КГА 🇰🇿
Открыть в Telegram
Комитет гражданской авиации МТ РК Авиационная администрация Казахстана 💻 www.aaq.kz www. aviation.miid.gov.kz 🤳 https://facebook.com/caakaz/ 📱Instagram: https://www.instagram.com
Больше3 608
Подписчики
-224 часа
-67 дней
+230 дней
Архив постов
3 608
Казахстан и Китай договорились о дальнейшем расширении авиасообщения
В рамках проходящей в Ташкенте Конференции рабочей группы по сотрудничеству в сфере гражданской авиации «Китай – Центральная Азия» (C5+1), 4 ноября т.г. состоялись двусторонние переговоры между авиационными властями Республики Казахстан иКитайской Народной Республики.
Казахстанскую делегацию возглавила Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева. Китайскую сторону представила заместитель генерального директора Администрации гражданской авиации Китая (CAAC) госпожа Бай Венли.
В ходе переговоров стороны обсудили перспективы дальнейшего расширения международного авиасообщения между Казахстаном и Китаем, включая увеличение количества регулярных рейсов и расширение географии полетов.
По итогам встречи достигнуты договоренности об увеличении количества разрешённых частот авиарейсов с 150 до 180 рейсов в неделю, а также включении в маршрутную сеть еще двух китайских городов Чэнду и Кашгар.
Реализация достигнутых договоренностей позволитрасширить возможности для авиакомпаний двух стран, повысить доступность прямых перелетов, создать более удобные условия для пассажиров и улучшить возможности для стыковочных перевозок.
Стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем укреплении двустороннего сотрудничества и последовательном развитии воздушного сообщения между двумя странами.
Казахстан и Китай последовательно развивают сотрудничество в сфере гражданской авиации. Растущий пассажиропоток и активизация деловых и туристических обменов создают дополнительные возможности длядальнейшего расширения прямого авиасообщения междустранами.
#законипорядок
3 608
Қазақстан мен Қытай әуе қатынасын одан әрі кеңейту туралы уағдаласты
Ташкент қаласында өтіп жатқан «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында ағымдағы жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдары арасында екіжақты келіссөздер өтті.
Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Қытай тарапынан келіссөздерге Қытай Азаматтық авиация әкімшілігі (CAAC) бас директорының орынбасары Бай Вэньли қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық әуе қатынасын одан әрі кеңейту перспективаларын, оның ішінде тұрақты рейстер санын арттыру және ұшу бағыттарының географиясын кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша аптасына рұқсат етілген әуе рейстерінің санын 150-ден 180-ге дейін арттыру, сондай-ақ маршруттық желіге Қытайдың тағы екі қаласы – Чэнду мен Қашғарды қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қол жеткізілген келісімдерді іске асыру екі елдің әуе компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, тікелей әуе рейстерінің қолжетімділігін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және транзиттік тасымал мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын жүйелі түрде дамытуға мүдделі екендіктерін растады.
Қазақстан мен Қытай азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып келеді. Жолаушылар ағынының артуы, сондай-ақ іскерлік және туристік байланыстардың жандануы екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын одан әрі кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашуда.
#заңментәртіп
3 608
Казахстан и Узбекистан договорились об увеличении частоты рейсов между странами
В Ташкенте на полях Конференции рабочей группы по сотрудничеству в сфере гражданской авиации «Китай – Центральная Азия» (C5+1) состоялись двусторонние переговоры между авиационными властямиКазахстана и Узбекистана.
Казахстанскую делегацию возглавила Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева. Узбекскую сторону – начальник Управления воздушного транспорта Министерства транспорта Узбекистана Джамолиддин Назаров.
В ходе переговоров стороны обсудили дальнейшее расширение авиасообщения, увеличение частоты регулярных рейсов и повышение доступности авиаперевозок между крупнейшими городами двух стран.
Достигнута договоренность об увеличении количества разрешённых частот до 60 рейсов в неделю по каждому из двух маршрутов Алматы – Ташкент и Астана – Ташкент.
Стороны также договорились об увеличении количества разрешённых частот по остальным маршрутам между Казахстаном и Узбекистаном с 14 до 20 рейсов в неделю.
Реализация достигнутых договоренностей позволит увеличить предложение на наиболее востребованных направлениях.
