cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Қазақша әдеби кітаптар

Ассалаумағалейкум оқырмандар каналымызға қош келібсіздер.Қазақша әдебиеттерімізді жане басқада елдердің кітаптарын салып жариялап барамыз. Өз каналым: @gashykzhan 🧡 Әдістер (Методтар): @zhanasha_adister Группамыз: @adebiyet2024 Админ : @uska_agay

Больше
Рекламные посты
1 499
Подписчики
+724 часа
+57 дней
+6030 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

https://t.me/catizenbot/gameapp?startapp=r_2811_2248739 Bro, I'm about to buy a Lamborghini soon! Please help me out!! 🚗🙏
Показать все...
Catizen

👏Welcome to the catizens universe! 🐱Upgrade your cats, earn more coins, boost your ranking, and get more airdrop rewards! 🎁Play-to-earn airdrop right now!

Бақыт деген күнделікті таң атқан, Көзіңді ашып шартарапқа қаратқан. Бақытың сол – түнде жатқан ұйқыдан, Аман-есен ояндырса Жаратқан. Бақыт деген ата-ананың аманы, Бақытына балайтұғын баланы. Жатса-тұрса перзентінің қамын жер, Қабыл болар дұға-тілек амалы. Бақыт деген бауырыңның бүгіні, Аман болып, оңды болса күтімі. Бақыттысың ажырамай берекең, Бауырлардың түзу шықса түтіні. Бақыт деген сәбиіңнің тәтті үні, Уайымсыз, қайғы-мұңсыз шат күні. Ата-ананың қамқорлығын сезінсе, Еселенер бақыты мен шаттығы. Бақыт деген жайнаған қос жанарың, Кереметін көру дархан даланың. Бақыт деген тұла бойдың саулығы, Сергек сезім, тұнықтығы сананың. Бақыт деген Алла берген өмірің, Өзгелерге демеу болар өр үнің. Бақыт сені айналсоқтап кете алмас, Тау суындай таза болса көңілің. // Гүлнәр Демеуова – Бақыт деген
Показать все...
3🔥 1
Ақыл мен тіл Кейде ақыл қысқа болған сайын тіл ұзындау болады..
Показать все...
3
https://t.me/hamster_komBat_bot/start?startapp=kentId6454136638 Барлығы айтып жатқан Комбат Хамстер ойыны тышқаншаның үстін басып тиындарды көптеп жинайсыздар.
Показать все...
Hamster Kombat

Just for you, we have developed an unrealistically cool application in the clicker genre, and no hamster was harmed! Perform simple tasks that take very little time and get the opportunity to earn money!

