Narkes
Відкрити в Telegram
Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады. Ақида дәрістері: https://t.me/aqidatahaui
Показати більше1 420
Підписники
Немає даних24 години
-97 днів
-1830 день
Архів дописів
1 420
📜Шейх Ибн Таймия (р.а):
Зухд — ақыретке пайдасы жоқ нәрселерді тастау. 🚫🎒
Тақуалық — ақыретке зиян алып келетін нәрселерді тастау. 🙏✨
1 420
“Кім өзін кедей қылып көрсетсе ол кедей болады. Өйткені кедей болып көріну кедейлікті шақырады”
Али ибн Абу Толиб (р.а)
1 420
Гид болып келсең көп уақытың қызметпен өтеді. Артық құлшылық көп жасай алмайсың, маңызды құлшылық толық болады. Бірақ қызметте болып қажылардың дұғасын аласың. Қиыншылығы бар. Сол қиыншылық мені тәрбиеледі (магний көбірек іштім). Өміріме өте қажетті тәрбие алдым. Көпшілікті басқарып лидер боласың. Барлық жағдай саған қарап қалады. Егер қате шешім шығарсаң көпшілік қиналып қалады. Ал парасаттылықпен, байсалдылықпен дұрыс шешім шығарып басқарсаң барлығы керемет болады.
1 420
Үлкен қажылық адамнан барлық эмоцияны шығарады: ашу, мейірім, адалдық, бейғамдық, уайым, надандық, байсалдылық, көркем мінез, сабырлық, жомарттық, сараңдық.
Бірақ осының барлығын қабылдап туыс болып қаласың…
1 420
• Ат-Тавба: 54
وَمَا مَنَعَهُمۡ أَن تُقۡبَلَ مِنۡهُمۡ نَفَقَٰتُهُمۡ إِلَّآ أَنَّهُمۡ كَفَرُواْ بِٱللَّهِ وَبِرَسُولِهِۦ وَلَا يَأۡتُونَ ٱلصَّلَوٰةَ إِلَّا وَهُمۡ كُسَالَىٰ وَلَا يُنفِقُونَ إِلَّا وَهُمۡ كَٰرِهُونَ
Екіжүзділердің берген садақаларының қабыл болмауының себебі, олар Аллаға һәм елшісіне (сенбей) күпірлік қылуда. Сондықтан олар намазға келсе де, жалқауланып, кежегесі кейін тартып әрең келеді, садақа берсе де (шын көңілден емес) амалсыздан береді.
1 420
39. Уа, Алла! Саған тәубе етіп, бойсұнып келдім. Дұғаларымды қабыл ете гөр.
40. Уа, Алла! Күнәларымды ізі қалмайтындай толық кешір.
41. Уа, Алла! Сенің әмірлеріңе қарсы келгенім мен адамдардың ақысын бұзғаным үшін кешірім бере гөр.
42. Уа, Алла! Нәпсім мен әлсіздіктерімді жеңуге жәрдем ет.
43. Уа, Алла! Мені түзетіп, көркем мінезбен көркейт.
44. Уа, Алла! Дұғаларым мен құлшылықтарымды қабыл ет.
45. Уа, Алла! Тек Өзің разы болатын амалдарға бағыттай гөр.
46. Уа, Алла! Құлшылықта ықылас пен хушуғ нәсіп ет.
47. Уа, Алла! Өмірімнің соңы жақындаған сайын Өзіңе жақындата гөр.
48. Уа, Алла! Саған, Пайғамбарыңа ﷺ, дініңе және Құраныңа деген махаббат нәсіп ет.
49. Уа, Алла! Иманымды, тәуекелімді және Саған деген сенімімді арттыр.
50. Уа, Алла! Тақуалық нәсіп етіп, шүкір етуші құлдарыңнан қыл.
51. Уа, Алла! Сынақтарда сабырлы әрі берік болуға күш бер.
