🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат Сайт: www.gov.kz/edu TikTok: @oqu_agartu_ministrligi Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministrligi
Больше📈 Аналитический обзор Telegram-канала 🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Канал 🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ (@oqu_agartu) языкового сегмента Казахский является активным участником. Сейчас сообщество объединяет 44 324 подписчиков, занимая 4 086 место в категории Образование и 139 место в регионе Казахстан.
📊 Показатели аудитории и динамика
С момента создания невідомо проект демонстрирует стремительный рост, собрав аудиторию из 44 324 подписчиков.
Согласно последним данным от 02 августа, 2026, канал показывает стабильную активность. За последние 30 дней изменение числа участников составило -521, а за последние 24 часа — -7, при этом общий охват остаётся высоким.
- Статус верификации: Не верифицирован
- Уровень вовлечённости (ER): Средний показатель вовлечённости аудитории составляет 3.01%. В первые 24 часа после публикации контент обычно набирает 2.04% реакций от общего числа подписчиков.
- Охват публикаций: В среднем каждый пост получает 1 332 просмотров. В течение первых суток публикация набирает 904 просмотров.
- Реакции и взаимодействия: Аудитория активно поддерживает контент: среднее количество реакций на один пост — 11.
📝 Описание и контентная политика
Автор описывает ресурс как площадку для выражения субъективного мнения:
“Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми арнасы
Педагогтерге, ата-аналар мен балаларға арналған білім туралы барлық ақпарат
Сайт: www.gov.kz/edu
TikTok: @oqu_agartu_ministrligi
Instagram: https://www.instagram.com/oqu_agartu_ministr...”
Благодаря высокой частоте обновлений (последние данные получены 03 августа, 2026) канал поддерживает актуальность и высокий уровень охвата публикаций. Аналитика показывает, что аудитория активно взаимодействует с контентом, что делает его важной точкой влияния в категории Образование.
Загрузка данных...
| Дата | Привлечение подписчиков | Упоминания | Каналы | |
| 02 августа | +3 | |||
| 01 августа | +3 |
| 2 | ⚡️Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті
🇷🇴2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.
🇰🇿Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
🥉Қола медаль иегері:
• Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
📃 Құрмет грамотасының иегерлері:
• Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Аслан Ажибаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
• Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
✅Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
🎓Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.
📚Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
👏Құрама мүшелерін және жетекшісін, сондай-ақ оқушылардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас зияткерлерімізге алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 744 |
| 3 | ⚡️Сборная Казахстана завоевала три медали и почетную грамоту на EJOI 2026
🇰🇿🇱🇹С 24 по 30 июля 2026 года в городе Каунас Литовской Республики прошла Европейская юниорская олимпиада по информатике (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026). В интеллектуальном состязании приняли участие более 100 школьников из 25 стран.
⌨️EJOI - одна из самых престижных международных олимпиад по информатике для школьников до 16 лет. Она направлена на развитие способностей талантливых учащихся в области программирования, алгоритмизации и компьютерных наук.
🧩Олимпиада включала два соревновательных дня. Участники решали алгоритмические задачи различного уровня сложности, демонстрируя свои знания и практические навыки.
🇰🇿Честь Казахстана защищала национальная сборная, сформированная из победителей и призеров республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам в категории «Информатика».
🏆По итогам соревнований сборная Казахстана завоевала 1 золотую, 1 серебряную, 1 бронзовую медаль и 1 почетную грамоту.
🥇Еламан Алишер, ученик 8 класса Республиканской физико-математической школы города Алматы - золотая медаль;
🥈Бельгимбаев Амир, ученик 9 класса Республиканской физико-математической школы города Алматы - серебряная медаль;
🥉Ермұханов Ислам, ученик 9 класса Актюбинского областного специализированного лицея-интерната «Білім-Инновация» - бронзовая медаль;
📃 Жангелді Санжар, ученик 9 класса Карагандинской областной специализированной школы-лицея-интерната имени Н. Нұрмақова - почетная грамота.
👨🏫Национальную сборную подготовили руководитель сборной Казахстана, ACM-тренер Школы программной инженерии Astana IT University, победитель республиканских и международных олимпиад Темірлан Сатылханов и тренер-преподаватель по информатике образовательного центра «EdLight Academy» Арман Исаев.
📈Отметим, что в 2025 году сборная Казахстана завоевала на EJOI 1 серебряную и 3 бронзовые медали. В этом году копилка национальной сборной пополнилась золотой медалью.
👏Поздравляем победителей, призеров и их тренеров!
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 2 128 |
| 4 | ⚡️ Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді
🇰🇿🇱🇹2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты.
