Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда
رفتن به کانال در Telegram
Наш чат @soileuchat | Сообщество @soileu_kz 09.08.24 - я решил начать изучение казахского https://t.me/SoileuKZ/2 24.05.25 - запустил Марафон «Казахский язык за год» https://t.me/SoileuKZ/199 24.05.26 - запустил второй марафон https://t.me/SoileuKZ/666
نمایش بیشتر1 117
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
+27 روز
+1730 روز
در حال بارگذاری دادهها
کانالهای مشابه
هیچ دادهای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
ابر برچسبها
هیچ دادهای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
اکتبر '26اکتبر '26
اکتبر '26
+27
در 0 کانالها
سپتامبر '26
+39
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '26
+37
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '26
+36
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '26
+57
در 0 کانالها
Get PRO
مه '26
+159
در 2 کانالها
Get PRO
آوریل '26
+34
در 0 کانالها
Get PRO
مارس '26
+52
در 2 کانالها
Get PRO
فوریه '26
+37
در 0 کانالها
Get PRO
ژانویه '26
+54
در 1 کانالها
Get PRO
دسامبر '25
+94
در 3 کانالها
Get PRO
نوامبر '25
+44
در 1 کانالها
Get PRO
اکتبر '25
+127
در 34 کانالها
Get PRO
سپتامبر '25
+64
در 0 کانالها
Get PRO
اوت '25
+71
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '25
+483
در 1 کانالها
Get PRO
ژوئن '250
در 0 کانالها
Get PRO
مه '25
+33
در 1 کانالها
| تاریخ | رشد مشترکین | اشارات | کانالها | |
| 28 اکتبر | +2 | |||
| 27 اکتبر | +1 | |||
| 26 اکتبر | 0 | |||
| 25 اکتبر | 0 | |||
| 24 اکتبر | +2 | |||
| 23 اکتبر | +2 | |||
| 22 اکتبر | 0 | |||
| 21 اکتبر | 0 | |||
| 20 اکتبر | +2 | |||
| 19 اکتبر | +1 | |||
| 18 اکتبر | 0 | |||
| 17 اکتبر | 0 | |||
| 16 اکتبر | +2 | |||
| 15 اکتبر | +3 | |||
| 14 اکتبر | +2 | |||
| 13 اکتبر | +2 | |||
| 12 اکتبر | +3 | |||
| 11 اکتبر | 0 | |||
| 10 اکتبر | 0 | |||
| 09 اکتبر | 0 | |||
| 08 اکتبر | +1 | |||
| 07 اکتبر | +2 | |||
| 06 اکتبر | 0 | |||
| 05 اکتبر | 0 | |||
| 04 اکتبر | +2 | |||
| 03 اکتبر | 0 | |||
| 02 اکتبر | 0 | |||
| 01 اکتبر | 0 |
پستهای کانال
🧡 ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ СҰХБАТЫ
СОБЕСЕДОВАНИЕ
📌 Глагол дня: тіл табысу — находить общий язык, общаться, ладить
— Сәлеметсіз бе! Мен сатушының бос орны туралы хабарландыру бойынша келдім.
— Здравствуйте! Я пришёл по объявлению о вакансии продавца.
— Сәлеметсіз бе! Кіріңіз, отырыңыз. Өзіңіз туралы қысқаша айтып беріңізші.
— Здравствуйте! Проходите, присаживайтесь. Расскажите немного о себе.
— Менің атым Арман, жасым отызда. Кітап оқығанды жақсы көремін және сіздің дүкеніңізде жұмыс істегім келеді.
— Меня зовут Арман, мне тридцать лет. Люблю читать книги и хотел бы работать в вашем магазине.
— Бұрын сауда саласында жұмыс істедіңіз бе?
— Вы раньше работали в торговле?
— Иә, екі жыл киім дүкенінде сатушы болып жұмыс істедім. Сатып алушылармен тіл табысып, оларға тауар таңдауға көмектесе аламын.
— Да, два года продавал одежду. Умею общаться с покупателями и помогать им с выбором.
— Бұрынғы жұмысыңыздан неге кеттіңіз?
— Почему ушли с предыдущей работы?
— Жұмыс кестесі маған қолайсыз болды. Оның үстіне өзіме шынымен қызықты іспен айналысқым келеді.
— Не устраивал график. К тому же хочется заниматься тем, что мне действительно интересно.
— Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыз?
— Какие книги предпочитаете?
— Көркем әдебиет пен тарихи кітаптарды ұнатамын. Қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларын оқимын.
— Художественную литературу и исторические книги. Читаю казахстанских и зарубежных авторов.
— Біздің дүкенде сатушы кітаптарды сатып қана қоймай, сатып алушыларға ұсыныс та береді. Қолыңыздан келе ме?
— У нас продавец не только продаёт книги, но и рекомендует их покупателям. Справитесь?
— Меніңше, қолымнан келеді. Адамдармен сөйлескенді ұнатамын. Ал жаңадан шыққан кітаптармен өз бетімше танысуға дайынмын.
— Думаю, да. Мне нравится общаться с людьми. А с новинками я готов знакомиться самостоятельно.
— Жақсы. Жұмыс кестесі — аптасына бес күн, таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін. Сізге қолайлы ма?
— Хорошо. График — пять дней в неделю, с девяти утра до шести вечера. Подходит?
— Иә. Ал жалақысы қанша?
— Да. А какая зарплата?
— Айына екі жүз елу мың теңге. Жақсы жұмыс істеген қызметкерлерге сыйақы да беріледі.
— 250 тысяч тенге в месяц. За хорошую работу предусмотрены премии.
— Түсінікті. Ал жұмысқа қашан кірісе аламын?
— Понятно. А когда можно приступить?
— Алдымен тағы бірнеше үміткермен сұхбат өткіземіз. Ертең түске дейін хабарласып, шешімімізді айтамыз.
— Сначала проведём ещё несколько собеседований. Завтра до обеда позвоним и сообщим решение.
— Жақсы, қоңырауларыңызды күтемін. Уақыт бөлгеніңізге рақмет!
— Хорошо, буду ждать звонка. Спасибо за уделённое время!
— Сізге де рақмет! Сау болыңыз!
— Спасибо, до свидания!
| 2 | ☔ ҚЫШҚЫЛ ЖАҢБЫР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ЧТО ТАКОЕ КИСЛОТНЫЕ ДОЖДИ?
📌 Глагол дня: төндіру — угрожать, направить сверху, подвергать
Кәдімгі жаңбырдың табиғатқа қауіпті болуы мүмкін екенін білесіз бе? Мұндай құбылысты қышқыл жаңбыр деп атайды!
Вы знали, что обычный дождь может стать опасным для природы? Такое явление называют кислотным дождём!
Зауыттарда, автокөліктерде және қазандықтарда отын жанған кезде ауаға зиянды газдар — күкірт диоксиді мен азот оксидтері таралады.
Когда заводы, автомобили и котельные сжигают топливо, в воздух попадают вредные газы — диоксид серы и оксиды азота.
Атмосферада бұл газдар күкірт және азот қышқылдарына айналып, кейін жаңбырмен немесе қармен бірге жерге түседі.
В атмосфере они превращаются в серную и азотную кислоты, которые затем выпадают вместе с дождём или снегом.
Бір қызығы, қышқыл жаңбыр табиғи себептерден де, мысалы, жанартаулардың атқылауынан пайда болуы мүмкін!
Интересно, что кислотные дожди могут возникать и по естественным причинам, например из-за извержений вулканов!
Жел ластанған ауаны жүздеген шақырымға тасымалдай алады. Сондықтан қышқыл жаңбыр кейде ауаны ластаған жерден өте алысқа жауады.
Ветер способен переносить загрязнённый воздух на сотни километров. Поэтому кислотный дождь иногда выпадает очень далеко от источника загрязнения.
Мұндай жауын-шашын көлдер мен өзендердің қышқылдығын арттырады. Соның салдарынан балықтар қырылып қалуы мүмкін.
