Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда
前往频道在 Telegram
Наш чат @soileuchat | Сообщество @soileu_kz 09.08.24 - я решил начать изучение казахского https://t.me/SoileuKZ/2 24.05.25 - запустил Марафон «Казахский язык за год» https://t.me/SoileuKZ/199 24.05.26 - запустил второй марафон https://t.me/SoileuKZ/666
显示更多1 084
订阅者
无数据24 小时
+57 天
+1230 天
吸引订阅者
九月 '26
九月 '26
+3
在0个频道中
八月 '26
+37
在0个频道中
Get PRO
七月 '26
+36
在0个频道中
Get PRO
六月 '26
+57
在0个频道中
Get PRO
五月 '26
+159
在2个频道中
Get PRO
四月 '26
+34
在0个频道中
Get PRO
三月 '26
+52
在2个频道中
Get PRO
二月 '26
+37
在0个频道中
Get PRO
一月 '26
+54
在1个频道中
Get PRO
十二月 '25
+94
在3个频道中
Get PRO
十一月 '25
+44
在1个频道中
Get PRO
十月 '25
+127
在34个频道中
Get PRO
九月 '25
+64
在0个频道中
Get PRO
八月 '25
+71
在0个频道中
Get PRO
七月 '25
+483
在1个频道中
Get PRO
六月 '250
在0个频道中
Get PRO
五月 '25
+33
在1个频道中
| 日期 | 订阅者增长 | 提及 | 频道 | |
| 04 九月 | 0 | |||
| 03 九月 | +2 | |||
| 02 九月 | +1 | |||
| 01 九月 | 0 |
频道帖子
💡 НЕЛІКТЕН ЖАҚСЫ ИДЕЯЛАР КӨБІНЕ ТҮНДЕ КЕЛЕДІ?
ПОЧЕМУ ХОРОШИЕ ИДЕИ ЧАСТО ПРИХОДЯТ К НАМ НОЧЬЮ?
📌 Глагол дня: өңдеу — обрабатывать, перерабатывать
Алдыңғы күні ұйықтағалы төсекте жатқанымда, кенеттен қазақ тілінде ойлауды үйренуге және сөйлеу дағдымды дамытуға көмектесетін жаттығудың идеясы келді.
Позавчера я уже лежал в кровати и собирался спать, когда мне неожиданно пришла идея упражнения, которое может помочь научиться думать на казахском языке и развивать разговорную речь.
Сол кезде мен: қызықты идеялар неге көбіне түнде келеді деп ойланып қалдым.
И тогда я задумался: почему интересные идеи так часто появляются именно ночью?
Мүмкін, мұның себебі — ұйқы алдында күндізгі қарбалас біртіндеп басылады: біз енді жұмыс істемейміз, ешқайда асықпаймыз және ондаған ұсақ-түйек мәселені шешпейміз.
Возможно, причина в том, что перед сном постепенно исчезает дневная суета, мы уже не работаем, никуда не спешим и не решаем десятки мелких задач.
Ал жарықты өшіргенде, көзге түсетін нәрселер де азаяды: айнала қараңғы, ешқандай заттар мен бейнелер назарымызды бөлмейді.
А когда выключаем свет, практически исчезают и зрительные раздражители: вокруг темно, никакие предметы и образы не отвлекают внимание.
Бірақ ми бұл кезде жұмысын тоқтатпайды, ол біз бұған дейін айналысқан мәселелерді әрі қарай өңдей береді.
Но мозг при этом не перестаёт работать, он может продолжать обрабатывать вопросы, которыми мы занимались раньше.
Соңғы күндері мен қазақ тілінде ойлауды үйреніп және еркінірек сөйлеудің жолын көп ойландым. Тыныштық орнағанда, миым маған шешім ұсынғандай болды.
В последние дни я много думал о том, как научиться думать на казахском и свободнее говорить, — и в тишине мозг словно предложил мне решение.
Мұндай жағдай белгілі адамдардың да басынан өткен.
Подобное случалось и с известными людьми.
Пол Маккартни Yesterday әнінің әуені түсінде келгенін айтқан, ал Менделеев химиялық элементтердің периодтық кестесін түсінде көрген.
Пол Маккартни рассказывал, что мелодия Yesterday пришла ему во сне, Менделеев увидел периодическую таблицу элементов во сне.
Мүмкін, кейде жақсы идея табу үшін көбірек ойланудың қажеті жоқ шығар. Тек мидың ойлауына кедергі келтіретін нәрселердің бәрін алып тастау жеткілікті.
Возможно, иногда для хорошей идеи нужно не думать сильнее, а просто убрать всё, что мешает мозгу думать.
| 2 | 🧠 ЕКІ ТІЛ БІЛУДІҢ МИҒА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?
ЧЕМ ПОЛЕЗНО ЗНАНИЕ ДВУХ ЯЗЫКОВ ДЛЯ МОЗГА
📌 Глагол дня: ауысу — переключаться, переходить
Екі немесе одан да көп тіл білу тек қарым-қатынас жасауға, саяхаттауға және фильмдерді субтитрсіз көруге ғана пайдалы емес.
Знание двух или нескольких языков полезно не только для общения, путешествий и просмотра фильмов без субтитров.
Зерттеулер екі тілді білудің ми жұмысына да оң әсер ететінін көрсетеді.
Исследования показывают, что двуязычие положительно влияет и на работу мозга.
Бірнеше тілді меңгерген адамдардың миындағы нейрондар мен синапстардың басым бөлігі орналасқан сұр заттың тығыздығы жоғары болуы мүмкін.
У людей, владеющих несколькими языками, может быть выше плотность серого вещества, в котором находится большая часть нейронов и синапсов.
Сонымен қатар, екінші тілді қолдану кезінде мидың кейбір аймақтары белсендірек жұмыс істейді.
Кроме того, при использовании второго языка некоторые области мозга работают активнее.
Тілдер арасында үнемі ауысып отыру мидың атқарушы қызметтерін жаттықтырады.
Постоянное переключение между языками тренирует исполнительные функции мозга.
Бұл зейінді шоғырландыруға, бір тапсырмадан екіншісіне тез ауысуға, мәселелерді шешуге және қажетсіз ақпаратты сүзгіден өткізуге көмектеседі.
Оно помогает развивать концентрацию внимания, умение быстро переключаться между задачами, решать проблемы и отсеивать ненужную информацию.
Мұндай тұрақты жаттығу мидың префронтальды қыртысының жұмысын да күшейтуі мүмкін.
Такая постоянная нагрузка может также укреплять работу префронтальной коры.
Сонымен қатар, зерттеулер екітілділікті Альцгеймер ауруы мен деменция белгілерінің шамамен бес жылға кешірек байқалуымен байланыстырады.
Более того, исследования связывают двуязычие с более поздним проявлением болезни Альцгеймера и деменции — примерно на пять лет.
Осылайша, бірнеше тіл білу адамды міндетті түрде ақылды ете қоймайды, бірақ мидың белсенділігін сақтауға, оның күрделі қызметтерін дамытуға және сау күйде болуына көмектеседі.
Таким образом, знание нескольких языков не обязательно делает человека умнее, но помогает мозгу оставаться более активным, сложным и здоровым. | 104 |
| 3 | 🚬 ТЕМЕКІ АҒЗАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
КАК СИГАРЕТЫ ВЛИЯЮТ НА ОРГАНИЗМ?