⌨️EJOI - 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған информатика саласындағы ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол дарынды оқушылардың бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.
🧩Олимпиада екі жарыс күнінен тұрды. Қатысушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алгоритмдік есептерді шешіп, білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды.
🇰🇿Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады.
🏆Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді.
🥇Еламан Алишер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы - алтын медаль;
🥈Бельгимбаев Амир, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы - күміс медаль;
🥉Ермұханов Ислам, Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы - қола медаль;
📃 Жангелді Санжар, Қарағанды облыстық Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы - мақтау грамотасы.
👨🏫Ұлттық құраманы Қазақстан құрамасының жетекшісі, Astana IT University Бағдарламалық инженерия мектебінің ACM жаттықтырушысы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Темірлан Сатылханов және «EdLight Academy» білім беру орталығының информатика пәні бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Арман Исаев дайындады.
📈Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы EJOI олимпиадасында 1 күміс және 3 қола медаль иеленген болатын. Биыл ұлттық құраманың қоржыны алтын медальмен толықты.
👏Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 1 670 |
| 5 | ⚡️Около 450 тысяч детей получат помощь на подготовку к школе
🎒С 1 августа по 30 сентября 2026 года в рамках фонда «Всеобуч» детям из социально уязвимых категорий будет оказана помощь на приобретение школьной формы, обуви и школьных принадлежностей.
💳В преддверии 2026-2027 учебного года поддержку получат около 450 тысяч детей. На эти цели в местных бюджетах предусмотрено порядка 23 млрд тенге.
⬆️Минимальный размер помощи составляет 50 851 тенге на одного ребенка. Это на 10% больше, чем в прошлом году. В зависимости от возможностей местного бюджета в отдельных регионах сумма выплаты может быть выше.
👨👩👧👦Помощь предусмотрена для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, школьников из малообеспеченных семей, семей, получающих адресную социальную помощь, а также детей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации.
📄Для получения выплаты родителям или законным представителям необходимо обратиться в организацию образования и представить соответствующие документы.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 1 434 |
| 6 | ⚡️450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алады
🎒2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетіледі.
💳2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдаумен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
⬆️Көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін.
👨👩👧👦Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі.
📄 Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы қажет.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 1 346 |
| 7 | ⚡️Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады
⚜️⚜️⚜️
⚡️Министерство просвещения определило сроки обучения и каникул на 2026-2027 учебный год
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 128 |
| 8 | ⚡️Министерство просвещения определило сроки обучения и каникул на 2026-2027 учебный год
🗓Министерством просвещения Республики Казахстан утверждены сроки начала и завершения 2026-2027 учебного года, а также периоды каникул для школьников организаций среднего образования.
🔔 Учебный год начнется 1 сентября 2026 года и завершится 25 мая 2027 года.
🔔 Первая четверть продлится 8 учебных недель. Осенние каникулы составят 7 календарных дней - с 26 октября по 1 ноября 2026 года включительно.
✍️Вторая четверть также продлится 8 учебных недель. Зимние каникулы составят 14 календарных дней - с 28 декабря 2026 года по 10 января 2027 года включительно.
🔔Для учащихся первых классов предусмотрены дополнительные каникулы продолжительностью 7 календарных дней - с 8 по 14 февраля 2027 года включительно.
🌿Третья четверть продлится 10 учебных недель. Весенние каникулы составят 7 календарных дней - с 22 по 28 марта 2027 года включительно.
🎒Четвертая четверть продлится 8 учебных недель и завершится 25 мая 2027 года.
📄Также утверждены сроки проведения итоговой аттестации выпускников 9 (10) и 11 (12) классов. Подробная информация опубликована на официальных информационных ресурсах Министерства просвещения Республики Казахстан.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 4 269 |
| 9 | ⚡️Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады
🗓Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
🔔 Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
🔔Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
✍️Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
🔔Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
🌿Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
🎒Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
📄Сондай-ақ 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 2 272 |
| 10 | ⚡️Министр просвещения Жулдыз Сулейменова ознакомилась с работой IT школы-лицея в Акмолинской области
🏫В рамках рабочей поездки Министр просвещения Жулдыз Сулейменова посетила IT школу-лицей в селе Талапкер Целиноградского района Акмолинской области.
☀️Жулдыз Сулейменова ознакомилась с работой летней школы, организованной при учебном заведении, и посмотрела, как проходят мероприятия, направленные на содержательную организацию летнего отдыха школьников.
📚Также министр осмотрела материально-техническую базу школы, учебные кабинеты, библиотеку, спортивные залы, столовую и систему безопасности. Особое внимание было уделено вопросам подготовки к новому учебному году и организации образовательного процесса.
