cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

Рекламные посты
2 135
Подписчики
-124 часа
-147 дней
-6730 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Фото недоступноПоказать в Telegram
нұр-мүбәрәк. бітіруші түлектер. құттықтап келуші ата-аналар. диплом табыстаушы ұстаздарбұл көрініс сырттай жәй ғана құжат алу боп көрінгенімен үңіліп қарасаңыз жүректерінің түкпірінен орын алған оқу орындарын енді көріп/көрмейтіндігін ойлап қимастықтан елжіреп жүрген жас түлектерді көресіз тек білім ғана беріп қоймай тәрбие мен ахлақ, дұрыс көзқарас пен өмірлік жол көрсеткен ұстаздардың зор үміт күте айтқан дұғаларын естисіз баласы өмірдің бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өтіп жатқанын көріп, осындай маңызды сәтте жанынан табылайын деп бүткіл шаруасын ысыра келген жанашыр ата-аналарды байқайсыз алда мұндай салиқалы, білімге құштар орта табыла ма деп әлсін-әлсін бір-бірін құшағына қысқан бауырларға сүйсінесіз Не де болса қуаныш пен қимастықтың лебін бір жерге жинаған өте ерекше күн болды. сол маңызды күнді өмірлік серігімізбен бірге қарсы алуды нәсіп еткен Раббыма есепсіз хамд болғай) пы/сы: оқу бітпеді, бәлки оқу енді басталды жас түлек!
Показать все...
55👍 6😢 6🎉 3
мұсылманның күнінің кіріспесі - таң намазы, қорытындысы - құптан. егер таң намазға тұра алған болсаңыз артынша “Раббым, маған таң намазды оқуыма тауфиқ бергеніңдей бүгінгі бес уақыт намазымды да қаза етпей, кешіктірмей, уақытылы оқуыма өзің сәттілік бергейсің”,- деп дұға етпек керек. ал құптаннан соң “Раббым таңда айтқан дұғамды қабыл еткеніңе сансыз шүкір, барлық мақтау Өзіңе болсын, сен сәттілік бермесең біз өздігімізден ол нәрсеге қауқарлы емес едік”- деп шүкірлік қылмақ керек. ал ойда жоқта намазды қаза етіп алған болсаңыз дереу тәубеге асығып “негізі мен уақытында оқуды қатты қалап едім, тырысып көрдім яки пендешілігімнен ұмытып кетіппін, ұйықтап қалыппын, енді қаза етіп алғаныма жүрегім құлазып тұр, Өзің кешіре гөрші”- деп өкініп, кешірім тілемек керек. барлығымыз Фатиха сүресінде келгендей (ииәкә наьбуду) Оған ғана құлшылық қыламыз, бірақ (ииәкә нәстаьин) ол құлшылық қылуда да Алланың жәрдеміне мұқтаж екенімізді ұмытпайық
әр қадамы Алламен байланған адам неткен бақытты! 🌟
Показать все...
54👍 13😢 3
Жабық арнамызға тіркеліп үлгермегендерге: https://t.me/+NNTX8Y8athkyM2Y6
Показать все...
10👍 2
Repost from N/a
Көбіне бір істі қалағаның үшін емес, міндетті болғандықтан жасағаныңа налыма. Өмір деген жолда тура келесің, демек. Себебі, қалағанын ғана іске асырған адам бүгіншіл, құбылмалы. Ал алдына ізгі бір мақсат қойып соған жетуде міндетті істерді атқарған адам нәпсісін, тұрақтылығын, жауапкершілігін шыңдайды, ертең үшін жұмыс қылады.
Показать все...
27👍 8🔥 4
1-маусым балаларды қорғау күні, бірақ Палестиндік балапандарды қорғай алмай жатырмыз 💔 (с) Ажар әпке
Показать все...
😢 34💔 25👍 2 2
Repost from Orientalist's Notes
Дәл қазіргі сәтте Рафахтағы бауырларымыз зұлымдық көріп жатқан кезде, ең азы осы күндері әзіл-сықақ, бос-күлкі нәрселер бөліспесек екен әл.желі парақшаларымызда. Онсыз да ғапілеттеміз ғой! Үмметтің қайғысын өз қайғыңдай көре білу, сезе білу өте маңызды-ақ… Қайдан келді бұл ой? Тарихшаларды қарап отырып Рафахта лағынет атқыр Израильдің шабуылынан кейін өртке оранған адамдарды көрдім, артынша бір “прикол” шықты… осы бір контраст - біздің бүгінгі хәліміз. #Палестина_аяқта_соңына_дейін
Показать все...
