Invintel
Відкрити в Telegram
Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз
Показати більше1 171
Підписники
Немає даних24 години
-37 днів
-130 день
Архів дописів
1 171
Бұл жалпы адамдармен мәміле жасауға қатысты деп ойлаймын. Ата-ананың разылығын алу, оларға қызмет етуде де кейінгі ғасырдағы араб шейхтарын ҮЛГІ етіп жатады. Яғни солар қалай жасаса, соны идеал көріп, одан айныса адасып кеткендей етіп сезіндіреді.
1 171
Repost from Өз ойым | أفكاري
Яғни бір шейх айтты екен деп сол нәрсені істей беру дұрыс емес. Сенің еліңнің хәл ахуалын, мәдениетін, түсінігін сол өз еліңнен шыққан білім иесі жақсы біледі.
Кейбір шейхтар үшін әйелімен ұрысқанда үйінен кетіп қалу немесе әйелдің дауыс көтеруіне көне салу, үйдің ішкі билігін әйелге бере салу қалыпты жағдай болуы мүмкін. Себебі ол да өзі өскен қоғамынан әсер алады.
Бала тәрбиесі де солай. Арабтардың бала тәрбиесі, әйелмен мәміле жасауға қатысты кітаптарын біздің қоғамға икемдемей, тікелей аудара салу да дұрыс емес.
1 171
Repost from Өз ойым | أفكاري
Иорданиядағы кейбір адамдар(шейхтар) отбасылық мәселеде, яғни қалай әйел таңдау керек, отбасылық өмірде қалай мәміле жасау керектігін Өзбекстан(шет ел) сияқты өзге елдердің адамдарына үйреткісі келеді. Бірақ ол қалай үйрете алады? Ол ел елдің қоғамы, салты, мәдениеті, түсінігі басқа болса?!
Шейх Салах әбу әл-Хадж (حفظه الله)
1 171
Колония, қауымдастық боп өмір сүретін жәндіктер бар. Аралар, құмырсқалар. Омарташы бал арасын жаңа жәшікке орналастырарда отардан біреуі тесігін таба алса болғаны. Барлығы қателеспей тура сол тесіктен кіретін болады. Құмырсқалар азық тапса, не қауіп жайлы білсе міндетті түрде отар одан хабардар болады. Осы стильді кезінде IT саласымен айналысатындар қолданатын. Өзі білмей, шешімін таппай тұрған мәселені форумға жазса, білетіндер жауап беретін, тегін бөлісетін. "Неге бәрі солай жасамасқа?" деген ой келген. Ми стандарттауға құмар ғой. Бәрін оңайластырғысы, қарабайыр еткісі келеді.
Қазір ой жүгіртсем, даралық та керемет екен ғой. Өз басыңнан өткерген бәрібір бөлек. Әр адам сана-сезімі қалыптаса бастағаннан түрлі ақпарат көзін жинайды. Сол ақпараттар негізінде белгілі бір деңгейде қалып/фильтр пайда болады. Туған ортаң, елің, отбасың, географияң, климатың бәрі-бәрі әсер етеді. Қайсысы көбірек және қалай әсер еткенін біліп болмайсың. Сондықтан да ерекше гений тәрбиелеудің ортақ формуласы жоқ.
Түрлі қалыптағы адам бір ақпаратты бірдей жағдайда отырып тыңдағанда/көргенде/оқығанда түрліше қабылдайды. Ол өзінің ішкі көзілдірігімен қарап, өз фильтрінен өткізеді. Сол ерекшелік негізінде түрлі шешім қабылдайды.
Ислам ғалымдары да солай ерекшеленді. Әкесі де, өзі де саудамен айналысқаны себепті Әбу Ханифа رحمه الله сауда бабына терең кірді, пістедей шақты, тиянақты-тыңғылықты жүйе құрды. Тәубе еткенге дейін кісі ақысына кіріп жүрген әулиелер, тәубеге келгесін сопылықтың шыңдарын бағындырды. Бұл кісі ақысына кіріңдер дегенім емес, тәубе ету нәсіп болмағандар қаншама...
Екінші Салах әд-дин رحمه الله қайда дейді. Ол өз заманының жағдаяттарымен қалыптасқан тұлға. Тап сол жағдаяттарды жасап, көшіріп, қайталап екінші Салах әд-динді тәрбиелеп шығара алмайсың. Бұл ғасыр жаңа тұлғаны, көшбасшыны қажет етеді.
