КГА 🇰🇿
前往频道在 Telegram
Комитет гражданской авиации МТ РК Авиационная администрация Казахстана 💻 www.aaq.kz www. aviation.miid.gov.kz 🤳 https://facebook.com/caakaz/ 📱Instagram: https://www.instagram.com
显示更多3 593
订阅者
无数据24 小时
+67 天
+1230 天
帖子存档
3 593
В Астане состоялся демонстрационный полет аэротакси
24 июля 2026 года в Астане состоялся демонстрационный полет аэротакси на базе электрического воздушного судна вертикального взлета и посадки (eVTOL). Испытательный полет прошел на территории ипподрома «Қазанат» и стал очередным этапом реализации проекта по развитию городской воздушной мобильности (Urban Air Mobility, UAM) в Казахстане.
Демонстрационный полет организован казахстанской компанией Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG)совместно с китайским производителем AutoFlight. Для полета использовалось воздушное судно AutoFlight Prosperity, рассчитанное на одного пилота и пять пассажиров. В целях соблюдения требований безопасности полет выполнен без пассажиров.
Министерством транспорта совместно с заинтересованными государственными органами проводится системная работа по созданию правовой и инфраструктурной основы для внедрения городской воздушной мобильности. Приняты законодательные изменения, предусматривающие регулирование эксплуатации воздушных судов eVTOL, вертипортов и систем управления беспилотным воздушным движением, что создает условия для безопасной интеграции новых технологий в транспортную систему страны.
После демонстрационного полета воздушное судно AutoFlight Prosperity будет представлено на Международном фиджитал-турнире «Игры Будущего 2026», который пройдет в Астане с 29 июля по 9 августа.
3 593
Астанада аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті
2026 жылғы 24 шілдеде Астанада электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротаксидің демонстрациялық ұшуы өтті. Сынақ ұшуы «Қазанат» ипподромының аумағында ұйымдастырылып, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility, UAM) дамыту жобасын іске асырудың кезекті кезеңіне айналды.
Демонстрациялық ұшуды қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы қытайлық AutoFlight компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды. Ұшу үшін бір ұшқыш пен бес жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity әуе кемесі пайдаланылды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақ ұшуы жолаушыларсыз орындалды.
Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қалалық әуе мобильділігін енгізудің құқықтық және инфрақұрылымдық негізін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемелерін (eVTOL), вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын басқару жүйелерін реттеуге бағытталған заңнамалық өзгерістер қабылданып, жаңа технологияларды елдің көлік жүйесіне қауіпсіз енгізуге қажетті жағдайлар жасалуда.
Демонстрациялық ұшудан кейін AutoFlight Prosperity әуе кемесі 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Future Games 2026»халықаралық фиджитал турнирінде көпшілік назарына ұсынылады.
3 593
Repost from UKIMET
Олжас Бектенов проверил исполнение поручений Президента по развитию логистического потенциала в Мангистауской области
📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Мангистаускую область проверил исполнение поручений Главы государства по укреплению экономического потенциала и развитию ключевых инфраструктурных проектов региона.
В частности, руководитель Правительства ознакомился с проектами по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута (ТМТМ) и расширению отечественных производственных мощностей.
В международном аэропорту Актау Премьер-министру доложили о транспортно-логистическом потенциале Мангистауской области, играющей ключевую роль в развитии ТМТМ благодаря выходу к Каспийскому морю и современной портовой инфраструктуре. За три года контейнерный транзит через казахстанские порты вырос в 3,8 раза, до 42 тыс. ДФЭ, при этом их совокупная пропускная способность доведена до порядка 200 тыс. ДФЭ в год.
Руководителю Правительства также представлен проект строительства современной судостроительной верфи на побережье Каспийского моря, объем инвестиций составит не менее 125 млрд теңге.
