Invintel
前往频道在 Telegram
Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз
显示更多1 180
订阅者
-124 小时
+147 天
+530 天
帖子存档
1 180
ИСЛАМ МЕН ФИТРА
Жазбаның басын тәмсілмен бастайын. Күндердің бір күнінде сарышаян өзеннен өткісі келеді. Судан өтетін жалғыз мүмкіндігі тасбақа. Егер ол тасымалдауға келіссе, арғы беттегі кең, азығы мол алқапқа тап болмақ. Тасбақадан сұрағанда: «Сен мені шағып аласың ғой» - деп келіспейді. Сонда сарышаян: «Шағып қайтем? Шақсам, екеуміз де, сен удан, мен суға батып өлеміз ғой» - деп қайтара сұрайды. Сарышаянның бұл жауабы тасбақа үшін ақылға қонымды боп көрінді. Расында да, шағып алса, өзіне қастандық жасайтын ақымақ емес пе? Содан тасбақа оны үстіне мінгізіп, судың беткейімен жүзіп өте бастайды. Бел ортасына келгенде сарышаян мойнын дәлдеп тұрып, шағып алады. Удың әсерінен әлі қалған есімен тасбақа сарышаяннан: «Неге шақтың? Екеуміз де өлеміз енді...» деп сұрағанда, сарышаян: «Болмысым сондай» деп жауап қатады. Қандай ақылды, инстинкт.
Әр жаратылыстың өз болмысы (фитра) болғандай, адамның да болмысы бар. Болмыс деген қандай мекенде, қай ғасырда, қай мәдениетте өмір сүрсең де, бойыңнан жоғалмайтын туа бітті сипаттар мен әрекеттер жинағы. Біздің нақ болмысымыз қандай екенін бізді (адамзатты) жаратқан Аллаһ عز وجل қана біледі. Мұның жарқын мысалы, адам баласы тылсым Құдіретке сенеді. Қай дінде, сенімде болса да, тіпті, Құдайды мойындамайтын атеист болса да, бір ырымдарға сеніп жүреді.
Аллаһ Тағала өзінің құлдарын бәрінен артық жақсы біледі. Бұл туралы бізге «Қаф» сүресінде: «وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ وَنَعْلَمُ مَا تُوَسْوِسُ بِهِ نَفْسُهُ ۖ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ» деп келтіреді. «Анығында, адам баласын Біз жараттық, міне, сондықтан, нәпсісінің оған үнемі не сыбырлап, көкейіне қандай ойлар салатынын жақсы білеміз. Өйткені Біз оған күре тамырынан да жақынбыз» (мағ.ауд). Біз нені жақсы көретінімізді, нені жек көретінімізді, не нәрсеге қиналатынымызды, неден рахаттанатынымызды, неге қуанып, неден ашуланатынымзды бәрін-бәрін біледі.
Енді бізге, сол болмысымызды жойып алмай, Өзінің разылығына бөленуге, азабынан алысқа болуға себеп болатын Шариғатын бекітіп берді. Біздің шариғатымыз адам болмысын толық қамтиды. Қияметке дейін өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Проблемалар қайдан шығып жатыр? Адамзат шариғаттан өзге жол іздегенде шығып жатыр. Қазір көпшілік адамға Ислам діні құлшылық рәсімдерінің жинағы, қосымша бонус жинайтын рухани SQ боп көрінеді. Жоқ, адамның денесін тік ұстауға ұстын болатын омыртқадай, адам өмірінің өзегі, ұстыны Ислам болуы тиіс.
Қоғамдағы белгілі бір қажеттіліктерге байланысты түрлі наным-сенімдер, мүдделік идеологиялар, құндылықтар жүйесі пайда боп, кейін жойылып жатты. Егер әрқайсысының хронологиялық және себеп-салдар тарихына үңілсек, сайып келгенде болмысқа тіреледі.
Коммунизм, консерватизм, капитализм, либерализм, гуманизм, толерантизм, индивидуализм, секуляризм, демократия, материализм, меркантилизм, феминизм және т.б. Бәрі де адамзат тарапынан белгілі бір проблемаларды шешу үшін ойлап табылған. Алайда адам адамды танымайды, оның ақылы мен білімі адамның болмысын толық қамтымайды. Сондықтан да қоғамда қандай идеологияға, құндылыққа басымдық бергенде дисбаланс пайда болды. Ол ұлғайып проблемаға айналған оны шешу үшін басқасы ойлап табылды. Егер тарихи ғасырлар масштабында үңіліп қарасақ, осындай әрекеттер салдары адамзатты құрдымға апара жатыр.