Рост пассажиропотока междуКазахстаном и Узбекистаном, активизацияделовых и туристических обменов способствуют увеличению спроса наавиаперевозки и создают дополнительные возможности для укрепления транспортной связанности двух стран.
#законипорядок
3 608
Қазақстан мен Өзбекстан екі еларасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді
Ташкент қаласында «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері арасында екіжақты келіссөздер өтті.
Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Өзбекстан тарапынан келіссөздерге Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейту, тұрақты рейстердің жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін жақсарту мәселелерін талқылады.
Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін ұлғайтуға келісті.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру сұраныс жоғары бағыттар бойынша әуе тасымалы ұсынысын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағынының өсуі, іскерлік және туристік байланыстардың жандануы әуе тасымалына деген сұраныстың артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
#заңментәртіп
3 608
Repost from UKIMET
Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі әуежайларының құрылысы биыл аяқталады
📌Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымы жан-жақты дамытылуда. Мәселен, Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі әуежайлары арқылы жолаушылар тасымалдау алдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында басталады. Бұл туралы Президент Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тікелей тасырмасымен қазір Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан, Қатонқарағай аудандарында және Маңғыстау облысындағы Кендірліде жаңа әуежайдың құрылысы салынуда. Жұмыстар 2024 жылы басталды. Өткен маусым айында мен үш әуежайдың да құрылысымен таныстым, тиісті тапсырмаларын бердім. Қазір әкімдер де оны күнделікті қадағалап отыр. Зайсан мен Кендірлідегі әуежайдың құрылысын осы жылдың соңында толық аяқтаймыз деп отырмыз. Ал Қатонқарағайдағы әуежайды келесі жылдың ақпан айында ел игілігіне табыстайтын боламыз. Бір айта кететін жайт, ертең құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін де оның құжаттарын рәсімдеп, лицензиялар алу керек, сондықтан әуе кемелерін қабылдау, жолаушылар тасымалдау алдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында басталады», –– деді бірінші вице-премьер. 📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
Казахстан развивает национального грузового авиаперевозчика с перспективным парком из 10 самолетов
📌В Казахстане создан национальный грузовой авиаперевозчик «Эйр-Карго», парк которого в перспективе составит 10 самолетов. Проект реализуется в рамках поручений Президента по развитию транзитного потенциала страны. Об этом сообщил Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев на пресс-конференции Правительства РК о развитии реального сектора экономики в рамках поручений, данных в Послании Президента.
Прибытие первого воздушного судна ожидается в ноябре 2026 года, второго – в марте 2027 года. Всего компания планирует эксплуатировать 10 грузовых воздушных судов. Национальный перевозчик будет работать на рынке международных грузовых авиаперевозок.
Модернизируются топливозаправочные комплексы и грузовые терминалы, которые соединяют с автомобильными и железнодорожными магистралями.
В целях полной цифровизации транспортной отрасли проводится интеграция информационных систем на базе единой интеллектуальной платформы «Е-Көлік». Платформа обеспечит полный переход на безбумажный документооборот, сокращение сроков оформления перевозочных документов и повышение прозрачности грузопотоков.
📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
Елімізде әуе кемелерінің паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайтуды көздейтін ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы дамытылуда
📌Елімізде ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы – «Эйр-Карго» компаниясы құрылды. Алдағы уақытта оның әуе кемелері паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған. Жоба еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Алғашқы әуе кемесі 2026 жылдың қараша айында, ал екіншісі 2027 жылдың наурыз айында жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы компания 10 жүк ұшағын пайдалануды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдаушы халықаралық жүк әуе тасымалы нарығында қызмет көрсетеді.
Жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңартылып, олардың автомобиль және теміржол магистральдарымен байланысы қамтамасыз етілуде.
Көлік саласын толық цифрландыру мақсатында «Е-Көлік» бірыңғай зияткерлік платформасының негізінде ақпараттық жүйелер интеграциялануда. Аталған платформа арқылы қағазсыз құжат айналымына толық көшу, тасымалдау құжаттарын ресімдеу мерзімдерін қысқарту және жүк ағындарының ашықтығын арттыру қамтамасыз етіледі.
📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
В Казахстане по поручению Президента до конца года планируют завершить строительство трех новых аэропортов
📌Строительство аэропортов Зайсан, Катон-Карагай и Кендерли планируется завершить до конца 2026 года. Проекты реализуются по поручению Президента в рамках развития авиационной инфраструктуры Казахстана. Об этом сообщил Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев на пресс-конференции Правительства РК о развитии реального сектора экономики в рамках поручений, данных в Послании Президента.