Такие осадки повышают кислотность озёр и рек, из-за чего могут погибнуть рыбы.
Сондай-ақ қышқыл жаңбыр ағаштарға зиян келтіріп, топырақтағы пайдалы заттарды шайып кетеді.
Они также повреждают деревья и вымывают из почвы полезные вещества.
Тіпті ғимараттар да зардап шегеді! Қышқыл жаңбыр мәрмәр мен әктасты біртіндеп бүлдіріп, Үндістандағы әйгілі Тәж-Махал сияқты сәулет ескерткіштеріне қауіп төндіреді.
Страдают даже здания! Кислотные дожди постепенно разрушают мрамор и известняк, угрожая таким памятникам, как знаменитый Тадж-Махал в Индии.
Қышқыл жаңбырды азайту үшін ауаға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін қысқартып, экологиялық таза энергия көздерін пайдалану қажет.
Чтобы уменьшить кислотные дожди, необходимо сокращать выбросы вредных газов и использовать более чистые источники энергии. | 110 |
| 3 | 🚌 АВТОБУСТА / АВТОБУСЕ
📌 Глагол дня: пісу — созревать, вариться, печься
— Жаным, базарға қай автобус баратынын білмейсің бе?
— Дорогая, ты случайно не знаешь, какой автобус идёт на базар?
— Сен көлікпен бармайсың ба?
— А ты разве не на машине поедешь?
— Жоқ, бүгін біраз жаяу жүргім келіп тұр. Ауа райы жақсы екен.
— Нет, сегодня хочу немного прогуляться. Погода хорошая.
— Онда «Сайын — Шаляпин» аялдамасынан 128-автобусқа отыр. «Абай — Алтынсарин» аялдамасына дейін бар да, сол жерден базарға қарай бір көше төмен жаяу жүр.
— Тогда садись на 128-й автобус на остановке «Саина — Шаляпина». Доедешь до Абая — Алтынсарина, а оттуда пройдёшь одну улицу вниз до базара.
— Түсінікті. Жарайды, онда мен кеттім. Еттен басқа тағы бірдеңе алу керек пе?
— Понятно. Ну ладно, тогда я пошёл. Кроме мяса, ещё нужно что-нибудь купить?
— Иә, екі келідей алма мен жаңа піскен қияр ала кел.
— Да, возьми пару килограммов яблок и свежих огурцов.
Бес минуттан кейін аялдамаға келдім.
Через пять минут я подошёл к остановке.
— Кешіріңіз, 128-автобус осы жерге тоқтай ма?
— Извините, пожалуйста, 128-й автобус здесь останавливается?
— Иә, осы жерге тоқтайды. Мен де сол автобусты күтіп тұрмын.
— Да, здесь. Я тоже его жду.
— Көптен бері күтіп тұрсыз ба?
— А давно ждёте?
— Бес минуттай болды. Қазір келіп қалар деп ойлаймын.
— Минут пять. Думаю, скоро подъедет.
Бірнеше минуттан кейін автобус келді. Мен автобусқа міндім.
Через несколько минут приехал автобус. Я зашёл в салон.
— Айтыңызшы, бұл автобус «Абай — Алтынсарин» аялдамасына бара ма?
— Подскажите, пожалуйста, этот автобус идёт до Абая — Алтынсарина?
— Иә, барады. Мен де сол жерден түсемін. Қашан түсу керегін айтып жіберемін.
— Да, идёт. Я тоже там выхожу, так что подскажу, когда нужно выходить.
— Ал жолақы төлейтін терминал неге істемей тұр?
— А почему терминал для оплаты проезда не работает?
— Терезедегі QR-код арқылы төлей аласыз.
— Вы можете оплатить через QR-код на стекле.
— Рақмет! Қазір төлеп көрейін… Болды, төледім!
— Спасибо! Так, сейчас попробую… Всё, оплатил!
— Келесі аялдама біздікі. Ақырындап есікке қарай жылжи берейік.
— Следующая остановка наша. Давайте потихоньку пробираться к выходу.
— Жақсы, түсіндім. Кешіріңіз, сіз келесі аялдамадан түсесіз бе?
— Хорошо, понял. Извините, а Вы на следующей остановке выходите?
— Жоқ, мен әрі қарай барамын.
— Нет, я дальше еду.
— Орын ауыстырайық.
— Давайте поменяемся местами.
— Жарайды, өтіңіз.
— Давайте, проходите.
— Көп рақмет!
— Спасибо большое!
— Міне, біздің аялдамаға да келдік. Осы жерден түсуіміз керек.
— Вот и наша остановка. Нам здесь выходить.
— Көп рақмет!
— Большое спасибо!
Күніңіз сәтті өтсін!
Хорошего Вам дня! | 117 |
| 4 | 🍉 ЖЕМІСТІҢ СҮЙЕГІН ЖҰТЫП ҚОЙСАҚ, НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО БУДЕТ, ЕСЛИ ПРОГЛОТИТЬ ФРУКТОВУЮ КОСТОЧКУ?
📌 Глагол дня: өну — прорастать, вырастать, прибавляться
Бала кезіңізде қарбыздың дәнін жұтып қойсаңыз, ішіңізде қарбыз өсіп шығады деген қорқынышты әңгімені естіген шығарсыз!
Возможно, в детстве вы слышали пугающую сказку о том, что если проглотить арбузную семечку, то в животе вырастет арбуз!
Бірақ шынымен де солай болуы мүмкін бе?
Но может ли такое произойти на самом деле?
Тұқымның өнуі үшін ылғал, оттегі және қолайлы температура қажет.
Для прорастания семечке нужны определённые условия: влага, кислород и подходящая температура.
Осындай жағдайда дән ісініп, «оянады» да, өскін шығара бастайды.
В таких условиях семя набухает, «просыпается» и пускает росток.
Асқазанның іші жылы әрі ылғалды болғанымен, онда бос оттегі өте аз.
В желудке хоть и тепло, и влажно, но почти нет свободного кислорода.
Оның үстіне, асқазанның қышқылды ортасында тағамды ыдыратуға көмектесетін тұз қышқылы мен ас қорыту ферменттері бар.
К тому же его агрессивная среда содержит соляную кислоту и пищеварительные ферменты, которые помогают расщеплять пищу.
Сондықтан ас қорыту жүйесі үшін қабығы жұқа дәнді ыдырату қиын емес.
Поэтому для пищеварительной системы справиться с хрупкой семечкой — проще простого.
Ал қабығы қатты сүйек жұтылып кетсе, ол бүкіл ас қорыту жүйесінен еш өзгеріссіз дерлік өтіп, бір–үш күн ішінде табиғи жолмен сыртқа шығуы мүмкін.
А если попадётся косточка с прочной оболочкой, она может пройти через всю пищеварительную систему практически без изменений и выйти естественным путём за один–три дня.
Бір қызығы, кейбір дәндер ішек арқылы өткеннен кейін де өну қабілетін сақтап қалады!
Интересно, что некоторые семена сохраняют способность прорастать даже после прохождения через кишечник!
Осының арқасында өсімдіктер алыс қашықтықтарға тарала алады.
Благодаря этому растения могут распространяться на большие расстояния.
Сондықтан кездейсоқ жұтып қойған дән әдетте ешқандай қауіп төндірмейді.
Так что случайно проглоченная семечка обычно не представляет опасности.
Ал ішіңізде ағаш өсіп шықпайтыны анық!
И дерево в животе точно не вырастет! | 122 |
| 5 | 🚕 ТАКСИДЕ / В ТАКСИ
📌 Глагол дня: жақсы көру — любить
— Ал, балалар, жолға шығатын уақыт болды. Бізге теміржол вокзалына бару керек. Қазір қосымша арқылы такси шақырамын. Сендер сыртқа шыға беріңдер. Ал мен сөмкелерді шығара берейін.
— Ну что, дети, пора отправляться. Нам нужно ехать на железнодорожный вокзал. Сейчас вызову такси через приложение. Вы пока выходите на улицу. А я буду сумки выносить.
Бес минут өтті. Такси келіп тоқтады.
