ar
Feedback
ВЖДО

ВЖДО

الذهاب إلى القناة على Telegram

Рассказываем о важных событиях и новостях для сотрудников.

إظهار المزيد
5 613
المشتركون
+124 ساعات
-157 أيام
-4630 أيام
أرشيف المشاركات
Қызметкерлердің пікірі ескеріліп жасалған форма Қазіргі уақытта біз ішкі бекеттер қызметкерлеріне арналған күртенің жаңа үлгісін әзірлеп жатырмыз. Алғашқы үлгіні алғаннан кейін, ең алдымен, осы форманы киетін қызметкерлердің пікірін білуді жөн көрдік. Күрте үлгісін ішкі бекет қызметкерлеріне көрсетіп, оның қолайлылығын, бөлшектерін және жетілдіру қажет тұстарын талқыладық. Біз үшін форманы әзірлеу кезеңінің өзінде қызметкерлердің кері байланысын ескеру маңызды. Өйткені түпкілікті нұсқа заманауи ғана емес, күнделікті жұмыста шынымен ыңғайлы әрі практикалық болуы тиіс. Форманы күн сайын киетін қызметкерлердің пікірі — оны әзірлеудегі маңызды бөлік. _______________________________________ Форма, созданная с учётом мнения сотрудников Сейчас мы разрабатываем новый вариант куртки для сотрудников внутренних постов. Получив первый образец, мы решили прежде всего узнать мнение тех, для кого эта форма создаётся. Показали куртку сотрудникам внутренних постов, обсудили удобство, детали и возможные доработки. Для нас важно учитывать обратную связь сотрудников ещё на этапе разработки, чтобы итоговый вариант был не только современным, но и действительно удобным и практичным в работе. Мнение тех, кто носит форму каждый день, — важная часть её создания.

Жаңа тағайындау 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Марат Түлкібайұлы Бекентаев мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас мене
Жаңа тағайындау 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап Марат Түлкібайұлы Бекентаев мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас менеджердің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Бас директор (Басқарма төрағасы) 2026 жылғы 15 қыркүйекте қол қойды. Марат Түлкібайұлына жаңа қызметінде табыс, жауапты міндеттерді абыроймен атқаруына сәттілік тілейміз! _________________________________________ Новое назначение С 15 сентября 2026 года Марат Тулькубаевич Бекентаев назначен исполняющим обязанности главного менеджера по защите государственных секретов. Соответствующий приказ подписан Генеральным директором (Председателем Правления) 15 сентября 2026 года. Желаем Марату Тулькубаевичу успехов на новой должности и эффективной работы в выполнении ответственных задач!

Әр секунд маңызды сәтте — дайындық шешеді. ӨШӘОТ (өңіраралық шұғыл әрекет ететеін оңтайлы топтар) қызметкерлері төтенше жағдайларда әрекет ету, өзін-өзі қорғау және суық қарудан қорғану дағдыларын шыңдауда. Жаттығуларды еліміздің күштік құрылымдарында қызмет ететін тәжірибелі мамандар өткізеді. ⚡ Қауіпті жылдам бағалау ⚡ Дереу әрекет ету ⚡ Өзіңді және айналаңдағы адамдарды қорғау Күтпеген жағдайды болжау мүмкін емес. Бірақ оған дайын болуға болады. __________________________________________________ В важный момент решают доли секунды — и подготовка. Сотрудники ММГОР (мобильная межрегиональная группа оперативного реагирования) совершенствуют навыки действий в чрезвычайных ситуациях, самообороны и защиты от холодного оружия. Тренировки проводят опытные специалисты, служащие в силовых структурах нашей страны. ⚡ Быстро оценивать опасность ⚡ Немедленно действовать ⚡ Защищать себя и окружающих Невозможно предугадать неожиданную ситуацию. Но к ней можно быть готовым.

