cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

Больше
Рекламные посты
2 198
Подписчики
-124 часа
+437 дней
+6830 дней
Время активного постинга

Загрузка данных...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Анализ публикаций
ПостыПросмотры
Поделились
Динамика просмотров
01
Мектеп түлектері аттестатын цифрлық нұсқада ала бастайды Оқу-ағарту министрлігі осындай жаңалық таратты. Сөйтіп еліміздегі цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толығатын болыпты. Аттестаттардың электронды үлгісін енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінен алуға болады. Яғни, «Bilim» сервисіне өту керек. Сол жерде «Менің балаларым» бөлімінде ата-ана мен заңды өкіл үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары берілген. t.me/qarzhylyq_sauat
3403Loading...
02
@QSauatBot кері байланыс құралымызға жақында бір оқырманнан сауал түскен еді. Әрине жауабын жеке жібердім. Қазір демалыс мезгілі. Қатарға жаңа қосылған азаматтарға бұл ақпараттың құндылығы жоғары деп білемін. @qarzhylyq_sauat бұған дейін 2-17 жас аралығындағы қазақстандық балалар ел ішіндегі отбасылық саяхат кезінде ұшаққа тегін міне алатынын жазған еді. Жақсы жері – бала санына шектеу жоқ. Бағдарламаның мақсаты – ішкі туризмді дамыту. Сол үшін туристік жолдама ішкі туризмге арнайы лицензиясы бар туроператорлардан сатып алынуға тиіс. Олардың тізімі мына постта берілген: https://t.me/qarzhylyq_sauat/363 t.me/qarzhylyq_sauat
5342Loading...
03
Кредиттен қашан құтылам: уайым кешіп жүрген 1,5 млн адам бар - бір реттік шараға алынған кредит, - ертең құны болмайтын затты алуға жұмсалған кредит, - қарызды жабу үшін (кредит үстіне) алынған кредит. Бұлардың қай-қайсы да адамға ешқандай экономикалық пайда, құндылық әкелмейді. Ол адамды тек қарыз шыңырауына түсіре береді, түсіре береді. Ең үлкен проблема – сізге психологиялық ауру алып келеді. Мұндай психологиялық дерт бар. Қазір Қазақстанда «бұл кредиттен қалай құтылам» деп уайым жетегінде жүрген 1,5 млн адам бар. Бізде 9 млн адам экономикалық белсенді десек, былайша айтқанда, соның шамамен 12 пайызы дейік, осындай күнделікті уайым үстінде жүр. Осындай уайымда жүрген адамның қолынан ештеңе келмейді. Жұмысын да дұрыс істей алмайды, кітабын да оқи алмайды. Бәрін жартылай істейді. Себебі санасында: «мә, 15-і күні кредитімді төлеуім керек» деген ой мазалап тұрады немесе банкі қоймай, қайта-қайта «звондап жатады»... Ол адам ұйқыдан да, күлкіден де айырылады. Бұл адамдарды «өмір сүріп жатыр» деп толыққанды айтуға болмайды. Олар бір биологиялық ритмде жүрген сияқты – тұрады, тамағын ішеді, ұйықтайды. Көзінде ешқандай от жоқ... Осы жағдайға оларды көп ретте бір сәттік эмоциялар алып келіп жатыр. Мысалы, «мына ақшаны бәрі алып жатыр ғой, мен де ала салайын, бірдеңе қылып қайтарармын» деп бір рет алады, екі рет алады. Қарыздың ішіне кіріп болды деген сөз ғой. Сондықтан, сіз қаржы ұйымына келіп, кредит алуға қол қойып жатқан кезде осы ой тұруы керек. Бұл кредит маған қуаныш алып келе ме, сенімімді ақтай ма дегендей. Банктер қаншалықты адал болды? Шынын айту керек, кезінде банктер де адал болған жоқ. Қазір ғой, Агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – ҚС) олардың «мойнын бұрап», «әр адамға «переплатаны», кредиттің жылдық тиімді ставкасын айтып түсіндір, шарттарын жасырып қалма, айт!» деп міндеттейді. Бұл, енді, дұрыс. Кезінде банктер адамдарға қанша қайтаратынын айтпай қойды ғой. Қол қойсаңыз ғана процентін айтамыз деген сияқты. Қазір, мысалы, банктер «кредитімді қайтармай қойды» деп «жылайды». Ол да кезінде банк тарапынан дұрыс жасалмағандықтан. Олар айтуы керек еді: «шын мәнінде сен мына кредитті алсаң, үстінен қосылатын осындай проценті бар, бір күн төлемей қойсаң, осынша үстіне қосылады» деп. Осының барлығын азаматтарға түсіндіріп, айтуы керек еді. Қаржы жүйесінде біздің банктердің осындай қателігі болды. Кезінде осының бәрін адамдарға айтпай қойды. Менен кредит алсын деді. Тек пайдасын ойлаған кездер болды. Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге берген сұхбатынан үзінді. t.me/qarzhylyq_sauat
5052Loading...
04
Ұлттық қордың ақшасын халыққа бөліп берсек, оның арты не болуы мүмкін? Қазір белгілі бір экономикалық популизмнің екінші толқыны ақырындап келіп жатыр. Бұл, жалпы, өте қауіпті нәрсе. Экономикалық популизмнің мемлекетті тұралатып, құлататын күші бар. Біз ол кезде мемлекет ретінде ыдырап кетеміз. Экономикалық популизм деген – саған ұнайтын, халықтың құлағына жағатын бір сәттік шешім. Мысалы, қазір сізге тәтті торт береді. Торт тәтті ғой, жеп қоясыз. Тортыңыз бітті. Ал, негізі, бізді тұрақтандыратын және бізді дамуға апаратын шешімдер – қиын шешімдер. Осындай бір сәттік науқан кезінде ұпай жинап алу үшін халыққа ұнайтын нәрсе айтады. Бірақ сол халыққа ұнайтын нәрсенің барлығы - сол халыққа да, мемлекетке де тиімді емес. 100 пайыз тиімді емес. Мысалы, қазір бізге: «маған дауыс берсеңдер, кредиттің бәрін кешірем» дейді. Менде 7 млн-ның кредит бар дейік, сіз 5 млн-ның кредитін төлеп жүрсіз. Әрине, жақсы ғой?! Қазір барып дауыс берсек, ертең кредитімізді кешіріп береді, кредиттен құтыламыз. Сен автоматты түрде: «қазір басқа кредит алам да, ананы жауып тастаймын, мынаны сатып аламын» деп ойлай бастайсың. Бүкіл халық солай ойлап кетеді. Бірақ ол ненің есебінен? Ол қайдан пайда болған ақша? Егер ол ақшаны басып шығарса, ертесі күні 100 теңге тұратын нан 400 теңге тұратын болады. Міндетті түрде. Өйткені ол ақшаның барлығы – триллиондаған теңге. Мысалы, оны Ұлттық банк басып шығаруы керек. Немесе банктерге: «сендер мына кредиттердің бәрін кешіріңдер» деп қинаса, банкте активтер қысқарып, 0-ге айналады. Ал, онда депозиті бар адамдарға процент төлеу керек қой? Оны немен береді? Бітті. Онда банктің системасы жабылады. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі – Ұлттық қор. «Ұлттық қор - қазақтың мұнайынан түскен, оны қазақтарға таратып берейік» деген небір пікірлер бар. Бәрімізге бөлгенде 1-2 мың доллардан шыға ма? Мысалы, бүгін бәріміз 2 мың доллардан алдық дейік. Ұлттық қор жоқ. Бәріміз бөліп алдық. Не істейміз енді? Қолдағы ақшаны тұтынармыз: біреу қарызын жабар, біреу қалағанын алар. Сонымен біздің болашағымызға үміт артып отырған, ақырындап үлкен жобалар жасаймыз деген қорымыз жоқ болып кетті. Біздің кредиттік рейтингіміз «ВВ» емес, «ССС» деңгейіне түсіп кетті. Бітті. Біз дефолт алдында тұрған ммемлекетпіз. Сырттағы қарызымызды қайтаратын қор жоқ. Бізде тек қана халықтың, мұғалімдердің айлығын ғана төлеп отырған бюджет қана қалады. Болды. Содан кейін бізге (Қазақстанға) кредит беретін ұйымдар ештеңе бермейтін болады. Өйткені бізде «подушка» (сақтық қоры) жоқ. Қазір біз бюджеттің ақшасы жетпегендіктен трансферт ретінде Ұлттық қордан алып отырмыз ғой? Ол да болмайды. Сонда бізде бюджеттің дефициті өсе бастайды. Бюджеттік кризис. Осылай ауыр экономикалық дағдарысқа келеміз. Ұлттық қорды қазір «жеп» қойсақ... ...ауыр дағдарыс 2 жылдан кейін келеді. Бізде гиперинфляция болады. 1 нан 10 мың теңге тұратын болады. Жалпы, бұл елден бәрі қашып кететін болады. Бұл елде тұру мүмкін емес болып кетеді. Осындай жағдайды популистер өздері 1-2 жыл президент болу үшін алып келуі мүмкін. Әрі қарай өздері қашады. Халық артынан қуалап, ұстап, соттап, быт-шыт болады. Сондықтан, «кредитті кешірейік», «Ұлттық қорды таратып береміз», «аузыңа мұнайдан ақша тамызамыз» деген өтіріктерге сенбеу керек. Мемлекеттен ашықтықты талап ету керек. Ақшаны сұрамау/алмау керек. Бірақ сол ақша қайда, қалай, қайда жұмсалып жатыр – барлық процестерді халық өзі көріп отыруы керек. Мысалы, оның бәрі excel-файлдағы деректер ғой. Ал, мемлекет сол мәліметтерді халық түсінетін «тілге» көшіруді қолға алуы керек. Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге берген сұхбатынан үзінді. t.me/qarzhylyq_sauat
4 8132Loading...