Прошло 5 минут. Подъезжает такси.
— Сәлеметсіз бе! Теміржол вокзалына барасыз ба?
— Здравствуйте! На железнодорожный вокзал едете?
— Сәлеметсіз бе! Иә, Алматы-2 вокзалына барамыз.
— Здравствуйте! Да, едем на вокзал Алматы-2.
— Көлікке отыра беріңіздер, мен сөмкелеріңізді жүксалғышқа абайлап орналастырайын.
— Садитесь в машину, а я пока аккуратно сложу ваши сумки в багажник.
— Айтыңызшы, вокзалға қанша уақытта жетеміз? Пойызымыз бір сағаттан кейін жүреді.
— Подскажите, за сколько времени доедем до вокзала? Наш поезд отправляется через час.
— Егер кептеліс болмаса, жиырма минутта жетеміз. Бірақ қазір жолда көлік көп, сондықтан қырық минутта жетеміз деп ойлаймын.
— Если не будет пробок, доедем за двадцать минут. Но сейчас на дорогах много машин, поэтому думаю, за 40 минут доедем.
— Түсінікті. Кешігіп қалмасақ екен.
— Понятно. Надеюсь, мы не опоздаем.
— Уайымдамаңыз, уақытында жетуге тырысамыз. Айтпақшы, қайда бара жатырсыздар?
— Не волнуйтесь, постараемся приехать вовремя. Кстати, куда направляетесь?
— Бүкіл отбасымызбен Алакөлге демалуға бара жатырмыз. Балалар пойызбен саяхаттағанды жақсы көреді.
— Едем отдыхать всей семьёй на Алаколь. Дети любят путешествовать на поезде.
— Керемет! Мен де жыл сайын Алакөлде демаламын. Ал пойыздарыңыз сағат нешеде жүреді?
— Здорово! Я тоже каждый год отдыхаю на Алаколе. А во сколько отправляется ваш поезд?
— Сағат он бірде.
— В одиннадцать.
— Міне, вокзалға да келіп жеттік. Қай жерге тоқтайын?
— Ну вот мы и приехали на вокзал. Где остановиться?
— Кіреберіске жақынырақ тоқтай аласыз ба? Жүгіміз көп еді.
— Можете остановиться поближе ко входу? У нас много багажа.
— Әрине. Міне, осы жерден түсе беріңіздер.
— Конечно. Вот здесь можете выходить.
— Рақмет! Мен жолақысын қосымша арқылы төлеп қойдым. Балалар, заттарыңды ұмытып кетпеңдер!
— Спасибо! Я уже оплатил поездку через приложение. Дети, не забудьте свои вещи!
— Сау болыңыздар! Жолдарыңыз болсын!
— До свидания! Счастливого пути!
— Сау болыңыз! Рақмет!
— До свидания! Спасибо! | 143 |
| 6 | 🧠 МИЫМЫЗ ТОЙҒАНЫМЫЗДЫ ҚАЛАЙ БІЛЕДІ?
КАК НАШ МОЗГ УЗНАЁТ, ЧТО МЫ СЫТЫ?
📌 Глагол дня: елемеу — игнорировать, не замечать; елеу — обращать внимание, замечать
Қарныңыз ашқанда ішіңіздің шұрылдағанын сезген кезіңіз болды ма? Бұл жағымсыз белгіні елемеу қиын!
Случалось ли вам чувствовать, как урчит в животе от голода? Этот неприятный сигнал трудно игнорировать!
Бірақ аздап тамақтансаңыз болды, тою үдерісі басталады. Ағза тамақтануды тоқтататын кез келгенін қалай біледі?
Но стоит перекусить, как запускается процесс насыщения. Как организм понимает, что пора остановиться?
Асқазан шар сияқты. Біз тамақ жеген кезде асқазанымыз толып, оның бұлшықетті қабырғалары ауа толтырылған шар сияқты созылады.
Желудок как шарик. Когда мы едим, желудок наполняется, и его мышечные стенки растягиваются, словно воздушный шарик.
Жүйке ұштары миға: «Асқазан толып жатыр!» деген белгі жібереді.
Нервные окончания передают мозгу сигнал: «Желудок наполняется!»
Ішектен келетін белгілер. Су да асқазанды толтырады, бірақ тез өтіп кетеді және аштықты аз уақытқа ғана басады. Сондықтан тағамның құрамы да маңызды.
Сигналы кишечника. Вода тоже наполняет желудок, но быстро уходит и ненадолго утоляет голод. Поэтому важен также состав пищи.
Қоректік заттар түскен кезде ішек холецистокинин сияқты гормондарды бөліп шығарады. Бұл гормон миға тойғанымызды сезінуге көмектеседі.
В ответ на полученные питательные вещества кишечник выделяет гормоны — например, холецистокинин. Этот гормон помогает мозгу почувствовать насыщение.
«Тоқта!» деген белгі. Ми басқа да белгілерді қабылдайды.
Команда «Стоп!». Мозг получает и другие сигналы.
Ұйқыбез инсулин гормонын бөліп шығарады. Ол ағзаға қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі. Ұйқыбез инсулин бөледі. Ол ағзаға қоректік заттарды сіңіруге көмектеседі.
Поджелудочная железа выделяет инсулин. Он помогает организму усваивать питательные вещества.
Ал лептин гормоны миға ағзадағы энергия қоры туралы ақпарат беріп, тәбетті реттеуге көмектеседі.
А гормон лептин сообщает мозгу о запасах энергии и помогает регулировать аппетит.
Қайтадан қашан қарнымыз ашады? Ақуызға, жасұныққа және суға бай тағамдар тоқтық сезімін ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Мысалы, суға пісірілген картоп әдетте круассанға қарағанда жақсырақ тойдырады.
Когда голод возвращается
Продукты, богатые белком, клетчаткой и водой, помогают дольше оставаться сытыми. Например, варёный картофель обычно насыщает лучше круассана.
Бірақ бірнеше сағаттан кейін грелин гормонының деңгейі жоғарылап, миға аштық туралы белгі беріледі. Сөйтіп, қайтадан тамақ жегіміз келеді!
Но спустя несколько часов уровень гормона грелина повышается, мозг получает сигнал о голоде. И нам снова хочется есть! | 146 |
| 7 | 🚆 ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНДА
НА ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНОМ ВОКЗАЛЕ
📌 Глагол дня: қуаттау — заряжать, поддерживать, подкреплять, одобрять
— Міне, вокзалға да келдік! Ештеңе ұмытпадық па? Телефондарды, қуаттағыштар мен құжаттарды алдық па?
— Ну вот мы и на вокзале! Ничего не забыли? Телефоны, зарядные устройства и документы взяли?
— Иә, бәрін алдық. Ал билеттер қайда?
— Да, всё взяли. А билеты где?
— Билеттер менің телефонымда. Пойыздың жүруіне әлі қырық минут бар. Қай жолдан жүретінін таблодан қарап көрейік.
— Билеты у меня в телефоне. До отправления поезда ещё сорок минут. Давайте посмотрим на табло, с какого пути он отправляется.
— Әке, қарашы, біздің пойыз екінші жолдан жүреді екен!
— Папа, смотри, наш поезд отправляется со второго пути!
— Керемет! Ол жаққа қалай баруға болатынын сұрап алайық. Кешіріңіз, екінші платформаға қалай баруға болатынын айтып жібересіз бе?
— Отлично! Давайте уточним, как туда пройти. Извините, подскажите, пожалуйста, как попасть на вторую платформу?
— Жерасты өткелі арқылы өтіп, баспалдақпен жоғары көтеріліңіздер.
— Пройдите через подземный переход и поднимитесь по лестнице.
— Рақмет! Ал, біздің вагонымыз — бесінші. Әне, сәл әріректе тұр.
— Спасибо! Так, у нас пятый вагон. Вон он, чуть дальше.
— Сәлеметсіздер ме! Билеттеріңіз бен құжаттарыңызды көрсетіңіздерші.
— Здравствуйте! Ваши билеты и документы, пожалуйста.