Имам Бухаридің رحمه الله мухаддистер имамы болуына қайсысы көбірек әсер еткенін білмейсің: ерекше жаттау қабілеті, шешесінің дұғасы, шөл дала, әкесінен қалған мол байлық, ұстазының арманы, өзінің көрген түсі, көп сапарға шығуы және т.б. Бұл құрастырмалы себептер тізбегінен біреуін алып тастасаң, қалай әсер етуі мүмкін екенін білмейсің. Құдды осы себептер жиынтығымен Аллаһ جل جلاله имам Бухариді тәрбиелеп шығарғандай.
Жоғарыда жазғанымда, даралық, әркімнің жолы әртүрлі болуы да керемет екен. Қоғамдық көзбен қарасақ әр индивид бір-бірін толықтырып, қоғам қажеттіліктерін жауып отыр. Ара мен құмырсқадан үйренеріміз көп болса да, олар жаратылғалы бері отар күйінде қалды, ал адамзат ұдайы жаңару, жаңғыру үстінде. Осылайша, білген сайын таяз екеніңді түсіне береді екенсің. Шариғат талап ететін істі сөккеніңмен, кісінің өзін сөгуден қаша бастайды екенсің...
الله أعلم
1 171
Бұрын достары шақырғанда анасы жұмыстар тапсырып, үйді сыпырып, еденді жуып, ыдыстарды жуып, заттарды реттеп, «болды ма, бара берсем бола ма?» деген балалар өсті.
Қазір де соны жасайды. Бірақ анасынан сұранбайды. Орнына басқа біреу бар...
Просто оның санасындағы модель солай қалыптасқан. Анығырақ, солай қалыптастырған. Қалай қамқорлық жасау керегін біледі. Өзін қалай сыйлау керегін білмейді...
1 171
Әзіл айтқанда шындықпен әзілдеу керектігі айтылады. Бірақ көбі сүннет бойынша сирек әзілдесуге шақырады. Ол да жақсы. Оғаш боп тұрғаны, сүннетті міндеттеп тастауы. Яғни, қалжыңбас болсаң, ұялтып, масқаралап, сүннеттен безген адам секілді сезіндіріп жібереді.
وَقَالَ قَبِيصَةُ: كَانَ سُفْيَانُ الثَّوْرِيُّ رَحِمَهُ اللَّهُ مَزَّاحًا، كُنْتُ أَتَأَخَّرُ خَلْفَهُ، مُخَافَةَ أَنْ يُحَيِّرَنِي بِمُزَاحِهِ.
[السير (تهذيبه) ٦٩٩/١]
Суфьян әс-Сәуридің (Аллаһ рахымына алсын) ұлы мухаддистердің қатарынан, сүннетті берік ұстанушылардың бірі екені жасырын емес. Іздеп көріңдер.
Қабиса айтады: Суфьян әс-Сәури әзілкеш еді. Ол әзілдерімен мені ыңғайсыз жағдайға қалдырмасын деп артында кейін шегініп жүруші ем (мағыналық аударма).
Сондықтан, шектен шықпаңдар, болмыстарың әзілге жақын болса, бас тартпаңдар. Тек шын сөзбен әзілдесіңдер.
الله أعلم
1 171
Эмансипация «по полной программе» жүріп жатыр. Бұрын ердің құрметі туралы еркін айта алсақ, қазір ол сөздің түп төркінін, мәнісін ұға ма деп ойланамыз. «Шөл арыстаны» болған Омар Мұхтардың әйелі ері босағадан иіліп өтпесін, басын түсірмесін, деп әр кіргенде пердені көтеріп тұрушы еді.
Қазір «махаббатын көрсетеді» деген сайын әйелінің аяғын иіскеп, сүйген видеоларын салудан тартынбайтын болды. Қайда кетіп барамыз... Жеке адамның шаруасы болғанымен елге таратудан тартынбаса, қалыпты жағдайға айналады. Сосын майдалануымыз үдеп, прайм эрамызға жетпей жатып, жойылармыз.
الله المستعان
1 171
Ақпараттық кеңістікте кең тарап жатқан бір проблема бар. Ол проблема екі тараптан жасалуда.
Бірі хайп қуып, актив көтеру үшін, әдейілеп, адамдар шыдай алмай пікір жазатындай контент ұсыну. Ол кез келген форматта болуы мүмкін. Негізгі мақсат — охват жинау.
Екінші тарап – қарапайым халық. Жазғырудың түрлі формасынан бастап, мазақтап, үстерінен күлу, келемеждеу, сөгу.
Біріншісі, өздерінің дүниелік мақсаттары үшін қоғамды бәлеге душар етіп жатыр. Ал екіншілері, өз бастарына бәле тілеп алып жатыр.
Яғни, кісінің жеке басын мінеп-сынап, жазғыру арқылы өздеріне сынақ тілеп жатқандай. «Мен ондай болмаймын» деп вызов тастағандай көрініс.
