cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Usbanov ARNASY

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Больше
Рекламные посты
2 633
Подписчики
-124 часа
+17 дней
+830 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

Фото недоступноПоказать в Telegram
АҚШ Мемхатшысы Блинкен Украинаға АҚШ қаруымен Ресей территориясындағы әскери нысандарды соққылауға рұқсат беруді қолдады.
Показать все...
🔥 5👍 1👏 1
‼️«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады. ▪️ҚҰДЫС ПЕН ИЗРАИЛЬ ҚАҚТЫҒЫСЫ: ЕУРОПА НЕ ДЕЙДІ? ▪️ГАЗАДАҒЫ ҰЗАҚ СОҒЫС ИЗРАИЛЬДІ ҚОЛДАУДАН АЙЫРУДА... ▪️ПАЛАСТИНАНЫ КІМДЕР МОЙЫНДАЙДЫ? Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5431
Показать все...
Палестинаны мойындау: Күштілер Израильден сырт айналды ма?

«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады.

👍 1
‼️ Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5430
Показать все...
«Бізге қарсы соғыспақ болды»: Пашинян кімге өкпелі: Қазаққа ма, қос орысқа ма?

Қарбақ соғысындағы сәтсіздік – Пашинян командасы үшін одан ақталудың түрлі сылтауын табуға ұмытылдыруда. Кеше Армения премьері Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның екі елін 2020 жылғы 44 күндік соғыста «Армения жағынан табылмады» деп айыптады.

👍 1
1️⃣БIРIНШI БАЙЛЫҚ – АДАМ 2️⃣ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖЕҢГЕН ЕЛ 3️⃣ӘЛЕМНIҢ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫН ЖАЛҒАУШЫ Толық: ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5429
Показать все...
Алақандай Сингапур қазаққа бағыт бола ма?

Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы байланыс қандай?