📌 Глагол дня: нашарлау — ухудшаться, слабеть
Темекі түтінінің құрамында 7000-нан астам химиялық зат бар.
В сигаретном дыме содержится более 7000 химических веществ.
Әрбір тартқан сайын бұл заттар ағзаға түсіп, әртүрлі мүшелерге әсер ете бастайды.
При каждой затяжке они попадают в организм и начинают воздействовать на разные органы.
Шайырлар тістер мен қызыл иекке жиналып, тіс эмалін зақымдайды және уақыт өте келе тістердің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Смолы оседают на зубах и дёснах, повреждают зубную эмаль и со временем могут привести к разрушению зубов.
Түтін мұрындағы жүйке ұштарын да зақымдайды, сондықтан адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды.
Дым также повреждает нервные окончания в носу, поэтому человек хуже чувствует запахи.
Әсіресе өкпе қатты зардап шегеді. Түтін өкпені шаң мен микробтардан тазартуға көмектесетін ұсақ кірпікшелерді зақымдайды.
Особенно сильно страдают лёгкие. Дым повреждает крошечные реснички, которые помогают очищать лёгкие от пыли и микробов.
Соның салдарынан өкпенің инфекциялардан қорғануы қиындайды, сондай-ақ инфекциялар мен өкпе ауруларының қаупі артады.
Поэтому лёгким становится труднее защищаться от инфекций, а также возрастает риск инфекций и заболеваний лёгких.
Темекі түтініндегі көміртек тотығы қанға өтіп, гемоглобиннің оттегін тасымалдауына кедергі келтіреді. Соның салдарынан ағзаға оттегі жетіспеуі мүмкін.
Угарный газ из дыма попадает в кровь и мешает гемоглобину переносить кислород. Из-за этого организму может не хватать кислорода.
Сондықтан дене қимылы кезінде адам тезірек шаршап, ентігуі мүмкін.
Поэтому при физической нагрузке человек может быстрее уставать и испытывать одышку.
Никотин небәрі бірнеше секундта миға жетіп, жағымды сезім тудырады, соның салдарынан тәуелділік пайда болады. Сонымен қатар никотин қан тамырларын тарылтады.
Никотин всего за несколько секунд достигает мозга и вызывает чувство удовольствия, из-за чего возникает зависимость. При этом он сужает кровеносные сосуды.
Ал темекі түтінінің құрамындағы кейбір заттар жасушалардың ДНҚ-сын зақымдап, қатерлі ісіктің даму қаупін арттыруы мүмкін.
А некоторые вещества сигаретного дыма способны повреждать ДНК клеток, повышая риск развития рака. | 114 |
| 4 | 🎩 ӘШКЕРЕЛЕУ
РАЗОБЛАЧЕНИЕ
📌 Глагол дня: әшкерелеу — разоблачать, выявлять, раскрыть
Әшкерелеу — біреудің теріс, заңсыз немесе алдамшы әрекеттері туралы жасырын шындықты ашу; әдейі жасырылған нәрсені анықтап, жұртшылыққа жария ету.
Разоблачение — это раскрытие скрытой правды о чьих-либо неблаговидных, незаконных или обманных действиях; обнаружение и предание огласке того, что намеренно скрывалось.
Біз өмір сүріп жатқан, көптеген әлеуметтік желілерді біріктірген ашық онлайн кеңістік жекелеген адамдар мен ұйымдардың көптеген заңсыз әрі арам әрекеттерін әшкерелеудің құралына айналды.
Мир, в котором мы живём, объединённый в одну открытую онлайн-сеть с множеством социальных сетей, стал инструментом для разоблачения многих неправомерных и злых дел отдельных людей и организаций.
Соның жарқын мысалдарының бірі — Сноуден ісі.
Один из ярких примеров — дело Сноудена.
Эдвард Сноуден — америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметкері әрі IT-маман.
Эдвард Сноуден — бывший сотрудник американских спецслужб и IT-специалист.
Ол АҚШ арнайы қызметтінің АҚШ-тағы және басқа елдердегі миллиондаған қарапайым азаматтардың телефон және интернет арқылы сөйлесулері мен интернеттегі байланыстарына қатысты деректерді жасырын түрде әрі орасан көлемде жинап келгенін анықтады.
Он обнаружил, что американские спецслужбы тайно и в огромных масштабах собирали данные о телефонных и интернет-коммуникациях миллионов обычных людей в США и других странах.
2013 жылы ол журналистерге құпия құжаттарды беріп, АҚШ-тың миллиондаған қарапайым азаматтарды электронды түрде жаппай бақылауға алған ауқымды бағдарламаларын әшкереледі.
В 2013 году он передал журналистам секретные документы, раскрывшие масштабные программы электронной слежки США за миллионами обычных людей.
Бұл деректер жарияланып, әлемдік деңгейдегі үлкен дауға және АҚШ-тағы электронды бақылау жүйесінің реформалануына алып келді.
Данные были опубликованы, и это привело к мировому скандалу и реформе системы электронной слежки в США.
Сноуденнің өзіне мемлекеттік меншікті ұрлады және құпия барлау ақпаратын жария етті деген айып тағылды.
Самого Сноудена обвинили в краже государственной собственности и раскрытии секретной разведывательной информации.
Сондықтан ол АҚШ-тан кетіп, алдымен Гонконгке барды, кейін Ресейге көшті.
Поэтому он покинул США, сначала уехал в Гонконг, а затем переехал в Россию. | 128 |
| 5 | 🌟 МЕН БӘРІН АҢҒАРДЫМ! СӨЙТСЕМ, БҰЛАР ДҰРЫС ЕМЕС АРАЛАР ЕКЕН!
Я ВСЕ ПОНЯЛ! ОКАЗЫВАЕТСЯ, ЭТО НЕПРАВИЛЬНЫЕ ПЧЕЛЫ!
📌 Глагол дня: аңғару — понять, сообразить, улавливать
Бәлкім, бәріңіз кеңестік «Винни-Пух» мультфильмін көрген шығарсыздар, осы бір сәт есіңізде болар.
Наверное все смотрели советский мультфильм про Винни-Пуха и помните этот момент.
Винни-Пух аралардан бал алғысы келді. Ол үшін Торай екеуі әуе шарын үрлеп, Винни аралардың ұясына қарай жоғары көтерілді.
Винни-Пух захотел взять мёд у пчёл. Для этого они с Пятачком надули воздушный шарик, и Винни поднялся вверх к гнезду пчёл.
Винни-Пух бұлтқа ұқсап, бұлт туралы әнін айтып тұрды, ал Торай ары-бері жүгіріп:
— Жаңбыр жауатын сияқты, жаңбыр жауатын сияқты, — деп қайталай берді.
Винни притворился тучкой, напевая песню тучки, а Пятачок бегал туда сюда и говорил:
— Кажется, дождь собирается, Кажется, дождь собирается.
Бірақ аралар ақымақ емес еді. Олар өз ұясын қорғап, қонжықты шаға бастады.
Но пчелы были не глупыми, и начали защищать свой дом и жалить мишку.
