fa
Feedback
ORTCOM.KZ

ORTCOM.KZ

رفتن به کانال در Telegram

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» «Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan Центр по борьбе с дезинформацией https://t.me/AntiFakeCenter

نمایش بیشتر
3 035
مشترکین
+524 ساعت
+97 روز
+1530 روز
آرشیو پست ها
🔶Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда 2026 жылы жазғы демалыс
🔶Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда 2026 жылы жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен 3 миллионнан астам баланы қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 600 мыңға жуығы - әлеуметтік осал санаттағы балалар. Жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде білім беру және тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷Министерство просвещения продолжает реализацию комплекса мер по обеспечению летнего отдыха детей В 2026 году летним отдыхом и оздоровлением планируется охватить более 3 миллионов детей, в том числе около 600 тысяч детей из социально уязвимых категорий населения. Особое внимание уделяется содержанию образовательных и воспитательных программ. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

🔶Қазақстанда 14 шілдеде Нотариат күні атап өтіледі Бүгін қазақстандық нотариустар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Нот
🔶Қазақстанда 14 шілдеде Нотариат күні атап өтіледі Бүгін қазақстандық нотариустар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Нотариустар азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға, мәмілелердің заңдылығын растауға және маңызды құжаттарға заңды күш беруге көмектеседі. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі құқықтық институттарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Мереке құтты болсын!   🔶В Казахстане 14 июля отмечается День нотариата   Сегодня свой профессиональный праздник отмечают казахстанские нотариусы. Они помогают обеспечивать юридическую защиту прав граждан и бизнеса, подтверждают законность сделок и придают правовую силу важным документам. Их профессионализм и ответственность способствуют укреплению доверия к правовым институтам. Поздравляем нотариусов Казахстана с профессиональным праздником! @ortcom_kz #CCS

🔶 14 шілде күні сағат 11.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері туралы»
🔶 14 шілде күні сағат 11.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. 🗣Спикер: 🎤ҚР Әділет вице-министрі Даниель Ваисов. 🔶14 июля в 11.30 ч. на площадке Службы центральных коммуникаций состоится пресс-конференция на тему «О вопросах совершенствования исполнительного производства». 🗣Спикер: 🎤Вице-министр МЮ РК Даниель Ваисов. 🌐 Ссылки на трансляцию:Facebook 📹 You Tube @ortcom_kz #CCS

Президент Казахстана встретился c Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани 🇰🇿🇶🇦Касым-Жомарт Токаев прибыл в Доху
Президент Казахстана встретился c Эмиром Катара шейхом Тамимом бен Хамадом Аль Тани 🇰🇿🇶🇦Касым-Жомарт Токаев прибыл в Доху, чтобы лично выразить слова соболезнования Эмиру Катара шейху Тамиму бен Хамаду Аль Тани и членам правящей семьи в связи с кончиной Эмира-отца шейха Хамада бен Халифы Аль Тани. 🟦Глава государства отметил неоценимый вклад шейха Хамада в построение сильного и успешного Государства Катар.
– Многие знаковые исторические достижения современного Катара и высокий авторитет страны на мировой арене неразрывно связаны с его именем. Шейх Хамад был государственным деятелем мирового масштаба и настоящим другом казахского народа, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.
🟦По словам Президента, шейх Хамад бен Халифа Аль Тани внес огромный вклад в становление и успешное развитие казахско-катарских отношений. 🟦Он дважды посещал Казахстан с официальными визитами, а во время его первой поездки Касым-Жомарт Токаев встречал Эмира в качестве министра иностранных дел. 🟦Глава нашего государства с глубокой благодарностью отметил, что по инициативе шейха Хамада в Астане была построена мечеть имени Аль-Фараби, а также осуществлен ряд социальных и инфраструктурных проектов в первые годы независимости Казахстана. Все это – яркое свидетельство истинной дружбы и взаимопонимания между двумя странами.
– В этот скорбный момент мы молимся, чтобы Всевышний даровал покойному место в раю, – сказал Президент Казахстана.
🟦В свою очередь Эмир шейх Тамим бен Хамад Аль Тани выразил признательность Касым-Жомарту Токаеву за приезд и личную поддержку, что отражает особый характер братских отношений между народами Казахстана и Катара. 🟦По инициативе катарской стороны состоялся обмен мнениями по нынешней международной обстановке, включая ситуацию на Ближнем Востоке. 🟦В завершение Глава нашего государства подтвердил свое приглашение Эмиру Катара совершить визит в Казахстан в удобное для него время. Приглашение было с благодарностью принято.

