cookie

ما از کوکی‌ها برای بهبود تجربه مرور شما استفاده می‌کنیم. با کلیک کردن بر روی «پذیرش همه»، شما با استفاده از کوکی‌ها موافقت می‌کنید.

avatar

topas karga

уикипедияға ұқсайтын бала

نمایش بیشتر
پست‌های تبلیغاتی
527
مشترکین
+124 ساعت
-27 روز
-630 روز

در حال بارگیری داده...

معدل نمو المشتركين

در حال بارگیری داده...

#qazaqdepression #камиңАуытМұқибек Рас, мойындайтын кез жетті Жылдар бойы жасырып келген шымкенттіктердің сырын ашуға бел будым. Бұл туралы көп ойландым, әйтсе де... ...Ғасырлар бойы Рим клубы, большевиктер және уәхәбизм ұйымдарымен бірлесіп, қазақ тіліне жат сөздерді кіргізу, сол арқылы Адам атадан бері бұзылмай келе жатқан таза тілдерін ластап, оның артынан ұлы дала халқын тұқырту болып еді мақсатымыз. Осы жолда халық саны көп, ендеше тез таралады-ау деп Шымкент өңірінің сөз қолданысына паразит сөздерді қоса бастадық. Иә, әсілінде шымкенттік диалект деп жүрген "әпше" сөзі ешқандай да әпкені білдірмейді. Бұл сөздің түп мағынасы пруссша "äpschsché" деген сөзден шыққан, мағынасы "ұлы қазақ халқын мәңгүрттендіру жолында" дегенді білдіреді, ал дарбыз сөзі парсы тілінен "дт'арвууз" деген сөз яки "ұлы Кир патшаның кегін аламыз" дегенді білдіреді. Әйтсе де... Зор өкінішімзге орай қанша тыраштансақ та, әр жолы біздің алдымыздан өз ұлтын шын сүйетін қазақтар шығып, алдымызға тосқауыл бола берді. Неткен қырағылық деп таңданамын мен сонда. Бұндай ұлтты жеңу мүмкін емес деген байламға тоқтадық біз бүгін Шіркін, шіркін... Біздің масондар клубында осындай қазақтардан 5-і болғанда бүкіл әлем табанымыздың астында жатар еді...(((
نمایش همه...
🤣 9
"Красивых женщин я успеваю только заметить. И ничего больше" (с) Черномырдин
نمایش همه...
9
An unknown error occurred - Белгісіз қате орын алды. Не деген пысық қате, өзі еще белгісіз, еще орын алып алған 😂 мынау кәдімгі нормаға айналған аударма. Кейбір тапсырыс берушілерге осылай аударып бермесең, өзіңше қазақылап "біз түсінбейтін қате кетті" десең мысалы, қабылдамайды да. Шетелдіктерден локализейшнге тапсырыс алушыларға бір лайфхак. Тест алғанда әдейі осылай гугл-яндекс сипатында аударып бересіз. Өтіп алған соң әдемілеп қазақылай бересіз. #аудармажыры (c) Facebook, Dinara Mazen
نمایش همه...
🤣 9
Q-Eli дейтін скетч болушы еді «Жетінші Арнада» естеріңде ме? Көрмеген болсаңдар, ресейлік «Наша Russia» немесе британдық «Little Britain» шоуының қазақстандық аналогын елестетсеңдер болады. Жанры ситком болмаса да, мазмұны ситуациялық комедия еді шынымен. Парақор "жол перілері", ҰБТ туғызған паранойялар, инстаграмщина, ата-әжесі тәрбиелеген павлодарлық бала, тағысын тағылар. Бәрі шетінен жиза еді. Әсіресе орысша түсінбейтін павлодарлық бала туралы эпизодтар солтүстік қазақтарына кәдімгідей шынайы өмір шындығы екен. Қазақстанның екітілді лагерьіне ортақ контент ұсына алған ең бір сапалы өнімдердің бірі сол еді. Сосын, алматылық гламур Salem Social келді де барлық әлеуметтік сұранысқа жауап беретін контентті тегістеп тастады. Содан бері ешкім қазақстандықтар арасындағы қарым-қатынасты реабилитациялауға арналған жобалар азайып барады. Пафостан аяқ алып жүргісіз. Youtube'тағы бір юзер жазғандай: «эхх, были же времена!»
