cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Дастан Құрманбаев

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі 🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Більше
Рекламні дописи
21 039
Підписники
-1424 години
-347 днів
+1 26230 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Мұсылман екі жақсылықтың арасында жан тапсырады. Біріншісі өтеп қойған жақсылығы. Екіншісі оны күтіп тұратын жақсылық. Ол – намаз. Талқа ибн Хабиб (Алла рахым етсін)
Показати все...
👍 193 111💔 12🔥 7😍 4😭 1
Repost from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) қазақ па? | 2-бөлім Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыздың (иә, түбі бір түркі атамыз деп мойындаймын) Қазақстанға келуі, жаңа мешіттің ашылуына қатысуы үлкен шарапат, береке, Алланың бізге берген нығметтерінен. Қасиетті Алланың кәләмін жазған мүбарак қолдарын сүю - құптарлық іс, Алла Тағала бізге де көрісуді жазсын, қолын алуды, батасын алуды нәсіп етсін. Қазақстанды “Атажұрт” дейді, иә, солай. Түркия президенті - Эрдоған көкеміз де солай айтады. Түрік (түркі) халықтарының асыл мекенінде қалғанбыз біздер. Алайда шейхті “қазақ” деп жар салып, негізсіз, дәйексіз ақпар таратуға қарсымын. “Шыңғысхан қазақ болған” деген секілді панказахизмді қою керек ау… тарихта өтіп кеткен Шыңғысханды қайтеміз, көзі тірі адамды қазақ қылып жіберіп жатқанымызда… Ешкімді күстаналау мақсатымда жоқ, керісінше, шейхтің Қазақстанға келуіне себепкер болған видеодағы ұстазға да, басқа кісілерге де Алла разы болсын! Үлкен еңбек, оны мойындаймыз! #панказахизм
Показати все...
❤‍🔥 79 42👍 18🤔 2
Repost from Orientalist's Notes
Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) атамыз қазақ па? | 1-бөлім Соңғы уақытта осындай жаңалық тарап, қазақтілді кеңістікті шарлап өтті. Әлбетте, тамаша жаңалық! Біз қазақ, мақтанғанды сүйеміз, абырой көреміз, өзі солай-ақ та! (Онда тұрған не бар дерсің?!) Күшті емес пе, әлемдік деңгейдегі тұлға - ұлты қазақ. Ертең Шымкентте болатын жаңа мешіттің ашылуына да шапан жауып алдырттық. [Шейх Осман Тоһә кім екенін білмесеңіз, төмендегі сілтемеге өтіп таныса аласыз] ⤵️ YouTube сілтемесі Содан, Осман Тоһә атамыздың қазақ екені бір видеодан мәлім болды, жан-жаққа тарқады. Ешкім фактчек жасамастан, соған нана кетті. [Ол қандай видео десеңіз, оны да келесі сілтемеден көріңіз] ⤵️ YouTube сілтемесі Видеода, бірақ қазақша сөйлеп тұр емес пе?! Шейх 1934 жылы бүгінгі Сирияның Хәләб (Алеппо) қаласында, Санди деп аталатын ауылда дүниеге келген. Ал ол Санди - түркімен ауылы боп табылады. Жалпы, Сирияда араб пен күрдтен соң түркімен 3-орында (саны жағынан). Олардың басы Шам өлкесіне Зенкилер дәуірінде келе бастаған (тарихтан қараңыз). “Түркімен” деп арабтарда, ертеде Ислам дінін қабылдаған түркі халықтарын айтады. Сөздің өзі “Түрік” және “Иман” сөздерінің қосындысы. Уақыт өте кез-келген қос сөз ассимиляцияға ұшырайды, содан да бұл сөз “Түркімен” боп қысқарған. Ғасырлар өтіп сол аймақтарда ұрпақтары қалған соң, жаңа бір этникалық топ секілді қалыптасып қалған, ал шынында түбі бір түрік халықтары. Құрметті шейхіміз Осман Тоһә - сол Хәләб түркімендерінен. Бүгін сол шейхтің әйелі мен туған қызына аударма жасап, жандарында болған ұстаз, 10 қырағат иесі - Шоқан қарекең де осы сауалды сұрағанын айтты, әйелі