👩🏫Сегодня в школе обучаются около 1400 учеников. При школе также функционируют две группы предшкольной подготовки, в которых воспитываются 64 ребенка. В образовательной организации работают 111 педагогов и 32 сотрудника, всего 143 человека. Школа оснащена специализированными кабинетами физики и биологии, двумя кабинетами информатики, библиотекой, двумя спортивными залами, актовым залом, столовой и современной системой безопасности.
✅В ходе визита особое внимание было уделено вопросам безопасности детей, повышения качества образования и качественной подготовки к новому учебному году.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 2 275 |
| 11 | Нет текста... | 1 634 |
| 12 | ⚡️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысындағы IT мектеп-лицейінің жұмысымен танысты
🏫Жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында орналасқан IT мектеп-лицейіне барды.
☀️Жұлдыз Сүлейменова мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы мектептің жұмысымен танысып, оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралардың өту барысын көрді.
📚Сондай-ақ министр білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын аралап, оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залдарын, асхананы және қауіпсіздік жүйесін қарап шықты. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен білім беру процесін ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды.
👩🏫 Бүгінде мектепте 1400-ге жуық оқушы білім алады. Сондай-ақ мектеп жанындағы екі мектепалды даярлық тобында 64 тәрбиеленуші бар. Білім беру ұйымында 111 педагог және 32 қызметкер, барлығы 143 адам еңбек етеді. Мектеп арнайы жабдықталған физика және биология кабинеттерімен, екі информатика кабинетімен, кітапханамен, екі спорт залымен, мәжіліс залымен, асханамен және заманауи қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген.
✅Сапар барысында балалардың қауіпсіздігі, білім беру сапасын арттыру және жаңа оқу жылына сапалы дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 1 594 |
| 13 | ⚡️Казахстан вошел в топ-25 сильнейших команд мира на самой престижной школьной олимпиаде по математике
🇰🇿Национальная сборная Казахстана успешно выступила на 67-й Международной математической олимпиаде (IMO) - старейшей и самой престижной международной предметной олимпиаде среди школьников, проводимой с 1959 года. По итогам неофициального командного медального зачета среди 117 стран Казахстан вошел в топ-25 сильнейших команд мира, заняв 22-е место. Все шесть участников национальной сборной стали призерами, завоевав три серебряные и три бронзовые медали.
🏆Выступление на самой престижной школьной олимпиаде по математике стало ярким завершением насыщенного июля для национальных сборных Казахстана. За один месяц казахстанские школьники успешно выступили на Международных олимпиадах по физике, химии, биологии и математике, а также Международной олимпиаде по экономике, завоевав 24 медали. При этом во всех пяти соревнованиях каждый представитель страны стал медалистом, что подтверждает эффективность системной работы по выявлению и подготовке талантливых школьников.
⚛️На 56-й Международной физической олимпиаде (IPhO) в Колумбии, объединившей 381 школьника из 85 стран, Казахстан добился исторического результата. Впервые все пять участников национальной сборной завоевали золотые медали. Если в 2025 году команда получила две серебряные и три бронзовые награды, то в этом году - пять золотых медалей. По итогам неофициального командного медального зачета Казахстан разделил 1-е место с сильнейшими сборными мира.
⚗️На 58-й Международной олимпиаде по химии (IChO) в Ташкенте, где участвовали более 350 школьников из более чем 90 стран, все четыре представителя Казахстана стали медалистами, завоевав одну золотую и три серебряные медали. По итогам неофициального командного медального зачета национальная сборная вошла в топ-10, заняв 10-е место.
🧬На 37-й Международной биологической олимпиаде (IBO) в Вильнюсе, объединившей более 330 участников из 84 стран, все представители Казахстана также стали медалистами. Национальная сборная завоевала три серебряные и одну бронзовую медали, повторив лучший результат страны за всю историю участия, установленный в 1996 году. По сравнению с прошлым годом, когда команда завоевала четыре бронзовые медали, результат был значительно улучшен. В неофициальном командном медальном зачете Казахстан занял 18-е место.
📈На Международной олимпиаде по экономике (IEO) в Китае, объединившей около 300 школьников из 61 страны, сборная Казахстана также добилась стопроцентного медального результата, завоевав одну золотую, три серебряные и одну бронзовую медали. Представитель Казахстана Мухтархан Батырхан во второй раз стал обладателем золотой медали IEO. По итогам неофициального командного медального зачета Казахстан вошел в топ-10, заняв 10-е место.