Өкінішке қарай, бұл істі халықтың тобырлық санасына сеніп тапсыруға болмайды. Сөзі өтетін, билігі жүретін топтың жөнге салғаны дұрыс.
«Үндемеген үйдей бәледен құтылады»
P.S. Күнәлі істің, күнәнің өзін сөгу керек. Бірақ адамның өзін сөкпеңдер.
الله أعلم
1 171
Қыз баланың әкесіне жақын болуы, әкесін қатты жақсы көруі, әкенің де қызына жүрегі елжіреп тұруы тектен тек емес.
Аллаһ جل جلاله аманат етіп әкесіне тапсырғасын, екеуінің жүрегіне де махаббат салып беріп, аманатына тек ақылмен емес, жүрекпен қарауына да жетелеп жатқандай...
1 171
Махаббатқа басқаша көзқарас.
Тарихта «сүйіп қосылды» деген факт өте аз кездеседі. Сезімге берілгіш көркем әдебиет жазушылар мен ақындар сол жағдайларды жиі жазып қалдырғандықтан кең таралған, бағзы заманнан бар, табиғаттың заңы секілді танылып кеткен. Кейінгі ғасырдағы кино-сериалдарды қос. Онда тұрған не бар?
«Махаббат» (иә-иә, тырнақшаның ішіндегі) ерлер үшін қыздың пәктігін жоғалтқанына, салақтығына, қырсықтығына, адекватсыздығына көз жұмып қарауына себеп болса; қыздар үшін жігіттің жалқаулығына, инфантильдігіне, ездігіне, лохтығына көз жұма қарауына себеп боп жатыр.
Сезім өзгеріп тұрады. Басылған кезде көз жұма қараған проблемалардың бәрі су бетіне шығады. Көнейін десе, өте көп. Көнбейін десе, бала бар. Қайтпек керек? Аққу, шортан, қу шаяндай әркім өз жағына тартып, барынша өз пайдасына шешуге тырысады.
Осылайша атам заманнан отбасы боп қалануда қосымша рөл атқаратын «сезімдер» негізгі шешуші факторға айналып, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды өршітіп жатыр.
الله أعلم
1 171
Әйл адам дені дұрыс әңгіме айтса, оны «пикми» деп жерге ұрады.
Әйел адам бір нәрсені логикамен рационалды дәлелдесе, «фейк аккаунттағы еркексің» дейді.
Әйел адам өз қалауымен хиджаб кисе, үйде отыруды таңдаса: «арабқұл, қараңғы» деп айыптайды.
Әйел адамнан «бастығың әйел болғанын қалайсың ба?» деп сұрасаң, «жоқ» дейді.
Матриархат орнаса ойларын осылай ашық айта алам деп ойлай ма сонда бұлар?) Бұрын соңды көрмеген абьюздің көкесі болмақ))
1 171
Осы «لطائف المعارف» кітабында мынадай мағынада сөз келеді.
Құлшылығыңның (бойсұнуыңның) қабыл болуының белгісі – жалғастырып тағы ізгі амал жасауың. Ал құлшылығыңның (бойсұнуыңның) қайтарылуының белгісі – амалыңның жалғасына күнә (бойсұнбаушылық) жасауың...
1 171
Батыстың кинолары мен кітаптарынан жастарда мынадай ой қалыптасқан: «Если любишь, отпусти его/её»
Ғдэ лоғиқа? Қарным ашса, жемей-ақ қоюым керек па? Шөлдесем су ішпеуім керек па?
Ондай қияли әңгімелер өте көп.
1 171
Бұрынғылардан мынадай мағынада сөз қалып еді.
Қорқақтық пен тақуалықты, әлсіздік пен сақтануды (осторожность) шатастырмаңдар. Өйткені сыртқы көрінісі ұқсас.
Сондықтан әлсіздігіміз бен қорқақтығымызды тақуалықпен, ықтияттылықпен бүркемеу керек.
1 171
Бір дерт бар. Дұрыс нәрсе жасап жатырмын деп өзгеге зиян беру. Өкінішке қарай, бәріміз осы дертпен ауырамыз. Бірімізде асқынған күйде, бірімізде «безобидный» формада.
Анық байқалатын түрлері совет көрген, ел ағасы жасынан асқан көкелерімізде кездеседі. Өкіметте отырғандар ақымақ емес дегенге имандай сенетіндер көп. Олай емес екені анық, өйткені олар да халықтан шығады. Әрине, тоталитаризм санасының қалдығы ғой. Дегенмен өз балаларына көптеген тосқауылдар қойған.
Ең білінер-білінбесі дін атынан сөйлейтін тақиялы абзал жандарда. Олар да дін бойынша дұрыстыққа шақырып жатырмын деп ойлайды, оппоненттерін барынша қысады. Бәрі емес, көпке топырақ шашпаймын. Бірақ көбі дұрыстығына терең бойлай бермейді.
