орысша сөздер мағынасымен
رفتن به کانال در Telegram
779
مشترکین
-124 ساعت
-37 روز
+630 روز
آرشیو پست ها
назло -
Слово «назло» на казахский язык переводится в зависимости от контекста:
• Қырсыққанда — чаще всего используется в значении «как назло», когда что-то случается вопреки вашему желанию (например: Как назло, пошел дождь — Қырсыққанда, жаңбыр жауып кетті).
• Ерегіскенде / Қасақана — в значении «наперекор кому-то», из чувства мести или упрямства (например: Сделал назло — Ерегіскенде жасады).
• Қас қылғандай — еще один вариант для выражения «как назло» (например: Қас қылғандай, автобус кешігіп жатыр).
Repost from N/a
2026 ЖЫЛҒЫ БІРІНШІ НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ ОПТОГЕНЕТИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАРҒА БЕРІЛДІ
5 қазанда дәстүрлі Нобель апталығы басталды. 2026 жылғы физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы "жарықпен басқарылатын иондық арналар мен оптогенетикаға қатысты жаңалықтары үшін" Карл ДЕЙССЕРОТ (1971 ж.т., Говард Хьюз медициналық институты мен Стэнфорд университеті, АҚШ), Петер ХЕГЕМАНН (1954, Гумбольдт ат. Берлин университеті, Германия) мен Георг НАГЕЛЬГЕ (1953, Вюрцбург университеті, Германия) берілді. Соңғы екеуі марапатталып отырған жаңалығын Франкфурттегі Макс Планк ат. Биофизика институтында ашқан.
Петер Хегеманн біржасушалы хламидомонада балдырының жарық көзіне қарай қалай жүзе алатынын ұққысы келді. 2000-шы жылдардың басында ол (Георг Нагельмен бірге) балдыр жасушасының бетіндегі ерекше қасиетке ие ақуыз — КАНАЛОРОДОПСИНДІ ашты. Көк жарық түскенде ақуыздағы арна ашылып, зарядталған иондар жасушаға өтеді де, электр импульсін тудырады. Олар бұл ақуыз енгізілген кез келген жасуша жарыққа сезімтал бола бастайтынын байқады.
Карл Дейссерот бұл ақуызды қажет нейрондарды қосып-өшіре алатын ЖАРЫҚПЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ҚОСҚЫШҚА айналдырды. Дейссерот каналородопсин генін егеуқұйрықтың нейрондарына енгізді. Ол жасушаларға көк жарық түсіру арқылы жүйке сигналын іске қоса алды. Кейін ол осы жарықпен басқарылатын қосқышты тірі тышқандардың миында жұмыс істеткізді.
Жүйке сигналдарын жарық арқылы басқарудың осы әдісі қазір ОПТОГЕНЕТИКА деп аталады. Оптогенетика тез арада-ақ нейрондардың мидағы естеліктер, сезімдер мен мінез-құлықты қалай қалыптастыратынын түсінуде аса маңызды мәнге ие болды.
Нобель комитетінің сайтында «лауреаттар нейробиологиядағы жаңа дәуірдің негізін қалады» деп жазылған. «Оптогенетика миды бұрын түсімізде ғана көретін тәсілмен карталауға мүмкіндік ашады», — дейді физиология мен медицина бойынша Нобель комитетінің төрағасы Пер Свеннингссон. Фрэнсис Криктің өзі осындай әдісті армандаумен өткен еді.
Жарықты пайдалана отырып, зерттеушілер енді МИДАҒЫ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕЙРОН ТІЗБЕКТЕРІН ҚОСЫП-ӨШІРЕ АЛАТЫН болды. Олар естеліктерді қайта жаңғырта алады, сезім туғыза алады, мінез-құлықты басқара алады және әртүрлі психикалық-неврологиялық ауытқуларға қатысатын нейрондар түрін зерттей алады! Оптогенетика ми туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертіп жатыр.
#Нобель #тұлға
Repost from N/a
🧠 Нейропластика 4-ші бөлім: Зейінді арттыру, практикалар және олардың сырлары.
Paprika (2006) by Satoshi Kon is widely believed to have inspired Inception (2010) by Christopher Nolan, although Nolan has never officially confirmed it.
Жұрт осы Сатосиды біле ме екен,
Хоккайдо шаһары оған мекен.
Тэдзуканың жалғасы, ер көңілді,
Ғылым сүйгіш, суретші болған екен.