Председатель Совета директоров YDA Group Хусейн Арслан сообщил, что предприятие обеспечит полный цикл работ – от проектирования и строительства гражданских и специализированных судов до их технического обслуживания и капитального ремонта. Предусмотрено производство безэкипажных надводных аппаратов. Мощность верфи составит до 8 новых и 24 ремонтируемых судов в год. После ввода объекта в эксплуатацию будет создано 1,5 тыс. постоянных рабочих мест. Отмечено, что будет обеспечен трансфер технологий, внедрение международных стандартов и создание учебного центра для подготовки казахстанских специалистов. К производственной кооперации планируется привлечь отечественные предприятия малого и среднего бизнеса.
Кроме того, рассмотрен проект создания на базе аэропорта Актау мультимодального логистического и авиационного хаба. Комплекс объединит техническое обслуживание и ремонт воздушных судов, грузовую авиацию, подготовку специалистов и логистику с интеграцией воздушного, морского, железнодорожного и автомобильного транспорта.
Ежегодно планируется проводить свыше 200 операций по техническому обслуживанию воздушных судов и до 60 покрасочных работ. Проект предусматривает создание 3,5 тыс. постоянных рабочих мест.
Руководителю Правительства доложили о планах строительства первой очереди многофункционального терминала в порту Құрық. Проект реализуется в рамках договоренностей, достигнутых в ходе рабочего визита Главы государства Касым-Жомарта Токаева в КНР в июле т.г.
Председатель Совета директоров Guoyou Materials Group Юй Боян сообщил, что компания инвестирует в проект 470 млрд теңге. Предусматривается создание автоматизированного контейнерного терминала, строительство железнодорожной линии с подключением к национальной сети, поставка контейнеровозов и паромов.
Пропускная способность первой очереди составит до 15 млн тонн грузов в год. Строительные работы запланированы на 2026-2028 годы. Второй этап будет реализован в 2029-2031 годах с вводом в эксплуатацию в 2032 году. После завершения всего комплекса его мощность достигнет порядка 25 млн тонн в год с возможностью дальнейшего расширения. В рамках проекта предусматривается создание до 800 рабочих мест, подготовка казахстанских технических кадров и поэтапная локализация операционной деятельности.
Премьер-министр подчеркнул важность проектов, направленных на дальнейшее развитие Транскаспийского международного транспортного маршрута. Создание современной судостроительной базы, мультимодального авиационно-логистического хаба и многофункционального терминала в порту Курык позволит расширить транспортную инфраструктуру Среднего коридора, повысить устойчивость перевозок и укрепить роль Мангистауской области и города Актау как важнейшего транспортно-логистического узла страны.
Олжас Бектенов поручил центральным государственным органам и акимату Мангистауской области обеспечить качественную и своевременную реализацию рассмотренных проектов. Особое внимание необходимо уделить соблюдению сроков строительства, привлечению инвестиций, созданию постоянных рабочих мест, локализации производства и достижению конкретного эффекта для населения и экономики региона.
«Главой государства поставлена задача превратить Казахстан в ключевой транспортный узел Евразии. Мангистауская область должна стать одним из опорных регионов нового этапа развития Казахстана. Проводимые Главой государства масштабные реформы предусматривают глубокое обновление экономики и инфраструктуры. Рассмотренные сегодня проекты формируют основу – новые промышленные мощности, продуманную транспортно-логистическую систему. Правительство обеспечит необходимую поддержку. Каждый проект должен быть реализован качественно, с соблюдением сроков и конкретным результатом для населения»,— отметил руководитель Правительства. 📱 @KZgovernment
3 593
Repost from UKIMET
Сонымен қатар Ақтау әуежайы базасында мультимодальды логистикалық және авиациялық хаб құру жобасы қаралды. Кешенде әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, әуе жүктерін тасымалдау, мамандар даярлау және логистика әуе, теңіз, теміржол және автомобиль көлігі интеграциясымен біріктіріледі.
Жыл сайын кешенде 200-ден астам әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және 60-қа дейін бояу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Жоба аясында 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
Премьер-министрге Құрық портында көпфункционалды терминалдың бірінші кезеңін салу жоспары туралы баяндалды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл шілдеде ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылуда.