Мұның бәрінен құтқаратын ем — білім. Біле түскен сайын, тұңғиығына батқан сайын, алдыңғы амалдарың қаншалықты шикі екені білінеді. Өткен іс өтті, қазіргі біліміңмен түзеуге тырысу керек. Бірақ қазіргі амалың да дұрыс екеніне кепілдік жоқ.
Өмірің өзіңді түзетумен өте бермек...
الله أعلم
1 171
Батыстың түсінігінде жұп деген ұғым кетіп, орнын партнёр, серіктес деген ұғым басқан. Экономикалық жағдай соған итермеледі. Әркім өз карьерасымен шұғылданып жүреді. Әйелі күйеуіне, күйеуі әйеліне опасыздық жасайтынын біледі. Сонда да қарым-қатынастарын жалғастыра береді. Француздар оны нормализациялап алған. Неге? Мүдде бір. Серіктес болғасын бір-біріне кедергі жасамау керек. Бұл – олардың түсінігіндегі отбасы форматы.
Неге опасыздық жасайды? Себеп көп. Қайбірін айшықтай бересің. Оңашалану, жылулықты әріптестерінен көру, қанағатсыздық т.б.
Феминизммен уланған біздің елдің қыз-келіншектері осы форматты опасыздықсыз көшіргісі келеді. Қалай жүзеге асырғысы келеді, түсініксіз. Адам фитрасындағы ер адамның үйлену мақсаты — тыныштық табу, жаны жайлану. Батыста оны сырттан, бөтеннен алу – «норма», сондықтан көз жұма қарайды. Ал карьера қуған екі адамның үйде бір-біріне көңіл бөлуі сирек құбылыс.
Үйленудің аты боп, заты болмаса, отбасы боп ұзаққа бармайды. Мәнін де жоғалтады.
1 171
Кеңкелес емес феминист табу өте қиын. Басым көпшілігі исламофоб. Егер жаман үлгі ретінде Ауғанстанды мысал етсе, ол автоматты түрде исламофоб. Просто ол өзін олай ойламайды. Инертті санамен өмір сүріп жүр.
Үндістанды, Солтүстік Кореяны, Африкадағы денесі шірісе де лашыққа амап қоятын тайпаларды мысал етуге болады. Бірақ оны айтпайды? Неге Сирия туралы айтпай қойды? Өйткені АҚШ бейнесіндегі қожайындары Сирияны «жақсы» деді. Дипломатиялық байланыс орнатты.
1 171
Толық подкастын қарамадым. Көрермен көзайымы Рабиға бұл жолы қатты сүрінді. Өзі естігендеріне амал етіп жүрген шығар. Оның маманданған саласы фиқһ емес.
Алдында әйелдерге микрофон бермеу керек дегенімде сексизм мен мизогинияда айыпталғам. Мәселе жеке тұлғада емес, қоғамдық түсінікте.
Өкінішке қарай, пікірде қанша ескерту берілсе де, осы сәтте Рабиғаны қолдап жатқан қыз-келіншектер өте көп. Уәждері: Азһар бітірген, қари пәленбай қырағат иесі, "білімді" әйел. Олар Рабиғаның қайда қателесіп тұрғанын түсініп тұрған жоқ. Тек ЖЕНСКАЯ СОЛИДАРНОСТЬ.
Өкінішті жағдай. Бұл бастамасы. Ертең тағы бірнешеуі шығады. Дайындала беру керек.
الله المستعان
1 171
Кейінгі кездері әркімнің 18+ видеосы шығып, адамдар өзара тарата бастады. Ол нәрсе болашақта әлі талай адамның айыбы ашылуына әкеле ме деп қауіптенем. Әрбір таратушы біреудің айыбы ашылуына үлескер ғой. Соның салдарынан бұл нәрсе көбейіп (келешекте олардың да айыбы ашылып), кейін қалыпты жағдайға айнала ма деген ой келеді.
Ерлі-зайыпты болса да, ондай видео түсірген жөн емес. Алаяқтар телефоныңа доступ алса, жүктеп, тарата салады немесе сонымен бопсалайды. Бір шулап, ел де ұмытар. Бірақ ол балаларының болашағына әсер етеді. «Тексіз» деп құдандаласудан қашады немесе келінді (бетіне басып) басынатын болады. Обал ғой...
Ондай айыпты таратпаңдар. Өздерің де көрмеңдер. Басқаларға да ескертіңдер. Аллаһ عز وجل баршамызды тура жолға салсын.
Вже доступно! Дослідження Telegram за 2025 — головні інсайти року 
