cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері

پست‌های تبلیغاتی
1 090
مشترکین
+124 ساعت
+187 روز
+3730 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Институт балабақшамен қоштасу мерекелік іс-шарасы бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыра отырып, мектепке деген қызығушылығын арттыру.   Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгіұйымдарда мектепалды топтарында мерекелік іс-шараны өткізу бойынша ұсынымдарқарастырылған. Әдістемелік ұсынымдар Институттың www.irrd.kzсайтында орналасқан.  
نمایش همه...
1😁 1
Институттың www.irrd.kz сайтында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерін атап өту бойынша әдістемелік ұсынымдар орналасқан. Әдістемелік ұсынымдарда мектепке дейінгі ұйым мен жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізу бойынша ұсынымдар қарастырылған.
نمایش همه...
👍 1
Мектепке дейінгі педагогтері мен ана-аналарға әдістемелік қолдау көрсету және педагогтердің озық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Институттың www.irrd.kz сайтында ВИРТУАЛДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ ашылды. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыруға материалдар орналастырылған.
نمایش همه...
📆 Күн саны Елімізде 💚💚 құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді Мектепке дейінгі ұйымдардың озық педагогикалық тәжірибесін тарату және енгізу үшін елімізде 79 құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. 〰️〰️〰️ 📆 Цифра дня В стране функционируют 💚💚 центров компетенций Для трансляции и внедрения передового педагогического опыта дошкольных организаций в стране функционируют 79 центров компетенций.
نمایش همه...
Ағымдағы жылы мамыр айында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында«Алақай, жаз келді!» республикалық байқауы өтетінін хабарлаймыз. Байқау 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары оқу орындарынан басқа білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспарына (ҚР ОАМ 19.09.2023 ж. № 294 бұйрығы) сәйкес өткізіледі. Мақсаты: жазғы сауықтыру кезеңін ұйымдастыру үшін қауіпсіз, жайлы және креативті ортаны құрудың озат тәжірибесін жинақтау және тарату. Байқау үш кезеңде өткізіледі: І кезең - аудандық, қалалық (25 сәуір – 05 мамыр); ІІ кезең – облыстық (07 – 16 мамыр); ІІІ кезең – республикалық деңгей (20 – 30 мамыр). Байқауға мектепке дейінгі ұйымның жазғы сауықтыру кезеңіне дайындығы бойынша әзірленген бейнероликтер жіберіледі. Бейнеролик мазмұнында: - спорттық, сумен және құммен (сазбен) ойындар; - сумен және ауамен шынықтыратын жағдайлар ұйымдастыратын алаңдар; - серуендеу алаңында, жылдың ыстық уақытында пайдалану үшін, балаларға арналған құрастырмалы қалқалар, күркелер конструкциясының (жинау, орнату) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және басқа да жасалған жағдайлар қамтылады. Байқаудың аудандық және облыстық кезеңдері 25 сәуірден басталады. Республикалық кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздарының материалдарын ағымдағы жылдың 20 мамырынадейін ұсынады. Балаларды қорғау күніне орайБайқаудың қорытындысы шығады. «Алақай, жаз келді» байқауын өткізу туралы ереже Институттың www.irrd.kz сайтында орналасқан.
نمایش همه...
👍 2
Внимание! 25-26 апреля 2024 г. в г. Астана при поддержке Министерства просвещения Республики Казахстан, Института раннего развития детей МП РК, Астанинского городского филиала партии "AMANAT", Акимата и управления образования г.Астана, Международного центра гуманной педагогики под руководством Пааты Амонашвили, менторского центра «Gl talimger» на базе Евразийского национального университета имени Л. Гумилева состоится международная конференция «Педагог от Сердца». В работе 2-х дневной конференции примут участие более 500 педагогов системы дошкольного воспитания и обучения со всех регионов Казахстана, руководители управлений и отделов образования, родители, а также студенты, слушатели программы магистратуры, профессорско-преподавательский состав Евразийского национального университета имени Л. Гумилева. Впервые на конференции состоится разговор о роли Педагога дошкольного образования как основополагающей не только в системе дошкольного воспитания, но и движущей силой развития в целом системы образования и общества. Формат конференции предполагает диалог участников через живые дискуссии, размышления, знакомство с научными теоретическими аспектами, практиками и вдохновляющим опытом дошкольных организаций Казахстана, целенаправленно применяющие и адаптирующие педагогические принципы гуманного воспитания и обучения.
نمایش همه...
1
Институт өрт кезінде бала өзін қалай ұстау керектігі, қандай қауіпсіз шараларын қолдану туралы балаларға арналған кітапша әзірледі. Кітапша Институттың www.irrd.kz сайтында «Басты» бетте орналасқан.
نمایش همه...
👍 1
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ   Ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытумоделін іске асыруда мектепке дейінгі білімберудегі басқару және менеджмент» мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталады. Қазіргі заманғы мектепке дейінгі ұйымды тиімді басқаруды дамыту және қамтамасыз ету, оның басшы қызметкерлерінің басқару дағдылары мен құзыреттерінің сапасын арттыру елімізде білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі. Курста: - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы әлемдік тәжірибе, ұлттық және әлемдік трендтер назарға алынады; - мектепке дейінгі ұйымдардың басшы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми-әдіснамалық негіздері анықталады.  
نمایش همه...
4👍 2