cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

Больше
Рекламные посты
2 132
Подписчики
+224 часа
+267 дней
+3230 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

«Cобеседование» сіз үшін стресс пе? Сөз әуелден түсінікті болуы үшін тырнақшаға алып, орыс тіліндегі нұсқасын қалдырдық. Қызметке тұрғысы келетін адамды жұмыс беруші тарап әңгімеге шақырады. Көзбе-көз дидарласқысы келеді, болмысын бағалап, білімін тексеріп, бағытын сұрайды. Яғни, сұхбат құрады, әңгімелеседі, дидарласады. Қалай қазақшаласаңыз да, ерік өзіңізде. Көп адамда осы процесс стреске толы қалыпта өтуі мүмкін. Cult_media телеграм-арнасы осыған қатысты кеңес берген екен. Пайдаға жарата алсаңыз, оқып көріңіз. 🧠 Ойды өзгерт Көп адам бұл процесті емтихандай көреді. Бұл жерде сынақ тапсырушы адам рөлінен шыққан дұрыс. Себебі, ол кездесуде Сіз де — өз алдына емтихан алушысыз. Яғни, өзіңіз де жұмыс берушіні бағалауыңыз керек. Сондықтан, мазаланбаңыз, қайта, әңгіме құрушы тараппен тең отырып сөйлесуге әрекет етіңіз. 🫥 Көңілге алма Иә, «собеседование» — Сіздің келешек карьераңыз, алатын айлығыңыз үшін маңызды процесс. Оның нәтижесіне қарай әр адам ішкі эгосын қанағаттандырады, өз-өзін бағалайды. Бірақ, оның бәрін өмірлік деңгейде алып қарайтын болсақ, кез келген жұмыс, қызмет, айлық — жәй ғана эпизод. Ал, жұмысқа тұрар кезде жүргізілетін сұхбат — сондай бір эпизодтың ішіндегі эпизодтың бірі. 🤓 Теріс шешім — қалыпты құбылыс Қандай да бір жұмыс берушінің дидарласудан соң шығарған теріс шешімі Сіздің еңбекке мүлдем жарамсыз екеніңізді, болмаса, құнсыз, қадірсіз, өмірде жолы болмайтын адам екеніңізді білдірмесе керек. Яғни, ол шешімнің Сізге түбегейлі қатысы болмауы мүмкін. Жәй ғана дәл сол сәтте дәл сол жұмыс берушінің қалауына келмедіңіз. Болды. Ол қалыпты жағдай. Себебі, былай қарасақ, кез келген жұмыс та Сіздің ыңғайыңызға келе бермеуі мүмкін, солай ғой? 💫 Өз қалауыңды тіз Жалпы, ол жұмыс беруші Сіздің ыңғайға келе ме, өзіңіз не қалайсыз — өз бетіңізше тізіп көріңіз. Сіз де сұхбат кезінде қысылмай сұрақ қойыңыз, берілген әр жауапқа мән беріңіз. Сосын, асықпай ойланып, екіжақты диалогты таразылап, плюс-минусын шығарыңыз. 👨‍💻 Біліп бар Жұмыс берушімен диалогқа бармай тұрып компанияның сайтына кіріп көрген жөн. Әлеуметтік желідегі парақшаларын сүзіп, ұйымның жалпы философиясын, құндылықтарын, нені бағалайтынын, неге мән беретінін, тарихын, даму жолын біліп барған дұрыс. 🏋️‍♂️ Бэкграундыңды бағала Бэкграунд деген — өмірлік тәжірибең. Компания қызметкерге белгілі бір талаптар қоюы мүмкін. Сол талаптарды әр адам өз тәжірибесімен ұштастырып көрген абзал: қолдан не келеді, неге дайынсың, неге дайын емессің. Жетістіктеріңді ұялмай айт. Сәтті шыққан кейстер болса, көз көретін нақты көрсеткіштер бар болса, неге айтпасқа, неге жарияламасқа? Айту керек!) 💪 Уайымдамаймыз, бәрі ойдағыдай болады! @qarzhylyq_sauat
Показать все...
