутаттар қызметінде қолдану жолдары талқыланды. Осы мақсатта қазір екі ЖИ агенті әзірленіп жатыр. Жиында заң нормаларын цифрлық жүйелерге бейімдеу және олардың заңға сай қолданылуын қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. • Новые технологии в работе депутатов Проверка фактов, анализ документов и работа с законами - искусственный интеллект может упростить эти процессы. В AI-лаборатории партии «Әділет» обсудили применение цифровых технологий в депутатской работе. Сейчас разрабатываются два ИИ-агента. Они должны помочь в обработке информации и работе с законодательными нормами. Участники также рассмотрели, как адаптировать законы для цифровых систем и обеспечить корректное применение норм. #қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Жерасты суы, газ қауіпсіздігі, азаматтардың құқығы: «Әділет» депутаттары қандай мәселелерді көтерді? Құрылтайдың кезекті отырысында «Әділет» фракциясының депутаттары Үкіметке бірқатар сауал жолдады. Олар жерасты суын тиімді пайдалану, газ жабдықтарының қауіпсіздігі, цифрлық платформаларда жұмыс істейтін азаматтардың құқықтарын қорғау және жәбірленушілерге өтемақы төлеу мәселелерін көтерді. Сондай-ақ ашық құдықтардың қауіпсіздігі мен қала инфрақұрылымын дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #дайджест_құрылтай