05
Кредит алатын адам банкке қандай дайындықпен келуі керек? Кредит – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек Жалпы, кредит беретін банк – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек. Егер ақша керек болса, «5 неге» системасы бар ғой, 5 рет «не үшін?» деген сұрақ қою керек адам өзіне. Қазір ақша керек болып тұр делік. Не үшін? Сіз ол ақшаны төлер кезде алдан шығатын проблемалар мен қазір сол ақша кететін мәселе – сол проблемаларға тұра ма? Мысалы, жұрттан ұят болмас үшін тойға бірдеңе апару керек деген «мақсаттағы» ақша болса, ол 3-4 күнде ұмытылып кететін нәрсе. «Бірақ сіздің ол ақшаны жылдар бойы қайтаратын проблемаңыз бар, соған тұра ма?» деген сұрақ қою керек. Сол үшін кредит – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек. Кредит – адамның өмірін жақсартуы керек... Негізі, осындай ұстаным болу керек. Адам өмірін жақсартатын не? Мысалы, ол сіздің үлкен бизнесіңіз. Иә, шынында да сіз осы бизнестің арқасында гүлденесіз, өз кәсібіңіз пайда болады, болашаққа мұра қалдыра аласыз дегендей. Болмаса, жүргізіп отырған кәсібіңізге бір құрылғы керек, мысалы, цех бар дейік, тігін машинасы керек болуы мүмкін. Ондай кезде ақша керек болса, онда кредит алуға болады. Өйткені бұның бәрі – ізгі дүниелер. Сіз сол арқылы, сол құрал арқылы ақша тауып, кредитті жаба аласыз. Ол сізге берілетін «қармақ». «Балық аулауға мүмкіндік беретін қармақ». Яғни, алатын кредитіңнің нысаналы мақсатына қатты назар аудару керек. Бұл – бірінші қадам. Білімге алған кредит – ізгі кредит Екіншісі – адамның өзіне құятын инвестициясы – БІЛІМ. Адам адамнан ешуақытта білімді тартып ала алмайды. Сенде бар білімді ешкім «тонап» кете алмайды, тартып алмайды. Білім өзіңде қалады. Сенің білімің, алған дипломың, біліктілігің – саған жақсы жұмыс табуға, жақсы айлық алуға көмектесетін болса, ол – өзіңе салған инвестиция деген сөз. Яғни, сол білімді игеруге ақша керек болса, онда ол кредит – ізгі кредит. Одан тартынбау керек. Демек, ол саған көмектеседі. Сені жақсартады. Өсіреді. Үшіншісі – денсаулық. Адам өмірінде ең құнды нәрсе не? Ол – денсаулық. Біздің өміріміз болмаса, бұл сөзіміздің бәрі бекер болар еді. Адам ең құнды нәрсесі өмір екенін білгеннен кейін сол өз құндылығын сақтап қалу – ол да ізгі нәрсе. Мысалы, сізге операция жасату керек боп тұр. Оған ақшаңыз жетпей тұрса, соған кредит алсаңыз – сіз өз өміріңізді ұзарттыңыз деген сөз. Сақтап қалдыңыз. Сол үшін алынған кредитті қайтаруға болады. Ізгі. Төртінші мәселе бар. Отбасыларға арналған. Ол енді – баспана мәселесі. Фундаменталдық нәрсе. Бала өмірге келеді. Оларға жағдай жасау керек. Тұратын жері болуы керек. Яғни, отбасының баспанасы болуы керек. Ол сіздің қорғаныңыз, қамалыңыз. Демек, ипотека да ізгі кредиттердің қатарына жатады. Ал, қалғаны және ең қауіптісі – бір күнде жұтылып кететін, артынан ешқандай да экономикалық құндылық әкелмейтін кредиттер – өте қауіпті. Олар сізге психологиялық ауру алып келеді... Жалғасын келесі жазбада ұсынайық. Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге сұхбат берген еді. Бұл тезистер сол замандастың пікірінен алынып отыр. Тұрақты оқырманымыз біледі, @qarzhylyq_sauat халықтың қаржылық білімін жетілдіруге үн қосып, басында телеграм-арна түрінде ашылған болатын. Кейін ол ORDA FM радиосындағы жобаға ұласты. Енді YouTube платформасына қарай бет алдық. Соңғы кезде барлық уақытымыз бен күшіміз сол жаққа, подкастқа жұмсалып жатыр. Үздік ойларды, сарапшыларымыздың қаржылық кеңесін осы әдіспен Telegram-да да жариялап тұруды ұмытпаймыз. Жазылыңыз, оқып тұрыңыз! t.me/qarzhylyq_sauat
5632Loading...
06
Ақпараттың маңыздылығын түсініп, материалды гиперсілтемесімен бере алатын әріптестерге тәнтімін. Рахмет, жолдастар! Көңіл қуанып қалды.
9341Loading...
07
Ұмытып барады екенмін, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасының ашылғанына 1 жыл толды. Ешкімнің жеке мүддесін көздемейтін, лас саяси ойындармен айналыспайтын, өсек-(төсек) әңгіме жазбайтын, тек қарапайым қазаққа қаржы тақырыбын түсінікті тілде жазуды мақсат еткен арна. 90-2000-жылдары қаржылық сауат мәселесі күн тәртібінде болған емес. Ол кезде интернет болмаса да, апталық басылымдарды оқып тұрушы ек. Сол арқылы қоғамда болып жатқан құбылыстарды бағалайтынбыз. Ол замандарда құқықтық сауат мәселесі жиі көтерілетін. Азаматтар өз құқығын біле бермейді, өз құқығын қорғай алмайды, конституциялық құқынан хабары жоқ деген секілді проблемалар көтерілетін. Баспасөзде. Сосын 2006-жылдардан бастап Қазақстанға «кредиттік бум» келді. Азаматтардың әлеуметтік статусына қарамай, яғни ол зейнеткер ме, ол жұмыссыз ба, ол науқас па – ештеңеге қарамай, банкке келген адамның бәріне жаппай кредит ұстатып жіберетін. Олар ақшаны тегін алып жатқандай қуанатын. Кредиттің не екенін, үстіне қандай процент қосылып жатқанын, қандай салдары болатынын ескерген жоқ. Себебі халықтың қаржылық білімі жоқ болатын. Оған дайындалмаған еді. Кейін уақыт өте келе «түсінді». Бірақ ол кезде бәрі кеш еді... Қарызы коллекторларға өтіп кетіп, олар сотқа дейін сүйреп, табыс көзін бітеп, карталарын бұғаттап, соңында жұрт есеңгіреп қалды. Содан бері «кредит» десек, жүрегіміз айниды. Банктерге жынымыз келіп тұрады. Солай ма? Қазір қаржылық сауат мәселесі өте өзекті. Сонымен бірге медиа-сауат мәселесі де маңызды болып келеді. Күнделікті қолданып жүрген интернеттен, әлеуметтік желілерден қандай ақпарат алып жатырмыз, қалай тұтынып жүрміз, рас-өтірігін ажыратып жүрміз бе, алаяқтық пиғылды сезе аламыз ба? Осының бәрі қазіргі қоғамға ауадай керек. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасы осы мақсатта ашылған еді. Сол бағытынан тайынғысы жоқ. Тек оқитын адам болса... Каналға кіріп-шығып, тұрақтай алмай жүрген адамдарды сырттай бақылап, кейде бұ қазаққа қаржылық білім керек емес-ау деген де ой келеді. Ақпарат таратушы сайттардан, телеграм-арналардан қаржы тақырыбында жазылған дүниелерді көп оқыңыздар. Біз көп емеспіз. Сауат ашыңыздар. Өсек әңгіме бітпейді. Ес жиятын уақыт келді. 1 жасымыз құтты болсын, құрметті оқырман! t.me/qarzhylyq_sauat
9142Loading...