photo content

🇰🇿🇶🇦Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әміріне және оның әулетіне Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден озуына байланысты көңіл айту үшін Дохаға барды. 🟦Президент қуатты әрі өркендеген Қатар Мемлекетін құруға шейх Хамадтың өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.
– Қазіргі Қатардың көптеген айтулы тарихи жетістігі мен халықаралық аренадағы жоғары беделі оның есімімен тығыз байланысты. Шейх Хамад әлемдік ауқымдағы мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының досы еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🟦Мемлекет басшысы қазақ-қатар қарым-қатынасының қалыптасып, табысты дамуына шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің зор еңбек сіңіргенін айтты. 🟦Ол Қазақстанға екі рет ресми сапармен келді. Әмірді бірінші сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметінде қарсы алған. 🟦Мемлекет басшысы шейх Хамадтың бастамасымен Астанада әл-Фараби мешіті бой көтергенін, сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асқанын еске алып, ризашылық білдірді. Бұл – екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара түсіністіктің жарқын көрінісі іспеттес.
– Осынау қаралы сәтте Алла Тағаладан марқұмның жаны жәннатта болуын сұрап, дұға етеміз, – деді Қазақстан Президенті.
🟦Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арнайы келіп көңіл айтқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Қатар мен Қазақстан халықтарының бауырластық байланыстары айрықша сипатқа ие екеніне назар аударды. Қатар тарапының бастамасымен мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық ахуал, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай туралы пікір алмасты. 🟦Президент Қатар Әмірін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни шақыруды ықыласпен қабыл алды.

🔶233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды 233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді
🔶233 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды 233 мыңға жуық талапкер 2026 жылғы негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде 73,1%-ға жуығы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, 383 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Талапкерлерге негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі ұсынылды. Осылайша, 233 мың талапкер ҰБТ-ны 422 мың рет тапсырды. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷233 тыс. абитуриентов сдали Единое национальное тестирование Основное ЕНТ-2026 сдали около 233 тыс. абитуриентов. Из них около 73,1% прошли тестирование на казахском языке, 26,8% – на русском, 383 человека – на английском языке. Абитуриентам предоставлена возможность сдать основное ЕНТ два раза и принять участие в конкурсе для присуждения грантов с лучшим результатом. Таким образом, 233 тыс. абитуриентов сдали ЕНТ 422 тыс. раз. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

➤ Особое внимание в ходе встречи было уделено подготовке к отопительному сезону. 🟦По итогам прошлого сезона обеспечен выход 5 ТЭЦ из критической «красной» зоны риска, дополнительно 3 ТЭЦ переведены в «зеленую» зону. 🟦В текущем году охвачено реконструкцией 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбина. На эти цели выделено 384 млрд тенге. 🟦В рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» до конца года завершится ремонт 12 тыс. км инженерных сетей. ➤ Представлена информация об исполнении поручений Президента по цифровизации и развитию национальной AI-инфраструктуры. ➤ Олжас Бектенов доложил о реализации проекта «Долина ЦОДов». 🟦Совместно с мировыми IT-лидерами разворачивается инфраструктура мощностью 250 МВт. Объем привлеченных иностранных инвестиций превышает 10 млрд долларов. ➤ Глава государства заслушал отчет о модернизации инфраструктуры туризма. 🟦Развитие Алматинского горного кластера увеличит долю туристской отрасли в структуре ВВП. 🟦Проект Almaty SuperSki находится в активной фазе строительства: создание 60 км трасс расширит пропускную способность до 10 тыс. человек в день. 🟦Запуск объекта запланирован на декабрь 2028 года. 🟦Завершается подготовка к проведению «Игр будущего-2026». 📌Президент был проинформирован о мерах по реализации Новой Конституции. ❗️Ведется работа по приведению законодательства в соответствие с Основным законом, укреплению принципов «Справедливый Казахстан» и «Закон и Порядок», совершенствованию социальной политики, формированию правовой основы для развития Алатау как города ускоренного развития, а также продвижению инициативы «Таза Қазақстан». 📌По итогам встречи Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить системную работу по дальнейшему обеспечению динамичного развития страны. 📌Правительству поручено приступить к реализации масштабной программы строительства социальных и инфраструктурных объектов. Данная программа призвана в ближайшее время обеспечить значительное улучшение качества жизни граждан во всех регионах страны. ❗️Особый акцент будет сделан на возведении современных объектов здравоохранения.