«Бір толқында»: маңызды тақырыптар туралы ашық әңгіме Осы жұмадағы «Бір толқында» жобасының кездесуі психологияға және қазіргі жұмыс қарқынында жиі кездесетін маңызды мәселелердің бірі — кәсіби күйзеліске арналды. Психодогия маманы - Сатыбалды Роза ханыммен бірге эмоционалдық қажудың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау, жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтау, күйзеліспен күресу және ішкі ресурсты қалпына келтіруге көмектесетін практикалық әдістер мен құралдарды талқыладық. Сонымен қатар эмоционалдық жағдай, мотивация, әріптестермен қарым-қатынас және күрделі жағдайларда өз эмоцияларын басқара білу секілді психологияның өзге де маңызды қырларына тоқталдық. «Бір толқында» — қызметкерлердің кәсіби тұрғыда ғана емес, тұлғалық жағынан да дамуына мүмкіндік беретін алаң. Өйткені мықты команда — өзін де, өзгені де түсіне білетін адамдардан құралады. __________________________________________________ Бір толқында: говорим о том, что действительно важно Эта пятница в рамках проекта «Бір толқында» была посвящена психологии и одной из самых актуальных тем современного рабочего ритма — профессиональному выгоранию. Вместе со специалистом разобрали, как вовремя распознать признаки эмоционального истощения, почему важно соблюдать баланс между работой и восстановлением и какие практические инструменты помогают справляться со стрессом и сохранять внутренний ресурс. Поговорили и о других психологических аспектах: эмоциональном состоянии, мотивации, взаимодействии с коллегами и умении справляться со сложными ситуациями. «Бір толқында» — это пространство для развития сотрудников не только как профессионалов, но и как людей. Ведь сильная команда начинается с людей, которые умеют слышать себя и друг друга.

Қаржылық сауаттылық — маңызды дағды ӘТЖК қызметкерлердің кәсіби ғана емес, жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Соның маңызды бағыттарының бірі — қаржылық сауаттылық. Осы мақсатта компания қаржы саласының мамандарын тұрақты түрде шақырып, пайдалы кездесулер ұйымдастырады. Кезекті кездесуде Halyk Bank өкілдері қайта қаржыландыру, онлайн несие және жеке қаржыны тиімді басқару бойынша кеңес берді. Мақсатымыз — білікті, заманауи әрі қаржылық сауатты қызметкер қалыптастыру. _______________________________________ Финансовая грамотность — важный навык ВЖДО уделяет особое внимание не только профессиональному, но и всестороннему развитию сотрудников. Одно из важных направлений — повышение финансовой грамотности. Для этого компания регулярно приглашает специалистов финансовой сферы и организует полезные встречи. На очередной встрече представители Halyk Bank проконсультировали сотрудников по вопросам рефинансирования, онлайн-кредитования и эффективного управления личными финансами. Наша цель — развивать компетентных, современных и финансово грамотных сотрудников.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ана тілім – ардағым» конкурсы өтті. Конкурсқа Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінен құралған 14 команда қатысты. Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеу және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қызметкерлерді мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру. Бұл байқауда біздің Серіктестіктің қызметкерлерінен құралған «Теміржол қалқандары» командасы жүлделі II орынға ие болды! 🥈 Командамыздың қойылымында Серіктестіктің тарихын ата-бабаларымыздың аманаты, теміржолдағы қауіпсіздік пен ел тыныштығын қорғау дәстүрімен сабақтастыра көрсеттік. Тілімізді құрметтеу – тарихымызды құрметтеу. Ал тарихын білетін ұрпақ қана болашағын нық қалыптастырады. «Теміржол қалқандары» командасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз! Бірлігіміз – біздің күшіміз! 🇰🇿🚆 #ӘТЖК #ТеміржолҚалқандары #АнаТілімАрдағым #ҚТЖ #МемлекеттікТіл #ҚазақТілі #Теміржол

ӘТЖК 2.0: деректер негізіндегі тиімді басқару «ӘТЖК» ЖШС Орталық аппаратында филиалдардың жұмысын цифрлық талдау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуде қызметкерлердің жүктемесі, өңірлік ерекшеліктер, МШӨП (Мемлекетаралық шекара өткізу пункттері) және ШӘОТ (Өңірлік шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ) жұмысы, құқық бұзушылықтар мен ұстау деректері, тастап кеткен пойыздар бойынша ақпаратты бір жүйеде талдау мүмкіндігі талқыланды. Келесі кезеңде нысандар мен жедел деректерді географиялық картаға енгізу жоспарлануда. Бұл өңірлердегі жағдайды нақты бағалап, ресурстарды тиімді бөлуге және жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Цифрлық талдау — тиімді басқару мен қауіпсіздікті күшейтудің жаңа қадамы. _______________________________________ ВЖДО 2.0: эффективное управление на основе данных В Центральном аппарате ТОО «ВЖДО» прошло совещание по вопросам цифрового анализа работы филиалов. В ходе встречи обсудили возможности анализа в единой системе данных о нагрузке на работников, региональной специфике, работе МГСП и МГОР, нарушениях и задержаниях, а также брошенных поездах. На следующем этапе планируется нанесение объектов и оперативных данных на географическую карту. Это позволит точнее оценивать ситуацию в регионах, эффективно распределять ресурсы и оперативно принимать решения. Цифровой анализ — новый шаг к эффективному управлению и усилению безопасности.

