ВЖДО
Відкрити в Telegram
Рассказываем о важных событиях и новостях для сотрудников.
Показати більше5 976
Підписники
+7924 години
+2337 днів
+18530 днів
Архів дописів
5 955
🤝 Төтенше жағдайларға дайындық — алдын ала әзірліктен басталады
«ӘТЖК» ЖШС-де командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШО) өткізілуде. Оның негізгі мақсаты — бөлімшелердің төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге (МТҚ), атап айтқанда қажетті ресурстардың болуына, қолжетімділігіне және оларды жедел пайдалануға дайындығына ерекше назар аударылады.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары практикалық іс-қимылдарды пысықтап, қызметтер арасындағы өзара әрекеттесу тәртібін жетілдіреді.
КШО қорытындысы бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жай-күйі бағаланып, қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша тиісті шаралар айқындалады.
Біздің міндетіміз — кез келген жағдайда жедел, үйлесімді және тиімді әрекет етуге дайын болу.
______________________________________
🤝 Готовность к нештатным ситуациям начинается с подготовки
В ТОО «ВЖДО» проводится командно-штабное учение (КШУ), цель которого — проверить готовность подразделений к действиям в условиях нештатной ситуации.
Особое внимание уделяется материально-техническому обеспечению (МТО): наличию необходимых ресурсов, их доступности и готовности к оперативному использованию.
В ходе учения руководители структурных подразделений отработают практические действия и взаимодействие между службами.
По итогам КШУ будет проведена оценка состояния МТО и определены меры по дальнейшему совершенствованию системы обеспечения.
Наша задача — быть готовыми действовать быстро, слаженно и эффективно в любой ситуации.
5 955
«Бір толқында» жобасы аясында Әскерилендірілген күзетті және стационарлық объектілердің күзетін ұйымдастыру департаментінің менеджері Винир Зауровичпен бірге дабыл сөмкесін қолдану тәртібін зерделедік.
Сөмкедегі ең қажетті заттармен, алғашқы көмек көрсету және қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстық.
Ең бастысы — қауіпсіздік, дайындық және қажетті сәтте дұрыс әрекет ету.
__________________________________________________
В рамках проекта «Бір толқында» вместе с менеджером департамента по организации военизированной охраны и охраны стационарных объектов Виниром Зауровичем изучили порядок применения тревожной сумки.
Разобрали предметы первой необходимости, средства первой помощи и защиты, а также алгоритм действий в экстренной ситуации.
Главное — безопасность, готовность и правильные действия в нужный момент.
5 955
Астанада ауқымды технологиялық іс-шара — Digital Bridge өтіп жатыр.
Жасанды интеллект, цифрландыру, автоматтандыру және заманауи IT-шешімдер — ең өзекті тақырыптардың барлығы дәл осы жерде талқылануда.
ВЖДО да осында: жаңа технологияларды зерттеп, озық тәжірибелерді зерделеп, кәсіби байланыстарды кеңейтіп, жұмысымыздың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін шешімдерді іздеп жүрміз.
Жаңа таныстықтар. Тың идеялар. Пайдалы инсайттар. Алға қарай даму.
_______________________________________
В Астане проходит масштабное технологическое событие — Digital Bridge.
Искусственный интеллект, цифровизация, автоматизация и современные IT-решения — всё самое актуальное обсуждается здесь и сейчас.
ВЖДО тоже здесь: изучаем новые технологии, перенимаем лучшие практики, расширяем профессиональные связи и ищем решения, которые могут повысить эффективность и безопасность нашей работы.
Новые знакомства. Свежие идеи. Полезные инсайты. Движение вперёд.
5 955
Бүгін жұмыс күнінің басында компания қызметкерлері үшін «Тексеру жүргізу кезіндегі көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында кіріспе оқыту өтті.
Оқытуды KZ Protection Academy оқу орталығының директоры Андрей Конченко өткізді.
Қатысушылар тексеру жүргізудің негізгі талаптарын, қызметкерлердің іс-қимыл тәртібін және көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық аспектілерін қарастырды.
Қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру және қауіпсіздік мәдениетін нығайту — компаниямыз жұмысының маңызды бөлігі.
___________________________________________________
Сегодня в начале рабочего дня для сотрудников компании прошло вводное обучение по теме «Безопасность на транспорте при проведении досмотра».
Обучение провёл директор Учебного центра KZ Protection Academy Андрей Конченко.
Участники рассмотрели основные требования к проведению досмотра, порядок действий работников и практические аспекты обеспечения безопасности на объектах транспортной инфраструктуры.
Профессиональная подготовка сотрудников и повышение культуры безопасности — важная часть работы нашей компании.
5 955
Халықаралық стандарттарға сай білім — қауіпсіздікке салынған инвестиция.
Компаниямыздың екі филиал директоры IOSH халықаралық бағдарламасы бойынша оқу курсын аяқтап, халықаралық сертификаттарға ие болды.
Курс еңбек қауіпсіздігі, кәсіби тәуекелдерді басқару және жұмыс орнындағы қауіпсіздік мәселелерін қамтыды. Ендігі міндет — алған білімді тәжірибеде қолданып, филиалдардағы қауіпсіздік мәдениетін одан әрі дамыту.
Қызметкерлердің кәсіби дамуы — компания жұмысының сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың маңызды бөлігі.
___________________________________________________
Международные знания — вклад в безопасность.
Два директора филиалов нашей компании завершили обучение по международной программе IOSH и получили международные сертификаты.
Курс охватывал вопросы охраны труда, управления профессиональными рисками и безопасности на рабочем месте. Следующий этап — применение полученных знаний на практике и дальнейшее развитие культуры безопасности в филиалах.
Профессиональное развитие сотрудников — важная составляющая качественной и безопасной работы компании.
5 955
ӘТЖК қызметкері үшін жұмыс — бұл жауапкершілік, тәртіп және өз еңбегінің маңызын түсіну.
Күн сайын нысандардың, жүктердің және теміржолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, біз ел экономикасы мен транзитінің тұрақтылығына үлес қосамыз.
Біз өз еңбегіміздің құндылығын білеміз, жауапкершілігімізді түсінеміз және күн сайын міндетімізді бар күш-жігерімізбен атқарамыз.
_______________________________________
Для сотрудника ВЖДО работа — это ответственность, дисциплина и понимание важности своего труда.
Каждый день, обеспечивая безопасность объектов, грузов и железной дороги, мы вносим вклад в стабильность транзита и экономики страны.
Мы знаем ценность своей работы, понимаем свою ответственность и выполняем свою задачу с полной отдачей.
5 955
«БІР ТОЛҚЫНДА» жобасы аясында қызметкерлердің компания беделіне деген жеке жауапкершілігі тақырыбы талқыланды.
Жеке және қоғамдық кеңістіктің ара-жігі қай жерде өтетіні, әлеуметтік желідегі әрекеттер бүкіл ұйымның қабылдануына қалай әсер ететіні және неліктен әрбір қызметкер көпшілік алдында ӘТЖК өкілі ретінде қабылданатыны туралы айтылды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде кездесетін нақты жағдайлар талқыланып, негізгі қағидаттарға тоқталдық: кімді танытып жүргеніңді есте сақтау, жарияланымның мәнмәтінін ескеру, тиісті өкілеттіксіз компания атынан сөйлемеу және көпшілік алдындағы әрекеттеріңе жауапкершілікпен қарау.
Компанияның беделі әрқайсымыздан басталады.
__________________________________________________
В рамках проекта «БІР ТОЛҚЫНДА» обсудили тему личной ответственности сотрудников за репутацию компании.
Говорили о том, где проходит граница между личным и публичным пространством, почему поведение в социальных сетях может влиять на восприятие всей организации и почему каждый сотрудник в публичном поле становится представителем ВЖДО.