Жарайды. Бұл түсінікті делік, мұсылмандар ше? Өкінішке қарай, сана уланып, Батыс өркениетінің жалған ақпаратына миы шайылып, жеңілген құлдық сана орнағасын, өз діндері Исламнан нұқсандық көретіндер көбейді. Кейбіреулері қимастықпен біріктіргісі, гибрид жасағысы келеді. Олай болмайды, Ислам өзі кемел болғандықтан сырттан ештеңе қоса алмайсың. Қоссаң, қосқан нәрсеңде адасасың.
Ислам адам болмысын толық қамтитындықтан, барлық идеологиялар, измдер, құндылықтар сырттай қарағанда жанама түрде Исламға ұқсас, біріктіруге келетіндей көрінеді. Бірақ Исламнан басқа ешбірі адам болмысын ескермейтіндіктен немесе адамзатқа белгілі 1-2%-бен шектелетіндіктен мыңдаған өзге проблемаларды тудыртып жатыр.
1 180
Repost from Субстрат интеллекта
Имам ас-Сакандари, да освятит Аллах его душу, сказал:
《Откладывание дел на потом в надежде на наличие свободного времени — один из видов глупости》.
— аль-Хикам, N18
➖➖➖➖➖➖➖
Ожидание более благоприятных обстоятельств для выполнения важных дел — из недостаточности ума, и это потому, что такой человек откладывает важное дело, ожидая <достаточного> покоя и свободы от забот — но такое состояние едва ли бывает в этой жизни. Это жизнь устроена так, что в ней всегда есть отвлекающие факторы. Ждать их исчезновения — значит ждать вечно.
Также это неразумно потому, что такой человек полагается на две вещи, которым нельзя доверять: на собственную душу, которая редко держит данные себе обещания и склонна к непостоянству в намерениях, и на само время, чьи превратности непредсказуемы. И то, и другое может подвести в любой момент.
Однако если человек будет действовать, несмотря на трудности и заботы, пусть не столько ощутимо, но постоянствуя в этом, то он непременно обнаружит в этом благодать и доведёт дело до конца, даже не заметив этого, с позволения Аллаха.
— по словам имама Ахмада Заррука, да помилует его Аллах
1 180
Repost from Suleiman Sukhorukov
Одно из величайших наставлений, которым научил меня мой шейх, заключается в том, что разум — это удел (ризк), подобно имуществу.
Поэтому не раздражайся, когда в повседневной жизни — в деловых отношениях, за рулём автомобиля или в других ситуациях — встречаешь множество людей, которым досталось мало этого удела, то есть разума.
Вместо этого благодари Аллаха за Его милость и дарованное благополучие и проси Его о полноте и постоянстве этих даров.
— АбдульУахид аль-Ханбали
1 180
Әлеуметтік-экономикалық мәртебе шкаласы бойынша Алматыда 2026 жылы «Кедей» статусын алуың үшін айлық кіріс 250К-450К ₸ болу керек екен.
Кедей болу үшін де ақша керек...
1 180
Алаяқтық жасаудың жаңа түрі шығыпты. Өтірік переписка жасап, байын жаман көрсетіп, алимент төлемей жүргенін жазып, елге эмоционалды түрде ұсынады. Ел әйелдің сөзіне 💯% сеніп, байын қосылып жамандайды, әйелдің каспиіне көмек болсын деп ақша аударады. Кім тексеріп жатыр, рас өтірігін? Ешкім.
1 180
1977 жылы шыққан «Алты жасар Алпамыс» фильмінен үзінділер. Әншейін кинофильм болса да, идеологиялық қызмет атқарды. Менің көп балаға қызығып, біреу көп балалы болса сүйсіне қарауыма осы кинофильмнің әсері бастау болған.
Ес білгелі қараған кинофильмдерімді еске алсам, ақырындап отбасы модельдерінде бала саны азайып, кейінгі жылдары балалы отбасы онша көрініс таппайтын боп кетіпті. Не бала бар, бірақ есейіп кеткен, не бала жоқ сонда да «бақытты» көрініс. Яғни, ол маңызды емес, маңыздысы бақытты болу деп хабар беріп жатқандай. Қалай бақытты болу мен балалы болу бір-біріне қайшы келетіні түсініксіз.