08
Бүгінгі заманның адамына қандай экономикалық базалық білім керек? Қаржылық шешімдерді қай кезде жасаймыз? Бірінші кезекте біз табыс табамыз және ол табысты қалай табуымыз керек, табыстың көлемі қандай болу керек, оны қалай ұлғайта аламыз? Осы төңіректе білім болу керек. Сосын шығындарымыз. Шығыстар бойынша тереңірек білім керек. Өйткені сіз шығыстарыңызды қаншалықты жүйелі құра аласыз, соншалықты қаржылық біліміңіздің жоғары екенін бағалай аласыз. Егер шығындарыңыз көп болып, ол бейберекет кетіп жатса және қайда кетіп жатқанын нақты білмейтін болсаңыз, бұл өте қиын жағдай. Ойлану керек деген сөз. Ол үшін шығындарды қарап, қайда жұмсалып кетіп жатыр? Аптасына болмаса да, айына бір рет болса да қайда тапқан табысты жұмсадыңыз, қалай жұмсадыңыз – сол туралы анализ керек. Сонда шығындарыңыздың қайда кетіп жатқанына көз жеткізіп, келер жолы «мына шығындарға жұмсамай-ақ қойса болады екен ғой» деген шешімге келесіз. Ол сіздің табысыңыздың ұлғаюына белгілі бір деңгейде ықпалын тигізеді. Яғни неғұрлым шығындарды азайтуға, табысты ұлғайтуға байланысты білім керек. Бұл – бірінші дейік. Несие құралын дұрыс пайдаланған адам пайдасын көреді Екінші – несие инструменті. Егер несие құралын дұрыс пайдалана алсаңыз, керісінше, ол сізге пайда әкеле алады. Мүмкіндіктеріңізді арттыра алады. Ол несиенің отбасы бюджетіне шаққандағы үлесі қандай? Шетелде 20% деп айттып кеттік, бізде ол 30%-дан аспаса жақсы. 50%-ға мүлдем жолатпау керек. Бірақ бізде «бөліп төлеу» (рассрочка) инструменттері бар, керемет дейді де, азаматтарымыз көп несие алып тастайды. Оның барлығы сіздің отбасы бюджетіңіздің 50%-нан асып кететін болса, онда болды, ол сізге үлкен ауыртпашылық түсіреді. Өйткені, бүгінгі қоғамда көптеген қазақстандық отбасы табысының 50%-ын азық-түлікке жұмсайды. Ал, егер несиелеріңіздің ай сайынғы төлемдері табыстың 50%-нан асып жатса, онда өте қиын жағдайға тап болдыңыз деген сөз. Экономист Мақсат Халықтың @qarzhylyq_sauat-қа берген сұхбатынан. t.me/qarzhylyq_sauat
8630Loading...
09
Банк менеджері клиенттен нені сұрауға міндетті? Негізі, қаржы менеджері клиенттен сұрауға міндетті. «Мынадай аннуитеттік жолы бар, егер таңдасаңыз, ай сайын 50 мың теңгеден төлеп тұрасыз. Осы кестені таңдайсыз ба? Болмаса, тең бөліп төлеу деген бар. Ол жерде 65 мың теңгеден басталады, әр ай сайын 1 мың теңгеге төмендеп отырады. Қай нұсқаны таңдайсыз?» деп сұрауы керек. Бірақ біздегі қаржы менеджерлері алдына келіп отырған азаматтың ондай білімі жоқ екенін біліп отырады да, сұрамайды. «Мына жерге галочка қоя салыңыз» дейді. Оған клиентке аннуитеттік жолды таңдатқан тиімдірек. Өйткені банк ол жерде көбірек несие пайызын ұсынады. Тіпті, біздің азаматтарымыз да, әсіресе, үлкендер аннуитеттік жолды ыңғайлы көріп, әлгі 65 мың ай сайын қанша болады, соны кестеге қарап есептеп жүрем бе, маған мынау ыңғайлы, 50 мың теңгеден төлей берейін деп сол шешімді қабылдай салады. Бірақ 200-300 мың теңгеге автоматты түрде жеңіліп жатқанын білмейді. Осындай қарапайым дүниелерді білетін болса, қаржылай сауатты азаматтарымыз өз құқығын қорғай алар еді. Кредиттік өнімдерде жасырын пайыз бар ма? Несие туралы, оны қалай тиімді алу жолдары туралы, қандай пайыздық мөлшерлемелердің түрі бар, тиімді (эффективный) пайыздық мөлшері болады, жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме, атаулы пайыздық мөлшерлеме – осы жайында ақпарат біліп жүрген дұрыс. Несие аларда келісімшартқа қарау, қандай пунктері бар, көп жерде «жасырын пайыздар бар» деп айтып жатады. Ешқандай да жасырын пайыздар жоқ. Оның барлығы сол келісімшартта көрсетіледі. «Жасырын пайыз» деп айтып жүргендері – комиссия. Ол банк ұстап қалатын әртүрлі комиссиялар. Мысалы, шотты ашқаны үшін, оны шешіп алғаны (обналичивание) үшін деген сияқты көптеген комиссиясы бар. Соның бәрін біліп алған жақсы. Несие аларда банк менеджерінен нені талап ету керек? Мысалы, кейбір банктерде сондай комиссия тұрады – 7%, 8%. Сіз несиеге 1 млн теңге алсаңыз, келісімшартқа «1 млн теңге алды» деп жазылады да, пайыздары сол 1 млн теңгенің үстінен жүреді. Бірақ әлгі комиссияның күшімен 70 мың теңге ұстап қалады да, қолыңызға 930 мың теңге ғана түседі дегендей. Сонда белгілі бір дәрежеде комиссияның түрлеріне байланысты, оның заңды-заңсыз немесе алып тастауына байланысты өз құқығыңызды білсеңіз, соның бәрін банкке барғанда менеджерден талап ете аласыз. Осындай-осындай талаптар бар, пайыздарыңыз қанша дегенде 16% десе, ал жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемеңіз қанша, эффективная ставканы айтыңыз деп нақты сұрасаңыз, қаржы менеджерінің өзі сізбен басқа тілде дұрыстап сөйлесе бастайды. Сондықтан ол сіздің қаржылай сауатты болуыңыздың маңыздылығын көрсетеді. Бұл пікірді @qarzhylyq_sauat-қа берген сұхбатында экономист Мақсат Халық айтқан еді. t.me/qarzhylyq_sauat
2 4485Loading...
10
Мемлекет кредиттерді кешіруі керек пе немесе неліктен бізде кредит пайыздары жоғары @qarzhylyq_sauat экономист Мақсат Халықпен сұхбаттасқан еді. Аудио нұсқасы ORDA FM радиосынан өтті. Енді осы алаңда экономистің кредит төңірегіндегі негізгі тезистерін жариялайық. Кредитті кешірсін деп талап қою дұрыс емес Кредиттерді мемлекет кешірсін деп талап қоюдың дұрыс емес екенін бұған дейінгі сұхбаттарымда да айтып жүрмін. Оны мемлекет кешіріп береді-ау, бірақ ол қоғамды бәрібір жақсылыққа алып келмейді. Өйткені бір рет кредиті кешірілген азаматтардың ішінде кейбірі қайтадан несие ала салады. Сосын сол несиені де кешіріп бер дейді және сол қатардағы азаматтардың қатары пайда бола береді. Қоғам соған үйреніп алады деген мәселе де айтылады. Егер мемлекет кредиттерді кешіретін болса, онда нарық заңы бұзылады. Олай жасауға болмайды. Қайта, керісінше, мемлекеттің бұл жердегі функциясы – азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге күш салу. Олардың еңбекақысының жоғары болуына күш салуы керек. Сол кезде азаматтарымыз оп-оңай несиені де алады, оны жаба да алады. Несие төлемі отбасы бюджетінің 20%-нан аспауы керек Әлемдік тәжірибеге қарайтын болсақ, несиенің көлемі отбасы бюджетінің 20%-ын ғана құрайды екен. 20%-дан аспайды. Әлемнің озық елдерінде осылай. Демек, олардың еңбекақысы да жоғары деген сөз. Үйінің кредитін төлеп отырса да, әрі кеткенде табысының 20%-ын ғана жұмсайды. Ал азық-түлікке ол жақтарда 10-12% ғана жұмсайды. Қалған ақшасын өз-өзін дамытуға, балаларын оқытуға, әлем шарлауға, қор жинауға жұмсайды. Бұл ненің көрсеткіші? Бұл – елімізде табыстың төмен екенінің көрсеткіші. Үкімет осыған көбірек мән беруі керек. Біздің ең төменгі табысымыз – үйді жалдауға да, тауар, азық-түлік сатып алуға да, несиесі болса, оны да төлеуге жететіндей болу керек. Дамыған елдерде адамдар несиені қиналмай алады Жалпы, Америкада болсын, Еуропада болсын, несиемен төлеуге қайта, керісінше, ынталандырады. Оларға дебюттік карта ұсынсаң, кредиттік карта бер дейді. Оларда кредиттік картамен төлеу тиімдірек және соған ынталандырып қойған. Себебі оның пайызы, мысалы 2%, 3% немесе 4%. Оны қайтару да ауыртпалық салмайды. Сол себепті адамдар қиналмай несие ала береді. Ал біздегі үлкен проблема – несие пайызының жоғары болуында. Нақты мәселе осында. 56% жоғары болуы, сондай несиелермен халықты кредиттеу – жақсылыққа әкелмейді. Оның салдарын бүгін де көріп отырмыз. Өйткені азаматтар жоғары пайыздағы несиелерді алғандықтан табысы жетіспейді, оны төлеуге де жетпейді. Амалсыздан несие үстіне несие алуға тырысады, қарызға кірмесіне амалы қалмайды, соңында өзін банкрот деп жариялайтындай дәрежеге жетеді. Несиеге келгенде азаматтар қиналып, көңіл-күйі түсіп жүреді. Неге? Өйткені алған айлығын сол несиеге жұмсауға тура келіп тұр. Сондықтан, Қазақстан жағдайында несие пайыздарын төмендетуге көңіл бөлу керек. Банк тәуекелі: екі адам несиесін төлемейтін үшінші адамның кредитін жабуға мәжбүр Банктер есеп жүргізеді ғой. Мысалы, 3 адамға несие бердік, екеуі қайтарды, біреуі қайтарған жоқ дейді. Стаститика да соны көрсетеді – әр берілген 3 кредиттің біреуі қайтпай қалып жатыр. Онда не істейміз? Онда біз мына адамнан қайтпай қалған несиені сауатты төлейтін екі адамға пайыз ретінде қосып беруіміз керек дейді. Банктер өз тәуекелдерін есептегенде бұл олар үшін – риск. Сосын олар үлкен пайызбен несие беруге көшеді. Сонда сауатты төлейтін екі адам төлемей қалған адамның несиесін төлеп береді деген сөз. Сонда бұл да белгілі бір дәрежеде біздегі несие пайыздарының жоғары қойылуына себеп болып отыр деген сөз. Сондықтан, қаржылық тұрғыда сауатты қоғам қарызға ақша алды ма, қарызын қайтаруға ұмтылады, соған күш салады. Біз сондай сауатты қоғам құруымыз керек. Үш адам да алған қарызын қайтаратын болса, онда банктер де пайызын қатты өсірмес еді деп ойлаймын. Яғни, бұның да ықпалы болып тұрғанын атап өткім келеді. t.me/qarzhylyq_sauat
6702Loading...