52. Уа, Алла! Жүрегімді жұмсақ етіп, тағдырыңа разы болуды нәсіп ет.
53. Уа, Алла! Құранды бұл дүниеде де, ақыретте де серігім ет.
54. Уа, Алла! Соңғы деміме дейін тура жолдан айырма.
55. Уа, Алла! Мені ихсан иелері, тақуалар және ықыласты құлдарыңның қатарынан ет.
56. Уа, Алла! Пайдалы білімімді арттыр.
57. Уа, Алла! Жүрек ауруларынан — қызғаныштан, тәкаппарлықтан және риядан сақта.
58. Уа, Алла! Бұл дүниеде де, ақыретте де бақыт нәсіп етіп, қайғы мен күйзелістен қорғай гөр.
59. Уа, Алла! Нәпсімді тәрбиелеуді жеңіл ет.
60. Уа, Алла! Жүрегімнен дүниеқұмарлықты кетір.
61. Уа, Алла! Қасиетті үйіңе барып құлшылық етуді нәсіп ет.
62. Уа, Алла! Соңымды қайырлы қылып, Өзіңмен қауышуды сүйікті ет.
63. Уа, Алла! Қабірім мен барзахымды тыныш әрі салқын мекен ет.
64. Уа, Алла! Қиямет күні Аршыңның саясын нәсіп ет.
65. Уа, Алла! Амал дәптерімді оң жағымнан беріп, таразымды ауыр ет.
66. Уа, Алла! Пайғамбарымыздың ﷺ қолынан Кәусардан сусындауды нәсіп ет.
67. Уа, Алла! Сираттан және Қантарадан өтуді жеңіл ет.
68. Уа, Алла! Ақыретте Өзіңді көру бақытына жеткіз.
69. Уа, Алла! Жұбайым екеуміздің арамыздағы махаббат, мейірім мен берекені арттыр әрі сақта.
70. Уа, Алла! Бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды көркем ет.
71. Уа, Алла! Жұбайымды отбасы үшін жасаған еңбегі үшін мол сауаппен марапатта.
72. Уа, Алла! Құран мен Сенің әмірлеріңді өміріміздің өлшемі ет.
73. Уа, Алла! Дінімізді бірге ұстануды күшейте гөр.
74. Уа, Алла! Бізді Жәннатул-Фирдауыста қауыштыр.
75. Уа, Алла! Балаларымызға жақсы ата-ана әрі үлгі болуға күш бер.
76. Уа, Алла! Балаларымызды біздің қателіктеріміздің әсерінен сақта.
77. Уа, Алла! Бізге салиқалы ұрпақ нәсіп ет 🤍
1 420
Арафа күні оқуға болатын дұғалар 🤍
1. Уа, Алла! Жанымды кәлима шәһадатпен алуды нәсіп ет.
2. Уа, Алла! Мәдинада иман сөзімен жан тапсыруды нәсіп ет.
3. Уа, Алла! Қабірімді кеңейтіп, оны нұрға толтыр.
4. Уа, Алла! Амал дәптерімді Ілім иелерінің қатарына жаз.
5. Уа, Алла! Қабір сұрағын маған жеңіл ет.
6. Уа, Алла! Құлшылық үстінде жан тапсырып, сол күйде қайта тірілуді нәсіп ет.
7. Уа, Алла! Қиямет күнінің қорқынышы мен үрейінен сақтай гөр.
8. Уа, Алла! Амал дәптерімді оң жағымнан бер.
9. Уа, Алла! Амал дәптерін қуанышпен алатындардың қатарынан ет.
10. Уа, Алла! Мизанда ізгі амалдарымды ауыр қыл.
11. Уа, Алла! Сират көпірінен найзағайдай жылдам өтуді нәсіп ет.
12. Уа, Алла! Жасаған жақсылықтарымды босқа кетірме.
13. Уа, Алла! Жәннатта отбасыммен қауыштыр.