💯 28 11😢 8👍 4
ешкімге керек емес сияқты, мына өмірде өзіңді жалғыз сезініп жүрсің ба?! расымен де ешкімге керек емессің ғой. ақиқатқа шынайы қарай біл. өзің келдің, өзің амал істеп жүрсің, өзің жалғыз өлесің, өзің сол істеген амалыңнан сұраласың. болды. енді амалыңызға қараңыз, не істеп жүрсіз?! - «көппен көрген ұлы той» деп әлі елдің сөзінен ұялып намаз оқымай, жаман істерден тыйыла алмай жүрсіз ба?! - әлде «тақуа болып кетіпсің ғой»- деген сөзден қорқып ары қарай күнәға бойлай бермекшісіз ба?! - әлде «псевдо» - лардың сөзіне тойып алып, бос қиялмен шалқып жүрсіз ба?! оян! басыңды бір шайқап, есіңді жиып алып, «қой тұрайын» - деп амалға кіріс! ешкім келіп сіздің екі өміріңізді гүл жасап бермейді. есіңізде болсын, бұл өмір бізге ақыретті реттеп алу үшін берілген әрбір сәті мүмкіндік. 📝 ілім арнасынан
Показать все...
👍 48 31💔 9😢 6
Repost from N/a
адам өмірінде кімдермен көп жүрсе соларға ұқсауға тырысып бағады. спортпен, біліммен айналысатын кісілермен араласқандар спортқа, білімге жақын болады. қыдырумен, уақытын босқа өткізетіндермен жүргендер болса уақытын босқа өткізіп алады. сол себепті қысқа өміріміздің босқа өтіп кетуіне жол бермей, жақсы, тәрбиелі, оқымысты, денсаулыққа мән беретін кісілермен бірге жүріп берекетті ғұмыр кешудің жолдарын қарастыру қажет. ✍🏻 Азамат Жамашев ұстаз 📖 Мұра
Показать все...
39👍 9🔥 4🕊 1
Алла Тағала: “Өзін-өзі үнемі жазғыратын адамға ант етемін” дейді. Намаз оқыған адамға ант етіп тұрған жоқ, көп білетін адамға ант етіп тұрған жоқ, ораза ұстаған адамға, көп зекет берген адамға ант беріп тұрған жоқ. Үнемі өз-өзін кінәләйтін, жазғыратын, кемшілігін мойындайтын адамға Алла Тағала неге ант етіп отыр, білесіздерма? Себебі, өз-өзін жазғырған адам ғана кемелдікке қадам басады. Ал өз-өзіне көңілі толып, оқыған намазыменен, ұстаған оразасыменен, оқыған кітабыменен масайрап, соған мәз болып жүрген адамдар бір орында қалады. Дамымайды. Тіпті кері кетеді. Ал өз қателіктерін таба білетін, көре білетін, сын көзімен қарай білетін адам ғана алдыға қарай қадам басады. Демек кемелденудің алғашқы қадамы, Абай атамыз айтпақшы - адамның өз өзін жазғыруында жатыр, мінін таба білуіндe жатыр, қателіктерін көре білуінде жатыр. ©️Қайрат Жолдыбайұлы
Показать все...
68👍 22🔥 7😍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
«Бейғам адамға таңертең ұйқыдан тұрғанда - "бүгін мен не істеймін?"- деген ой келеді. Ал ақылды адам "бүгін Алла маған не береді?”- деп ойланады». 📚Ибн Атоилля ас-Сәкандарийдің 114-хикметінен. бұған қатысты Абдул-Мәжид әш-Шәрнуби (рахимаһуллаһ) былай дейді: «Пенденің ойына келетін ең бірінші нәрсе - оның таухидінің өлшемі». ал сен қандай оймен оянып жүрсің?
Показать все...
47👍 12🔥 4💯 3