«Ондай болмақ қайда деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес…». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан бұл сөзі біз үшін де маңызды ұстаным. Рухы биік, жігері мықты адамдар өзгерісті күтпейді. Олар жауапкершілікті өз мойнына алып, адал еңбек етіп, нақты іспен елдің дамуына үлес қосады. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС үшін бұл қағида күнделікті қызметімізбен үндеседі. Біз темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, кәсіби даярлықты күшейтіп, заманауи технологияларды енгізіп, жұмыс тәсілдерін үнемі жетілдіріп келеміз. Біз Мемлекет басшысының осы ұстанымын қолдаймыз. Өйткені елдің дамуы әрқайсымыздың еңбегімізден, жауапкершілігімізден және әрекетімізден басталады. Ел игілігі үшін адал еңбек ету - бұл біздің де ұстанымымыз. __________________________________________________ «Ондай болмақ қайда» деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес. Эти слова Главы государства Касым-Жомарта Токаева, прозвучавшие на Национальном курултае, являются важным ориентиром и для нас. Рухы биік, жігері мықты адамдар не ждут перемен. Они берут на себя ответственность, честно трудятся и конкретными делами вносят вклад в развитие страны. Для ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» этот принцип созвучен нашей ежедневной работе. Мы не только обеспечиваем безопасность железной дороги, но и усиливаем профессиональную подготовку, внедряем современные технологии и постоянно совершенствуем подходы к работе. Мы поддерживаем эту позицию Главы государства. Ведь развитие страны начинается с труда, ответственности и действий каждого из нас. Честно трудиться на благо страны — это и наш принцип.

Тағы да жұма — демек, біз қайтадан «Бір толқындамыз»! Бүгінгі жобаның тақырыбы — БЖЗҚ жүйесі. БЖЗҚ өкілі Мұрат Құрманғалиновпен бірге Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтінін, бүгінде қандай өзгерістер мен реформалар жүзеге асырылып жатқанын, зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын және оның қағидаттарын қазірден бастап түсінудің неліктен маңызды екенін талқыладық. Сондай-ақ 2026 жылғы өзгерістерге, жұмыс берушінің зейнетақы жарналарына, төлемдер мен жүйенің мүмкіндіктеріне жеке тоқталдық. «Бір толқында» — әрқайсымызға тікелей қатысты маңызды мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілде талқылауға мүмкіндік беретін жоба. Бірге талдаймыз. Сұрақ қоямыз. Қаржылық сауаттылығымызды арттырамыз. ___________________________________________________ Снова пятница — а значит, мы снова «Бір толқында»! Сегодняшняя тема проекта — система ЕНПФ. Вместе с сотрудником ЕНПФ - Муратом Курмангалиновым обсудили, как устроена пенсионная система Казахстана, какие изменения и реформы происходят сегодня, как формируются пенсионные накопления и почему важно уже сейчас понимать принципы их формирования. Отдельно поговорили об изменениях 2026 года, пенсионных взносах работодателя, выплатах и возможностях системы. (Единый накопительный пенсионный фонд) «Бір толқында» — это возможность говорить простым языком о важных вещах, которые напрямую касаются каждого из нас. Разбираемся вместе. Задаём вопросы. Становимся финансово грамотнее.

🏆 «ӘТЖК» ЖШС Атырау филиалы — 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік атанды! Филиал өндірістік және қаржылық көрсеткіштер бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік әскерилендірілген теміржол күзеті шаруашылығы» ауыспалы туына ие болды. Жеңіске орай, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша филиал штатында болған қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты ескеріле отырып, лауазымдық айлықақы/тарифтік мөлшерлеменің 5% көлемінде ай сайынғы үстемеақы белгіленді. Үстемеақы 12 ай бойы — 2026 жылғы 1 тамыздан 2027 жылғы 31 шілдеге дейін төленеді. Бұған дейін ауыспалы ту «ӘТЖК» ЖШС Ақтөбе филиалында болған. 👏 Атырау филиалының ұжымын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! ___________________________________________________ 🏆 Атырауский филиал ТОО «ВЖДО» — лучший по итогам 2025 года! Филиал показал наивысшие производственные и финансовые результаты и удостоен переходящего знамени «Үздік әскерилендірілген теміржол күзеті шаруашылығы». В связи с победой сотрудникам, состоявшим в штате филиала на 1 августа 2026 года, установлена ежемесячная надбавка 5% от должностного оклада/тарифной ставки с учетом фактически отработанного времени. Надбавка будет действовать 12 месяцев — с 1 августа 2026 года по 31 июля 2027 года. Ранее переходящее знамя находилось у Актюбинского филиала. 👏 Поздравляем коллектив Атырауского филиала с заслуженной победой и желаем новых достижений!