👍 6
Кәсіпкерлерге арналған тегін бизнес курс! Егер сіз кәсіпкер және «Даму» Қорынан қандай да бір қолдау алған болсаңыз – тегін оқу курсына жазыла аласыз. Бизнесіңізді табысты дамыту үшін қажетті білім мен дайын құралдар алуға мүмкіндік беретін бұл онлайн курс 4 кең модульді қамтиды: ✔ Бизнеске арналған Digital: ChatGPT, Trello, Google Workspace, веб-сайт жасау ✔ Тәуекелдерді басқару: тәуекелдерді бағалау және риск-менеджмент стратегиясын айқындау ✔ Қызметкерлерді басқару: олардың жоғары өнімділікке ынталандыру және қолдау ✔ Маркетинг және сауда: маркетинг стратегиясын құру және клиент тарту үшін цифрлық құралдарды пайдалану Оқу барысында куратормен «сұрақ-жауап» түріндегі сессиялар, өткен материалды миға тоқу үшін үй тапсырмаларын орындау қарастырылған. Оқу соңында электрондық диплом беріледі. Ең белсенді қатысушылар үшін арнайы сыйлық бар. Ол – 2025 жылға арналған «Executive MBA: интенсив» тренингіне қатысу сертификаты. Бұл менеджмент пен бизнес туралы біліміңізді тереңдетуге деген мүмкіндік! Курсқа 1 маусымға дейін тіркелуге болады. Орын саны шектеулі! Тіркелуге сілтеме https://damu.kz/ru/programmi/trainings/newlearn
Показать все...
Обучающий курс «Современный предприниматель»

Бесплатное обучение для предпринимателей от Фонда Даму. Онлайн обучение для всех бизнесменов

👍 4
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тағы бір уәкілетті оператор қосылды. Енді оқуға төлеуге арналған нысаналы жинақ төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан бөлек, жақында БЖЗҚ келісім-шарт жасасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінуге болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына төлемдерді алу үшін «Отбасы Банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жалғыз уәкілетті оператор болып қала береді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының барлық балалары «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысушы болды. Балаларға жыл сайын қатысудың әр жылы үшін инвестициялық кірісті қоса алғанда, нысаналы талаптар түрінде Ұлттық қордан қаражат есептеледі. 18 жасқа толған атаулы жинақтарды алушылар немесе олардың заңды өкілдері уәкілетті операторлардың біріне хабарласып, қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе оқу ақысын төлеуге пайдалана алады.
Показать все...
👍 4
👨‍🎓 51 жасында Гарвардтан диплом алған қазақ Ол – BI Group иесі Айдын Рахымбаев. Осы жасқа келіп, байлықтың астында отырған азаматқа оқу не үшін керек болды деп ойлайсыз? Қолында құрылыс компаниясы, шексіз байлығы бар адамның білім қуғаны – бір жағынан қызық көрінсе, бір жағынан адам тамсанатындай. Өмірі жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған кәнігі бизнесмен мектеп бітірген кезде оқуға бірден түсе алмағанын да жасырмапты. Екінші қайтара тапсырғанда ғана құрылыс институтына түсіп, инженерлікті оқып шыққан. 17 жасында колхозда қара жұмысшы болып (қазіргі тілмен айтқанда – разнорабочий), биргада құрамында еңбек еткен. Сөйтіп, кейін кішігірім бизнеспен айналысып, мәміле (сделка) жасап үйрену үшін қосымша заңгерлік білім алған. «Біздің қоғамда оқымаған адамдардың табысқа жету жолын дәріптеп, жолы болды деп жатады, ол – түптеп келгенде адасудың бір жолы. Иә, біздің өмірде ондай уникумдар кездесер, бірақ миллион ішінде бір адам болуы мүмкін, бәрі бірдей білімсіз табысқа кенеле бермейді», дейді Айдын Рахымбаев. – Осыдан бірнеше жыл бұрын компаниям