— Міне, алыңыз. Біздің төрт орнымыз да бір купеде.
— Вот, держите. У нас четыре места в одном купе.
— Бәрі дұрыс. Өте беріңіздер, алтыншы купе.
— Всё в порядке. Проходите, шестое купе.
— Рақмет! Балалар, чемодандарды төменгі сөрелердің астына қояйық.
— Спасибо! Дети, давайте поставим чемоданы под нижние полки.
— Әке, пойыз қашан жүреді?
— Папа, а когда поезд отправится?
— Он бес минуттан кейін. Жайғасып отырыңдар.
— Через пятнадцать минут. Устраивайтесь поудобнее.
— Ал мұнда телефон қуаттайтын розеткалар бар ма?
— А здесь есть розетки для зарядки телефонов?
— Иә, үстелдің жанында бар.
— Да, возле столика.
— Әке, мен жоғарғы сөреге жатсам бола ма? Көптен бері жоғарыда ұйықтап көргім келіп жүр еді.
— Папа, а можно я займу верхнюю полку? Мне всегда хотелось поспать наверху.
— Әрине, тек шығып-түскенде абай бол.
— Конечно, только будь осторожен, когда будешь подниматься и спускаться.
— Қараңдар, пойыз жүріп кетті!
— Смотрите, поезд уже тронулся!
— Алақай! Саяхатымыз басталды!
— Ура! Наше путешествие началось! | 140 |
| 8 | 💪 БҰЛШЫҚЕТТЕРІМІЗ НЕЛІКТЕН ӨСЕДІ?
ПОЧЕМУ НАШИ МЫШЦЫ МОГУТ РАСТИ?
📌 Глагол дня: үлкею — увеличиваться, расширяться, расти
Адам денесінде 600-ден астам бұлшықет бар. Олар бізге қозғалуға, тепе-теңдікті сақтауға, тіпті тыныс алуға да көмектеседі.
В человеческом теле более 600 мышц. Они помогают нам двигаться, сохранять равновесие и даже дышать.
Бірақ жаттығудан кейін бұлшықеттер неліктен үлкейіп, күшейе түседі?
Но почему после тренировок мышцы становятся больше и сильнее?
Барлығы мидың бұйрығынан басталады: ми жүйкелерге белгі жіберіп, бұлшықеттерді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Всё начинается с команды: мозг отправляет сигнал нервам, заставляя мышцы работать.
Біз ауыр заттарды көтергенде немесе күрделі жаттығулар жасағанда, бұлшықет талшықтарына қатты күш түсіп, оларда микроскопиялық зақымдар пайда болады.
Когда мы поднимаем тяжести или выполняем сложные упражнения, мышечные волокна испытывают сильное напряжение и получают микроскопические повреждения.
Бұған жауап ретінде ағза зақымданған талшықтарды қалпына келтіру үшін иммундық жасушаларды жібереді. Соның нәтижесінде бұлшықеттер біртіндеп жуандап, нығая түседі.
В ответ организм посылает иммунные клетки, чтобы восстановить их, постепенно делая мышцы толще и прочнее.
Бұл үдеріс гипертрофия деп аталады.
Этот процесс называется гипертрофией.
Алайда бұлшықеттер жаттығу кезінде емес, негізінде одан кейін өседі!
Однако мышцы растут не во время тренировки, а главным образом после неё!
Бұлшықеттердің қалпына келуі үшін ағзаға ақуыз қажет. Ақуыздан аминқышқылдары түзіледі. Олар бұлшықеттерді қалпына келтіруге және өсіруге көмектеседі.
Для восстановления организму необходим белок, из которого он получает аминокислоты — строительный материал для мышц.
Ағзаның қалпына келуі үшін ұйқының қанық болуы да өте маңызды.
Не менее важен для восстановления и полноценный сон.
Бұлшықеттердің өсу жылдамдығы жасқа, гормондарға және тұқымқуалаушылыққа байланысты.
Скорость роста мышц зависит от возраста, гормонов и наследственности.
Ал егер бұлшықеттерге ұзақ уақыт бойы күш түспесе, олар біртіндеп кішірейеді. Бұл атрофия деп аталады.
Если же мышцы долго не нагружать, они постепенно уменьшаются. Это называется атрофией. | 158 |
| 9 | 🎬 КИНОТЕАТРДА
В КИНОТЕАТРЕ
📌 Глагол дня: талу — уставать, затекать, неметь, падать в обморок
— Балалар, кинотеатрға бармағанымызға көп болды. Осы демалыс күндері бәріміз бірге киноға барсақ қайтеді?
— Дети, мы уже давно не ходили в кинотеатр. Может, в эти выходные все вместе сходим в кино?
— Керемет! Қызық, қазір кинотеатрларда қандай мультфильмдер көрсетіліп жатыр екен? Репертуарын қарап көрейік.
— Отлично! Интересно, какие мульфильмы сейчас идут в кинотеатре? Давайте посмотрим репертуар.
— Міне, Disney мен Pixar студияларының жаңа «Секіргіштер» («Прыгуны») мультфильмі көрсетіліп жатыр екен. Пікірлер де жақсы сияқты. Осы мультфильмге барсақ қалай қарайсыңдар?
— Вот, оказывается, идёт новый мультфильм от Disney и Pixar «Прыгуны». Отзывы вроде хорошие. Как насчёт того, чтобы сходить на него?
— Әке, мен бұл мультфильмнің трейлерін көрдім. Өте қызықты сияқты. Барайық!
— Папа, я видел трейлер этого мультфильма. Выглядит очень интересно. Давайте пойдём!
— Жақсы, онда қазір билеттерді сатып алайын. Қай кинотеатрға барамыз? Үйге жақынырақ кинотеатрды таңдайық. Қашан барғыларың келеді: таңертең бе, әлде кешке ме?
— Хорошо, тогда сейчас куплю билеты. В какой кинотеатр пойдём? Давайте выберем тот, что поближе к дому. Когда хотите утром или вечером?
— Таңертең!
— Утром!
— Ал орындарды нешінші қатардан таңдаймыз?
— А на каком ряду выберем места?
— Жаным, менің ойымша, залдың ортасынан орын алған дұрыс. Экран да жақсы көрінеді, мойнымыз да талмайды.
— Милый, я думаю, что лучше взять места посередине зала. И экран будет хорошо видно, и шея не устанет.
— Жақсы, жетінші қатарда қатар тұрған төрт бос орын бар екен. Соларды алайын. Билеттердің ақысын қосымша арқылы төлеймін. Болды, билеттерді сатып алдым.
— Хорошо, на седьмом ряду есть четыре свободных места рядом. Возьму их. Оплачу билеты через приложение. Всё, билеты купил.
Бірнеше күннен кейін кинотеатрға келеміз.
Через пару дней приезжаем в кинотеатр.
— Сеанс басталғанға дейін әлі жиырма минут бар. Балалар, попкорн немесе сусын аласыңдар ма?
— До начала сеанса ещё двадцать минут. Дети, будете попкорн или напитки?
— Әке, попкорн алайықшы! Мен тәттісін қалаймын.
— Папа, давай возьмём попкорн! Я хочу сладкий.
— Ал мен тұзды попкорн алғым келеді.
— А я хочу солёный попкорн.
— Жақсы, ал не ішесіңдер?
— Хорошо, а что будете пить?
— Маған салқын шай алып беріңізші.
— Мне, пожалуйста, холодный чай.
— Маған да.
— Мне тоже.
— Жақсы, онда попкорн мен салқын шай сатып алып, мультфильм көруге барайық.
— Хорошо, покупаем попкорн и холодный чай и идем смотреть мультфильм. | 176 |
| 10 | 🦂 САРЫШАЯН ШАҚҚАННАН КЕЙІН НЕ БОЛАДЫ?
ЧТО ПРОИСХОДИТ ПОСЛЕ УКУСА СКОРПИОНА?