Сол кезде Винни өзінің әйгілі сөзін айтты:
— Мен ойландым, ойландым... Бәрін аңғардым! Сөйтсем, бұлар дұрыс емес аралар екен! Мүлде дұрыс емес! Олар, сірә, дұрыс емес бал жасайтын шығар. Мен... мен төмен түсіп бара жатырмын.
И в этот момент он произнес свою знаменитую фразу:
― Я думал-думал, я все понял! Оказывается, это неправильные пчелы. Совсем неправильные. И они, наверное, делают неправильный мед. Я, я... вниз спускаюсь.
— Қалай түсесің? — деді Торай.
― А как? - говорит Пятачок.
— Оны әлі ойластырмаппын. Торай! Үйіңде мылтық бар ма?
― Об этом я еще не подумал. Пятачок! У тебя есть дома ружье?
— Бар.
― Есть.
— Тезірек әкел!
― Неси его скорей!
Торай мылтықты әкеліп, атады.
Пятачок приносит ружье и стреляет.
— Қайда атып жатырсың?
― Куда ж ты стреляешь?
— Араларға, әрине!
― В пчел, конечно!
— Араларға атпа! Шарды атып түсіруің керек!
― Да не в пчел! Ты должен сбить шар!
— Бірақ... шарға атсам... ол жарылып қалады ғой?
― Но... если я выстрелю в шарик... он же испортится?
— Ал сен атпасаң, онда менің өзімнің быт-шытым шығады!
― А если ты не выстрелишь - тогда испорчусь я!
Торай шарды атады.
Пятачок стреляет в шар.
Винни жерге құлап түседі де, күрсініп, үсті-басын қағып, Торай екеуі Қоянға қонаққа кетеді.
Винни падает вниз, вздыхает, отряхивается и они идут в гости к Кролику. | 135 |
| 6 | 📚 ЖАҒДАЯТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГРАММАТИКАНЫ ҮЙРЕНУ ТІЛДІ ТЕЗІРЕК МЕҢГЕРУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
ИЗУЧЕНИЕ СИТУАТИВНОЙ ГРАММАТИКИ УСКОРЯЕТ ОСВОЕНИЕ ЯЗЫКА
📌 Глагол дня: арттыру — увеличивать, возрастать, повышать
Қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс айтуды үйрену маңызды ма, әлде қазақша сөйлеуді түсінуді үйрену маңызды ма?
Что важнее: научиться понимать казахскую речь или научиться правильно выговаривать казахские слова?
Қазақша сөйлеуді түсінуді үйрену маңыздырақ.
Научиться понимать казахскую речь важнее.
Бұл үдерісте грамматиканы үйрену мен сөздік қорды арттыру басты рөл атқарады. Ал осы екеуінің қайсысы маңыздырақ?
В этом процессе центральную роль играют изучение грамматики и расширение словарного запаса. А из этого что важнее?
Менің ойымша, күн сайын екеуімен де қатар айналысу керек.
Я уверен, что каждый день нужно заниматься одновременно и тем и другим.
Егер грамматикаға жеткілікті көңіл бөлмей, тек мәтін оқып, одан жаңа сөздерді жазып алып жүрсең, тілді үйрену үдерісі әлдеқайда көп уақыт алады.
Если просто читать тексты и выписывать из них новые слова, не уделяя достаточно внимания грамматике, весь процесс изучения языка займёт намного больше времени.
Әсіресе қазақ тілінің агглютинативті тіл екенін ескерсек.
Особенно если учитывать, что казахский — агглютинативный.
Мысалы, жазу — «писать», жазба — «запись», ал жазушы — «писатель» дегенді білдіреді.
Например, жазу означает «писать», жазба — «запись», а жазушы — «писатель».
Егер осы екі жаңа сөздің қандай екі қарапайым грамматикалық ереже арқылы жасалғанын білсең, болашақта сөздігіңе үш есе аз сөз жазып алатын боласың.
И если ты знаешь два простых грамматических правила, по которым образовались эти два новых слова, то в будущем в свой словарь ты будешь выписывать в три раза меньше слов.
Яғни мың сөздің орнына шамамен 300–330 сөз бен осы екі қарапайым ережені ғана үйренуің керек болады.
То есть вместо тысячи слов тебе нужно будет выучить всего около 300–330 слов и эти два простых правила.
Сондықтан, менің ойымша, күн сайын жағдаятқа байланысты грамматиканы үйреніп, жаңа сөздерді жазып жүру — тілді меңгерудің ең жылдам жолы.
Поэтому ежедневное изучение ситуативной грамматики и выписывание новых слов, на мой взгляд, — самый быстрый способ освоить язык. | 128 |
| 7 | 🎙️ ПОДКАСТТАН ТАНЫС ЕТІСТІКТІ ЕСТІГЕНДЕ…
КОГДА УСЛЫШАЛ ЗНАКОМЫЙ ГЛАГОЛ В ПОДКАСТЕ…
📌 Глагол дня: көз жеткізу — убеждаться, убедиться
Шамамен бір айдан кейін қазақ тілінде мен үйренген 500 етістік деген межеге жетемін.
Уже примерно через месяц я достигну отметки в 500 изученных казахских глаголов.
Оған шамамен 14 ай уақытым кетті.
На это мне понадобилось около 14 месяцев.
Осынша уақыт жұмсауға тұрарлық болды ма? Әрине, иә.
Стоило ли тратить на это столько времени? Однозначно да.
Бірнеше күн бұрын таңертең велосипедпен келе жатып, бір құлағыма құлаққап тағып, қазақ тіліндегі подкаст тыңдап келе жаттым.
Несколько дней назад утром я ехал на велосипеде и слушал в одном наушнике подкаст на казахском языке.
Кенет подкасттан осыдан тура бір күн бұрын өткен «абыржу» деген етістікті естіп қалдым. Іштей қуанып, риза болып жымиып қойдым.
Вдруг в подкасте я услышал глагол “абыржу”, который мы проходили буквально за день до этой велопрогулки. Я улыбнулся довольной улыбкой.
Подкастта не туралы айтылғанын түгелге жуық түсінсем де, дәл осы таныс етістік неге екені белгісіз, мені ерекше қуантты.
Хотя я понял практически всё, о чём говорилось в подкасте, но именно этот знакомый глагол почему-то особенно меня порадовал.
Сол сәтте мен: «Жақында күнделікті қазақша сөйлесуде мен білмейтін сөздер азайып, тіпті қалмайтын кез де келетін шығар.» — деп ойладым.
Бұл қандай керемет!
В тот момент я подумал: а ведь скоро настанет время, когда в обычной казахской речи почти не останется слов, которые я не знаю. И это очень здорово!
Тағы бір түсінгенім әрі өз тәжірибемнен көз жеткізгенім — ең негізгі сөздер мен етістіктерді жүйелі түрде үйренуге бір жылдан сәл артық уақыт жұмсау дұрыс шешім болған екен.
А еще я понял и убедился на собственном опыте, что потратить чуть больше года на систематическое изучение самых основных слов и глаголов было правильным решением.
Егер сіз әлі де тілді неден бастап үйрену керектігін білмесеңіз, осыдан бастаңыз.
Если вы все еще не знаете с чего начать изучение языка, начните с этого. | 161 |
| 8 | ❤️ НЕЛІКТЕН БІЗ АҚТАЛАМЫЗ?
