cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

PARANOIA.KZ

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Больше
Рекламные посты
11 680
Подписчики
+1124 часа
+77 дней
+14430 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Repost from Usbanov ARNASY
‼️Ресей президент бүгін Украинадағы соғыс тақырыбында біраз сөйледі. Сөйлегенде бүйдеді: ▪️Украина Конституциясының 11-ші бабы бар. Онда президенттің өкілеттілік мерзімі өткен соң, билік тізгіні уақытша Парламент спикеріне беріледі. Ал соғыс жағдайында Парламент спикерінің уақытша өкілеттілігі ұзартылады деп жазылған; ▪️Украинадағы билік құрылымы президенттік емес, парламенттік құрылымға негізделген. Конституция мен барлық құқықтық актілер мемлекеттік басқару жүйесінің парламенттік республика концепциясына негізделгенін дәлелдейді; ▪️Қазір Украинадағы жалғыз легитимді билік – Рада спикері; НАТО мемлекеттері Ресейге соққы беру туралы сөйлерден бұрын, отпен ойнайтынын түсінуі тиіс; ▪️Қазір барлығы Харьковке шабуыл төңірегінде өрбіп жатыр ғой. НАТО елдерінің өзі бізді Харьковке шабуылдауға итермеледі; ▪️Олар жағдайды ушықтыра берсе, салдары оңай болмайды; ▪️Украинада жалдамалы жендеттер бар, олар туралы біз білеміз; ▪️Украинаға беріліп жатқан жоғары дәлдікті қарулардың техникалық күтіміне кім жауапты? Әрине, инструктор кейіпіндегі жалдамалы жендеттер; ▪️Егер Еуропалық контингент Украинаға поляктармен бірге кіретін болса, басқалары кетеді де, поляктар кетпей қояды; ▪️Мейлі, Украинада кімнің әскері жүрмесін, біз өзіміз үшін қалай дұрыс деп есептейміз, солай жасаймыз; ▪️Ресей қандай да бір конференцияларға қатысуға қатысты жауабымыз жоқ. Себебі, не талқылайтыны түсініксіз; ▪️Украина енді майдан даласында өзгеріс жасай алмайды. Олар неғұрлым қарсылық көрсетсе, соғұрлым шығыны да көп болады. Ал бұған не дейсіздер?
Показать все...
🖕 150😁 25🤡 13👍 11🤬 6😡 3 2🤣 2🏆 2😱 1🙊 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Грузия парламенті қабылдаған “шетелдік агент” заңына президент вето қойған еді. Бүгін парламент президенттің ветосына қатысты дауыс беру өткізіп, президент ветосын жоққа шығарды. Осылайша “шетелдік агент” заңы түбегейлі қабылданды.
Показать все...
🤬 121🖕 28👍 4😡 2🥴 1🤨 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
ЕО Кеңесі Сирия режиміне салынған санкцияны 2025 жылдың 1-маусымына дейін созуға шешім қабылдады. Жалпы ЕО-ның санкциялық тізімінде 400-ден астам адам бар.
Показать все...
👏 70👍 14🤬 4
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ЕМТИХАН Бүгін Қазақстан мектептерінде аралық және қорытынды емтихан тапсыру кезеңі басталды. Емтихандар 11 маусымға дейін жалғасады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.  Биыл бірінші рет білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеруін, оқу және жазу сауатын айқындау мақсатында 5-8,10 сыныптар 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихан тапсырады. Емтиханның нақты уақытын оқу орындары өздері белгілейді. Емтихан екі бөліктен тұрады: жазбаша және ауызша. Оқушылар эссе жазады, сондай-ақ, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді тыңдап түсіну бойынша өз шеберлігін көрсетеді. 29 мамыр мен 10 маусым аралағында 9 сыныпты бітірушілер үшін қорытынды емтихандар болады, ал 11 сыныпты бітірушілер 28 мамыр — 11 маусым аралығында емтихан тапсырады.  «Ақтөбе облысынан 9 мектеп, Атырау облысынан 20 мектеп және Солтүстік Қазақстан облысынан 5 мектеп оқушылары бұл өңірлерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына байланысты аралық және қорытынды аттестациялаудан босатылды», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. Қорытынды аттестациядан барлығы 340 мыңнан астам 9 сыныпты бітірушілер, сондай-ақ биыл 11 сыныпты бітіруші 186 мың оқушы өтеді.  Ақпарат: ҚазАқпарат.
Показать все...
👏 66👍 25 2😎 2
Repost from N/a
🇬🇪 Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе мен президент Саломе Зурабишвили текетіресіндегі «сатқындық» пен «Ресей елесі» осы күні жиналған жұрттың есінде мәңгіге қалды. 🔻 КОБАХИДЗЕ МЕН ЗУРАБИШВИЛИДІҢ ЕРЕГЕСІ 🔻 ЗУРАБИШВИЛИ: ГРУЗИЯ АСПАНЫН РЕСЕЙ ЕЛЕСІ ТОРЛАДЫ! 🔻 ТАҢДАУ: НЕ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ГРУЗИЯ, НЕ АВТОРИТАРЛЫ РЕСЕЙ ЖОЛЫ... 🔻 КОБАХИДЗЕ НЕ ДЕП ЖАУАП ҚАТТЫ? 🔻 ДАУДЫҢ БАСЫ – «ШЕТЕЛДІК АГЕНТ» ТУРАЛЫ РЕСЕЙЛІК ҮЛГІДЕГІ ЗАҢ 🔻 БАТЫС ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ! АҚШ: «ТАҒДЫРШЕШТІ ТАҢДАУ ЖАСА», - ДЕДІ... Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5436
Показать все...
Президент пен Премьер-министрдің ерегесі: «Сатқындық» һәм «Ресей елесі»