📌 Кадрлық тағайындау Бас директордың 2026 жылғы 24 тамыздағы №69-ж/қ бұйрығымен Жансагатов Салават Берикбекұлы «ӘТЖК» ЖШС са
📌 Кадрлық тағайындау Бас директордың 2026 жылғы 24 тамыздағы №69-ж/қ бұйрығымен Жансагатов Салават Берикбекұлы «ӘТЖК» ЖШС сатып алуды ұйымдастыру секторының бас менеджері міндетін атқарушы болып тағайындалды. Жоғары заңгерлік білімі бар. Сатып алу, жабдықтау және құқықтық қамтамасыз ету салаларында көпжылдық тәжірибесі бар. «Қазтранссервис» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ және «Астана Innovations» АҚ-да қызмет атқарған. Жаңа қызметінде табыс тілейміз! _________________________________________ 📌 Кадровое назначение Приказом Генерального директора от 24 августа 2026 года №69-л/с Жансагатов Салават Берикбекулы назначен и.о. главного менеджера сектора по организации закупок ТОО «ВЖДО». Имеет высшее юридическое образование и многолетний опыт в сфере закупок, снабжения и правового обеспечения. Работал в АО «Казтранссервис», АО «Пассажирские перевозки», АО «Кедентранссервис» и АО «Астана Innovations». Желаем успехов на новой должности!

🌊 «Бір толқында»: киберқауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз Кезекті «Бір толқында» жобасы бүгінгі күннің ең өзекті тақырыптарының бірі — киберқауіпсіздікке арналды. Кездесу барысында киберқауіптер мен алаяқтықтың негізгі түрлері, жеке және қызметтік деректерді қорғау тәсілдері, алдын алу шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі қарастырылды. Басты қағида қарапайым: киберқауіпсіздік әр адамның қырағылығынан басталады. Білім, сақтық және жауапкершілік — цифрлық қауіптерден қорғанудың ең тиімді жолы. __________________________________________________ 🌊 «Бір толқында»: кибербезопасность — ответственность каждого Очередной проект «Бір толқында» посвятили одной из самых актуальных тем — кибербезопасности. Разобрали основные виды киберугроз и мошенничества, методы защиты персональных и служебных данных, профилактику, а также порядок действий в нештатных ситуациях. Главный принцип прост: кибербезопасность начинается с внимательности каждого. Знания, бдительность и ответственность — лучшая защита от цифровых угроз.

🎯 Кәсіби дайындық — қауіпсіздіктің негізі Бурабайда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС және ҚР Қарулы Күштерінің арнайы операциялар күштері мен бірлесіп қызметкерлерге атыс даярлығы және тәжірибелік ату бойынша оқу-жаттығу өткізді. Бүгінгі таңда мұндай дайындықтан ӘТЖК-нің 3 000-нан астам қызметкері өтті. Оқу-жаттығулар кәсіби дағдыларды жетілдіріп, түрлі жағдайларда сенімді әрекет ете алатын жоғары білікті күзет мамандарын даярлауға мүмкіндік береді. Тәртіп. Дайындық. Кәсібилік. Қауіпсіздік ________________________________ Профессиональная подготовка — основа безопасности В Боровом ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» совместно с Силами специальных операций Вооружённых Сил Республики Казахстан провели учебно-тренировочные занятия по огневой подготовке и практической стрельбе. На сегодняшний день такую подготовку прошли более 3 000 сотрудников ВЖДО. Учебно-тренировочные занятия позволяют совершенствовать профессиональные навыки и готовить высококвалифицированных специалистов в области охраны, способных уверенно действовать в различных ситуациях. Дисциплина. Подготовка. Профессионализм. Безопасность.