ПОЧЕМУ МЫ ОПРАВДЫВАЕМСЯ?
📌 Глагол дня: ақталу — оправдываться
— Сен неге кесені сындырып алдың?
— Мен әдейі істеген жоқпын, өзі құлап кетті!
— Неге екі алдың?
— Мұғалім өте қиын тапсырма берді!
— Неге бауырыңды итердің?
— Ол бірінші бастады!
— Ты почему разбил чашку?
— Я не специально, она сама упала!
— Почему получил двойку?
— Учитель дал очень сложное задание!
— Почему толкнул брата?
— Он первый начал!
Бала үшін мұндай әрекет — қалыпты нәрсе. Өйткені адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауды бірден емес, есейе келе біртіндеп үйренеді.
С детства мы знаем, что значит оправдываться. И для ребенка такая реакция вполне нормальна, так как брать ответственность за свои поступки человек учится постепенно, взрослея.
Ал себептеріне келсек, олардың кейбірі мыналар:
Но если говорить о причинах, то вот некоторые из них:
Жазадан қорқу. Өзіміздің кінәлі екенімізді мойындасақ, оның салдарына жауап беруге тура келетінін түсінеміз, ал ешкім жазаланғысы келмейді.
Страх наказания. Мы понимаем, что, если мы признаемся в том, что виноваты, нам придется понести последствия, а наказанным никто не хочет быть.
Көңілін қалдырудан қорқу. Жаман ісімізді мойындау — айналамыздағы адамдардың алдында абыройымыздан айырылып, олардың бізге деген жақсы көзқарасын жоғалтып аламыз деген қорқыныш тудырады.
Страх разочаровать. Признаться в плохом поступке — значит потерять репутацию и симпатию окружающих людей.
Ұялу. Бір нәрсені дұрыс істемей қойсақ, өзімізді жайсыз сезінеміз. Сондай кезде көзге түспей, тасаланып қалғымыз келеді немесе істеген ісімізді жасырып, өзімізді ақтап алуға сылтау іздейміз.
Стыд. Когда мы делаем что-то не так, нам неприятно, и мы хотим скрыться сами или выбираем скрыть то, что мы сделали, и придумываем самооправдание.
Жауапкершіліктің жеткілікті деңгейде дамымауы. Бұл — барлық мәселенің себебін өзімізден емес, айналамыздан іздеуге үйреніп қалған жағдай.
Недостаточно развитая ответственность. Когда мы привыкли искать причины всех проблем вокруг себя, а не внутри.
Әділдік үшін орынды ақталу. Егер біз әділетсіздік пен дұшпандық жағдайға тап болып, өз құқығымызды қорғап, әділдікке қол жеткізгіміз келсе, өзімізді ақтау кейде дұрыс, тіпті батыл қадам болуы мүмкін.
Правильное оправдание ради справедливости. Если мы хотим добиться справедливости во враждебных и несправедливых условиях, то самооправдание бывает порой правильным и даже смелым поступком. | 150 |
| 9 | 😠 ЕҢ БАСТЫСЫ — ҚАЗҒА ЖАҚЫНДАМАУ
ГЛАВНОЕ — НЕ ПРИБЛИЖАТЬСЯ К ГУСЮ
📌 Глагол дня: жақындау — приближаться
Мен екінші сыныпта оқып жүргенде, ауылда ата-әжемнің қолында тұрдым.
Когда я учился во втором классе, я жил в деревне у бабушки и дедушки.
Мектепке жету үшін бүкіл ауылды басып өтуім керек еді — шамамен 2 шақырым жер.
Чтобы дойти до школы, мне нужно было пройти через всё село — расстояние около 2 километров.
Ауылда неше түрлі жануарлар көп болатынын білесіздер ғой?
Вы же знаете, что в деревне много всяких животных?
Сондықтан менің өзіме қойған бір ережем болды: сиырлар мен бұқаларға, жылқыларға, қаздар мен иттерге жақындамау және мүмкіндігінше олардан аулақ, алысырақ жүру.
Так вот, у меня было правило: не приближаться к коровам и быкам, к лошадям, к гусям и к собакам и по возможности проходить как можно дальше от них.
Ал ауылда бұл жануарлардың бәрі көшеде ешкімнің қарауынсыз еркін жүре береді.
А в деревне все эти животные могут спокойно разгуливать по улице без присмотра.
Сондықтан мектепке бару немесе мектептен қайту мен үшін кейде нағыз бір сынақ болатын.
Поэтому дойти до школы или вернуться из неё для меня порой было настоящим квестом.
Жолмен жайбарақат келе жатасың, ал көшеде бір қаз жүр.
Идёшь себе спокойно по дороге, а по улице гуляет гусь.
Оған тіпті жақындаудың да қажеті жоқ. Ол сені алыстан-ақ көріп алып, қаңқылдап, ысылдап, саған қарай жүгіре жөнеледі.
И к нему даже не нужно было приближаться. Он ещё видит тебя издалека и начинает гоготать, шипеть и бежать к тебе навстречу.
Ондай кезде орныңда тұрып, оның жүгіріп келгенін күтуге болмайды. Сондықтан ол мені шоқып алмас үшін қаша жөнелетінмін.
В такой момент стоять и ждать, когда он подбежит, нельзя, поэтому я убегал, чтобы он меня не пощипал.
Ауылдағы алғашқы кезімде бұл маған біраз қиын болды. Осы жолмен жүруге қорқатынмын. Бірақ кейін біртіндеп үйреніп, өзіме ең қолайлы жолды тауып алдым.
В начале моей деревенской жизни мне было сложновато, и я боялся ходить этой дорогой, но потом привык, нашёл для себя оптимальный маршрут.
Оның үстіне ауылдағы көптеген балалармен достасып кеттім. Мектепке бірге барғанда, бұрынғыдай қорықпайтын болдым, керісінше, жолымыз қызықты әрі көңілді өтетін.
А ещё подружился со многими деревенскими ребятами, и вместе ходить в школу было не страшно, а весело. | 175 |
| 10 | 📸 ВИДЕОҒА ТҮСІРІП, ИНТЕРНЕТКЕ ЖАРИЯЛАМАС БҰРЫН…
ПРЕЖДЕ, ЧЕМ СНЯТЬ ВИДЕО И ВЫЛОЖИТЬ ЕГО В ИНТЕРНЕТ…
📌 Глагол дня: түсіру — снимать
Бүгінде адамдар айналасында болып жатқанның бәрін видеоға түсіріп, интернетке жариялап жатады.
Сегодня люди снимают на видео всё, что происходит вокруг, и выкладывают эти видео в интернет.
Ал бұл туралы заңда не жазылған?
А что об этом написано в законе?
Жалпы, Қазақстанда фото және видео түсіруге арнайы нормалармен тыйым салынған немесе шектеу қойылған орындар мен жағдайлар бар.
В общем, в Казахстане существуют места и ситуации, где фото- и видеосъёмка запрещена или ограничена специальными нормами.
Мысалы, ерекше ережелер:
• түзеу мекемелерінде;
• тергеу изоляторларында;
• сот отырыстары кезінде;
• әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде қолданылады.
Например, особые правила действуют:
• в исправительных учреждениях;
• в следственных изоляторах;
• во время судебных заседаний;
• при рассмотрении дел об административных правонарушениях.
