ch
Feedback
Narkes

Narkes

前往频道在 Telegram

Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады. Ақида дәрістері: https://t.me/aqidatahaui

显示更多
1 407
订阅者
无数据24 小时
-57
-830
帖子存档
Narkes
1 407
Манзил. Мен оқып жүрген руқия кітапшалардың ішіндегі ең мықтысы әзірге осы.

Narkes
1 407
Инструкция оңай: 1. Құранды арабша оқып үйреніп алу. 2. Руқия (аят жинақтары) кітапшаларын алу. 3. Қорықпау. 4. Шыдамдылық. Ақыры руқиямен аналысып кетпеймін. Ондай ойым жоқ. Кешке өзім оқитын кітапшаларды жіберетін боламын.

Narkes
1 407
Көбісі менің жағдайымды сұрап жатыр. “Аллаға шүкір. Мен көтере алатын сынақ болып тұр. Етім үйреніп қалды.” Сіздерге рахмет. Алығсым шексіз. Хабарласып жағдай сұрастырып жатсыздар. Бұл сынақты тыныш өткізгім келіп еді. Бірақ бір себептермен шығардым: 1. Сиқырмен айналысатын адамдарға ескерту (тахзир). 2. Сиқырланып қалған адамға жолын көрсетіп жіберу. 3. Шарлатан руқияшыларға кезігіп қалмас үшін өз бетіңмен емделуді көрсетемін (Алла разылығы үшін. Өзіме қалаған жақсылықты өзгеге қалау). Бұндай жағдайда қатты депрессияға салынбай, Аллаға тәуекел етіп, әрекет жасау. Ұзақ процесс болуы мүмкін. Шыдау керек. Бұлда бір бәле (сынақ). Күресті тоқтатпау керек. Пайғамбарымызды ﷺ сиқырдан тазалап шыққан Алла ‎ﷻ сізге де шипасын береді.

Narkes
1 407
Руқия оқып күніге қайтарып жатырмын. Ин ша Алла біз жазылып кетеміз. Сиқыр жасаған адамға өзінің сиқыры барса ол қалай емделеді екен?! Онымен қоса қарғыс.

Narkes
1 407
“Бізге (отбасыма) жасалған дуа, сиқырды Аллаһым жасаған адамның өзіне қайтаршы” деп бүгіннен бастап күніге дұғамда қосатын боламын. Бұл дұғам міндетті тұрде қабыл болады. Өйткені мен қазір зұлымдық көрушімін.

Narkes
1 407
• Аль-Гашия: 17 - Аль-Гашия:20 أَفَلَا يَنظُرُونَ إِلَى ٱلۡإِبِلِ كَيۡفَ خُلِقَتۡ۝ وَإِلَى ٱلسَّمَآءِ كَيۡفَ رُفِعَتۡ۝ وَإِلَى ٱلۡجِبَالِ كَيۡفَ نُصِبَتۡ۝ وَإِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَيۡفَ سُطِحَتۡ۝ Олар түйенің қалай жаратылғанына қарамай ма?! Аспанға қарамай ма?! Қалай биіктетіліп (тіреусіз) тұрғызылғанына?! Тауларға қарамай ма?! Қазықтай қағылып, жерді қалай ұстап тұрғанына?! Сондай‑ақ жер жүзіне қарамай ма?! Қалай төселіп, тіршілік етуге қолайлы етілгеніне?!

Narkes
1 407
Суждение о какой-либо вещи является следствием правильного представления о ней. 🧠✨ Чтобы общество в какой-то стране гармонично и мирно сосуществовало, в нем обязательно должна быть социальная справедливость. ⚖️🌍

Narkes
1 407
Хорошая жена дарит счастье 🥰, плохая жена дарит характер 💪. В любом случае женись 💍, потому что и в том, и в другом есть свое благо. Если попадется хорошая жена — будешь счастлив 😊, а если плохая — обретешь характер и закалишься 🔥.