алып ұйымға айналып шыға келген кезде бизнес туралы бәрін білетін адамдай күй кешкенім рас. Бірақ, BI Group – Қазақстандағы шағын бизнес-көлде ғана жүзіп жүрген ірі балық еді. Ал, халықаралық бизнес дегенің – алапат мұхит. Сен онда алып киттермен, акулалармен бетпе-бет кездесесің, оның масштабы мен ережелері басқа. Әрине, тоқмейілсіп, жергілікті деңгейдегі бизнесмен болып қала беруіме де болар еді, бірақ өмір адамға бір-ақ рет берілетіндіктен, келесі қадамымды жасауға бел будым. Ол үшін адамға білім керек. Бизнесте әрі қарай қадам жасауға қазақстандық дипломның аздық ететінін түсіндім. Сөйтіп, ағылшын тілін үйреніп, Гарвардтың бизнес мектебін тәмамдап шықтым, – деп ағынан жарылады Айдын мырза. 💬 Бәрімізге де жұғысты болсын, құрметті оқырман! #Білім #Мотивация #ҚаржылықСауат t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 17🔥 6 4
Су тасқыны: құжаты жоқ өлген мал үшін өтемақы қалай төленеді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеліп жатыр, деп жазады zhasalash.kz. Ал, малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортим бойынша 3 куәгер болуы керек дейді министр. Олар – көршісі, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі.
Олар барлығын дәлелдейді. Содан кейін құжат толтырады да, қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен мал шығыны өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы шығынды демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары да жұмыс жүргізіп жатыр. Яғни ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Президенттің тапсырмасы бар. Барлық шығын өтеледі,
- дейді Айдарбек Сапаров. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 2
🚘«РОСКОШЬ» ҮШІН КӨЛІК АЛМА! Көңіліңізге жақпаса да айтайық, көлік алу – қазір тиімді болмай тұр. Енді ауызды құр шөппен сүртпей, есеппен сөйлеп көрейік. Қолыңызда 5 млн теңге бар делік. Қазақстанда бұл сомаға дені дұрыс көлік келмейді. Енді? Сырттан іздеуге тура келеді. Дубайдан көлік әкелген бір жігіттің мысалын алға тартқым келеді. Кроссовер қараған. геолокация – Дубай; таңдалған көлік – Mitsubishi Pajero; шығарылған жылы – 2017; қозғалтқышының көлемі – 3,8; құны – 5 млн теңгеге. Енді оны Қазақстанға әкеп міну керек. Міну үшін кедендік рәсімнен өту керек. Енді шығындарға үңілейік: Дубайдан Ақтауға дейін жеткізу (порт) қызметі – 900 000 теңге; Кедендік рәсім: ҚҚС/НДС – 12%; баж салығы – 15%. Осы екеуінің төлемі – 1 млн 750 мың теңге; Брокер қызметінің құны – 60 000 теңге; Уақытша сақтау қоймасының (СВХ) құны – 10 мың теңге; Утиль-алым құны – 2 млн 122 900 теңге; Бастапқы тіркеу құны – 1 млн 846 мың теңге; «SOS-кнопка» құны - 250 000 теңге. Бір қызығы, бұл «кнопка» Қазақстанда жұмыс істемейді (қолданылмайды), бірақ онсыз көлік кедендік рәсімнен өткізілмейді. Бұл – нақты құжатпен рәсімделген шығындар. Барлығы – 6 938 900 теңге. Енді осыған Дубайда көлік иесіне төлеген 5 млн теңгені қосыңыз. 11 938 900 теңге. Жақсы. Оған да көндік дейік. Әрі қарай: - оған VIP-нөмір керек (дейді көптің қалауы), ондай бір нөмір кемі 57 АЕК/МРП екенін ескерсек, биыл ол – 210 444 теңге; - сақтандыру полисі – 11 448 - 49 502 теңге арасы (Қазақстан бойынша); - техбайқау (кроссоверге) – 5000 теңге; - жылына екі рет май ауыстыру – кемі 30 000 теңгеден (әр ауыстыруы); - жылына екі рет дөңгелек ауыстыру – кемі 8 000 теңгеден (әр ауыстыруы); - жылдық салығы – 130 000 теңге; - бензин – аптасына кемі 10 мың, айына – 40/50 000 теңге; - паркинг – айына 15 000 теңгеден; - техниканың бұзылатыны бар, қосалқы бөлшектерін ауыстыруы бар, жөндететіні бар, жол ережесін бұзғанда келіп тұратын айыппұлдары бар... Қысқасы, шығында есеп жоқ. 5 млн ақшамызға оралайық. Не істейміз, көлік аламыз ба? Әлде табыс әкелетін басқа бір жобаға саламыз ба? t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 31🤔 3 2🥴 2