«ӘТЖК» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің Ситуациялық орталығына барды. Кездесу барысында радиобайланыс және мониторинг жүйелерінің жұмысымен танысып, төтенше жағдайлар кезінде өңірлер арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы күштік құрылымдардың өзара іс-қимыл мәселелерін талқыланды. ТЖМ мамандары қазіргі уақытта енгізіліп, тәжірибеде қолданылып жүрген жабдықтар мен шешімдерді таныстырды. Теміржол инфрақұрылымы мен еліміздің басқа да стратегиялық маңызды нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу екі тараптың мақсаттары мен міндеттерінің көптеген бағыттар бойынша ортақ екенін көрсетті. Тәжірибе алмасу және одан әрі өзара іс-қимыл қауіпсіздік пен байланыс саласындағы тиімді шешімдерді бірлесіп дамытуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. __________________________________________________ Наши сотрудники структурных подразделений ТОО «ВЖДО» посетили Ситуационный центр МЧС Республики Казахстан. В ходе встречи мы ознакомились с работой систем радиосвязи и мониторинга, обсудили вопросы обеспечения устойчивой коммуникации между регионами в критических ситуациях, а также взаимодействие силовых структур в сфере связи и безопасности. Специалисты МЧС продемонстрировали оборудование и решения, которые уже внедрены и применяются на практике. Отдельное внимание уделили возможным направлениям сотрудничества в вопросах безопасности железнодорожной инфраструктуры и других стратегически важных объектов страны. Встреча показала, что наши цели и задачи во многом совпадают. Уверены, что обмен опытом и дальнейшее взаимодействие позволят совместно развивать эффективные решения в сфере безопасности и связи.

Кезекті жұма — біз қайтадан «Бір толқындамыз»! Бұл жолы жоба қатысушылары «ӘТЖК» БК» ЖШС-де сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тақырыбын талқылады. Қызметкерлерге сатып алу регламенті бойынша практикалық навигатор ұсынылды: қажеттілік туындаған сәттен бастап тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (ТЖҚ) қабылдауға дейінгі қадамдық нұсқаулық. Кездесу сатып алу процесінің негізгі кезеңдерін жүйелеп, өзекті жұмыс сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді. «Бір толқында» — маңызды тақырыптарды талқылап, бір толқында жұмыс істейміз! _______________________________________ Очередная пятница — и мы снова «Бір толқында»! На этот раз участники проекта разобрали тему организации и проведения закупок в СП ТОО «ВЖДО». Сотрудникам представили практический навигатор по регламенту закупок: пошаговый путь от появления потребности до приемки товаров, работ и услуг (ТРУ). Встреча помогла систематизировать ключевые этапы процесса и получить ответы на актуальные рабочие вопросы. «Бір толқында» — говорим о важном и работаем на одной волне!

Ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Арнайы қамтамасыз ету орталығы» ЖШС біздің қызметкерлер үшін кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған оқу-жаттығу сабақтарын өткізуде. Оқу-жаттығулар Атырау, Қарағанды, Семей және Павлодар қалаларындағы ӘТЖК филиалдарында өтті. Бекітілген кестеге сәйкес дайындық басқа филиалдарда да жалғасады. 🎯 Басты мақсат — қызметкерлерді нақты қызметтік және өндірістік жағдайларға бейімдеп, кез келген сын-қатерге дайын болуын қамтамасыз ету. ⚙️ Негізгі міндет — күрделі және төтенше жағдайларда жедел, кәсіби әрі үйлесімді әрекет ете алатын білікті теміржол күзеті қызметкерлерін даярлау. Кәсібилік. Дайындық. Бірлік. Біздің күшіміз — нақты әрекетте! Жаттықтырушы @vairat.tactical ___________________________________________________ В рамках Меморандума о сотрудничестве ТОО «Центр специального обеспечения» проводит для наших сотрудников учебно-тренировочные занятия, направленные на повышение профессионального мастерства. Учебно-тренировочные занятия прошли в филиалах ВЖДО в городах Атырау, Караганда, Семей и Павлодар. В соответствии с утвержденным графиком подготовка продолжится и в других филиалах. 🎯 Главная цель — максимально адаптировать сотрудников к реальным служебным и производственным условиям и обеспечить их готовность к любым вызовам. ⚙️ Основная задача — подготовка квалифицированных сотрудников железнодорожной охраны, способных оперативно, профессионально и слаженно действовать в сложных и чрезвычайных ситуациях. Профессионализм. Готовность. Единство. Наша сила — в четких действиях!

