Диспенза деген дәрігердің омыртқасына зақым түсіп, өзі операция төсегіне таңылады. Дәрігер де ауыра ма дерсіз? Неге ауырмасын? Денсаулығын күтпесе кез келген адам ауырады. Содан бұл дәрігер не істеді дейсіз ғой? «Рақмет ниеттеріңе, бірақ мен пышаққа түспеймін» дейді. «Ойбай-ау, өлесің де қаласың ғой ештеңе істемесең. Қалай емделмексің сонда?» деп әріптестері бебеу қағыпты. Сонда сабазың: «Мен ойдың, визуализацияның көмегімен емделемін» дейді. Содан түрлі жаттығу жасап, өзін сендіріп, миына реформа жасап, ақыр соңы жазылып шығады-ей батыр.
Ол қалай сонда? Мысалы, науқасқа күн сайын дәрі беріп, «мынау сені жазып шығады, қалдырмай іш, тез қалпыңа келесің» дейді. Бірақ оның бергені дәрі емес, әшейін қант қана. Бірақ науқас дәрігердің сөзіне имандай сеніп, өзін жақсы сезініп, «күн сайын тәуір боп келемін» деп ұйғарады. Бір қарасаң аттай шауып, үйіне кетеді.
Демек, мәселенің бәрі біздің миымызда. Күн сайын бір істі қайталап жасай берсең, миың да айналып, содан шықпай қалады. Оның осы режимін бұзу да оңай емес. Ылғи бір соқпақпен жүретін есектің өзін жаңа жолға айдасаң, кібіртіктеп жүрмей қалады ғой. Ескі сүрлеуге салсаң, қопаңдап шаба жөнеледі. Дәрігер Диспенза да миды саналы түрде өзгертіп, оятып, ағзаның өзін-өзі емдеу операциясын қолдануға шақырады.
Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
26 лист, 10:04
