cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

QANJAR MEDIA

AQINAQ

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
1 026
مشترکین
-124 ساعت
-97 روز
-6230 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

«Хабар» арнасының кезекті масқарасы. «Бірақ» деген ток-шоу кеше жылдар бойы күйеуінен таяқ жеп, ақырында қолын сындырған соң алты баласымен ажырасып кеткен әйелді студияға шақырды. Ток-шоу істедік деп мәз шығарсыздар, «Хабардағы» әріптестер. Кейіпкерге берген уәдеде тұрмай, этиканы бұзғандарыңыз — бөлек әңгіме. Сіздер онсыз да өмір бойы ауыр психологиялық травма алған, содан емделіп жүрген адамды қорлап, әйелге үлкен қауіп төндірдіңіздер. Жылдар бойы таяқ жеп, күйеуінен зәбір көрген адамның нәзік, сезімтал психикасымен бұлай ойнайтындай сіздер кімсіздер? Ток-шоудан соң әйел ес жинай алмай, ұзақ жылады дейді. Оған бірдеңе болса, жауап бересіздер ме?! «Хабардағы» (еркек) жүргізуші эфир кезінде «Тұрмыстағы зорлыққа әйелдің өзі жеткізетін шығар, мүмкін шыдау керек шығар?» дегендей сұрақ қояды. Сарапшы ретінде шақырылған нумеролог (!) «еркекке еркелеу керек, алдына түсіп алмау керек» дегендей ақыл айтады. Басқалар да әйелді татуласуға шақырады. Айта берсең көп... «Хабар», ток-шоу істемей-ақ қойшы.
نمایش همه...
👍 2
Токаев сайлауда жеңіске жеткен Путин әріптесін құттықтады Екіжақты қарым-қатынасты нығайта түсетін әңгіме құрыпты.
نمایش همه...
«Ресеймен байланысы бар»: Ерлан Қожапағановтың не үшін ұсталғаны анықталды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов жақында ұсталған Ерлан Қожағапановқа қатысты істің жай-жапсарын мәлім етті.
Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл каласында Қазакстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған. Бул ретте форумды өткізу үшін смета 2 есеге өскен. Бұл жағдай бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - дейді Арман Тілеукенов.
Ресеймен ауыз жаласып, сатқындық жасап жүргендер біздің билікте жетіп артылады.
نمایش همه...
«Пәк қыздар тізімі»: министр Нұрбек ҚазҰУ студенттер жайлы мәліметті не үшін жинағанын түсіндіре алмады Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығы не себепті қыздардың пәктігі жайлы мәліметтерді жинағанын бере алмады. Министр бұдан әрі ең маңыздысы, атап айтқанда, университетте студенттер арасында "вирго" мәртебесін анықтау үшін сауалнама жүргізілгенін атап өтті.
– Шын мәнінде, студенттердің бірі маманның, гинекологтың бағалауынан өткен, екіншісі өтпегнен. Яғни, анықтау мақсаты көзделмеген. Бұл жай ғана гинекологтың стандартты емтиханы және олар медициналық формада жазылады. Мұнда екі қате орын алды — медициналық орталық мұндай форматта жіберілмеуі керек еді, деканат та екі рет тексеруі тиіс болған, - дейді ол.
نمایش همه...
Ұзынқұлақтардың үрлеп жеткізген ақпаратына сүйенсек Президент әкімшілігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алып, ҚР ПӘ ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Аманаттың хатшысы, депутат Елнұр Бейсембаев тағайындалмақ.
نمایش همه...
«Полковник» Лукашенко барлық мемлекеттік органдарын әскери кезеңге өткізу туралы жарлыққа қол қойыпты — деп БелТА хабарлайды. Ойланыңыздар.
نمایش همه...
💋Байден Италия премьер-министрінің басынан сүйіп алды Әлеуметтік желілерде АҚШ президенті Джо Байденнің Италия премьер-министрі Джорджия Мелониді басынан сүйген видеосы тарап жатыр. Кадр Байден мен Мелонидің Ақ үйде өткен кездесуінен кейін түсірілген.
نمایش همه...
Алматы бүгін алаңдатты. Енді бір сілкінсе қабырғалары қайысып тұрған үйлер мен ғимараттар не болар екен? Жапондықтар болжай алмағанды біздікілер 30-70% деп пайымдап отырғаны қуантады. Өкіндіретіні хабарлама бәрі біткеннен кейін келетіні.
نمایش همه...
Ыдырсовты ыдыратайын деп жатыр екен!
نمایش همه...
Repost from DALA INSIDE
👊💥 Нығматуллиндер кланын талқандау олигарх Идрисовтен басталмақ Мәжілістің экс-спикері, "Ескі Қазақстанда" ықпалы жағынан алғашқы үштікке кірген Нұрлан Нығматуллиннің құдасы, олигарх Дінмұхамед Идрисовтың Алматыдағы кеңсесінде тінтулер өткен. Бұл туралы DALA INSIDE дереккөзі хабарлады. Қазір Идрисов Қазақстанға келуін қойды. Негізгі уақытын Дубайдағы Жұмейра кешеніндегі салтанатты апартаментінде өткізетін болған. Соңғы рет ол Алматыда Сержан Жұмашев ұйымдастырған The Ritz-Carlton отелінің 10 жылдық мерейтойына қатысты. Одан кейін Қазақстанда төбе көрсетпеді. "Жаңа Қазақстан" тергеушілерінің Идрисовқа бірнеше сұрақтары бар. Қылмыстық іс оның кезінде Қарағанды энергокешенін жекешелендіріп алғандағы эпизодтарына қатысты болмақ. Идрисов Қазақстан мемлекетіне кәдімгідей қаржылық зиян келтірген индивид деп айтуға болады. Оның Ұлттық Банкке тікелей қарызы, салық органдарының біраз сұрағы, кезінде мемлекеттік жеңіл қаржыландыруға ауыз салуы - осының барлығы қордалана келе олигарх үшін үлкен проблемаға айналатыны сөзсіз. 2024 жылы Дінмұхамед Идрисовке Интерпол арқылы халықаралық іздеу жарияланып, оның елдегі және шетелдегі күмәнді активтері Қазақстан меншігіне қайтады деп нақты болжауға болады.
"Идрисовтың өзі бірнеше жылға сотталуға тұратын адам, алайда осы арқылы оның құдасы Нұрлан Нығматуллинді жауапқа тарту мүмкіндігіне бір қадам жақындауға болады", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
"Жаңа Қазақстан" 2026 жылға дейін Нығматуллиндер мәселесін біржолата реттеу бойынша саяси шешімге келіп отыр. Ағайынды Нығматуллиндер, олардың бизнес пен қызметке араласқан балалары, бір сөзбен айтқанда отбасылық кланды толықтай тергеу орбитасында ұстап, тиісті жауапқа тарту көзделген. Осы мақсатта, кезінде Нығматуллиндерден зәбір көрген азаматтардың барлығына олардың құқық қорғау органдарына арыз жазу мүмкіндігі бар екені ыммен жеткізілді. Бірнеше арыз түссе, бірден қылмыстық іс қозғап жіберуге еш кедергі болмайды. Бірінші болып, кәсіпкер Талғат Аққуов қимылдай бастады. Ал Дінмұхамед Идрисов туралы жаңалықтар келесі айдан бастап көбейеді. Бізге жазылып алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
نمایش همه...