Параллельно проводится модернизация действующих аэропортов. Ведутся работы в аэропортах Алматы и Урджара, строится вторая взлетно-посадочная полоса в Шымкенте. В августе 2026 года проведена реконструкция взлетно-посадочной полосы аэропорта Павлодара и восстановлен аэропорт Аркалыка. По поручению Главы государства ведется строительство трех аэропортов в Зайсане, Катон-Карагае и Кендерли. Завершить строительные работы планируется до конца 2026 года.
Также начата модернизация системы аэронавигационного обеспечения с применением передового международного оборудования и стандартов.
Расширяется география международного авиасообщения. На 30 ноября 2026 года запланирован первый рейс Алматы – Токио, в 2027 году предусматривается открытие маршрутов в Вену, Нью-Йорк, Милан и другие города.
Определены основные хабы, где внедрен режим свободных экономических зон, модернизируются топливозаправочные комплексы и грузовые терминалы. Для развития мультимодальных перевозок предусматривается подведение к ним железнодорожной и автомобильной инфраструктуры.
📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін үш жаңа әуежайдың құрылысын аяқтау жоспарланған
📌 Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларының құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобалар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанның авиациялық инфрақұрылымын дамыту аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Сонымен қатар қолданыстағы әуежайларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алматы және Үржар әуежайлары жаңғыртылып, Шымкентте екінші ұшу-қону жолағы салынуда. 2026 жылдың тамыз айында Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы реконструкцияланып, Арқалық әуежайы қайта ашылды. Мемлекет басшымыздың тапсырмасы бойынша Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде үш әуежай салынуда. Олардың құрылысы 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.
Сондай-ақ озық халықаралық жабдықтар мен стандарттарды қолдану арқылы аэронавигациялық қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту басталды.
Халықаралық әуе қатынасының географиясы кеңейіп келеді. 2026 жылғы 30 қарашада Алматы – Токио бағыты бойынша алғашқы рейс жоспарланған. 2027 жылы Вена, Нью-Йорк, Милан және басқа да қалаларға жаңа әуе бағыттарын ашу көзделген.
Негізгі авиациялық хабтар айқындалды. Оларда арнайы экономикалық аймақтар режимі енгізіліп, жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңғыртылуда. Мультимодальды тасымалды дамыту мақсатында оларды теміржол және автомобиль жолдары инфрақұрылымымен байланыстыру көзделген.
📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
Елімізде әуе кемелерінің паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайтуды көздейтін ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы дамытылуда
📌Елімізде ұлттық жүк әуе тасымалдаушысы – «Эйр-Карго» компаниясы құрылды. Алдағы уақытта оның әуе кемелері паркін 10 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланған. Жоба еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Алғашқы әуе кемесі 2026 жылдың қараша айында, ал екіншісі 2027 жылдың наурыз айында жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы компания 10 жүк ұшағын пайдалануды жоспарлап отыр. Ұлттық тасымалдаушы халықаралық жүк әуе тасымалы нарығында қызмет көрсетеді.
Жанармай құю кешендері мен жүк терминалдары жаңартылып, олардың автомобиль және теміржол магистральдарымен байланысы қамтамасыз етілуде.
Көлік саласын толық цифрландыру мақсатында «Е-Көлік» бірыңғай зияткерлік платформасының негізінде ақпараттық жүйелер интеграциялануда. Аталған платформа арқылы қағазсыз құжат айналымына толық көшу, тасымалдау құжаттарын ресімдеу мерзімдерін қысқарту және жүк ағындарының ашықтығын арттыру қамтамасыз етіледі.
📱 @KZgovernment
3 608
Казахстан принял участие на третьей конференции Рабочей группы по сотрудничеству в сфере гражданской авиации «Центральная Азия – Китай»
В Ташкенте с 3 по 5 октября проходит третья конференция Рабочей группы по сотрудничеству в сфере гражданской авиации «Центральная Азия –Китай» (C5+1). Казахстан в мероприятии представила делегация во главе с Председателем Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева.
Конференция объединила представителей авиационных властей и отрасли Казахстана, Китая, Кыргызстана, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана. В центре внимания – развитие регионального авиасообщения, реализация ранее достигнутых договоренностей и определение новых направлений сотрудничества.