🏅Результаты июля подтвердили устойчивые позиции Казахстана среди сильнейших интеллектуальных команд мира. 1-е место в неофициальном командном зачете по физике, вхождение в топ-10 по химии и экономике, 18-е место по биологии и топ-25 мира по математике стали очередным подтверждением эффективности национальной системы подготовки школьников к международным олимпиадам.
🌍 Международный олимпиадный сезон продолжается. В августе национальные сборные Казахстана примут участие еще в трех ведущих международных предметных олимпиадах - Международной олимпиаде по информатике (IOI), Международной олимпиаде по географии (IGeO) и Международной олимпиаде по лингвистике (IOL). По итогам этих соревнований Казахстан завершит выступление на всех семи крупнейших международных предметных олимпиадах 2026 года.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 4 770 |
| 14 | ⚡️Қазақстан мектеп оқушылары арасындағы ең беделді математика олимпиадасында әлемнің үздік 25 құрамасының қатарына енді
🇰🇿Қазақстанның ұлттық құрамасы 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан мектеп оқушылары арасындағы ең көне әрі ең беделді халықаралық пәндік жарыс - 67-ші Халықаралық математика олимпиадасында (IMO) жоғары нәтиже көрсетті. 117 елдің оқушылары қатысқан олимпиаданың бейресми командалық медальдық есебінің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің үздік 25 құрамасының қатарына еніп, 22-орынға тұрақтады. Ұлттық құраманың барлық алты мүшесі жүлдегер атанып, үш күміс және үш қола медаль иеленді.
🏆Халықаралық математика олимпиадасындағы бұл жетістік Қазақстанның ұлттық құрамалары үшін нәтижелі өткен шілде айының жарқын қорытындысы болды. Бір айдың ішінде қазақстандық оқушылар физика, химия, биология, математика және экономика пәндері бойынша өткен халықаралық олимпиадаларда 24 медаль жеңіп алды. Ең бастысы - аталған бес халықаралық олимпиаданың барлығында Қазақстанның әрбір қатысушысы жүлдегер атанды. Бұл дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және халықаралық деңгейдегі зияткерлік жарыстарға жүйелі даярлау жұмысының тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
⚛️Колумбияда өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) 85 елден 381 оқушы бақ сынады. Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізіп, алғаш рет ұлттық құраманың барлық бес мүшесі алтын медаль жеңіп алды. Егер 2025 жылы команда екі күміс және үш қола медаль еншілесе, биыл бес алтын медальға қол жеткізді. Бейресми командалық медальдық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан әлемнің үздік құрамаларымен бірге 1-орынды бөлісті.
⚗️Ташкент қаласында өткен 58-ші Халықаралық химия олимпиадасында (IChO) 90-нан астам елден 350-ден астам оқушы қатысты. Қазақстанның төрт қатысушысының барлығы жүлдегер атанып, бір алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Нәтижесінде ұлттық құрама бейресми командалық медальдық есепте үздік ондыққа еніп, 10-орынды иеленді.
🧬Вильнюс қаласында өткен 37-ші Халықаралық биология олимпиадасында (IBO) 84 елден 330-дан астам оқушы бақ сынады. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі жүлдегер атанып, үш күміс және бір қола медаль иеленді. Осылайша, ұлттық құрама 1996 жылы қол жеткізілген осы олимпиададағы Қазақстанның ең үздік нәтижесін қайталады. Өткен жылы төрт қола медаль жеңіп алған командамен салыстырғанда, биылғы көрсеткіш айтарлықтай жақсарды. Бейресми командалық медальдық есепте Қазақстан 18-орынға тұрақтады.
📈Қытайда өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (IEO) 61 елден шамамен 300 оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл додада да жүз пайыздық нәтижеге қол жеткізіп, бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық Мұхтархан Батырхан IEO олимпиадасының алтын медалін екінші рет иеленді. Бейресми командалық медальдық есепте Қазақстан үздік ондыққа еніп, 10-орыннан көрінді.
🏅Шілде айындағы халықаралық олимпиадалардың қорытындылары Қазақстанның әлемдегі жетекші зияткерлік құрамалардың қатарындағы орнының нығайып келе жатқанын көрсетті. Физикадан бейресми командалық есепте 1-орын, химия мен экономикадан үздік ондыққа ену, биологиядан 18-орын және математикадан әлемнің үздік 25 құрамасының қатарына қосылу еліміздегі дарынды оқушыларды халықаралық деңгейде даярлау жүйесінің тиімділігінің кезекті дәлелі болды.