26 мамырда Грузияда Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Бұл күні 1918 жылы тәуелсіздік актісі қабылданып, алғашқы Грузин демократиялық республикасы құрылды.

👍 39 3🤬 2🤔 1
Avio News: Иран Ресейден 12 дана Ми-17 тікұшағын сатып алуға ниетті. Келісім құны 500 млн долларды құрайды. Келісім бойынша тікұшақтар түнде көру құрылғыларымен қамтамасыз етілуі міндетті.
Показать все...
🤣 102👍 10🙊 8🤨 4🤬 3😡 1
BILD: Иран Ресейге басқарылмалы жаңа типтегі бомбалар жеткізді. Жексенбі күні Курск облысында құлаған Mohajer-6 дронында Qaem-5 бомбасы болған. Ол видеода анық көрінуде. Бұған дейін Ресей Украина соғысында аталмыш бомбаның қолданбаған еді. Иран мен Ресей арасындағы әскери әріптестік артып, қару түрлерінің саны артуда.
Показать все...
🤬 132👍 24🖕 14👎 8😡 1
БАҚ: Мысыр шекарашылары мен Израиль әскерінің арасында “Рафах” бекеті маңында атыс болды. Тараптар кінәлі ретінде бір-бірін айыптауда. Мысыр атысты Израиль бастады десе, Израиль атысты Мысыр шекарашылары бастады деуде. Ақпарат көздеріндегі қаза тапқандар мен жараланғандар жайлы мәліметтер сәйкес келмеуде. Мысыр тарапы екі Израиль әскерінің оққа ұшқанын айтса, Израиль тарапы үш Мысыр сарбазы оққа ұшты дейді. “Рафах” бекеті маңындағы жағдай ушыққан күйде тұр.
Показать все...
👍 93😱 29🤔 6👀 6 4
Repost from N/a
‼️Әлем лидерлерінің тікұшақтары қандай? АҚШ пен Ресей және т.б. әлем лидерлері қандай тікұшақ мінеді? Қазақстан басшысында қандай тікұшақ бар? ▪️ТІКҰШАҚ АПАТТАРЫ: МЕРКЕЛЬ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛДЫ? ▪️ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚАНДАЙ ТІКҰШАҚ МІНЕДІ? ▪️ПУТИН МЕН ЛУКАШЕНКО ДА «МИ-8-БЕН» ҰШАДЫ ▪️БАЙДЕН НЕМЕН ҰШАДЫ? ▪️ЕРДОҒАН: «КӨК МЫРЗАСЫ» БІЗДЕ! Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5433
Показать все...
Раиси опат болды, Пашинян аман қалды: Әлем лидерлері қандай тікұшақ мінеді?

Әлем лидерлерінің тікұшақтары қандай? Қазақстан басшысында қандай тікұшақ бар?

👏 43👍 8 2🤨 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ердоған Түркияға жаңа конституция қажет екенін айтуда. “Біз бүлікшілер жасап шыққан қазіргі Конституциямен алға жылжи алмаймыз. Мен жаңа Конституцияны жасап шығу ұлттық борышымыз деп санаймын”, - деді. Қазіргі конституция кезекті әскери төңкерістен кейін 1982 жылы қабылданған болатын. Ердоған Конституцияны өзгертуге қатысты соңғы екі жылда бірнеше мәрте айтты.
Показать все...
🤣 113👍 61🤔 21🤡 13 2🤯 2