Сонымен қатар, ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабы адамның өз бейнесіне деген құқығын қорғайды.
Также статья 145 Гражданского кодекса РК защищает право человека на собственное изображение.
Жалпы ереже бойынша адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға болмайды.
По общему правилу использовать изображение человека без его согласия нельзя.
Яғни, жалпы ереже бойынша өзіңді, табиғатты, қаланы және басқа да нысандарды еркін түсіре аласың.
То есть по общему правилу ты можешь свободно снимать себя, природу, город и другие объекты.
Бұдан бөлек, тауар сатылатын, жұмыстар орындалатын немесе қызметтер көрсетілетін орындарға барған кезде де видео түсіре аламыз.
Кроме того, мы можем снимать видео при посещении мест продажи товаров, выполнения работ или оказания услуг.
Сондықтан біреу сізге видео түсіруге тек түсірілімнің өзі ұнамағандықтан тыйым салса, бұл мұндай тыйым заңды дегенді білдірмейді.
Поэтому, если кто-то запрещает вам снимать видео просто потому, что ему не нравится сам факт съемки, это ещё не означает, что такой запрет законен.
Адам өзін түсіруге қарсылық білдіруге құқылы, ал белгілі бір орынды немесе өнімді түсіруге тыйым салу үшін ол мұндай тыйымның заңды негізін көрсетуі керек.
Человек вправе возражать против съемки себя, а чтобы запретить снимать место или продукцию, он должен указать законное основание для такого запрета. | 172 |
| 11 | 🌿 ТАБИҒАТТЫҢ ҚИРАТУШЫ КҮШІНЕ ЕШТЕҢЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛМАЙДЫ
НИЧТО НЕ СРАВНИТСЯ С РАЗРУШАЮЩЕЙ СИЛОЙ ПРИРОДЫ
📌 Глагол дня: қирату — разрушать, ломать, громить
Адам — Жер бетіндегі ең үлкен қиратушы: ол қалаларды қиратады, ормандарды кеседі, жануарларды жояды, өзендер мен жер бедерін өзгертеді, қоршаған ортаны ластайды және кейде ғасырлар бойы жасалған дүниелерді қысқа уақыттың ішінде жойып жібереді.
Человек — величайший разрушитель на Земле: он разрушает города, вырубает леса, уничтожает животных, меняет реки и ландшафты, загрязняет окружающую среду и порой за короткий срок уничтожает то, что создавалось веками.
Бірақ адам табиғаттың күшімен теңесе алмайды.
Но с силой природы человек не сравнится.
Бірде әкем екеуміз балық аулауға барып, алысқа кетіп қалдық. Сол жерде мен төбелерді көріп, олардың не екенін сұрадым.
Однажды мы с отцом пошли на рыбалку и далеко зашли. Там я увидел холмы и спросил, что это.
Әкем бұрын бұл жерде ауыл болғанын айтты. Ал қазір мұнда бұталар, шөптер мен гүлдер өскен төбелер ғана қалған.
Отец ответил, что раньше здесь была деревня. Теперь это просто холмы, покрытые кустами, травой и цветами.
2020 жылы коронавирусқа байланысты локдаун басталған кезде көліктердің қозғалысы күрт азайып, бірнеше күннің ішінде Алматының ауасы айтарлықтай тазарды.
Когда в 2020 году из-за коронавируса начался локдаун, движение машин резко сократилось, и за несколько дней воздух в Алматы стал заметно чище.
Қазір бүкіл әлемде табиғи апаттар мен орасан зор бүлінулер орын алып жатыр.
Сейчас по всему миру происходят природные катаклизмы и большие разрушения.
Бұрын мен адам өте күшті деп ойлайтынмын, ал қазір табиғатпен салыстырғанда біздің теңіздегі құмның түйіршігіндей ғана екенімізді түсінемін.
Раньше я думал, что человек очень силён, а теперь вижу, что по сравнению с природой мы как песчинки в море.
Ерте ме, кеш пе, табиғат өз дегенін істейді: егер біз оны құрметтеп, табиғи ресурстарды сақтауды үйренбесек, адам жасаған дүниелерді қиратып, өзінікін қайта қалпына келтіреді.
Рано или поздно природа возьмёт своё: разрушит созданное человеком и восстановит своё, если мы не научимся уважать её и беречь природные ресурсы. | 179 |
| 12 | 🛒 ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІМ КЕЛДІ, БІРАҚ ТАҒЫ ДА АБЫРЖЫП ҚАЛДЫМ
ХОТЕЛ ЗАГОВОРИТЬ ПО-КАЗАХСКИ, НО ОПЯТЬ РАСТЕРЯЛСЯ
📌 Глагол дня: абыржу — растеряться, суетиться
Сізде де біреумен қазақша сөйлескіңіз келіп, бірақ абыржып қалған кездер болды ма?
Бывало ли у вас такое, что вы хотели с кем-то заговорить по-казахски и растерялись?
Мысалы, дүкенге бара жатасың да, сатушымен диалогтың қалай өтетінін ойыңда алдын ала елестетіп қоясың.
Ну, идешь ты, например, в магазин и уже в голове прокручиваешь сценарий, как будет происходить диалог с продавцом.
Алдымен сатушыға жақындап, сыпайы түрде: «Сәлеметсіз бе!» — дейсің.
Сначала ты подходишь к продавцу и вежливо говоришь: «Здравствуйте».
Сатушы да саған: «Сәлеметсіз бе!» — деп жауап береді.
Продавец тебе тоже отвечает: «Здравствуйте».
Содан кейін себетке салған заттарыңды көрсетіп, қазақша: «Маған екі пакет беріңізші. Kaspi QR арқылы төлеймін», — дейсің.
Потом показываешь продукты, которые ты набрал в корзину, и говоришь по-казахски: «Мне, пожалуйста, два пакета. Оплачивать буду через Kaspi QR».
Сатушы күлімсіреп: «Сіз қазақша сондай жақсы сөйлейді екенсіз, жарайсыз!» — дейді.
Продавец улыбается и говорит: «Вы так хорошо разговариваете по-казахски, какой вы молодец!»
Ал сен оған: «Біз Қазақстанда тұрамыз ғой, мұнда әр адам қазақша сөйлей білуі керек», — деп жауап бересің.
А ты ему отвечаешь: «Ну, мы же в Казахстане живем, здесь каждый должен уметь разговаривать на казахском языке».
Сөйтіп, кенет көзіңді ашсаң, кассаның алдында тұр екенсің.
И вдруг ты открываешь глаза, а ты стоишь перед кассой.
Ал сатушы орысша: «У вас оплата через Kaspi?» — дейді.
И продавец говорит по-русски: «У вас оплата через Kaspi?»
Сен де орысша: «Да», — деп жауап беріп, үйге қайтасың )))
И ты отвечаешь по-русски: «Да» — и уходишь домой )))
Тағы да абыржып қалдым. Жарайды, келесі жолы тағы байқап көремін.
Опять растерялся. Ну ладно, попробую в следующий раз. | 183 |
| 13 | 🍞 ӘРҚАЙСЫМЫЗ БІР НӘРСЕ ӨНДІРЕМІЗ
КАЖДЫЙ ИЗ НАС ЧТО-ТО ПРОИЗВОДИТ
📌 Глагол дня: өндіру — производить
Бір нәрсе өндіру — адам бойына туа біткен қасиеттердің бірі.