11
Кредит алу үшін жұбайының келісімін талап ететін заң Президенттің қол қоюына жіберілді Бұл Заңның мақсаты – кредит берудегі тәуекелдерді азайту еді. Құжаттың өзі несие алуға қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған. Президент қол қоятын болса, Заң: ⚠️ төленбеген несие мерзімі 90 күннен асқан жағдайда; ⚠️ ерлі-зайыптылардың келісімі болмаса (кредит сомасы 3,5 миллион теңгеден асқанда ғана әйелінің немесе күйеуінің рұқсаты қажет болады) кредит беруге тыйым салады. Бұл құжатта әскери қызметкерлердің несиесін өтеу мерзімін 60 күнге ұзарту мәселесі де қаралған. Заң мемлекет басшысы қол қойған күні күшіне енеді. t.me/qarzhylyq_sauat
6870Loading...
12
КРЕДИТ «ТҰЗАҚ» ПА? Кредит экономиканың ажырамас бөлігіне айналды. Корей елінің танымал «Кальмар ойыны» фильмінде де осы несиеге батқан адамдардың өз проблемасын шешу үшін ерекше қиын жолды таңдағанын көрсетеді. Яғни тұтынушы несие (потребительский кредит) барлық елде бар және кей елде шегінен асқанда проблема тудырады. Жалпы кредит – жеке адамдар мен бизнеске өзінің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге, экономиканың өсуіне ықпал етеді. Кейбір төтенше жағдайларда шұғыл мәселелерді шешуге көмектеседі. Бірақ оны дұрыс және жауапты пайдалану керек. Әрине оған қаржы сауатынан бөлек халықтың жалпы өмір сүру деңгейінің де жоғары болуы маңызды. Яғни, бұл жерде институционалдық деңгейдегі шешімдер де халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталуы керек. Екіжақты байланыс, екіжақты жұмыс. «ТЕГІН АҚША» «Money for nothing» деген деректі фильм бар. Қазақшаға аударсақ «Тегін ақша» деген мағына береді. Сол фильмде жақсы бір сөз айтылады: «Салауатты экономикада, адамдар табыс тауып, оны жұмсайды. Ал әлсіз экономикада адамдар қарыз алып, оны жұмсайды». Экономиканың салауатты болуы төменнен ғана емес, бірінші кезекте жоғарыдағы шешімдерге байланысты болады. «ТАРИХИ ЖАД» Тағы бір гипотеза бар. Ол – ашаршылық пен несие алуға деген бейімділіктің «тарихи жад» арқылы жанама байланысының болуы. Көпке белгілі, халқымыз XX ғасырдың басында ашаршылықты басынан өткерді. Жақында ғана осы ашаршылықтың «тарихи жад» арқылы әлеуметтік-экономикалық салдары #Erkinadamdar ұйымдастырған ашық лекцияда талқыланды. Сарапшылар өз көзқарасын айтты. Яғни, кезінде орын алған оқиға адамдарда белгілі бір психологиялық паттернді қалыптастырады екен. Тарихи оқиғалар халықтың психологиялық және әлеуметтік жағдайына әсер етіп, қазіргі қаржылық мінез-құлқына да ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, қазіргі кездегі кредит алуға деген бейімділік негізінен экономикалық және әлеуметтік-мәдени факторларға байланысты дер едім. Кредит алғанда қандай шарттарға назар аудару керек? 1. Пайыздық мөлшерлеме: пайыздық мөлшерлеме неғұрлым төмен болса, кредитті қайтару соғұрлым жеңіл болады. 2. Мерзімі: кредит мерзімі сіздің қаржылық жағдайыңызға сәйкес болсын. Ұзақ мерзімді кредиттерде ай сайынғы төлемдер төмен болады, бірақ жалпы төленетін сома әдетте көбірек болады. 3. Қарыз ауыртпашылығы: ай сайынғы кредит төлемдері сіздің жалпы табысыңыздың белгілі бір бөлігінен аспауы керек. Әдетте, бұл 20-40% шамасында болғаны жөн. 4. Қарыздың мақсаты: сіз алатын кредиттің нақты мақсаты болсын. Қарызды мақсатты түрде пайдалансаңыз ғана өз қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. 5. Қаржыны жоспарлау: кредит алу алдында өз бюджетіңізді мұқият жоспарлап, ай сайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндігіңіз бар-жоғын анықтауыңыз керек. Сонымен, кредит — бұл қаржы құралы. Оны дұрыс пайдалану арқылы қаржылық мақсатыңызға жетуге болады. Кредит алу алдында оның шарттарын мұқият зерттеп, қаржылық жағдайыңызды дұрыс бағалап, жауапкершілігіңіз аясында сауатты қаржы дағдыларын қалыптастыру арқылы кредиттің пайдалы жақтарын толық пайдалануға болады. Жазба авторы: @qarzhylyq_sauat телеграм-арнасының тұрақты сарапшысы, экономист, макроталдаушы – Аякөз Ханет. t.me/qarzhylyq_sauat
7943Loading...
13
Media files
7140Loading...
14
ӘРІПТЕСТІҢ АРБАУЫ «Болашақ» бағдарламасы төңірегіндегі шуды естіген боларсыз. Тележүргізуші Мақпал Дәрібаева мен 24KZ арнасының шығарушы-редакторы Наталья Воробьеваның жан айқайын естіп жатырмыз. Бұл әріптестер 2016 жылы бір ұжымда жұмыс істеген Валерия Гавриленконың өтінішімен шетелде оқуына көмектеспек ниетпен гарант болған екен. Желіде тарап жатқан ақпарат бойынша, «Болашақ» бағдарламасы ұсынған оқу ақысы 26 млн теңге болған. Соның 6 млн теңгесіне Мақпал Дәрібаева мен Наталья Воробьева гарант ретінде құжат рәсімдесе керек. Бірақ кезінде әріптестерінің қолдауына ие болған Валерия Гавриленко Орталықтың бұрынғы қызметкерлерінің көмегімен өзінің екі пәтерін кепілден шешіп, Ұлыбританиядағы оқуы аяқталған соң Қазақстанда тиісті еңбегін өтеместен шет ел асыпты. Миллиондаған шығын Астанада жұмыс істеп жатқан журналистерге артылып, әріптестер салдарын тартып жатқан көрінеді. Жалпы, қай салада болмасын, гарант болу қаншалықты қауіпті? @qarzhylyq_sauat кезінде ол туралы да пайдалы ақпарат дайындаған еді. Оны мына сілтеме өтіп оқи аласыздар – https://t.me/qarzhylyq_sauat/156 t.me/qarzhylyq_sauat
8090Loading...
15
Видео-қоңырау қабылдаудан сақ болыңыз! Смартфон қолымыздан түспейтін болғандықтан, бәріміз де мессенджер қолданамыз. Мессенджер деп WhatsApp, Telegram, Facebook-ті айтып отырмыз. Бұның бәрінде адамға жеке хат жазу мүмкіндігі бар. Енді осы желілерде видео-қоңырау қабылдау қауіпті болып кетті. Тіпті танысыңнан видео-қоңырау түссе де, ол оның аккаунтын бұзып алған алаяқ болуы әбден мүмкін. Алаяқ не үшін бұл әдісті таңдап алды деп ойлайсыз? Егер сіз ол қоңырауға жауап берер болсаңыз, экранға сұлбаңыз шығады. Сол кезде қаскөйлер экраннан скрин жасап, бет-әлпетіңіздің суретін қолға түсіреді. Ол өз кезегінде онлайн-кредит рәсімдеуге пайдаға жарап кетуі ғажап емес. Бұл – өте қауіпті тенденция! Тамыр-таныс өз алдына, мүлдем бейтаныс нөмірден немесе аккаунттан келген видео-қоңырауға мүлдем жауап бермеген дұрыс. Егер туысыңызбен, досыңызбен видео арқылы сөйлесетін болсаңыз, алдын ала келісіп алған дұрыс болатын шығар және бұл әдісті үй жағдайында өз адамдарыңызға да айтып, ескертіп қойған артық етпейді. t.me/qarzhylyq_sauat
7836Loading...