🌍 Халықаралық олимпиадалар маусымы жалғасуда. Тамыз айында Қазақстанның ұлттық құрамалары Халықаралық информатика олимпиадасына (IOI), Халықаралық география олимпиадасына (IGeO) және Халықаралық лингвистика олимпиадасына (IOL) қатысады. Аталған олимпиадалардың қорытындысы бойынша Қазақстан 2026 жылғы ең ірі жеті халықаралық пәндік олимпиаданың барлығына қатысу циклін аяқтайды.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 1 315 |
| 15 | ⚡️ Государственный общеобязательный стандарт образования приведен в полное соответствие с нормами и ценностями Новой Конституции
📚 Обновленный государственный общеобязательный стандарт образования приведен в соответствие с положениями Новой Конституции. В содержание образования системно интегрированы принципы Конституции, ценности Единой программы воспитания «Адал азамат», концепция «Таза Қазақстан» и принцип «Закон и порядок».
💻 Также усилено внимание к формированию у обучающихся компетенций по эффективному, безопасному и ответственному использованию искусственного интеллекта и цифровых ресурсов. Усилены требования, связанные с пониманием основ Конституции, прав и обязанностей гражданина, значения государственных символов, уважением к государственному языку и соблюдением принципа верховенства закона.
🤝 Для качественного внедрения обновленного стандарта на республиканском и региональном уровнях будет проводиться информационно-разъяснительная работа.
✅Все изменения направлены на повышение качества образования, развитие современных компетенций обучающихся и дальнейшее совершенствование системы образования в соответствии с принципами Новой Конституции.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 2 606 |
| 16 | ⚡️ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтарына толық сәйкестендірілді
📚Жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкестендірілді. Білім беру мазмұнына Конституция қағидаттары, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты жүйелі түрде кіріктірілді.
⌨️Сонымен қатар білім алушылардың жасанды интеллект пен цифрлық ресурстарды тиімді, қауіпсіз және жауапты пайдалану құзыреттері күшейтілді. Конституция негіздерін, азаматтың құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттік рәміздердің маңызын, мемлекеттік тілге құрметті және заң үстемдігі қағидаттарын түсінуге қойылатын талаптар күшейтілді.
🤝Жаңартылған стандартты сапалы іске асыру үшін республикалық және өңірлік деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
✅Жаңартулардың барлығы білім сапасын арттыруға, оқушылардың заманауи құзыреттерін дамытуға және білім беру жүйесін Жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес одан әрі жетілдіруге бағытталған.
_____________________
📱instagram📱facebook📱tiktok📱website | 3 591 |
| 17 | Нет текста... | 2 645 |
| 18 | Нет текста... | 2 293 |
| 19 | 🔶Халықаралық олимпиада жеңімпазы: экономика – бұл сандар ғана емес, ол мемлекет пен адамға да қатысты
Халықаралық экономика олимпиадасының алтын медаль иегері Батырхан Мұхтархан өзінің жеңіске жету жолы мен экономика ғылымына деген қызығушылығы қалай басталғанын айтып берді.
«Экономика пәніне деген қызығушылығым мұғалімдердің экономикадан жаңа олимпиадаға қатысуға ұсыныс жасауынан кейін оянды. Алғашында экономиканы статистика, сандар мен жалпы ішкі өнім туралы ғылым деп ойлайтынмын. Бұл тақырыптарға қызығушылығым да жоғары болды. Олимпиадаға қатысып көрдім, сонда экономиканың бұдан әлдеқайда ауқымды ұғым екенін түсіндім. Экономика мемлекетке де, адамдарға да, олардың өзара қарым-қатынасына да қатысты», – деді Батырхан Мұхтархан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.
Ол халықаралық экономика олимпиадасына қатысқысы келетін оқушыларға математика, логика және олимпиаданың барлық кезеңі ағылшын тілінде өтетіндіктен ағылшын тілін терең меңгеруге кеңес берді.
🔶Победитель международной олимпиады: экономика – это не только про цифры, это про государство и людей
Обладатель золотой медали Международной олимпиады по экономике Батырхан Мұхтархан рассказал, как шел к своему успеху.
«Я начал заниматься экономикой с предложения учителей поучаствовать в новой олимпиаде по экономике. Тогда я думал, что экономика – это про статистку, про числа, про ВВП, чем я довольно сильно увлекался. Я решил поучаствовать и тогда я понял, что экономика – это больше, чем это. Это про государство, про людей, про взаимоотношения между ними», – сказал Батырхан Мұхтархан в ходе круглого стола в СЦК.
Он также посоветовал будущим участникам международных олимпиад по экономике изучать математику, логику и английский язык, т.к. все этапы проходят на английском языке.
@ortcom_kz #CCS | 2 026 |
| 20 | Нет текста... | 1 297 |