Guoyou Materials Group директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян компанияның жобаға 470 млрд теңге инвестиция салатынын хабарлады. Жоба аясында автоматтандырылған контейнерлік терминал құру, ұлттық желіге қосылған теміржол желісін салу, контейнерлік кемелер мен паромдарды жеткізу көзделген.
Жобаның бірінші кезеңінің өткізу қабілеті жылына 15 млн тоннаға дейінгі жүкті құрайды. Құрылыс жұмыстарын 2026–2028 жылдар аралығында жүргізу жоспарланған. Екінші кезең 2029–2031 жылдары жүзеге асырылады, ал нысанды пайдалануға беру 2032 жылы көзделіп отыр. Барлық кешен аяқталғаннан кейін оның қуаттылығы одан әрі кеңейту мүмкіндігімен жылына шамамен 25 млн тоннаға жетеді. Жоба шеңберінде 800-ге дейін жұмыс орнын ашу, қазақстандық техникалық кадрларды даярлау және операциялық қызметті кезең-кезеңімен локализациялау көзделуде.
Олжас Бектенов орталық мемлекеттік органдар мен Маңғыстау облысының әкімдігіне қаралған жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Құрылыс мерзімдерін сақтауға, инвестициялар тартуға, тұрақты жұмыс орындарын ашуға, өндірісті локализациялауға және өңір халқы мен экономикасы үшін нақты нәтижеге қол жеткізуге ерекше назар аудару қажет.
«Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік торабына айналдыру міндетін қойды. Маңғыстау облысы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің негізгі өңірлерінің бірі болуы тиіс. Мемлекет басшысы жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалар экономика мен инфрақұрылымды түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Бүгін қаралған жобалар жаңа өнеркәсіптік өндірістер мен тиімді көлік-логистикалық жүйені қалыптастырудың берік негізін қалайды. Үкімет қажетті қолдауды қамтамасыз етеді. Әрбір жоба сапалы, мерзімдерді сақтай отырып және халық үшін нақты нәтижемен жүзеге асырылуы тиіс»,— деп атап өтті Премьер-министр. 📱 @KZgovernment
3 593
Repost from UKIMET
+4
Олжас Бектенов Маңғыстау облысының логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін нығайту және негізгі инфрақұрылымдық жобаларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Атап айтқанда, Премьер-министрі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту және отандық өндірістік қуаттарды кеңейту бағытындағы жобалармен танысты.
Ақтау халықаралық әуежайында Премьер-министрге Каспий теңізіне шығу мүмкіндігі мен заманауи порт инфрақұрылымының арқасында ТХКБ-ны дамытуда маңызды рөл атқаратын Маңғыстау облысының көлік-логистикалық әлеуеті туралы баяндалды. Кейінгі үш жылда Қазақстан порттары арқылы контейнерлік транзит көлемі 3,8 есеге артып, 42 мың ЖФЭ-ге дейін жетті. Бұл ретте порттардың жиынтық өткізу қабілеті жылына шамамен 200 мың ЖФЭ-ге дейін жеткізілді.
Олжас Бектенов сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында заманауи кеме құрастыру верфін салу жобасымен танысты. Жобаның инвестиция көлемі кемінде 125 млрд теңгені құрайды.
YDA Group директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан кәсіпорында азаматтық және арнайы кемелерді жобалау мен жасаудан бастап, оларға техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеуге дейінгі өндірістің толық циклі жолға қойылатынын айтты. Сонымен қатар экипажсыз суүсті аппараттарын шығару көзделген. Өндірістік қуаты жылына 8 жаңа кеме жасауға және 24 кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 1,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба аясында технологиялар трансфері, халықаралық стандарттар енгізу және қазақстандық мамандар даярлауға арналған оқу орталығы ашылатыны атап өтілді. Өндірістік кооперацияға отандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тарту жоспарланып отыр.
3 593
В Казахстане обсудили вопросы цифровизации государственных аэропортов и внедрения биометрической идентификации
В Астане состоялась рабочая встреча руководства Министерства транспорта РК с представителями компании SITA.