16
«Қаржылық сауат» пәнінен дәрісті қатардағы мұғалімдер емес, қаржы сарапшылары береді QAZBILIM ұлттық лицейлерінің негізін қалаушы Аятжан Ахметжанұлы осындай жаңалығын жария етті: Қазір еліміздегі барлық мектепте «Қаржылық сауаттылық» деп аталатын пән бар. Бірақ, сапасы қандай деген сұрақ басшы ретінде мені ойлантатын. Себебі, оны көбінде өзін-өзі тану мұғалімдері, география пәні мұғалімдері немесе сағат жетпеген тағы басқа пән мұғалімдері береді. Содан дәл сол адамдардың өзі қаншалық қаржылық сауатты, экономика негіздерін, ақша айналымын, бизнестік жоспарлау жүйесін қаншалық біледі? Білмейді ғой, онда ол пәннің сапасы жоқ қой, барынан жоғы, тек мемлекетке шығын ғой деп жыным келетін. Екі жылдан бері QAZBILIM ұлттық лицейлерінде осы пәнді қалай жүргізсем сапаға жете аламын деп көп бас қатырдым. Шыны керек, бүгін қаржылық сауаттылық аса маңызды дағдының бірі. Балаға керек білімнің бірі. Сонымен көп ойланып, шымшық сойса да қасапшы сойсын. Бұны нағыз мамандарына бергізейін деп шештім. Сонымен, елімізге танымал экономист, қазақша MBА курсын ашып жүрген қаржылық сарапшы Мақсат Халық мырзаға ұсыныс тастадым. Бүкіл QAZBILIM ұлттық лицейлері жүйесіне «қаржылық сауаттылық» пәніне арнайы бағдарлама жасайық, сабақты мұғалімдер емес сіздің команда жүргізсін деп. Мақсат мырза да келісе кетті. Сонымен 8 қаладағы QAZBILIM ұлттық лицейлерінің бәріне арнайы бағдарламадағы «қаржылық сауаттылық» пәнін енгіздік. Оны қыркүйектен бастап қарапайым пән мұғалімі емес, MBA да сабақ беріп жүрген Мақсат Халық мырзаның өзі және оның командасы жүргізеді. Жалпы жеке мектептерді дамытып жүргесін жылдық оқу құны 14-15 миллион тұратын ағылшын тілді, 8-9 миллион тұратын орыс тілді мектептерді зерттеймін ғой. Сонда бұлардың ерекшелігі не? Бізден артықшылықтары қандай деп зерттеймін ғой. Сөйтсем осындай бүгінге керек заманауи курстармен, кәсіби мамандармен ерекшеленеді екен. Неге таза қазақ мектептерін сондай деңгейге жеткізбейміз? Неге қазақ балалары бәсекеге қабілетті тұлға болу үшін қажет құзіреттілікті бермеске деп осындай тың қадамдарды жасап жатырмыз! t.me/qarzhylyq_sauat
1 1821Loading...
17
@qarzhylyq_sauat BI Group менеджерін ORDA FM радиосына шақырып отыр. Менеджер: 🏣 қалай үй таңдау керек екенін; 🏣 құрылыс компаниясының, салынып жатқан үйдің қандай құжаттарына мән беру керек екенін; 🏣 қалай үй алуға болатынын; 🏣 ақшаны қалай дұрыс бағыттауға болатынын; 🏣 банкпен қалай жұмыс істеу керек екенін өз тәжірибесіне сүйене отырып баяндап береді. Жақсы лайф-хак болады деп ойлаймыз. Эфир ертең. ORDA FM жилігі: Астана қаласында – 103.2 FM Алматы қаласында – 99.3 FM t.me/qarzhylyq_sauat
1 1401Loading...
18
Dauletten деп аталатын телеграм-арна «4 миллион қарызынан құтылған қазақ жанұясы» деген тақырыппен жарнамаға тән ролик жариялапты. Каналда 370 мыңнан астам адам отыр. Ондағы посттың «подачасы» қызық. Негізі, бір азаматтардың проблемалық кредиттері банкрот болу арқылы шешілген. Енді, әрине, өмірде түрлі жағдай болады. Белгілі бір себептерге байланысты шынымен де кредит төлеуге тұрмысы көтермейтін кісілердің ісі сот арқылы қаралып, мүшкіл жағдайы тиісті құжаттармен толық дәлелденген кезде ғана проблемалық кредит банкроттық туралы заң арқылы шешілуі мүмкін. Бірақ борышкер (қарыз иесі) үшін де оның салдары бар. Ең бірінші — кредит тарихы бүлінеді. Қазір жұрт банкроттық туралы заңның күшімен (көмегімен емес) кредит ауыртпалығынан құтылғанымен (бүгін қуанғанымен), ертең бала өсіп, нағыз ақша керек болған кезде банк оған қарыз беруден бас тартады. Сосын 5 жыл бойы ешбір қаржы ұйымынан кредит ала алмайсың, 3 жыл бойы қаржылық әлеуетің қатаң бақылауда болады. Роликте ақпарат: «енді бұл кісілер банкке вообще қарыз емес!» деген желеумен «дәмдірек» беріліп жатыр. Әрі қарай былай үндейді: «Егер сіздің де кредитіңіз дәл осылай кешірілсін десеңіз, ...банкротствоға тапсыра аласыз. ...одобрение алу үшін «...» байланысқа шығыңыз, ӘР ҚАЗАҒЫМНЫҢ КРЕДИТІ КЕШІРІЛСІН!» Бұл не сөз? Осындай сауатсыз «қызметтердің» кесірінен онсыз да қаржылық білімі ақсап жатқан қарапайым жұрт банкроттықты басқаша қабылдайды, кредитім кешірілді деп шатасып жатады. «ӘР ҚАЗАҒЫМНЫҢ КРЕДИТІ КЕШІРІЛСІН!» деп жүз мыңдаған адам отырған үлкен аудиторияны шақыру — жұртты жаппай кредит төлеуден жалтартуға үндеу деп қабылдамасқа лаж жоқ. Сондықтан, қаржы саласына арнап телеграм-канал ұстайтын азаматтар (әріптестер деп айта аламыз ба?) ойланса, халыққа дұрыс ақпарат беруді көздесе дейсің. Оданда банкрот болудың зиянды тұстарын айтып, шама келсе өз аяғымен барып алған кредитті төлеп құтылуға үндесе, басқа жағдайда оның түбінде ел экономикасына зиян келтіретінін айтып түсіндірсе, көпшіліктің сауатын ашса дұрысырақ болар еді. t.me/qarzhylyq_sauat
1 3952Loading...
19
«Cобеседование» сіз үшін стресс пе? Сөз әуелден түсінікті болуы үшін тырнақшаға алып, орыс тіліндегі нұсқасын қалдырдық. Қызметке тұрғысы келетін адамды жұмыс беруші тарап әңгімеге шақырады. Көзбе-көз дидарласқысы келеді, болмысын бағалап, білімін тексеріп, бағытын сұрайды. Яғни, сұхбат құрады, әңгімелеседі, дидарласады. Қалай қазақшаласаңыз да, ерік өзіңізде. Көп адамда осы процесс стреске толы қалыпта өтуі мүмкін. Cult_media телеграм-арнасы осыған қатысты кеңес берген екен. Пайдаға жарата алсаңыз, оқып көріңіз. 🧠 Ойды өзгерт Көп адам бұл процесті емтихандай көреді. Бұл жерде сынақ тапсырушы адам рөлінен шыққан дұрыс. Себебі, ол кездесуде Сіз де — өз алдына емтихан алушысыз. Яғни, өзіңіз де жұмыс берушіні бағалауыңыз керек. Сондықтан, мазаланбаңыз, қайта, әңгіме құрушы тараппен тең отырып сөйлесуге әрекет етіңіз. 🫥 Көңілге алма Иә, «собеседование» — Сіздің келешек карьераңыз, алатын айлығыңыз үшін маңызды процесс. Оның нәтижесіне қарай әр адам ішкі эгосын қанағаттандырады, өз-өзін бағалайды. Бірақ, оның бәрін өмірлік деңгейде алып қарайтын болсақ, кез келген жұмыс, қызмет, айлық — жәй ғана эпизод. Ал, жұмысқа тұрар кезде жүргізілетін сұхбат — сондай бір эпизодтың ішіндегі эпизодтың бірі. 🤓 Теріс шешім — қалыпты құбылыс Қандай да бір жұмыс берушінің дидарласудан соң шығарған теріс шешімі Сіздің еңбекке мүлдем жарамсыз екеніңізді, болмаса, құнсыз, қадірсіз, өмірде жолы болмайтын адам екеніңізді білдірмесе керек. Яғни, ол шешімнің Сізге түбегейлі қатысы болмауы мүмкін. Жәй ғана дәл сол сәтте дәл сол жұмыс берушінің қалауына келмедіңіз. Болды. Ол қалыпты жағдай. Себебі, былай қарасақ, кез келген жұмыс та Сіздің ыңғайыңызға келе бермеуі мүмкін, солай ғой? 💫 Өз қалауыңды тіз Жалпы, ол жұмыс беруші Сіздің ыңғайға келе ме, өзіңіз не қалайсыз — өз бетіңізше тізіп көріңіз. Сіз де сұхбат кезінде қысылмай сұрақ қойыңыз, берілген әр жауапқа мән беріңіз. Сосын, асықпай ойланып, екіжақты диалогты таразылап, плюс-минусын шығарыңыз. 👨‍💻 Біліп бар Жұмыс берушімен диалогқа бармай тұрып компанияның сайтына кіріп көрген жөн. Әлеуметтік желідегі парақшаларын сүзіп, ұйымның жалпы философиясын, құндылықтарын, нені бағалайтынын, неге мән беретінін, тарихын, даму жолын біліп барған дұрыс. 🏋️‍♂️ Бэкграундыңды бағала Бэкграунд деген — өмірлік тәжірибең. Компания қызметкерге белгілі бір талаптар қоюы мүмкін. Сол талаптарды әр адам өз тәжірибесімен ұштастырып көрген абзал: қолдан не келеді, неге дайынсың, неге дайын емессің. Жетістіктеріңді ұялмай айт. Сәтті шыққан кейстер болса, көз көретін нақты көрсеткіштер бар болса, неге айтпасқа, неге жарияламасқа? Айту керек!) 💪 Уайымдамаймыз, бәрі ойдағыдай болады! @qarzhylyq_sauat
1 1392Loading...