➤ Кездесуде жылыту маусымына дайындық мәселесіне айрықша назар аударылды. 🟦Өткен маусымның қорытындысы бойынша бес жылу электр орталығы аса жоғары тәуекелдің «қызыл» аймағынан шығарылып, үш ЖЭО «жасыл» аймаққа ауыстырылды. 🟦Биылғы жөндеу жұмыстары 9 энергия блогын, 55 қазандықты және 51 турбинаны қамтиды. Аталған мақсатқа 384 миллиард теңге бөлінген. 🟦«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. ➤ Президентке цифрландыру және ұлттық АІ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. ➤ Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасын іске асыру мақсатында әлемдік ІТ көшбасшыларымен бірге қуаты 250 МВт болатын инфрақұрылым жасақталатынын айтты. 🟦Шетелден тартылған инвестиция көлемі 10 миллиард доллардан асты. ➤ Мемлекет басшысына туризм инфрақұрылымын жаңғырту жайында есеп берілді. 🟦Алматы тау кластерін дамыту туризм саласының ІЖӨ құрылымындағы үлесін арттырады. 🟦Almaty SuperSki жобасының құрылысы жандана түсті: 60 шақырым трасса құрылысы аяқталғанда тәулігіне 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туады. 🟦Нысанды пайдалануға беру 2028 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. 🟦Еліміз «Болашақ ойындары-2026» жарыстарын өткізуге дайын. 📌Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сай қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды. ❗️Заңнаманы Ата заңға сәйкестендіру, «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайту, әлеуметтік саясатты жетілдіру, Алатау қаласын қарқынды дамыту үшін құқықтық негіз қалыптастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасын ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 📌Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді өркендету бағытындағы жүйелі қадамдарды жалғастыруды тапсырды. 📌Үкіметке әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салуға арналған ауқымды бағдарламаны қолға алу міндеті жүктелді. Бұл бастама ел азаматтарының тұрмыс сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс. ❗️Заманауи денсаулық сақтау нысандарын салуға ерекше назар аударылады.