14. Уа, Алла! Қиямет күні күнәларымды адамдар алдында әшкере етпе.
15. Уа, Алла! Ұмыт қалған әрі күнә деп білмеген қателіктерімді де кешір.
16. Уа, Алла! Маған тыныш әрі таза жүрек нәсіп ет.
17. Жүрегімді қызғаныштан, өшпенділіктен, риядан және көреалмаушылықтан тазарт.
18. Уа, Алла! Басқаларды кешіре алатын жүрек бер әрі менің қателіктерімді де адамдарға кешірт.
19. Уа, Алла! Тілімді өтірік, ғайбат және өзгеге зиян тигізуден сақта.
20. Уа, Алла! Маған көркем сабыр нәсіп ет.
21. Уа, Алла! Дұрыс ақида, терең түсінік және пайдалы білім бер.
22. Уа, Алла! Ата-анама береке бер, оларды кешір әрі денсаулық нәсіп ет. Мені олар үшін сауабы үзілмейтін перзент ет.
23. Уа, Алла! Бауырларым мен олардың отбасына береке бер. Арамызды махаббатпен байланыстыр.
24. Уа, Алла! Жалғыз жүрген мұсылмандарға қайырлы жар нәсіп ет.
25. Уа, Алла! Бізге салиқалы ұрпақ бер әрі оларды сауабы жалғасатын ұрпақ ет.
26. Уа, Алла! Араб тілін үйренуді, түсінуді әрі сөйлеуді жеңіл ет.
27. Уа, Алла! Туысқандармен байланысты нығайтуды нәсіп ет.
28. Уа, Алла! Өз қателіктерімді көре білуді және оны өзгелерден жасыруды нәсіп ет.
29. Уа, Алла! Мал-дүниемді Сенің жолыңда жұмсауды нәсіп ет.
30. Уа, Алла! Ризығымызға береке бер.
31. Уа, Алла! Мені қорлаудан, езгіден және әділетсіздік көруден сақта.
32. Уа, Алла! Батылдық пен дұрыс шешім қабылдайтын даналық бер.
33. Уа, Алла! Киімімде де, сөзімде де ұят пен әдеп нәсіп ет.
34. Уа, Алла! Артымнан кішіпейілділікке толы із қалдыруды нәсіп ет.
35. Уа, Алла! Тірі әрі қайтыс болған бүкіл мұсылман үмбетін кешір. Қиналғандарға жеңіс бер, жүректерін иманға толтыр.
36. Уа, Алла! Амалдарымды қабыл ет.
37. Уа, Алла! Барлық күнәларымды кешір.
38. Уа, Рахман, Уа, Рахим! Өз мейіріміңмен бізді кешіре гөр 🤍
1 420
ҚАЖЫЛЫҚ
Бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Қандайда бір құлымның деніне саулық берсем, ризығын мол етсем, бірақ ол бес жылда бір рет Маған келмесе, онда ол сөзсіз мақрұм қалады».
(Хадисті Әбу Яғла «Сунанында» және Ибн Хиббан сенімді тізбекпен келтірген)
Қажылық – қадым заманнан келе жатқан көне ғибадат. Қажылық дегеніміз – Жер бетіндегі ең бірінші тұрғызылған Үйге барып, Алла тағалаға құлшылық ету.
Ол – Исламның бес қазығының бірі, өмірінде бір рет болса да оны орындауға шамасы жететін мұсылманның парызы.
