fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

«Әділет» партиясы

«Әділет» партиясы

رفتن به کانال در Telegram

«Әділет» партиясының ресми парақшасы Official account of the «Әділет» Party Официальная страница партии «Әділет» Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot https://adilet-partiyasy.kz

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است

📈 تحلیل کانال تلگرام «Әділет» партиясы

کانال «Әділет» партиясы (@adilet_partiyasy) بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 26 417 مشترک است و جایگاه را در دسته متفرقه دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 26 417 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 29 اکتبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -22 009 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -409 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 3.38% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 2.28% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 893 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 601 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 29 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
“«Әділет» партиясының ресми парақшасы Official account of the «Әділет» Party Официальная страница партии «Әділет» Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot https://adilet-partiyasy.kz”

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 30 اکتبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته متفرقه تبدیل کرده‌اند.

26 417
مشترکین
-40924 ساعت
-4 3727 روز
-22 00930 روز
آرشیو پست ها
Жолдау: Қала инфрақұрылымының цифрлық сыңары әзірленуге тиіс Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қала ресурсын тиімді басқару үшін Үкімет әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын көп ұзамай әзірлеуге тиіс екенін мәлімдеді.
«Қалалардың қауіпсіз, жайлы, көрікті болуына басымдық, яғни приоритет ретінде қарай отырып, бұл істі аса маңызды мемлекеттік міндет деп қабылдау керек. Бұл – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасына толық сай келетін талап», – деді Президент.
#Жолдау_2026 #Послание_2026 #қазақстан #әділетпартиясы #Таза_Қазақстан

В Послании народу Казахстана Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что цифровизация должна открывать новые возможности для граждан и способствовать развитию экономики. До конца 2026 года Правительству предстоит сформировать упрощённый правовой режим цифровой занятости. Главная задача - сделать цифровые технологии доступным инструментом труда и предпринимательства, открывающим новые возможности для каждого гражданина. #Жолдау_2026 #Послание_2026 #қазақстан #әділетпартиясы

🇰🇿 2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.
«Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге белсенді түрде кірісеміз. Жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастаймыз», – деді Президент.
#Жолдау_2026 #Послание_2026 #қазақстан #әділетпартиясы

📌 Депутатқа 5 сұрақ | Әбілхайыр Тамабек «Әділет» партиясының баспасөз қызметі Құрылтай депутаттарының қызметі мен өмір жолын таныстыратын «Депутатқа 5 сұрақ» айдарын жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Әбілхайыр Тамабек. Депутат мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы, өзі атсалысып жүрген Заң жобалары мен оларды қарауда басшылыққа алатын қағидалары туралы айтты. Сондай-ақ Құрылтайда алдағы уақытта көтеруі мүмкін мәселелерге тоқталды. Толығырақ – бейнероликте ⤴️ . 📌 Депутатқа 5 сұрақ | Абулхаир Тамабек Пресс-служба партии «Әділет» продолжает рубрику «Депутатқа 5 сұрақ», посвященную деятельности и жизненному пути депутатов Курултая. Депутат рассказал о своём опыте работы на государственной службе, законопроектах, над которыми сейчас работает, и принципах, которыми руководствуется при их рассмотрении. Кроме того, он поделился тем, какие вопросы планирует поднять в своих депутатских запросах в Курултае. Подробнее – в новом выпуске ⤴️ #Депутатқа_5_сұрақ #Қазақстан #Құрылтай #әділетфракция #фракцияадилет

📌 Депутатқа 5 сұрақ | Әбілхайыр Тамабек «Әділет» партиясының баспасөз қызметі Құрылтай депутаттарының қызметі мен өмір жолын таныстыратын «Депутатқа 5 сұрақ» айдарын жалғастырады. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Әбілхайыр Тамабек. Депутат мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы, өзі атсалысып жүрген Заң жобалары және жер телімін алу кезегін жылжыту мәселесіне қатысты депутаттық сауалы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Заң жобаларын қарау кезінде ұстанатын қағидаларына тоқталды. Толығырақ – бейнероликте ⤴️ . 📌 Депутатқа 5 сұрақ | Абулхаир Тамабек Пресс-служба партии «Әділет» продолжает рубрику «Депутатқа 5 сұрақ», посвященную деятельности и жизненному пути депутатов Курултая. Героем нового выпуска стал Абулхаир Тамабек. Депутат рассказал о своей карьере на государственной службе, работе над законопроектами и депутатском запросе, касающемся очереди на получение земельных участков. Также он объяснил, какими принципами руководствуется при рассмотрении законопроектов. Подробнее – в новом выпуске ⤴️ #Депутатқа_5_сұрақ #Қазақстан #Құрылтай #әділетфракция #фракцияадилет