Отдельно разобрали реальные ситуации в социальных сетях и основные принципы: помнить, кого ты представляешь, учитывать контекст публикаций, не выступать от имени компании без соответствующих полномочий и осознавать ответственность за свои публичные действия.
Репутация компании начинается с каждого из нас.
5 955
Компания қызметкерлердің кәсіби даярлығы мен біліктілігін арттыруға жүйелі түрде көңіл бөліп, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға басымдық береді.
Бүгін екі филиал директоры еңбекті қорғау, кәсіби тәуекелдерді басқару және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бағытындағы IOSH халықаралық бағдарламасы бойынша оқуды бастады.
Алынған білім мен практикалық құралдар қауіпсіздік деңгейін арттыруға және компания жұмысын жетілдіруге ықпал етеді.
__________________________________________________
Компания системно развивает профессиональную подготовку и обучение сотрудников, уделяя особое внимание повышению квалификации и культуре безопасности.
Сегодня два директора филиалов начали обучение по международной программе IOSH в области охраны труда, управления профессиональными рисками и безопасности на рабочем месте.
Полученные знания и практические инструменты будут способствовать повышению уровня безопасности и совершенствованию работы компании.
5 955
🎯 Тактикалық даярлық: теория және тәжірибе
Әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруді жалғастырамыз.
Бұл шығарылымда — атыс қаруы теориясының негіздері, қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары және қызметтік даярлық аясында оны қолдану әдістемесі.
Қауіпсіздік білімнен, ал кәсібилік тұрақты даярлықтан басталады.
__________________________________________________
🎯 Тактическая подготовка: теория и практика
Продолжаем совершенствовать профессиональные навыки сотрудников Военизированной железнодорожной охраны.
В этом выпуске — основы теории огнестрельного оружия, принципы безопасного обращения и методика его применения в рамках служебной подготовки.
Безопасность начинается со знаний, а профессионализм — с постоянной подготовки.
5 955
ҚТЖ марафоны — жай ғана жүгіру емес! 🏃♂️🏃♀️
Бұл — үлкен теміржолшылар қауымын біріктіретін бірегей бастама. Біз, ӘТЖК командасы үшін марафонға қатысу — командалық рухымызды көрсетуге, өзімізді сынауға және салауатты өмір салты әр адамның жеке таңдауынан басталатынын дәлелдеуге мүмкіндік.
Мұнда тек қашықтықты жүгіріп өту ғана маңызды емес. Ең бастысы — өз күшің мен төзімділігіңді сынап, белсенді әрі салауатты өмірге тағы бір қадам жасау.
ӘТЖК қызметкерлері спорттық бастамаларды әрдайым қолдап, осындай іс-шараларға белсенді қатысады. Өйткені спорт — энергия, тәртіп, рухтың мықтылығы және командалық бірлік.
Біз спортты қолдаймыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз. Біз мықты команда үшін! 💪
__________________________________________________
Марафон КТЖ — больше, чем просто забег! 🏃♂️🏃♀️
Это уникальная инициатива, которая объединяет сотрудников большой железнодорожной семьи. Для нас, команды ВЖДО, участие в марафоне — возможность показать командный дух, испытать себя и доказать, что здоровый образ жизни начинается с личного выбора.
Здесь важно не просто пробежать дистанцию. Важно проверить свои силы, выносливость и сделать ещё один шаг навстречу активной и здоровой жизни.
Сотрудники ВЖДО всегда поддерживают спортивные инициативы и с удовольствием принимают участие в таких мероприятиях. Ведь спорт — это энергия, дисциплина, сила духа и единство команды.
Мы за спорт. Мы за здоровый образ жизни. Мы за сильную команду! 💪
5 955
Бүгін жұма, яғни біз — «БІР ТОЛҚЫНДА» 🌊
Бұл жолы адамның ішкі күйі туралы әңгімелестік: триггерлер мен жағымсыз ұстанымдарды талдап, өз реакцияларымызды саналы түрде басқаруды үйрендік.