20
Кәсіпкерлерге арналған тегін бизнес курс! Егер сіз кәсіпкер және «Даму» Қорынан қандай да бір қолдау алған болсаңыз – тегін оқу курсына жазыла аласыз. Бизнесіңізді табысты дамыту үшін қажетті білім мен дайын құралдар алуға мүмкіндік беретін бұл онлайн курс 4 кең модульді қамтиды: ✔ Бизнеске арналған Digital: ChatGPT, Trello, Google Workspace, веб-сайт жасау ✔ Тәуекелдерді басқару: тәуекелдерді бағалау және риск-менеджмент стратегиясын айқындау ✔ Қызметкерлерді басқару: олардың жоғары өнімділікке ынталандыру және қолдау ✔ Маркетинг және сауда: маркетинг стратегиясын құру және клиент тарту үшін цифрлық құралдарды пайдалану Оқу барысында куратормен «сұрақ-жауап» түріндегі сессиялар, өткен материалды миға тоқу үшін үй тапсырмаларын орындау қарастырылған. Оқу соңында электрондық диплом беріледі. Ең белсенді қатысушылар үшін арнайы сыйлық бар. Ол – 2025 жылға арналған «Executive MBA: интенсив» тренингіне қатысу сертификаты. Бұл менеджмент пен бизнес туралы біліміңізді тереңдетуге деген мүмкіндік! Курсқа 1 маусымға дейін тіркелуге болады. Орын саны шектеулі! Тіркелуге сілтеме https://damu.kz/ru/programmi/trainings/newlearn
8503Loading...
21
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тағы бір уәкілетті оператор қосылды. Енді оқуға төлеуге арналған нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан бөлек, жақында БЖЗҚ келісім-шарт жасасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінуге болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына төлемдерді алу үшін «Отбасы Банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалғыз уәкілетті оператор болып қала береді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының барлық балалары «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушы болды. Балаларға жыл сайын қатысудың әр жылы үшін инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түрінде Ұлттық қордан қаражат есептеледі. 18 жасқа толған атаулы жинақтарды алушылар немесе олардың заңды өкілдері уәкілетті операторлардың біріне хабарласып, қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.
9641Loading...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Мектеп түлектері аттестатын цифрлық нұсқада ала бастайды Оқу-ағарту министрлігі осындай жаңалық таратты. Сөйтіп еліміздегі цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толығатын болыпты. Аттестаттардың электронды үлгісін енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінен алуға болады. Яғни, «Bilim» сервисіне өту керек. Сол жерде «Менің балаларым» бөлімінде ата-ана мен заңды өкіл үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары берілген. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
👍 7
Фото недоступноПоказать в Telegram
@QSauatBot кері байланыс құралымызға жақында бір оқырманнан сауал түскен еді. Әрине жауабын жеке жібердім. Қазір демалыс мезгілі. Қатарға жаңа қосылған азаматтарға бұл ақпараттың құндылығы жоғары деп білемін. @qarzhylyq_sauat бұған дейін 2-17 жас аралығындағы қазақстандық балалар ел ішіндегі отбасылық саяхат кезінде ұшаққа тегін міне алатынын жазған еді. Жақсы жері – бала санына шектеу жоқ. Бағдарламаның мақсаты – ішкі туризмді дамыту. Сол үшін туристік жолдама ішкі туризмге арнайы лицензиясы бар туроператорлардан сатып алынуға тиіс. Олардың тізімі мына постта берілген: https://t.me/qarzhylyq_sauat/363 t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
👍 3
Кредиттен қашан құтылам: уайым кешіп жүрген 1,5 млн адам бар - бір реттік шараға алынған кредит, - ертең құны болмайтын затты алуға жұмсалған кредит, - қарызды жабу үшін (кредит үстіне) алынған кредит. Бұлардың қай-қайсы да адамға ешқандай экономикалық пайда, құндылық әкелмейді. Ол адамды тек қарыз шыңырауына түсіре береді, түсіре береді. Ең үлкен проблема – сізге психологиялық ауру алып келеді. Мұндай психологиялық дерт бар. Қазір Қазақстанда «бұл кредиттен қалай құтылам» деп уайым жетегінде жүрген 1,5 млн адам бар. Бізде 9 млн адам экономикалық белсенді десек, былайша айтқанда, соның шамамен 12 пайызы дейік, осындай күнделікті уайым үстінде жүр. Осындай уайымда жүрген адамның қолынан ештеңе келмейді. Жұмысын да дұрыс істей алмайды, кітабын да оқи алмайды. Бәрін жартылай істейді. Себебі санасында: «мә, 15-і күні кредитімді төлеуім керек» деген ой мазалап тұрады немесе банкі қоймай, қайта-қайта «звондап жатады»... Ол адам ұйқыдан да, күлкіден де айырылады. Бұл адамдарды «өмір сүріп жатыр» деп толыққанды айтуға болмайды. Олар бір биологиялық ритмде жүрген сияқты – тұрады, тамағын ішеді, ұйықтайды. Көзінде ешқандай от жоқ... Осы жағдайға оларды көп ретте бір сәттік эмоциялар алып келіп жатыр. Мысалы, «мына ақшаны бәрі алып жатыр ғой, мен де ала салайын, бірдеңе қылып қайтарармын» деп бір рет алады, екі рет алады. Қарыздың ішіне кіріп болды деген сөз ғой. Сондықтан, сіз қаржы ұйымына келіп, кредит алуға қол қойып жатқан кезде осы ой тұруы керек. Бұл кредит маған қуаныш алып келе ме, сенімімді ақтай ма дегендей. Банктер қаншалықты адал болды? Шынын айту керек, кезінде банктер де адал болған жоқ. Қазір ғой, Агенттік (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі – ҚС) олардың «мойнын бұрап», «әр адамға «переплатаны», кредиттің жылдық тиімді ставкасын айтып түсіндір, шарттарын жасырып қалма, айт!» деп міндеттейді. Бұл, енді, дұрыс. Кезінде банктер адамдарға қанша қайтаратынын айтпай қойды ғой. Қол қойсаңыз ғана процентін айтамыз деген сияқты. Қазір, мысалы, банктер «кредитімді қайтармай қойды» деп «жылайды». Ол да кезінде банк тарапынан дұрыс жасалмағандықтан. Олар айтуы керек еді: «шын мәнінде сен мына кредитті алсаң, үстінен қосылатын осындай проценті бар, бір күн төлемей қойсаң, осынша үстіне қосылады» деп. Осының барлығын азаматтарға түсіндіріп, айтуы керек еді. Қаржы жүйесінде біздің банктердің осындай қателігі болды. Кезінде осының бәрін адамдарға айтпай қойды. Менен кредит алсын деді. Тек пайдасын ойлаған кездер болды. Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге берген сұхбатынан үзінді. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 8
