cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

📞Call-орталық: 8 (7262) 43-88-39

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
425
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-330 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

✍️ Министр просвещения провел встречу с победителями конкурса «Лучший педагог» 🔝 В Казахстане ежегодно на протяжении 12 лет проходит республиканский конкурс «Лучший педагог». До настоящего времени лучшими в своей профессии признаны 624 учителя. С ними встретился министр просвещения Гани Бейсембаев. 🗣️ Глава ведомства поблагодарил педагогов их за неоценимый вклад в развитие образования и повышение качества обучения.
«Учитель – это прежде всего призвание. Его роль в обучении и воспитании детей неоценима. Призвание как раз заключается в том, чтобы из каждого маленького человечка сделать настоящего человека и воспитать личность. Именно в руках учителя находится судьба подрастающего поколения, поэтому мы – педагоги – должны стать примером и тем самым проводником к крепким знаниям и высококультурным ценностям», — сказал Гани Бейсембаев.
🗣 Лучшие педагоги страны также поделились своим опытом, практиками, идеями, и поблагодарили государство за оказанное доверие и постоянную поддержку педагогического сообщества. 📌 Напомним, республиканский конкурс «Лучший педагог» проводится с 2012 года. Ежегодно звание присваивается 64 педагогам. Каждому из победителей в качестве государственной поддержки предоставляется вознаграждение в размере 1000 МРП или 3 450 000 тенге.  
نمایش همه...
✍️ Оқу-ағарту министрі «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарымен кездесті 🔝 Қазақстанда 12 жыл бойы дәстүрлі түрде «Үздік педагог» республикалық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін жалпы саны 624 мұғалім өз мамандығының үздігі болып танылды. 🗣️ Педагогтермен кездесуде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім саласының дамуындағы ұстаздардың рөлі маңызды екенін атап өтті.
«Ұстаз болу - бұл ең алдымен өз мамандығыңды шексіз сүю. Оның ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі еңбегі шексіз. Ұстаздың міндеті мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған әрбір баланы адал адам, тұлға ретінде қалыптастыруға күш салу. Өскелең ұрпақтың тағдыры мұғалімнің қолында, сондықтан педагогтер өзінің үлгілі ісі арқылы терең білім мен жоғары мәдени құндылықтарға жол көрсететін тұлға болуы тиіс»,- деді Ғани Бейсембаев.
🗣 Еліміздің үздік ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ мемлекетке өздеріне сенім артып, педагогикалық қауымға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. 📌 Айта кетейік, «Үздік педагог» республикалық байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын 64 педагог осы марапатқа ие болады. Әрбір жеңімпазға мемлекеттік қолдау ретінде 1000 АЕК немесе 3 450 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі.
نمایش همه...
🔰ФУТБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН ОБЛЫСТЫҚ «ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ» ӨТТІ 🔹Ағымдағы жылдың 2-4 мамыр аралығында Байзақ ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» ұйымдастыруымен футбол спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары ұлдар, қыздар арасында «Ұлттық мектеп лигасы» өтті. ✅Жарысқа 9 ауданның (Тараз қаласы, Дарын мектеп интернаты, Жамбыл, Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Байзақ, Меркі, Шу аудандары) командалары қатысты. 🏆Жалпы командалық есепте: 🔹Ұлдар арасында I орын - Талас ауданы II орын - Тараз қаласы III орын - Байзақ ауданы 🔹Қыздар арасында I орын - Тараз қаласы II орын - Жамбыл ауданы III орын - Меркі ауданы 👏🏻Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!
نمایش همه...
🔰БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ЖӘНЕ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ 🔹Басқарма басшысы Садырқұлов Рауан Нұрғалиұлының төрағалығымен алқа мәжілісі және басшының жанындағы кеңес өтті. 📌Жиынға Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Шайхықызы, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерулан Сабенұлы, басшының орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандар қатысты. 🖇️Алқа мәжілісі Рауан Нұрғалиұлының алғы сөзімен бастау алып, Дамеш Шайхықызының сөзімен жалғасты. Күн тәртібінде Жуалы ауданының білім бөлімінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. 🖇️Келесі Жамбыл, Меркі аудандары мен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттардағы талаптардың орындалу барысы туралы сөз қозғалды. Байзақ, Мойынқұм. Т.Рысқұлов аудандарында оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы да талқыланды. Білім бөлімдерінің басшыларына білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану сапасына ерекше көңіл бөліп, заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу және мектептердегі бракераж комиссиясының жұмыс барысын қатаң бақылауға алу тапсырылды. 📎Сондай-ақ, Тараз қаласындағы арнайы сыныптардағы ерекше білімді қажет ететін балаларға беріліп жатқан білім сапасы, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарындағы білім мекемелерінде оқушылардың оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілуі және мектеп кітапханалары жұмысының жағдайы, Аудандар мен Тараз қаласының білім бөлімдері мен білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың жағдайы, 2024 жылға жоспарланған білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды. 🔹Басқарма басшысының жанындағы кеңесте «Мектеп бітірушілердің қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ қорытындысы туралы. Білім беру ұйымдарында «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» ұсынылған бітірушілердің құжаттарына жүргізілген мониторинг қорытындысы», педагогтерді аттестаттау рәсімін жүзеге асыру, Мектеп жанындағы интернаттардың жағдайы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуы бойынша да сөз қозғалды. ✅Алқа мәжілісінде және кеңесте көтерілген мәселелер бойынша басқарма басшысы тарапынан мәселелерді тиімді шешудің жолдары ұсынылып, бірқатар тапсырмалар берілді.
نمایش همه...
🔰Облыс оқушылары халықаралық «Robotek Grand Tournament» чемпионатынан жүлделі орындар иеленді 🔹2-3 мамыр күндері Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласының білім басқармасы, «Астана дарыны» орталығы және «Роботек» мектебінің ұйымдастыруымен робототехникадан Халықаралық «Robotek Grand Tournament» чемпионаты өтті. 🔹Халықаралық чемпионатқа 7 категория бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен және еліміздің барлық өңірлерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. 🏆Чемпионат қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом және🥇алтын медальды-1 оқушы, ІІІ дәрежелі диплом және🥉қола медальды 2 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды. 🥇І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ және АЛТЫН МЕДАЛЬ иегері: - КИРИЧЕНКО ЯРОМИР - Тараз қаласы, Техникалық шығармашылық орталығының оқушысы. 🥉ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ және ҚОЛА МЕДАЛЬ иегерлері: — ДҮЙСЕБЕК АЗИЗ, ДҮЙСЕБЕК АДИЛЯ - Меркі ауданы, Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушылары. 🔹Сонымен қатар, барлық қатысушыларға халықаралық чемпионатқа қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. 👏🏻Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!
نمایش همه...