Гипнотерапевт Құралай Сүлеймановамен бірге сана және бейсанамен жұмыс істеудің, ішкі энергияны қалпына келтірудің және жаңа, позитивті ұстанымдарды қалыптастырудың практикалық құралдарымен таныстық.
Біз үшін қызметкердің дамуы — тек кәсіби дағдыларды жетілдіру емес. Бұл — өзін түсіну, ішкі ресурсын сақтай білу және күн сайын мықтырақ болуға ұмтылу.
Біз әрқашан жақсырақ болуға дайынбыз. Өйткені мықты команда — өзін дамытуға ұмтылатын адамдардан құралады.
«БІР ТОЛҚЫНДА» — бірге дамимыз!
__________________________________________________
И снова мы на одной волне — «БІР ТОЛҚЫНДА» 🌊
На этот раз говорили о внутреннем состоянии человека: разбирали триггеры, негативные установки и учились осознанно работать со своими реакциями.
Вместе с гипнотерапевтом Куралай Сулеймановым познакомились с практическими инструментами работы с сознанием и подсознанием, восстановления внутренней энергии и формирования новых установок.
Для нас развитие сотрудника — это не только профессиональные навыки. Это также умение понимать себя, сохранять внутренний ресурс и становиться сильнее.
Мы всегда готовы становиться лучше. Ведь сильная команда начинается с людей, которые работают над собой.
«БІР ТОЛҚЫНДА» — развиваемся вместе.
5 955
Қызметкерлердің пікірі ескеріліп жасалған форма
Қазіргі уақытта біз ішкі бекеттер қызметкерлеріне арналған күртенің жаңа үлгісін әзірлеп жатырмыз.
Алғашқы үлгіні алғаннан кейін, ең алдымен, осы форманы киетін қызметкерлердің пікірін білуді жөн көрдік. Күрте үлгісін ішкі бекет қызметкерлеріне көрсетіп, оның қолайлылығын, бөлшектерін және жетілдіру қажет тұстарын талқыладық.
Біз үшін форманы әзірлеу кезеңінің өзінде қызметкерлердің кері байланысын ескеру маңызды. Өйткені түпкілікті нұсқа заманауи ғана емес, күнделікті жұмыста шынымен ыңғайлы әрі практикалық болуы тиіс.
Форманы күн сайын киетін қызметкерлердің пікірі — оны әзірлеудегі маңызды бөлік.
_______________________________________
Форма, созданная с учётом мнения сотрудников
Сейчас мы разрабатываем новый вариант куртки для сотрудников внутренних постов.
Получив первый образец, мы решили прежде всего узнать мнение тех, для кого эта форма создаётся. Показали куртку сотрудникам внутренних постов, обсудили удобство, детали и возможные доработки.
Для нас важно учитывать обратную связь сотрудников ещё на этапе разработки, чтобы итоговый вариант был не только современным, но и действительно удобным и практичным в работе.
Мнение тех, кто носит форму каждый день, — важная часть её создания.
5 955
Жаңа тағайындау
2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Марат Түлкібайұлы Бекентаев мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас менеджердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Тиісті бұйрыққа Бас директор (Басқарма төрағасы) 2026 жылғы 15 қыркүйекте қол қойды.
Марат Түлкібайұлына жаңа қызметінде табыс, жауапты міндеттерді абыроймен атқаруына сәттілік тілейміз!
_________________________________________
Новое назначение
С 15 сентября 2026 года Марат Тулькубаевич Бекентаев назначен исполняющим обязанности главного менеджера по защите государственных секретов.
Соответствующий приказ подписан Генеральным директором (Председателем Правления) 15 сентября 2026 года.
Желаем Марату Тулькубаевичу успехов на новой должности и эффективной работы в выполнении ответственных задач!
5 955
Әр секунд маңызды сәтте — дайындық шешеді.
ӨШӘОТ (өңіраралық шұғыл әрекет ететеін оңтайлы топтар) қызметкерлері төтенше жағдайларда әрекет ету, өзін-өзі қорғау және суық қарудан қорғану дағдыларын шыңдауда.