Narkes
1 407
Негізі мен футбол көрмейтін адаммын 🙄. Бірақ кейде қызық болады 🔥. Тек сол кезде көріп қаламын. Футболды қызық қылатын мен үшін үш адам еді: 1. Бразилиялық Роналдо 🇧🇷 2. Рональдинио ⚽ 3. Кристиан Роналдо 🐐 Осылар үшін көретінмін)). Үш Роналдоның себебінен біраз нәрсе білдік. Шашты тақырлап, кекіл қалдырдық, Манчестер Юнайтед, Барселона, Реал Мадрид, Ювентус, Аль-Наср. Енді футбол қызық болмай қалған сияқты 😔.

Narkes
1 407
Ең нашар басшы қасына ұстаздарды (ғалымдарды) жолатпағаны, ең нашар ұстаз (ғалым) басшыларға жағымпазданғаны. А.Ұтысхан

Narkes
1 407
Жақсы әйел бақыт сыйлайды, Жаман әйел мінез сыйлайды. Не болса да үйлен өйткені екеуінде де хайыр бар. Жақсы әйел түссе бақытты боласың, жаманы түссе мінезді, пісіп шығасың.

Narkes
1 407
Тақуалық - пәтуамен жүру. Зухд - уағызбен жүру. Енді қалай түсіндірсем болады?!)

Narkes
1 407
📜Шейх Ибн Таймия (р.а): Зухд — ақыретке пайдасы жоқ нәрселерді тастау. 🚫🎒 Тақуалық — ақыретке зиян алып келетін нәрселерді тастау. 🙏✨

Narkes
1 407
Әр қашанда көркем киім киіп, әдемі болып жүру керек.

Narkes
1 407
“Кім өзін кедей қылып көрсетсе ол кедей болады. Өйткені кедей болып көріну кедейлікті шақырады” Али ибн Абу Толиб (р.а)

Narkes
1 407
Гид болып келсең көп уақытың қызметпен өтеді. Артық құлшылық көп жасай алмайсың, маңызды құлшылық толық болады. Бірақ қызметт
Гид болып келсең көп уақытың қызметпен өтеді. Артық құлшылық көп жасай алмайсың, маңызды құлшылық толық болады. Бірақ қызметте болып қажылардың дұғасын аласың. Қиыншылығы бар. Сол қиыншылық мені тәрбиеледі (магний көбірек іштім). Өміріме өте қажетті тәрбие алдым. Көпшілікті басқарып лидер боласың. Барлық жағдай саған қарап қалады. Егер қате шешім шығарсаң көпшілік қиналып қалады. Ал парасаттылықпен, байсалдылықпен дұрыс шешім шығарып басқарсаң барлығы керемет болады.

Narkes
1 407
Үлкен қажылық адамнан барлық эмоцияны шығарады: ашу, мейірім, адалдық, бейғамдық, уайым, надандық, байсалдылық, көркем мінез,
Үлкен қажылық адамнан барлық эмоцияны шығарады: ашу, мейірім, адалдық, бейғамдық, уайым, надандық, байсалдылық, көркем мінез, сабырлық, жомарттық, сараңдық. Бірақ осының барлығын қабылдап туыс болып қаласың…

Narkes
1 407
Аллахым екіжүзділіктен сақтасын.

Narkes
1 407
• Ат-Тавба: 54 وَمَا مَنَعَهُمۡ أَن تُقۡبَلَ مِنۡهُمۡ نَفَقَٰتُهُمۡ إِلَّآ أَنَّهُمۡ كَفَرُواْ بِٱللَّهِ وَبِرَسُولِهِۦ وَلَا يَأۡتُونَ ٱلصَّلَوٰةَ إِلَّا وَهُمۡ كُسَالَىٰ وَلَا يُنفِقُونَ إِلَّا وَهُمۡ كَٰرِهُونَ۝ Екіжүзділердің берген садақаларының қабыл болмауының себебі, олар Аллаға һәм елшісіне (сенбей) күпірлік қылуда. Сондықтан олар намазға келсе де, жалқауланып, кежегесі кейін тартып әрең келеді, садақа берсе де (шын көңілден емес) амалсыздан береді.