ГРУЗИЯ ТУРИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТЫ ӨЗГЕРТІП ЖАТЫР 1 маусымнан бастап Грузия шекарасын аттап өтетін кез келген турист сол елде болатын күндеріне медициналық тұрғыда сақтандырылуға міндетті болады. Ол жәй ғана сақтандыру болмайды, яғни әдеттегі медициналық қызметтерден бөлек ауруханада қабылдай алатын құны 5 мың долларға дейінгі ем-домды да қамтуы керек. САҚТАНДЫРЫЛМАСАҢ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙСЫҢ KZ Insider телеграм-арнасының хабарлауынша, 10 күндік саяхатты сақтандыру қазақстандықтар үшін 7 232 теңгеден 14 460 теңгеге дейін барады. Туристік агенттіктер бұл жайында алдын ала кеңес беруі керек. Егер мұндай құжат қолыңызда болмаса, 1 маусымнан бастап шекарадан өте алмайсыз деген сөз. Ережені сақтамағандарға 100 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ. t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 7😱 1🖕 1
Былтыр әскерге шақырылған 5 мыңдай жігіттің мойнында 1 млрд 400 млн теңгедей несие болыпты. “Қаржылық сауат” хабарына қатысқан сарапшымыз осындай дерек келтірген еді. Ал, былтыр біз “Отан алдындағы борыш – банк алдындағы борыштан босатады” деген материал дайындағанбыз – https://t.me/qarzhylyq_sauat/123 Әр қазақ жігіті – бір-бір үйдің үміті. Отанға адал, тәртіпке қатал азаматтарымыз ел алдында абыройлы, еңсесі биік болсын! Ә, иә, банкке байланбасын! @qarzhylyq_sauat
Показать все...
👍 9
💰КІМДЕ ҚАРЫЗ КӨП Бірінші несиелік бюро ең көп қарызы бар есімдер бойынша мәлімет жинапты. Сонымен, Бірінші несиелік бюроның мәліметі бойынша, нәтиже келесідей: 🔸Ерлердің ішінде елімізде Азамат есімді 44,8 мың, Серік есімді 42,1 мың, Марат есімді 41,4 мың қарыз алушы бар екен. Серіктер мен Мараттарды трендте деуге болды, себебі несиелер бойынша барлық қазақстандық ер қарызгердің қарызы да шамамен 2,5 млн теңгені құрайды. 🔸 Әйелдердің ішінде ең көп қарыз алушылар Динаралар - 52,2 мың. Олар Мәдинадан (39,7 мың) да, Аружаннан да (21,2 мың) алда. Орташа алғанда, ең көп қарыз Динараларда – бір адамға шамамен 2,8 миллион. Мадинаның көрсеткіші 2,4 миллион болса, Аружандікі 1 миллионға да жетпейді, айтпақшы, қазақстандық кез келген әйел қарыз алушылардың қарызының орташа сомасы шамамен 2,2 миллионға жетеді, сондықтан Аружанның көзге түсуі таңқаларлық емес. 🔸Ал, енді барлық аттастардың ішінде ең көп қарызы бар қарыз алушыларды бірден атайық. Сонымен - барабан соғылсын! Русландар жалпы сомасы 148,6 млрд теңгемен көш бастап тұр. Руслан есімді барлығы 54,2 мың қарыз алушы бар болса, олардың әрқайсысы сәйкесінше 2,7 млн теңге қарыз. Тағы бір қызықты мәлімет. Автокөлік несиелерінде аттастардың жалпы қарызы бойынша рейтингте бірінші орындарда толығымен ер есімдер, ал ипотека бойынша - әйелдер. Несие картасы бойынша ең көп қарыз алғандардың қатарында Есімжандар бар, олардың саны небәрі 81 адам және әрқайсысына шаққандағы карта бойынша орташа қарыз сомасы 48,5 млн теңгені құрайды. Салыстыру үшін, орташа есеппен несие картасы бар бір қарыз алушының қарызы 180 мың теңгеден аз.