Жаттығуларды еліміздің күштік құрылымдарында қызмет ететін тәжірибелі мамандар өткізеді.
⚡ Қауіпті жылдам бағалау
⚡ Дереу әрекет ету
⚡ Өзіңді және айналаңдағы адамдарды қорғау
Күтпеген жағдайды болжау мүмкін емес. Бірақ оған дайын болуға болады.
__________________________________________________
В важный момент решают доли секунды — и подготовка.
Сотрудники ММГОР (мобильная межрегиональная группа оперативного реагирования) совершенствуют навыки действий в чрезвычайных ситуациях, самообороны и защиты от холодного оружия.
Тренировки проводят опытные специалисты, служащие в силовых структурах нашей страны.
⚡ Быстро оценивать опасность
⚡ Немедленно действовать
⚡ Защищать себя и окружающих
Невозможно предугадать неожиданную ситуацию. Но к ней можно быть готовым.
5 955
«Бір толқында»: маңызды тақырыптар туралы ашық әңгіме
Осы жұмадағы «Бір толқында» жобасының кездесуі психологияға және қазіргі жұмыс қарқынында жиі кездесетін маңызды мәселелердің бірі — кәсіби күйзеліске арналды.
Психодогия маманы - Сатыбалды Роза ханыммен бірге эмоционалдық қажудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау, күйзеліспен күресу және ішкі ресурсты қалпына келтіруге көмектесетін практикалық әдістер мен құралдарды талқыладық.
Сонымен қатар эмоционалдық жағдай, мотивация, әріптестермен қарым-қатынас және күрделі жағдайларда өз эмоцияларын басқара білу секілді психологияның өзге де маңызды қырларына тоқталдық.
«Бір толқында» — қызметкерлердің кәсіби тұрғыда ғана емес, тұлғалық жағынан да дамуына мүмкіндік беретін алаң. Өйткені мықты команда — өзін де, өзгені де түсіне білетін адамдардан құралады.
__________________________________________________
Бір толқында: говорим о том, что действительно важно
Эта пятница в рамках проекта «Бір толқында» была посвящена психологии и одной из самых актуальных тем современного рабочего ритма — профессиональному выгоранию.
Вместе со специалистом разобрали, как вовремя распознать признаки эмоционального истощения, почему важно соблюдать баланс между работой и восстановлением и какие практические инструменты помогают справляться со стрессом и сохранять внутренний ресурс.
Поговорили и о других психологических аспектах: эмоциональном состоянии, мотивации, взаимодействии с коллегами и умении справляться со сложными ситуациями.
«Бір толқында» — это пространство для развития сотрудников не только как профессионалов, но и как людей. Ведь сильная команда начинается с людей, которые умеют слышать себя и друг друга.
5 955
Қаржылық сауаттылық — маңызды дағды
ӘТЖК қызметкерлердің кәсіби ғана емес, жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Соның маңызды бағыттарының бірі — қаржылық сауаттылық.
Осы мақсатта компания қаржы саласының мамандарын тұрақты түрде шақырып, пайдалы кездесулер ұйымдастырады.
Кезекті кездесуде Halyk Bank өкілдері қайта қаржыландыру, онлайн несие және жеке қаржыны тиімді басқару бойынша кеңес берді.
Мақсатымыз — білікті, заманауи әрі қаржылық сауатты қызметкер қалыптастыру.
_______________________________________
Финансовая грамотность — важный навык
ВЖДО уделяет особое внимание не только профессиональному, но и всестороннему развитию сотрудников. Одно из важных направлений — повышение финансовой грамотности.
Для этого компания регулярно приглашает специалистов финансовой сферы и организует полезные встречи.
На очередной встрече представители Halyk Bank проконсультировали сотрудников по вопросам рефинансирования, онлайн-кредитования и эффективного управления личными финансами.
Наша цель — развивать компетентных, современных и финансово грамотных сотрудников.
5 955
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім – ардағым» конкурсы өтті. Конкурсқа Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысты.
Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру.