Сондай-ақ қазақ қоғамында кәріс пен түрік сериалдары өздерінің отбасы модельдерін насихаттауда. Үйдің тазалығы маңызды емес, бастысы сезім. Бір түрік сериалында әйелі күйеуіне ашуланып қорасы мен үйін өртеп жіберген екен, күйеуі кешіріммен қарағанын "рилс" қып кесіп, таратып жүр. Яғни, әйелдің кез келген қыңыр-қырсықтығын көтересің, махаббатыңның дәлелі, көтермесең сүймейсің. «Әйел проблема жасайды, еркек соны шешеді» — өмірдің бар мәні, адамзаттың өмір сүру формуласы етіп көрсетеді.
Сол модельді көшіре бастаған жастарға дін, ұлт, тарих, ғұрып, логика, мәдениеттен түсіндірме жасасаң қыстырмайды. Бұл медианың қаншалықты «қуатты» екенін білдіреді. Жақсыны көрсетсең, жақсыны сіңіреді; жаманды көрсетсең, жаманды сіңіреді.
الله أعلم
1 180
Амалдар ниетке қарайды. Біреу қарыз сұрайды. Беру де бермеу де еркіңде. Сен қайсысы жақсылы9 екенін, қайыр екенін білмейсің. Аллаһ біледі. Мүмкін осы сын сағатта бермеуіңнен соң қайраттанып енді ешкімнен қарыз сұрамаспын деп еңбекке ыждағаттанар
1 180
Бұл жалпы адамдармен мәміле жасауға қатысты деп ойлаймын. Ата-ананың разылығын алу, оларға қызмет етуде де кейінгі ғасырдағы араб шейхтарын ҮЛГІ етіп жатады. Яғни солар қалай жасаса, соны идеал көріп, одан айныса адасып кеткендей етіп сезіндіреді.
1 180
Repost from Өз ойым | أفكاري
Яғни бір шейх айтты екен деп сол нәрсені істей беру дұрыс емес. Сенің еліңнің хәл ахуалын, мәдениетін, түсінігін сол өз еліңнен шыққан білім иесі жақсы біледі.
Кейбір шейхтар үшін әйелімен ұрысқанда үйінен кетіп қалу немесе әйелдің дауыс көтеруіне көне салу, үйдің ішкі билігін әйелге бере салу қалыпты жағдай болуы мүмкін. Себебі ол да өзі өскен қоғамынан әсер алады.
Бала тәрбиесі де солай. Арабтардың бала тәрбиесі, әйелмен мәміле жасауға қатысты кітаптарын біздің қоғамға икемдемей, тікелей аудара салу да дұрыс емес.
1 180
Repost from Өз ойым | أفكاري
Иорданиядағы кейбір адамдар(шейхтар) отбасылық мәселеде, яғни қалай әйел таңдау керек, отбасылық өмірде қалай мәміле жасау керектігін Өзбекстан(шет ел) сияқты өзге елдердің адамдарына үйреткісі келеді. Бірақ ол қалай үйрете алады? Ол ел елдің қоғамы, салты, мәдениеті, түсінігі басқа болса?!
Шейх Салах әбу әл-Хадж (حفظه الله)
1 180
Колония, қауымдастық боп өмір сүретін жәндіктер бар. Аралар, құмырсқалар. Омарташы бал арасын жаңа жәшікке орналастырарда отардан біреуі тесігін таба алса болғаны. Барлығы қателеспей тура сол тесіктен кіретін болады. Құмырсқалар азық тапса, не қауіп жайлы білсе міндетті түрде отар одан хабардар болады. Осы стильді кезінде IT саласымен айналысатындар қолданатын. Өзі білмей, шешімін таппай тұрған мәселені форумға жазса, білетіндер жауап беретін, тегін бөлісетін. "Неге бәрі солай жасамасқа?" деген ой келген. Ми стандарттауға құмар ғой. Бәрін оңайластырғысы, қарабайыр еткісі келеді.
Қазір ой жүгіртсем, даралық та керемет екен ғой. Өз басыңнан өткерген бәрібір бөлек. Әр адам сана-сезімі қалыптаса бастағаннан түрлі ақпарат көзін жинайды. Сол ақпараттар негізінде белгілі бір деңгейде қалып/фильтр пайда болады. Туған ортаң, елің, отбасың, географияң, климатың бәрі-бәрі әсер етеді. Қайсысы көбірек және қалай әсер еткенін біліп болмайсың. Сондықтан да ерекше гений тәрбиелеудің ортақ формуласы жоқ.
Түрлі қалыптағы адам бір ақпаратты бірдей жағдайда отырып тыңдағанда/көргенде/оқығанда түрліше қабылдайды. Ол өзінің ішкі көзілдірігімен қарап, өз фильтрінен өткізеді. Сол ерекшелік негізінде түрлі шешім қабылдайды.