🟣🟣🟣🟣🟣 партиясы «Таза Қазақстан» жобасын цифрландыру және ESG стандарттарын енгізуді қарастыруда Астанада партияның Іскерлік кеңесі жанындағы Экология, ESG және әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі салалық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында экологиялық бастамаларды іске асыру, тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу, урбанистикадағы озық тәжірибені өңірлерге тарату және экология саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды. • Партия «Әділет» рассматривает пути цифровизации программы «Таза Қазақстан» и внедрения ESG-стандартов В Астане состоялось первое заседание Отраслевого совета по экологии, ESG и социальному предпринимательству при Деловом совете партии. Участники обсудили реализацию экологических инициатив, разработку национального стандарта чистоты, распространение передовых практик урбанистики в регионах и совершенствование экологического законодательства. #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #Іскерлік_кеңес #Деловой_совет

📌 Құрылтайда Заң мәтіні қалай әзірленеді? Заң жобасын әзірлеуге депутаттармен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, экономистер мен салалық сарапшылар қатысады. Әрбір бап мұқият пысықталып, оның қолданылу тәртібі, күшіне ену мерзімі мен орындалуы айқындалады. Құқықтық қайшылықтарды болдырмау үшін тұжырымдардың дәлдігі мен терминдердің бірізділігі тексеріледі. Толығырақ – бейнероликте ⤴️ . 📌 Как разрабатывается текст Закона в Курултае? В разработке законопроектов наряду с депутатами участвуют представители государственных органов, юристы, экономисты и отраслевые эксперты. Каждая статья тщательно прорабатывается: определяются порядок применения правовых норм, сроки их вступления в силу и механизмы реализации. Особое внимание уделяется точности формулировок и единообразию терминологии, чтобы исключить правовые противоречия. Подробнее – в видеоролике ⤴️ #Әділет_түсіндіреді #Қазақстан #әділет #әділетфракция #құрылтай

🟣🟣🟣🟣🟣 партиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау жөнінде ұсыныстар әзірлеуде Құрылтай депутаты Екатерина Смышляева басқарушы компаниялар мен салалық қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жиында МИБ төрағаларын ауыстыру, меншік иелерінің деректеріне қол жеткізу, тұрғындардың дауыс беруі, коммуналдық ресурстарды есепке алу және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. • Партия «Әділет» разрабатывает предложения по реформированию жилищно-коммунального хозяйства Депутат Курултая Екатерина Смышляева провела рабочую встречу с активом системы управления жилищным фондом. Участники обсудили вопросы смены председателей ОСИ, доступа к данным собственников жилья, организации голосования жильцов, учёта коммунальных ресурсов и цифровизации отрасли. #әділет #әділетпартиясы #әділетфракция #біздің_қала #құрылтай

🇰🇿 Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына негіз қалады. Бүгінде біз тәуелсіздігімізді нығайтып, ел болашағы үшін маңызды ортақ құндылықтарды дәріптеп келеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Біз «Заң және тәртіп» қағидатын, «Таза Қазақстан» идеологиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбекқорлық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құндылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келешегіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қалыптасып келеміз», – деп атап өткен болатын.
Мемлекет басшысы айқындаған осы бағыттар «Әділет» партиясының да саяси ұстанымымен үндеседі. Ұлттық мерекеге орай әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілейміз! Егемен еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #Республика_күні #День_Республики