👍 4
🇰🇿🇸🇬 СИНГАПУР ЖОЛЫ ҚАЗАҚ ЖОЛЫ БОЛА АЛА МА? ‼️Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Сингапурде жүр. Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнаммен келіссөз жүргізуде. ✅ Бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екен. Тәуелсіз қазақ саясаты мен қоғамында «Сингапур үлгісі» деген термин ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді. Өткен-кеткен саяси кадрлардың аузында: «Қазақстан Орталық Азияның Сингапурына айналады» деген ұранды сөз де аз айтылмады. Сөйткен, Сингапурмен мемлекетаралық әріптестіктің орнағаны кеше-бүгін емес! Азды-кем сауда-саттық орнады. Экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық байланыстар қалыптасты. Әсіресе, бизнесте, агросекторда, логистика мен қаржы технологиясы т.б. байланыстарда айтарлықтай перспектива бар. Енді солар жайлы сөз шығарайық... ⁉️ Сонымен, Қазақстан мен Сингапурдың арасындағы байланыс қандай? ▪️Бүгінге Қазақстанда 140-тан астам Сингапур компаниясы мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. ▪️Сингапур Қазақстан экономикасына 1,7 млрд доллар инвестиция салған. ▪️Екі ел арасындағы сауда айналымы 2 млрд доллардан асып барады. ▪️Сингапурлық компаниялар отандық инвесторлармен бірге Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыруға қатысып жатыр. Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК ақпараты бойынша, Сингапурлық Endorama Corporation компаниясы Қазақстанда Фосфорлы тыңайтқыштар өндірісін ашуды жоспарлап отыр (инвестиция сомасы 1 млрд. АҚШ доллары). Осы жолы ресми тұлғалармен жолығуда 6 маңызды құжатқа қол қойылған. Ресми тұлғалармен жеке-жеке жолығулар аяқталған соң, бизнес форум өтті. Онда Қазақстан тағы 12 құжатқа қол қойды. Осы жолы Қазақстан Сингапурға шикізат пен табиғи ресурстар ұсынды. «2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға деген әлемдік сұраныс төрт есе артатынын ескере отырып, шамамен барланбаған 5000 кен орны бар Қазақстан осы әлеуетті бірлесе дамыту үшін сенімді серіктес бола алады», - деді Тоқаев. ✅ Сингапур кереметі туралы қысқа сөз... ⬇️ 1867 жылдан Британ империясының отарына айналған Сингапурды кезiнде ағылшындар теңiз саудасының тоғысында орналасқан iрi теңiз айлағы және Азиядағы әскери бекiнiсi ретiнде пайдаланып келдi. 1959 жылы өзiн басқару құқығына ие болғанда шағын аралдағы мемлекеттiң әскерi де жоқ едi. Елдiң жалпы iшкi өнiмi жан басына шаққанда бар-жоғы 400 доллардан айналған. Империядан мұраға теңiз айлағы мен әскери база жұрнақтары ғана қалды. Тұрғындарының басым бөлiгi теңiзден аулаған балығын сатумен күн көрдi. ⬇️ 1959 жылғы парламент сайлауының нәтижесiнде «Халық бiрлiгi» партиясының жетекшiсi, қытай ұлтының өкiлi Ли Куан Ю үкiмет басшылығына келдi. Бұл адамды қарсыластары «авторитарлы билiк құрушы» деп айып¬таса, жақтастары «Сингапур кереметiнiң әкесi» ретiнде таниды. Расында да, Ли Куан Ю 31 жыл үздiксiз ел басқарып, премьерлiктi ұлына табыстағаннан кейiн де билiктен қол үзбедi. Осы үшiн айыптағандарға ол үнемi уәж ретiнде қысқа уақытта жемiсiн берген экономикалық саясатын алға тартып келдi. ⬇️ 1965 жылы Малайзия федерациясының құрамынан шыққан соң, Ли Куан Ю үкiметi бiрiншi кезекте елдiң даму жолындағы мүмкiндiктерi мен кемшiн тұстарын саралап алды. Пайдалы қазбалардан Сингапур жұрдай. Құмның өзiн сырттан алдырады. Ауыз суды Малайзиядан тасып iшедi. Табиғи ресурстардан теңiз балығы ғана бар. Дегенмен табиғат бұл елдi мүлдем құралақан қалдырмапты. Теңiздегi тоғыз жолдың торабындағы Сингапур Еуропа мен Азияның ортасындағы теңiз қақпасы iспеттi. Еуропа мен АҚШ-тан шыққан кемелер жанармай құю үшiн аралға соқпай кете алмайды. Бұл жағынан Сингапур «Азияның Суэц арнасына» айналған. Екiншiден, британ отаршылдығы кезiнде ел тұрғындары ағылшын тiлiн үйрендi, батыстық үлгiдегi заң-сот және әкiмшiлiк жүйесi қалыптасты. Ли Куан Ю бұл факторлар Сингапурды қысқа уақытта «үшiншi ел» қатарынан әлемнiң озық мемлекеттерiне қосудың маңызды алғышарттарының бiрiне балайды. Осы жайттарды саралай келе, Сингапур үкiметi бiлiмдi, iскер, жемқорлықтан таза адамдарды елдiң басты «қазба байлығы» ретiнде жариялайды. Шыншылдық пен сенiм – сингапурлық ұлттық идея деп танылды.
Показать все...
👍 9 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Ресей армиясында тағы да тұтқындау: Бұл жолы РФ ҚК Бас штабы басшысының орынбасары Вадим Шамарин тұтқындалды деген ақпарат шықты.
Показать все...
👏 8👍 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
Француздың атақты "Charlie Hebdo" журналы Иран президентінің қазасына қатысты журнал бетінде осындай карикатура жасапты. Онда: "Құдай бар, Ол бізді молдадан құтқарды", - деп жазылған...
Показать все...
23😁 14🤔 4👍 3😡 3
00:37
Видео недоступноПоказать в Telegram
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Жонсон: Украинаға біз берген қаруларды қолданып, Ресей территориясындағы әскери нысандарға соққы жасауға рұқсат беру керек!
Показать все...
👍 79
02:01
Видео недоступноПоказать в Telegram
+21. Қирандыға айналған қала. Көмусіз жатқан мәйіттер. Орыс әлемі келген Волчанскі. Видео: Костянтин Ліберовтікі
Показать все...
😢 24
Фото недоступноПоказать в Telegram
Армения премьері Пашинян: 2020 жылы Қарабақтағы Арменияға қарсы соғысқа дайындалуға Әзербайжанға ҰҚШҰ (ОДКБ)-ның 2 мемлекеті көмектескен! Пашинян нақты қай 2 мемлекет екенін атап айтпады.
Показать все...
🤡 18😁 7👍 3