Что-то производить — это часть природы человека, с которой мы рождаемся.
Біз дүниеге келеміз, өсеміз және бірте-бірте айналысатын белгілі бір қызмет түрін таңдаймыз.
Мы рождаемся, растём и постепенно выбираем себе какую-то деятельность, которой будем заниматься.
Ал әрбір қызметтің өндірілуі тиіс қандай да бір өнімі болады.
И у каждой деятельности есть какой-то продукт, который нужно производить.
Біреу нан өндіреді, біреу шұжық өндіреді.
Кто-то производит хлеб, кто-то колбасу.
Бірақ өнім міндетті түрде материалдық нәрсе болуы шарт емес.
Но продукт — это не обязательно что-то материальное.
Қызмет көрсету де — адамдарға қажет және олар сатып алатын өнім.
Услуги — это тоже продукт, который нужен людям и который они покупают.
Мұғалімнің өнімі — оқушылардың білімі мен дағдылары.
Продукт учителя — знания и навыки учеников.
Дәрігердікі — медициналық көмек, музыканттікі — музыка, жүргізушінікі — адамды бір жерден екінші жерге жеткізу.
У врача — медицинская помощь, у музыканта — музыка, у водителя — перемещение человека из одного места в другое.
Адамдар өндіретін барлық өнімдердің ортақ сипаттары бар: өнім көпшілікке қажет болуы, біреудің мәселесін шешуі немесе физикалық не рухани қажеттіліктерін өтеуі тиіс.
У всех продуктов, которые производятся людьми, есть общие характеристики: продукт должен быть нужен многим, он должен решать чьи-то проблемы или восполнять потребности — физические или духовные.
Ал егер сіз өзіңіздің немен айналысатыныңызға қарасаңыз, қызметіңіздің өнімі осы қарапайым талаптарға міндетті түрде сәйкес келетінін көресіз.
Ну и если вы посмотрите на то, чем вы занимаетесь, то увидите, что продукт вашей деятельности обязательно будет соответствовать этим простым требованиям. | 191 |
| 14 | 🐈 МЫСЫҚТЫ ҚАЛАЙ ІЗДЕДІК
КАК МЫ ИСКАЛИ КОТА
📌 Глагол дня: серуендету — выводить на прогулку, выгуливать
Үш күн бұрын кешке аулада мысығымды серуендетуге шықтым.
3 дня назад я пошел выгуливать кота во дворе вечером.
Негізі, ол үй мысығы, далаға шықпайды және ешқашан далаға сұранбайды. Бірақ кейде мен оны серуендетіп тұрамын.
Вообще, он у нас домашний, на улицу не выходит и никогда не просится. Но иногда я его выгуливаю.
Мен оны ауланың ортасына шығарып, ол шөптің үстінде жүргенде жанында тұрдым.
Я вынес его в центр двора и стоял рядом, пока он гулял по траве.
Артымнан бір әйел өтіп бара жатты, мысық одан қорқып, қаша жөнелді. Күн қараңғы болып қалған еді.
Позади меня прошла какая-то женщина, кот ее испугался и побежал. Уже было темно.
Ол подъездің жанындағы қалың таңқурай бұталарының арасына кіріп кетіп, шықпай қойды.
Он забежал в густые заросли малины возле подъезда и не выходил.
Мен жұбайымды шақырдым. Ол сыртқа шықты да, екеуміз мысықты бұталардың арасынан іздей бастадық.
Я позвал супругу. Она вышла, и мы вместе начали его искать в кустах.
Енді ол бізден қорқып, бір жаққа қаша жөнелді. Бұталар мен қараңғылықтың кесірінен оның қай жаққа жүгіріп кеткенін байқамай қалдық.
Теперь он испугался нас и куда-то выбежал. Из-за кустов и темноты мы не поняли, куда он побежал.
Жұбайым ұлыма телефон соқты, ол сыртқа шықты. Сөйтіп, үшеуіміз ауламызды аралап, қолшаммен жан-жаққа жарық түсіріп, оны: «Кіс-кіс-кіс, жирен, бері кел!» — деп шақыра бастадық.
Супруга позвонила сыну, он вышел. И теперь мы втроем ходили по нашему двору, светили фонариками и звали его: «Кс-кс-кс, рыжий, иди сюда».
Бір сағат өтті, жұбайымның көңілі түсіп кетті.
Прошел час, супруга уже расстроилась.
Бір кезде қасыма көрші подъезден бір адам келді: — Сіздер мысық іздеп жүрсіздер ме?
И вдруг ко мне подходит человек из соседнего подъезда: — Вы ищете кота?
— Иә.
— Да.
— Ол менің пәтерімнің есігінің алдында, төртінші қабатта отыр.
— Он у меня возле двери квартиры на 4-м этаже.
Мен оған рақмет айтып, сары мысығымызды алып, үйге қайттым. Бәріміз қатты қуандық.
Я поблагодарил его и забрал рыжего домой. Все были счастливы.
Сөйтсек, мысық бізден қорқып қашқан кезде көрші подъездің ашық тұрған есігінен ішке кіріп кетіпті. Содан кейін есік жабылып қалған.
Оказывается, когда он нас испугался, он забежал в открытую дверь соседнего подъезда. Потом ее закрыли.
Ал біз оны байқамай, мысықты іздеп, ауладағы әрбір бұтаны түгел аралап шыққан екенбіз.
А мы не заметили и обошли каждый куст во дворе в поисках кота. | 192 |
| 15 | 🥞 ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ КЕРЕК
КАК ПРАВИЛЬНО ПИТАТЬСЯ
📌 Глагол дня: тамақтану — питаться, кушать
Мен дәрігер де, тамақтану маманы да емеспін, бірақ бұл тақырыпқа қатысты менің де бір-екі ойым бар.
Я не врач и не специалист по питанию, но пару мыслей на эту тему у меня всё же есть.
Менің атам мен әжем ұзақ өмір сүрді, әрі олардың ешқашан өздеріне: «Қалай дұрыс тамақтану керек?» деген сұрақ қоймағанын білемін. Неге?
Мои бабушка и дедушка прожили достаточно долго, и я знаю, что они никогда не задавали себе вопрос: «Как правильно питаться?» Почему?
Олар өмір бойы ауылда тұрды, барлық азық-түлікті өздері өндірді.
Всю жизнь они жили в деревне, и все продукты у них были собственного производства.
Олар өздерін еш нәрседен шектемейтін: күн сайын майлы ауыл сүтін ішетін, қаймақ, май, нан жейтін.
Они никогда себе ни в чём не отказывали: пили жирное деревенское молоко каждый день, ели сметану, масло, хлеб.
Барлық көкөністер мен жемістер бақша мен бау-бақшада өсетін, ал етке қажетті мал жайылымда жайылып немесе тауықтар қорада жүгіріп жүретін.
Все овощи и фрукты росли у них в саду и в огороде, а мясо паслось на лугу или бегало по курятнику.
Егер біз ауылдық жерде тұрмасақ, дұрыс тамақтану мәселесіне өзімізге сұрақ қоюға мәжбүр боламыз.