пушечное мясо – зеңбірек жемі
алдын ала белгілі, аяусыз өлімге айдалатын сарбаздарды білдіретін тұрақты тіркес (фразеологизм)
Repost from Os Noir
+3
Казахи и свинина
Источники 19 века сообщают, что казахи охотились на кабанов и ели и продавали их мясо. Казахи верили, что если очистить тушу кабана водой и называть его "қара киік", то мясо кабана можно употреблять в пищу. Употребление свинины в пищу прекратилось под религиозным влиянием сартов и татар.
Алексей Лёвшин. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей (Ч. 3). 1832
Владимир фон Герн. Зоографические заметки по Акмолинскому уезду. 1891
Ми өз шындығының бір бөлігін ғана көрсетеді. 🧠⭐
Сен көріп, естіп және сезіп тұрған әлем — миың жасаған модель. 🌍🔍
Мысалы, көздің өзі барлық электромагниттік сәулені көрмейді. Біз электромагниттік спектрдің өте кішкентай бөлігін ғана қабылдаймыз. 🌈
Радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген, гамма сәулелерінің басым бөлігін тікелей сезе алмаймыз. 🛰❌
Яғни, айналамыздағы физикалық тұрғыдан бар нәрселердің басым бөлігі біздің субъективті тәжірибемізде мүлдем жоқ. 🌀🤔
💡 Орыс тіліндегі қызық факт
«Мне нравится» мен «я люблю» — екеуі бірдей емес 👀
❤️ Я люблю кофе — Мен кофені жақсы көремін.
☕ Мне нравится кофе — Маған кофе ұнайды.
Ал «мне нравится» тек ұнату мағынасында емес, адамның сырт келбетіне де айтылады:
Мне нравится этот парень — Маған бұл жігіт ұнайды. 👀😂
Repost from N/a
ДАРВИН БОЛЖАП КЕТКЕН ЖЫРТҚЫШ ТАСЖАРҒАН ТАБЫЛДЫ
Чарльз Дарвин сонау 1875 жылы тасжарғандардың (Saxifrága) кейбір түрлері жыртқыш болуы мүмкін деген болжам айтқан еді, бірақ мұны дәлелдей алмаған. Жақында халықаралық ғалымдар тобы осы туысқа жататын Saxifraga candelabrum өсімдігінің жәндіктерді аулап, қорек ететінін дәлелдеді.
Қытайдың оңтүстік-батысындағы таулардан табылған өсімдіктің ғылыми атауы Saxifraga candelabrum, ол 2000-нан астам түрді қамтитын үлкен ботаникалық топқа — Saxifragales отрядына кіреді. Осы зерттеуге дейін бұл отрядтың бірде-бір түрі жыртқыш саналмайтын. Saxifraga candelabrum ғалымдар ресми түрде етқоректі деп таныған ең алғашқы түр атанды.
Өсімдік Цинхай-Тибет таулы қыратының және Хэндуань тауларының қоректік заттарға кедей жартастарында, теңіз деңгейінен 2500-ден 3300 метрге дейінгі биіктікте өседі. Өсімдіктің сабағы мен жапырақтарын жабысқақ қызғылт безді түктер жапқан, ол ұсақ жәндіктерді осы түктерінің көмегімен аулайды.
Табиғаттанушы Чарльз Дарвин 1875 жылы-ақ тасжарғанның еуропалық екі түрі жыртқыш болуы мүмкін деп болжаған. Ол олардың бойындағы жабысқақ түктерді және сол түктерге анда-санда түсіп қалатын жәндіктерді байқаған, бірақ өз гипотезасын эксперимент түрінде дәлелдей алмаған еді. Saxifraga candelabrum Дарвин зерттеген өсімдіктердің жақын туысы, және оның жәндіктерді қармайтын дәл сондай түктері бар. Куньмин ботаника институтының профессоры Xin-Jian Zhang өз тобының бұл өсімдікпен көптеген тест жүргізгенін және нәтижесінде оның шынымен де жәндіктермен қоректенетінін дәлелдегенін атап өтті. Бұл Дарвин гипотезасының дұрыстығын дәлелдейді әрі ағылшын табиғаттанушысының ғылыми пайымдауларының дәлдігін тағы бір мәрте айқындай түседі.
Жәндіктерді аулаудың өз тәуекелі бар: жыртқыш өсімдіктер өздерінің көбеюіне қажет тозаңдандырушы жәндіктерді тұзаққа түсіріп алуы мүмкін ғой. Xin-Jian Zhang бұл өсімдіктің гүлін негізінен шыбын сияқты ірі жәндіктер тозаңдандыратынын айтты, ал оларға жабысқақ түктерден босап шығу оңай. Тұзаққа әлдеқайда ұсақ жәндіктер ғана түседі, сөйтіп тасжарған өз тозаңдандырушыларына зиян тигізбестен қосымша қоректік заттарға ие болады.
