cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Ержан Бақытжанов

"Нұр-Мубарак" түлегі "Мешіт имамы, исламтанушы" Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
5 097
مشترکین
-124 ساعت
+567 روز
+30030 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

Repost from Orientalist's Notes
Жұбаныш, ем, дәрумен, тыныштық, жауап Құранда! Қаншама рет оқып жүрген аяттарға ой жүгірте бермейді екенбіз… Соңғы жағдайларға қатысты “Я, Алла! Көмегің қайда?” деп жар салғандар бар… “Неге сонша қорладың?” Раббымыздың жауабына қараңыз: أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تَدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ وَلَمَّا يَأْتِكُم مَّثَلُ ٱلَّذِينَ خَلَوْا۟ مِن قَبْلِكُم ۖ مَّسَّتْهُمُ ٱلْبَأْسَآءُ وَٱلضَّرَّآءُ وَزُلْزِلُوا۟ حَتَّىٰ يَقُولَ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ مَتَىٰ نَصْرُ ٱللَّهِ ۗ أَلَآ إِنَّ نَصْرَ ٱللَّهِ قَرِيبٌ Әлде сендер өздеріңнен бұрын өткен қауымдардың басына келгендер бастарыңа келместен жұмаққа кіреміз деп ойладыңдар ма? Олардың көптеген адам айтқысыз ауыртпалықтарға душар болып, күйзелгені соншалық – пайғамбар және онымен бірге иман келтіргендер: «Алланың жәрдемі қашан келеді?!» – дейтіндей жағдайға жетті. Біле-білсеңдер, Алланың жәрдемі өте жақын! («Бақара» сүресі 2:214) #Палестина_аяқта_соңына_дейін
نمایش همه...
49😢 13👍 7💯 4🔥 2
Шейх М.Ғазали айтады: “Пайғамбарымыз ﷺ айтқан сөзін қастерлеп, естіген сөзін құрметтейтін адам болған. Бұл нағыз ерлерге тән қасиет!” 📚 Мұсылманның мінезі Яғни, тек қана шындықты айтады, берген уәдесін ешқашан бұзбайды. Себебі ол өзінің аузынан шыққан сөздерді қастерлі санайды. Сол сияқты басқалардың да айтқан сөздерін құрмет тұтады.
نمایش همه...
86👍 21🕊 3
Шейх М.Ғазалидің айтуынша, тіпті қорқақ, сараң адамды түсінуге болады. Өйткені адамға кеудесіндегі жаны мен қорасындағы малы тәтті. Бірақ адамдарға өтірік айтуды әдет қылып алған өтірікшіге ешқашан түсіністікпен қарауға болмайды. Сол себептен де Мұхаммед ﷺ пайғамбар “Мұсылманның қорқақ болуы, сараң болуы мүмкін бе?” деп сұрағанда “Иә” деп жауап берді де “Өтірікші болуы ше?” дегенде “Жоқ! Мүмкін емес!” деді. (Мәлик) 📚 Шейхтің “Мұсылманның мінезі” кітабынан
نمایش همه...
84👍 25👏 6
Өлімнің хақ екенін көрсең де, Өлместей омыраулап шатасың. Доздақтың барын біліп жүрсең де, Күнәға, әлің келсе, батасың. Сауап көп ғибадатта десең де, Жалығып, жалқауланып жатасың. Алланың адал ризығын жесең де, Арамды әдейі іздеп татасың. Сыртыңды сыланасың өң беріп, Ішіңнің түзетпейсін қатасын. Айламен алдағанды жөн көріп, Адамды аң орнына атасың. Жалғанның бір пайдасын көргенде, Арланбай, арыңды да сатасың. Алланың ақ өлімі келгенде, Амалсыз қара тастай қатасың. Шәкәрім (Алла рахым етсін)
نمایش همه...
103😢 22👍 15🔥 7 3🕊 3💯 3👏 2
Бірде Халил ибн Ахмадты көшеде кезіктіріп қалдым. Мені көре сала астындағы шағын жұқа кілемшесінен жылжып маған орын берді. Кілемше екі адам отыруға таршылық ететінін білдіргім келгендей болып, ымдаған түр көрсетіп едім. Сонда ол маған қарап: "Бір-бірін жақсы көретіндер үшін тіпті иненің көзі де кең болады, жек көретіндер үшін мына кең дүниенің өзі тарлық етеді", – деген еді. Алла үшін бір-бірімізбен мәміле жасап, кең дүниені тарылтпайық ағайын!
نمایش همه...
👍 94 47🔥 7👏 3 2😢 2💯 2
Басқаның бақытын құнсыздандырма. Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ одан кейін отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да – бақытты. Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын көреді. Ол да – өз еңбегімен бақытты. Оларға келіп: “Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап…” деп оның бақытын құнсыздандырма. Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ. Өзіңнің пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға да тықпалап әуре болма. Әркім өз өміріне сай бақытты.
نمایش همه...
101🔥 13👏 11👍 7💯 1
Құрметті оқырмандар! Дулат Исабековтің "Әпке" шығармасының пдф нұсқасы керек еді. Болса жіберсеңіздер.
نمایش همه...
10 3
Мешітте аяқ киімің ұрланғаны уайым болмасын. Сол аяқ киіміңнің мешітте көрінбеуі саған уайым болсын. Түрік ғалымы
نمایش همه...
160👍 33😢 20🔥 7💯 6
Күллі жаратылыс Алланың мүлкі Имам Асмағи бір дала арабынан: – Мынау жаныңдағы қой кімдікі? – деп сұрапты. Сонда ол: – Бұл – менің қолымдағы, Алланың мүлкі, – деген екен. Менің малым, менің мүлкім, өзім тауып жатырмын деп, затты өзіңізге теліп тәкәппарлық етпей, "Алланың берген несібесі" деп әдеп танытып даналықпен сөйлеуді үйренейік ағайын!
نمایش همه...
👍 132 60👏 16🔥 5💯 4
Күллі жаратылыс Алланың мүлкі Имам Асмағи бір дала арабынан: – Мынау жаныңдағы қой кімдікі?деп, – сұрапты. Сонда ол: – Бұл – менің қолымдағы, Алланың мүлкі, – деген екен. Менің малым, менің мүлкім, өзім тауып жатырмын деп, затты өзіңізге теліп тәкәппарлық етпей, "Алланың берген несібесі" деп әдеп танытып даналықпен сөйлеуді үйренейік ағайын!
نمایش همه...
🕊 2👍 1👏 1