📌 Глагол дня: ерекшелену — отличаться, выделяться
Сарышаяндар — дене құрылысы мен мінез-құлқы ерекше өрмекшітәрізділер. Олардың шамамен 2 000 түрі бар.
Скорпионы — паукообразные с уникальной анатомией и поведением, насчитывающие около 2 000 видов.
Өлшемдері бір-бірінен жиырма еседен астам ерекшеленеді: шай қасыққа сыйып кететін кішкентай Microtityus mellisi түрінен бастап, ұзындығы 21 сантиметрге жететін императорлық сарышаянға дейін кездеседі.
Их размеры различаются более чем в двадцать раз: от крошечного Microtityus mellisi, который помещается на чайной ложке, до императорского скорпиона длиной 21 сантиметр.
Сарышаянның қорғану және аң аулау кезіндегі негізгі қаруы — құйрығының ұшындағы улы аппараты.
Главный инструмент защиты и охоты скорпиона — его хвостовой аппарат.
Иілгіш қапшықта (тельсонда) у түзіледі, ал өткір ине (акулеус) табиғи микрошприц сияқты жұмыс істеп, нейротоксиндерді нысананың денесіне енгізеді.
В гибком резервуаре (тельсоне) синтезируется яд, а острая игла (акулеус) работает как естественный микрошприц, вводя нейротоксины в тело цели.
Егер сарышаян адамды шақса, у оның ағзасына түсіп, жүйке импульстарының берілуін бұзады. Соның салдарынан қатты ауырсыну, ісіну және бұлшықеттердің құрысуы пайда болады.
Если скорпион ужалит человека, яд попадает в его организм и нарушает передачу нервных импульсов, вызывая острую боль, отёк и мышечные спазмы.
Ауыр жағдайларда тыныс алу мен жүрек жұмысы бұзылуы мүмкін.
В тяжёлых случаях могут возникнуть нарушения дыхания и работы сердца.
Ағза уды залалсыздандыра бастайды.
Организм начинает обезвреживать яд.
Иммундық жүйе қорғаныс реакциясын іске қосады, ал бауыр мен бүйрек зиянды заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі.
Иммунная система запускает защитную реакцию, а печень и почки помогают выводить вредные вещества.
Сондықтан уақыт өте келе белгілер әдетте бәсеңдейді.
Поэтому со временем симптомы обычно ослабевают.
Сарышаян шаққан жағдайлардың көпшілігі өлімге әкелмейді.
Большинство укусов скорпионов не смертельны.
Алайда кейбір түрлерінің, мысалы, үнді қызыл сарышаянының уы өте қауіпті.
Однако яд некоторых видов, например индийского красного скорпиона, чрезвычайно опасен.
Сарышаян шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет!
При укусе необходимо срочно обратиться за медицинской помощью! | 167 |
| 11 | 🏠 ПӘТЕР ЖАЛДАУ
АРЕНДА КВАРТИРЫ
📌 Глагол дня: нақтылау — уточнять, конкретизировать
— Сәлеметсіз бе! Пәтерді жалға беру туралы хабарландыру бойынша хабарласып тұрмын. Пәтер әлі жалға беріле ме?
— Здравствуйте! Звоню по объявлению о сдаче квартиры. Она ещё сдаётся?
— Сәлеметсіз бе! Иә, пәтер әлі жалға беріледі. Көргіңіз келе ме?
— Здравствуйте! Да, квартира ещё сдаётся. Хотите посмотреть?
— Иә, бірақ алдымен бірнеше нәрсені нақтылап алайын. Үй ескі ме, әлде жаңа ма? Лифт бар ма?
— Да, но сначала уточню несколько моментов. Дом старый или новый? Лифт есть?
— Үй 2015 жылы салынған. Лифт дұрыс жұмыс істеп тұр.
— Дом построен в 2015 году. Лифт работает исправно.
— Хабарландыруда пәтер жиһазбен және тұрмыстық техникамен бірге жалға берілетіні жазылған. Қандай техника бар?
— В объявлении указано, что квартира с мебелью и техникой. Какая техника есть?
— Тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар, кондиционер және газ плитасы бар.
— Холодильник, стиральная машина, телевизор, кондиционер и газовая плита.
— Өте жақсы! Ай сайынғы жалдау ақысы қанша?
— Отлично! Сколько стоит аренда в месяц?
— 300 мың теңге, оған коммуналдық төлемдер қосылады.
— 300 тысяч тенге плюс коммунальные услуги.
— Ал коммуналдық төлемдер шамамен қанша болады?
— А сколько примерно выходит за коммунальные услуги?
— Жазда 20 мың теңгедей, ал қыста жылуға байланысты 40 мың теңгеге дейін жетеді.
— Летом около 20 тысяч, зимой до 40 тысяч из-за отопления.
— Түсінікті. Ал кепілақы төлеу керек пе?
— Понятно. А залог нужен?
— Иә, 100 мың теңге. Көшіп шыққанда бәрі дұрыс болса, ақшаны толық қайтарып беремін.
— Да, 100 тысяч тенге. При выезде полностью верну, если всё будет в порядке.
— Біз төрт адамбыз: мен, әйелім және екі баламыз. Балалы отбасыларға пәтер бересіз бе?
— Нас четверо: я, супруга и двое детей. Семьям с детьми сдаёте?
— Әрине. Ең бастысы — тазалықты сақтап, жалдау ақысын уақытында төлеп тұру.
— Конечно. Главное — поддерживать чистоту и вовремя платить за аренду.
— Керемет! Бүгін кешке келіп, пәтерді көрсек бола ма?
— Отлично! Можно сегодня вечером приехать и посмотреть квартиру?
— Иә, сағат жетіде келіңіздер. Мен сол жерде боламын.
— Да, приезжайте к семи часам. Я буду на месте. | 159 |
| 12 | ☀️ КҮН ПАНЕЛЬДЕРІ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
КАК РАБОТАЮТ СОЛНЕЧНЫЕ ПАНЕЛИ?
📌 Глагол дня: тұтыну — потреблять, расходовать, тратить
Күн сәулесін электр энергиясына айналдыруға болатынын білесіз бе? Күн панельдері дәл осы жұмысты атқарады.
А вы знали, что солнечный свет можно превращать в электричество? Именно это и делают солнечные панели.
Оның үстіне, Күн Жерге бүкіл адамзат тұтынатын энергиядан шамамен 10 мың есе көп энергия жібереді!
Причём Солнце посылает на Землю примерно в 10 тысяч раз больше энергии, чем потребляет всё человечество!
Бірақ күн сәулесін электр тогына қалай айналдыруға болады? Ол үшін кремнийден жасалған арнайы тақташалардан тұратын күн панельдері қолданылады. Кремний — кәдімгі құмның құрамындағы қосылыстардан алынатын материал.
Но как превратить солнечный свет в электрический ток? Для этого используют солнечные панели, состоящие из специальных пластин кремния — материала, который получают из соединений, содержащихся в обычном песке.
Күн сәулесі фотондар деп аталатын өте ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар кремнийге түскенде, өз энергиясын электрондарға беріп, олардың қозғалуына себеп болады.
Солнечный свет состоит из крошечных частиц — фотонов. Попадая на кремний, они передают свою энергию электронам и заставляют их двигаться.
Осылайша үйлерді жарықтандыруға және электр құрылғыларын іске қосуға болатын электр тогы пайда болады.
Так возникает электрический ток, который можно использовать для освещения домов и работы приборов.
Бір қызығы, күн панельдері бұлтты ауа райында да электр энергиясын өндіре алады, бірақ мұндай кезде оның мөлшері әлдеқайда аз болады. Ал түнде олар жұмыс істемейді.
Интересно, что солнечные панели способны вырабатывать электричество даже в облачную погоду, хотя и значительно меньше. А вот ночью они не работают.
Сондықтан бүгінде ғалымдар электр энергиясын көбірек өндіру және оны күн батқаннан кейін пайдалану үшін тиімдірек сақтау мақсатында күн панельдерін жетілдіруді жалғастыруда.
