cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Zhantore Erbolat

🧑🏻‍💻қарапайым 9-сынып оқушысы 📚кітап оқығанды ұнатамын 📍Ақтөбе 🙌🏻Өзің ұнатқан істе тұрақты бол!

Більше
Рекламні дописи
206
Підписники
Немає даних24 години
-27 днів
-930 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
бұл да бір біткен іс болды) альхамдулилла
Показати все...
12🤩 5👍 1
Қыс - мұсылманның көктемі. Бұл шағын кітапша маған ұнады. Әбден жаз басталғанда оқығанымды ай дедім. Бірақ бұл бізге еш кедергі емес. Қыс жақындағанда тағы бір оқып шығамын деп жоспарлап отырмын. Кітапшада қыс мезгілінің абзалдығы туралы айтылады. Қыста қандай құлшылықтарды жиі жасауға тырысу керектігі жайлы һәм бірнеше фиқхи мәселелер көтерілді. Осыған дейін қыс мезгіліндегі түннің ұзақтығы ұнамайтын еді. Осы кітапшаны оқып сол түнді қаншалықты тиімді пайдалануға болатынын түсіндім. Алдағы қысты қуана күтетін боламын! ( А так туған әпкемнің кітабы😉) #39шыкітап
Показати все...
Musulmannyn koktemi x Oqymysty.pdf6.11 KB
10
Кеше сыныптастар болып "соңғы күндеріміз ғой" деп көшеге шықтық. Әңгіме барысында ауылымызды ұмытпаймыз ,жиі кездесіп тұрамыз дедік.Бір кезде 10 жылдан кейінгі кездесу туралы ,қандай мамандық иесі болатынымызды әңгімелестік. Сөйтіп барлығымыз 10 жылдық кездесуге бір-бір крутой мәшине мініп келеміз деп келістік . Бір сыныптасым кім мәшинесіз келеді сол 10 мың қойып тастайды дейді. Мен тұрып 10 мыңынес 300 мың дедім.Сыныптастарым күліп "мынауың қатты сенімдіғой чёта "дейді😂. Қайдан білсін болашақ Audi RS 7 автокөлігінің иесімен бәстескендерін😉
Показати все...
9😁 5🔥 2
Менің пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәллам) махаббатымды ашқан Нұрсұлтан ұстаздың сира сабақтар топтамасы 📚 Бұл сабақтар маған қатты ұнады. Ең алғаш тик токтан бір әпкеміздің жүктеген видеосынан көргенмін. Яғни ол әпкеміз исламға қызығып жүріп осы дәрісті көріп пайғамбарымызға (саллалаһу алейһи уә сәллам) махаббаты ашылып намаз бастап, орамалға келген екен. Адам болған соң иманымыз бірде жоғары бірде төмен болады ғой. Менде де сондай нәрселер болып жүрді. Мәссаған дедім де бірден ютубтан іздеп тауып бірінші дәрістен бастап көре бастадым. Қой бағып жүріп бірнеше дәрісті бір күнде тыңдап тастайтыным бар енді) Сөйтіп барлық 20 дәрісті көзді ашып жұмғанша көріп шықтым. Пайғамбарымызға махабатым ашылды. Әрі ұстаздың әзілдерімен жақсы кетеді екен.😁 “Пайғамбардың өмірін бітірдіңбе бе қайтадан бастала беруі керек"- деген ұстаздың сөзін еске алып тағы бір көріп шықтым. Нұрсұлтан ұстаз досым болып кеткендей 24/7 құлағымда)) Бірақ бір “но” бар екен. Байқап қарасам осы дәрістердің просмотрлары дәріс өскен сайын төмендеп жатыр екен. Алғашқы дәрісті 2.4 млн адам көрсе соңғы дәрісті 372 мың адам ғана көрген. Мектепке бірінші сабаққа келіп 2 сабақтан қашып кеткен оқушы секілді😂. Осы сира дәрістер топтамасын сіздерге де көруге кеңес беремін 🙌🏻
Показати все...
13👍 2🔥 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Показати все...