де, қызы да түркімендерденбіз деп растаған. Иә, түбіміз бір, бір тармақтанбыз, алайда қазақ деп жібере салу қаншалықты дұрыс?! Осы принциппен шейх өзбек те бола алады, Ашхабад түркімені де бола алады, қырғыз да бола алады, ноғай да бола алады… Бәріміз түрікпіз (түркі)! Шейхтің өзі 90-ды алқымдап қалған, содан да ақырын сөйлейді және кей сөздерін біздің қазекеңдер жаңылыс түсініп қалған көрінеді. “Аталарым Түркістаннан келген” деген көрінеді шейх… Енді осы “Түркістан” атауын талдап жіберейік. 1) Түркістан - көне қала атауы (біздің Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тұрған). 2) Түркістан - бүкіл түрік (түркі) халықтарына ортақ тарихи мекен атауы (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және оның ішінде Қарақалпақстан, Түркіменстан - бұл Батыс Түркістан. 3) Ал енді Қытайдағы (ҚХР) Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы және маңындағы аймақтар - Шығыс Түркістан (ол да кәдүгіндей үлкен территория). Шыңжаңда ұйғырлардың тұратынын білеміз, алайда Батыс Түркістандағы халықтардың да көп бөлігі Шығыс Түркістанда бар. 4) Оңтүстік Түркістан деген де бар (Ауғанстанның солтүстігі), олар саяси тұрғыдан бізден бөлініп қалған. Бүгінде Ауғанстан жерінде көптеген түркі халықтарын кездестіре аламыз (өзбек, түркімен ж/е т.б.) 5) Еділ (Волга), Жайық (Урал), Қырым, Солтүстік Қауқаз (Кавказ) Қобан (Кубань), Дон, Днепр, Днестр, Дунай - осылардың бәрінде түркі халықтары н/е түркі халықтарының ізі бар. Шейх Осман Тоһә (حفظه الله) аталарының Түркістаннан келгенін айтса, Шымкент жақтағы Түркістанды меңземегені анық. Википедияның ағылшыншасында “Nationality” деген жерге біздіңкілер “Qazaq” деп жазып кетіпті…😂 иә-иә, Википедияда өзің кіріп редакция ұсына аласың. Оны біздіңкілер жасағанын қайдан білдім? Өңделген өзгертпелердің мұрағатын көру мүмкіндігі бар. “Last edited” деген тұсы 1 ай бұрын деп тұр, яғни, соңғы рет бір ай бұрын өзгеріс еңгізілген. Мақтануға келгенде жан салмаймыз алдымызға!😂 Біреу “Don’t change the page without proof” деп жазған, сонда қазақтар қайта-қайта кіріп “Qazaq” деп өзгерте берген ғой…😁 Бұл енді қате! Олай жасаған дұрыс емес! Бір қазақ оларға ағылшынша жауап беріп қойыпты “Қазақ халқын көре алмайтындардың бүлдірген бетін қайта туралап қойдым” деп…😅 (до конца қырылған ғой, уопшым). #панказахизм
Показати все...
91👍 23🤯 2🐳 1
Бірі: қажы – бес парыздың – бай адамға, Төрт түлік төңірегі сай адамға. Парыз емес уақа жоқ бармаса да, Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға. Пайғамбар: «Байлар қажыға жүрсін!» – депті, «Мені келіп үмбетім көрсін!» – депті. Мәшһүр Жүсіп
Показати все...
197👍 22❤‍🔥 6🔥 5💯 4
Бірі: қажы – бес парыздың – бай адамға, Төрт түлік төңірегі сай адамға. Парыз емес уақа жоқ бармаса да, Ауқаты аз, қолы қысқа жай адамға. Пайғамбар: «Байлар қажыға жүрсін! Мәшһүр Жүсіп
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
103👍 11😍 10👏 9🔥 5🤩 4❤‍🔥 2🕊 1🤝 1
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Показати все...
517👍 77❤‍🔥 20🔥 12🕊 7🤝 7💯 4😇 3
Ел айырылса көбіне бар, Жол айырылса кеңіне түс. Мақал
Показати все...
👍 370 139🤔 21💯 20🕊 4🤯 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
❤‍🔥 111👍 37 37🤔 11🐳 6🤯 2🕊 2
Тәубе деген — өкіну! 📚 Хадис. Ибн Мәжә
Показати все...
646👍 98😭 80😢 23🕊 16💯 10🔥 7🤔 6❤‍🔥 4🐳 4🤯 1