Поэтому сегодня учёные продолжают совершенствовать солнечные панели, чтобы получать больше электричества и эффективнее сохранять его для использования после захода Солнца.
Кім біледі, бәлкім, болашақта күн энергиясы ғаламшарымыздағы электр энергиясының негізгі көздерінің біріне айналар.
Кто знает, возможно, в будущем солнечная энергия станет одним из главных источников электричества на нашей планете. | 170 |
| 13 | 🎡 САЯБАҚТА / В ПАРКЕ
📌 Глагол дня: көңіл көтеру — развлекаться, веселиться, поднимать настроение
— Ал, бүгін қайда серуендеуге барамыз? Саябаққа барамыз ба? Ауа райы жақсы, оның үстіне бірнеше күннен кейін күн суытады деп жатыр.
— Ну что, куда сегодня пойдём гулять? Может, в парк? Погода хорошая, да и к тому же через несколько дней обещают похолодание.
— Орталық саябаққа барайық. Ол жаққа бармағанымызға көп болды. Балалар да аттракциондарға мініп, көңіл көтереді.
— Давайте в Центральный парк. Мы там давно не были. Заодно дети смогут покататься на аттракционах и повеселиться.
— Жақсы ой! Бірақ алдымен біраз серуендеп алайық. Әйтпесе балалар аттракциондарға жүгіріп кетсе, кейін оларды ол жерден алып шыға алмай қаламыз.
— Хорошая идея! Только сначала давайте немного погуляем. А то если дети побегут к аттракционам, мы их потом оттуда не вытащим.
— Әке, алдымен шолу дөңгелегіне мінсек бола ма? Мен қаланы биіктен көргім келеді.
— Папа, а можно мы сначала покатаемся на колесе обозрения? Я хочу посмотреть на город с высоты.
— Міне, саябаққа да келдік. Әне, кіреберістің жанында касса тұр. Жүріңдер, барып көрейік. Сәлеметсіз бе! Айтыңызшы, шолу дөңгелегіне билет қанша тұрады?
— Ну вот мы и в парке. А вон там, возле входа, касса. Пойдемте посмотрим. Здравствуйте! Подскажите, пожалуйста, сколько стоит билет на колесо обозрения?
— Сәлеметсіз бе! Ересектерге билет екі мың теңге, балаларға мың бес жүз теңге тұрады. Бес жасқа дейінгі балаларға тегін.
— Здравствуйте! Взрослый билет стоит две тысячи тенге, детский — полторы тысячи. Детям до пяти лет бесплатно.
— Бізге ересектерге екі билет, балаларға екі билет беріңізші.
— Нам, пожалуйста, два взрослых и два детских билета.
— Керемет! Картамен төлеуге бола ма?
— Отлично! Можно оплатить картой?
— Иә, әрине. Картаны терминалға жақындатыңыз. Міне, билеттеріңіз. Мінетін жерге өте беріңіздер.
— Да, конечно. Приложите карту к терминалу. Вот ваши билеты, проходите к посадке.
— Әке, шолу дөңгелегіне мінгеннен кейін балмұздақ сатып алсақ бола ма?
— Папа, а после колеса обозрения можно купить мороженое?
— Болады, бірақ алдымен шолу дөңгелегіне мініп алайық. Содан кейін бос орындық тауып, жайғасып, балмұздақ жейміз.
— Можно, но сначала покатаемся. А потом найдём свободную скамейку, посидим и покушаем мороженое. | 197 |
| 14 | 😬 БІЗ НЕГЕ ҰМЫТАМЫЗ?
ПОЧЕМУ МЫ ЗАБЫВАЕМ?
📌 Глагол дня: іріктеу — отбирать, фильтровать
Бөлмеге кіріп, не үшін келгеніңізді мүлде ұмытып қалатын немесе көліктің кілтін қайда қойғаныңызды есіңізге түсіре алмайтын жағдай әркімге таныс.
Каждому знакома ситуация, когда вы заходите в комнату и совершенно забываете, зачем туда направлялись, или не можете вспомнить, куда положили ключи от машины.
Бірақ миымыздың кейде ақпаратты неліктен «өшіріп» тастайтыны туралы ойланып көрдіңіз бе?
Но задумывались ли вы, почему наш мозг иногда «стирает» информацию?
Миымыз үнемі орасан зор көлемдегі ақпаратты өңдейді.
Наш мозг постоянно обрабатывает колоссальные объемы данных.
Алдымен барлық әсерлер қысқа мерзімді жадқа түсіп, онда небәрі 15–30 секунд сақталады.
Сначала все впечатления попадают в кратковременную память, где удерживаются буквально 15–30 секунд.
Ақпарат ұмытылып кетпеуі үшін оны қайта-қайта еске түсіріп, іс жүзінде қолданып, дауыстап айтып немесе бұрыннан білетін нәрселермен байланыстырып отыру қажет.
Чтобы информация не испарилась, с ней нужно продолжать взаимодействие: осознанно повторять, применять на практике, проговаривать или связывать с уже знакомыми знаниями.
Егер ақпаратты қайталап қолданбасақ, миымыз оны қажетсіз деп қабылдап, жай ғана «өшіріп» тастайды.
Без такого контакта мозг решает, что данные одноразовые, и просто удаляет их.
Ұзақ мерзімді жадта тек біз жиі қолданатын немесе бізді қатты қызықтыратын ақпарат қана сақталады.
В постоянную память отправляется только то, чем мы активно пользуемся или что вызывает у нас сильный интерес.
Ұмытшақтық — ми жұмысының бұзылуы емес, керісінше, оның табиғи ерекшелігі. Бұл күрделі жүйе бізге қажетсіз ақпаратты іріктеп, миға түсетін жүктемені азайтуға көмектеседі.
Забывчивость — это не сбой, а естественная часть работы сложной системы нашего разума, которая помогает нам фильтровать опыт и справляться с нагрузкой. | 216 |
| 15 | 🍽 КАФЕДЕ / В КАФЕ
📌 Глагол дня: жайғасу — разместиться, расположиться, устроиться
— Сәлеметсіз бе! Сіздерде төрт адамға арналған бос үстел бар ма? Біз отбасымызбен кешкі ас ішуге келдік.
— Здравствуйте! У вас есть свободный столик на четверых? Мы пришли поужинать всей семьёй.
— Сәлеметсіздер ме! Иә, әрине. Ана жерде, терезенің жанында бос үстел бар. Сондай-ақ залдың ортасында екі жұмсақ диваны бар үстел де бар.
— Здравствуйте! Да, конечно. У нас есть столик у окна, вон там. А ещё есть столик в центре зала, с двумя мягкими диванчиками.
— Рақмет! Біз терезенің жанындағы үстелге жайғасайық. Бізге ас мәзірін әкеліп бере аласыз ба?
— Спасибо! Мы, пожалуй, сядем у окна. Можете, пожалуйста, принести нам меню?
— Үстелдеріңізде екі ас мәзірі жатыр. Тапсырыс беруге дайын болғанда, даяшыны шақыру түймесін басыңыздар. Ол майлық салынған қораптың үстінде орналасқан.
— Два меню уже лежат у вас на столе. Когда будете готовы сделать заказ, нажмите на кнопку вызова официанта. Она находится на коробочке с салфетками.
— Жақсы, рақмет! Балалар, не жегілерің келеді? Ас мәзірін қарап, өздеріңе ұнайтын тағамдарды таңдаңдар.
— Хорошо, спасибо! Дети, что хотите поесть? Посмотрите меню и выберите блюда, которые вам нравятся.
— Әке, мен наггетс, фри картобын және кока-кола алғым келеді.
— Папа, я хочу наггетсы, картошку фри и кока-колу.
— Ал мен бризоль, салат және квас аламын.
— А я буду бризоль, салат и квас.
— Жаным, ал сен не аласың?
— Милая, а ты что будешь?
— Мен баялды қосылған жылы салат, саңырауқұлақтан жасалған езбе сорпа және ташкент шайын аламын.
— Я возьму тёплый салат с баклажанами, грибной суп-пюре и ташкентский чай.