Главной целью встречи стало обсуждение итогов проведенного компанией SITA аудита государственных аэропортов республики и определение дальнейших стратегических шагов по комплексной цифровизации отрасли гражданской авиации.
Ранее при поддержке Комитета гражданской авиации компании SITA завершила аудит 14 государственных аэропортов. Согласно результатам оценки, уровень оснащенности базовыми системами обслуживания пассажиров и обработки багажа в большинстве аэропортов остается недостаточным (средний уровень оснащенности составляет 38%), в связи с чем значительная часть технологических процессов по-прежнему выполняется вручную.
В рамках встречи рассмотрены вопросы оснащения аэропортов страны передовыми цифровыми системами, включая автоматизацию процессов регистрации пассажиров, обработки и учета багажа, управления пассажиропотоком, а также внедрение современных биометрических технологий для повышения уровня безопасности, ускорения прохождения предполетных процедур и улучшения качества обслуживания пассажиров.
Особое внимание было уделено созданию в городе Астане централизованного центра управления цифровыми системами аэропортов, который обеспечит мониторинг, координацию и оперативное управление ключевыми процессами в режиме реального времени.
Отдельным направлением обсуждения стало участие SITA в оснащении современными цифровыми решениями трех строящихся аэропортов Казахстана – в Зайсане, Кендерли и Катон-Карагайском районе. Стороны рассмотрели возможность внедрения в данных аэропортах комплексных технологических решений, включая системы регистрации пассажиров, обработки багажа, управления пассажиропотоком, биометрической идентификации и другие цифровые сервисы, соответствующие международным стандартам.
По итогам встречи подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и реализации совместных проектов, направленных на цифровизацию авиационной отрасли Казахстана, повышение уровня авиационной безопасности и улучшение качества обслуживания пассажиров.
SITA – глобальная IT-компания, являющаяся одним из мировых лидеров в области разработки цифровых решений для авиационной отрасли.
3 593
Қазақстанда мемлекеттік әуежайларды цифрландыру және биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды
Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы мен SITA компаниясы өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты мемлекеттік әуежайларға SITA компаниясы жүргізген аудит қорытындыларын талқылау және азаматтық авиация саласын кешенді цифрландыру бойынша алдағы стратегиялық қадамдарды айқындау болды.
Бұған дейін Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен SITA компаниясы еліміздегі 14 мемлекеттік әуежайға аудит жүргізуді аяқтады. Бағалау нәтижесіне сәйкес, әуежайлардың басым бөлігінде жолаушыларға қызмет көрсету және багажды өңдеудің негізгі жүйелерімен жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз болып отыр (орташа көрсеткіш – 38%). Соның салдарынан көптеген технологиялық үдерістер әлі де қолмен орындалады.
Кездесу барысында еліміздің әуежайларын озық цифрлық жүйелермен жабдықтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу және есепке алу процестерін автоматтандыру, жолаушылар ағынын басқару, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, ұшу алдындағы рәсімдерден өту уақытын қысқарту және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында заманауи биометриялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Кездесуде Астана қаласында әуежайлардың цифрлық жүйелерін орталықтандырылған басқару орталығын құруға ерекше назар аударылды. Бұл орталық негізгі процестерді нақты уақыт режимінде мониторингтеуді, үйлестіруді және жедел басқаруды қамтамасыз етеді.
Талқылаудың жеке бағыты ретінде SITA компанияcының Қазақстанда салынып жатқан үш әуежайды – Зайсан, Кендірлі және Катонқарағайдағы әуежайларды – заманауи цифрлық шешімдермен жабдықтауға қатысу мәселесі қарастырылды. Тараптар аталған әуежайларда халықаралық стандарттарға сәйкес жолаушыларды тіркеу, багажды өңдеу, жолаушылар ағынын басқару, биометриялық сәйкестендіру жүйелері мен басқа да цифрлық сервистерді қамтитын кешенді технологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндігін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның авиация саласын цифрландыруға, авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.
SITA – авиация саласына арналған цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу бойынша әлемдік жетекші компаниялардың бірі болып табылатын жаһандық IT-компания.