Если мы живём не в деревне, мы вынуждены задавать себе вопрос о правильном питании.
Қалада біз аз қимылдаймыз, ал дүкеннен сатып алатын азық-түліктеріміз ауылдағыдай сапалы емес.
В городе мы мало двигаемся, а продукты, которые мы покупаем в магазине, не такие качественные, как в деревне.
Ал кейде олардың құрамында денсаулыққа зиянды қоспалар да болады.
И порой они содержат достаточно вредные добавки.
Ал менің қалай дұрыс тамақтану керектігі туралы жалғыз кеңесім мынау: сатып алатын өнімдеріңіздің құрамын мұқият оқыңыздар және көбірек қимылдаңыздар!
И мой единственный совет по поводу того, как правильно питаться, будет следующим: внимательно читайте состав продуктов, которые вы покупаете, и больше двигайтесь! | 198 |
| 16 | 👌 ЦИФРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА КӨШУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
ПЛЮСЫ ПЕРЕХОДА НА ЦИФРОВЫЕ ДОКУМЕНТЫ
📌 Глагол дня: рәсімдеу — оформлять
Алғашқы көлігімді сатып алған кезде, сатушымен бірге АвтоХҚКО-ға барғанбыз.
Когда я покупал первую машину, мы с продавцом ездили в АвтоЦОН.
Сол жерде сатып алу-сату шартына қол қойып, көлікті есептен шығаратынбыз, шектеулердің бар-жоғын тексеретінбіз, содан кейін оны менің атыма тіркейтінбіз.
Там подписывали договор купли-продажи, снимали машину с учёта, проверяли ограничения, потом ставили её на учёт на моё имя.
Кассада мемлекеттік бажды төлеп, ескі нөмірлерді тапсырып, жаңа нөмірлерді алатынбыз.
В кассе оплачивали пошлины, сдавали старые номера и получали новые.
Содан кейін мен сақтандыру компаниясына барып, сақтандыру рәсімдейтінмін.
Потом я шёл в страховую компанию и оформлял страховку.
Көлікті рәсімдеу үшін маған көп уақытымды және көптеген қағазды жұмсауға тура келетін.
Чтобы оформить автомобиль, мне нужно было потратить много времени и бумаги.
Осындай қағазбастылыққа соншама көп қағаз жұмсалатыны және сол үшін ағаштардың кесілетіні маған ешқашан ұнамайтын.
И мне никогда не нравилось, что на эти формальности тратится столько бумаги и ради этого приходится вырубать деревья.
Бірақ 2020 жылы COVID-19 пандемиясы мен карантинге байланысты ХҚКО-лар және басқа да көптеген қоғамдық мекемелер жабылды.
Но в 2020 году из-за пандемии COVID-19 и карантина закрыли ЦОНы и многие другие общественные учреждения.
Сол кезде маған көлігімді сату керек болды.
Тогда мне понадобилось продать машину.
Мен сатып алушының үйіне бардым, біз eGov-ты ашып, жарты сағаттың ішінде бәрін рәсімдедік. Мен ақшамды алып, үйге қайттым.
Я приехал к покупателю, мы открыли eGov и за полчаса всё оформили. Я забрал деньги и поехал домой.
Содан бері көп нәрсе өзгерді.
С тех пор многое изменилось.
Бүгінде біз несиелерді онлайн рәсімдейміз, электрондық шарттар мен шот-фактураларға қол қоямыз, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді аламыз.
Сегодня мы оформляем кредиты онлайн, подписываем электронные договоры и счёт-фактуры, получаем государственные услуги, не выходя из дома.
Цифрлық құжаттарға көшудің артықшылықтары айқын: біз ресми рәсімдерге аз уақыт жұмсаймыз және қағазды аз пайдаланамыз.
Плюсы перехода на цифровые документы очевидны: мы тратим меньше времени на формальности и используем меньше бумаги.
Көптеген үдерістер оңай әрі жылдам бола түсті.
Многие процессы стали проще и быстрее. | 198 |
| 17 | 👍 ЛАЙК, ПІКІР ЖӘНЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН ЖАНТАЛАС ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?
ОТКУДА ПОЯВИЛАСЬ ОХОТА ЗА ЛАЙКАМИ, КОММЕНТАРИЯМИ И ПОДПИСЧИКАМИ?
📌 Глагол дня: лайк басу — ставить лайк
YouTube арнасының иелерінің басым бөлігі өз бейнероликтерінде лайк басуға, пікір жазуға және арнаға жазылуға шақырады.
Почти каждый владелец YouTube-канала в своих роликах призывает ставить лайки, писать комментарии и подписываться.
Бұрын мен кейде бұған наразылық білдіріп: «Мұны үнемі сұрай берудің не қажеті бар? Кімге қызық болса, сол өзі-ақ лайк басады, пікір жазады және жазылады ғой», – дейтінмін.
Я раньше иногда возмущался и говорил: «Ну зачем постоянно об этом просить? Кому интересно, тот и сам поставит лайк, напишет комментарий и подпишется».
Ал қазір өзім де YouTube арнамда осылай істей бастадым. 😆 Неге?
А сейчас и сам начал так делать на своём YouTube-канале. 😆 Почему?
Біріншіден, лайктар мен пікірлер алгоритмдерге контенттің адамдарға қызық екенін көрсетеді, сондықтан оны басқа қолданушыларға жиірек ұсынуы мүмкін.
Во-первых, лайки и комментарии показывают алгоритмам, что контент интересен людям, поэтому его могут чаще рекомендовать другим пользователям.
Екіншіден, пікірлер тікелей қарым-қатынас орнатады: адамдар бір-біріне жауап береді, жарияланымға қайта оралады, осылайша, арнаның айналасында біртіндеп белсенді аудитория қалыптасады.
Во-вторых, комментарии создают живое общение: люди отвечают друг другу, возвращаются к публикации, и вокруг канала постепенно формируется активная аудитория.
Демек, лайк басып немесе пікір жазып, сіз авторға оның контенті ұнағанын көрсетіп қана қоймай, арнасының дамуына да көмектесесіз.
Получается, что, поставив лайк или написав комментарий, вы не просто показываете автору, что вам понравился его контент, но и помогаете его каналу развиваться.
Сондықтан, достар, қысылмаңыздар: пікір қалдырыңыздар, лайк басыңыздар және арнаға жазылыңыздар! 😊
Поэтому, друзья, не стесняйтесь: оставляйте свои комментарии, ставьте лайки и подписывайтесь! 😊 | 204 |
| 18 | 😒 ЖҰМЫСТА ӨЗІ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ, ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН АДАМДАР ҚАЖЕТ ПЕ?
НУЖНЫ ЛИ НА РАБОТЕ ЛЮДИ, КОТОРЫЕ НЕ РАБОТАЮТ, А КОНТРОЛИРУЮТ ВЫПОЛНЕНИЕ РАБОТЫ?
📌 Глагол дня: қадағалау — проверять, следить, контролировать
Кейбір адамдар прорабтарды, әкімшілерді, бас аспаздар мен басқарушыларды ұната бермейді, бірақ менің ойымша, олар бәрібір қажет.
Некоторые люди не любят прорабов, администраторов, шеф-поваров и управляющих, но я думаю, что всё-таки они нужны.
