669
مشترکین
اطلاعاتی وجود ندارد24 ساعت
-17 روز
-930 روز
آرشیو پست ها
Өзіңе түк пайдасы болмайтынын жете түсіне тұра, басқа біреуге де болмасын деп әдейі нығметін тартып алу - дәл осы нәрсе менімен Гана ұлттық құрамасын байланыстырады. Өзің жеңіп қуанған, әрине, рахат сезім болса керек. Бірақ біреудің бағын қағып түсіруден алатын ләззат шынымен бөлек 🥰
Менің інім бір күні үстіме отырып алып әбден секірді. Ата-апасының ерке баласы ғо, салмағы да соған жараса. Қиналып кеткенімді көрді де, 'мейлі, сізге жаным ашып кетті' деп үстімнен түсті.
Балалардағы мейірімнің мен көрген ең жоғарғы деңгейі осы.
Таңертеңгі уақытты жек көрем. Әсіресе қыстың таңын. Қария Мұқағали "Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!" деген жолдарын қайда қарап жазғанын түсіне алмай-ақ қойдым. Арақты көп ішеді деп естіп ем жарықтықты. Ерте таңнан-ақ тойып алатын болған екен ғой
Кішкентай кезімде ойлайтынмын, ақша - өмірдегі ең бастысы және бәрін шешетін сол деп.
Қазір ойлап қарасам, сол кездің өзінде гений болған екем
Оған жазбағаныма 1 аптадан асып кетті. Просто, ол өзі суперинтроверт адам: адамдармен мейлінше аз сөйлесед. Талғамыма күлкім келе бастады.
#эпсилон
Барынша мүмкіндігі төмендердің - барынша жоғарғы нәтижеге қол жеткізетін парадоксы мені әрқашан таңғалдырады.
Екі апта алдын Дортмундта роботехникадан әлемдік чемпионат болып, сонда шымкенттік жастар 2-ші орын алды. Қазақ робототехникасының осы күнге дейін көрген ең жоғарғы жетістігі.
Біздің роботехника мектебінен де екі команда барды, сонда. 25 орын.
Мені бір қызықтырғаны, сол шымкенттік жігіттер - алдымен Уаршаваға дейін арзан авиалиниямен, әрі қарай Германияға 20 сағат пойызда барыпты. Табандылық - топ деңгейде.
Мен біздің балдардың қалай барғанын білем: хули, астаналықтар ғо, қандай ұшақпен барғаны - бөлек әңгіме. Әжептәуір отельде 1 апта жатқанының шығыны да оңай емес. Бұл қаржының бәрін балалардың ата-аналары көтерген.
Дәл шымкенттік балдардағы жағдай болғанда "мааам, заберии меня. тут нас запёрли. психанули они" деп жылаушы ед, әлгілер.
Айтайын дегенім... Иә, әлбетте, балаларды жек көрем. Бірақ бұл пост оларды тұқырту туралы емес, бірінші абзацтағы әлеуметтік құбылыс туралы. Кедейлердің арасынан - философтардың көп шығатыны сияқты нәрсе ғой, бұл бір жағынан
Менің қаржылық сауаттылық деңгейімдегі инвестиция деген - айлық алған кезде адамдарға қарыз беріп тастап, ақша таусылғанда соларды шетінен сұрап күнелтуді жалғастыру.
Осындай аязда митиңге шығыпсыңдар, базар жоқ. Бірақ осы дебилдердің интернетті өшіріп қоя беретіні не әдет?