Бұл байқауда біздің Серіктестіктің қызметкерлерінен құралған «Теміржол қалқандары» командасы жүлделі II орынға ие болды! 🥈
Командамыздың қойылымында Серіктестіктің тарихын ата-бабаларымыздың аманаты, теміржолдағы қауіпсіздік пен ел тыныштығын қорғау дәстүрімен сабақтастыра көрсеттік.
Тілімізді құрметтеу – тарихымызды құрметтеу. Ал тарихын білетін ұрпақ қана болашағын нық қалыптастырады.
«Теміржол қалқандары» командасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз!
Бірлігіміз – біздің күшіміз! 🇰🇿🚆
#ӘТЖК #ТеміржолҚалқандары #АнаТілімАрдағым #ҚТЖ #МемлекеттікТіл #ҚазақТілі #Теміржол
5 955
ӘТЖК 2.0: деректер негізіндегі тиімді басқару
«ӘТЖК» ЖШС Орталық аппаратында филиалдардың жұмысын цифрлық талдау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесуде қызметкерлердің жүктемесі, өңірлік ерекшеліктер, МШӨП (Мемлекетаралық шекара өткізу пункттері) және ШӘОТ (Өңірлік шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ) жұмысы, құқық бұзушылықтар мен ұстау деректері, тастап кеткен пойыздар бойынша ақпаратты бір жүйеде талдау мүмкіндігі талқыланды.
Келесі кезеңде нысандар мен жедел деректерді географиялық картаға енгізу жоспарлануда. Бұл өңірлердегі жағдайды нақты бағалап, ресурстарды тиімді бөлуге және жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Цифрлық талдау — тиімді басқару мен қауіпсіздікті күшейтудің жаңа қадамы.
_______________________________________
ВЖДО 2.0: эффективное управление на основе данных
В Центральном аппарате ТОО «ВЖДО» прошло совещание по вопросам цифрового анализа работы филиалов.
В ходе встречи обсудили возможности анализа в единой системе данных о нагрузке на работников, региональной специфике, работе МГСП и МГОР, нарушениях и задержаниях, а также брошенных поездах.
На следующем этапе планируется нанесение объектов и оперативных данных на географическую карту. Это позволит точнее оценивать ситуацию в регионах, эффективно распределять ресурсы и оперативно принимать решения.
Цифровой анализ — новый шаг к эффективному управлению и усилению безопасности.
5 955
«Ондай болмақ қайда деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес…».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бұл сөзі біз үшін де маңызды ұстаным.
Рухы биік, жігері мықты адамдар өзгерісті күтпейді. Олар жауапкершілікті өз мойнына алып, адал еңбек етіп, нақты іспен елдің дамуына үлес қосады.
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС үшін бұл қағида күнделікті қызметімізбен үндеседі. Біз темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіби даярлықты күшейтіп, заманауи технологияларды енгізіп, жұмыс тәсілдерін үнемі жетілдіріп келеміз.
Біз Мемлекет басшысының осы ұстанымын қолдаймыз. Өйткені елдің дамуы әрқайсымыздың еңбегімізден, жауапкершілігімізден және әрекетімізден басталады.
Ел игілігі үшін адал еңбек ету - бұл біздің де ұстанымымыз.
__________________________________________________
«Ондай болмақ қайда» деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес.
Эти слова Главы государства Касым-Жомарта Токаева, прозвучавшие на Национальном курултае, являются важным ориентиром и для нас.
Рухы биік, жігері мықты адамдар не ждут перемен. Они берут на себя ответственность, честно трудятся и конкретными делами вносят вклад в развитие страны.
Для ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» этот принцип созвучен нашей ежедневной работе. Мы не только обеспечиваем безопасность железной дороги, но и усиливаем профессиональную подготовку, внедряем современные технологии и постоянно совершенствуем подходы к работе.
Мы поддерживаем эту позицию Главы государства. Ведь развитие страны начинается с труда, ответственности и действий каждого из нас.
Честно трудиться на благо страны — это и наш принцип.