Ұлттық қордың ақшасын халыққа бөліп берсек, оның арты не болуы мүмкін? Қазір белгілі бір экономикалық популизмнің екінші толқыны ақырындап келіп жатыр. Бұл, жалпы, өте қауіпті нәрсе. Экономикалық популизмнің мемлекетті тұралатып, құлататын күші бар. Біз ол кезде мемлекет ретінде ыдырап кетеміз. Экономикалық популизм деген – саған ұнайтын, халықтың құлағына жағатын бір сәттік шешім. Мысалы, қазір сізге тәтті торт береді. Торт тәтті ғой, жеп қоясыз. Тортыңыз бітті. Ал, негізі, бізді тұрақтандыратын және бізді дамуға апаратын шешімдер – қиын шешімдер. Осындай бір сәттік науқан кезінде ұпай жинап алу үшін халыққа ұнайтын нәрсе айтады. Бірақ сол халыққа ұнайтын нәрсенің барлығы - сол халыққа да, мемлекетке де тиімді емес. 100 пайыз тиімді емес. Мысалы, қазір бізге: «маған дауыс берсеңдер, кредиттің бәрін кешірем» дейді. Менде 7 млн-ның кредит бар дейік, сіз 5 млн-ның кредитін төлеп жүрсіз. Әрине, жақсы ғой?! Қазір барып дауыс берсек, ертең кредитімізді кешіріп береді, кредиттен құтыламыз. Сен автоматты түрде: «қазір басқа кредит алам да, ананы жауып тастаймын, мынаны сатып аламын» деп ойлай бастайсың. Бүкіл халық солай ойлап кетеді. Бірақ ол ненің есебінен? Ол қайдан пайда болған ақша? Егер ол ақшаны басып шығарса, ертесі күні 100 теңге тұратын нан 400 теңге тұратын болады. Міндетті түрде. Өйткені ол ақшаның барлығы – триллиондаған теңге. Мысалы, оны Ұлттық банк басып шығаруы керек. Немесе банктерге: «сендер мына кредиттердің бәрін кешіріңдер» деп қинаса, банкте активтер қысқарып, 0-ге айналады. Ал, онда депозиті бар адамдарға процент төлеу керек қой? Оны немен береді? Бітті. Онда банктің системасы жабылады. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі – Ұлттық қор. «Ұлттық қор - қазақтың мұнайынан түскен, оны қазақтарға таратып берейік» деген небір пікірлер бар. Бәрімізге бөлгенде 1-2 мың доллардан шыға ма? Мысалы, бүгін бәріміз 2 мың доллардан алдық дейік. Ұлттық қор жоқ. Бәріміз бөліп алдық. Не істейміз енді? Қолдағы ақшаны тұтынармыз: біреу қарызын жабар, біреу қалағанын алар. Сонымен біздің болашағымызға үміт артып отырған, ақырындап үлкен жобалар жасаймыз деген қорымыз жоқ болып кетті. Біздің кредиттік рейтингіміз «ВВ» емес, «ССС» деңгейіне түсіп кетті. Бітті. Біз дефолт алдында тұрған ммемлекетпіз. Сырттағы қарызымызды қайтаратын қор жоқ. Бізде тек қана халықтың, мұғалімдердің айлығын ғана төлеп отырған бюджет қана қалады. Болды. Содан кейін бізге (Қазақстанға) кредит беретін ұйымдар ештеңе бермейтін болады. Өйткені бізде «подушка» (сақтық қоры) жоқ. Қазір біз бюджеттің ақшасы жетпегендіктен трансферт ретінде Ұлттық қордан алып отырмыз ғой? Ол да болмайды. Сонда бізде бюджеттің дефициті өсе бастайды. Бюджеттік кризис. Осылай ауыр экономикалық дағдарысқа келеміз. Ұлттық қорды қазір «жеп» қойсақ... ...ауыр дағдарыс 2 жылдан кейін келеді. Бізде гиперинфляция болады. 1 нан 10 мың теңге тұратын болады. Жалпы, бұл елден бәрі қашып кететін болады. Бұл елде тұру мүмкін емес болып кетеді. Осындай жағдайды популистер өздері 1-2 жыл президент болу үшін алып келуі мүмкін. Әрі қарай өздері қашады. Халық артынан қуалап, ұстап, соттап, быт-шыт болады. Сондықтан, «кредитті кешірейік», «Ұлттық қорды таратып береміз», «аузыңа мұнайдан ақша тамызамыз» деген өтіріктерге сенбеу керек. Мемлекеттен ашықтықты талап ету керек. Ақшаны сұрамау/алмау керек. Бірақ сол ақша қайда, қалай, қайда жұмсалып жатыр – барлық процестерді халық өзі көріп отыруы керек. Мысалы, оның бәрі excel-файлдағы деректер ғой. Ал, мемлекет сол мәліметтерді халық түсінетін «тілге» көшіруді қолға алуы керек. Пікір иесі – қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге берген сұхбатынан үзінді. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 25🤔 1🖕 1
Кредит алатын адам банкке қандай дайындықпен келуі керек? Кредит – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек Жалпы, кредит беретін банк – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек. Егер ақша керек болса, «5 неге» системасы бар ғой, 5 рет «не үшін?» деген сұрақ қою керек адам өзіне. Қазір ақша керек болып тұр делік. Не үшін? Сіз ол ақшаны төлер кезде алдан шығатын проблемалар мен қазір сол ақша кететін мәселе – сол проблемаларға тұра ма? Мысалы, жұрттан ұят болмас үшін тойға бірдеңе апару керек деген «мақсаттағы» ақша болса, ол 3-4 күнде ұмытылып кететін нәрсе. «Бірақ сіздің ол ақшаны жылдар бойы қайтаратын проблемаңыз бар, соған тұра ма?» деген сұрақ қою керек. Сол үшін кредит – сіздің соңғы инстанцияңыз болуы керек. Кредит – адамның өмірін жақсартуы керек... Негізі, осындай ұстаным болу керек. Адам өмірін жақсартатын не? Мысалы, ол сіздің үлкен бизнесіңіз. Иә, шынында да сіз осы бизнестің арқасында гүлденесіз, өз кәсібіңіз пайда болады, болашаққа мұра қалдыра аласыз дегендей. Болмаса, жүргізіп отырған кәсібіңізге бір құрылғы керек, мысалы, цех бар дейік, тігін машинасы керек болуы мүмкін. Ондай кезде ақша керек болса, онда кредит алуға болады. Өйткені бұның бәрі – ізгі дүниелер. Сіз сол арқылы, сол құрал арқылы ақша тауып, кредитті жаба аласыз. Ол сізге берілетін «қармақ». «Балық аулауға мүмкіндік беретін қармақ». Яғни, алатын кредитіңнің нысаналы мақсатына қатты назар аудару керек. Бұл – бірінші қадам. Білімге алған кредит – ізгі кредит Екіншісі – адамның өзіне құятын инвестициясы – БІЛІМ. Адам адамнан ешуақытта білімді тартып ала алмайды. Сенде бар білімді ешкім «тонап» кете алмайды, тартып алмайды. Білім өзіңде қалады. Сенің білімің, алған дипломың, біліктілігің – саған жақсы жұмыс табуға, жақсы айлық алуға көмектесетін болса, ол – өзіңе салған инвестиция деген сөз. Яғни, сол білімді игеруге ақша керек болса, онда ол кредит – ізгі кредит. Одан тартынбау керек. Демек, ол саған көмектеседі. Сені жақсартады. Өсіреді. Үшіншісі – денсаулық. Адам өмірінде ең құнды нәрсе не? Ол – денсаулық. Біздің өміріміз болмаса, бұл сөзіміздің бәрі бекер болар еді. Адам ең құнды нәрсесі өмір екенін білгеннен кейін сол өз құндылығын сақтап қалу – ол да ізгі нәрсе. Мысалы, сізге операция жасату керек боп тұр. Оған ақшаңыз жетпей тұрса, соған кредит алсаңыз – сіз өз өміріңізді ұзарттыңыз деген сөз. Сақтап қалдыңыз. Сол үшін алынған кредитті қайтаруға болады. Ізгі. Төртінші мәселе бар. Отбасыларға арналған. Ол енді – баспана мәселесі. Фундаменталдық нәрсе. Бала өмірге келеді. Оларға жағдай жасау керек. Тұратын жері болуы керек. Яғни, отбасының баспанасы болуы керек. Ол сіздің қорғаныңыз, қамалыңыз. Демек, ипотека да ізгі кредиттердің қатарына жатады. Ал, қалғаны және ең қауіптісі – бір күнде жұтылып кететін, артынан ешқандай да экономикалық құндылық әкелмейтін кредиттер – өте қауіпті. Олар сізге психологиялық ауру алып келеді... Жалғасын келесі жазбада ұсынайық. Қаржы сарапшысы Айбар Олжаев «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» жобасы аясында бізге сұхбат берген еді. Бұл тезистер сол замандастың пікірінен алынып отыр. Тұрақты оқырманымыз біледі, @qarzhylyq_sauat халықтың қаржылық білімін жетілдіруге үн қосып, басында телеграм-арна түрінде ашылған болатын. Кейін ол ORDA FM радиосындағы жобаға ұласты. Енді YouTube платформасына қарай бет алдық. Соңғы кезде барлық уақытымыз бен күшіміз сол жаққа, подкастқа жұмсалып жатыр. Үздік ойларды, сарапшыларымыздың қаржылық кеңесін осы әдіспен Telegram-да да жариялап тұруды ұмытпаймыз. Жазылыңыз, оқып тұрыңыз! t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Кері байланысқа: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 15 1🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ақпараттың маңыздылығын түсініп, материалды гиперсілтемесімен бере алатын әріптестерге тәнтімін. Рахмет, жолдастар! Көңіл қуанып қалды.
Показать все...