— Ал мен де бризоль, борщ және ташкент шайын аламын. Ал, болды, түймені басайын. Біз тапсырыс беруге дайынбыз! Таңдаған тағамдарымыздың бәрін атап шығайын.
— А я тоже возьму бризоль, борщ и ташкентский чай. Ну всё, нажимаю на кнопку. Мы готовы сделать заказ! Давайте я перечислю всё, что мы выбрали.
— Жақсы, жазып алдым. Борщқа қаймақ қосайын ба?
— Хорошо, записала. К борщу сметану добавить?
— Иә, міндетті түрде. Нан да әкеліңізші. Тапсырысымыз шамамен қанша уақытта дайын болады?
— Да, обязательно. И хлеб принесите, пожалуйста. А сколько примерно ждать заказ?
— Жиырма минуттай күту керек. Сусындарды ертерек әкелеміз.
— Около двадцати минут. Напитки принесём раньше.
— Рақмет!
— Спасибо! | 227 |
| 16 | 🐟 ҚЫСТА БАЛЫҚТАР НЕГЕ ҚАТЫП ҚАЛМАЙДЫ?
ПОЧЕМУ РЫБЫ НЕ ЗАМЕРЗАЮТ ЗИМОЙ?
📌 Глагол дня: салқындау — охлаждаться, охладевать
Сібірдегі бір көлді елестетіп көріңізші. Далада сақылдаған аяз, ағаштарды қар басқан, ал көлдің бетін қалың мұз жапқан.
Представьте озеро в Сибири. На улице трескучий мороз, деревья укрыты снегом, а поверхность озера скована толстым льдом.
Сонда мұз астындағы балықтар қатып қалмай ма? Жоқ, әрине!
Неужели рыбы под ним превращаются в ледышки? Вовсе нет!
Күн суыта бастағанда, көлдің беті біртіндеп мұз болып қатады. Бірақ мұздың астындағы су сұйық күйінде қалады!
Когда наступают холода, поверхность озера постепенно покрывается льдом. Но под ледяной коркой вода остаётся жидкой!
Мұзға жақын жердегі судың температурасы нөл градусқа жуық болса, тереңіректе +4 °C-қа дейін жетуі мүмкін.
У самого льда её температура близка к нулю, а на глубине может достигать +4 °C.
Неліктен көл түбіне дейін қатып қалмайды?
Почему же озеро не промерзает до самого дна?
Өйткені мұз жылуды нашар өткізеді. Ол қорғаныш көрпе сияқты судың салқындауын баяулатады.
Дело в том, что лёд плохо проводит тепло. Он действует словно защитное одеяло, замедляя охлаждение воды.
Көлдің үстінде боран соғып жатса да, мұз астындағы тіршілік жалғаса береді!
Даже когда над озером бушует метель, под ледяной крышей продолжается жизнь!
Ал балықтар не істейді?
А что происходит с рыбами?
Олар — салқынқанды жануарлар, сондықтан судың температурасы төмендеген сайын олардың дене температурасы да төмендейді.
Они — холоднокровные животные, поэтому температура их тела остывает вместе с водой.
Күш-қуатын үнемдеу үшін көптеген балықтар «қуат үнемдеу» режиміне көшеді: көл түбіне түсіп, қоректі өте аз жейді.
Чтобы беречь силы, многие рыбы «включают» режим энергосбережения: опускаются на дно и почти не едят.
Ал шортан мен алабұға сияқты жыртқыш балықтар суықта да жүзіп, жемтігін аулауды жалғастыра береді!
Но хищники — например, щуки и окуни — продолжают плавать и охотиться даже в холода!
Таңғаларлығы, мұз судың жылуын сақтап, су астындағы тіршілік иелерін көктемге дейін суықтан қорғайды!
Невероятно, но лёд сохраняет тепло воды и защищает подводных жителей, оберегая их до самой весны! | 221 |
| 17 | 🏨 ҚОНАҚҮЙДЕ
В ГОСТИНИЦЕ
📌 Глагол дня: орналасу — располагаться, размещаться, устроиться
— Сәлеметсіз бе! Қонақүйіңізден үш күнге бөлме алып қойғым келеді. Отбасымызбен екі күннен соң келеміз.
— Здравствуйте! Я хотел бы забронировать номер в вашей гостинице на три дня. Мы с семьёй приедем через два дня.
— Сәлеметсіз бе! Бөлме неше адамға қажет?
— Здравствуйте! На сколько человек нужен номер?
— Біз төрт адамбыз: екі ересек және екі бала.
— Нас четверо: двое взрослых и двое детей.
— Балаларыңыздың жасы нешеде?
— Сколько лет детям?
— Бірі он бірде, екіншісі он жетіде. Сіздерде отбасылық бөлмелер бар ма?
— Одиннадцать и семнадцать. У вас есть семейные номера?
— Иә, бар. Екі кең төсегі бар бөлменің бір тәуліктік бағасы — 35 мың теңге.
— Да, есть. Номер с двумя большими кроватями стоит 35 тысяч тенге в сутки.
— Таңғы ас осы бағаға кіре ме?
— А завтрак входит в стоимость?
— Иә, таңғы ас бөлме құнына кіреді. Қай уақытта келуді жоспарлап отырсыздар?
— Да, завтрак включён. Во сколько планируете приехать?
— Күндізгі сағат екі шамасында келеміз деп ойлаймын.
— Думаю, около двух часов дня.
— Жақсы. Броньды кімнің тегіне рәсімдейін?
— Хорошо. На какую фамилию оформить бронь?
— Булочкин. Рақмет, кездескенше!
— Булочкин. Спасибо, до встречи!
ЕКІ КҮН ӨТКЕН СОҢ
ЧЕРЕЗ ДВА ДНЯ
— Сәлеметсіз бе! Біз үш күнге отбасылық бөлме брондаған болатынбыз.
— Здравствуйте! Мы бронировали семейный номер на три дня.
— Қош келдіңіздер! Тегіңізді айтсаңыз.
— Добро пожаловать! Вашу фамилию, пожалуйста.
— Булочкин.
— Булочкин.
— Иә, броньдарыңызды көріп тұрмын. Жеке куәліктеріңізді бересіздер ме? ?
— Да, вижу вашу бронь. Можно ваши удостоверения личности?
— Әрине, міне. Ал таңғы ас қай уақытта беріледі?
— Конечно, вот они. А во сколько у вас завтрак?
— Таңғы сағат жетіден онға дейін. Міне, кілттеріңіз. Бөлмелеріңіз үшінші қабатта орналасқан.
— С семи до десяти утра. Вот ваши ключи. Ваш номер на третьем этаже.
— Рақмет! Лифт қай жақта орналасқан?
— Спасибо! А где находится лифт?
— Дәліз бойымен тура жүріп, оңға бұрылыңыз. Демалыстарыңыз жақсы өтсін!
— Прямо по коридору, затем направо. Приятного отдыха!
— Көп рақмет!
— Большое спасибо! | 213 |
| 18 | 💉 АНЕСТЕЗИЯ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
КАК РАБОТАЕТ АНЕСТЕЗИЯ?
📌 Глагол дня: әсер ету — воздействовать, влиять
Елестетіп көріңізші, сізге ота жасалғалы жатыр. Дәрігер ине салады — ауырсыну сезімі жоғалады!
Представьте, что вам предстоит операция. Врач делает укол — и боль исчезает!
Немесе бетіңізге маска кигізеді, сіз арнайы газбен дем алып, ұйықтап қаласыз. Ал оянғанда, бәрінің аяқталғанын білесіз.
Или надевает на вас маску, вы вдыхаете специальный газ и засыпаете. А проснувшись, узнаёте, что всё уже позади.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Как это работает?
Біздің жүйкелеріміз — ауырсыну туралы сигналдар миға жеткізілетін «сымдар» сияқты.
Наши нервы — это «провода», по которым сигналы о боли передаются в мозг.
Анестезияның кейбір түрлері осы сигналдарды бөгейді, ал басқалары миға әсер етіп, адамның санасын уақытша өшіреді.