3 593
Казахстан и США укрепляют сотрудничество в сфере авиационной безопасности
В Авиационной администрации Казахстана состоялась встреча с руководством Программы экспортного контроля и безопасности границ (EXBS) и представителями Посольства США в Республике Казахстан.
Стороны подвели итоги совместной работы и обсудили дальнейшие направления сотрудничества в сфере авиационной безопасности. Особое внимание было уделено практической поддержке, оказываемой Казахстану в рамках Программы EXBS.
За годы сотрудничества при поддержке EXBS для специалистов авиационной отрасли Казахстана были организованы специализированные обучения и международные ознакомительные визиты. Кроме того, аэропортам страны было предоставлено современное досмотровое оборудование, способствующее укреплению их технического потенциала и повышению эффективности мер авиационной безопасности.
Участники встречи подтвердили готовность продолжить совместную работу, в том числе в области подготовки специалистов, обмена международным опытом и дальнейшего совершенствования системы авиационной безопасности Казахстана.
Авиационная администрация Казахстана выразила признательность американской стороне за последовательную поддержку и вклад в развитие авиационной безопасности страны.
3 593
Қазақстан мен АҚШ авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінде Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшылығымен және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті.
Тараптар бірлескен жұмыстың нәтижелерін қорытындылап, авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттарын талқылады. EXBS бағдарламасы аясында Қазақстанға көрсетіліп жатқан практикалық қолдауға ерекше назар аударылды.
Ынтымақтастық жылдары EXBS қолдауымен Қазақстанның авиация саласы мамандары үшін мамандандырылған оқыту бағдарламалары мен халықаралық таныстыру сапарлары ұйымдастырылды. Сонымен қатар еліміздің әуежайларына олардың техникалық әлеуетін нығайтуға және авиациялық қауіпсіздік шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи тексеру жабдықтары берілді.
Кездесуге қатысушылар мамандарды даярлау, халықаралық тәжірибе алмасу және Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттарындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі америкалық тарапқа тұрақты қолдауы және еліміздің авиациялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
3 593
Полномасштабные учения по поисково-спасательному обеспечению полетов прошли в Алматинской области и Шымкенте
Полномасштабные учения по поисково-спасательному обеспечению полетов «SAREX 03/2026» прошли в условиях, максимально приближенных к реальному авиационному происшествию с большим количеством пострадавших, с отработкой всего комплекса мероприятий от обнаружения воздушного судна до эвакуации условно пострадавших и организации помощи их условным родственникам.
Согласно сценарию учений, условное место авиационного события было определено в 100 км от аэропорта города Алматы, в урочище Тамгалы-Тасвдоль берега реки Или. Были привлечены силы и средства Координационного центра поиска и спасания РГП «Казаэронавигация», экипажи поисково-спасательных вертолетов АО «Казавиаспас» и Авиационной службы КНБ РК, подразделения Департаментов по чрезвычайным ситуациям городов Алматы, Алматинской области, области Жетісу и города Шымкент, служб здравоохранения и Центра медицины катастрофа Алматинской области и города Шымкент, также службы аэропорта Шымкент.
📌Учения «SAREX 03/2026» были организованы сцелью проверки готовности сил и средств, совершенствования взаимодействия государственных органов, оперативно-спасательных служб, служб аэропорта и иных организаций, привлекаемых к проведению поисково-спасательных операций, а также отработки механизмов кризисного управления при возникновении авиационного происшествия.
Особое внимание было уделено взаимодействию всех уровней поисково-спасательной системы, включая аварийное оповещение и координацию действий; поиск и обнаружение условного воздушного судна; высадку аварийно-спасательных формирований и оказание первой медицинской помощи; эвакуацию пострадавших воздушным и наземным транспортом; активацию Аварийного плана аэропорта Шымкент и развертывание Кризисного центра (Emergency Operations Center) и Центра помощи родственникам пострадавших (Family Assistance Center) с обеспечение отработки межведомственного взаимодействия, информационного обмена, сопровождения условных родственников пострадавших и координации действий всех задействованных служб в соответствии с
Аварийным планом аэропорта.
