Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
Kanalga Telegram’da o‘tish
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
Ko'proq ko'rsatishMamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
384
Obunachilar
-124 soatlar
+167 kun
+1730 kun
Postlar arxiv
«Ақ жол» Демпартиясы атынан Құрылтайға үміткер Асылхан Қожахметов: «Салық кодексіне ашық қарсы шыққан партия – Ақ жол».
«Меньше государства — больше рынка». Красиво звучит. Но есть нюанс.
Respublica предлагает льготные кредиты только для десяти «избранных» отраслей. А кто будет решать, кому достанутся дешёвые деньги?
Кандидат от Демпартии «Ак жол» Юрий Ли разбирает «казахстанскую мечту» от Respublica.
Кандидат в Курултай от Демпартии «Ак жол» Бактыбек Бибаев (Атырау) - о технологическом развитии экономики на фоне перспективы сокращения добычи ресурсов в следующие десятилетия
«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Жетісу, Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстарында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы кездесулерін жалғастыруда.
Олжас Нұралдинов: саясатқа келу жолы, Мәжілістегі жұмыс және жеке тарихы
Заңгер, кәсіпкер, қоғам қайраткері және соңғы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты. Парламенттегі қызметіне дейін Олжас Нұралдинов Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды, қаланың Қоғамдық кеңесінің жұмысына қатысты және кәсіпкерлік пен қоғамдық қызметтен үлкен саясатқа дейінгі жолды жүріп өтті.
Бұл шығарылымда біз тек депутаттық жұмыс туралы ғана айтпаймыз. Бұл саяси өмірбаянның артында тұрған тұлға туралы әңгіме: оның жүріп өткен жолы, қабылдаған шешімдері мен тәжірибесі, Мәжілістегі жұмыс, саясат пен сайлау туралы.
Адамды саясатқа не жетелейді? Парламент жұмысы ішінен қалай көрінеді? Депутаттық мандаттан кейін жауапкершілікке деген көзқарас қалай өзгереді? Және Олжас Нұралдинов бұдан әрі қандай мақсаттармен алға баспақ?
Подкасттың жаңа шығарылымын тамашалаңыздар!
Құрылтай депутаттығына кандидаттарымызды таныстыруды жалғастырамыз!
Бизнес тізгінін берік ұстаған іскер жан – Ұлан Қозыбақов!
Ақтөбе өңірінің белсенді азаматы Ұлан Қозыбақов – энергетика және құрылыс саласындағы ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырып, ел экономикасына нақты үлес қосып отырған білікті кәсіпкер.
Бизнес тізгінін берік ұстаса да, ол өзінің кәсіби жолын қоғамдық жұмыстармен сәтті ұштастырып, жоғары іскерлік қабілетін көрсете білді.
Өңірдің өзекті мәселелеріне бейжай қарамайтын Ұлан Ермекұлы «Ақ жол» партиясының Ақтөбе облыстық филиалын басқарып, жергілікті мәслихат депутаты ретінде белсенділік танытты.
Қазіргі таңда партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде бақ сынамақ.
Қаратөбеден Астанаға: Асылбек Айболатов Қостанайға жетті 🚴♂️
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан Астанаға велосипедпен жолға шыққан ұстаз Асылбек Айболатов сапарын жалғастырып, Қостанай қаласына жетті.
Жол бойында Асылбек елді мекендерге аялдап, тұрғындармен кездесіп, «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамаларын таныстыруда.
Сонымен қатар ол кездескен азаматтардың сұрақтарын, ұсыныс-пікірлері мен тілектерін жинап, оларды елордаға – партия басшылығына жеткізуді мақсат етіп отыр.
Қаратөбеден басталған үлкен жол жалғасуда. Алда – Астана!
Асылбекке сәт сапар тілейміз! Ақ жол!
«Ақ жол» партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті
«Ақ жол» демократиялық партиясының Астана қалалық сайлауалды штабы Өнер музейінің ұжымымен кездесу өткізді. Мекеме қызметкерлері алдында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ғани Хамзин мен Мейрамгүл Қабдығалиева сөз сөйледі.