Кескін: Nature Communications
#биодерек #ғылымижаңалық
мурашки по коже - денем түршігіп кетті
мурашки пробежали по спине - арқам шымырлап кетті
мурашки по голове - төбе шашым тік тұрды
мурашки по затылку - желкем шымырлап кетті
«мурашки» дегеніміз:
қорқыныштан, толқудан, суықтан немесе күшті эмоциядан денеде пайда болатын ерекше түршігу сезім, бұл терідегі ұсақ бұдырлардың шығуымен сипатталады.
яғни бұл сөз екі нәрсені қатар білдіреді: сезімді (денеңмен бір нәрсе жүгіріп өткендей әсер).
физикалық белгіні (терідегі ұсақ төмпешіктер)
Repost from N/a
YouTube-та астрономия жайлы қазақша не бар?
Осы сұрақпен іздеу жасап көріп едім. Өкінішке орай, шынайы әрі терең ғылыми ақпарат өте аз екен. Бірнеше әуесқой (любительский) каналдар шықты, бірақ олардың көбі шетелдік видеолардың аудармасы немесе мектеп оқушысына түсіндіру деңгейінде ғана.
Сондықтан, нағыз ғылымға қызығатындар үшін еліміздің кәсіби астрономдары мен астрофизиктері қатысқан қазақ тіліндегі сапалы подкасттар мен телебағдарламалардың тізімін арнайы жинап шықтым. Сақтап алыңыздар!
🔴 Айға қайта ұшу, өзге тіршілік және ғарыш құпиялары | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=hqrX5-eXcyQ
🔴 Марсты колония қылуға болады | Астрофизик Бекдәулет Шүкірғалиев | Bizdin Podcast №1
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=a1Bo6nN7ttE
🔴 Жұлдыздар шоғыры, ғарыш туризмі және қазақ дүниетанымы | Мухағали Қаламбай | №17
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=Ids92e3vod4
🔴 Ғалам туралы ғылым. Астрономия қызықтары | «Labs kz» | El Arna
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=4GU3UM-X6Lc
🔴 «Аспан әлемі: астрофизика» (21.09.2024)
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=ryJiudLPdmM
🔴 САНА. Марс зерттеулері
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=JE6xJBalRIQ
🔴 «САНА». Жерден тыс тіршілік: Голдилокс аймағы
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=eimuU02RRSA
🔴 САНА. Астрономия және астрология
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=qGOa7bMS0zA
Мен әзірге өзім білетіндерімді ғана теріп шықтым. Егер сіздер білетін басқа да сапалы, нағыз мамандар қатысқан қазақша видеолар немесе каналдар бар болса, міндетті түрде пікірде бөлісіңіздер!
ғылымның жемісі көрінеді, процесі көрінбейді.
адам: смартфонды көреді, интернетті қолданады, GPS-пен жүреді,
бірақ артында: мыңдаған failed experiment, ондаған жылдық математика, физика, инженерия жатқанын сезбейді.
сондықтан ғылым кейде өз табысының құрбаны болады: технология кәдімгі нәрсеге айналған сайын, адамдар оның қаншалықты ғажап екенін ұмытады.
бірақ соған қарамастан, адамзаттың ең күшті "суперқабілеті" осы болуы мүмкін: бір адам бір идея ойлап табады, кейін ол білім ұрпақтан ұрпаққа жинала береді.
құмырсқа илеу жасайды, ара ұя жасайды. ал адам: кванттық теория, телескоп, ДНҚ секвенциясы, ғарыш аппаратын жасайды.
#шәтжіпіті@uoytui
Repost from ⚛️Qara Myssyk
Ядерная физика в Казахстане - это, по сути, пустая специальность.
К сожалению, это факт: большинство из них не работают по своей специализации.
У нас в этой сфере нет нормальной инфраструктуры, чтобы она в принципе могла развиваться.
Во-первых, многие получают диплом просто ради корочки. Во-вторых, в магистратуру многие поступают только ради стипендии. У многих на самом деле нет особого желания реально заниматься наукой, гореть этим, глубоко интересоваться своей областью. Такое у нас встречается очень редко. А если такие люди и есть, то чаще всего они уезжают за границу.
В итоге остаётся очень малое количество действительно заинтересованных специалистов. Но маленькое число людей не может массово двигать науку вперёд. В этом, конечно, есть системная проблема(Основная я бы сказала), но и сами люди в этой сфере у нас, к сожалению, часто такие.
И вы, наверное, думаете, что такие студенты, которые просто получили диплом, это редкость. Но на самом деле все наоборот. Такие большинство.
Биологов с корочкой, которые не верят в эволюцию в Казахстане, больше, чем биологов, которые могут нормально объяснить, что такое эволюция.