Впервые в формате полномасштабных учений «SAREX» в качестве наблюдателей приняли участие делегаты Государственного агентства гражданской авиации, а также МЧС Кыргызстана. Международное присутствие позволило обменяться лучшими практиками и укрепить региональное сотрудничество в области авиационного поиска и спасания.
В ходе «SAREX 03/2026» был включен элемент активации аварийного плана Авиационной администрации Казахстана, в рамках которого была проверена готовность структурных подразделений, включая сбор, обработку и мониторинг получаемой по учению информации.
Проведение подобных полномасштабных учений является важным элементом выполнения Казахстаном международных обязательств в области гражданской авиации в соответствии со Стандартами и Рекомендуемой практикой Международной организации гражданской авиации (ИКАО), предусмотренными Приложением 12 «Поиск и спасание (Search and Rescue)» и Приложением 9 «Упрощение формальностей (Facilitation)» к Конвенции о международной гражданской авиации (Чикагской конвенции). Учения позволили проверить готовность национальной системы авиационного поиска и спасания, а также эффективность механизмов оказания помощи пострадавшим и членам их семей.
3 593
«SAREX 03/2026»: Қазақстанда авиациялық іздестіру-құтқару бойынша ауқымды оқу-жаттығулар өтті
«SAREX 03/2026» ұшуларды іздестіру-құтқару қамтамасыз ету бойынша ауқымды оқу-жаттығулары көптеген зардап шеккендер бар әуе оқиғасы жағдайына барынша жақындатылған сценарий бойынша өткізілді. Оқулар барысында әуе кемесін анықтаудан бастап шартты зардап шеккендерді эвакуациялауға және олардың шартты туыстарына көмек көрсетуді ұйымдастыруға дейінгі іс-шаралардың толық кешені пысықталды.
📌Сценарийге сәйкес шартты авиациялық оқиға орны Алматы қаласы әуежайынан 100 шақырым қашықтықта, Іле өзенінің жағасындағы Тамғалы-Тас шатқалында белгіленді. Іс-шараға «Қазаэронавигация» РМК Іздестіру және құтқаруды үйлестіру орталығының күштері мен құралдары, «Қазавиақұтқару» АҚ және Қазақстан Республикасы ҰҚК Авиациялық қызметінің іздестіру-құтқару тікұшақтарының экипаждары, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жетісу облысы және Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменттерінің бөлімшелері, Алматы облысы мен Шымкент қаласының денсаулық сақтау қызметтері және Апаттар медицинасы орталығы, сондай-ақ Шымкент әуежайының қызметтері жұмылдырылды.
«SAREX 03/2026» оқу-жаттығуларының мақсаты – іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуге тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін тексеру, мемлекеттік органдардың, жедел-құтқару қызметтерінің, әуежай қызметтерінің және өзге де ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ авиациялық оқиға туындаған жағдайда дағдарыстық басқару тетіктерін пысықтау болды.
Жаттығу барысында іздестіру-құтқару жүйесінің барлық деңгейлерінің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, авариялық хабарлау және іс-қимылды үйлестіру, шартты әуе кемесін іздеу және анықтау, авариялық-құтқару жасақтарын түсіру және алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді әуе және жерүсті көлігімен эвакуациялау, Шымкент әуежайының Апаттық жоспарын іске қосу, сондай-ақ Дағдарыс орталығын (Emergency Operations Center) және зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсету орталығының (Family Assistance Center) жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, ақпарат алмасу, шартты зардап шеккендердің туыстарын сүйемелдеу және әуежайдың Апаттық жоспарына сәйкес барлық тартылған қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру тетіктері тексерілді.
Алғаш рет «SAREX» ауқымды оқу-жаттығуларына бақылаушы ретінде Қырғыз Республикасының Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты. Халықаралық қатысу авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы үздік тәжірибелермен алмасуға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
«SAREX 03/2026» оқу-жаттығулары барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Апаттық жоспарын іске қосу элементі де пысықталды. Оның аясында құрылымдық бөлімшелердің әзірлігі, оның ішінде оқу-жаттығу барысында келіп түскен ақпаратты жинау, өңдеу және мониторинг жүргізу жүйесінің жұмысы тексерілді.