6👍 1🔥 1
Әр адамның өмірінде бір кумирі болуы керек екен Кумир адамның жетістікке жетуін жеделдетеді. Егер адам баласы бір рет сүрінетін болса сол кумиріне қарап қайта аяққа тұруына болады. Даму кезінде де кумирінің бірнеше қағидаларын ұстануы керек. Бірақ ең бастысы кумирді дұрыс таңдау Оны дұрыс таңдау үшін өзіңнің ұнататын өміріңді сүретін,сен жеткің келетін жетістіктерге жеткен адамды қараймыз. Ондай адам міндетті түрде табылады. Менің өмірде кумирім - Азамат Скаков ағамыз. Қазіргі таңда әдет қалыптастыру, өміріңді жүйелеу, таңертең ерте тұру деген нәрселерді адамдарға үйретуде. Инстадан стористарын қарап отырсаң бір күнін, нестеп жатқанын сағатымен жазып салып отырады. неге екенін білмеймін Азамат ағама тартылып тұрамын) Жақында ютубтан онымен болған подкасттарды толық көріп шықтым. Сондай қарапайым, спортпен білімді қатар алып жүретін, 5 уақыт намазы түгел, отбасына уақытылы көңіл бөлетін, әрдайым қозғалыста жүретін, бір сөзбен айтқанда "красавчик"😁. Тағы бір айта кететін жайт ,адам кумирінің кейбір ғана қасиеттерін сіңіруі керек-ау. Себебі сенің де кумиріңнен ерекшеленуің және кумирімнен де асып кетем деп тырмысуың, ниет қылуың абзал. #ойлар
Показати все...
12👍 2
9-сынып бітірген дұрыс па әлде 11 бітіру? Кімнің көзқарасы қалай және не үшін екенін жаза кетсеңіздер, мен үшін маңызды болып тұр
Показати все...
4
Өмірде ең жаман сезімдердің бірі ата-анаңның көз алдыңда қартаюы екен. Кішкентай кезіңде ештеңеге алаңдамайсың. Ата-анаң алынбайтын қорған секілді көрінеді. Қандай мәселе болса да бізге білдірмейді. Бір нәрсең дұрыс болмаса ата-анаңа барасың. Көмек керек пе ата-анаңнан сұрайсың. Біреу тиісті ме жылап ата-анаңа барасың. Ауырдың ба ата-анаң емдейді. Бір нәрсе керек пе ата-анаңа барасың ақша жоқ демей бірнәрсесін қылады әйтеуір. Өсе келе ата-анаңның да шеше алмайтын мәселесі, емдей алмайтын ауруы, ала алмайтын дүниелері бар екенін, бара-бара олар да көмекті қажет ететінін түсінесің. Дәл осы кезде өздігіңнен тырмаштана бастайсың. Ата-анаңның көмегінсіз бірнәрсе жасап оларды қуантқың келеді. Оларды тезірек бейнеттен арылтып ең жақсы бала болғың келеді. “Ата-анама масыл болдым ау"- деп үйде бос жатуға ұяла бастайсың. Адамның санасында жауапкершілік пайда болады. Міне, дәл осы кезде адам ересек өмірге қадам басады.
Показати все...
💔 13 8👍 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
«Нәпсі дертінің дауасы» 📙 Кітап маған ұнады. Нәпсінің көптеген дерттерімен және одан арылу жолдарымен таныстым. Кітап ішіндегі айтылған дерттің барлығын дерлік өзімнен кездестірген екенмін. Барлығы көзге көрінбейтін бірақ бірте бірте адамды құрдымға жіберетінін ойладым. Нәпсінің осынша дерті бар екенін мүлде білмеппін, нәпсінің дерті тек ішіп-жеу, ұйықтау, жалқаулық ,сараңдық деп қана ойлайтынмын. Кітапты дер кезінде оқыппын. Осы бастан нәпсімді тәрбиелеп үйренсем болашақта өзіме жеңіл болатынын түсіндім. Өйткені нәпсі семіріп алған жағдайда онымен жұмыс жасау қиынға соғары анық. Кітап соңында автор өсиеттері жазылған, оқуға кеңес берем #38шікітап
Показати все...
👍 9 6
Пайғамбарымыз ﷺ айтады: “Маған адамдардың жүрегіне үңілуді тапсырған жоқ”. 📚 Сахих Бұхари Ешкімнің ниетін білгің келіп, жүрегін қазбалама. Ісіне қарап баға бер. Ниетін бір Құдайдың өзі біледі.
Показати все...
19
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.