«БІР ТОЛҚЫНДА» жобасы аясында біз цифрлық дәуірдің ең өзекті тақырыптарының бірі — Vibe Coding бойынша танымдық офлайн форматында оқу өткіздік. Бүгінде технологиялар қарқынды дамып келеді. Сондықтан біз үшін жаңа трендтерден хабардар болу ғана емес, олардың жұмыс істеу тәсілдеріне, білім алуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға қалай әсер ететінін түсіну де маңызды. Осыған байланысты біз өзін-өзі дамытуға және заманауи цифрлық құралдарды меңгеруге ерекше көңіл бөлеміз. Үздіксіз білім алу мен жаңа мүмкіндіктерге ашық болу бізге уақыт талабына сай дамуға, кәсіби дағдыларымызды жетілдіруге және болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді деп сенеміз. ___________________________________________________ В рамках проекта «БІР ТОЛҚЫНДА» мы провели офлайн-обучение, посвящённое одной из самых актуальных тем цифровой эпохи — Vibe Coding. Сегодня технологии развиваются стремительными темпами. Поэтому для нас важно не только быть в курсе новых трендов, но и понимать, как они влияют на подходы к работе, обучению и реализации новых идей. Именно поэтому мы уделяем особое внимание саморазвитию и освоению современных цифровых инструментов. Мы убеждены, что непрерывное обучение и открытость новым возможностям помогают нам идти в ногу со временем, развивать профессиональные компетенции и уверенно смотреть в будущее.

📢 Құрметті әріптестер! «ӘТЖК» ЖШС тарихында алғаш рет жүктерді күзету қызметкерлері үшін зиянды еңбек жағдайлары ресми түрде белгіленді. ✅ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 5% көлемінде қосымша ақы төленеді. 📅 Алғашқы қосымша төлемді тамыз айында шілде айының жалақысымен бірге аласыз. 🤝 Біз үшін ашықтық, атқарылып жатқан жұмыстардың айқындығы және әрбір қызметтік өзгеріс бойынша түсінікті тілде ақпарат беру маңызды. Осы немесе басқа да өзгерістерге қатысты сұрақтарыңыз болса, өз бөлімшеңіздің команда басшысына немесе филиалдағы (орталық аппараттағы) жауапты қызметкерлерге хабарласа аласыздар. Біз әрбір сұраққа ашық түрде жауап беруге әрқашан дайынбыз. ________________________________________ 📢 Уважаемые коллеги! Впервые в истории ТОО «ВЖДО» для работников, осуществляющих сопровождение и охрану грузов, официально установлены вредные условия труда. ✅ С 1 июля 2026 года за работу во вредных условиях труда будет выплачиваться дополнительная надбавка в размере 5%. 📅 Первую дополнительную выплату вы получите в августе вместе с заработной платой за июль. 🤝 Для нас важны открытость, прозрачность проводимой работы и понятное информирование о каждом изменении. Если у вас возникнут вопросы по этому или другим изменениям, вы можете обратиться к руководителю своего подразделения или к ответственным сотрудникам филиала (центрального аппарата). Мы всегда готовы открыто ответить на каждый вопрос.

Көптен күткен жазғы жаңа форма қызметкерлерімізге табыстала бастады! 👏 Жаңа жазғы форманы алғашқы болып Атырау, Ақтөбе, Алматы, Достық және Түркістан филиалдарының қызметкерлеріне таратылып жатыр. Жаңа форма — күнделікті қызметте жайлылық, сапа және қолайлылықтың үйлесімі. Қазірдің өзінде қызметкерлерімізден алғашқы жағымды пікірлер келіп жатыр. Осындай жылы лебіздер бізді одан әрі дамуға және жұмысымызды жақсартуға жігерлендіреді. Алда барлық қызметкерлерімізді жаңа жазғы формамен қамтамасыз ету міндеті тұр. ___________________________________________________ Долгожданная новая летняя форма уже начала поступать нашим сотрудникам! 👏 Первыми новую летнюю форму получают сотрудники филиалов в Атырау, Актобе, Алматы, Достыке и Туркестане. Новая форма — это сочетание комфорта, качества и удобства в повседневной службе. Мы уже получаем первые положительные отзывы от наших сотрудников. Такие тёплые слова вдохновляют нас двигаться дальше и становиться ещё лучше. Впереди — обеспечение новой летней формой всех наших сотрудников.