Мейрамгүл Қабдығалиева жиналғандарға партияның құрылу тарихы мен заң шығару бастамалары туралы айтып берді. Сондай-ақ ол сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын – ипотеканы субсидиялау, Салық кодексін реформалау және кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелерін таныстырды.
Өз кезегінде Ғани Хамзин бағдарламадағы «Демократия және парламентаризм» бөліміне кеңірек тоқталды. Оның айтуынша, әділ сайлау – халық билігінің алтын діңгегі. Осы орайда партия сайлау жүйесіне түбегейлі реформа ұсынып отыр. Атап айтқанда, дауыс беру күні учаскелердегі барлық процесті бейнебақылауға алу және дауыс санау кезінде әрбір бюллетеньді камераға ашық көрсету қажет. Бұл қадам бүкіл елге сайлау барысын бақылауға мүмкіндік беріп, нәтижеге деген қоғам сенімін арттырмақ.
Бұдан бөлек, Хамзин парламенттік тергеу институтын заң деңгейінде бекіту және Үкімет резервінің үлгісімен Парламенттің арнайы қаржылық резервін құру бастамаларын алға тартты. Мұндай тетіктер Құрылтайға бюрократиялық кедергілерді күтпей-ақ, сайлаушылардың өзекті мәселелерін жедел шешуге жол ашады.
«Бұл шаралардың барлығы билікті барынша ашық, халық алдында есеп беретін және қоғам мүддесіне қызмет ететін институтқа айналдыруды көздейді», – деп атап өтті Ғани Хамзин.
Еркін пікіралмасу форматында өткен кездесуде кандидаттар музей қызметкерлерінің сауалдарына жауап беріп, оларды толғандырған түйткілдерге құлақ асты. Сондай-ақ Құрылтайға өткен жағдайда партияның аталған бағыттардағы жүйелі жұмысты жалғастыратыны айтылды. Жиын соңында «Ақ жол» өкілдері қатысушыларды 23 тамыз күні өтетін сайлауда белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.
Рабочие встречи членов Республиканского предвыборного штаба Демократической партии «Ак жол» в Алматинской области продолжились на ТОО «ANSAR FOODS»
В рамках предвыборной агитационной кампании члены Республиканского предвыборного штаба Демпартии «Ак жол» продолжили рабочие встречи в Алматинской области. Очередным пунктом программы стало посещение ТОО «ANSAR FOODS» в Карасайском районе.
Уже сложившаяся во время рабочих встреч добрая традиция получила продолжение и здесь — коллектив предприятия преподнес Дание Еспаевой букет цветов.
После этого члены штаба ознакомились с деятельностью предприятия. ТОО «ANSAR FOODS» специализируется на производстве макаронных изделий, способствуя развитию перерабатывающей промышленности, созданию новых рабочих мест и обеспечению внутреннего рынка отечественной продукцией.
После ознакомления с производством состоялась встреча с трудовым коллективом, в ходе которой члены штаба представили ключевые инициативы предвыборной программы Демократической партии «Ак жол». Особое внимание было уделено вопросам поддержки отечественного производства, привлечения инвестиций, развития малого и среднего бизнеса, создания новых рабочих мест и защиты прав человека труда.
В ходе беседы обсуждались перспективы развития перерабатывающей промышленности, повышения конкурентоспособности отечественной продукции, кадрового обеспечения предприятий, а также меры по снижению административных барьеров и формированию благоприятного делового климата.
Работники компании поделились своими предложениями и подняли вопросы, касающиеся условий труда, государственной поддержки производственного сектора и дальнейшего развития отечественных предприятий. По каждому из обращений были даны разъяснения, а также представлена позиция партии по обозначенным вопросам.
Завершая встречу, участники выразили заинтересованность в дальнейшем конструктивном взаимодействии, отметив, что подобные встречи позволяют напрямую обсуждать актуальные вопросы развития производственного сектора и предпринимательства.
«Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық сайлауалды штабының Алматы облысындағы жұмыс кездесулері «ANSAR FOODS» ЖШС-де жалғасты
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Алматы облысындағы жұмыс кездесулерін жалғастырды. Кезекті кездесу Қарасай ауданындағы «ANSAR FOODS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өтті.
Жұмыс сапарлары барысында қалыптасқан ізгі дәстүр бұл жолы да жалғасын тауып, кәсіпорын ұжымы Дания Еспаеваға гүл шоғын тарту етті.