Құрылтайдағы қоғамдық қабылдау: Өткен айда 183 азаматтың өтініші қаралды Қазан айында «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері 183 азаматты онлайн және офлайн форматта қабылдады. Азаматтар негізінен қылмыстық және азаматтық істерге, тергеу барысы мен сот шешімдеріне қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ баспана, үлескерлердің құқықтары, жер қатынастары, әлеуметтік көмек, зейнетақы, денсаулық сақтау және білім беру салалары бойынша жүгінді. Нәтижесінде 170 азаматқа тиісті түсініктеме беріліп, 11 өтініш бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарына хаттар мен сұраулар жолданды. Тағы екі азамат үшін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінде жеке қабылдау ұйымдастырылды. Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша жұмыс жалғасуда. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #қоғамдық_қабылдау #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Жерасты су қорын барлау және бағалау: Бюджет қаражаты тиімді жұмсалуға тиіс Елімізде иесіз, апаттық және өздігінен төгілетін 2256 гидрогеологиялық ұңғыма бар. Олардың су ысырабына және қоршаған ортаға келтіретін зиянына қатысты мәселені Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Бота Елеусізова Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған депутаттық сауалында көтерді. 🗣 Оның айтуынша, иесіз және апаттық жағдайдағы ұңғымаларды жою мен консервациялау жұмысын жеделдетіп, олардың бірыңғай цифрлық тізілімін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ депутат жерасты су қорын барлау және бағалау жұмысына бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне талдау жүргізуді сұрады. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Цифрлық платформа: Техникалық ақау тығырыққа тіремеуге тиіс Цифрлық платформалардағы жаппай техникалық ақауларға назар аудару жөніндегі ведомствоаралық жоспар әзірлеу керек. Бұл туралы Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Гүлзира Атабаева Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтты. 🗣 Оның пікірінше, Yandex Go сервисіндегі техникалық ақау салдарынан такси жүргізушілері мен курьерлер тапсырыс қабылдап, табыс табу мүмкіндігінен уақытша айырылды. Осыған байланысты, депутат цифрлық платформа операторларымен бірлесіп, ұзаққа созылған ақаулар кезінде орындаушыларды қорғаудың практикалық тетіктерін пысықтау қажет екенін мәлімдеді. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Ашық жатқан құдықтар: балалардың қауіпсіздігіне кім жауапты? Биыл елімізде балалардың ашық құдыққа құлап кетуіне қатысты 7 жағдай тіркелді. Бұл туралы Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсадық Ергешбек Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтты. 🗣 Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, анықталған ашық люктер саны 2021 жылы 126-дан, 2025 жылы 356-ға дейін өсті, ал 2026 жылы 9 айда тағы 276 әкімшілік іс тіркелді. Осыған байланысты, депутат бірыңғай жауапкершілік ережелерін белгілеуді және меншік иесі туралы ақпараты бар құдықтардың цифрлық тізілімін жасауды, сондай-ақ ел аумағында «Қауіпсіз құдық» науқанын ұйымдастыруды ұсынды. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Партия «Әділет» выступает за повышение выплат из Фонда компенсации потерпевшим   Согласно сведениям Министерства финансов, с июля 2018 года по июль 2026 года в Фонд компенсации потерпевшим поступило более 9 млрд тенге, однако выплачено было лишь около 855 млн тенге примерно 5 500 пострадавшим. Об этом заявила депутат фракции партии «Әділет» Снежанна Имашева в своем запросе, адресованном Генеральному Прокурору, министрам внутренних дел и финансов.     🗣 По словам депутата, в работе Фонда имеется ряд нерешенных вопросов. Остаток на контрольном счете составляет 8,5 млрд тенге, что может свидетельствовать о слабой информированности людей о своем праве на помощь. Кроме того, текущий размер выплат от 30 до 50 месячных расчетных показателей требует увеличения для адекватного покрытия расходов на лечение и реабилитацию. Еще одной проблемой является долгое ожидание денег из-за отсутствия единой цифровой платформы, а также низкий уровень взыскания уже выплаченных средств с самих осужденных в регрессном порядке.     Для исправления ситуации партия «Әділет» предлагает автоматизировать процесс назначения и осуществления выплат на базе Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры. По мнению С. Имашевой, необходимо провести комплексный анализ работы Фонда, увеличить размер компенсаций, создать единую цифровую платформу для оперативного информирования получателей и усовершенствовать механизм регрессных исков к виновным лицам.   #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Как партия «Әділет» планирует остановить хаотичную застройку В Казахстане более 64% населения живет в городах. Но процессы урбанизации идут хаотично и несбалансированно. Мегаполисы стремительно обрастают «человейниками» без школ и поликлиник. В это же время малые города пустеют из-за нехватки рабочих мест. 🗣 Депутат фракции партии «Әділет» Юлия Кучинская предлагает план действий. Главное правило: заселение новых ЖК разрешать только после сдачи дорог и соцобъектов. Новые учреждения и вузы необходимо выносить на периферию. Для разгрузки мегаполисов нужно запустить скоростные пригородные электрички. Также партийцы требуют справедливо распределять бюджеты и развивать инфраструктуру агломераций. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

Как партия «Әділет» планирует остановить хаотичную застройку В Казахстане более 64% населения живет в городах. Но процессы урбанизации идут хаотично и несбалансированно. Мегаполисы стремительно обрастают «человейниками» без школ и поликлиник. В это же время малые города пустеют из-за нехватки рабочих мест. Депутат фракции партии «Әділет» Юлия Кучинская предлагает план действий. Главное правило: заселение новых ЖК разрешать только после сдачи дорог и соцобъектов. Новые учреждения и вузы необходимо выносить на периферию. Для разгрузки мегаполисов нужно запустить скоростные пригородные электрички. Также партийцы требуют справедливо распределять бюджеты и развивать инфраструктуру агломераций. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Газ жабдықтарын қағаз жүзінде тексеруді доғару керек «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңда газ жабдықтарына міндетті техникалық қызмет көрсету көзделгенімен, кейбір ұйымдар нақты жұмыс атқармай, тексеруді қағаз жүзінде рәсімдеп, тұрғындардан ақы алумен шектеледі. Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Бегалы Ералиев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. 🗣 Депутаттың айтуынша, кейінгі бес жылда табиғи газды пайдалану кезінде көгілдір отын исінен 1337 адам зардап шегіп, оның 294-і көз жұмды. Газ жабдықтарына қызмет көрсететін ұйымдардың жұмыс сапасы мен алынатын төлемдердің негізділігіне талдау жүргізіп, формалды тексерулердің алдын алу және нақты атқарылған жұмыстарды растау тетіктерін күшейту қажет. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