Одни виды анестезии блокируют эти сигналы, а другие воздействуют на мозг, временно отключая сознание.
Анестезияның негізгі үш түрі бар:
Существует три основных вида анестезии:
1. ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕЗИЯ
МЕСТНАЯ
Мысалы, тіс дәрігерінде қолданылады.
Используется, например, у стоматолога.
Препарат дененің шағын бөлігін ғана жансыздандырады, ал сіз есіңізді жоғалтпайсыз.
Препарат «замораживает» лишь небольшой участок тела, а вы остаётесь в сознании.
2. АЙМАҚТЫҚ АНЕСТЕЗИЯ
РЕГИОНАРНАЯ
Дененің тұтас бір аймағын, мысалы, қолды немесе аяқты жансыздандырады.
Обезболивает целую область — например, руку или ногу.
Дәрі белгілі бір жүйкелер арқылы сигналдардың берілуін бөгейді.
Лекарство блокирует передачу сигналов по определённым нервам.
3. ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯ (НАРКОЗ)
ОБЩАЯ
Күрделі оталар кезінде қолданылады.
Применяется при сложных операциях.
Дәрілер миға әсер етіп, адамның санасын уақытша өшіреді.
Препараты воздействуют на мозг, временно отключая сознание.
Адам ауырсынуды сезбейді және әдетте ота кезінде не болғанын есіне түсіре алмайды.
Человек не ощущает боли и обычно ничего не помнит об операции.
Анестезияның арқасында дәрігерлер науқасқа ауырсынуды сездірмей, күрделі операциялар жасай алады!
Благодаря анестезии врачи могут проводить сложные операции без боли для пациента! | 198 |
| 19 | 🛒 АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНІНДЕ?
В ПРОДУКТОВОМ МАГАЗИНЕ
📌 Глагол дня: көндіру — уговаривать, убеждать
— Сәлеметсіз бе! Мені әйелім азық-түлік алуға жіберген еді. Айтыңызшы, сіздерде картоптың бәрі осындай ұсақ па?
Здравствуйте! Меня супруга отправила за продуктами. Скажите, пожалуйста, у вас вся картошка такая мелкая?
— А, жоқ, бұлар қалғандары ғой. Қазір қаптан жаңасын салып берейін, қаптағы картоп әлдеқайда ірі.
А, нет, это остатки. Сейчас я вам из мешка насыплю свежей, там картошка гораздо крупнее.
— Ал күлше нандарыңыз жаңа піскен бе?
А лепёшки у вас свежие?
— Иә, жаңа, жаңа ғана әкелді. Міне, иіскеп көріңіз!
Да, свежие, только что привезли. Вот, понюхайте!
— Иә, расында да, иісі қандай керемет! Маған үш таба нан беріңізші. Сонымен, әйелім тағы не ал деп еді? Қазір тізімді ашайын. Қане, көрейік… Маған тағы бір бас сарымсақ пен жарты келі пияз керек. Ал мына жүзімнің дәні бар ма, жоқ па?
Да, действительно, вкусно пахнут. Дайте мне, пожалуйста, три лепёшки. Так, что она мне ещё говорила купить? Сейчас открою список. Так, посмотрим… Мне ещё нужна головка чеснока и полкилограмма лука. А вот этот виноград у вас с косточками или без?
— Бұл — дәнексіз жүзім, кишмиш.
Это виноград без косточек, кишмиш.
— Ал қай жақтан әкелінген?
А откуда он?
— Кишмишті Өзбекстаннан әкеледі. Шабдалы да алуға кеңес беремін, мыналар өте дәмді. Ертең келсеңіз, бұлар қалмайды, оған сенімдімін!
Кишмиш привозят из Узбекистана. Персики тоже советую, вот эти очень вкусные. Если завтра придёте, их уже не будет, это я вам точно говорю!
— Жарайды, көндірдіңіз. Бір келі шабдалы өлшеп беріңізші. Міне, мен тағы төрт шоқ жүзім таңдап алдым.
Ну хорошо, уговорили. Взвесьте килограмм персиков. И вот я ещё выбрал четыре веточки винограда.
— Тағы бірдеңе керек пе?
Что-нибудь ещё?
— Иә, қазір тізімге қарап алайын. А, тағы бір нәрсе! Сіздерде брокколи бар ма? А, болды, көрдім, ана жерде жатыр екен. Мына екі бас брокколиді өлшеп беріңізші. Ал, менің алатыным осы сияқты. Сонымен бір келі картоп, жарты келі пияз, бір бас сарымсақ, үш таба нан, екі бас брокколи, бір келі шабдалы және бір келі жүзім болды. Барлығы қанша болады?
Да, я сейчас посмотрю по списку. А, вот ещё! У вас брокколи есть? А, всё, увидел, вон там лежит. Взвесьте, пожалуйста, вот эти две головки. Ну, у меня, пожалуй, всё. Получается, килограмм картошки, полкилограмма лука, головка чеснока, три лепёшки, две головки брокколи, килограмм персиков и килограмм винограда. Сколько с меня?
— Сізден бес мың теңге.
С вас пять тысяч тенге. | 205 |
| 20 | 🐝 АРАЛАР БАЛДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?
КАК ПЧЁЛЫ ДЕЛАЮТ МЁД?
📌 Глагол дня: байыту — обогащать
Бал дегеніміз гүлдерден жиналған жай ғана шырын сияқты көрінуі мүмкін.
Кажется, что мёд — это просто собранный с цветов сок.
Шын мәнінде, бал жасау — мыңдаған кішкентай еңбекқор араның үйлесімді жұмысын қажет ететін күрделі үдеріс.
На самом деле его создание — сложный процесс, требующий слаженной работы тысяч маленьких тружениц.
1. ШІРНЕ ЖИНАУ. Жұмысшы ара тұмсығымен жүздеген гүлден шірне жинап, оны арнайы «бал қарыншасына» құяды да, ұясына жеткізеді.
СБОР НЕКТАРА. Рабочая пчела хоботком собирает нектар с сотен цветков в специальный «медовый желудочек», где переносит его в улей.
Ұясына қайтып келе жатқанда-ақ ферменттер шірнедегі күрделі қанттарды қарапайым қанттарға ыдырата бастайды.
Уже по дороге домой ферменты начинают расщеплять сложные сахара нектара на простые.
2. ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КЕПТІРУ. Ұяда жинаушы ара шірнені қабылдаушы араларға береді.
ПЕРЕРАБОТКА И СУШКА. В улье сборщица передаёт каплю пчёлам-приёмщицам.
Оны бір-біріне тұмсықтан тұмсыққа бере отырып, аралар шірнені ферменттермен байытады.
Передавая её из хоботка в хоботок, пчёлы обогащают нектар ферментами.
Содан кейін шірнені бал ұясының ұяшықтарына құйып, қанаттарымен желпиді.
Затем его раскладывают по ячейкам сот и обдувают крыльями.
Артық су буланып, бал қоюланған кезде аралар ұяшықтарды балауызбен бекітеді.
Когда лишняя вода испаряется и мёд густеет, ячейки запечатывают воском.
3. АРА НАНЫ. Аралар гүл тозаңын артқы аяқтарындағы арнайы «себеттеріне» жинайды.
ПЧЕЛИНЫЙ ХЛЕБ. Пыльцу пчёлы собирают в «корзиночки» на задних лапках.
Ұяда одан ақуызға бай перга — «ара наны» жасалады.
В улье из неё делают пергу — «пчелиный хлеб», богатый белком.
Бал араларға негізгі қуат көзі болса, перга әсіресе жас араларды өсіру үшін маңызды.
Мёд служит главным источником энергии, а перга особенно важна для выращивания молодых пчёл.
Осылайша аралар екі негізгі өнім жасайды: бал — қуат пен қозғалыс үшін, ал перга — жаңа ұрпақтың өсіп, күш жинауы үшін!
Так пчёлы создают два главных продукта: мёд — для энергии и движения, а пергу — для роста и силы нового поколения! | 209 |