Одан кейін штаб мүшелері кәсіпорынның қызметімен танысты. «ANSAR FOODS» ЖШС макарон өнімдерін өндіруге маманданған. Кәсіпорын өңдеу өнеркәсібінің дамуына үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Өндіріс барысымен танысқаннан кейін еңбек ұжымымен кездесу өтіп, штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырды. Әсіресе, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әңгіме барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру бағытындағы шаралар талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстарын ортаға салып, еңбек жағдайлары, өндіріс секторына көрсетілетін мемлекеттік қолдау және отандық кәсіпорындарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Көтерілген әрбір мәселе бойынша штаб мүшелері жан-жақты түсіндірме беріп, партияның ұстанымын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да өзара сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, мұндай кездесулер өндіріс секторы мен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
В Кызылординской и Актюбинской областях проходят агитационные встречи с избирателями
Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері өтіп жатыр
В прошлом году представители бизнес-сообщества Казахстана поблагодарили Демократическую партию «Ак жол» за последовательную работу по снижению ставки розничного налога и расширению перечня ОКЭД.
Сегодня предприниматели вновь отмечают нашу принципиальную позицию — уже в ходе обсуждения нового Налогового кодекса. Они называют «Ак жол» надежным защитником интересов бизнеса и благодарят за последовательную защиту прав отечественных предпринимателей.
Для нас это не просто слова признательности, а подтверждение того, что системная работа в интересах бизнеса приносит реальные результаты.
Repost from Usbanov ARNASY
САЙЛАУАЛДЫ БӘЙГЕ: ЕКІНШІ АЙНАЛЫМ...
Сайлауалды науқан аясында өткен телевизиялық дебаттар мен өңірлердегі кездесулер саяси партиялар үшін өз әлеуетін толық көрсетуге мүмкіндік беретін басты алаңға айналды десек артық айтпаймыз. Талқылаулардың төрінде білім беру, еңбек нарығы, экология, инфрақұрылым және өңірлік даму сияқты халықты тікелей толғандыратын маңызды мәселелер тұрды. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, бұл жолғы теледебатта ерекше көзге түскен бірлі жарым саяси партияларға тоқтала кетпекпіз...
АҚ ЖОЛДЫҢ АРЫНЫ
Өзінің сайлауалды бағдарламасында «Ақ жол» партиясы экономика, ғылым және парламенттік бақылауды ту етіп көтерді. Сайлаушылар алдындағы уәдесінің үдесінен шыға білу мақсатында өңірлерді кеңінен қамтумен қатар, білім, ғылым және бюджет ашықтығы сияқты институционалдық мәселелерге басымдық беріп отырған жайы бар.
Енді «Ақ жол» демократиялық партиясының жұрт назарына ұсынған негізгі бағыттарын жіпке тізіп, санамалайтын болса, онда:
Біріншіден: Партия өкілдері Жезқазған, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан және Қарағанды облыстарын аралап, сайлаушылармен жүздесті. Сонымен бірге, Еңбекшіқазақ көпсалалы аудандық ауруханасының медицина қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізіп, денсаулық сақтау саласының мәселелерін талқылады.
Екіншіден: Партия өкілі Дулат Тәстекей бюджет қаражатының жұмсалуына парламенттік бақылауды күшейтуді, педагогтердің еңбекақысын өсіруді және ғылыми-инновациялық жобаларды мемлекеттік қолдауды басты талап ретінде қойды.
Үшіншіден: Дебат барысында ғылым мен өндірістің байланысын нығайту, жоғары оқу орындарында технологиялар трансферті механизмдерін дамыту мәселелері айтылды.
«Ақ жол» партиясы реформаторлық және прагматикалық ұстаным танытуда. Бюджет бақылауы мен технологиялар трансфертін көтеру арқылы олар ел экономикасын білім мен инновацияға негіздеп дамытуды көздейді.
Саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары мен дебаттағы белсенділігі олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз пайымдары бар екенін көрсетті. Бұл ұсыныстардың тоғысуы сайлаушыларға өз таңдауын жасауға және елдің болашақ даму бағытын айқындауға мүмкіндік береді.