Конференцию открыл директор Агентства гражданской авиации при Министерстве транспорта Республики Узбекистан Тахир Назаров. В ходе мероприятия также выступили начальник Управления воздушного транспорта Министерства транспорта Узбекистана Джамолиддин Назаров и заместитель директора Государственного агентства гражданской авиации Кыргызской Республики Канат Тологонов.
В своем выступлении Салтанат Томпиева представила основные результаты и перспективы развития гражданской авиации Казахстана. За последние пять лет международная маршрутная сеть страны расширилась с 32 до 161 маршрута. По итогам девяти месяцев 2026 года казахстанские авиакомпании перевезли 12,4 млн пассажиров, что на 4,1% больше аналогичного периода прошлого года. Объем обработанных аэропортами грузов достиг 136,5 тыс. тонн, увеличившись на 10%.
Председатель Комитета подчеркнула, что безопасность полетов и авиационная безопасность остаются приоритетами отрасли. Казахстан продолжает совершенствовать систему надзора, привлекать международную экспертизу и совместно с ИКАО разрабатывать мастер-план развития гражданской авиации до 2050 года. Также были представлены подходы к подготовке авиационных специалистов и внедрению новых технологий.
В рамках сотрудничества «Центральная Азия –Китай» казахстанская сторона предложила продолжить региональное сотрудничество в целях дальнейшего укрепления делового, торгового и культурного взаимодействия.
Ожидается, что во время Конференции будут проведены двусторонние переговоры с авиационными властями Узбекистана и Китая.
3 608
Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші конференциясына қатысты
Ташкент қаласында 3–5 қазан аралығында «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының үшінші конференциясы (C5+1 форматында) өтуде. Қазақстан атынан іс-шараға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева бастаған делегация қатысты.
Конференцияға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның авиациялық билік органдары мен сала өкілдері жиналды. Кездесу барысында өңірлік әуе қатынасын дамыту, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау мәселелері талқылануда.
Конференцияны Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің директоры Тахир Назаров ашты. Іс-шара аясында Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров және Қырғыз Республикасының Мемлекеттік азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары Канат Тологонов сөз сөйледі.
Өз сөзінде Салтанат Томпиева Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы негізгі жетістіктері мен даму перспективаларын таныстырды. Соңғы бес жылда еліміздің халықаралық әуе маршруттарының желісі 32-ден 161 бағытқа дейін кеңейді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары 12,4 млн жолаушы тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға жоғары. Ал әуежайларда өңделген жүк көлемі 10%-ға артып, 136,5 мың тоннаны құрады.
Комитет төрағасы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саланың басты басымдықтары болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан қадағалау жүйесін жетілдіруді, халықаралық сараптаманы тартуды жалғастыруда. Сонымен қатар Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) бірлесіп, 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бас жоспар әзірленуде. Бұдан бөлек, авиация мамандарын даярлау және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар таныстырылды.
«Орталық Азия – Қытай» форматы аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша қазақстандық тарап іскерлік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында өңірлік өзара іс-қимылды жалғастыруды ұсынды.
Конференция аясында Қазақстан делегациясының Өзбекстан мен Қытайдың авиациялық билік органдары өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізуі жоспарлануда.
3 608
Repost from UKIMET
Олжас Бектенов представил нового Заместителя Премьер-министра – министра транспорта
📌Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов представил коллективу Министерства транспорта нового Заместителя Премьер-министра – министра транспорта Асел Жанасову, назначенную на данную должность соответствующим Указом Главы государства.
Руководитель Правительства поблагодарил Нурлана Сауранбаева за внесенный вклад в развитие транспортной отрасли страны и отметил значительный опыт работы Асел Жанасовой. В разные годы она возглавляла холдинг «Зерде» и АО «Казпочта», занимала должности вице-министра торговли и интеграции, советника Президента, заместителя Руководителя Администрации Президента.
Олжас Бектенов подчеркнул, что перед отраслью стоят масштабные задачи, обозначенные Президентом Касым-Жомартом Токаевым в Послании «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле».