Үнзила Шапақ: «Бұл күнді – ең ұлық мереке деп танығанымыз жөн» Егемендік құқық – мемлекеттік биліктің үстемдігін, дербестігін және тәуелсіздігін білдіреді. Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасында осылай деді. Оның айтуынша, бұл – кез келген азаматтың ешкімге тәуелді емес, дербес елде өмір сүруге деген қалауы.
«Біз өркениетті жолмен өз мемлекетіміздің тәуелсіздігін паш еттік. Сондықтан бұл күнді – ең ұлық мереке деп танығанымыз жөн. Өскелең ұрпақ бұған өте үлкен мән береді», – деді депутат.
#қазақстан #құрылтай #әділетфракция #ӘділеттіҚазақстан #фракцияадилет

Мемлекеттік егемендік туралы декларация – аса маңызды құжат Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақ «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация сол кездегі конституционализмнің негізі болғанын мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы қабылданды. Жалпы, декларация құжаты жария ету ұғымын білдіреді. Оның өзегінде мемлекеттілігіміздің іргесін құру, оның құқықтық негізін анықтау жатты. Сондық бұл құжат – еліміздің конституциялық дамуының ең алғашқы алғышарты. Толығырақ – сұхбат үзіндісінде. #қазақстан #құрылтай #әділетфракция #ӘділеттіҚазақстан #фракцияадилет

📌 Депутатқа 5 сұрақ | Ерқанат Мұсылманбек «Әділет» партиясының баспасөз қызметі Құрылтай депутаттарының қызметі мен өмір жолын таныстыратын «Депутатқа 5 сұрақ» айдарын жалғастыруда. Бұл жолғы кейіпкеріміз – Ерқанат Мұсылманбек. Депутат еңбек жолы, Құрылтайдағы қызметінің басым бағыттары мен әзірлеп жатқан заңнамалық ұсыныстары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ азаматтар тарапынан жиі көтерілетін мәселелерге және депутаттық қызметтен тыс қызығушылықтарына тоқталды. Толығырақ – бейнероликте ⤴️ • 📌 Депутатқа 5 сұрақ | Ерканат Мусылманбек Пресс-служба партии «Әділет» продолжает рубрику «Депутатқа 5 сұрақ», посвященную деятельности и жизненному пути депутатов Курултая. Героем нового выпуска стал Ерканат Мусульманбек. Депутат рассказал о своем профессиональном пути, приоритетах работы в Курултае и законодательных предложениях, которые готовит. Также он поделился тем, с какими вопросами чаще всего приходят граждане и чем он увлекается в свободное время. Подробнее – в новом выпуске ⤴️ #Депутатқа_5_сұрақ #Қазақстан #Құрылтай #әділетфракция #фракцияадилет

«Әділет» партиясының 27 өкілі мемлекеттік наградамен марапатталды Республика күні қарсаңында Астанада өткен салтанатты жиында партия қызметкерлеріне, меценаттарға, кәсіпкерлер мен қоғам белсенділеріне құрмет көрсетілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан наградаларды партия төрағасы Айбек Дәдебай табыстады. • 27 представителей партии «Әділет» награждены государственными наградами В преддверии Дня Республики на торжественной церемонии в Астане отметили заслуги сотрудников партии, меценатов, предпринимателей и общественных активистов. Награды от имени Президента Касым-Жомарта Токаева вручил председатель партии Айбек Дадебай. #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #Республика_күні #День_Республики

Қазақстанның Мемлекеттік туы «Әділет» партиясының орталық аппараты ғимаратына ілінді • Государственный Флаг Казахстана украсил центральный офис партии «Әділет» #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #Республика_күні #День_Республики

«Әділет» мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындарын ашудың нақты тетіктерін әзірлеуде Астанада «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің мұнай-газ саласына арналған отырысы өтті. Жиынға Құрылтай депутаттары, Үкімет өкілдері, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдері қатысты.. Партияның сайлауалды бағдарламасында 1 миллион тұрақты жұмыс орнын құру көзделген. Осы міндет аясында партия Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев отандық өндірісті дамытып, жергілікті кәсіпорындардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысуына жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Отырыста сатып алу тәртібін өзгерту, сертификаттау зертханаларының тапшылығы, салық шарттарын теңестіру және отандық өндірушілерді қолдау жөнінде ұсыныстар айтылды. Көтерілген бастамалар Құрылтайда қарау үшін Іскерлік кеңестің жұмыс жоспарына енгізіледі. #Қазақстан #Әділет #Әділетпартиясы #Іскерлік_кеңес #Деловой_совет