Осындай ауқымды оқу-жаттығуларды өткізу Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына (Чикаго конвенциясы) енгізілген 12-қосымша «Іздестіру және құтқару (Search andRescue)» және 9-қосымша «Ресімдерді жеңілдету (Facilitation)» стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығулар ұлттық авиациялық іздестіру-құтқару жүйесінің әзірлік деңгейін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар кезінде зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсету тетіктерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.
3 593
Планируется открытие прямых рейсов между Астаной и Шанхаем
В рамках рабочего визита в Китайскую Народную Республику Председатель Комитета гражданской авиации МТ РК Салтанат Томпиева провела встречу со Старшим вице-президентом по маркетингу и продажам авиакомпании China Eastern Airlines г-ном Джином Ченчу.
Основной темой переговоров стало открытие прямого авиасообщения по маршруту Астана – Шанхай. Представители авиакомпании подтвердили высокий коммерческий интерес к данному направлению и сообщили о готовности после завершения необходимых подготовительных мероприятий с осени т.г. приступить к запуску рейсов. На первоначальном этапе полеты будут выполняться три раза в неделю с последующим увеличением частоты до ежедневной.
В ходе встречи стороны также обсудили перспективы дальнейшего расширения маршрутной сети между Казахстаном и Китаем. Руководство авиакомпании выразило заинтересованность в увеличении количества рейсов в Казахстан, а также в развитии сотрудничества с казахстанскими авиаперевозчиками.
Открытие нового маршрута станет очередным шагом в реализации договоренностей по развитию воздушного сообщения между Казахстаном и Китаем. Прямое авиасообщение между столицами деловой и политической жизни двух стран будет способствовать дальнейшему росту туристических, деловых и инвестиционных связей, а также расширению транзитных возможностей Казахстана.
Справочно:
China Eastern Airlines – одна из трех крупнейших государственных авиакомпаний Китая и второй по величине авиаперевозчик страны. Базируется в Шанхае.
Эксплуатирует 834 воздушных судна. В 2025 году авиакомпания перевезла 150 млн пассажиров. Выполняет порядка 550 рейспов ежедневно из двух аэропортов Шанхая.
3 593
Астана мен Шанхай арасында тікелей әуе рейстерін ашу жоспарлануда
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева China Eastern Airlines әуе компаниясының маркетинг және сату жөніндегі Аға вице-президенті Чэнь Цзинь мырзамен кездесу өткізді.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі болды. Әуе компаниясының өкілдері аталған бағытқа жоғары коммерциялық қызығушылық танытып отырғанын растап, қажетті дайындық жұмыстарын аяқтағаннан кейін биылғы күзден бастап рейстерді іске қосуға дайын екендерін мәлімдеді. Бастапқы кезеңде рейстер аптасына үш рет орындалып, кейіннен олардың жиілігін күнделікті рейске дейін арттыру жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы бағыттар желісін одан әрі кеңейту перспективаларын да талқылады. Әуе компаниясының басшылығы Қазақстанға орындалатын рейстер санын көбейтуге, сондай-ақ қазақстандық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын дамыту жөніндегі уағдаластықтарды іске асырудағы кезекті маңызды қадам болмақ. Екі елдің іскерлік және саяси орталықтарын тікелей әуе қатынасымен байланыстыру туристік, іскерлік және инвестициялық байланыстардың одан әрі нығаюына, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді.
Анықтама:
China Eastern Airlines – Қытайдың үш ірі мемлекеттік әуе компаниясының бірі және елдегі көлемі жағынан екінші ірі әуе тасымалдаушы. Компанияның штаб-пәтері Шанхай қаласында орналасқан.
Әуе компаниясының паркі 834 әуе кемесінен тұрады. 2025 жылы China Eastern Airlines 150 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Компания Шанхайдың екі әуежайынан тәулігіне шамамен 550 рейс орындайды.
