🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Відкрити в Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Показати більшеКраїна не вказанаКатегорія не вказана
1 744
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
+430 днів
Архів дописів
Коммуникация білімін үйренуге шақыратын аят🧡Көп нәрсе дұрыс сөйлесе білумен шешіледі Аллаһтың қалауымен
وَقُل لِّعِبَادِى يَقُولُوا۟ ٱلَّتِى هِىَ أَحْسَنُ ۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ يَنزَغُ بَيْنَهُمْ ۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ كَانَ لِلْإِنسَٰنِ عَدُوًّا مُّبِينًا
(Уа, Мұхаммед!) «Құлдарыма (өзара тілдескенде де, қарсыластарымен жауаптасса да) «әрдайым сөздің ең жақсысын айтып, өте сыпайы сөйлессін» де. Өйткені шайтан қашанда олардың арасына жік салуға тырысады. Шүбәсіз, шайтан – адамға анық дұшпан.
(«Исра» сүресі 17:53)
Адам нығметтің дәмін шынайы сезіну үшін-оны кейде жоғалтуы керек кейде жетіспей, азаюы керек, кейде оны сағынып, күту керек. Міне сол кезде адам шынайы өзін тірі сезінеді.
Әйтпесе, кәпірлер сияқты тірі өлік болып, ештеңе сезінбей, нәпсіқалауының артынан ерген жануартәрізді болады. Бақытсыздық деген сол ғой.
أَمْ تَحْسَبُ أَنَّ أَكْثَرَهُمْ يَسْمَعُونَ أَوْ يَعْقِلُونَ ۚ إِنْ هُمْ إِلَّا كَٱلْأَنْعَٰمِ ۖ بَلْ هُمْ أَضَلُّ سَبِيلًا
Жоқ, әлде ол мүшріктердің көбі шынымен де айтқан сөзді тыңдайды немесе ақылға салып ойланады деп ойлайсың ба? Анығында, олар (өз бетімен жайылған) мал сияқты (нәпсілері қайда тартса, сол жаққа лағып кете береді), тіпті, жолдан одан бетер адасқыш келеді.
(«Фурқан» сүресі 25:44)
Сол үшін егер ниетіңізде-Аллаһ, тіліңізде-дұға, жүрегіңізде-тәуекел болса, сіз басыңызға келетін әр хальдің даналығын шамамен сезініп, Аллаһтың Мейірімін бақылаушы боласыз, жүрек тыныш болады…🤍
Жарық пен көлеңке — бір-біріне қарсы емес, бір - бірін толықтырушы 🌙
🤍 Қиындық болмаса — жеңілдіктің қадірі білінбейді
🤍 Қараңғылық болмаса — нұр танылмайды
Арабтар айтқандай:
«Заттардың мәні олардың қарама-қарсылығы арқылы танылады».
أَلَمْ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيْفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوْ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنًا ثُمَّ جَعَلْنَا ٱلشَّمْسَ عَلَيْهِ دَلِيلًا
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны қозғалмайтын етіп те қояр еді. Алайда олай істемей, күнді оған жетекші қылдық.
(«Фурқан» сүресі 25:45)
репост жасап, қолдап жіберейікші ханымдар!💗Менің оқырман ханымдарым сүннетке берік жандар ғой, байқауымша!✨
Қолдайды, жақсылыққа 😘шақырады, көмектеседі
Ассалямуалейкум, ханымдарым! керемеееет еңбек🥰✨ Кішкентайы бар аналарға ұнайтын әрі пайдалы болатын әрі сауапты болатын құрал💗Кішкентайыңызбен бірге осы бояғышты бояп, оқып, оған үйретіп, әрі өзіңіз де ішінде жазылған хадистерге жаңаша көзқараспен қарайсыз, хадистерге қалай оңай амал етуге болатыны жайлы дайын мысалдар оқисыз💐
Ұсынамын!!!
Жаман ойлардан арылу үшін тек зікір айтып, бірақ сол зікіріңізді арнап жатқан Раббыңыз орнатқан заңдылықтарды айналшықтап өтсеңіз, жаман ойлардан арылмайсыз. Ол қай заңдылықтар? Дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, қозғалу, адамдармен көркем араласу, білім алу заңдылықтары…✨
#ой
📖 «Кім ризық-несібесінің көбеюін және ғұмырының (өмірінің) ұзақ болуын қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін (туыстық байланысты күшейтсін)» (Бухари хадис)
күнделікті спорт, пилатес, стречинг күні бойы Аллаһтың қалауымен жақсы көңіл күйде жүруге және сынақтарға әдемі сабырлықпен жауап беруге және өзіңізді ешкіммен салыстырмай, өзіңізге құрмет және адекватты түрде қанағат, разылық сезімімен қарауға көмектеседі✨
Көңіл күй жақсы адам басқаларға жақсы көңіл күй сыйлағысы келіп тұрады.
Өзіне құрметпен, разылықпен қарайтын адам өзгелерді де құрметтеп, разылық, көркем мәміле көрсеткісі келіп тұрады.
#спорт
#көркеммінез
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
«Жұма күні — Аллаһ Тағаланың жаратылыс әлеміне ерекше рақым нұрын төгетін күні. Ал Аллаһ Елшісі 🌱 — сол рақымның қайнар көзі. Сондықтан рақым төгілетін күні, рақым пайғамбарына салауат айту — амалдардың ең үйлесімдісі әрі ең берекелісі».
🌱 Мулла Әли әл-Қари (рахимаһуллаһ)
#салауат
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا۟ ٱلْأَمَٰنَٰتِ إِلَىٰٓ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ أَن تَحْكُمُوا۟ بِٱلْعَدْلِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِۦٓ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ سَمِيعًۢا بَصِيرًا
Аллаһ сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады. Міне, осылайша Аллаһ сендерге қандай керемет насихат айтуда. Шүбәсіз, Аллаһ – Сәмиғ (айтқан сөздерің мен үкімдеріңнің бәрін естуші) һәм Басир (не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруші).
(«Ниса» сүресі 4:58)