نمایش همه...
8
Неліктен Жасанды Интеллект нашар әзілдейді? Google DeepMind командасы 20'ға жуық стендаперды жинап жасанды интеллектті бір концерт қойып беруге жарайтын әзіл жазуға дайындапты. (Карлин атамның қазасынан кейін дені сау әзіл естімей кеткеннен туған рухани кризис деп ойлаймын) Бірақ, Сабуров сияқтылардың қуанышына орай, құлтемір жарытып әзіл айтпапты. Өйткені, дейді, зерттеушілер: Тіл модельдері - дипломатиялық дағдылар, толеранттылық пен политкорректность деген сияқты бәлелерге негізделіп жазылған, ендеше одан өткір әзіл естімейсіңдер депті. ЖИ'дің асқан тәрбиелілігінің арқасында адамзаттың о бастан біреудің драмасын күлкіге айналдырған хайуан екеніне көз жеткіздік әйтеуір. "Өмірді ұзартад" деп қояд тағы ((
نمایش همه...
🤣 13
Ғайбаттағанда былай ғой, менің орамалдағы құрбыма көшеде бір шал “үйіңде шампунь мен су жоқ па, басыңды жуатын? Әлде, жезөкшесің бе? Жезөкшелер ғана солай өздерін тығылып ұстайды” деген.
Бұған "Тақырбастар бауырластығы" не дер екен? Бәлкім оларда да осы су мен шампунь мәселесі шығар?
نمایش همه...
🤣 12
Мені бейшара деген
ТОП-4
نمایش همه...
😭 5
Жалмауыз, өсек айтшы. 1 ай болды жұмыссыз жатқаныма, етім үйренбепті. Өсек аңсап жүрм Тыңда ендеше. Адамды бір жамандайын деп жамандамайсың ғой. Соңғы 2 аптаның ішінде екі танысым ішіп кеткеніне куә болдым өз басым. Бірінші досыма 5 жыл бойы жүрген қызы аяқ үстінен келіп "осы айдың соңында ұзатылам" деп кеп тұр дейді. Әй жоқ, шай жоқ, кофе жоқ. Әрі қарай қазбалаудың мәні жоқ екенін біліп wtf?? дедім де стақандас болдым да кеттім. Екінші досым... Оның да басында тап осындай проблема. Махаббат жоқ дегендерге соларды көрсетіп аузын жабушы ем. Мұнысы болмады. Неге өйтед?
نمایش همه...
😭 6😁 1
Өзімнің “идеал” болғанымнан ба, әлде өзім солай санайтындықтан мүмкін осы күнге дейін өзім туралы басқалардың айтқан “ғайбаттарын” естімеппін. Бірақ өсек десе ішкен асын жерге қоятын “өсекқұмар” халқыма айтатын бір оқиға болды) Махаббат деген сезімнің жетегіне еріп, бұрында мектеп кезінде екі сыныптасым парочка болып кеткен еді. Мүлдем миға симайтын нәрсе болды себебі екеуі екі түрлі адам еді. Құдайдың құтты күні ұрсып жататын. Сөйтіп арада уақыт өткен соң екеуі ажырасып кетті😂(жігіт пен қыз ретінде әрине) содан қыз басқа бір “замена” деугеда турарлық емес, қалталы адамды тауып алды. Біздің тілімізше мутили. Гүлдерін алып жүрді. Бірақ ееееең қызығы басындағы екі парочка кері қосылады. Ал ана замена бала в сторонке курит болып калып койды. Скучный өмірден құтқарған индийский сериалымыз осы болды:) p.s бұл оқиғаның болғанына 2,3 жыл болып қалды. Қыз туралы да бала туралы да ештеңе естімедім
ТОП-3
نمایش همه...
🤣 7
Сіздей сері жігіттің жүрегіне қалай жол табуға болады? 2GIS'те бар: 101 роза берсең болад, Мұрат Әбділданың суреті бар носки сыйласаң болад, бірге отырып біреуді ғайбаттасақ та еріп кететін сияқтымын 🥰
نمایش همه...
🤣 9 1
یک طرح متفاوت انتخاب کنید

طرح فعلی شما تنها برای 5 کانال تجزیه و تحلیل را مجاز می کند. برای بیشتر، لطفا یک طرح دیگر انتخاب کنید.