669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Қиялилар, бизнес-тренелерді тыңдайтындар, Жердің жазық екеніне сенетіндер және т.б. романтикамен уланған кеселдер: Армандар орындалады! 😍✨
Роналду: идите в жопу!
Repost from YerlanGo - 44+
#IT #Ai #Хоррор
ЖИ НЕНІ МЕҢЗЕЙДІ?
Швед суретшісі Стеф Суонсон ханым жасанды интеллектке сөзбен сипатталған нәрсенің суретін салдыруды ермек қылады екен. Мысалы, "Тоқаев оныншы мерзім президент болып отыр" деп жазасың, сосын, ЖИ салып берген суретті көріп, күлкіден жатасың. Немесе, неліктен тап осындай сурет салып берді деп, зерттейсің.
Содан, әншейін "Brando::-1" деген сөз терген екен, неге екені белгісіз - "Digita Pntics" деген мағынасыз сөздің суретімен жауап беріпті ЖИ. Сосын, "DIGITA PNTICS skyline logo::-1" деген сөз теріп көрген екен - төмендегідей қайғылы реңктегі суреттерді қаптатып беріпті. Ең қызығы - барлық суреттердің негізінде бір ғана әйелдің келбеті жатыр. Ал олай - мүмкін емес.
Жантүршігерлік суреттер қызу талқыланып жатыр. Бір нәрсе анық: ЖИ бірдеңе біледі...
Бірақ, нені???
Неге Уәнсдей, Жокер не болмаса Северус Снейп сияқты тұмсыраған, әлемге циник көзбен қарайтын персонаждар бірден культке айналып кететінін түсіне алмай-ақ қойдым. Сонда адамдардың ішкі психологиялық жай-күйі шынымен соншалықты жаман болғаны ма?
Саяси жаңалықтар: Путин жаңа жылдан кейін жаппай мобилизация жариялауы мүмкін. Шамамен 5 млн жуық адам.
«Дұрыс тамақтану және өз қолыңмен тамақ жасау, сондай-ақ «айлыққа дейінгі бір апта» атымен де танымал феномен...»
(с) Пики-педиа
#әдебиет
Бір гурудың Ресей туралы "сондай көрнекті әдебиеті және әдебиет майталмандары бар ұлт қалайша осылай фашистке айналып қалды?" деген сұраққа "Олардың әдебиеттерінде жазылып жүрген - аяусыз сұрқай өмір, экзистенциализм мен мәңгілік азап - қиялдан шығарылған философиялық өнім емес, олардың күніге көріп жүрген өмірі. Міне, 150-200 жылдан бері орыстар жай тіршілік етіп келеді. Әдебиеттері де сондай. Ал батыс жазушылары оны гипотезалап қана жаза алар еді", - деп жауап бергені есіме түсіп кеткені...
Өмір әділетті болса енді Аргентина да жеңіліп, Месси де жылауы керек. Неймар мен Роналдуға болмаған нәрсе - Мессиге де бұйырмауы керек.
Бірақ, өмір әділетсіз екенін жақсы білем де, сол ((
Жалғандағы пенде біткеннің бәрі - өмірінде бір рет болсын, тым құрығанда бір адамды өлтіргісі келіп көрген. Өзін санағанда, әрине.
- Естідің бе?
- Ол нені?
- Көрші Мырқымбай қайтыс болыпты.
- Қойш нақ, кеше ғана көшеде жүргенін көріп ем ғой?
- Иә? Ендеше оған көргенің көмектеспепті... Қасқамаңдай саған айтпай, бүгін өліп қапты. Тіпті бар ғой, сенің оны кеше ғана көргенің бейбақтың бүгін бақилық болғанына себеп болған болуы да мүмкін. Білә, енді қалай ұялмай жер басып жүрмексің?
(с) тақсыр Жорж Карлин
Әйелдер: маған олардың киімінің түсі ұнайды; жүріп-тұрғаны ұнайды; әлдебіреуінің жүзінде қатаңдық бар; уақыты-уақытымен кейбір жүздерде таза сұлулықты көрем. Сондай абсолют және әйелге тән арбаушы түске ие сұлулықты. Иә, оларға бізді арбау түк емес: олар бізден гөрі жоспарды әлдеқайда жақсы құрады әрі ұйымдастыру жағынан да осал емес.
Еркектер футбол көріп, сыра ішіп немесе тағы басқа болмайтын бірнәрсемен шұғылданып жатқан кезде - олар, әйелдер біз туралы ойлайды: назарын шоғырландырады, зерттейді, бізді өмірлеріне қабылдауға, лақтырып тастауға, әлдекіммен ауыстыруға, ештеңе айтпай тастап кетуге немесе жай ғана өлтіре салуға шешім қабылдап жатады.
Дегенмен, сайып келгенде бұның бәрінің белгілі бір мәні де жоқ. Олар не істесе де, біз ақыр соңында жалғыздықтан өлеміз.
Сендерде ондай бола ма, жоқ па білмейм: кейде кез-келген майда-шүйде елеусіз нәрсе, мысалы проводта отырған құстар - көзіме Бетховенның симфониясындай ұлы әрі сәулетті көрінеді. Кейін ол туралы ұмытып кетем де, бәрі өз орнына түседі.
Сендегі маған ұнаған ең бірінші нәрсе, - деді Лидия, – үйіңде телевизордың жоқ екені.
(с) Чарльз Буковски, "Әйелдер"
Малсың ба, малмын деп айт. Болмаса оны бәрібір басқа біреу айтады. Ал егер сен оны өзің бірінші болып айтсаң - қалғандар қарусыз.
Қазіргі қыздардың инстаграмға қоятын суреттерін көру үшін - кезінде менің братандарым компьютерді шашка ойнап жеңуге мәжбүр болатын.
Мына нәрсе (манга деуші м'ед?) телефонымда жүр екен. Қайдан келгенін өзім де білмейм. Түріне қарасам күшті зат сияқты.