⏺ Жолдау: Депутаттар ұлттық жаңғыру бағдарламасына қолдау білдірді Қазақстан Республикасының Құрылтайы Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын толық қолдайды және оны заңнамалық, сараптамалық және қоғамдық тұрғыда ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмылдырады. Бұл туралы Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым мәлімдеді.
«Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр», – деді депутат.
#қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

Жолдау: Технологиялық жаңғыру қадамы халықтың табысын арттырады Президент Жолдауында энергетикалық дербестік пен транзиттік тасымалды арттыру, ауыл шаруашылығын жандандырып, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық орталығына айналдыру сияқты кешенді мақсаттар белгіленді. Осы қадамдарға Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым тоқталды.
«Президент цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту бағытында нақты шаралар бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Технологиялық жаңғыру еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және халықтың табысын өсіруге әсер етеді», – деді депутат.
#қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

Қоғамдық тамақтандыру: Сараптамадан өтпеген өнімдерге шектеу қойылады Қоғамдық тамақтандыруға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы белгіленген нысандардан тыс жерде союға тыйым салынады. Бұл туралы Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Бота Елеусізова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жасаған баяндама барысында айтты. 🗣 Депутаттың айтуынша, ветеринариялық сараптамадан және сою алдында қарап-тексеруден өтпеген өнімдер мен шикізатты қоғамдық тамақтандыруда пайдалануға шектеу қойылады. Өнім қауіпсіздігін арттыру үшін өнімді жануарларға адамдарды емдеуге арналған антибиотиктер мен өсу стимуляторларын қолдануға тыйым салынады. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #депутаттық_сауал #ӘділеттіҚазақстан

Банк капиталын экономикаға қалай бағыттап, бизнеске ұзақ мерзімді қаржыландыруды қолжетімді етуге болады? Бұл мәселе «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің қаржы және сақтандыру жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Қатысушылар инвестиция тарту мен отандық кәсіпорындарды қолдаудың жаңа тетіктерін қарастырды. • Как направить банковский капитал в экономику и сделать долгосрочное финансирование доступнее для бизнеса? Эти вопросы обсудили на первом заседании Отраслевого совета по финансам и страхованию Делового совета партии «Әділет». Участники встречи рассмотрели новые механизмы привлечения инвестиций и поддержки отечественных предприятий. #Жолдау_2026 #Послание_2026 #қазақстан #әділетпартиясы

«Bir Tolqynda»: Жастар «Әділет» партиясы алаңында Президент Жолдауын талқылады «Әділет» партиясының жастар қанаты «Bir Tolqynda» диалог алаңын ұйымдастырды. Оның барысында Президент Жолдауында айқындалған маңызды міндеттер талқыланды. Басқосуға Құрылтай депутаттары, партия өкілдері және 150-ге жуық белсенді жас қатысты. Диалог алаңы Президент Жолдауындағы міндеттерді жастарға түсіндіріп қана қоймай, олардың ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салуға мүмкіндік берді • «Bir Tolqynda»: молодежь обсудила Послание Президента на площадке партии «Әділет» Молодёжное крыло партии «Әділет» организовало диалоговую площадку «Bir Tolqynda», посвящённую ключевым задачам, обозначенным в Послании Президента. Во встрече приняли участие депутаты Курултая, представители партии и около 150 активных молодых людей. Участники обсудили основные положения Послания, а молодежь получила возможность не только узнать подробнее о поставленных задачах, но и представить собственные предложения и инициативы. #Жолдау_2026 #Послание_2026 #қазақстан #әділетпартиясы