cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Orientalist's Notes

Автор: Arsen Shadi (Шығыстанушы-арабтанушы) Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын! #запискиВостоковеда 동양인의 메모 Бізбен байланысу: www.shadi-courses.kz

Больше
Рекламные посты
13 180
Подписчики
-724 часа
+577 дней
-10630 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс кеп тұр екен, еске алып, зерделеп, құрбан болған жандардың рухына Құран бағыштап, дұға етсек құба-құп. Асылында, бұл өте маңызды күндерден. Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол қатарда менің атам - Ахмет те бар еді (رحمهم الله)… Оқыған-тоқыған, текті элитаның бәрін қырып салған, бір қауымның қаймағын сылып алған… қауымға бағдаршам болар азаматтар құрбан болған соң ел жағдайы не болғанын білесіздер… Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды, ал қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері Ақмола облысында орналасқан «Алжир» лагерінде азапталды. Яғни, ондай азаматтардың тегі де мықты болатынын білген, содан түбімен жою үшін отбасылары үшін де арнайы азап жерін дайындап қойған… Масштабты түсініп тұрсыздар ғой, иә?! 31 мамыр — 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған ашаршылықтан қаза тапқандарды да еске алу күні. Ашаршылық қолдан жасалды. Соның салдарынан 1.5 млн. адам қырылды. Біз оның ауыртпалығын қарнымызды сипап отырып мың жерден болса да түсіне алмаймыз, сезіне алмаймыз. Өте еркеміз, бәрі бар заманда болсақ та жылауықпыз… Ұжымдастыру салдарынан республикада 40 миллионнан астам мал басы қырылды. Мал - халқымыздың ата кәсібі, шынында, одан басқа тамаша білген кәсібіміз жоқ еді. Байлықты да сол малмен өлшеген халықпыз, енді сол байлықты күшпен тартып алғанда халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Сол кезеңде 200 мың қазақ өзге мемлекетке көшіп кетті, хижрет етті. Оларды “қашқын, сатқын” деп айыптап керек емес, мүлдем дұрыс емес. Отанды сатты дейтіндей олар соғыстан қашқан жоқ. Ондай тар түсінікті қою керек. Өз қандасымызды іштен тебуді доғару қажет. Ашаршылық жылдарында елімізде 1.5 миллионға жуық адам қырылған. Кей деректерде бұл статистикадан да көп екені жазылады. Ойлаңызшы, Қазақстанда түгелімен жоқ болып кеткен ауылдар да бар... Үлкен қасіреттен өткен халықпыз! Соны ұмытпасақ игі! Еске алайық, бүгінімізге шүкір етейік. Құран бетін бір ашып, дұға етейік! #Алла_жар_болсын_елімізге
Показать все...
101💔 36👍 15🕊 6😢 3🤯 1💯 1🤝 1
Мына курсқа қабылдаудың соңғы 1 күні қалғанын еске салып қоюда пайда бар деп білеміз. 24 сағаттан соң төлемдер қабылданбайды. ✅
Показать все...
23👍 7
Repost from Nurbakhyt Aidosuly
Өзіңе қазіргі хәліңмен баға бер. Көп бауырлар байып кетсем ислам дініне ақшамен қызмет етемін деп өзін алдайды, қолына 100$ түссе соны жұмсай алмайды. Адам өз өзіне шыншыл болуы керек. Садақа беру ақшаға байланысты емес, Алла жолында мал мүлікті сарп ету үшін шынайылық пен махаббат керек. Қазіргі хәліңде аз кезінде садақа бере алмасаң, кейін байып кетсең де садақа бере алмайсың. © Шейх Хоолид Хорса (хафизаһулла)
Показать все...
179👍 42 9🤩 5🤯 3🤝 3💯 2😢 1
Бір жерден оқып қалдым, өзіңнің бақытсыздығың үшін бақыттылардан өш алуды ойлама дейді. Ойға азық. #пайдалы_болсын
Показать все...