👍 26👏 4🔥 2
Ұмытып барады екенмін, «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасының ашылғанына 1 жыл толды. Ешкімнің жеке мүддесін көздемейтін, лас саяси ойындармен айналыспайтын, өсек-(төсек) әңгіме жазбайтын, тек қарапайым қазаққа қаржы тақырыбын түсінікті тілде жазуды мақсат еткен арна. 90-2000-жылдары қаржылық сауат мәселесі күн тәртібінде болған емес. Ол кезде интернет болмаса да, апталық басылымдарды оқып тұрушы ек. Сол арқылы қоғамда болып жатқан құбылыстарды бағалайтынбыз. Ол замандарда құқықтық сауат мәселесі жиі көтерілетін. Азаматтар өз құқығын біле бермейді, өз құқығын қорғай алмайды, конституциялық құқынан хабары жоқ деген секілді проблемалар көтерілетін. Баспасөзде. Сосын 2006-жылдардан бастап Қазақстанға «кредиттік бум» келді. Азаматтардың әлеуметтік статусына қарамай, яғни ол зейнеткер ме, ол жұмыссыз ба, ол науқас па – ештеңеге қарамай, банкке келген адамның бәріне жаппай кредит ұстатып жіберетін. Олар ақшаны тегін алып жатқандай қуанатын. Кредиттің не екенін, үстіне қандай процент қосылып жатқанын, қандай салдары болатынын ескерген жоқ. Себебі халықтың қаржылық білімі жоқ болатын. Оған дайындалмаған еді. Кейін уақыт өте келе «түсінді». Бірақ ол кезде бәрі кеш еді... Қарызы коллекторларға өтіп кетіп, олар сотқа дейін сүйреп, табыс көзін бітеп, карталарын бұғаттап, соңында жұрт есеңгіреп қалды. Содан бері «кредит» десек, жүрегіміз айниды. Банктерге жынымыз келіп тұрады. Солай ма? Қазір қаржылық сауат мәселесі өте өзекті. Сонымен бірге медиа-сауат мәселесі де маңызды болып келеді. Күнделікті қолданып жүрген интернеттен, әлеуметтік желілерден қандай ақпарат алып жатырмыз, қалай тұтынып жүрміз, рас-өтірігін ажыратып жүрміз бе, алаяқтық пиғылды сезе аламыз ба? Осының бәрі қазіргі қоғамға ауадай керек. «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ» телеграм-арнасы осы мақсатта ашылған еді. Сол бағытынан тайынғысы жоқ. Тек оқитын адам болса... Каналға кіріп-шығып, тұрақтай алмай жүрген адамдарды сырттай бақылап, кейде бұ қазаққа қаржылық білім керек емес-ау деген де ой келеді. Ақпарат таратушы сайттардан, телеграм-арналардан қаржы тақырыбында жазылған дүниелерді көп оқыңыздар. Біз көп емеспіз. Сауат ашыңыздар. Өсек әңгіме бітпейді. Ес жиятын уақыт келді. 1 жасымыз құтты болсын, құрметті оқырман! t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 52👏 11🔥 10🎉 1
Бүгінгі заманның адамына қандай экономикалық базалық білім керек? Қаржылық шешімдерді қай кезде жасаймыз? Бірінші кезекте біз табыс табамыз және ол табысты қалай табуымыз керек, табыстың көлемі қандай болу керек, оны қалай ұлғайта аламыз? Осы төңіректе білім болу керек. Сосын шығындарымыз. Шығыстар бойынша тереңірек білім керек. Өйткені сіз шығыстарыңызды қаншалықты жүйелі құра аласыз, соншалықты қаржылық біліміңіздің жоғары екенін бағалай аласыз. Егер шығындарыңыз көп болып, ол бейберекет кетіп жатса және қайда кетіп жатқанын нақты білмейтін болсаңыз, бұл өте қиын жағдай. Ойлану керек деген сөз. Ол үшін шығындарды қарап, қайда жұмсалып кетіп жатыр? Аптасына болмаса да, айына бір рет болса да қайда тапқан табысты жұмсадыңыз, қалай жұмсадыңыз – сол туралы анализ керек. Сонда шығындарыңыздың қайда кетіп жатқанына көз жеткізіп, келер жолы «мына шығындарға жұмсамай-ақ қойса болады екен ғой» деген шешімге келесіз. Ол сіздің табысыңыздың ұлғаюына белгілі бір деңгейде ықпалын тигізеді. Яғни неғұрлым шығындарды азайтуға, табысты ұлғайтуға байланысты білім керек. Бұл – бірінші дейік. Несие құралын дұрыс пайдаланған адам пайдасын көреді Екінші – несие инструменті. Егер несие құралын дұрыс пайдалана алсаңыз, керісінше, ол сізге пайда әкеле алады. Мүмкіндіктеріңізді арттыра алады. Ол несиенің отбасы бюджетіне шаққандағы үлесі қандай? Шетелде 20% деп айттып кеттік, бізде ол 30%-дан аспаса жақсы. 50%-ға мүлдем жолатпау керек. Бірақ бізде «бөліп төлеу» (рассрочка) инструменттері бар, керемет дейді де, азаматтарымыз көп несие алып тастайды. Оның барлығы сіздің отбасы бюджетіңіздің 50%-нан асып кететін болса, онда болды, ол сізге үлкен ауыртпашылық түсіреді. Өйткені, бүгінгі қоғамда көптеген қазақстандық отбасы табысының 50%-ын азық-түлікке жұмсайды. Ал, егер несиелеріңіздің ай сайынғы төлемдері табыстың 50%-нан асып жатса, онда өте қиын жағдайға тап болдыңыз деген сөз. Экономист Мақсат Халықтың @qarzhylyq_sauat-қа берген сұхбатынан. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 9
Банк менеджері клиенттен нені сұрауға міндетті? Негізі, қаржы менеджері клиенттен сұрауға міндетті. «Мынадай аннуитеттік жолы бар, егер таңдасаңыз, ай сайын 50 мың теңгеден төлеп тұрасыз. Осы кестені таңдайсыз ба? Болмаса, тең бөліп төлеу деген бар. Ол жерде 65 мың теңгеден басталады, әр ай сайын 1 мың теңгеге төмендеп отырады. Қай нұсқаны таңдайсыз?» деп сұрауы керек. Бірақ біздегі қаржы менеджерлері алдына келіп отырған азаматтың ондай білімі жоқ екенін біліп отырады да, сұрамайды. «Мына жерге галочка қоя салыңыз» дейді. Оған клиентке аннуитеттік жолды таңдатқан тиімдірек. Өйткені банк ол жерде көбірек несие пайызын ұсынады. Тіпті, біздің азаматтарымыз да, әсіресе, үлкендер аннуитеттік жолды ыңғайлы көріп, әлгі 65 мың ай сайын қанша болады, соны кестеге қарап есептеп жүрем бе, маған мынау ыңғайлы, 50 мың теңгеден төлей берейін деп сол шешімді қабылдай салады. Бірақ 200-300 мың теңгеге автоматты түрде жеңіліп жатқанын білмейді. Осындай қарапайым дүниелерді білетін болса, қаржылай сауатты азаматтарымыз өз құқығын қорғай алар еді. Кредиттік өнімдерде жасырын пайыз бар ма? Несие туралы, оны қалай тиімді алу жолдары туралы, қандай пайыздық мөлшерлемелердің түрі бар, тиімді (эффективный) пайыздық мөлшері болады, жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме, атаулы пайыздық мөлшерлеме – осы жайында ақпарат біліп жүрген дұрыс. Несие аларда келісімшартқа қарау, қандай пунктері бар, көп жерде «жасырын пайыздар бар» деп айтып жатады. Ешқандай да жасырын пайыздар жоқ. Оның барлығы сол келісімшартта көрсетіледі. «Жасырын пайыз» деп айтып жүргендері – комиссия. Ол банк ұстап қалатын әртүрлі комиссиялар. Мысалы, шотты ашқаны үшін, оны шешіп алғаны (обналичивание) үшін деген сияқты көптеген комиссиясы бар. Соның бәрін біліп алған жақсы. Несие аларда банк менеджерінен нені талап ету керек? Мысалы, кейбір банктерде сондай комиссия тұрады – 7%, 8%. Сіз несиеге 1 млн теңге алсаңыз, келісімшартқа «1 млн теңге алды» деп жазылады да, пайыздары сол 1 млн теңгенің үстінен жүреді. Бірақ әлгі комиссияның күшімен 70 мың теңге ұстап қалады да, қолыңызға 930 мың теңге ғана түседі дегендей. Сонда белгілі бір дәрежеде комиссияның түрлеріне байланысты, оның заңды-заңсыз немесе алып тастауына байланысты өз құқығыңызды білсеңіз, соның бәрін банкке барғанда менеджерден талап ете аласыз. Осындай-осындай талаптар бар, пайыздарыңыз қанша дегенде 16% десе, ал жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемеңіз қанша, эффективная ставканы айтыңыз деп нақты сұрасаңыз, қаржы менеджерінің өзі сізбен басқа тілде дұрыстап сөйлесе бастайды. Сондықтан ол сіздің қаржылай сауатты болуыңыздың маңыздылығын көрсетеді. Бұл пікірді @qarzhylyq_sauat-қа берген сұхбатында экономист Мақсат Халық айтқан еді. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 19

👍 16🔥 2 1🤔 1