«Следующий год объявлен Президентом Годом масштабного строительства, в том числе в части транспортной инфраструктуры. Задачи ясны. С учетом географического положения страны надо максимально использовать потенциал. В следующем году запланирована сдача крупных проектов по всем направлениям транспортной отрасли. Необходимо обеспечить качественную и своевременную реализацию»,— отметил руководитель Правительства. В числе ключевых приоритетов Министерства транспорта обозначены обеспечение высокого качества строительства автомобильных дорог местного и республиканского значений, развитие придорожной инфраструктуры, завершение в 2027 году реконструкции автомобильных пунктов пропуска и в целом укрепление позиций Казахстана как ключевого транспортно-логистического хаба Евразии. 📱 @KZgovernment
3 608
Repost from UKIMET
+2
Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі Әсел Жанасованы таныстырды
📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тиісті Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі қызметіне тағайындалған Әсел Жанасованы министрлік ұжымына таныстырды.
Жиында Премьер-министр Нұрлан Сауранбаевқа еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Әсел Жанасованың мол еңбек тәжірибесі атап өтілді. Әсел Жанасова әр жылдары «Зерде» холдингі және «Қазпошта» акционерлік қоғамын басқарған. Сонымен қатар сауда және интеграция вице-министрі, Президент кеңесшісі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Олжас Бектенов сала алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Президент келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту саласын да қамтиды. Алдымызда тұрған міндеттер айқын. Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, қолда бар әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз керек. Келер жылы көлік саласының барлық бағыты бойынша ірі жобаларды іске қосу жоспарланған. Сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет»,— деп атап өтті Премьер-министр. Көлік министрлігінің негізгі басым бағыттары қатарында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысының жоғары сапасын қамтамасыз ету, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту, 2027 жылы автомобиль өткізу пункттерін реконструкциялауды аяқтау, сондай-ақ Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайту міндеттері айқындалды. 📱 @KZgovernment
3 608
В Казахстане идет реализация масштабных проектов по модернизации аэропортовой инфраструктуры до 2029 года
Во исполнение Послания Главы государства народу Казахстана от 28 октября 2026 года, в котором поставлена задача по развитию инфраструктурного строительства, под председательством Вице-министра транспорта Талгата Ластаева проведено совещание с участием представителей всех акиматов и аэропортов по вопросам модернизации аэропортовой инфраструктуры.
В ходе совещания рассмотрен ход реализации проектов по строительству и реконструкции взлетно-посадочных полос, модернизации пассажирских терминалов, а также развитию аэропортовой инфраструктуры.
В рамках трехлетнего плана развития аэропортовой инфраструктуры до 2029 года предусмотрена модернизация взлетно-посадочных полос в 7 аэропортах страны, включая строительство 3 новых ВПП в Астане, Шымкенте и Актобе, а также реконструкцию 4 действующих ВПП в Алматы, Жезказгане, Таразе и Уральске.
Наряду с этим, в рамках указанного плана предусмотрено строительство и реконструкция пассажирских терминалов в 7 аэропортах – Актобе, Атырау, Усть-Каменогорске, Жезказгане, Семее, Павлодаре и Урджар.
Особое внимание в ходе совещания уделено вопросам своевременной разработки проектно-сметной документации, определения источников финансирования и соблюдения установленных сроков реализации проектов.
По итогам совещания ответственным государственным, местным исполнительным органам и заинтересованным организациям даны поручения по активизации работы и обеспечению своевременной реализации инфраструктурных проектов.
3 608
Қазақстанда 2029 жылға дейін әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі ауқымды жобалар іске асырылуда
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық құрылысты дамыту жөнінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен барлық әкімдіктер мен әуежайлар өкілдерінің қатысуымен әуежай инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес барысында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, жолаушылар терминалдарын жаңғырту, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымын дамыту жобаларының іске асырылу барысы қаралды.
Әуежай инфрақұрылымын дамытудың 2029 жылға дейінгі үш жылдық жоспары аясында еліміздің 7 әуежайындағы ұшу-қону жолақтарын жаңғырту көзделген. Атап айтқанда, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында 3 жаңа ұшу-қону жолағын салу, сондай-ақ Алматы, Жезқазған, Тараз және Орал қалаларындағы қолданыстағы 4 ұшу-қону жолағын реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен қатар аталған жоспар шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Жезқазған, Семей, Павлодар және Үржар әуежайларында жолаушылар терминалдарын салу және реконструкциялау көзделген.
Кеңес барысында жобалау-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеу, қаржыландыру көздерін айқындау және жобаларды іске асырудың белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдарға жұмысты жандандыру және инфрақұрылымдық жобалардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