Глава государства принял Премьер-министра Олжаса Бектенова    Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет об итогах социально-экономического развития Республики Казахстан за январь-июнь текущего года и планах по дальнейшей диверсификации экономики. ➤ Премьер-министр доложил, что по итогам полугодия рост ВВП составил 4,1%. 🟦Вклад обрабатывающей промышленности в структуру экономики увеличился на 9,8%, транспортной отрасли – на 7,1%, строительства – на 15,2%. 🟦Рост также зафиксирован в торговле – на 5,7%, сельском хозяйстве – на 4,4% и услугах связи – на 4,3%. 🟦Инвестиции в основной капитал составили 9,5 трлн тенге, в том числе приток частных инвестиций вырос на 21,4%. ➤ Олжас Бектенов отчитался об укреплении структуры национальной экономики. 🟦В текущем году в обрабатывающем секторе будут запущены 200 инвестиционных проектов на 1,7 трлн тенге с созданием 17 тыс. постоянных рабочих мест. ➤ Глава Правительства сообщил о ходе реализации крупных автодорожных проектов, планах по строительству второго аэропорта города Астаны и второй очереди Tarlan Astana. 🟦В строительной сфере показатель ввода жилья будет доведен до 20 млн кв. м. 🟦В сельском хозяйстве объем производства составил 15 трлн тенге, посевные площади увеличены до 23,8 млн га. 🟦На поддержку аграриев направлен 1 трлн тенге, при этом на каждый тенге из бюджета привлечено 6,5 тенге частных инвестиций. 🟦Глава государства был проинформирован о реализации Комплексного плана по повышению доходов населения и принимаемых мерах в целях снижения уровня инфляции. 🟦В июне уровень годовой инфляции составил 10,3%. 🟦Президенту доложено о текущих результатах совершенствования социальной и миграционной политики, а также представлены подходы к дальнейшему повышению эффективности механизмов социальной поддержки посредством стимулирования трудоустройства. 🟦Совокупный эффект от оптимизации нерациональных социальных выплат составит более 800 млрд тенге в год.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусы
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының биылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдап, экономиканы одан әрі әртараптандыру жоспарымен танысты. ➤ Премьер-министр бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскенін баяндады. 🟦Экономика құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 9,8 пайызға, көлік саласы – 7,1 пайызға, құрылыс 15,2 пайызға артты. 🟦Сондай-ақ сауда-саттықта – 5,7 пайыз, ауыл шаруашылығында – 4,4 пайыз және байланыс қызметінде 4,3 пайыз өсім тіркелді. 🟦Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,5 триллион теңгені құрады, соның ішінде жеке инвестиция 21,4 пайызға ұлғайды. ➤ Олжас Бектенов ұлттық экономика құрылымын нығайту жөнінде есеп берді. 🟦Биыл өңдеу секторында 1,7 триллион теңгеге 200 инвестициялық жоба іске қосылып, 17 мың жұмыс орны ашылады. ➤ Үкімет басшысы ірі автожол жобаларының жүзеге асырылу барысы, Астана қаласындағы екінші әуежайдың құрылысын және Tarlan Astana көлік жүйесінің келесі кезеңін жоспарлау туралы айтты. 🟦Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 20 миллион шаршы метрге жетпек. 🟦Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көрсеткіші 15 триллион теңгені құрап, егістік алқаптары 23,8 миллион гектарға дейін ұлғайды. 🟦Шаруаларды қолдауға 1 триллион теңге бөлінді. Бұл ретте бюджеттің әр теңгесі 6,5 теңге жеке инвестиция тартуға септігін тигізді. 🟦Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспардың іске асырылуы және инфляцияны төмендету шаралары туралы ақпарат берілді. 🟦Маусым айында жылдық инфляция деңгейі 10,3 пайызды құрады. 🟦Президентке әлеуметтік және көші-қон саясатын жетілдіру нәтижелері туралы баяндалды, сондай-ақ жұмысқа орналасуға ынталандыру арқылы әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру тәсілдері таныстырылды. 🟦Кейбір әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру нәтижесінде жылына 800 миллиард теңгеден аса қаржы үнемделеді.

🔶Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды Жоба аясында 1 390 тұрғын үйде тұратын шамамен 6 мың тұрғынды таби
🔶Жетісу облысының тағы 9 елді мекені табиғи газға қосылды Жоба аясында 1 390 тұрғын үйде тұратын шамамен 6 мың тұрғынды табиғи газға қосуға мүмкіндік жасалды. Осылайша, ауданда газдандырылған елді мекендердің саны 22-ге жетті. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷Ещё 9 населённых пунктов региона Жетісу подключены к природному газу Возможность подключения получили около 6 тысяч жителей, проживающих в 1 390 домовладениях. Таким образом, количество газифицированных населённых пунктов района достигло 22. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

✉️ Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Черногории   🇰🇿🇲🇪Касым-Жомарт Токаев поздравил Президента Якова Милатовича по случаю Дня государственности Черногории.   Глава нашего государства подчеркнул, что Казахстан высоко ценит многолетнее сотрудничество с Черногорией, основанное на узах дружбы и взаимного уважения. В телеграмме отмечается, что недавний официальный визит черногорского лидера в Астану, ставший важной вехой в истории двусторонних отношений, расширил горизонты для дальнейшего укрепления взаимодействия по широкому кругу направлений.   Президент Казахстана пожелал Якову Милатовичу успехов в ответственной государственной деятельности, а дружественному народу Черногории – благополучия и процветания.

✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇲🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекетті
✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады   🇰🇿🇲🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.   Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.   Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.

