🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
الذهاب إلى القناة على Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
إظهار المزيدلم يتم تحديد البلدالفئة غير محددة
1 746
المشتركون
-324 ساعات
+57 أيام
+530 أيام
أرشيف المشاركات
Сол үшін егер ниетіңізде-Аллаһ, тіліңізде-дұға, жүрегіңізде-тәуекел болса, сіз басыңызға келетін әр хальдің даналығын шамамен сезініп, Аллаһтың Мейірімін бақылаушы боласыз, жүрек тыныш болады…🤍
Жарық пен көлеңке — бір-біріне қарсы емес, бір - бірін толықтырушы 🌙
🤍 Қиындық болмаса — жеңілдіктің қадірі білінбейді
🤍 Қараңғылық болмаса — нұр танылмайды
Арабтар айтқандай:
«Заттардың мәні олардың қарама-қарсылығы арқылы танылады».
أَلَمْ تَرَ إِلَىٰ رَبِّكَ كَيْفَ مَدَّ ٱلظِّلَّ وَلَوْ شَآءَ لَجَعَلَهُۥ سَاكِنًا ثُمَّ جَعَلْنَا ٱلشَّمْسَ عَلَيْهِ دَلِيلًا
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны қозғалмайтын етіп те қояр еді. Алайда олай істемей, күнді оған жетекші қылдық.
(«Фурқан» сүресі 25:45)
репост жасап, қолдап жіберейікші ханымдар!💗Менің оқырман ханымдарым сүннетке берік жандар ғой, байқауымша!✨
Қолдайды, жақсылыққа 😘шақырады, көмектеседі
Ассалямуалейкум, ханымдарым! керемеееет еңбек🥰✨ Кішкентайы бар аналарға ұнайтын әрі пайдалы болатын әрі сауапты болатын құрал💗Кішкентайыңызбен бірге осы бояғышты бояп, оқып, оған үйретіп, әрі өзіңіз де ішінде жазылған хадистерге жаңаша көзқараспен қарайсыз, хадистерге қалай оңай амал етуге болатыны жайлы дайын мысалдар оқисыз💐
Ұсынамын!!!
Жаман ойлардан арылу үшін тек зікір айтып, бірақ сол зікіріңізді арнап жатқан Раббыңыз орнатқан заңдылықтарды айналшықтап өтсеңіз, жаман ойлардан арылмайсыз. Ол қай заңдылықтар? Дұрыс ұйқы, дұрыс тамақтану, қозғалу, адамдармен көркем араласу, білім алу заңдылықтары…✨
#ой
📖 «Кім ризық-несібесінің көбеюін және ғұмырының (өмірінің) ұзақ болуын қаласа, туыстарымен қарым-қатынасын үзбесін (туыстық байланысты күшейтсін)» (Бухари хадис)
күнделікті спорт, пилатес, стречинг күні бойы Аллаһтың қалауымен жақсы көңіл күйде жүруге және сынақтарға әдемі сабырлықпен жауап беруге және өзіңізді ешкіммен салыстырмай, өзіңізге құрмет және адекватты түрде қанағат, разылық сезімімен қарауға көмектеседі✨
Көңіл күй жақсы адам басқаларға жақсы көңіл күй сыйлағысы келіп тұрады.
Өзіне құрметпен, разылықпен қарайтын адам өзгелерді де құрметтеп, разылық, көркем мәміле көрсеткісі келіп тұрады.
#спорт
#көркеммінез
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
«Жұма күні — Аллаһ Тағаланың жаратылыс әлеміне ерекше рақым нұрын төгетін күні. Ал Аллаһ Елшісі 🌱 — сол рақымның қайнар көзі. Сондықтан рақым төгілетін күні, рақым пайғамбарына салауат айту — амалдардың ең үйлесімдісі әрі ең берекелісі».
🌱 Мулла Әли әл-Қари (рахимаһуллаһ)
#салауат
۞ إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا۟ ٱلْأَمَٰنَٰتِ إِلَىٰٓ أَهْلِهَا وَإِذَا حَكَمْتُم بَيْنَ ٱلنَّاسِ أَن تَحْكُمُوا۟ بِٱلْعَدْلِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ نِعِمَّا يَعِظُكُم بِهِۦٓ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ سَمِيعًۢا بَصِيرًا
Аллаһ сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады. Міне, осылайша Аллаһ сендерге қандай керемет насихат айтуда. Шүбәсіз, Аллаһ – Сәмиғ (айтқан сөздерің мен үкімдеріңнің бәрін естуші) һәм Басир (не істеп, не қойып жүргендеріңнің бәрін көруші).
(«Ниса» сүресі 4:58)
Өмірілік мысал қарастырып көрейік
Мысалы, сіз жолдасыңызға ренжіп қалдыңыз. Сол ренжідім екен деп қырсығып, тамақ пісірмей қойсаңыз, оның алдындағы міндеттерді селқос атқарсаңыз, әділетсіздік жасаған боласыз. Аятқа, сүннетке амал етпеген боласыз. Аят, сүннет бойынша қалай хайырлы болады сіз үшін? Ренжіп тұрсаңыз да, бұл сезімді араластырмау істерге. Ренжіп тұрсаңыз да, Аллаһ үшін міндетіңізді орындау, оған тиісті ақысын беру – әділдік болады. Міне эмоцияның құлы емес, Аллаһтың құлы боласыз шынайы. Ал сол сезімдерді Аллаһқа дұға арқылы білдіріп, оның себебін көріге тырысып, жүрегіңізді есепке алсаңыз, осы жол сіз үшін жақсырақ болады.
Аллаһ Елшісі 🌟 оған сұрақ қойып келген кей жандардың көп сұрақ қойып, қайталай беріп, тез түсініп, қағып ала алмайтын болса, оларға мейлінше сабырлы, жұмсақ болатын.
Бұл да әділдік✨
🧡 Мысалы, сіз ұстазсыз. Тез қағып алатын шәкіртке ерекше назармен қарап, ал асықпай түсінетін жанға сәл дөрекілік көрсетіп, сабыр ете алмасаңыз, дәл манағыдай назарды қайталай алмасаңыз, бұл тағы да әділетсіздік болады. Себебі, бәрібір нәпсіңізге тиеді, бір эмоциялар оянады. Раббымыз жоғарыдағы аятта келтіргендей, “өшпенділіктерің әділетсіздік жасауға итермелемесің”ьнасихатын басшылыққа алып, өз эмоцияңыз арқылы мәміле жасамай, Аллаһ үшін тура, оған тиесілі мәмілені жасау керек. Нағыз көркем мінез осы.
#сүннет
#әділдік
Өмірілік мысалдар қарастырып көрейік
1) Мысалы, сіз екі құрбыңызды қонаққа шақырдыңыз. Сол кезде біреуіне көбірек жымиып, сұрақ қойып, екіншісі назарсыз, бұл жылулықсыз қалып қойса, сіз әділдік жасамаған боласыз.
2) Сіз туыстар чатында отырып, біреуіне сәлем беріп, екіншісіне бермесеңіз, тағы әділдік жасай алмадыңыз.
3) Сіз кешке оқу, жұмыстан келіп, отбасыңызге тиесілі уақытты басқа істерге жұмсап тастасаңыз, әділдік жасамадыңыз.