Ислам ғалымдары да солай ерекшеленді. Әкесі де, өзі де саудамен айналысқаны себепті Әбу Ханифа رحمه الله сауда бабына терең кірді, пістедей шақты, тиянақты-тыңғылықты жүйе құрды. Тәубе еткенге дейін кісі ақысына кіріп жүрген әулиелер, тәубеге келгесін сопылықтың шыңдарын бағындырды. Бұл кісі ақысына кіріңдер дегенім емес, тәубе ету нәсіп болмағандар қаншама...
Екінші Салах әд-дин رحمه الله қайда дейді. Ол өз заманының жағдаяттарымен қалыптасқан тұлға. Тап сол жағдаяттарды жасап, көшіріп, қайталап екінші Салах әд-динді тәрбиелеп шығара алмайсың. Бұл ғасыр жаңа тұлғаны, көшбасшыны қажет етеді.
Имам Бухаридің رحمه الله мухаддистер имамы болуына қайсысы көбірек әсер еткенін білмейсің: ерекше жаттау қабілеті, шешесінің дұғасы, шөл дала, әкесінен қалған мол байлық, ұстазының арманы, өзінің көрген түсі, көп сапарға шығуы және т.б. Бұл құрастырмалы себептер тізбегінен біреуін алып тастасаң, қалай әсер етуі мүмкін екенін білмейсің. Құдды осы себептер жиынтығымен Аллаһ جل جلاله имам Бухариді тәрбиелеп шығарғандай.
Жоғарыда жазғанымда, даралық, әркімнің жолы әртүрлі болуы да керемет екен. Қоғамдық көзбен қарасақ әр индивид бір-бірін толықтырып, қоғам қажеттіліктерін жауып отыр. Ара мен құмырсқадан үйренеріміз көп болса да, олар жаратылғалы бері отар күйінде қалды, ал адамзат ұдайы жаңару, жаңғыру үстінде. Осылайша, білген сайын таяз екеніңді түсіне береді екенсің. Шариғат талап ететін істі сөккеніңмен, кісінің өзін сөгуден қаша бастайды екенсің...
الله أعلم
1 180
Бұрын достары шақырғанда анасы жұмыстар тапсырып, үйді сыпырып, еденді жуып, ыдыстарды жуып, заттарды реттеп, «болды ма, бара берсем бола ма?» деген балалар өсті.
Қазір де соны жасайды. Бірақ анасынан сұранбайды. Орнына басқа біреу бар...
Просто оның санасындағы модель солай қалыптасқан. Анығырақ, солай қалыптастырған. Қалай қамқорлық жасау керегін біледі. Өзін қалай сыйлау керегін білмейді...
1 180
Әзіл айтқанда шындықпен әзілдеу керектігі айтылады. Бірақ көбі сүннет бойынша сирек әзілдесуге шақырады. Ол да жақсы. Оғаш боп тұрғаны, сүннетті міндеттеп тастауы. Яғни, қалжыңбас болсаң, ұялтып, масқаралап, сүннеттен безген адам секілді сезіндіріп жібереді.
وَقَالَ قَبِيصَةُ: كَانَ سُفْيَانُ الثَّوْرِيُّ رَحِمَهُ اللَّهُ مَزَّاحًا، كُنْتُ أَتَأَخَّرُ خَلْفَهُ، مُخَافَةَ أَنْ يُحَيِّرَنِي بِمُزَاحِهِ.
[السير (تهذيبه) ٦٩٩/١]
Суфьян әс-Сәуридің (Аллаһ рахымына алсын) ұлы мухаддистердің қатарынан, сүннетті берік ұстанушылардың бірі екені жасырын емес. Іздеп көріңдер.
Қабиса айтады: Суфьян әс-Сәури әзілкеш еді. Ол әзілдерімен мені ыңғайсыз жағдайға қалдырмасын деп артында кейін шегініп жүруші ем (мағыналық аударма).
Сондықтан, шектен шықпаңдар, болмыстарың әзілге жақын болса, бас тартпаңдар. Тек шын сөзбен әзілдесіңдер.
الله أعلم
1 180
Эмансипация «по полной программе» жүріп жатыр. Бұрын ердің құрметі туралы еркін айта алсақ, қазір ол сөздің түп төркінін, мәнісін ұға ма деп ойланамыз. «Шөл арыстаны» болған Омар Мұхтардың әйелі ері босағадан иіліп өтпесін, басын түсірмесін, деп әр кіргенде пердені көтеріп тұрушы еді.