🔶Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды 2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конк
🔶Грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды 2026 жылғы 13 мен 20 шілде аралығында талапкерлерден гранттар конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷Начался прием заявлений для участия в конкурсе грантов С 13 по 20 июля 2026 года осуществляется прием заявлений от абитуриентов для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов. Подать документы можно как через центры приема при университетах офлайн (онлайн через виртуальные приемные комиссии), так и онлайн через портал egov.kz. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

🔶Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім дод
🔶Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді Қазақстан құрамасы физикадан ең беделді халықаралық білім додасында ел тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2026 жылғы 4-12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен 56-шы Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) ұлттық құраманың бес мүшесі де алтын медаль жеңіп алды. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷Пять золотых медалей на самой престижной олимпиаде по физике Сборная Казахстана добилась исторического результата на 56-й Международной физической олимпиаде (International Physics Olympiad, IPhO), которая прошла с 4 по 12 июля в Букараманге (Колумбия). Все пять участников национальной команды завоевали золотые медали - это лучший результат страны за всю историю участия в этом престижном интеллектуальном соревновании. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

🔶Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді Жобаларды жүзег
🔶Үкімет Астананың инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға 16,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлді Жобаларды жүзеге асыру қарқынды тұрғын үй құрылысы мен қала халқы санының өсуі жағдайында кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімді әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Толығырақ ortcom.kz сайтында 🔷Правительство выделило свыше 16,2 млрд теңге на развитие инженерной и энергетической инфраструктуры Астаны Реализация проектов позволит повысить надежность и обеспечить бесперебойность функционирования систем водоотведения, тепло- и электроснабжения в условиях активного жилищного строительства и роста численности населения столицы. Подробнее на сайте ortcom.kz @ortcom_kz #CCS

🔶Бүгін Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні атап өтіледі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын
🔶Бүгін Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні атап өтіледі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының күні жыл сайын 13 шілдеде атап өтіледі. Кәсібилік, жоғары жауапкершілік және қазіргі заманғы сын-қатерлерге жедел әрекет етуге дайындық оларға ұлттық мүдделерді тиімді қорғап, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, мереке құтты болсын!     🔶Сегодня в Казахстане отмечается День органов национальной безопасности Ежегодно 13 июля профессиональный праздник отмечают органы национальной безопасности Республики Казахстан. Профессионализм, высокая ответственность и готовность оперативно реагировать на вызовы современности позволяют им эффективно защищать национальные интересы и укреплять безопасность государства. Поздравляем сотрудников и ветеранов органов национальной безопасности с профессиональным праздником!   @ortcom_kz #CCS

✉️Глава государства направил телеграмму соболезнования Эмиру Катара шейху Тамиму бен Хамаду Аль Тани  🇰🇿🇶🇦Президент Касым-Жомарт Токаев в телеграмме отметил, что с глубокой скорбью воспринял печальное известие о кончине бывшего Эмира Государства Катар, Эмира-отца шейха Хамада бен Халифы Аль Тани.  Глава государства подчеркнул, что в этот тяжелый час разделяет горечь утраты с Эмиром Катара, его семьей и соотечественниками. 
«Шейх Хамад бен Халифа Аль Тани – выдающийся деятель, заложивший прочный фундамент процветания Катара и благополучного будущего его народа, искренне служивший делу укрепления международной стабильности. Казахстанцы всегда будут помнить Вашего отца, шейха Хамада бен Халифу, как мудрого руководителя, авторитетного политика международного уровня и историческую личность, внесшую огромный вклад в укрепление двустороннего сотрудничества», – говорится в телеграмме.

✉️Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт То
✉️Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇶🇦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қатар Мемлекетінің бұрынғы Әмірі, Әмір-Әке шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазды. Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің және оның әулетінің, сондай-ақ отандастарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
«Шейх Хамад бен Халифа Әл Тәни – Қатардың өсіп-өркендеуіне және халқының баянды болашағын қамтамасыз етуге тарихи үлес қосқан, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға риясыз қызмет еткен біртуар қайраткер. Қазақстандықтар әкеңіз шейх Хамад бен Халифаны парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.