Narkes
1 407
39. Уа, Алла! Саған тәубе етіп, бойсұнып келдім. Дұғаларымды қабыл ете гөр. 40. Уа, Алла! Күнәларымды ізі қалмайтындай толық кешір. 41. Уа, Алла! Сенің әмірлеріңе қарсы келгенім мен адамдардың ақысын бұзғаным үшін кешірім бере гөр. 42. Уа, Алла! Нәпсім мен әлсіздіктерімді жеңуге жәрдем ет. 43. Уа, Алла! Мені түзетіп, көркем мінезбен көркейт. 44. Уа, Алла! Дұғаларым мен құлшылықтарымды қабыл ет. 45. Уа, Алла! Тек Өзің разы болатын амалдарға бағыттай гөр. 46. Уа, Алла! Құлшылықта ықылас пен хушуғ нәсіп ет. 47. Уа, Алла! Өмірімнің соңы жақындаған сайын Өзіңе жақындата гөр. 48. Уа, Алла! Саған, Пайғамбарыңа ﷺ, дініңе және Құраныңа деген махаббат нәсіп ет. 49. Уа, Алла! Иманымды, тәуекелімді және Саған деген сенімімді арттыр. 50. Уа, Алла! Тақуалық нәсіп етіп, шүкір етуші құлдарыңнан қыл. 51. Уа, Алла! Сынақтарда сабырлы әрі берік болуға күш бер. 52. Уа, Алла! Жүрегімді жұмсақ етіп, тағдырыңа разы болуды нәсіп ет. 53. Уа, Алла! Құранды бұл дүниеде де, ақыретте де серігім ет. 54. Уа, Алла! Соңғы деміме дейін тура жолдан айырма. 55. Уа, Алла! Мені ихсан иелері, тақуалар және ықыласты құлдарыңның қатарынан ет. 56. Уа, Алла! Пайдалы білімімді арттыр. 57. Уа, Алла! Жүрек ауруларынан — қызғаныштан, тәкаппарлықтан және риядан сақта. 58. Уа, Алла! Бұл дүниеде де, ақыретте де бақыт нәсіп етіп, қайғы мен күйзелістен қорғай гөр. 59. Уа, Алла! Нәпсімді тәрбиелеуді жеңіл ет. 60. Уа, Алла! Жүрегімнен дүниеқұмарлықты кетір. 61. Уа, Алла! Қасиетті үйіңе барып құлшылық етуді нәсіп ет. 62. Уа, Алла! Соңымды қайырлы қылып, Өзіңмен қауышуды сүйікті ет. 63. Уа, Алла! Қабірім мен барзахымды тыныш әрі салқын мекен ет. 64. Уа, Алла! Қиямет күні Аршыңның саясын нәсіп ет. 65. Уа, Алла! Амал дәптерімді оң жағымнан беріп, таразымды ауыр ет. 66. Уа, Алла! Пайғамбарымыздың ﷺ қолынан Кәусардан сусындауды нәсіп ет. 67. Уа, Алла! Сираттан және Қантарадан өтуді жеңіл ет. 68. Уа, Алла! Ақыретте Өзіңді көру бақытына жеткіз. 69. Уа, Алла! Жұбайым екеуміздің арамыздағы махаббат, мейірім мен берекені арттыр әрі сақта. 70. Уа, Алла! Бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды көркем ет. 71. Уа, Алла! Жұбайымды отбасы үшін жасаған еңбегі үшін мол сауаппен марапатта. 72. Уа, Алла! Құран мен Сенің әмірлеріңді өміріміздің өлшемі ет. 73. Уа, Алла! Дінімізді бірге ұстануды күшейте гөр. 74. Уа, Алла! Бізді Жәннатул-Фирдауыста қауыштыр. 75. Уа, Алла! Балаларымызға жақсы ата-ана әрі үлгі болуға күш бер. 76. Уа, Алла! Балаларымызды біздің қателіктеріміздің әсерінен сақта. 77. Уа, Алла! Бізге салиқалы ұрпақ нәсіп ет 🤍