«Қандайда бір құлымның деніне саулық берсем…», яғни әрқандай ауру-сырқаттардан аман қылып, қажылық сияқты ғибадаттарды атқаруға жететін денсаулық берсем дегені. Бірақ пенде Алла тағаланың берген денсаулығын және басқа да нығметтерін Оған ғибадат қылуға емес күнә жасауға пайдаланса, онысы шүкірлік емес күпірлік болады. Құран Кәрімде: «Алланың нығметін күпірлікке айырбастап, өз қауымдарын жермен-жексен болатын мекенге орнықтырғандарды көрдің бе? [1]», – деген. Кейбір ғалымдар аяттағы «күпірлікке айырбастап» дегенді «Алланың нығметтерін күнә жасауға пайдаланып [2]» деп тәпсірлеген. Егер пенде өзіне берілген денсаулық, бос уақыт, байлық т.б. нығметтерді ғибадат қылуға пайдаланса, онда Алла Тағалаға шүкірін (рахмет, алғысын) ісімен көрсеткен болады. Сол үшін де пайғамбарымыздан (с.а.у.) «Не үшін аяқтарың іскенше намаз оқисың?» деп сұрағанда «Шүкіршіл құл болмаймын ба? [3]» деп жауап берген.
«Ризық-несібесін мол етсем…», яғни күнделікті тұрмыс-тіршілігінен артылатындай, ұмра, қажылық рәсімдерін атқаруына жететіндей мөлшерде ризық-несібе берсем дегені. Бұл бір жағынан, қажылық рәсімін атқарушыға қойылатын талаптарға жатады. Себебі ол Меккеге барып-қайтқанша отбасының жеткілікті нәпақасы болуы шарт. Сахабалар «Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы [4]» деген аяттағы «шамасы жету» туралы сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Көлік пен керек-жарақ [5]» деп түсіндірген. Яғни, өзінің барып-қайтуына жарайтын көлігі мен керек жарағы және отбасының нәпақасы.
«Бірақ ол бес жылда бір рет Маған келмесе…», яғни дәл осындай дені сау, ризық-несібесі мол күйде бес жыл сүріп, бірақ қасиетті Меккеге қажылық не ұмра [6] рәсімін атқаруға келмесе дегені. Хадисте «Маған келмесе» деп айтылуының себебі, қажы – Алланың қонағы. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Қажылық пен ұмра жасаушылар – Алланың қонақтары. Егер олар дұға қылса, дұғалары қабыл болады. Егер кешірім тілесе, күнәлары кешіріледі [7]» деп айтқан. Тағы бір хадисте «Алланың қонақтары үшеу – Алла жолында соғысқан жауынгер, қажылық жасаушы және ұмра жасаушы [8]» деп айтылған.
«Онда ол сөзсіз мақрұм қалады», яғни қажылық не ұмра ғибадаттары үшін берілетін көп жақсылықтардан құр қалады дегені. Имам әл-Мунауи оның себебін «Раббсына деген махаббатының жоқтығынан» деп түсіндірген. Яғни, барлық мүмкіндігі бола тұра қасиетті мекенге бармаған адамның іс-әрекетін жүрегінде Алла тағалаға деген махаббатының жоқтығының немесе аздығының белгісіне жатқызған. Ондай адамның құр қалатын жақсылықтарының ең үлкені – күнәларынан тазару мүмкіндігі. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Кім Алла (ризалығы) үшін қажылық жасап, (рәсімді атқару барысында) жаман сөздер мен істерден аулақ болса, анасынан жаңа туғандай (күнәдан пәк) күйде оралады [9]» деп айтқан.
Шариғат бойынша, 1) балиғат жасына толған, 2) ақыл-есі дұрыс, 3) дәулетті мұсылманға өмірінде бір рет қажылық рәсімін атқару – парыз. Бес жылда бір рет қажылық не ұмра рәсімдерін атқару – мустахаб (ұнамды іс).
1. Құран 14:28;
2. Ж. Әл-Қасими. Әл-Уағз әл-матлуб мин қути әл-Қулуб, 136-б;
3. Әл-Бухари, Муслим;
4. Құран 3:97;
5. Әл-Хаким, әл-Байхақи.;
6. Ұмра – кіші қажылық. Қажылықтың бұл түрі ешкімге парыз емес. Ол Пайғамбардың (с.а.у.) сүннеті. Оны әркім ерік-қалауы бойынша, сауап үшін, Алла Тағаланың ризалығы үшін істейді;
7. Ибн Мәжә;
8. Ән-Насаи;
9. Әл-Бухари, Муслим.