Мен бюрократияны және штаты шамадан тыс көп компанияларды ұнатпаймын.
Я не люблю бюрократию и компании с раздутым штатом.
Менің ойымша, әр адамның біреуге пайдасы тиетін, біреуге жақсылық әкелетін жұмысы болуы керек.
Я считаю, что у каждого человека должна быть такая работа, от которой есть польза и кому-то хорошо.
Бірақ қызмет көрсету және өндіріс салаларын бақылай отырып, басқарушы қызметкерлері бар компаниялар мен ондай қызметкерлері жоқ компаниялардың арасында айырмашылық бар екенін байқадым.
Но, наблюдая за сферой услуг и производства, я всё же увидел разницу между компаниями, в которых есть управленческий персонал, и теми, где его нет.
Әкімшісі жоқ кафелерде кейде лас үстелдерді, қызмет көрсетілмей қалған адамдарды немесе келушілерге онша сыпайы емес қарым-қатынасты байқауға болады.
В кафе, где нет администратора, иногда можно заметить грязные столы, людей, которых не обслужили, или не совсем вежливое отношение к посетителям.
Ал әкімші қызметкерлердің жұмысын қадағалап отырса, мұндай жағдайлар іс жүзінде болмайды.
Когда администратор контролирует работу персонала, такого практически нет.
Мен мұны қонақүй-туризм саласында және кейбір дүкендерде де байқадым.
Я замечал это также в гостинично-туристической сфере и некоторых магазинах.
Меніңше, өндіріс саласында да осындай жағдай бар.
Думаю, такое есть и в сфере производства.
Егер адам өз ісін шын жүректен жақсы көрсе, оны бақылаудың қажеті жоқ.
Если человек от всего сердца любит своё дело, то его не нужно контролировать.
Ал егер қызметкер жұмысқа тек ақша табу үшін орналасса, онда оның жұмысын қадағалау керек.
А если сотрудник просто устроился на работу ради денег, тогда за его работой нужно следить. | 223 |
| 19 | ☀️ БАЛА КЕЗІМДЕ КҮНГЕ ҮНЕМІ КҮЙІП ҚАЛАТЫНМЫН, ҚАЗІР ОНДАЙ ЕМЕС
В ДЕТСТВЕ Я ПОСТОЯННО СГОРАЛ НА СОЛНЦЕ, СЕЙЧАС НЕТ
📌 Глагол дня: қызару — краснеть
Бала кезімде ата-анаммен Қапшағайға шомылуға барғанымда, күнге көп жағдайда күйіп қалатынмын.
Когда я в детстве ездил с родителями на Капчагай купаться, то почти всегда сгорал на солнце.
Терім қатты қызарып, қол тигізсең ауыратын.
Моя кожа становилась сильно красной, и при прикосновении было больно.
Содан кейін анам денеме қаймақ жағатын, ал демалыстан кейінгі алғашқы күнім онша жағымды өтпейтін.
Потом мама мазала меня сметаной, и первый день после отдыха был не очень приятным.
Көрпесіз ұйықтайтынмын, денем ысып, тоңып қалатынмын. Ал бір қырыма аунай қалсам, қатты ауыратын.
Я спал без одеяла, меня бросало в жар и морозило. А если я переворачивался, то было больно.
Ол кезде бағасы қолжетімді әрі тиімді күннен қорғайтын кремдер жоқ еді, ал анамның «күн астында ұзақ отырма» деген сөздері маған әсер етпейтін.
Тогда не было доступных и эффективных солнцезащитных кремов, а мамины слова «не сидеть долго на солнце» на меня не действовали.
Қазір біз шомылып, күнге қыздырынуға барғанда, жұбайым SPF 50 күннен қорғайтын крем сатып алады, сондықтан күнге күйіп қалу сияқты ешқандай мәселе болмайды.
Сейчас, когда мы едем купаться и загорать, моя супруга покупает солнцезащитный крем SPF 50, и никаких проблем с солнцем нет.
SPF — Sun Protection Factor, яғни күннен қорғау факторы дегенді білдіреді.
SPF расшифровывается как Sun Protection Factor — фактор защиты от солнца.
SPF 50 кремі теріге B типті ультракүлгін сәулелердің (UVB) әсерін шамамен 50 есе азайтады.
SPF 50 означает, что крем примерно в 50 раз снижает воздействие ультрафиолетовых лучей типа B (UVB) на кожу.
Крем күн сәулесі түсетін дененің барлық ашық жерлеріне жағылады, соның арқасында тері күнге күйіп қалмайды.
Крем наносится на все участки тела, которые подвергаются воздействию солнечных лучей, и кожа не обгорает. | 207 |
| 20 | 💃 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚОШТАСУ ӨЛЕҢІ
СТИХОТВОРЕНИЕ-ПРОЩАНИЕ В КАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАТУРЕ
📌 Глагол дня: қоштасу — прощаться
Қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінде қоштасу өлеңі деп аталатын көне жанр бар.
В казахской литературе и устном народном творчестве существует древний жанр — «стихотворение-прощание».
Ол сонау ерте замандарда ертерект шыққанымен нақты қай кезеңде пайда болғаны белгісіз.
Он возник ещё в глубокой древности, однако точное время его появления неизвестно.
Адам туған жерінен кетерде, жақындарынан айырыларда немесе өмірінің белгілі бір кезеңімен қоштасарда өз сезімін өлеңмен не әнмен жеткізген.
Покидая родную землю, расставаясь с близкими или прощаясь с определённым периодом своей жизни, человек мог выразить свои чувства в стихах или песне.
Мұхтар Әуезов қоштасу өлеңдерін бірнеше негізгі түрге бөлген: туған жермен және елмен қоштасу, өмірдің өткен шағымен қоштасу және өтіп бара жатқан заманмен қоштасу.
Мухтар Ауэзов выделял несколько основных видов: прощание с родной землёй и народом, с прошедшим периодом жизни и с уходящей эпохой.
Шығармаларда сондай-ақ ата-анамен және туған-туыстармен, сүйген адаммен, өлім алдында өмірмен, кейде тіпті сүйікті жүйрік атпен немесе қыран құспен қоштасу да кездеседі.
В произведениях также встречаются прощания с родителями и родственниками, с любимым человеком, с жизнью перед смертью, а иногда даже с любимым конём или ловчей птицей.
Жанрдың негізгі мәні — айырылысудың мұңын білдіру, жүрекке қымбат дүниелерді еске алу және қоштасуға тура келген адамға, елге немесе жерге арнап сөз айту.
Суть жанра — выразить печаль разлуки, вспомнить дорогое сердцу и обратиться к тому, с чем приходится расставаться.
Оның белгілі үлгілерінің бірі «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырында кездеседі. Онда Ай мен Таңсық туған жерінен көшіп бара жатып, өскен елімен және жерімен қоштасады:
Известный пример встречается в эпосе «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», где Ай и Таңсық, покидая родные места, прощаются с аулом и с землёй, на которой выросли:
«Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
«Прощай, земля Балталы и Бағаналы,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Прощай, озеро, богатое лягушками и зеленью.
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Земля, где меня омыли и перерезали мою пуповину,
Ойнап-күліп ержеткен жер, аман бол!»
Земля, где я играла, смеялась и выросла, — прощай!» | 199 |