👍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер, Тұтқын ғып надандықты байлаған жер, Егілген ескіде өнер ағашының Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер. Білемін, білсем-дағы көне алмаймын, Қалаға шын көңілім бере алмаймын. Қаншама өзімді өзім зорласам да, Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын. Себебі, жыбырлаған жанын көрсем, Бір еркін демалдырмас шаңын көрсем, Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін Құрылған қолайсыз тар заңын көрсем Түседі сол мезгілде ойға дала, Жүгірген жалаңаяқ шақта бала, Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар, Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала. У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал, Есетін солтүстіктен салқын самал. Апырм-ай, қандай жауыз тағдыр деген Бұйырған: «Тұтқын болып жат та қамал!» Кең дала мұндағыдай емес тығыз, Сапырып күнде ішетін сары қымыз. Назбенен жылы жүзді, жұмсақ сөзді, Ақ үйде әзілдескен әдемі қыз... Білмеймін, дала естен шығар ма екен, Даласыз көңіл шіркін тынар ма екен?! Ежелден еркін заңға әдет қылған, Tap заңды қала жанға ұнар ма екен? // Мағжан Жұмабаев - Жазды күні қалада
Показать все...
🔥 2
Ақ түйенің қарыны жарылды бүгін, Ақ сандықтың түбі де қағылды бүгін. Тəуелсіз күнің, қазағым, ғұмырлы болсын, Осыны жеткіз əлемге, дабылды жырым! Желтоқсан желі қой жылы самал боп ескен, Құқайды көрген күніміз шығар ма естен?! Ержүрек ұлым құл болып, боданда жүрген, Ұмытам қалай тайғақты жолдарды кешкен. Көздерін ашып көргелі тартқаны азап, Қастық пен аштық қыспаққа ап, қырылды қазақ. Жаныма менің бəрінен батады қатты, Келімсек біреу кердеңдеп, қылғаны мазақ. Асымды ішіп, аяққа түкіргендер бар, Тамаққа тойып алған соң секіргендер бар, Кекіргендер бар. Жерімнің суын ішсе де, Қанып ішсе де, кермек деп өкінгендер бар. Тасмешін жылы жұртымыз еркіндік алып, Уақыт-емші жазар ма дертіңді, халық?! Есеңгіреп қалған ел естерін жиып, Оянып намыс қалғыған, серпілдік анық. Қайтадан міне, оралып тіліміз келді, Иманды жанды көбейтер дініміз келді. Қонақжай елдің азаттық сағаты туды, Тереземіз теңесер күніміз келді! Кейінде қалып қазақтың жалынған күні, Күмбір де күмбір кісінеп, табылған жыры, Аспан түстес көк туды көтердік бүгін, Көк бөрінің бейнесін сағынған күні. Перзенті болсын қай ұлттың, ағызып терін, Қадірлеп, сүйіп, өзі өскен жайласын жерін. Қазақтың туын тұмардай қасиет тұтып, Төбеге бүгін мақтанып көтерсін елім! Еркіндіктің елтаңба арнасы болсын, Қанатын қаққан арманның жалғасы болсын, Шаңырағы əрдайым биікте болып, Рулық емес, елдіктің таңбасы болсын! Жақсы ниетпен жайласын от басын пейіл, Еліміз енді бұрмасын ат басын кейін. Мерейім тасып, мəртебем асқақтай берсін. Қазақтың жауы қазақтан шықпасын дейін! // Ақылбек Шаяхмет - Қуан, қазақ! (Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңа рəміздері белгіленгенде)
Показать все...
👍 2🔥 1
Біреулер мақтап өсірем дейді! Біреулер даттап өшірем дейді. Ал біреулер қызғаныш тартып, Еліңе қайта көшірем дейді. Мықтыларың бар, осалдарың бар, На хақтан на хақ өш алғаның бар, Қытаймен, түрік қаптаған жерде, Құп құрттай менің не салмағым бар? © Шынберген Сүлейменов
Показать все...
Ақ түйенің қарыны жарылды бүгін, Ақ сандықтың түбі де қағылды бүгін. Тəуелсіз күнің, қазағым, ғұмырлы болсын, Осыны жеткіз əлемге, дабылды жырым! Желтоқсан желі қой жылы самал боп ескен, Құқайды көрген күніміз шығар ма естен?! Ержүрек ұлым құл болып, боданда жүрген, Ұмытам қалай тайғақты жолдарды кешкен. Көздерін ашып көргелі тартқаны азап, Қастық пен аштық қыспаққа ап, қырылды қазақ. Жаныма менің бəрінен батады қатты, Келімсек біреу кердеңдеп, қылғаны мазақ. Асымды ішіп, аяққа түкіргендер бар, Тамаққа тойып алған соң секіргендер бар, Кекіргендер бар. Жерімнің суын ішсе де, Қанып ішсе де, кермек деп өкінгендер бар. Тасмешін жылы жұртымыз еркіндік алып, Уақыт-емші жазар ма дертіңді, халық?! Есеңгіреп қалған ел естерін жиып, Оянып намыс қалғыған, серпілдік анық. Қайтадан міне, оралып тіліміз келді, Иманды жанды көбейтер дініміз келді. Қонақжай елдің азаттық сағаты туды, Тереземіз теңесер күніміз келді! Кейінде қалып қазақтың жалынған күні, Күмбір де күмбір кісінеп, табылған жыры, Аспан түстес көк туды көтердік бүгін, Көк бөрінің бейнесін сағынған күні. Перзенті болсын қай ұлттың, ағызып терін, Қадірлеп, сүйіп, өзі өскен жайласын жерін. Қазақтың туын тұмардай қасиет тұтып, Төбеге бүгін мақтанып көтерсін елім! Еркіндіктің елтаңба арнасы болсын, Қанатын қаққан арманның жалғасы болсын, Шаңырағы əрдайым биікте болып, Рулық емес, елдіктің таңбасы болсын! Жақсы ниетпен жайласын от басын пейіл, Еліміз енді бұрмасын ат басын кейін. Мерейім тасып, мəртебем асқақтай берсін. Қазақтың жауы қазақтан шықпасын дейін! // Ақылбек Шаяхмет - Қуан, қазақ! (Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің жаңа рəміздері белгіленгенде)
Показать все...
Бір ауыз сөз шыңға қанат сермейді, Бір ауыз сөз мәңгі маза бермейді. Бір ауыз сөз жау оғындай қинаса, Бір ауыз сөз ескі дерттен емдейді. Бір ауыз сөз бесті асаудай тулатар, Бір ауыз сөз үн шығармай мұң батар. Бір ауыз сөз сай-сүйекті сыздатса, Бір ауыз сөз көздің жасын құрғатар. Бір ауыз сөз бақыт берер жетегі, Бір ауыз сөз мәңгі қас боп кетеді. Бір ауыз сөз тірі күнде айырса, Бір ауыз сөз айнымас дос етеді. Бір ауыз сөз ішінде мың амал бар, Бір ауыз сөз ғұмырыңды тәмамдар. Бір ауыз сөз... қимас дос боп өтеді Бір ауыз сөз айтыспаған адамдар. // Кәкімбек Салықов - Бір ауыз сөз
Показать все...
👍 3👏 2😁 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
Абай жолы туралы білетін едім. Апамның үйінен осындай қызық Мұхтар жолы деген кітап тауып алдым😊
Показать все...
😍 4👍 2