1 420
🔵 ЗАВТРА (ПОНЕДЕЛЬНИК) — ЗУЛЬ-ХИДЖА
Верховный суд Саудовской Аравии заявил о зрительной фиксация луны. Следовательно, понедельник 18 мая — 1-й день месяца Зуль-Хиджа, 26 мая — день ‘Арафа и 27 мая — ‘Ид аль-Адха (праздник жертвоприношения).
🇸🇦 «Saudia Press» ©️ t.me/saudiapress ©️ instagram.com/saudiapress_ru
1 420
عن أبى هريرة قال: قال رسول الله ﷺ: "مَن تعلَّم عِلمًا ممّا يُبتَغى به وجهُ اللهِ لا يتعلَّمُه إلّا لِيُصيبَ به عرَضًا مِن الدُّنيا لَمْ يجِدْ عَرْفَ الجنَّةِ يومَ القيامةِ" صحيح ابن حبان (٧٨)Расулулла ﷺ: "Кімде кім “Алланың разылығы үшін” деген ілімді тек дүние табамын деп алса, қиямет күні жәннаттың иісін де сезбейді"
1 420
اللَّهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَهَا، وَخَيْرَ ما فِيهَا، وَخَيْرَ ما أُرْسِلَتْ به، وَأَعُوذُ بكَ مِن شَرِّهَا، وَشَرِّ ما فِيهَا، وَشَرِّ ما أُرْسِلَتْ به.
اللَّهُمَّ أغِثْنَا، اللَّهُمَّ أغِثْنَا، اللَّهُمَّ أغِثْنَا.
Аллаһым мына жаңбырдың хайырлысын сұраймыз. Және оның жемісін сұраймыз. Бұл жаңбырдың зиянынан сақта. Және сол зиянның кесірінен пайда болған ахуалдардан сақта.
1 420
Юсуф ﷺ бауырына - “Үмітіңді үзбе” - деді.
Шуғайб ﷺ Мусаға ﷺ - “Қорықпа” - деді.
Пайғамбаоымыз ﷺ Абу Бакрге (р.а) - “Қайғырма” - деді.
Қиын уақытта жұбату Пайғамбарлардың жолы.
1 420
Адамдарға ең қиын нәрселер: 😰
1. Қорқу 😨
2. Уайым 🤔
3. Сырқат 🤒
4. Кедейлік 💸
Нәпсіге ауыр тию деңгейлері: 📉
1. Сүйіктіңді жоғалтып аламын деп уайымдау. Жамандықты күтіп уайымдау. 💔
2. Сырқат 🤒
3. Қорқу 😨
4. Кедейлік 💸
1 420
Repost from dapterone
Кринж — дағуатты мысқылдап жүргізу.
Қарсы тараптың көзқарасына күліп, оны бейшара санау — мұсылманға тән дүние емес. Ондай әдепсіздіктің кесірінен дағуат бағытталған топ та еш пайда алмайды, өйткені қасарысып, кек сақтап кетеді. Сенен бұрын-соңды қолдаушың болған, бірақ сана сәулесі сөнбеген адамдар да жиіркенеді. Тек артыңнан соқыр ерген тобыр ғана бәрекелді дер. Асылында, сенің мақсатың — сол екінші тараптың бетін бері қаратуға әрекет ету еді ғой. Ал сен тек өзіңнің және өз аудиторияңның эгосын көтерудесің.
1 420
Көшенің жігіті Исламға келгенде дін оның мінезін баспайды, тек оның бағытын өзгертеді. Жаманнан жақсылыққа, зұлымдықтан нұрға.
Вже доступно! Дослідження Telegram за 2025 — головні інсайти року 