Қазір «махаббатын көрсетеді» деген сайын әйелінің аяғын иіскеп, сүйген видеоларын салудан тартынбайтын болды. Қайда кетіп барамыз... Жеке адамның шаруасы болғанымен елге таратудан тартынбаса, қалыпты жағдайға айналады. Сосын майдалануымыз үдеп, прайм эрамызға жетпей жатып, жойылармыз.
الله المستعان
1 180
Ақпараттық кеңістікте кең тарап жатқан бір проблема бар. Ол проблема екі тараптан жасалуда.
Бірі хайп қуып, актив көтеру үшін, әдейілеп, адамдар шыдай алмай пікір жазатындай контент ұсыну. Ол кез келген форматта болуы мүмкін. Негізгі мақсат — охват жинау.
Екінші тарап – қарапайым халық. Жазғырудың түрлі формасынан бастап, мазақтап, үстерінен күлу, келемеждеу, сөгу.
Біріншісі, өздерінің дүниелік мақсаттары үшін қоғамды бәлеге душар етіп жатыр. Ал екіншілері, өз бастарына бәле тілеп алып жатыр.
Яғни, кісінің жеке басын мінеп-сынап, жазғыру арқылы өздеріне сынақ тілеп жатқандай. «Мен ондай болмаймын» деп вызов тастағандай көрініс.
Өкінішке қарай, бұл істі халықтың тобырлық санасына сеніп тапсыруға болмайды. Сөзі өтетін, билігі жүретін топтың жөнге салғаны дұрыс.
«Үндемеген үйдей бәледен құтылады»
P.S. Күнәлі істің, күнәнің өзін сөгу керек. Бірақ адамның өзін сөкпеңдер.
الله أعلم
1 180
Қыз баланың әкесіне жақын болуы, әкесін қатты жақсы көруі, әкенің де қызына жүрегі елжіреп тұруы тектен тек емес.
Аллаһ جل جلاله аманат етіп әкесіне тапсырғасын, екеуінің жүрегіне де махаббат салып беріп, аманатына тек ақылмен емес, жүрекпен қарауына да жетелеп жатқандай...
1 180
Махаббатқа басқаша көзқарас.
Тарихта «сүйіп қосылды» деген факт өте аз кездеседі. Сезімге берілгіш көркем әдебиет жазушылар мен ақындар сол жағдайларды жиі жазып қалдырғандықтан кең таралған, бағзы заманнан бар, табиғаттың заңы секілді танылып кеткен. Кейінгі ғасырдағы кино-сериалдарды қос. Онда тұрған не бар?
«Махаббат» (иә-иә, тырнақшаның ішіндегі) ерлер үшін қыздың пәктігін жоғалтқанына, салақтығына, қырсықтығына, адекватсыздығына көз жұмып қарауына себеп болса; қыздар үшін жігіттің жалқаулығына, инфантильдігіне, ездігіне, лохтығына көз жұма қарауына себеп боп жатыр.
Сезім өзгеріп тұрады. Басылған кезде көз жұма қараған проблемалардың бәрі су бетіне шығады. Көнейін десе, өте көп. Көнбейін десе, бала бар. Қайтпек керек? Аққу, шортан, қу шаяндай әркім өз жағына тартып, барынша өз пайдасына шешуге тырысады.
Осылайша атам заманнан отбасы боп қалануда қосымша рөл атқаратын «сезімдер» негізгі шешуші факторға айналып, қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды өршітіп жатыр.
الله أعلم
1 180
Әйл адам дені дұрыс әңгіме айтса, оны «пикми» деп жерге ұрады.
Әйел адам бір нәрсені логикамен рационалды дәлелдесе, «фейк аккаунттағы еркексің» дейді.
Әйел адам өз қалауымен хиджаб кисе, үйде отыруды таңдаса: «арабқұл, қараңғы» деп айыптайды.
Әйел адамнан «бастығың әйел болғанын қалайсың ба?» деп сұрасаң, «жоқ» дейді.
Матриархат орнаса ойларын осылай ашық айта алам деп ойлай ма сонда бұлар?) Бұрын соңды көрмеген абьюздің көкесі болмақ))
1 180
Осы «لطائف المعارف» кітабында мынадай мағынада сөз келеді.
Құлшылығыңның (бойсұнуыңның) қабыл болуының белгісі – жалғастырып тағы ізгі амал жасауың. Ал құлшылығыңның (бойсұнуыңның) қайтарылуының белгісі – амалыңның жалғасына күнә (бойсұнбаушылық) жасауың...
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