192👍 47❤‍🔥 10🤯 6🔥 4🤝 2
Бүгін онлайн-курсқа қатысты жарнама салуға еш реті келмеді. 2 күннен соң қабылдау жабылатынын еске салып қоюда пайда бар деп білеміз. Шарттарды орындап, төлем жасаған соң, түбіртегін көрсетілген номерге жіберу керек болады. Түбіртек жіберген соң сабырмен күтуді сұраймыз. Хатыңызға міндетті түрде жауап беріледі. Пайдалы білім болсын! 🌙
Показать все...
50👍 19
Курспен танысып, сатып алуды қалаған жағдайда, төлем жасап, түбіртегін көрсетілген номерге жіберіп қоясыз. Жауап алмасаңыз, күте тұрыңыз, таңертең міндетті түрде жауап беріледі. ✅ Тіркелудің 3 күні қалды.
Показать все...
👍 18 13🏆 2
Repost from Olzhas Hanafin
إني لأكره أن أرى الرجل سبهللا لا في عمل دنيا ولا في عمل آخرة عمر بن الخطاب رضي الله عنه
“Не дүниемен, не ақырет ісімен айналыспайтын бос еркекті жақтырмаймын” Хазіреті Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын)
Показать все...
👍 116 45🔥 14❤‍🔥 7🤯 5🤩 2
Платформамызда бар курс саны: 11 (https://shadi-courses.kz/allcourses/) Жалпы сабақ саны: 167 Жалпы сағат: 42 сағат Жалпы минут: 2505 минут Қанша жылдық еңбек, өміріміздің бір бөлігі екен. Курсқа қабылдаудың 3 күні қалды, 1-маусым жабылады. Үлгеру үшін осының үстін басыңыз.
Показать все...
45👍 16
Жұбаныш, ем, дәрумен, тыныштық, жауап Құранда! Қаншама рет оқып жүрген аяттарға ой жүгірте бермейді екенбіз… Соңғы жағдайларға қатысты “Я, Алла! Көмегің қайда?” деп жар салғандар бар… “Неге сонша қорладың?” Раббымыздың жауабына қараңыз: أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوْا۟ مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ ٱلْبَأْسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلْزِلُوا۟ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصْرُ ٱللَّهِ ۗ أَلَآ إِنَّ نَصْرَ ٱللَّهِ قَرِيبٌ Әлде сендер өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың басына келгендер бастарыңа келместен жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма? Олардың көптеген адам айтқысыз ауыртпалықтарға душар болып, күйзелгені соншалық – пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Алланың жәрдемі қашан келеді?!» – дейтіндей жағдайға жетті. Біле-білсеңдер, Алланың жәрдемі өте жақын! («Бақара» сүресі 2:214) #Палестина_аяқта_соңына_дейін
Показать все...
235💔 40👍 24😢 21❤‍🔥 7🤝 2🤯 1
Израиль бұл соғыста түбегейлі жеңілді, ең әуелі ақпараттық-идеологиялық қақтығыста, осыны ұмытпағайсыздар. 2023-тің 7-қазан айынан бері әлем Израильдің шынайы бейнесін көрді, кезінде Израильді қолдайтын топтардың өзі залымдарға қарсы позицияға өтті, 1-2 емес, онмыңдаған жан Ислам дінін қабылдады, жүзмыңдаған адам Ислам туралы іздене бастады. “Нендей күш бұл, қайдан кеп жатқан табандылық? Баласы өліп жатқан адам қалайша ‘Thank You, God!’ деп айтады?” Осыған дейін бүкіл әлем Холокост себепті еврейлерді “жертва” көретін, ғасыр трагедиясын басынан өткергендер ретінде солардың алдында борыштар сезінетін… Әлем еврейлердің алдында кінәлі секілді кейіпте-тін… Енді еврейлер қолындағы ең үлкен “madur” (жертва) қаруынан айырылды. 7-қазаннан бері әлем ояна бастағандай… #Палестина_аяқта_соңына_дейін
Показать все...
181🔥 31👍 20💯 12🕊 10👏 2