Показать все...
😁 9👍 3
ТӘУЕКЕЛСІЗ БИЗНЕС БАР МА? (Жалғасы. Басы алдыңғы постта.) 3. Қаржылық тәуекел Қаржылық тәуекел — кез келген бизнеске тән құбылыс. Кез келген кәсіпкердің басынан өтетін жағдай. Әр бизнестің «бисмилләсына» ақша керек. Кредит алудан бастап — инвестиция тартуға дейінгінің бәрі — сенің қаржылық тәуекелің деп келтіреді «Контур» журналының авторы. Осы әуелден пайда болатын тәуекелдер қандай да бір компанияның келешек дамуына қатысты күдікті күшейтіп жібереді. Яғни, бизнесмен үнемі тұңғиық ойға батып жүріп, валюта бағамының құбылуы, салықтың көбеюі секілді алда кезігуі мүмкін өзге кедергілерді ескермей қалуы мүмкін. 4. Уақыт тәуекелі Бизнесте көп проблема кәсіпкердің өз мүмкіндігін бағалай алмайтынынан туындап жатады. Соның ішінде ең басты проблема — УАҚЫТ. Әрине, бизнеске енді келген адам алғашында бар уақытын өз ісіне жұмсайды. Ол енді түсінікті. Бірақ көп жоба содан кейін аяқсыз қалып жатады. Өз мүмкіндігін бағалай алмаған адам «екі қоянды бір оқпен атқысы келіп», екінші бір жұмыстың көзін ұстап жүреді. Я болмаса, бизнес пен отбасы мәселесі қатар келетін кездер болады. Сол үшін кәсіпкер өз уақытын жоспарлап үйренуі керек. Түрлі кездесулер, курстық білім алу, өз-өзіңді дамыту, іздену, демалу, қыдыру, отбасыңа көңіл бөлу — бәріне УАҚЫТ керек және КҮШ, ЖІГЕР керек. Егер адам бұл керектің бәрін жүйелей алмаса, ...жағдай қиындауы мүмкін. Бизнесмен — синоптик Журнал осындай теңеу келтіреді. Бірақ, өзінің де мүмкіндіктерін, айналада болып жатқан құбылыстарды дұрыс бағалай алатын көзі ашық «синоптик» кез келген «торнадоға» төтеп бере алады. Бұл жердегі торнадо — кез келген бизнес бетпе-бет келуі мүмкін тәуекелдің бірі. Шығатын жол біреу — өз-өзіңе сенімді бол, екі кеменің басын ұстаудан аулақ бол, іске/шаруаға мығым бол, әрбір әрекетіңді шешетін ішкі ойларыңа «ие» бол. Құр уайымнан пайда жоқ! Халық даналығы не деуші еді? Уайым түбі — тұңғиық, батасың да кетесің, Тәуекел түбі — желқайық, мінесің де өтесің.😉 t.me/qarzhylyq_sauat
Показать все...
🇰🇿 ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ

Қаржылық сауатымызды бірге жетілдірейік! ®️Ұсыныстар үшін: @QSauatBot 📌 Пайдалы ақпараттар 📌 Сарапшылар пікірі 📌 Қаржыгерлер кеңесі 📌 Ресми статистика 📌 Сенімді дерек 📌 Сауалнама

👍 12